Қазақ тілінен ұйымдастырылатын оқу жұмыстары. Оның түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

  1. ТАРАУҚазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы, қазақ тілін оқытудың мақсаты мен маңызы4-5

1. 2 Қазақ тілінен ұйымдастырылатын оқу жұмыстары. Оның түрлері.

2. 1 Қайталау сабағы. Ол жайындағы ғылыми көзқарастар ……

2. 2 Қайталау сабағы, оның түрлері . .

2. 3 Қайталау сабағы, оны жүргізудің жолдары . .

ҚОРЫТЫНДЫ. .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», - деген еді елбасы білім қызметкерлерінің І құрылтайында (1998ж, желтоқсан) сөйлеген сөзінде.

Осы тұрғыдан келгенде мектеп мұғалімінің алдында үлкен міндет тұр.

Ол - өз Отанын, туған тілін, дінін шексіз сүйетін білімді, іскер, туған елінің болашағына, оның гүлденуіне аянбай өзіндік үлесін қоса алатын жас жеткіншектерді даярлау міндеті.

Ол үшін білім жүйесі жан - жақты дамытыла меңгертілуі керек.

Ал білімді дамыта меңгертудің негізі - білікті ұстазда. Себебі бұл ретте пән мұғаліміне терең теориялық білім, творчестволық ізденіс қажет. Ғалым, профессор С. Исаев бұл жөнінде «Тіл де - математика, оның да есебі, алгоритмі бар. Ол үшін мұғалімнің логикасы мықты болуы керек», - десе, енді бірде «Мұғалім мектеп оқулығындағы материалдармен шектелмеуі керек, ол оқулықтың аржағындағы дүниені бере білуі керек», - дейді. /23; 25/

Себебі кез келген тілдік тақырыптың теориялық негізін жетік білмейінше, оны оқытудың әдістемелік негізі қалыптаспайтыны сөзсіз.

Оқушы жыл бойы алған білімдері қайталанбаған жағдайда естен шыға бастайтыны заңды құбылыс екенін еске алсақ, бұл - оқу жылы соңындағы қайталау сабағының алатын орыны зор екенін көрсетеді.

Оқу жылы соңындағы қайталау жұмыстары - жыл бойына өтілген материалдарды қорытып еске түсірудің, жалпы сабақтың жауапты кезеңі.

Сондықтан бұл жұмысымызда оқу жылы соңындағы қайталауды ұйымдастырудың жолдарын қарастырып отырмыз.

Жаңа бекітілген білім стандартында жаңа буын оқулығында, қазақ тілі бағдарламаларында оқу жылы соңындағы қайталауға сағат берілмеген.

Осы тұрғыдан келгенде жұмысымызда:

  • қайталау туралы ғалымдардың пікірлерн;
  • қайталаудың түрлерін;
  • қайталаудың мақсаты мен маңызын;
  • қайталаудың бұрынғы бағдарламада берілуін жаңа бағдарламамен салыстыра отырып оқу жылы соңындақайталау сабағының қажет екендігін нақтылауды мақсат еттік.

Ұйымдастыру жолдарын қарастырдық. Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі де осында.

Жұмысымыз кіріспеден,

2 тараудан, қайталауға арналған жаттығулар жүйесінен тұрады.

1. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы, қазақ тілін оқытудың мақсаты мен маңызы

Ғылым адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар болып табылады. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибелер мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:

  1. мақсаттары (не үшін оқыту керек?) ;
  2. мазмұны (нені оқыту керек?) ;
  3. ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?) ;
  4. құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?) ;
  5. оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұқсастық мәселелері.

Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Әдістеменің міндеттері мыналар:

  1. Бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
  2. Оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді (мұғалім мен оқушының күшін, уақытын үнемдеу) және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;
  3. Қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары мен мәселелерді талдап, шешу яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.

Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым. (6; 5-6)

Қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылымға айналдыруда көрнекті әдіскер ғалымдарымыздың еңбектерін айрықша атап өтуіміз қажет. Олар: Қажым Басымов, Әлішер Сәдуақасов, Ғали Бегалиев, Шамғали Сарыбаев, Сейіл Жиенбаев т. б. Бұлар қалдырған мұралар әдістеме дәрістерінің алтын қорына қосылған.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының құрамына мыналар кіреді:

  1. Қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері мен оның әдістемесі. Бұл бөлімде мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаттары мен міндеттері, мазмұны мен көлемі, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің пән мұғалімдері үшін маңызы баяндалады. әдістеменің теориялық негіздері, жалпы дидактикалық және әдістемелік принциптері, олардың қазақ тілін оқытуға қолданылуы, оқытудың әдістері, сабақ, оның құрылысы, түрлері т. б қамтылған.
  2. Арнаулы бөлім. Мұнда қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі жеке-жеке тақырыптарға бөлініп, ортақ заңдылықтары баяндалады. Мектепте лексикадан берілетін білім көлемі, оқушылардың сөздігін байытуға бағытталған алуан түрлі жұмыстар, тіл ұстарту, сөздік жұмыстары, лексикалық талдаулар т. б. Сол сияқты грамматикалық әдістемесі, ол өз ішінде морфологиялық әдістемесі және синтаксистік әдістемесі болып бөлінеді де әр бөлімдегі тақырыптар тағы да әдістемелік тұрғыдан сараланады.

Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме де жетіліп, байып отырады.

Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы - өзіндік ой тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу, ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауы тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» алға қойлады. (1; 7)

Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында қалмай баланың өмірлік танымының, айналасымен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет екендігі көрсетіледі.

Қазақ тілінің жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасымен оқулығына байланысты.

Бағдарлама жайында Қазақстан Респубикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Қазақ тілінен білім берудің негізгі бағдарламасы - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсіндіруге, оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыруға, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға қажетті «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны жүйесін анықтайтын құжат», - деп көрсетілген. /1; 5/

Ал қазақ тілін оқыту тарихына көз жіберсек қазақ тілінің оқулықтарын жазу 1920 жылдардан қолға алына бастады. Бірақ оқу жоспары мен бағдарлама сол кезде-ақ жасалынған болатын. Дегенмен Кеңес мектебінің тарихында бағдарламаның бірнеше түрі болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кешенді және жоба бағдарлама түрлері қолданды.

ВКП(б) Орталық комитетінің 1931 жылғы 5-қыркүйектегі, 1932 жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулыларында кешенді және жоба бағдарламаларының кемшіліктері атап көрсетілді.

Бұл бағдарламаларға мынадай талаптар қойылады: бағдарламаның мазмұнын ғылымның негізін берік және жүйелі түрде меңгеру, дұрыс ойлау, жазу бағдарламаларын қамтамасыз ету, бағдарламадағы оқу материалдарының аумағы мен сипаты балалардың жас ерекшеліктерін сай келуі, тіл мен әдебиет бағдарламаларының арасында байланыс болу керектігі баса айтылды. Мұндай талаптар негізінде 1936, 1938, 1958, 1967 жылдар аралығында қазақ тілі бағдарламалары қайта жасалды.

1923 жылы 8-қарашада Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар жасау мәселесін жүктеді.

Оқу жоспары мен бағдарламалары жасалмас бұрын оқулықтар жазыла бастады. Бағдарламасыз жазылған оқулықтардың мазмұнында, көлемінде оқу материалдарын тақырыптарға бөлуде бірсыпыра кемшіліктер болды.

Қазақ АКСР Халық Комиссариаты бағдарламалар жасау, әдістемелік құралдар жазу мәселелерін 1922 жылы маусым айынан қолға алды.

1930 жылдары V-VII сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасы жасалғанымен, бұлардың 13-15 жастағы балалардың ұғымына өте ауыр болғаны байқалды.

1936 жылы 23 тамызда Қазақ КСР Халық Комиссариаты Қ. Жұбанов жасаған қазақ тілінің V-VII сыныптарға арналған бағдарламасының жобасын бекітті.

1939 жылы белгілі тіл маманы С. Жиенбаевтың, 1940 жылы Ғ. Бегалиевтің редакциясымен қазақ тілі бағдарламасы басылып шықты.

1950 жылы «Правда» газетінде болған лингвистикалық айтыс тіл білімінің дамуына орасан зор пайдасын тигізді. 1950 жылдан бастап қазақ тілі бағдарламасы жаңадан жасалды. V-VII сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасын жетілдіру жөнінде бірсыпыра шаралар белгіленді.

1959 жылы 18 қарашада Қазақ КСР Оқу министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесінде қазақ тілі бағдарламасы талқыланды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жақсарту жөнінде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1957 жылы 22 мамырда «Республика мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жақсарту туралы» қаулы жарияланды. Осы қаулы негізінде Қазақ КСР Оқу министрлігі 1957 жылы 28 маусымда «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жақсарту туралы» бұйрықты қабылдап, нақты шаралар белгіледі. Қаулыға орай Алматы қаласында 1957 жылы тамызда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық кеңесі шақырылды.

1960-1970 жылдар арасына қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа кезеңге аяқ басты.

Қазақ тілі бағдарламасының жаңа сатыға көтерілуі 1967 жылдан басталды. Өйткені мектепті өмір талабына сай қайта құру оқытудың жаңа мазмұнына көшуге тікелей байланысты болды. Әсіресе, ғылым мен техниканың зор қарқынмен дамуына байланысты өзгерістер қазақ тілі оқулығы мен бағдарламасында орын алуға тиіс болды. Сөйтіп оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларды қайта құрастыру, жетілдіру міндеті қойылды. Қазақ тілі пәнінің ғылыми техникалық дәрежесін көтеру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді.

1967 жылы жаңа бағдарламалар мен оқулықтар жасау мәселесі қолға алынып, бақылау, эксперимент жұмыстары жүргізіле бастады. 1966-1967 оқу жылдарындағы қазақ тілінің жаңа бағдарламасы жасалып, ол 1967 жылы Қазақ КСР Оқу министрлігінің коллегиясында бекітілді.

1967 жылы құрастырылған, қазақ тілі бағдарламасын шоли келе, мынадай қорытынды шығаруға болады: а) тура - сатылы принцип бойынша оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, оқу материалдары тиімді жүйеленіп, әр сыныпта тілдік объектілерді саралап беруге мүмкіндік болды. ; ә) оқушыларға қазақ тілінен берілетін теориялық білім мен практикалық дағдының мазмұны мен көлемін анықтауға мүмкіндік жасалды.

Қазақ тілінің бағдарламасы мен жаңа оқулықтарын жақсарту жөнінде 1972 жылы Қазақ КСР Оқу министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғалымдар ғылыми зертеу институтының біріккен ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Осы талқылауға 200-ден астам мамандар мен ғалымдар, мұғалімдер қатысты.

СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы «жастардың жаппай орта білім алуына көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту» туралы қаулысы және 1973 жылғы 19 шілдеде КСР Одағының және Одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заң негіздері бекітілді. Мектепке үкімет тарапынан баса назар аударылуына байланысты мектептердің қоғамдық мәні артып, жұмыс сапасы жақсарды.

1976-1977 оқу жылдарында республикамызда білім берудің жаңа жүйесіне көшуді аяқтауда, жастарға жаппай білім беруді жүзеге асыруда мектеп өмірінде түбегейлі өзгерістер болып жатты. Әсіресе, әдістемелік құралдар жазылып, дидактикалық материалдармен, үлестірме карточка, диафильмдермен молықты.

1978 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесі «Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру туралы» қаулы алды.

Қазақ КСР Оқу министрлігі осы қаулы негізінде 8 жылдық және орта мектептердің IV-X сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиетінің және орыс сыныптарындағы қазақ тілі бағдарламаларына өзгерістер енгізді.

1967-1978 жылдар арасында оқу-ағарту саласындағы осындай өзгерістердің бәрі де қазақ тілінің бағдарламасы мен оқулықтарының ғылыми жағынан да, әдістемелік құрылымы жағынан да дамуына игі әсерін тигізді.

1980 жылы орыс тілінің үлгі бағдарламасы жасалды. Ол жұртшылықтан қолдау тауып, қазақ тілінің IV-VIII сыныптарға арналған үлгі бағдарламасын жасауға септігін тигізді.

Қазақ тілінің үлгі бағдарламасының бұрынғы қолданып жүрген бағдарламадан бірсыпыра айырмашылықтары болды. Мысалы бұрынғы бағдарламада пән аралық байланысқа көңіл бөлінбейтін болса, кейінгі бағдарламада қазақ тілін тарих, әдебиет, математика т. б. пәндермен байланыстыру көрсетілді. Сондай-ақ оқушылардың қазақ тілінен алатын білім мен дағдылар әр сынып бойынша нақты белгіленіп, бағдарламада баға қою нормалары, әдістемелік әдебиеттер тізімі де берілді.

СОКП Орталық Комитетінің сәуір (1984) пленумы мен он бірінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында мақұлданған «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттары» атты қаулысында белгіленген орта білім жүйесіне сәйкес жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің V-IX сыныптарына арналып қазақ тілі бағдарламасы жасалды. Онда қазақ тілінің мазмұны, мақсаты, міндеті, құрылысы анықталып жүйеленді.

Қазақ тілі бағдарламасының материалдарының орналасу тәртібі, әрбір бөлімнің, сыныптың бір-бірімен байланысы, теориялық материалдардан, орфографиялық, пунктуациялық материалдардан білім беру дағдылары сараланып көрсетілді.

Қазақ тілі бағдарламасы ғылыми принцип негізінде құрастырылды. Онда әрбір сыныпта өтілетін оқу материалдарының бір жылдық көлемі белгіленді. Қамтылған материалдар теориялық, практикалық әрі әдістемелік жағынан тексерілді. Материалды іріктегенде әр сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері, қабілет дәрежелері ескеріліп отырылды.

Бағдарламаға енген оқу материалдары оқушылардың ғылым саласынан мәлімет алуын, ақыл-ойын, ой-өрісін дамытумен бірге, оларды шынайы саналылыққа тәрбиелеу көзделді. Сондай-ақ қазақ тілі пәнінің әрбір саласын бір-бірімен байланысты (лексика, грамматика, фонетика) қарай отырып, оқушылардың қазақ тілінде шебер сөйлей білу дағдысын қалыптастыру мақсат етілді.

«Бағдарлама», «Түсінік хат», «Пәнаралық байланыс», «Тіл мәдениеті», «Тіл ұстарту», «Оқушылардың іскерлік дағдыларын дамыту», «Бағалау нормалары» және «Мұғалімдер пайдаланатын әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттер тізімі» деген бөлімдерден құралады.

«Түсінік хатта» қазақ тілі курсының негізгі мақсаттары міндеттері атап көрсетілді.

Бағдарламаға жаңадан «Тіл мәдениеті» деген бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің берілу себебі қазір мектеп реформасының талаптары - оқушыны дұрыс сөйлей білуге, қазақтың әдеби тілінің нормаларын сақтап сөйлеуге дағды беру. Бағдарламада «Пәнаралық байланыс» бөліміне ерекше мән берілді. Оны берудегі мақсат - пәнаралық байланыс арқылы бір ғылымның заңдылығын айқын, дәл білу үшін, екінші бір ғылым (пән) саласындағы жаңа құбылысты ашуға, салыстыруға мүмкіндік туады. Оқушы пәнаралық байланыс арқылы түрлі оқу пәндерінің негізін меңгерумен қатар кітаппен, түрлі әдеби анықтамалар, сөздіктермен жұмыс істеуге жаттығады.

Бағдарламада «Тіл ұстарту» айрықша көңіл бөлініп, әр сынып материалдарының соңынан «Тіл ұстарту» бөлімі беріліп, оған арнайы сағат бөлінді.

Бағдарламаның ең күрделі бөлімі - «Оқушыларға қажетті білім мен іскерлік дағдыны қалыптастыру». Бұл тақырып та әр сынып материалдарының соңынан беріліп отырды.

Бағдарламаға арнайы «Бағалау нормалары» деген бөлім енгізілді. Оқушының алған білімінің сапасын, материалды қалай меңгергенін байқап, тексерудің, оны орынды дұрыс бағалаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Демек, бағдарламада оқу жылының басында соңында, әрбір оқу тоқсанында қазақ тілінен жүргізілетін бақылау және сөздік диктанттарының нормасы белгіленеді.

Бұл бағдарламалар негізінде жасалған оқулықтар талай мыңдаған оқушылардың білімінің қайнар көзі болған.

1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Мемлекетіміздің әлемдік аренаға көтерілуі білім жүйесінің мазмұнын да қайта қарауды талап етті.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің басқаруымен жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдары кешенін дайындау қолға алынды. /18; 30/

Оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар жасамас бұрын 1998 жылы мектепте білім берудің мемлекеттік жаңа стандарты жасалды. Аталған білім беру құжатына негізделіп, әр пән бойынша оқу бағдарламалары жүйеленді. /19; 1/

1999 жылы қазақ тілі пәні бойынша жаңа бағдарлама жасалды. Қазақ тілі бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандартына сай және тіл білімі мен педагогика, психология ғылымының жетістіктері мен жаңалықтарына сүйене отырып жасалды.

Жаңа бағдарламада: «Жас ұрпақ «Қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін; теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімдік қызметін, жалпы адамзат жинаған тарихи - мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін - өзі тану мен өзгені танудың бірден - бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды», - делінген. /17; 13/

Оқулық - білім берудің фундаменті, себебі оқулық оқушы дүниетанымы мен білім, білік дағдысын қалыптастырып қана қоймай, ертең сол қоғамды жаңартушы, еңбек етуші жасампаз ұрпақ тәрбиелеп шығарады. Ал оқушыны сапалы әрі қажетті білім, білік дағдымен қаруландыру сапалы оқу жүйесіне келіп тіреледі. Оқудың, оқытудың нәтижелі, сапалы болуы ең алдымен оқулықтың құрылымдық, мазмұндық сапасымен байланысты. Осының негізінде, мектептерде білім сапасын жақсарту мақсатында білім берудің мемлекеттік жаңа стандартына сай, жаңа буын оқулықтар басылып шықты. Жаңа буын оқулықтары заман талабына, жас ұрпақ сұранысына, білім деңгейіне және жас ерекшелігіне сай жасалды.

Оқулық білімнің негізі болғандықтан, оның қоғамдалатын орны, қажеттілігі бәрімізге де белгілі. Ұлы педагог К. Д. Ушинский оқулықты «Жалпы білімнің фундаменті» деп атаған. Сондықтан оқулық мәселесі жалпыхалықтық ділгір қажеттіліктердің бірі, әрі ұлттық мәселе болып табылады. /20; 18/

Мұхтар Әуезовтың «бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзін жалпы тәрбие мәселесіне арнасақ, «оқулықты - мектеп бесігі» деп санауға болар еді. Себебі оқулық - оқушы дүниетанымы мен білім, білік дағдысын қалыптастырып қана қоймай, ертең сол қоғамды жаңартушы, еңбек етуші жасампаз ұрпақты тәрбиелеп шығарады. Сонымен жаңа буынды тәрбиелеу мен оқыту мектеп табалдырығынан басталып арнайы орта және жоғары оқу орындарында жалғасады. Соның негізінде бүгінгі оқушы - ертеңгі студент, ертеңгі студент - болашақтағы маман, елді өркениетке жеткізуші болып өсе береді және Абай айтқандай «бір кірпіш тәрізді дүниеде кетігін тауып қаланушы» қажет. Ал ол үшін бүгінгі оқушыны сапалы әрі қажетті біліммен, білікпен, дағдымен қаруландыру керек. Бұл мәселе айланып келгенде сапалы оқу жүйесіне келіп тіреледі. Ал оқудың сапалы болуы оқулыққа байланысты екендігі айтпаса да түсінікті.

1997 жылдан бастап, Үкімет тарапынан Қазақстандық жаңа мектеп үлгісін енгізу қолға алынды. Бұл мәселе мектептің оқу процесіндегі оқу әдістемелік материалдарын түбегейлі жаңарту міндетін тудырды. Осыған байланысты жас ұрпаққа арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдары кешенін дайындап бастырып шығарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы жасалды. /18; 31/

Жаңа оқулықтар мен оқу әдістемелік кешенін кезеңдеп енгізу көзделді.

І Бастауыш сыныптары (1 - 4)

  1. сынып 1997 жылы
  2. сынып 1998 жылы
  3. сынып 1999 жылы
  4. сынып 2000 жылы

ІІ Негізгі мектеп (5 -9)

  1. сынып 2001 жылы
  2. сынып 2002 жылы
  3. сынып 2003 жылы
  4. сынып 2004 жылы
  5. сынып 2005 жылы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Қазақ тілі сабағы
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
Шағын комплектілі мектепте оқытудың қазіргі жайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz