Қазақстанның халықаралық жағдайының нығаюы және қарым қатынастағы ролінің артуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3-4

І. Қазақстанның тәуелсіздік алуы және халықаралық қатынастар субъектісіне айналуы . . . 8

1. 1. Қазақстанның әлемнің ірі елдері мен халықаралық ұйымдарға танылу үрдісі . . . 8-19

1. 2. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастардағы бастамалары,

көпвекторлы саясат . . . 19-31

ІІ. Қазақстанның халықаралық жағдайының нығаюы және қарым

қатынастағы ролінің артуы . . . 32

2. 1 Қазақстанның сыртқы саясаттағы бастамалары және

оның нәтижелері . . . 32-36

2. 2 Қазақстанның қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынас жүйесіндегі

орны . . . 37-47

Қорытынды . . . 48-56

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 57-59

Қосымшалар . . . 60-71

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Орталық Азия немесе Кіндік Азияда орналасқан ел, оның халықаралық қатынасқа араласуы тарихы, даму жолдары қызықты тақырып боп табылады.

Орталық Азия елдері саяси тарихында оның халықаралық қарым-қатынастар деңгейіндегі алатын орны, шет мемлекеттердің осы бір оларға беймәлім “терра инкогнита” болып келген “стандарға” қызығушылық танытуы, өзінің экономикалық, әскери ықпалын жүргізуге тырысушылығы ал аймақтың жаңадан қалыптасқан геосаяси жағдайға бейімделу мақсатында түрлі аймақтық ұйымдармен қызметтес болуы, бірқатар аймақтық ұйымдардың құрылтайшылары санатында болуы мәселелері қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі боп табылады. Аймақтағы елдердің бірыңғай саяси ұстанымдарымен қатар өзіндік сыртқы саясат векторларының болуы аймақтағы өзара қатынас пен сыртқы дүниемен байланыс мәселелерінің күрделігін байқатады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізі көпвекторлы принцип болып табылатыны белгілі. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Көпвекторлық принцип дегеніміз бейбіт жағдайында біздің еліміз үшін іс жүзінде дүниежүзілік маңызы бар елеулі рөл атқаратын барлық елдермен достық қарым-қатынастары мен қызығушылықтарының дамуы Қазақстан өзінің геосаяси және экономикалық потенциалының негізінде тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалуға құқығы жоқ, ол деген сөз тек қана біздің көпұлтты халқымызға және дүниежүзілік қауымдастыққа түсініксіз болып қалған болар еді. Сондықтан Қазақстан болашағы-Азияда, Еуропада, Шығыс пен Батыста», - деген еді. [1] “Европаға жол “бағдарламасының қабылдануы және еліміздің 2009 жылдан бастап Европадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымына төрағалық ету мүмкіндігіне ие болуы Орталық Азия елдерін әлемдік саясатқа тартылған аймаққа айналдырады. Кавказдағы 2008 жылдың тамызынан кейінгі саяси- әскери дағдарыстың Орталық Азия елдеріне де зор әсер етіп, оның сыртқы саясат бағытына өз түзетулерін енгізді. Қазақстан Орта Азия аймағындағы күштердің қазіргі балансы дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты, АҚШ-тың пайдасынан Ресей жағына ауып келеді десе де болады өйткені Қырғыз үкіметінің “Манастағы”америкалық әскери базаны жабу туралы шешімі осыны айғақтады, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының қарулы күштерінің құрылуы оған Қазақстанның белсенді қатысуы бұл тұжырымды бекіте түседі. Сондықтан да аймақтағы ішкі және сыртқы қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайту, елдердегі әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолайлы сыртқы жағдайды сақтау, аймақтық интеграцияны ынталандыру мен дамыту және әлемдік экономикаға бірігуіміздің қарқынын күшейтудегі халықаралық ұйымдардың роліне мәселелеріне ерекше назар аудардық. Халықаралық ұйымдардың Орталық Азия елдеріндегі жағымды позитивті ықпалы бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтықты тұрақты дамуды қамтамасыз ететін басты фактордың бірі боп табылады.

Бүгінгі күнде Орталық Азияның энергия ресурстары мен транзиттік жағдайы ауған проблемасының шешімін таппауы мәселелері бұл аймақтағы Халықаралық ұйымдардың маңызын арттырып отыр сондықтан бұл мәселеге ерекше назар аударылды. Орталық Азия елдерінің өзара қарым-қатынасындағы халықаралық ұйымдардың ролі мен көпжақты дипломатиясы саласындағы іс-қимылдарына кең ауқымды сипаттама беру өзекті болып табылады. Кеңес елдерінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан тәуелсіз елге айналғанымен бастапқы кезеңде экономикалық - әлеуметтік саяси дамуында зор қыйындықтарға тап болды. Қазақстан Одақтас республикалар ішіндегі ең бір ұлтаралық қатынастары шиеленісуге бейім, жергілікті халықтың үлес салмағы небары 42 пайызды құрады. «Орыстілділер» деп аталатын халықтың негізін құраған славян тектілер Қазақстанның КСРО-дан бөлінуін қаламағаны айқын еді. 1991 жылғы тамыз бүлігіне дейінгі уақытта Қазақстанның тәуелсіздігі мәселесін батыл қойып, балтық елдеріндей кең ауқымды қозғалыстар Қазақстанда құрала қойған жоқ еді. Керсінші Қазақстанда әртүрлі сепаратистік бағыттағы ұйымдар өз белсенділігі күшейді. Олар Оралда 1991, Көкшетауда өзінің арандатушылық әрекеттерін жасап, қазақ ұлтшыл ұйымдарының қарсылығын тудырды. Биліктен ауып бара жатқан КСРО-ның президенті М. Горбачев «Известия» газетінде Солтүстік Қазақстанның жерлері Қазақстанғазаңсыз берілген деген мәлімдеме жасап, түрлі имперлік пиғылдарға май құйғандай болды. Оның бір мезгілде «Ресейдің көсегесін қалай көгертеміз» деген аты шулы мақаласынан кейін Қазақстандағы ішкі саяси жағдай өте шиеленісті күйге жеткен еді. 1991 жылдың қараша айында имперлік бағыттағы «Единство» негізінде «Алаш», «Желтоқсан», сияқты ұлттық демократиялық қозғалыстарға қарсылас күш ретінде А. Докучаевтің «Партия демократического прогресса деп аталатын ұйымы құрылды. Қалыптасқан жағдайда ресми Қазақстан басшылығы ақырғы сәтке дейін, тіпті КСРО өзі құлағанға шейін отыра беруге мәжбүр болды. Беловеж нуындағы үшеудің келісімі ғана Қазақстанның тәуелсіздік жариялауына қолайлы саяси жағдай тудырды.

Ресей өзімен өзі әуре жағдайында аймақтағы тұрақтылыққа зор қауіп туды екінші жағынан Ресей сепаратистік ұйымдарға жеткілікті қолдау білдіруге мұршасы болмауы тәуелсіздік процесінің Қазақстанда біршама біркелкі бейбіт түрде жүзеге асуына мүмкіндік тудырды. Қазақтардың өзінің ұлттық менталдық қасиеттері де осы кезде жақсы көріндіі және позитивті роль атқарды. Территориясы мен ресурстары жөнінен КСРО-ғы екінші ел болған Қазақстанның саяси әлем картасында пайда болуы әлем жұртшылығы үшін тосын жағдай еді. Олардың көпшілігі Қазақстанды көршілес әрі таяу жатқан Ауғаныстаннан, Пәкістаннан айыра бермеді және бізді сол қатарлы елдер деп ұғынды. Сол себепті де қалыптасқан жағдай бұл аймақтың халықаралық беделді ұйымдарға тартылуын мемлекет пен қоғамдық институттардың жоғарғы институциналды формаларын енгізуді талап етті. Сондай-ақ әлемнің алпауыт мемлекеттерінің энергоресурстар үшін аймақты талан-таражға салу қаупі де аймақтағы елдердің өзара ынтымақтасуына өзіндік халықаралық бастамалар көтеруіне ықпал етті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық зерттеу жұмысының тарихнамалық тамыры тақырыпқа қатысты Қазақстан егеменді ел болып, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі бола бастаған уақыттан бастап оны анықтайтын заңдылық нормативті құжаттар мазмұнына сүйенуден басталады сондай-ақ мерзімдік баспасөз материалдары, түрлі аналитикалық орталық материалдары мол мәліметтер алуға болады.

Аталған зерттеу жұмысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде жаңашыл да жігерлі қызметінің бүкіл дипломатиялық қауым іс-қимылының бір арнада тоғысқан қажыр-қайратының көрінісі болып табылатын сыртқы саясат саласындағы жарқын жетістіктеріне арналған дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, сондай-ақ «Тарих толқынында», «ХХІ-ғасыр табалдырығында», «Қазақстан мемлекетінің тәуелсіз болып құрылуы», «Қазақстандық жол» т. б с. с тарихи еңбектерінде [2] айтылған мемлекеттің сыртқы саясатына арналған стратегиялық бағдарламалары мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Атап айтқанда көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі, қазірде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарып келе жатқан дипломат Қ. Тоқаевтың жеке еңбектері [3] баспасөз бетіндегі мақалалары [4] қазіргі таңдағы республиканың сыртқы істер министрі, қоғам қайраткері М. Тәжин мырзаның баспасөз бетіндегі жарияланған материалдары [5] дипломдық жұмыстың арқауы болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттарды сипаттайтын, стратегиялық әріптестердің мәселелері, халықаралық ұйымдардағы республикамыздың орны мен рөлі, Елбасының стратегиялық бағыттағы интеграциялық ұсыныстары, шет елдермен ынтымақтастық қадамдары туралы баспасөздегі С. Абдулпатаветың [6], Әбілдаевтың [7], С. Әліпбайдың [8], Қ. Бораштың [9], С. Борбасовтың [10], К. Байзаковтың, Р. Жұматаевтың [11], Е. Кәпқызы [12], М. Кәрібай [13], Ә. Құланбай [14], Ә. Нысанбаевтың [15], Қ. Оразбекұлының [16], Н. Райханұлының [17], М. Төлепберген [18], Р. Қалиевалардың [19], Б. Сұлтанов [20], С. Абдрахмановтың [21] еңбектері сарапталынды Саясат, Ақиқат, Эхо планеты, Континент журналдары мен Егемен Қазақстан т. б мерзімдік баспасөз материалдары пайдаланылды. . Осы материалдар зерттеуімізге ғылыми тұрғыдан тұжырымдама жасауымызға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы және халықаралық қатынастар субъектісіне айналуы процесін қарастыру. Еліміздің әлемнің ірі елдері мен халықаралық ұйымдарға танылу үрдісін талдау, Қазақстанның сыртқы саяси қатынастардағы бастамалары мен оның нәтижелерін зерделеу, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынас жүйесіндегі орнын айқындау болып табылады.

Аталған тақырыптың өзектілігі аймақтағы мемлекеттердің дүние жүзілік саясаттың бел ортасында болатын заманның тууы нәтижесінде олардың өзара қатынастары және халықаралық ұйымдармен, алпауыт мемлекеттермен қарым- қатынасы өте үлкен маңызға ие.

Қазақстанның болашағы Азия мен де, Еуропамен де, Шығыспен де мұсылман әлемімен, Батыспен де байланысты. Аймақтағы елдердің бүкіл әлемге өзінше бір халықаралық қатынас субъектісі ретінде танылуы және ол өздерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дүние жүзіндегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы, байланыс орнатуының алғышарттары, себеп-салдарын да мейлінше сипаттау да жұмыстың маңызды мақсаттарына жатады.

Жұмыстың міндеттері. Зерттеудің алға қойған басым мақсаттарын шешу үшін мынадай міндеттер нысанаға алынды:

  • Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтап сипаттама беру;
  • Қазақстанның әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты саясатының өзіндік ерекшеліктерін ашу;
  • Қазақстанның ТМД мемлекеттері арасындағы рөлін ашып көрсету;
  • Қазақстаның әлемдегі беделді халықаралық ұйымдармен байланыс (БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, МЕК) нәтижелерін, болашағын көрсету;
  • Қазақстанның Европа және АҚШ -пен қарым - қатынастарын саралау.
  • Қазақстанның мұсылман елдерімен және басқа елдермен байланыстарын көрсету.

Жұмыстың методологиялық негізі. Дипломдық зерттеу жұмысын дайындау кезінде ғылыми таным әдісінің тарихилық, жүйелілік, объективтілік және логикалық принциптері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізін анықтағанда біз зерттелініп отырған тарихи кезеңде мүмкіндігінше объективті тұрғыда айқындауға бағытталған жаңа тарихи көзқарас негізінде жазылған Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекетіміздің сыртқы істер саласына жауапты лауазымды мемлекеттік шенеуніктер Қ. Тоқаев, М. Тәжин мырзалардың еңбектері мен ой-байламдарына сүйшін тағылымы анықталынды. Тарихилық принципке сүйену нәтижесінде қоғам, саясат, идеология мәселелерінің сабақтастығы, ішкі бірлігі мен байланысы талдауға түсті.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері және қамтыған территориясы Зерттеу жұмысы Қазақстанның тәуелсіздік алған 1991 жылынан басталады, себебі сол уақыттан бастап еліміз егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болды. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан егеменді Республика ретіндегі халықаралық қатынастары алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысын дайындау барысында Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына оның сындарлы сыртқы саясатының басым бағыттарының барысы, нәтижелері, перспективалары туралы көпшілікке арналған баспасөз материалдары ғылыми айналымға түсірілді. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты авторлардың жарияланған еңбектеріне талдау жасалынды. Мүмкіндігімізше аталған мәселенің толықтырылуына, қордалануына үлес қостық деп есептейміз.

Зерттеудің қолданбалық маңызы. Ғылыми зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген ой-тұжырымдамаларымыз отандық аймақтық халықаралық қатынастар тарихына қызығушылық білдіретін тұлғалар үшін көмек-септігін тигізер деп ойлаймыз. Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыруға, өз ұлтының өткен тарихына құрметпен қарауға, тәрбиелеуге қажетті насихат шараларына көмекші құрал және мәлімет ретінде септігі тиеді. Сонымен бірге зерттеушілердің алдағы уақыттарда жазылатын сан ізденістерге арқау болар деген ниеттеміз.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы. Дипломдық жұмыстың негізгі мәселелері мен мазмұны Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, тарих факультеті «Жалпы тарих және Пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының 2009 жылы 12 қаңтардағы мәжілісіндегі (хаттама № 6 ) талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу дипломдық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, оның төрт бөлімшесінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

І. Қазақстанның тәуелсіздік алуы және халықаралық қатынастар субъектісіне айналуы.

  1. Қазақстанның әлемнің ірі елдері мен халықаралық ұйымдарға

танылу үрдісі.

Қазақстанның 1991 жылдың соңынан бастап тәуелсіздік алуы мен БҰҰ халықаралық қауымдастықтың мүшелігіне қабылданғаннан бастап халықаралық қатынастар жүйесінің тұрақты өкіліне айналды.

1991 жылғы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы декларация жариялады, сейтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа және экономикаға дербес енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардә тоғыз шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. 1992 жылы қаңтардың 23-інде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі өзінің мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдауға ұсынатын қарауды мақұлдады.

Өзінің геосаяси орны жағынан екі алып держава - Ресей және Қытайдың арасында орналасқандықтан Қазақстан осы елдермен қатынастық жаңа бағыттарын айқындау, шекаралардың бұзылмайтындығын мойындап, оны құжаттар арқылы бекітуді басты назарда ұстады. Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында қаржылық автономияға қол жеткізе берген кезде Ресей республикаға байкот жариялай бастады. Бір айдан кейін республика өнеркәсібінің көптеген шешуші салалары тоқтай бастаған соң, екі көрші ел қаржы және сауда саясатын толық келісіп жүргізуге бағытталған келісімге қол қойды. Осыған қарамастан, Қазақстан Ресейден тәуелсіз экономикалық саясат жүргізуге тырысты, сөйтіп мұнайдың бұрын зерттелген кен орындарынан гөрі (Ресейдің «ортақ мүддені бөлісеміз» деген талабынан дербес болу үшін) жаңа кен орындарын барлау және құқын сатуға кірісті. 1992 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отыз адамнан тұрды. Қәсіби дипломаттардың көбісі бұрынырақ КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген болатын. Республикамыз өз дипломаттарының санын көбейту мақсатында Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің академиясына жастарды жіберуді ойластырды. Кейінгі кезде Қазақстанның өзінде дипломаттар даяр-лайтын арнаулы жоғарьі оқу орындарын ашуға көңіл бөлініп отыр. 1994 жылдың желтоқсан айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстанның шекарасының мызғымайтындығы және оған қарсы - ядролық қаруды қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды.

1991 жылғы желтоқс'анда Қытай Халық Распубликасы мен Қазақстан Рес-публикасының үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикзлық келісімін жасадьі, ол бес жыл мерзімге күшінде болады. Ал, 1992 жылғы әқпанда Қазақстан Қытай үкіметаралық мазмундамасына қол қойылды. Онда азаматтық авиация, теміржол және әвтомобиль транспорты, экономика, сауда, ғьілым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастықты жолға қойып, дамытуды көздеді. Тауар несиесі туралы келісім бойынша, Қазақстан 1993-1995-ші жылдары Қытайдан 30 миллион юанға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алады. Бірқатар қүжаттар елшілік мәселелерге, шекарадан өткізу пункттерін ашуға, Қытай мен Қазақстан азаматтарының өзара сапарларына арналды. Сонымен қатар Қазақстан тер-риториясында Қьітай дүкендерінің жүйесін ашу көзделді. Соңғы жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-эконо-микалық қатынастар дамып отыр. Мүнда 1992 жылдың сәуір айынан бастап теміржол қатынасы орнатылды.

1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытай өзара өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды.

Сол жылы қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Пекинде болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел арасында дилломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтпек. Екі ел шекараға жақын жердегі әскери күштерді азайтуға ұмтылатындықтарын атап өтті. Лобнор полигонындағы жарылыстың Қазақстанға әсері жөнінде де айтылды, экономикалық проблемаларды шешуде өзара тығыз байланыс көзделді. Азияда коллективтік қауіпсіздік сақтау» үшін күресу қажеттігі де алға қойылды.

Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.

Монғолия мемлекетінің батыс бөлігін мекендеген, қазақтар тұратын Баян Өлгей аймағымен Қазақстанның әуе жолымен тікелей байланыс орнатылды: аптасына екі рет Баян Өлгей - Өскемен - Алматы рейсі ұшады. Теледидар, телефон арқылы байланыс нығайды. 1994 жылы бұл өлкенің үш мыңдай жастары Қазақстанның түрлі оқу орындарында оқып, білім алуда.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтің 1990 жылғы қарашадағы Корея реслубликасының астанасы Сеулге сапарынан кейін екі ел арасында 1992 жылғы қаңтарда толық дипломатиялық қатынас орнатылды. Кореяның «Сам-сунг» фирмасы Қарағандыда тоңазытқыштар шығаруға кірісті.

Өндіріс жағынан барлық дамыған елдердің экономикасы шетел инвести-циялары негізінде қалыптасты. Қазақстанның экономикасы тұрақтылықпен дамуы үшін шетел капиталын инвестициялар түрінде ғана емес, сонымен қатар инвестицияларды осы замандық технологиялар, өнім өндіру мен қызмет көрсетуді дүниежүзілік стандарттар дәрежесінде жолға қою мақсатында басқару мен маркетинг жөніндегі тәжірибе түрінде де тарту қажет болып отыр. Бүұан Қазақстанда алғышарттар бар, олар: шикізаттық бай ресурстар, энергия көздері, едәуір өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мүмкіндіктері. Бұл іс 1991 жылғы шілдеде республика парламенті ұсақ кәсіпорындарды жекешелендіру туралы заң қабылдаған сондай-ақ Қазақстан есігі шетел капиталына ашылды. Маңғыстау мұнай өңдеу зауыты құрылысьіның жобасы дайындалып, қазір онда үш жапон компаниясының концорциумы өз жұмысын бастады. Құрылыс жобасын қаржымен толық қамтамасыз етуді Жапонияның «Эксимбанк» банкісі өз мойнына алды. 1994 жылғы шілде айында Жапонияның «ІТОСНИ» фирмасы Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехының құрылысын бастау жөніндегі шартқа қол қойды.

Үндістан мен Қазақстанның дипломатиялық және экономикалық қатынас-тарын дамытуда республикамыздың Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылғы ақпан айындағы ресми сапары сәтті болды. Екі ел басшылары Азияда қауіпсіздікті нығайту үшін күресу қажеттігін көрсетті. Сол сапарда Пәкстанмен бес құжатқа қол қойылып, ол ел Қазақстанға еркін несие - 45 миллион доллар көмегін де беруге келісті. Бұл сатып алу үшін жұмсалады.

Қазақстан-Пәкстан арасындағы ынтымақтастық принциптері туралы декла-рацияның негізіне Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелері мен мақсаттары, аймақтағы және планетадағы бейбітшілікті сақтап, құқылы қарым-қатынас құруға деген ұмтылыс алынды. Келісуші жақтар бір-бірінің тәуелсіздігін және

4 территориялық тұтастығын құрметтеуге, ішкі іст Штаттары, Канада және Батыс Еуропадағы дамыған капиталистік елдермен дипломатиялық және эко-номикалық қатынасын дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Прези-дент Назарбаевтың АҚШ-қа барған сапары барысында Президент ДЖ. Буш екеуі үш келісімге қол қойды, бұл келісімдер сауда, экономика және инвес-тициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшін құқылық негіз қалады.

Сондай-ақ ОПИК (инвестицияларды қорғау жөніндегі кепілдіктер) бойынша да келісімге және таяу арада салықтар туралы, келісім жасау жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Президент Назарбаев Халықаралық валюта қорының, Бүкіл дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының басшыларымен кездесіп, Қазақстанның осы ұйымдардағы мүшелігін растады, бұл республикадағы қаржы иеленуге, қаржы экономика мәселелері жөнінде кон-сультациялар алуына мүмкіндік береді. Американ «Шеврон» мұнай компани-ясы мен Теңіз және Королев кен орындарын бірлесіп игеру жөнінде арада төрт жылдық мерзімге құны 100 миллиард доллардың ғасыр келісіміне қол қойылды. Сол құнның 80 проценті Қазақстан қазынасына түсетін"болады.

Ірі мүнай объектілерінің біріне жататын өзен кеніші құрылысы басталды. Бүкіл дүниежүзілік банкінің негіздеуіне қарағанда оның құрылысы бір миллиард 300 миллион доллар тұрады. Канаданың «Лаволин» компаниясы Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысына көмек көрсетуге келісті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Компанияларды ішкі басқару
Халықаралық экономикалық жүйе
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз мәселесі
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Мемлекет туралы
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz