Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Мусина С.
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050117- мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Көкшетау 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра
меңгерушісі А. Е. Абдрахманова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным»
050117- мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған С. Мусина
Ғылыми жетекшісі
филол. ғ. к. А. Т. Қажыбай
Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І МИФОЛОГИЯ - ФОЛЬКЛОРТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ . . . 6
- Қазақ мифологиясы жайлы алғашқы зерттеулер . . . 6
- Қазақ мифологиясындағы аңыздық проза жанрлары, мифтік аңыздар . . . 10
- Қазақ мифологиялық фольклорындағы қасқыр бейнесі . . . 23
ІІ ҚАЗАҚ МИФТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ . . . 30
2. 1 Қазақ мифтерінің жанрлық түрлері . . . 30
2. 2 Қазақ мифтерінің тұтастануы . . . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын мерекелегелі отырған тәуелсіз Қазақстанның болашағы бүгінгіден де жарқын, қадамы нық болуы үшін ұлттық рухани қазына болып табылатын халық ауыз әдебиетіне ерекше мән беру, осы арқылы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу - бүгінгі күннің табабынан туындап отыр. Екі мың жылдық бодандықтан соң тәуелсіздігіне қол жеткізген еврей халқы өздерінің мифтік фольклорын жас ұрпағының санасында жаңғырту арқылы Израиль мемлекетін гүлдендіріп отырғанын біз жақсы білеміз. Осы тұрғыдан алғанда «Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным» тақырыбына диплом жұмысын жазу өзекті деп білеміз.
Қазақ әдебиетінің тарихы қазіргі заманғы зерттеулер нәтижесі бойынша үш мың жылдан асып отыр. Осы отыз ғасырдан астам уақытта, аса ұзақ мерзімінде өмір сүрген, рухани байлық жасаған қазақ халқының жауһар жәдігерліктерінің барлығы бірдей жарқырай көрініп, ұлтымыздың рухани азығына айналып жатыр деп айта аламасақ керек. Қазақтың бай ауыз әдебиетінің бір саласы - мифтік аңыздар болып табылады. Қазақ халқының әлемді танудағы өзіндік көзқарасын танытатын осынау рухани аңыз-әфсаналар күні бүгінге өмір сүріп, дейін біздің заманымызға жетіп отыр. [1, 22-23] .
Миф - халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі. Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер (аңыз-әңгімелер) . Басқаша айтқанда, миф - алғақы қауымдық қоғам адамдарының әлем, дүние жөніндегі танымының көрінісі. Қазақ фольклорындағы мифтік жанрды академик С. Қасқабасов, О. Жанайдаров, Ақеділ Тойшанұлы т. б. ғалымдар біршама зерттеген. Қазақ мифтері тақырыптық жағынан: ғарыш туралы (космогонические), аңдар мен құстар (этиологические), адамдар мен рулардың шығу тарихы жайында (генеалогические) мифтер деп сараланып жүр. Диплом жұмысымызда аталған салалар жайындағы еңбектерді қарастыру көзделді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
Қазақ мифтерінің туу, қалыптасу, даму сатыларын саралай отырып, іштей жіктелу, мүмкіндігінше тұтастану ерекшеліктеріне назар аудару, мифология жайлы мағлұматтарды салыстыру, топтастыру болып табылады.
Сонымен қоса аталған тақырыпта ізденіп, ғылыми жұмыстар жазған ғалымдар еңбектерін біршама қарастырып, жинақтау - диплом жұмысын жазудағы басты мақсат болып табылады.
Аталған мақсаттарды іске асыру үшін мына міндеттерді орындау алға қойылды:
- мифологияның фольклортану ғылымының іргелі саласы екендігін таныту,
- қазақ филологиясы туралы зерттеген ғалымдар еңбегін қарастыру, аңыздық проза жанрлары, мифтік аңыздар туралы қарастыру;
- қазақ халқының мифологиясына ерекше тотемдік орынға ие болып келген қасқыр бейнесінің аңыздық қырларын ашу;
- қазақ мифтерінің жанрлық түрлерін, ондағы тұтастану құбылысын қарастыру.
Зерттеудің нысаны
Қазақ әдебиетіндегі ең көлемді де мағыналық тұрғыдан ұлттық танымды айқын танытатын жанрлардың бірі болып саналатын мифтік аңыздарды зерттеу диплом жұмысының нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні
Зерттеудің пәні ретінде қазақ мифтерін өзінің ауқымында қарастыратын фольклортану ғылымы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
Жұмыстың барысында қазақ мифологиясы жайында қарастырған еңбектерге шолу жасалынып, олардағы айтылған ойларды жинақтай отырып, қазақ мифологиясының өзіндік ерекшеліктерін таныта алуымыз жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Дегенмен, дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген қажетті әдебиеттерге қолжетімділік мүмкіндігінің аз болуы, уақыттың шектеулігі тақырып бойынша ғылыми үлкен жаңалық ашуға мүмкіндік бермегендігі анық.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Зерттеу барысында ғылыми жұмыстар жүргізу тұрғысында қажет болатын әдістер мен тәсілдер тиісінше қолданылған болып табылады. Материалдар жинау, оларды сұрыптау, талдау, қайта өңдеу сияқты жұмыстар жасалды.
Зерттеудің құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда мифологияның фольклортану ғылымының бір саласы ретіндегі ауқымы қарастырылады, сонымен қатар қазақ мифологиясы жайлы алғашқы зерттеулер мен мазақ мифологиясындағы аңыздық проза жанрлары, мифтік аңыздар, қазақ мифологиялық фольклорындағы қасқыр бейнесінің мәні туралы қарастырылады.
Екінші тарауда қазақ мифтерінің қалыптасу, даму кезеңдері, жанрлық түрлері зерттелген. Қазақ мифтерінің жанрлық түрлері, қазақ мифтерінің тұтастануы жайында біршама саралау жасалған.
1 МИФОЛОГИЯ - ФОЛЬКЛОРТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Фольклордағы миф жанрының қайнар көзі халықтың өте ертедегі мәдениеті мен тұрмысынан тарихын, әдебиетін зерттеп дамытудан басталатыны анықталған. Қазақ халқының әлемді тануынан айқын көрініс беретін ұлттық мифологиясы жайындағы зерттеулер өткен ғасырлардан басталады. Бұл тарауда жалпы миф дегеніміз не, қазақ мифологиясы, оның жиналу, зерттелу кезеңдері және т. б. мәселелер қарастырылады.
1. 1 Қазақ мифологиясы жайлы алғашқы зерттеулер
Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Миф дегеніміз не? Миф (грек. mythos - баян, аңыз, мысал) - халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі. Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс кұбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер, яғни аңыз-әңгімелер» [2, 229-230] .
А. Қасымжановтың пікірінше «Миф» - «алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия маен қазіргі ғылымның, дін мен моральдың, рациональді әсердің элементтері бар. Миф алғашқы адамның тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады». [3, 231-230] .
Ал академик С. Қасқабасов: «Біздің қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз - әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипатымен соған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әртүрлі құбылыстары мен обьектілерінің пайда болуын, аспан мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын жғне аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар»-, деген тұжырым жасайды [4, 232] .
Ал мифология ұғымына келер босақ, бұл термин екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі - белгілі бір ұлттың немесе жалпыадамзаттың көне дүниетанымының көрінісі саналатын мифтер жүйесі, екіншісі - мифтер мен мифтік дүниетанымды, оның өнер түрлері мен басқа да қоғамдық сана формаларына әсерін зерттейтін ғылым саласы.
Мифтегі оқиғалар мифтік дәуірде болып өткен. Мифтік дәуірде барлық заттар мен құбылыстар пайда болып, осы күнгі түр-түсі, ерекшелігін иеленгендіктен бұл уақыт қасиетті уақыт деп түсінілген. Мифтік сана бойынша заттың мәнін ұғу үшін оның шығу тарихын білу керек, яғни заттың мәні мен тегі теңестіріле байланыстырылған. Қай заттың болмасын шығу тегін білмейінше, оны пайдалануға болмайды.
Қазақтың ән-күйлері, өлең-жырлары, аңыз-әңгімелері тәрізді мифтер де сан ғасырлық рухани азық болумен бірге дала тіршілігінің талап-талғамына лайық өңделіп, өзгеріп отырды. Сондықтан мифтер белгілі бір дәуірдің, адам дүниетанымының өткен бір кезеңінің нәтижесі болғанымен, тарихи-рухани мұра ретінде талай-талай ұрпақ санасына ұялады, сөйтіп пайда болу, даму, өзгеру, бағзы бір жағдайларда ұмыт болу сияқты үрдістерді бастан кешірді. [4, 3] .
Өткен ғасырларда қазақ фольклорын жинап, зерттеумен шұғылданған ғалымдар прозалық фольклордың біраз үлгісін жинап жарыққа шығарды. Солардың бірі С. Сейфуллин: «Біреуден біреу жадында салып, алып жүрген сөз ауыздан ауызға көшіп, бүкіл елге жайылып, бұрынғылардан кейінгілерге мұра болып қалып жүреді. Сол әркімнің ауызында қақпақыл болып қалып жүрген сөзді әркім үстем санаттың ықпалымен өзінше өңдеп, дәлдендіріп, сырлаған болады . . . Сөйтіп, баста ауыз әдебиет болып шыққан сөз, неше басты аралап, неше ауыздан шығып, біраз өмір сүрген кезде өзгеріске түсіп, талай жері оңалып, талай адамның «еңбегі сіңген» сөз болып, бастап шығарған адамның кім екендігі ұмытылып, жалпы көпшілікке «бірдей» тәрізді «жалпы елге бірдей» тәрізді ел әдебиеті болып кетеді» - дейді. [6, 301] . Бұл - жалпы фольклорға қатысты заңдылық фольклорлық мифке де тән.
Жазу мен баспа істері кештеп дамыған қазақ халқы өзінің өмірден, дүниеден көрген-білгендерін, табиғат қозғалыстарынан байқағандарын ауызша мифтік әңгіме түрінде қалдырған. Ауызша мифтік әңгімелердің қамтитын тақырыптары әртүрлі. Қазақтың мифтік әңгімелерінің мол, әрі қызықты бір саласы - тарихи тақырыптағы мифтік әңгімелер. Онда ел басынан өткен үлкенді-кішілі оқиғалар сөз болады.
Бұрынғы кезде көрген-білгендерін жеке әңгімешілер, тілмар шешендер шығарған аңыз, қиял-ғажайып ертегілер бірте-бірте өңделе келіп, тілдік, стильдік жағынан да көркем мифке айналған. Осыны аңғарған М. Әуезов пен Е. Ысмайылов: «тарихта, ел жанында аты қалған, белгілі бір қылық-әрекетімен елге даңқты болған кісі болса соның өміріндегі шын болған мінез-қылығынан туғызып, қиялдан дейді» - деп мифтік әңгімелерге анықтама береді. [6, 229-230] .
Қазақтың тарихи мифтік әңгімелерінің мазмұны, құрылысы және көркемдігі жағынан қарағнда бейне бір ауыз әдебиетінің құндағында өсіп жетілген алғашқы көркем қаасөз, яғни көркем (мифтік) әңгіме сияқты. Сондықтан да М. Ғабдуллин миф, ертегі, аңыздардың әдеби мәні туралы айта келіп: «Халықтың жазу-сызу өнеі болмаған кезде туған ертнгілері мен әдемі аңыз, мифтері әдебиет тарихынан алатын орны да, мәні де үлкен»- деп жазады.
Ұзақ жылдар бойы ғалымдарымыз қазақ фольклорындағы миф жанр ретінде өмір сүріп келеді дегенге күмәнмен қарады. Көбіне мифологиялық түсініктер, кейіпкерлер бар деп жалпы түрде айтып, сырғып өтіп отырған. Оның басты себебі, біздің ойымызша, миф жанрын европалықтарша түсінгендіктен. Әдетте, миф десе ойымызға ежелгі Греция мен Римнің тамаша әңгімелері түседі. (Оның үстіне миф деген де грек сөзі болғандығы да әсер етеді) . Міне, сол өлшеммен келемізде, қазақ фольклорында миф жоқ дейміз, тіпті бар ма екен деп іздемейміз де.
Соңғы ширек ғасыр ішінде әлем фольклортануында әдебиет пен әдебиеттануда да мифке деген көзқарас, ынта күрт өзгерді. Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінде отаршылықтан құтылғаннан кейін, өз экономикасына, мәдениетіне, тарихы мен әдебиетін зерттеп, дамыту арқасында мифке деген ықылас айрықша өсті. Осының нәтижесінде миф жанрына арналған зерттеулер әр елдің тілінде жарық көрді. Біраз еңбек Совет Одағының да баспаларынан шықты. Солардың қатарында үлкен «Мифологиялық сөздік» жасалды.
Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Анықтамалардың көпшілігі бұрында антика дәуірінде дамыған мифологияға арналған мифтің атқаратын қызметіне (түсіндірмелі, психологиялық, социологиялық т. б. ), оның дінімен, өнерімен, философиясымен, әртүрлі ырымдарымен, ертегімен және әпсана хикаятпен болған қатынасына байланысына негізделген.
Егер барлық анықтамаларды жинастырып алып қарайтын болсақ, үлкен екі топқа бөлінеді: біріншісі - миф дегеніміз дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізген құдалар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі (системасы), Екіншісі - миф дегеніміз құдайлар мен қаһарманда жайлы ауызекі әңгіме.
Бірақ Австралия, Америка, Океания, Чукотка елдерінің мифтерін зерттеушілеріне қарағанда, миф тек қана таза түсінік күйінде, я болмаса тек таза әңгіме күйінде кездесе бермейді. Демек, олардың айтуына қарағанда, мифология дегеніміз мифтік әңгімелердің жиынтығы ғана емес. Кейбір мифологиялық түсініктер әңгімеде емес, ырымдарда да бой көрсетеді. Тіпті көп жерлерде мифпен басқа фольклорлық прозаны ашып айырмайды, себебі миф тарихи негізі бар аңыз, хикаят, тіпті ертегі сияқты да баяндалады.
Міне, осының бәрін алып қарайтын болсақ фольклортануда миф жанрының әлі де айтарлықтай зерттелмегендігін көруге болады. Дегенмен, қазақ мифтері С. Қасқабасовтың, Ш. Ыбыраевтың еңбектерінде белгілі дәрежеде сараланып, зерттелді. Бірақ, қазақ мифтің әңгімелерінің жинақталып, жеке баспадан шықпауы бұл іске де қолбайлау болып келді. Соңғы жылдары осы олқылықтың орны толтырылып, «Қазақтың мифтік әңгімелері» деген атпен қазақ мифтерінің жинағы жарық көрді.
Қазақ мифологиясының зерттелу тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі - қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Бұл кезеңде мифология негізінен этнография ғылымының аясында зерттеліп, олардың басым көбіне европоцентристік көзқарас тән болды; екінші кезең қазан төңкерісінен кейінгі уақытты қамтиды. Бірақ, зерттеу жұмыстарының белсендітүрде жүргізілген уақыты өткен ғасырдың 50-80-жылдары. Бұл уақыттағы зерттеулерге мифологияны лингвистикалық тұрғыдан қарастыру тән болды; 20-ғасырдың 90-жылдары отандық ғылым қазақ мифологиясын ұлттық философия негіздерін жасау ауқымында сөз ете бастады. Оның танымдық жағына екпін жасалды. Зерттеулер мәдениеттің ұлттық формалары шеңберінен шығып, жалпы теориялық, жалпы философиялық, жалпы адамзаттық мәнді мәселелерді көтерді [7, 312] .
Қазақ мәдениеттану тарихы мен тіл білімінде, әдебиеттануда мифология туралы деректердің іздері Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ғ. Марғұлан, Е. Тұрсынов, Ғ. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиев, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов т. б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасып жатыр. Олардың қазақ мифологисы тарихына енгізген жаңалықтары мен үлестері аз емес.
Қазақ мифтерін зерттеу жұмысы соңғы жылдары қолға алына бастады. Фольклортанушы С. Қасқабасов пен Н. Мыңжанұлының арнайы зерттеулерінде қазақ мифтері мен мифтік аңыздардың табиғаты, тақырыптық аясы, тарихи даму жолдары тұңғыш рет жүйеленді. Бұл орайда ғалымдар қазақ мифтерінің ежелгі Грек, Рим, Египет, Қытай т. б. мифологиясы сияқты бас-аяғы жинақталмаған, тұтас жүйеге түскен, құлдық қоғамдағы қарым-қатынас пен басқару жүйесіндегі өзгешеліктерге сәйкес өңделмеген сипатын тарихи тұрғыдан ашып берді. Мұның себебі байырғы түркі тайпаларының құлдық қоғамға дейінгі дәуірдің рухани келбетін толық бейнелейтіндігімен түсіндірілді [8, 14-15] . Қазақ мифологиясына арналған ең соңғы еңбек С. Қондыбайдың "Арғы қазақ миологиясы" атты көп томдығы.
Қазақ мифтері даму мерзімі жағынан Ежелгі Греция, Рим мифтерінен көне, бірақ алғашқы қауымның архаикалық мифінен кейінірек жасалған. Ал, рулық қоғамнан бірден феодализмге көшкен елдерде көпқұдайлы дін орнағанда ол ескі миф пен шамандық таным - түсінікті жоққа шығарып қудалаған. [9, 229-230] . Архаикалық миф қуғынға ұшырағандықтан, дәл жүйеленудің орнына ыдырап, ұмыт бола бастаған. Сондықтан жүйелі, көркем мифологияға айналмай, көне миф хикаяға, ертегіге ойысқан, яғни жаңа жанр қалыптасқан. Феодалдық патриархаттық қызметті миф емес, фольклордың басқа жанрлары атқарған. [10, 96] .
Қазақ халқының мифологиясы толық зерттеліп, жинақталып біткен жоқ. Түркілер әлемінің мифологиясын басқа халықтардың мифологиясы стандарттары тұрғысынан зерттеуге болмайды. Яғни, мифологияның түркілік, соның ішінде қазақ ұлттық мектебінің өз бет-бейнесі болу керек.
Қазақ мифологиясының тарихы, қазақ халқының мифологиялық мұрасы өзінің бастауын көне түркілер дүниетанымынан алады. Көне түркілер мифологиясы туралы арнайы зерттеулер болғанымен, оның мәдени - аксиологиялық табиғаты жете зерттелмеген.
Қазақ фольклорындағы миф дүниежүзі халықтарында кездесетін мифке типологиялық сипатымен ұқсас, сонымен қатар, ерекшеліктері де бар. Стадиялық жағынан келгенде, қазақ мифі - алғашқы қауымға тән австралиялықтар мен африкалықтар, солтүстік азиялықтар мен американдықтардың көне мифі мен антикалық Греция, Рим, сондай-ақ ежелгі Египет, Үнді, Қытай, Вавилондықтар мифологиясының ортасындағы аралық жанр. Ол өзінің алғашқы классикалық түрінен дамып шыққан да, тарихи қоғамдық дамуға сәйкес мифология ретінде жүйеленбей жатып, басқа жанрға айналған. Оның басты себебі - Қазақстанда ертеде мекендеп, қазақты құраған ру-тайпалардың құл иеленуші мемлекет құрмай, рулық қауымнан бірден феодалдық қоғамға иек артуы. Рулықтан бірден феодализмге көшкен елдерде көпқұдайлы емес, бірқұдайлы дін орнап, көне миф жүйелену емес, қуғынға ұшырап, ыдырап кеткен, циклға түспеген, демек көркем дүниеге бірден айналмай хикаяға, ертегіге ойысқан, жаңа жанр қалыптастырған. Феодалдық, бірқұдайлық қоғамда көремдік-эстетикалық функцияны миф емес, фольклордың басқа жырлары атқарып кеткен. Міне, қазақ мифтерінің бізге толық күйінде жетпеуінің, қазақ мифологиясы тарихының толық зерттелмеуінің бір себебі осында жатыр [11, 92] .
Қазақтың мифтері өзінің барлық компоненті жағынан жоғарыдағыдай көне классикалық мифпен жақын. Онда сол архаикалық таза күйінде болмаса да көне заманғы мифке тән мифтік сана, уақыт, мифологиялық ұғымдардың іздері айқын көрінеді. Қазақ мифінен мифтік сананың дамуындағы екі сатыны да, космос моделін де, ілкі атаның жасампаздығын да, адам мен табиғатты қарсы қоюдың да, аң мен құстардың мінез - құлқын түсіндіріп әңгімелеудің де көріністерін табуға болады. Бұл қазақ мифтерінің, қазақ мифологиясының өзіндік ерекшелігі, өзіндік универсализмі болып табылады.
1. 2 Қазақ мифологиясындағы аңыздық проза жанрлары, мифтік аңыздар
Қазақ фольклортану мен әдебиеттану ғылымдарында көркем фольклор мен әдебиеттің тарихы да, теориялық проблемалары да соңғы жылдардың ішінде айтарлықтай зерттелмегені белгілі. [12, 22-23] .
Мұнда зерттеу объектісі болып отырған қазақ фольклорындағы мифтік әңгімелер. Қазір бізге келіп жеткен мифтер мен мифтік аңыздар сол бір асып-тасып жатқан мол мұраның бір бөлшегі ғана, жиналмай қалғаны бар, ұмытылғаны бар, өзге жанрларға ауысқаны бар, әйтеуір миф заманына тән классикалық үлгілердің көбі біздің дәуіріміздегі ауызша ұласа алған жоқ. Қазақ мифі ежелгі классикалық мифтер түріне жақын. Мифтің поэтикасын зерттеген ғалым Е. М. Мелетинский ежелгі классикалық мифтердің мынадай белгілерін көрсетеді: «Қандай да болмасын заттың мәнін оның пайда болуымен байланыстыру; яғни заттың жаратылысын түсіндіру деген сөз - оның қалай пайда болғанын әңгімелеу; айналаны қоршаған дүниені сипаттау деген сөз - сол дүниенің пайда болу тарихын баяндау». [13, 230] .
Аспандағы Ай мен Күнді сұлу, егіз қыз, апалы сіңілілі қыздар, қыз бен жігіт бейнесінде баяндайтын мифтердің маңыздылығы сонша, Күн (солярлық мифтер), Ай (лунарлық мифтер), Жұлдыз (астралдық мифтер) туралы мифтердің жеке-жеке түрлері ретінде арнайы ғылыми атаулар қалыптасқан. Соған сәйкес бұлар туралы қым-қиғаш теориялық тұжырымдар да жетерлік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz