ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
. . . 51. 1 Географиялық орны, жағдайы, шекарасы және жер бедері . . . 5
1. 2 Климаты мен гидрографиясы . . . 9
2 ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ . . . 18 2. 1 Ландшафт ғылымының даму тарихы . . . 18 2. 2 Еліміздің ландшафт картасының классификациялануы . . . 26
3 ЕЛІМІЗДЕГІ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯЛАНУЫ . . . 38 3. 1 Қазақстанның жазық аймақтарының ландшафтылары . . . 38 3. 2 Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтылары . . . 50 3. 3 Қазақстанның ландшафтылық аймақтары . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Зepттeyдiң өзeктiлiгi. Табиғатқа шыңдарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құңарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткікіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі. Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді. [1] Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898-1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады. Бұдан кейінгі кезде «ландшафт» ұғымын Л. С. Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л. С. Берг ландшафтыға кең мағына береді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман т. б. ) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақтарын да (Сарыарқа, Бетпақдала т. . б) ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді. [2] Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы біртекті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатынын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар мен қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі. Ландшафтылы ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүние жүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т. б. университеттердің ғалымдарымен Қазақстан ғалымдары ат салысты. Ландшафт картасын жасау мен зерттеулер қарқынды жүргізілді. [3]
Зepттeyдiң мaқcaты: - Еліміздегі ландшафт, ландшафтың классификациялануына шолу жасау; - Олардың ландшафт ғылымына қaтыcты зepттey жaзбa eңбeктepдeн opын aлyынa бaca нaзap ayдapy. Зерттеу міндеттері: - Ландшафтқа байланысты ақпарат көздеріне шолу; - Жиналған мәлімет негізінде талдап, сараптама жасау; - Зерттеу жұмысының түрін, әдіс-тәсілдерін анықтау. Тақырыптың нысаны. Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір-таластың, өзекті мәселелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафттанушы ғалымдардың 1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық кеңесі, 1965 жылы «Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу» проблемаларына арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар қазақстан ландшафты туралы зерттеулерді өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В. М. Чупахинді, М. Ш. Ишанқұловты, А. В. Чигаркинді, Г. В. Гельдиеваны, т. б. атауға болады. 70-80 жылдарда Қазақстандағы мындай зерттеулер «Ертіс-Қарағанды» каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді. Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафттық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Соңғы мәселе, республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық тарау заңдылықтарын айқындайтын олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады. [4] Зерттеу пәні: Ландшафттану . Ғылыми жaңaлығы: - eлiмiздiң ландшафттар жүйeci зepттeлiп, жеріміздің географиялық табиғат жaғдaйын бeйнeлeйтiн өшпec дepeк көзi ретінде қapacтыpылады; - Қазақстан Республикамызда ландшафтқа қaтыcты тың дepeктepдiң бepiлyi. Тәжірибелік маңызы: Зepттeyдiң нәтижeлepi жoғapы oқy opындapының жapaтылыcтaнy-пeдaгoгикaлық фaкyльтeтiндe ландшафттану сабағында, география және экология caлaлapының ғылыми кypcы бoйыншa дәpicтepдe, ландшафттану бoйыншa apнaйы кypcтap жүpгiзyдe қoлдaнылa aлaды. Зepттeyдiң әдicтepi мeн тәciлдepi: Тapиxи-caлыcтыpмaлы, cипaттaмa, capaптaмa әдicтepі. Зepттey жұмыcының құpылымы: дипломдық жұмыс 87 бетті қамтиды. Кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 2 суреттен тұрады.
1ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Географиялық орны, жағдайы, шекарасы және жер бедері
Қазақстан аумағы 2724, 9 мың км²-ге тең. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Алмания, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Республиканың халқы 16 млн адамнан асады. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздыгы 1 шаршы километр жерге 5, 4 адамнан келеді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26'- 40°56' с. е. және 45°27'-87°18' ш. б. аралығында орналасқан. Физикалық-жағрапиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың жағрапиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Жағрапиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш. б. ) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш. б. ) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның жағрапиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді. [5] Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден астам, оның 12000 км-ге жуығы құрлық арқылы, ал 3000 км-ден астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте (6467 км) Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1460 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 380 км, Өзбекстанмен - 2300 км және Қырғызстанмен - 980 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жоңғар Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді. Республика шекарасы кей жерлерде Каспий және Арал теңіздерінде, Алтай және Тянь-Шань тауларында табиғи шепке сай келеді. Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғары палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды. Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңтүстік Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді; жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биіктігі 2500 - 3500 м, биік жері Мұзтау - 4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап сынды: одан солтүстікте-батысқа және оңтүстікке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы - Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұзындығы 300 км-дей, орташа биікт. 2000 - 2200 м, ең биік жері 2992 м. Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816 м) . Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі - Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100 - 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солтүстік және Оңтүстік Жетісу жоталары) бөледі. Солтүстік Жетісу жотасының орталық бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері - Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т. б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңтүстік Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері - мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңт-нде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солтүстікке қарай Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньннің жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы - бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіне сонымен қатар, Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солтүстік беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньннің ірі, әрі биік тау жотасы - Іле Алатауы; ұзындығы 350 км, ең биік жері - Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солтүстік беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы - сейсмикалық өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңтүстігіне Қырғыз Алатауының солтүстік беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан. Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері - Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м) . Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңтүстік-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Батыс Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңтүстігінде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында - 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал теңізіне дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км-дей кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солтүстігіндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км-ден астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солт. бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш - Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т. б. ) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өз-нен оңт. жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Батыс Сібір жазығының оңтүстік етегі Қазақстанның солтүстігінде Сарыарқаға ұштасады (Солт. Қазақстан жазығы) . Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биікт. 150 - 200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады. Орал тауы мен Сарыарқаның аралығында ені 300 км-дей қырқалы Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен тегіс, төрткілді келеді. [6]
1. 2 Климаты және гидрологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz