ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 147 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1
3: ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫН ТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КІРІСПЕ: 1. 1
3:

Қазақ мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтарының

қалыптасу жолдары . . .

8
КІРІСПЕ: 1. 2
3: 5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулықтарын оқулық теориясы тұрғысынан талдау . . .
19
КІРІСПЕ: 1. 3
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулықтарын танудың

лингвистикалық негіздері . . .

34
КІРІСПЕ: 1. 4
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулықтарын танудың

педагогикалық негіздері . . .

50
КІРІСПЕ: 1. 5
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулықтарын танудың

психологиялық негіздері . . .

74
КІРІСПЕ: 2
3:

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ: 2. 1
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулығының жүйелік

құрылымдық ерекшеліктері . . .

86
КІРІСПЕ: 2. 2
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулығының мәтін

компонентін түзуге қойылатын лингводидактикалық

талаптар . . .

98
КІРІСПЕ: 2. 3
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулығының жаттығулар

жүйесін құрудың лингводидактикалық

талаптары . . .

107
КІРІСПЕ: 2. 4
3:

5-6-сыныптардағы қазақ тілі оқулығының графикалық

модельдер мен иллюстрациялық компонентін түзуге

қойылатын лингводидактикалық талаптар . . .

122
КІРІСПЕ: 2. 5
3:

Лингводидактикалық талаптар негізінде орындалған 5-6-

сыныптардағы қазақ тілі оқулығының моделін педагогикалық

эксперименттен өткізу және оның нәтижелерін

талдау . . .

134
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 150
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 153

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық даму үдерісінің күн өткен сайын қарқыны жоғарылауы еліміздің мәртебесін өсіретін игілікті бағыт болып табылады. Осындай іргелі істердің алдыңғы қатарында қазақ мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дүниежүзілік білім беру стандарттарына үндес болып танылуы - зор міндет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» еңбегі [1] мен 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында [2] қазақ тілін дамыту мен білім беру саласын шыңдауға қажетті бағдарламалық тұжырымдар беріледі.

Елбасы «Қазақстан Халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: « . . . Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді. Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек.

Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелестік болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйренуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар шешім қабылдауы тиіс», - деді [3] .

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін Болон және Лиссабон конвенциясының талаптарына сай дамыту үшін тұтас білім беру жүйесінің, оның ішкі сатыларын, әрбір жекелеген пәндер мен сол пәндерді оқытатын оқу-әдістемелік кешеннің жаңа уақыт талаптары мен жетістіктері тұрғысынан танылуы қажет.

Қазақстан Республикасының Білім Заңында [4] қазақстандық мектеп жүйесінде білім берудің, оның ішінде қазақ тілін оқытудың басты бағдарлары көрсетіліп отырылады.

Қазақ мектептерінде оқылатын қазақ тілі пәні - оқушылардың ана тілі болып табылатын болғандықтан осы пәнді оқытудың бала үшін дүниетанымдық, елтанымдық, патриоттық, антропологиялық, аксиологиялық мәні мен маңызы қаншалықты зор екені белгілі мәселе. Осындай күшті әлеуеті бар пәнді оқытуға заман дамуы қарқынынан қалмай қарау арқылы қазақ тілінің баланың дүниетанымдық негізгі әрі қуаты зор құралына айналуына игі жағдайлар жасалады.

Қазақ тілі оқулықтары - оқушының қазақ тілінен білім алуының негізгі қайнар көзі. «Қазақ тілі» оқулықтарының құрылымдық-мазмұндық болмысы мен сапасын жаңа заман талаптарына сай модельдеу керек. Жаңа модельдер арқылы қазақ тілін оқыту құралдарының тар аяда шектеліп қалмай, дүниежүзілік озық тәжірибені зерделеу жолымен оқушының даму деңгейіне сәйкес келетін жүйелерді оқу-танымдық үдеріске енгізіп отыру ісі жүзеге асырылады.

Қазақ тілі оқулықтарында берілетін білім мазмұнын жүйелеу үшін оқулықтың ғылыми негіздемелері мен жаңа модель жасаудың қажеттілігі айқын танылуы керек. Осындай талдау негізінде оқушының ойлауы мен тілін дамытуға тура бағдар алатын оқулық жасау мүмкіндіктері танылады.

Қазақ мектебінде оқылатын қазақ тілі пәні оқулығының құрылымдық және мазмұндық байлығын құрайтын компоненттерді ғылыми және әдістемелік тұрғыдан тану мәселесі қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында әлі де жүйелілікпен қолға алынбай келеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 18 жылында мектеп оқулықтары бірнеше рет өзгертілді. Ондай өзгертулердің барлығы да белгілі бір әлеуметтік және қоғамдық жағдайлар мен шарттарға тәуелді болып келетінін ескерсек, оларда берілетін білім мазмұны мен құрылымдық компоненттердің де, көп ретте, шаблонды болып келу себебін түсіне аламыз.

Қазақ тілінен оқулық туралы айтқанда, ең алдымен, Ыбырай Алтынсариннің «Әліппесі» [5] мен «Хрестоматиясы» [6] танылу қажеттілігі белгілі. А. Байтұрсынұлының «Әліппе» [7] кітабы мен «Тіл-құрал» [8] Қ. Жұбановтың [9] «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықтарының қазақ тілі оқулықтарының тарихы үшін маңызы зор.

Қазақ тілі оқулығы туралы мәселелер қазақ тілі оқулықтары жаңадан жазылу кезеңдеріне байланысты баспасөз беттерінде кең талқыланып келді [10] .

ХХ ғасырдың 30-90 жылдары аралығында қазақ тілі оқулығының құрылымы мен мазмұн сапасы жарияланған мақалалар түрінде кең талқыланады [11] .

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде қазақ тілі оқулықтары ғалымдар еңбектерінде қысқа түрде болса да қарастырылып келді. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі оқулықтары С. Р. Рахметова [12], А. С. Қыдыршаев [13], А. Ж. Жапбаров [14], Т. Әбдікәрімова [15], Н. Оразахынова [16], Н. Ж. Құрманованың [17] докторлық диссертацияларының нысаны болды. Қазіргі кезеңде оқулықтану мәселесі қазақ тілін оқыту әдістемесі саласы үшін аса маңызды болуы керек. Өйткені соңғы 10-15 жылда қазақ тілі пәні бойынша бірнеше рет оқулықтар жазылғанымен, заман қарқынына ілесе алмай жатқаны айқын көрініп келеді. Оның негізгі себебін қазақ тілі оқулығының теориялық тұрғыдан арнайы деп санаймыз. Өйткені ғылыми бастау көздері анықталмаған нысанның болашақ даму өркендерінің де айқын болмайтыны анық. Сондықтан қазақ мектептерінің 5-6-сыныптарында оқылатын қазақ тілі оқулығының ғылыми және әдістемелік бастау көздерін тану арқылы жаңа сападағы оқулық жазу мүмкін болмақ. Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы айтылғандармен байланысты айқындалады.

Зерттеу жұмысының пәні - қазақ мектебінің 5-6-сыныптарында қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі.

Зерттеу жұмысының нысаны - қазақ мектебінің 5-6-сыныптарында «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісіндегі қазақ тілі оқулықтарының алатын орны мен маңызы, құрылымдық және мазмұндық сипаты.

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жасалуының теориялық және әдістемелік негіздерін жан-жақты тану негізінде жаңа модельдегі құрылымдық-жүйелік болмысын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының даму және қалыптасу жолдарын анықтау;

- қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының

лингвистикалық, лингводидактикалық, психологиялық, тәрбиелік негіздерін анықтау;

- қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының

әдістемелік табиғатын зерделеу арқылы жаңа модельдерінің жүйесін ұсыну;

- ұсынылған модельдің тиімділігін педагогикалық эксперимент негізінде тексеру.

Зерттеу жұмысының болжамы. Қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының даму және қалыптасу жолдары мен олардың лингвистикалық, лингводидактикалық, психологиялық, тәрбиелік негіздерін анықтау арқылы 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының әдістемелік табиғатын зерделеу арқылы оның жаңа модельдерінің жүйесін ұсынуға болады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі оқушылардың адамгершілік, патриоттық, интеллектуалдық қабілеттері дамуына негізгі басшылық ететін ерекше үдеріске айналуы үшін қолданыста жүрген қазақ тілі оқулықтары теориялық және әдістемелік тұрғыдан жан-жақты талдаудан өткізілуі керек. Сондай зерделеуден өткізген соң ғана биік педагогикалық мақсаттарға сай қазақ тілі оқулығының жасалыну мүмкіндігі танылмақ.

Қазақ мектебі оқушыларының өмірлік құндылығы мен еліне, ана тіліне, ғылымға деген аксиологиялық көзқарасын қалыптастыруда да қазақ тілі оқулығы зор мәнге ие болуы тиіс. Оқулықтардың құрылымдық және мазмұндық сапасы дүниежүзілік стандарттарға тең келе алатындай мүмкіндіктердің барлығы қолданылуы үшін, оқулық жасау теориясының қазақ тілін оқыту әдістемесінде діңгегі қалануы аса маңызды болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Қазақ мектебінің

5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының оқушылардың тіл туралы, ана тілі туралы білім алу көзіне, тәрбиелік бастау көздеріне, қазақ халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі қалыптасу жолына айналуы үшін оның таным теориясымен, әрекет теориясымен, лингвистикамен, дидактикамен, тәрбие теориясымен, әдістеменің соңғы жетістіктерімен тығыз байланыста болып, сол арналардан суарылуы тиіс. Осы ретте жеке тұлға теориясы, антропология, таным теориясы, мазмұн теориясы, оқулық теориясы, әрекет теориясы және лингвистика жетістіктері зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне алынды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, индукция, дедукция, модельдеу, салыстыру сияқты теориялық әдістермен қатар, бақылау, салыстыру, анкета алу, сандық және сапалық талдау сияқты эмпирикалық әдістер жүйесі қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы.

- қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жаңа

модельдерін жасаудың лингвистикалық, дидактикалық, психологиялық,

физиологиялық, тәрбиелік, әдістемелік негіздері басшылыққа алынды;

- 5-6-сынып оқушыларының білім алу, даму және тәрбиелену, таным көзі болып табылатын қазақ тілі оқулықтарының көпфункционалды табиғатын анықтау арқылы сол функцияларды жүзеге асыратын тапсырмалар мен жаттығулар және оқу әрекетінің түрлерінің жүйесі

белгіленді;

- қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жаңа

модельдері жасақталып, олардың құрылымдық-мазмұндық жүйесі

ұсынылды;

- оқулықтың сапалылығын арттыратын құрылымдық жүйеде оқу

мәтінінің ерекшелігі, жаттығулар жүйесін құру талаптары, графикалық модельдер мен иллюстрациялар жасау талап етілді.

Зерттеудің практикалық маңызы.

- Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында алғаш рет лингвистикалық,

дидактикалық, психологиялық, физиологиялық, тәрбиелік, әдістемелік

негіздері анықталған қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жаңа модельдері ұсынылып, педагогикалық эксперимент жүзінде тиімділігі мен сапалылығы сыннан өтті.

- Қазақ тілі оқулығын жасаудың тұжырымдық негіздері ұсынылды;

- Ұсынылып отырған оқулықтар моделіне лайықталынған жаттығулар жүйесі түзілді;

- Жаңа модельдегі оқулықтардағы берілетін теориялық білімнің оқу

мәтін үлгісі жасалды;

- Осы жаңа модельдегі оқулықтардағы графикалық модельдер мен иллюстрациялардың қолданылу әдістері жүйеленді.

Педагогикалық эксперименттік тірек ретінде Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы қазақ орта мектебі мен Ақтөбе қалалық № 21 және № 42 қазақ орта мектептері алынды.

Зерттеу жұмысының кезеңдері. Қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының ғылыми және әдістемелік негіздерін зерттеу бірнеше кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде оқулық теориясының негіздері болып табылатын философиялық, логикалық, лингвистикалық және психологиялық, дидактикалық, педагогикалық, әдістемелік еңбектер мен зерттеулерге, осы бағыттағы тәжірибелерге ғылыми талдаудар жасалынды, зерттеу жұмысының ғылыми және ұғымдық аппараты анықталды. Соңынан белгілі бір ғылыми топтастырылған ұғымдар мен негіздер жүйеге түсірілді, педагогикалық эксперимент белгіленді. Екінші кезеңде ғылыми және әдістемелік негіздері жан-жақты танылған қазақ тілі оқулығының лингводидактикалық діңгегі қаланды. Біздің тарапымыздан қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жаңа модельдері ұсынылды. Қол жеткен нәтижелер ғылыми конференциялар мен басылымдарда жарияланды. Педагогикалық эксперименттің оқыту кезеңі жүргізілді. Үшінші кезеңде зерттеудің негізгі қағидалары мен қорғауға ұсынатын тұжырымдар жүйеге түсірілді. Қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы «Қазақ тілі» оқулықтарының ерекшеліктерін қарастырған бірнеше оқу-әдістемелік құрал әзірленді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- Қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулығының мәнділік табиғатын анықтау арқылы ол оқулықтардың сан қырлы функциясын лингводидактикалық шеберлікпен жүзеге асыру арқасында қазақ мектебінде қазақ тілінің оқытылу стратегиясы мен тактикалық моделін анықтауға болады.

- Қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жаңа модельдерін ұсыну негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болмай келген оқулықтану мәселесінің лингвистикалық дидактикалық, психологиялық, физиологиялық, тәрбиелік, әдістемелік негіздері жүйеге түсіріліп, болашақта қазақ тілі оқулығын тану арнасының кеңейе дамуына іргетас қаланды.

- Қазақ мектебінің 5-6-сыныптарындағы қазақ тілі оқулықтарының жаңа бағдарда танылған теориялық негіздері мен лингводидактикалық бастау көздері оқулықтардың жаңа модельдерінің құрылымы мен мазмұндық сапасы мен сипатын заман талабына жауап бере алатындай дәрежеде анықтауға мүмкіндіктер жасайды.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы және тәжірибеге енгізілуі. Зерттеу нәтижелері 2 оқу-әдістемелік құралында, 18 мақалада, 2005-2010 жылдар аралығында өтті.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі-159 бет.

І ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6 СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫН ТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақ мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтарының қалыптасу жолдары

Қазақ тілі оқулығының қалыптасу жолдарын саралау барысында, негізінен, мектеп оқулығының білім алу үдерісіндегі басты функциясына баса назар аударылады.

Мектеп оқулығы - білім алудың негізгі құралы және қазақ тілі туралы ақпараттар мен мәліметтерді сақтаушы және тасушы, жеткізуші құрал. Мектеп оқулығы - ғылыми мәліметтерді дидактикалық өңдеу мен бейімдеуден өткізу арқылы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай синтездеп бере алатын ерекше құрал. Осындай маңызды қызметінің арқасында мектеп оқулығы - білім алуға арналған оқу-әдістемелік құралдардың ішіндегі ең маңыздысы болып саналады.

Мектеп оқулығы - білімді жеткізетін және оқушының өз бетімен білім алуына басшылық ететін ерекше құрал.

Оқулық атаулы теориясының түпкөзін Я. А. Коменскийдің «Ұлы Дидактикасынан» табамыз [18] .

Я. А. Коменскийдің айтуынша, оқулық дегеніміз - арнайы педагогикалық ұстанымдардың (принциптердің) негізінде жасалынған өзіндік ерекшелігі мол әдебиет түрі.

Я. А. Коменскийдің «Сезімдік заттар әлемін суреттер арқылы таныту» («Мир чувственных вещей в картинках») атты иллюстрациялық кітабында алғаш рет оқушының жас ерекшелігіне сай, ғылымилық жүйемен сабақтастырылған, түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік, нақтылық, оқушының білімді саналы түрде меңгеруіне жағдай жасау ұстанымдарының басшылыққа алынғанын айқын танимыз [19] .

Орыс халқының ұлы педагогы К. Д. Ушинскийдің «Ана тілі» («Родное слово») атты кітабы, ғалымдардың талдауына сүйенсек, білім мазмұнының оқушының жас ерекшелігіне сай келетіндігімен, балалардың қызығушылығын ескерумен, сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамытуға арнаулы мақсат қоюмен ерекше дүние ретінде танылады [20] .

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің «Хрестоматиясы» балалардың жас ерекшелігін ескеруі мен танымдық қызығушылығын дамытуға арналуы арқылы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үдерісіндегі ең алғашқы және ең тамаша үлгідегі оқулық болып қала бермек. Оқулықта дидактикалық үздік ұстанымдар басшылыққа алынуы шарт. Оқулықтың басты ұстанымы - оқушының сөйлеу тілін дамыту, ойлауын дамыту, сезімдік қабылдау тәжірибесін дамыту екендігі анық байқалады.

Бұл ретте Н. Ж. Құрманова айтқандай, «ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының дүниетанымдық лабораториясын анықтау керек. А. Байтұрсынұлының әлеуметтанудан, логикадан, философиядан, психологиядан, лингвистикадан, тарихтан, этнографиядан терең білімдері оның «Тіл-құралды» жазу шеберлігінде маржандай төгіліп танылып тұр» [21] .

Ахмет Байтұрсынов ұлттық мектептің дамуы, жандануы үшін ең алдымен, оның жазуы түсінікті де сөздің айтылу жүйесін толық белгілей алатын әліпби керек екеніне баса назар аударды. Ол 1912 жылы жариялаған мақаласында балалардың оқу саласында тез өсіп жетілуінің бір кілті оларды ана тілінде оқыту, ол үшін ана тілінде оқу құралдарын жазу, ал оны жазу үшін қолданып жүрген жазуымызды өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру, оны сәйкестендіру үшін тілімізде қандай және қанша дыбыстар бар екенін ашып, соларға үйлесімді әріпті айқындау қажет деп есептеді [22] .

Осындай ұзақ ізденісінен кейін автордың өзіндік әліпбиі дүниеге келеді. Бұл әліпби араб таңбасына негізделген, қазақ тіліне толық икемделген нұсқа. Көптеген мектептер осы жаңа жазу таңбасын қолданды.

1915 жылы бұл таңбамен он беске жуық қазақ кітабы шықты. Оның фонетика, графика мен орфография мәселелеріне арналған «Тіл құралы» 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Бұл «Тіл құралы» 1 жылдық деген оқулығы еді. Ал «Тіл құралы» 2 жылдық - морфологияға, «Тіл құралы» 3 жылдық - синтаксиске арналған [23] .

XX ғасырдың басында шығарылып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Жаңа мектеп» сияқты басылымдарда қазақ тілін оқыту жайы және мектептердің әртүрлі мәселелері сөз болды. Айталық, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек?» деген мақаласы «Жаңа мектеп» журналының №2 санында 1919 жылы жарияланып, онда қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері қарастырылды [24] .

Ең бірінші кезекте қазақ тілі, әдебиет, география, математика, табиғаттану, педагогика пәндерінен қазақ тілінде оқулық жазу ісі жүзеге асырыла бастады. С. Асфендияров, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Т. Шонанов, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов сияқты тағы да басқа қазақ халқының біртуар зиялыларының бұл бағыттағы игі бастамалары көпшілік қауымға белгілі.

Қ. Жұбановтың бесінші сыныпқа арналған «Қазақ тілі грамматикасы» - мектепке арналған оқулық қана емес, тұтас лингвситикалық бағдарлы еңбек екені белгілі. Бұл кітаптың өзіндік ерекше құрылымындағы көптеген әдістемелік тұрғыдан танылмаған мәселелер бар. Ғалымның ауыл мектебі мен қала мектебінің ерекшеліктерін сол кезден ескеруінің өзінде үлкен ұстаздық таным діңгегін танытады [25] .

Оқулық теориясы кеңестік педагогикада Н. К. Крупская, П. П. Блонский, Е. И. Перовский, М. Н. Покровский, Н. А. Менчинская, Ф. П. Кровкин, Л. В. Занков Д. Д. Зуев, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. П. Беспалько, А. А. Гречихина, Г. Г. Граник, Д. Д. Зуев сияқты педагог-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып келді. Ресейде 1974-1991 жылдар аралығында жыл сайын «Проблемы школьного учебника» деген жинақ шығарылып, мектеп оқулығын жетілдіру мәселесі күн оздырмай қарастырылып отырылған. Қазіргі кезде Ресей педагогикалық академиясында Г. Г. Граниктің жетекшілігімен «Мектеп оқулығын жасау» атты ғылыми ізденіс тобы жұмыс жасайды.

Қазақстанда бұл мәселе 1996 жылдардан бастап кеңінен қолға алынып, қазақ тілінің ғана емес, жалпы мектепте оқылатын барлық пәндердің негізгі оқулықтарының жаңа жүйеге, жаңа болмысқа сай жазылу қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. Астана қаласында «Оқулық» атты орталық құрылды, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Е. Абылқасымованың басшылығымен жаңа арнадағы оқулықтар жазу мәселесі қолға алынды. Оқулықтың және жекелеген пәнге байланысты оқулықтардың түрлі мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Н. Ж. Құрманова өзінің докторлық жұмысында қазақ мектептеріндегі қазақ тілі оқулықтарын, оның құрылымдық-жүйелік болмысын алғаш рет әдістемелік талдаудан өткізді. Ғалымның талдауына сүйене отырып, оқулықтардың сандық және сапалық ерекшеліктерін анықтауға болады [26] .

Өзгетілді аудиторияда қазақ тілін оқытуда қолданылатын қазақ тілі оқулықтарының лингвистикалық негіздерін филология ғылымдарының докторы, профессор З. К. Күзекованың докторлық диссертациясында жан-жақты қарастырады. Қазақ тілі бойынша өзгетілді ортада берілетін лингвистикалық білім мазмұнының концептуалдық ережелерін талдай келе, З. Күзекованың жалпы қазақ тілі оқулығының теориясын дамытуға үлкен үлес қосқанын айтуымыз керек [27] .

Қазақ тілі оқулықтарының түрлі қырынан қарастырылуы қазақ тілі оқулықтарын жазудың әр жылдарында баспасөз беттерінде талқыланып отырылуы арқылы байқалады.

Қазақ тілі оқулықтарының көрнекті авторларының бірі профессор Кәкен Ахановтың қазақ тілі оқулықтарын түзу туралы пікірлерінде прогрессивтік көзқарастар айқын танылады. Ғалым: «Әдетте, оқулықты оқушы да, оқытушы да негізгі құрал ретінде пайдаланады. Алайда оқулық, негізінен, мектеп оқушысына арналып жазылатын болғандықтан, онда мұғалімнің жұмысына қатысты мәселелер толық қамтыла қоймайды», -дейді [28] .

Оқулықтың құрылысы, ондағы тақырыптардың бір-біріне қатысы, өзара байланысы туралы сөз еткенде «Мұғалім оқулықты қалай пайдаланып, қандай мәселеге көңіл бөлуі керек?» деген сұрақтарға байланысты ойлар ашық айтылуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл төңірендегі кейбір ойлар
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Сөз таптарының мәселелері
Тест формалары мен түрлері
Лингводидактика ұғымы
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz