ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ . . . 6

1. 1. Нарық қатынасына көшу:мәселелері мен қиыншылықтары . . . 6

1. 2. Республика өнеркәсібі мен ауылшаруашылығының дамуындағы ахуал . . . 10

1. 3. Тәуелсіз елдің еркін валютасы . . . 15

2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ . . . 19

2. 1. Экономикалық жағдайдың талдау ерекшелігі . . . 19

2. 2. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері . . . 27

2. 3. Сыртқы саясаттағы экономикалық байланыс мәселелері . . . 39

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ . . . 43

3. 1 ҚР Президентінің 2010 жылғы халыққа жолдауы . . . 43

3. 2 Қазақстан Республикасының орта және ұзақ мерзімдік бағыты . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеу өзектілігі . Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениеттің көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спекторды қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады.

Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады. Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма, егер солай болса, онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды. Көптеген елдер тәуелсіздік алғаннан кейін де өзінің кедейшілігі мен артта қалушылығын еңсере алмағаны белгілі.

Мен бұл дипломдық жұмысымды Қазақстан экономикасының стратегиялық даму бағыттарына дамуына арнадым. Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік бағдарланған экономикаға қол жеткізуді мақсат етті.

Тәуелсіздік жылдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалық жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың бірнеше маңызды кезеңі болғаны байқалады.

Республикалардың егемендік шеруі барысында бұрынғы қалыптасқан шаруашылық байланыстарын сақтап қалу әрекетінен ештеңе шықпады. Қазақстанның алдынан өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикалық құрылым құрумен байланысты қиын проблема барынша бой көрсетті. Құрылымдық қайта құру сапасыз, бәсекеге қабілетсіз өнімдер шығаратын нарықтық экономика талаптарын қанағаттандырмайтын ескі және тиімсіз өндірісті тоқтатуды және жоюды, осы заманғы, әрі бәсеке қабілетті өндіріс пен қызмет түрлерін жедел дамытуды көздейді [1, 25] . Ал осы міндеттерді өз күшімізбен шешу қиын еді. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рынок қажет еткен өндіріс дамып, моральдық жағынан ескірген, технркалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек болды. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай руқымды ресурстарды қажет етті.

Экономикалық қатынастырды қайта құру жалғасып отырғаны анық және де ол жетілдіріле береді. Бірақ негізгі принципті мәселеде мақсатқа қол жетті - Қазақстанда мүлдем жаңа нарықтық экономика құрылды, оны әлем таныды. Дағдарыстан шығып, осындай жетістікке жетуде елімізде жүргізілген шаралар кешені екінші тарауда қарастырылды. 2000-2006 жылдардағы даму кезеңі транзиттік ретінде сипатталады. Еліміз ұзаққа созылған жүйелі дағдарыстан нарықтық реформалардың онжылдығына қарай тұрақты даму жолына шықты. Бірақ бұл жетістіктер оңайлықпен келмеді. Қазақстан жаңа тәуелсіз, әрі енді ғана қалыптасып келе жатқан рыноктардың бірі ретінде ғаламдық ауқымдағы көптеген проблемалармен бетпе-бет келді. Осыған орай, еліміздің сыртқы саясатын экономикаға бұру мәселелері алдыңғы орында тұрғандықтан, шет елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің ең басты міндеті ұлттық экономиканың дамуы мен оның жаңа жағдайларға бейімделуіне және инвестициялар тартуға жан-жақты үлес қосу болу табылды, табылады да. Еліміз өз алдына жеке отау тіккеннен кейінгі алғашқы жылдары өзара ынтымақтастығы бар мүмкіндіктер толық қамтылмағанымен, Қазақстан мен шет елдер арасындағы қатынастарда біраз іс жүзеге асып үлгерді. Сыртқы байланыстарды орнатуға және шетел инвестицияларын кең ауқымды тартуға бағыт ұстану экспортқа бағдарланған салаларды көтеріп, шикізат өрдіруді ұлғайтуға ғана емес, осымен бір мезгілде валюталық қорда толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның өтімділігін күшейтуге де мүмкіндік берді. Бүгінде Қазақстан дүние жүзіндегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызды орын алады, 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі он елдің қатарына кіреді [2, 2] .

Осынау жетістік экономиканы орнықты дамытуға бетбұрыс Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың заңды нәтижесі болып табылатыны айқын. Онда отын-энергетика ресурстары негізгі басымдылық деп, ал шетелдік инвестицияларды молынан тарту есебінен мұнай-газ секторын күрт дамыту - Қазақстан республикасы экономикалық дамуының басты қозғаушы күші деп жарияланды.

Зерттеу маңыздылығы: Екі ғасырдың түйіскен шағында егеменді Қазақстан мемлекетіне жаңа міндеттерді шешуге тура келді. Осы міндеттерді шешу жолдарын тұжырымдау мақсатында бірқатар қомақты еңбектер жарық көрді. Соның ішінде нарықтық экономикадағы өндіріс құрылымының дамуына арналған А. Дүйсенбаевтың еңбегін, С. Байтіленовтың ауыл шаруашылығындағы дағдарысқа арналған «Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы тоқырау» атты еңбегін, Қазақстандағы мемлекеттік сектордың қалыптасуының экономикалық табиғаты мен оның тиімділік шекаралары зерттелген А. Сахариевтің «Эффективность государственного сектора экономики» монографиясын ерекше атап өтуге болады.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Дәл қазір біз экономикалық процестердің тұралауы теориялық жинақтауларына, негіздеулерге сүйенген экономикалық және әлеуметтік зерттеулерге деген қажеттілікті қатты сезінудеміз [3, 3-4] . Бұл тұрғыда экономика ғылымдарының мамандары Р. Елемесов пен Ә. Әбішевтің «Экономикалық өсу және бәсеке» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл зерттеме экономикалық құбылыстарды тану негізіне прогрессивті түрде алға жылжудың баспалдағы қазметін атқаратын шынайы өмір сабақтарына теориялық тұрғыдан ой жүгірту болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жекешелендіру мен мемлекет меншігінен алу жолымен аралас экономиканың негізі қалануда. Бұл үрдіс қалай жүзеге асуда, қандай жағдайлар жеке проблемаға айналуда екендігі мәселе төңірегінде экономика ғылымдарының докторы Е. Жатқанбаевтың «Аралас экономика негіздері» еңбегінде тиянақты қарастырылған.

Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:

- өтпелі кезеңдегі қазақстан экономикасының даму жағдайларын ашу;

- қазіргі кезеңдегі қазақстан экономикасының жағдайына талдау жасау;

- Қазақстанның стратегиялық даму бағыттарын қарастыру.

Зерттеу әдістері: Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен нарық қатынасына көшу:мәселелері мен қиыншылықтары, Республика өнеркәсібі мен ауылшаруашылығының дамуындағы ахуал, тәуелсіз елдің еркін валютасы мәселелеріне де біраз талдау жасап кетуді жөн деп шештім.

Ғылыми жаңалығы: Сонымен қатар осы тұрғыда көптеген мақалалар жарық көрді. Елде жүргізілген экономикалық реформаларға қатысты Н. Күнхожаевтың, Ә. Ишаевтың, Ә. Елемесовтың, С. Сатыбалдинның, Т. Бияровтың, Ж. Күлекеевтің мақалалары жарияланды. Мемлекеттің реттеушілік рөлінің көрініс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе алды, нарықтық экономикалық қатынастар орнады[4, 7] . Осы тұрғыда мерзімді басылымдарды жарияланған М. Құлымжановтың, Е. Смайылдың, С. Еспаевтың мақалаларын атап өтуге болады. Сыртқы байланысты орнатып, шетел инвестицияларын тартуда жіберілген олқылықтар мен қол жеткен жетістіктерге экономика ғылымдарының докторы Нұрақым Райхан бірқатар мақалаларын жариялады.

Жұмысымды жазу барысында нақты мәліметтерді келтіруге көп назар аудардым. Сондықтан сандық көрсеткіштерді көрсету мақсатында статистикалық жинақтарға жүгініп, кесте түрінде, пайыздық үлгіде мәліметтер көрсеттім. Сонымен қатар ҚР Президенті мен Үкіметінің акт жинақтарын қолдандым.

Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасының даму жағдайлары, нарық қатынасына көшу:мәселелері мен қиыншылықтары, Республика өнеркәсібі мен ауылшаруашылығының дамуындағы ахуал, тәуелсіз елдің еркін валютасы қарастырылған.

Екінші бөлімде қазіргі кезеңдегі қазақстан экономикасының жағдайы, экономикалық жағдайдың талдау ерекшелігі, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері, сыртқы саясаттағы экономикалық байланыс мәселелеріне тоқталдық.

Үшінші бөлімде Қазақстанның стратегиялық даму бағыттары, ҚР Президентінің 2010 жылғы халыққа жолдауы, Қазақстан Республикасының орта және ұзақ мерзімдік бағыты қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

1 ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

  1. Нарық қатынасына көшу:мәселелері мен қиыншылықтары

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің жарығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген заңдар, реформаны жүзеге асыру қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және тағы басқалары. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.

Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.

Бірінші. Реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-айласы да толық анықталмады.

Екінші. Барлық елде бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», «Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қордың ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсіп, Ресейдің соңынан ерді. Ол Ресейден бөлек дербес экономикалық саясат жүргізу қиын деген желеумен жасалды.

Үшінші. Экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанға қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру өкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты.

Төртінші. Қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Реформаны жүзеге асыру үшін оған қажет механизмдерді жасау керек еді.

Бесінші. Инфляцияны (құнсыздандыруды) ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары пайызбен сатып, пайда табумен әуестенді.

Алтыншы. Қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейгені соншалық, ол қоғамның қатерлі ісік сияқты ең қауіпті ауруына айналды. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жасауда, қоғамды дұрыс дамытуда өздерінің кеселдерін тигізді.

Жетінші. Мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан бір-ақ жылға шығару саясаты жүргізілді. Бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Сондықтан мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Нарықтандырудың барысын, оның неден басталғанын, қалай басталғанын халық жете түсінбеді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 жылы мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті, оны көтеру мүмкін болмай қалды.

Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Ол жайында көп айтылды, көп жазылды. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел байып, бәрі де орнына келеді деп ойланды. Жекешелендіру барысында елімізге үш бағыттағы /шағын, жаппай және жеке жобамен/ кәсіпорындар құрылған. Ауылдағы жеке шаруа, басқа құрылымдар, сондай-ақ, қаладағы жеке және қауымдастық түріндегі кәсіпорындар саны есепке алынған. Алайда, осыған қарамастан, ең бастысы - мемлекет меншігіндегі мүлік инфлицияны дұрыс ескерумен сатылды ма, оның қандай бөлігі текке берілді, қандай бөлігі қанша пайдамен немесе зиянмен сатылды? Кейінгі мерзімде төлеуге берілген мүліктің мөлшері қандай? Жекешелендіруден не ұттық: өнімнің көлемі артты ма, баға арзандады ма, пайда көбейді ме? Бұл істегі нәтиже есептелген жоқ, талдау жасалған жоқ.

Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де /1991-1992 жылдары және 1993-1995 жылдары/ мүліктің үлкен талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық үшін берекесіздік тудырып, экономиканың күйреген, таяу жылдарда шыға алмайтын терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне, су тегін кеткен болып шықты. Сондықтан бұл жағдай үкіметпен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды керек етті. Тек осындай талдаудың қорытындысына сүйене отырып, үкіметке алдағы уақытта нендей істерді жүргізуді анықтау керек болды.

Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елднгі 7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. Бұдан басқа бағдарламада энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1995 жылдың қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз ақшасы - теңге енгізілді.

1994 жылы наурызда Президент Жарлығымен ауыл кәсіпорындарының өтей алмаған 2, 2 миллиард сомдық несиесінің мерзімі екі жылға ұзартылды. Бірақ сол жылдың сәуірінен бастап энергияға, энергия көздеріне баға жоғарылады. Осыдан келіп инфляция тағы өсті, деңгейі 1260 пайызға жетті [5, 2] .

Реформасының барысында Қазақстанда 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша - қаражат саласында да осындай түзіліс байқалды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында да оңға басушылық орын алды.

Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралдарының бірі - экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыратын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады.

Нәтижесінде 1994-1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы негізінен орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және құнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса разы етпеді.

Нарықтық экономикаға көшудегі жіберілген тағы бір қате - ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бұған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, түрлі тетіктерін білмейді деп есептелді. Осымен байланысты нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден және тағы басқа жерлерден шақырылды. Бірақ сол мемлекеттерден шақырылған экономист-кеңесшілер өз елінде, өз топырағында маман болғанмен, олар біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономистік дағдарыс капиталистік дағдарысқа тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы-тын. Екіншіден, ол елдерде баяғы заманнан тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикандан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Столыпин реформасынан, одан бері Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, олардың көпшілігі өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламаларда инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан ешнәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айтуға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14, 6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы - 48%, ал 1995 жылы - 45% жетті [6, 37] .

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтырды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.

1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан - 2030» - деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың немесе «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: ұлттық қауіпсіздікті сақтау, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту, нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру, энергетика ресурстарын жете пайдалану, инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту, демократиялық кәсіби мемлекетті құру [7, 2-3] .

Тек осы маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірді.

1. 2 Республика өнеркәсібі мен ауылшаруашылығының дамуындағы ахуал

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Қазақстан қаржы экономикасының дамуы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері
Нарықтық экономика туралы ақпарат
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz