Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

« Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері»

Орындаған: Төлегенова Б. Ш.

Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. к., Әміренова Р. С.

Көкшетау, 2009

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

Сын есімдердің зерттелу тарихына шолу

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Сын есімнің жалпы сипаты

2. 2. Сын есімнің семантикалық топтары:

2. 2. 1. Сапалық сын есім

2. 2. 2. Қатыстық сын есім

2. 3. Сын есімнің морфологиялық және сөзжасам ерекшеліктері:

2. 3. 1. Морфологиялық (синтетикалық)

2. 3. 2. Синтаксистік (аналитикалық)

2. 3. 3. Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық)

2. 4. Сын есімнің ерекше категориясы - шырай

2. 5. Сын есімнің синтаксистік белгілері

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытынды

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі таңда кеңінен зерттелініп отырған жалпы лингвистикалық мәселелердің біріне қатынастағы тілдер мәселесін жатқызуға болады. Қатынастағы тілдер мәселелерін шешудің маңыздылығы қатынастағы тілдерді салғастыра зерттеуге алып келеді. Отандық және шетел лингвистерінің еңбектерінде тілдің қатынасы мәселесі үш тұрғыдан қарастырылады: лингвистикалық, әлеуметтік (социологиялық) және психологиялық. Интерференция құбылысы тек лингвистикада емес психологияда да зерттеледі. Психология үшін интерференция нәтижесінен гөрі, басқаратын механизмі мен процесі маңызды, ал лингвистикада тілдердің өзара қатынасының нәтижесіне көп көңіл бөлінеді. Осы тұрғыдан біз қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің мағыналық топтарын қарастырып отырмыз. Өйткені синхронды тұрғыдан интерференция тілдің жүйесін өзгертеді деген пікір бар. Бір халықтың немесе ұлттың өкілі қостілде сөйлеуінде ана тілінің әсерінен пайда болған екінші тіл нормасынан ауытқулар болады, ал билингв сөйлеуінде бұл ауытқулар тілді үйрене бастаған жасына, тілді меңгеру қабілетіне байланысты пайда болуы әбден мүмкін. Көптеген лингвистикалық және әлеуметтік факторларға байланысты қатынастағы тілдердегі кейбір құбылыстар қатынастағы тілдердің біреуінің жүйесіне сіңісіп, сол тіл жүйесіне тән болуы да әбден мүмкін. Жаңалығы

Қостілділік - тілдің қызметі, құрылымымен байланысты көп аспектілі құбылыс лингвистика, әлеуметтану, психология, этнолингвистика, этнопсихологиямен байланысты. Тілдер қатынасы теориясының негізін салушы У. Вайнрайх анықтамасы бойынша екі тілді алма кезек қолдану практикасы - қостілділік. Тілдерді меңгеру деңгейін әр зерттеуші әр түрлі анықтайды. Кей ғалымдар қостілділікті екі немесе бірнеше тілдерді әр деңгейде білу, ғалымдардың бір тобы екі немесе бірнеше тілді ана тілін меңгеру деңгейінде меңгеруі деп қарастырып жүр. Қостілділік Л. В. Щерба, У. Вайнрайх, А. Розенцвейг еңбектерінен бастау алады. Отандық тіл білімінде қостілділік мәселесі М. М. Копыленко, З. К. Ахметжанова, С. Е. Байбульсинова, М. К. Исаев, А. Е. Карлинский, М. К. Мурзагалиева, Ж. Ж. Нуртаев, А. И. Рабинович, М. Р. Сабитова, Э. Д. Сулейменова, Т. Я. Зенкова, Г. А. Габдуллина, Н. С. Мұстафа еңбектерінде қарастырылған.

Қостілділікті психологиялық және лингвистикалық тұрғыдан қарастыру барысында фонетика, морфология, синтаксис, стилистика деңгейінде интерференцияның пайда болуы немесе қостілдінің екінші тілде айту ерекшеліктері, екінші тілде сөйлеу іс-әрекетінің психологиялық механизміне жатады. Интерференция мәселесі қазіргі тілдік қатынас теориясы (контрастивті лингвистика) мәселелерінің әр түрлі құрылымдағы тілдер қатынасынан туындаған интерференцияны зерттеуге қызығушылық туғызады.

Мақсаты мен міндеттері

Құрылымы

1 тарау Степени сравнения (шырайлар) прилагательных

В сопоставляемых языках качественные прилагательные, в отличие от относительных, имеют степени сравнения: положительную (жай шырай), сранительную (салыстырмалы шырай) и превосходную (күшейтпелі шырай) .

Обычную форму прилагательного, от которого образуется сравнительная и превосходная степень и которая является исходной формой для сравнения, принято называть положительной степенью (жай шырай) .

Сравнительную степень (салыстырмалы шырай) употребляют в тех случаях, когда хотят обозначить большую или меньшую степень качества в предмете по сравнению с тем же качеством в другом предмете.

В русском и казахском языках превосходная степень прилагательных (күшейтпелі шырай) является склоняемой. Прилагательные в форме првосходной степени указывают, каким свойством данный предмет обладает в большей степени, чем остальные, или употребляются в случаях, когда хотят выразить предельную степень качества: самая трудная задача - ең қиын есеп.

[К. А. Бейсенбаева «Сопоставительная грамматика русского и казахского языков», 84-101]

Негізгі тарау. Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат

Сын есім - өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде. А. Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге «Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай» - деген қысқаша анықтама берілген.

Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікірі кейінгі еңбектерде де жалғасын тапты. Қ. Жұбанов «Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері» атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын . . . (16, 234) түбірді сын есім деп атаған.

Ал Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан-жақты қарастырған еңбек жазды. Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есім категориясының XIX ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен профессор А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген. Бұдан кейін А. К. Боровков, И. А. Батманов, Н. К. Дыренкова, А. Н. Кононов, А. Баскаков, Н. К. Дмитриев, М. Терентьев, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді түркологтар еңбектеріндегі сын есімге қатысты пікірлерге талдау жасаған.

Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықтарда сын есімге «заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы» (63, 174) ???, «Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ, зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру» (31, 67) ???, - деген анықтамалар берілген.

К. А. Бейсенбаеваның берген анықтамасында сын есім заттың қасиетін, сипатын анықтап, Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Как в русском, так и в казахском языке имена прилагательные обозначают признак предметов непосредственно или через отношение этих предметов к другим предметам или явлениям. На этом основании все прилагательные русского и казахского языков делятся по значению на качественные - сапалық сын есім, относительные - қатыстық сын есім, а в русском языке еще и притяжательные.

Олай болса, сын есім екі тілде де заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Мысалы, терең көл, қатты ағаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылды жігіт, биік тау т. б.

Бірақ сын есім қазақ тілінде кейде етістікті де анықтайды. Мысалы: Қайтып кірер ?? есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты (М. Әуезов) . Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер - сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістіктерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде профессор М. Балақаев еңбегінде анық айтылған: «Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Мысалы, Тілді жақсы үйрену үшін күнде оқу керек. - Чтобы хорошо учиться, надо заниматься ежедневно. Бұл сөйлемдерде Жақсы - хорошо сөздерінің сөйлемдегі қызметі бірдей борлғанмен, орыс тілінде сын есім пысықтауыштың қызметін атқармайды, сөйлемдегі хорошо пысықтауыштың қызметін атқарып тұрған үстеу.

Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады (8, 86) », - дей келіп, бұл пікірін одан әрі «олардың (сын есімдер - Ж. Б. ) лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады (8, 201) », - деп нақтылаған. Олай болса, аз ғана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін - зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден өзгертпейді.

Сондықтан да «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) «Бірқатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап, оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды, үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады (31, 68) », - ??? деп көрсетілген.

Сын есім неше алуан сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп екі тілде де заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Қазақ тілінде сын есім зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнің тұлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат жағынан анықтайды, бірақ ол анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Орыс тілінде сын есімдер зат есімдерге тәуелді, бағынышты сөздер ретінде жұмсалып, зат есімдер қай текте (род), қай септікте және көптік пен жекеліктің қай түрінде қолданылса, сын есімдер де соларға бағынып, қиыса байланысып, зат есімнің грамматикалық формасына ыңғайласа қолданылады.

Сын есім анықталатын зат есіммен бірдей өзгеріске ұшырайды, яғни көптеледі (үлкен ағалар - старшие братья), тек (род) категориясы бойынша өзгереді (үлкен апа - старш ая сестра, үлкен аға - старш ий брат), септеледі. Мысалы:

Атау с. - үлкен аға Именительный п. - старший брат

Ілік с. - үлкен ағаның Родительный п. - старшего брата

Барыс с. - үлкен ағаға Дательный п. - старшему брату

Табыс с. - үлкен ағаны Винительный п. - старшего брата Жатыс с. - үлкен ағада Творительный п. - со старшим братом

Шығыс с. - үлкен ағадан Предложный п. - о старшем брате

Көмектес с. - үлкен ағамен

Қазақ тілінде зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге қажетінше жалғана берумен қатар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге де жалғана береді. Мысалы: Үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет.

Орыс тілінде де сын есімдер субстантивтенеді. Мысалы: Храброму смерть не страшна - Батырға өлім қорқынышты емес. Бұл жерде батырға - храброму деген сөз кімге - кому деген сұраққа жауап береді, яғни зат есімнің қызметін атқарып тұр.

Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер жекеше, көпше формада, септік формалары бойынша өзгеріске ұшырайды, ал орыс тілінде тек категориясы бойынша да өзгеріске ұшырайды. Мысалы: Коридорға жаңа сабақ кестесі ілінген. - В коридоре вывешено новое расписание. Новое всегда побеждает - Жаңа қашан да жеңеді.

С. Исаев, Г. Нуркинаның пікірінше, қазақ тілінде толық субстантивтеніп зат есімнің формасына ауысқан сын есімдер жоқ. Қазақ тілінде олар зат есім сияқты өзгереді, ал орыс тілінде субстантивтенген формалар жанды - жансыз зат категориясына бөлініп, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, Удалить больной зуб. - Ауру тісті жұлдыру. Удалить больного. - Ауруды шығарып жіберу. Ауру - больной бір сөйлемде анықтаманың қызметін атқарса, екінші сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарып тұр. [С. Исаев, Г, Нуркина «Сопоставительная типология казахского и русского языков», 120-121]

Егер де екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б. Майлин) ; Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ. Мұстафин) . Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімнің әр түрлі сипатын білдіріп тұр. [А. Ысқақов, 166-168 бет]

Екі тілде де синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай болса да, дәйім затқа иек сүйейді. Мысалы, Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай) . - Лишь в трех вещах достоинство человека: кипучая сила, светлый ум, теплое сердце. Алайда екі тілде де сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Күн бұлтты - День пасмурный. Ал орыс тілінде сын есімнің ықшамдалған формасы мен салыстырмалы шырай формасындағы сын есім тек қана баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Ночь темна, не видна в небе луна. - Түн қараңғы, аспанда ай көрінбейді.

Өмірдегі заттардың сындық белгілері өте көп, қасиеттері де сан алуан. Сонымен байланысты сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді (6. 176) .

Сол себепті сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есімдер; 2) қатыстық сын есімдер.

Сын есімдерді мағыналық жағынан осылай екі топқа бөлу - ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, А. Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығының 1915 жылы шыққан 2-бөлімінде сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген және ғалым бұлардың әрқайсысына сипаттама берген. «Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді», - дей келіп, оған ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік т. б. мысалдарды келтірген.

Демек, екі тілде де сын есім семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық және қатыстық сын есім деп екі топқа топтастырылады.

Сапалық сын есімдер, оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, қазақ тілінде мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т. б. ), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б. ), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т. б. ), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т. б. ) білдіреді.

Сапалық сын есімдер негізінен қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер ретінде қарастырылады. Мысалы, ақ, көк, сары, жақсы, биік т. б. секілді сын есімдер түбір сөздер, бірақ сапалық сын есімдерді қосымшасыз негізгі түбірлер дегенді шартты түрде ғана алып, белгілі бір кезең, қалыптасқан дәстүр тұрғысынан қарамау жөнінде грам матикаларда ескертілген (31, 70) ??? Осы пікірді профессор А. Ысқақов та жалғастырып, сапалық сын есімдерге түбір сөздерді жатқызу салты бар екендігіне тоқтала келіп, «бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған (63, 177) ???», - дейді.

Бірақ ғалым келтіріп отырған сын есімдер тарихи жағынан түбір сөздер болғанымен, сапалық сын есімдер қатарына жатады, өйткені оларда сапалық сын есімдерге тән белгілер бар. Ал сапалық сындардың ерекшеліктері мыналар: біріншіден сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және сынның әрқилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады, екіншіден оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданатын үстеме буындар жалғанады, үшіншіден, олар семантикалық ерекшеліктеріне қарай атрибуттық (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады. (63, 177) ???. Сонымен бірге, заттың сапалық белгісі өзінің бастапқы қалпын үнемі сақтап тұрмайтын ерекшелігі де айтылып жүр. «Мысалы, жаңа дәптер, қызыл орамал десек, мұндағы анықталушы зат есімдер (дәптер, орамал) осы қалпында тұра бермей, пайдалану барысында сындық сипатын өзгертеді (ескі дәптер, қызғылт орамал) (49, 6) ». [Ф. Ш. Оразбаева, 260-261 бет]

«Сөйтіп, сын есімдерді морфемалық құрамдарына қ арай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық, сұйық, сирек, жазық, толық, ашық, жабық, иік, жетік, тілік, сергек сияқты сындар бастапқы тұн, суы, ары, сұйы, сире, жаз, тол, аш, жап, и, жет, тіл, сергі деген етістіктерден туған. Сондай-ақ, ащы, тұщы сияқты сындардың әуелгі формасы ашты, тұшты дегендер болған да, кейін белгілі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бөлінбейтін түбір сөздерге айналып кеткен. Ал, толы, пісі, кіші сындары да бастапқы толық, пісік, кішік деген формалардан ықшамдалған, кебу (отын) сияқты сындар да кеп, кебік деген етістіктерден туған. Әрине, мұның бәрі бір күнде емес, замандар бойы тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорының қарым-қатынасынан туып, тілдің заңына лайық бірте-бірте қалыптасқан және сол заң бойынша орныққан», - деген пікір айтады ғалым А. Ысқақов ( 171-172 бет] .

В казахском языке имя прилагательное как часть речи не имеет каких-либо специальных словообразующих показателей, кроме деления прилагательных на качественные и относительные. Но это носит условный характер, поскольку чисто грамматических показателей, отличающих качественные прилагательные от относительных, очень мало.

6. В казахском и русском языках от некоторых качественных прилагательных, преимущественно от слов, обозначающих цвета, образуются прилагательные со значением неполноты качества: сарғылтым или сарғылт (желтоватый) .

  1. Кроме того, в казахском и русском языках от качественных прилагательных можно образовать существительные, обозначающие отвлеченные понятия: зиянкес (вредный) - зиянкестік (вредность)

Качественные прилагательные обозначают признаки, постоянно присущие предмету или свойственные ему в большей или меньшей степени. Это признаки, которые непосредственно воспринимаются органами чувств:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатыстық сын есімдер
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия, аффиксоидтер және интерфикстер туралы ақпарат
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Анықтауыш, оның зерттелуі
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz