Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
1-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілік пен жазаның жалпы сипаттамасы
2-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігінің ерекше жағдайларына
жалпы сипаттама
2. 1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігінің ерекшеліктері
2. 2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық
жауапкершіліктен босату және оларға тәрбиелік
әсері бар ықпал ету шараларын қолданудың
ерекшеліктері
2. 3. Кәмелетке толмағандарға жазалаудың мәні,
қолданылатын жазаның мақсаттары мен
қағидалары, жаза түрлері
3-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының
алдын алу
Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі
Еліміз үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз мемлекет ретінде аттап, құқықтық - демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Нарықтық-экономикалық қатынастардың қоғам өміріне тереңдеп енуі, еркін жұмысшы күші мен меншіктің әр түрлілігі сияқты көптеген факторлар әлеуметтік-экономикалық өмірімізге өзгерістер енгізсе, ал саяси сала азаматтық қоғам институттарының өркендеуімен, сөз бостандығы, демократия, плюрализм сияқты процестермен ерекшеленеді.
Нарықтық қатынастарға байланысты орын алған жұмыссыздық, көптеген қала мен ауыл тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр. Осының ерекше белгісі - қоғамдық және құқықтық тәртіпті бұзу және оның ең қауіпті түрі - қылмыстылық болып табылады.
Осы елiмiздегi қылмыстардың жалпы санының өсуi жағдайында, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы да көбейiп бара жатыр. 1996-2007 жылдар арасында ол мынадай көрсеткiштердi аңғартады; 1996 жылы - 8442, 1997 жылы - 6949, 1998 жылы -7039, 1999 жылы -7524, 2000 жылы - 7501, 2001 жылы - 8302, 2002 жылы - 8622, 2003 жылы - 8117, 2004 жылы - 8353, 2005 жылы - 8096, 2006 жылы - 8167, 2007 жылы - 8219 қылмыс тіркелген.
Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында ауыр қылмыстардың және пайдакүнемдiк, зорлықпен ұштасқан қылмыстардың саны басым. Сондай-ақ, осы қылмыстарда тағылықтың, қатыгездiктiң орын алуы сирек емес. Қылмыстардың басым көпшiлiгi ортақ қатысу нысанында, әсiресе топпен жасалады, бұл құбылыс та жасөспiрiмдердiң психологиясына тән және әрбiр үшiншi қылмысты кәмелетке толмағандар ересектермен бiрiгiп жасайды.
2007 жылы Астана қаласының соттарымен 1557 тұлғаға қатысты 1240 қылмыстық іс қаралды, оның 79-ы 114 кәмелетке толмағандарға қатысты. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны қаралған қылмыстардың жалпы көлемінің 6, 3% құрады.
Статистикалық ақпараттарға сәйкес кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс түрлері бойынша жағдай келесідей болып отыр:
2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда құқықбұзушылықтарға қатысқан кәмелетке толмағандардың саны өскенін көріп тұрмыз. Осы жерде қоғам мен мемлекетті өте қатты алаңдатын мәселе, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыстардың тұлға мен меншікке зорлық, қатыгездік көрсетумен жасалып, бағытталғандығы.
96 кәмелетке толмағандарға қатысты 79 қылмыстық істің 65-і бойынша жазалау үкімі шығарылып, 28 жасөспірімге қатысты 14 қылмыстық іс қысқартылды, басқа сөзбен айтқанда мемлекет пен қоғам жасөспірімді сақтау мүмкін деп тапты.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен сот практикасы істерінің анализі 2007 жылы кәмелетке толмағандар қылмыстардың келесі категориялары бойынша:
- ауырлығы орташа қылмыстар - 50 тұлғаға қатысты 40 қылмыстық іс.
- ауыр қылмыстар - 62 тұлғаға қатысты 37 қылмыстық іс.
- аса ауыр қылмыстар - 2 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс қаралған болатын.
Бұл жерде мемлекеттік органдар құқықбұзушылықтардың пайда болуын атап айтқанда, отбасылардың бейберекетcіздігі, жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздық, колледждер мен университетерде оқуды төлеу үшін қаржының болмауы, мектептердің бос уақытты ұйымдастырудағы материалдық базасының әлсіз жағдайы, құқықтық тәрбиенің жеткіліксіздігі және т. б. негізгі себептерін түсіне отырып, кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды жүзеге асырады.
2007 жылы соттармен 56 жасөспірімдерге қылмыстық істер бойынша шартты жаза қолданған, 59 тұлғаға айыппұл салынған 61 әкімшілік істері қаралған болатын.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жоғарыда аталып кеткен белгiлерi заң шығарушыны кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiгiн аса мұқияттылықпен регламентациялау қажеттiлiгiне итермелейдi, қабылдануға тиiстi нормалар қылмыстылық жауапкершiлiк пен жазалаудың жалпы ережелерiнен кей жағдайларда өзгеше болуы қажеттiлiгi туды. Заңдылықпен, кәмелетке толмағандар үшiн жаза түрлерi, жазаның жекелеген түрлерiн тағайындау, оларды жаза мен қылмыстық жауапкершiлiктен босату, сондай-ақ ескiру мерзiмiн санау және соттылықты жоюдың ерекше жағдайларын белгiленді.
Әрине, кәмелетке толмағандардың қылмыстарына қарсы күресуде қылмыстық-құқұқтық шаралар негiзгi болып табылмайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының өсуiне қоғамның қарқынды түрде әлеуметтiк бөлiнуi, халықтың басым көпшiлiгiнiң өмiр сүру деңгейiнiң күрт төмен түсiп кетуi, отбасылық қатынастардың өзгеруi, жасөспiрiмдерге деген қатыгездiктiң жоғарылауы жағдайында болып жатқанын ескермеуге болмайды. Осындай жағдайда маңыздылығы бойынша бiрiншi орындарда әлеуметтiк, экономикалық және тәрбиелiк алдын алу шаралары болуы жалпыға ақиқат заңдылық. Дегенмен, қылмыс жасалған жағдайда, кәмелетке толмағанды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі туындайды.
Бұл мәселелер 1998 жылы күшiне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң құрамына «кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiгi» атты бөлiмдi кiргiзу арқылы шешiлген. Бұл бөлiм нормаларының мазмұны Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмнiң ережелерiнен өзгешелеу құрастырылған, ерекшелену себебi, олардың қылмыс субьектiсiнiң жас ерекшелiгiмен ғана түсiндiрiледi және олар жауапкершiлiк пен жазаны жеңiлдетуге бағытталған.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы бөлімнің 78 - бабы анықтағандай, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар деп танылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөнінде істерде қараған кезде сот кәмелетке толмағанның жасын нақты анықтауға бағытталған шаралар қабылдауға міндетті (айы, күні, жылы) . Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі істер мен оларды қылмыстық және өзге қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2002 жылдың 11 сәуіріндегі нормативті қаулысында, еліміздің соттары, анықтау және тергеу органдары жетекшілікке алатын ережелер белгіленеді.
Кәмелетке толмағандар туралы дербес бөлiмнiң Қазақстан заңдылығында пайда болуы бiрiншi рет Қазақ ССР Қылмыстық кодексiнде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiгiне көзқарас жеткiлiктi түрде iзгiлiк тұрғыда болса да, осы тақырып бойынша нормалар Жалпы бөлiмнiң әр түрлi баптарында шашырап жүйеленбеген едi. Сол себептi қылмыстық заңда кәмелетке толмағандарға арналған арнайы бөлiмнің пайда болуы бұл елiмiздiң қылмыстық заңының жоғары даму деңгейiн көрсетiп отыр.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағандығы үшін жауапкершіліктің ерекшелігі - іске асыру мүмкіндігі болып не қылмыстық жауапкершіліктен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану не қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асады,
бірақ:
- қылмыстық жауапкершіліктен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы (ҚР ҚК 81бабы) ;
- ҚР ҚК 79 - бабында арнайы көзделген жаза түрлерін қолдану арқылы;
Қарастырып отырған мәселе қандай маңызды болмасын, ол әлi де жеткiлiктi деңгейде зерттелген жоқ. Әрине, бiздiң елiмiзде осы бағытта арнаулы зерттеулер жүргiзiлмеген десек, ол шындыққа сыймас. Бұл саладағы аз да болса монографиялар мен ғылыми еңбектерден құр алақан емеспiз.
Өткенге шолу жасайтын болсақ, жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күрес жүргiзудiң әр түрлi проблемалары бұрыңғы Кеңес Одағы тұсында З. А. Астемировтың, Е. В. Болдыревтың, М. И. Блумның, К. Е. Игошевтың, А. Н. Игнатовтың, Е. Л. Коневскийдiң, Н. А. Ключинскаяның, Г. М. Миньковскийдiң, Н. И. Трофимовтың, А. К. Шедринаның, Е. А. Харшактың және тағы да басқа ғалымдардың еңбектерiнде баяндалған болатын.
Ал, Қазақстандық материалдарға сәйкес К. А. Бегалиевтiң «Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних»; М. С. Нарикбаевтың «Актуальные вопросы применения нового уголовного и уголовно-процессуального законодательства РК»; Г. С. Мауленовтың «Основные характеристики преступности в Республике Казахстан», Е. I. Қайыржанов, Д. Бұғыбайқызының [1] және тағы да басқа ғалымдардың еңбектерiн айтуға болады.
Осы дипломдық жұмысты таңдау негізі болып, менің заңнамадағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасы бөлігіне деген қызығушылық болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазудың мақсаты - кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі саласындағы жинақталған білімдерді зерттеу және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін қарастыру. Жоғарыдағыларды ескере отырып дипломдық жұмысты жазуда мен алдыма бiрнеше мiндеттер қойдым, олар төмендегiдей:
Олардың бiрiншiсi - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердiң қылмыстылығының деңгейiн анықтау.
Екiншiсi - кәмелетке толмаған қылмыскерлердiң жауапкершiлiгiнің ерекшелiктерiн анықтау және осы мәселенiң даулы жақтарын көрсету .
Үшіншісі - кәмелетке толмаған қылмыскерлердiң қылмыстылығының себептері мен шарттарын және олардың алдын алу шараларын анықтау.
1-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілік пен жазаның жалпы сипаттамасы
Мемлекет өзiнiң азаматтарына оларды орындамау белгiлi бiр жауапкершiлiктiң басталуын көздейтiн, әлеуметтiк талаптар қояды. Қорғалатын мүдденiң сипатына қарай бұл жауапкершiлiк құқықтық және моральдық болуы мүмкiн.
Қылмыстық жауапкершілік заңи жауапкершіліктің түрі болып табылады (азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік т. б. ) және құқықтық жауапкершiлiктiң iшiндегi ең қаталы және ауыры болып табылады.
Көп қолданатындығына қарамастан, қылмыстық құқық теориясында «қылмыстық жауапкершiлiк» түсiнiгiнiң заңды түсiнiктемесi жоқ. Cол себептi, бұл түсiнiктiң мазмұны жайлы құқық теориясында елеулi келiспеушiлiктер бар. Олардың iшiнен бiрнеше пiкiрдi көрсетуге болады: қылмыстық жауапкершiлiк - құқықтық нормаларға негiзделген, заңның күшiне мойын ұсыну мiндетi» [2, 25б. ] - деп түсiндiретiн көзқарасқа ұқсас «қылмыстық жауапкершiлiк - тұлғаның мемлекет алдында жауап беру мiндетi» [3, 77б. ], - деген көзқарас белгiлi. Сондай - ақ, бұлардан өзгеше «қылмыстық жауапкершiлiк - тек қана мемлекеттiң алдында жауап беру мiндетi ғана емес, сонымен қатар оларды бастан кешiру» [4, 222б. ], - деген пiкiр қалыптасқан. Келтiрiлген пiкiрлердiң ешқайсысы қылмыстық жауапкершiлiк түсiнiгiн толық көрсетпейдi. Сонымен қатар, дұрыс емес деп те атала алмайды.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, қылмыстық жауапкершілікке доктриналды түсінік беруге болады:
Сонымен, қылмыстық жауапкершілік - ол қылмыстық-құқықтық қатынастар шеңберінде пайда болатын және жүзеге асатын қылмыс жасаған тұлға мен мемлекеттің, яғни оның құзіретті органы арасындағы қылмыс жасаудың күрделі әлеуметтік-құқықтық салдары болып табылады. Ол келесіні қамтиды:
Біріншіден, қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық заң нормаларына негізделген және қылмыс жасау фактісінен шығатын жасағаны үшін мемлекеттің, яғни мемлекеттің құзіретті органдарына алдына мәлімдеу міндеті.
Екіншіден, мемлекеттің, яғни оның құзіретті органының іс-әрекетті жасаған тұлғаға жасалған әрекетіне сот үкімінде көрініс табатын кері баға беру мен бетке басу міндеті.
Үшіншіден, кінәліге жасаған құқыққа қайшы әрекеті үшін жағымсыз салдар ретінде жаза немесе өзге қылмыстық-құқықтық сипаттағы шара тағайындау, сондай-ақ тұлғаның жасаған әрекеті үшін ауыртпалық пен жоқшылықтарды көтеру міндеті.
Төртіншіден, соттаудың ерекше құқықтық салдары ретінде тағайындалған жазаны өтеумен болатын соттылық.
Қылмыстық жауапкершiлiк тек қылмыстық - құқықтық жауапкершiлiк шегiнде жүзеге асырылып, пайда бола алады. Бiрақ, қылмыстық жауапкершiлiк пен қылмыстық құқықтық - қатынастың арасындағы қатынас әртүрлi түсiндiрiледi. Ғалымдардың бiр тобы бұл түсiнiктi тең дәрежелi деп түсiндiрсе [5, 23б. ], басқалары қылмыстық жауапкершiлiктi тек қана қылмыстық емес, осыған қоса қылмыстық iс жүргiзушiлiк және қылмыстық атқарушылық қатынастардың жүзеге асырылуын бiлдiредi [6, 50б. ] деп санайды, үшiншiлерi қылмыстық жауапкершілікті қылмыстық -құқықтық қатынастардың құрамдас бөлiгi ретiнде көрсетедi. [7, 61б. ]
Әр уақыттағы заңгер - ғалымдардың теорияларын қарастырсақ, қазіргі кезде қылмыстық-құқықтық қатынасқа мынандай анықтама беруге болады. Сонымен, қылмыстық-құқықтық қатынас - тұлға мен мемлекет, яғни құзіретті мемлекеттік орган арасында пайда болатын аталған тұлғаның қылмыс жасау негізінде пайда болатын қылмыстық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Аталғанан, қылмыстық-құқықтық қатынас субъектілерін көрсету қиын емес. Қылмыстық-құқықтық қатынас субъектілері - бір жағынан, құқыққа қайшы іс-әрекет жасаған тұлға, екінші жағынан, мемлекет, яғни оның құзіретті органы болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық қатынастардың пайда болуының заңды фактісі - ол нақты адамның қылмыстық - жазалау әрекет жасауы. Аталған жағдайда қылмыстық-құқықтық қатынас пайда болады, бірақ ол барлық жағдайда фактілік мазмұнға ие болмайды, мысалы егер, қылмыс жасаған тұлға белгісіз болғанда. Бұл жағдайда, мемлекет, яғни оның құзіретті органы жасалған әрекетке кері баға беріп, оны жасаған тұлғаға бетке басу мүмкін. Екінші жағынан, қылмыс жасаған тұлға, ол жасаған әрекеті үшін ауырлықтар мен қиындықтарды және тағайындалған жазаны өткерумен жүзеге асырылатын соттаудың ерекше құқықтық салдары ретінде соттылықты өткере алмайды.
Қылмыстық-құқықтық қатынастардың мазмұны болып субъектілердің құқықтары мен міндеттері болып табылады. Бұл дегеніміз, бір субъектінің нақты құқығына басқа субъектінің міндеті сай келеді, мысалы: мемлекет құқықбұзушыдан оның жасаған әрекеті үшін жауап беруді талап ету, оны соттау мен қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы бар. Мемлекеттің аталған құқығына құқықбұзушының, жасаған әрекеті үшін мемлекет алдында жауап беру, соттау мен қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу шараларына шалдығу міндеті сай келеді
Құқықбұзушы тек бұзылған заң негізінде және заңмен көзделген шектерде ғана жауапты болуға құқығы бар. Қылмыс жасаған тұлғаның бұл құқығына, мемлекеттің құқықбұзушыға деген наразылық шеңберін заңда белгіленген шектермен шек қою міндеті сай келеді.
Мемлекеттің құқықбұзушыдан есеп беру және оны соттау мен мәжбүрлеуге құқығы мен міндеті қылмыстық жауапкершіліктің іске асуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық жауапкершіліктің қылмыс жасаудың кінәліге деген жағымсыз құқықтық салдары ретіндегі мәні - қылмыс жасаған тұлғаның жасағандығы үшін мемлекет алдында есеп беру, соттау, жаза мен қылмыстық заңмен көзделген басқа да жағымсыз заңи салдарға шалдығу міндетінде көрініс табады.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып: қылмыстық жауапкершілік қылмыстық-құқықтық қатынастардың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Басқаша айтқанда, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық-құқықтық қатынастар арасында тығыз байланыс бар, ол келесіден көрінеді, олар бір заңи фактпен (қылмыс жасау) және бір уақытта пайда болады (қылмыс жасау кезеңінен) және бір кезде тоқтатылады (қылмыстық жауапкершілік толық іске асқанда немесе кінәліні қылмыстық жауапкершіліктен босатқанда) .
Қылмыстық жауапкершілік туралы 3 аспектіде айтуға болады:
- заңда белгіленуі.
- басталуы
- іске асуы
Заңнама Қылмыстық Кодексте қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Бұл дегеніміз, заңшығарушы нақты қылмыстық-құқықтық тыйым салулар тұжырымдайды және оларды бұзғаны үшін тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осылай, қылмыстық жауапкершілік қылмыстық заңның әрекет ету саласындағы тыйым салу-ескерту болып табылады.
Қылмыстық жауапкершiлiктiң басталуы жайлы да қылмыстық құқық теориясында бiрнеше пiкiр қалыптасқан. Брайнин М. М. анықтамасына сәйкес, «қылмыстық жауапкершiлiк - құқық бұзушыны айыпталушы ретiнде жауапқа тарту кезiнен басталса» [ 8, 30б. ], Ткачевский Ю. М. пайымдауы бойынша, үкiмнiң заңды күшiне енген кезден бастап қылмыстық жауапкершілік те басталады. [ 9, 21б. ] . Сонымен қатар, «қылмыстық жауапкершiлiк - қылмыстың жасалу мезетiнен басталады» деген пікірлерде кездеседі. Менің ойымша, соңғы пiкiр қылмыстық жауапкершіліктің басталу жайлы анықтаманы нақтырақ бередi, себебi қылмыстық жауапкершiлiктiң басталуының өзi белгiлi бiр қылмысты жасаудың нәтижесi болып табылады. Дәл осы кезден бастап, тұлға мен мемлекет арасында қылмыстық-құқықтық қатынастар мен қылмыстық жауапкершілік басталады, ол қылмыс жасалған уақыттан бір элемент күйінде болады - құқық бұзушының жасағандығы үшін мемлекет алдында жауап беру және соттау мен қылмыстық-құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шарасына шалдығу.
Егер, жасалған қылмыс құқық қорғау органдарымен тіркелмесе немесе ашылмаса, онда туындаған құқықбұзушылық реалды мазмұнға ие болмайды, ал қылмыстық жауапкершілік іске аспай қалады. Қылмыстық жауапкершілік егер, құқық қоғау органдары қылмыс жасау жағдайларын анықтап, Қылмыстық заң негізінде және қажетті жағдайлар болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатқан жағдайда да іске аспай қалады. Бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілік логикалық дамуы мен объективтік іске асуын таппай қысқартылады.
Қылмыстық жауапкершіліктің іске асуы, қылмыстық құқықбұзушылық пайда болғаннан кейін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттері заңға сәйкес іске асуын білдіреді.
Қылмыстық жауапкершілік негізі проблемасын екі аспектіде қарастыруға болады.
Проблеманың философиялық аспектісі «неге адам өз әс-әрекеттері үшін жауап беруі тиіс?» деген сұрақты шешуде болып табылады. Адамға қоғамдық маңызы бар тәртіп үшін жауапкершілік жүктеудің әлеуметтік негізі болып ерік бостандығы, яғни тәртіп тісілін еркін таңдау мүмкіндігі болып табылады. Тұлға өз әрекеттері үшін мемлекет, қоғам мен өзге адамдар алдында жауап береді, себебі ол заң талаптарына, мемлекет пен қоғам мүдделеріне сәйкес, өз тәртіп линиясын таңдау еркіндігі болғандығында, бірақ ол осындай мүмкіндікті қолданбай, қоғамды қатынастардың өзге субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін тәртіп тәсілін таңдауы болып табылады. Егер адамның тәртіп таңдау еркі болмаса, оның әрекеттері қылмыстық-құқықтық мәнге ие болмайды және қылмыстық жауапкершілікке алып келмейді.
Қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктің заңи аспектісі «не үшін?, яғни қандай тәртіп үшін жауапкершілік басталады?» деген сұрақты шешуде болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау болып табылады [10, 3б. ] . Яғни, қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс жасағанға, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан жасаған айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауапкершіліктің негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Ол тек қана қылмыстық құқық теориясында ғана ашылылып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың объективті жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективтік жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстық объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында атап көрстеліген.
Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып қылмыс құрамы болып табылады. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамды қылмыстық жауапкершілікке тартатын негіз жоқ.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Көпшілік шетел мемлекеттерінде субъект болып - жеке адам ғана табылады делінген. Бірақ бірқатар елдерде бұл мәселе ғасырлар бойы түрліше шешілетін болатын, бір кездерде қылмыс субъектісі болып жеке адамдармен қатар, заңды тұлғалар, сондай-ақ заттар, жануарлар, жәндіктер танылған. Мысалы, ежелгі Афинада, сот заттардан болған өлім жағдайларын қарағаннан кейін, абыздар сол заттарды полистан тыс жерге лақтырып тастаған болатын. Англияда 19 ғасырдың ортасына дейін өлім алып келген зат корольдың иелігіне тәркіленеді деген ереже болған [11, 395б. ] . Орта ғасырларда феодалдық қылмыстық құқықтың субъектісі ретінде жануарлар болған. 14 және 15 ғасырларда зайырлы соттарда адамды өлтірген жануарлар қудалауға ұшыраған, көбіне ол қаһары үшін бұқалар мен балаларды жеп қойған шошқалар болатын. Бұл жануарлар асу арқылы өлім жазасына тартылды. 1710 жылы Францияда нан далаларына көптеген зиян келтіргені үшін тышқандар мен егеуқұйрықтар сотталған, ал 1740 жылы сиыр сотталған болатын [12, 252б. ] .
Жануарлар, жәндіктер мен заттардың қылмыстық жауапкершілігі кінәлі әрекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар, бұл кімнен немесе неден болатынына байланыссыз қауіпті зиянды әрекеттер үшін жаза болып табылды. Қорыққан халық дінге жүгінген немесе құқықбұзушыларға самосуд жасаған болатын.
Осылай, құлиеленушілік және феодалдық қылмыстық құқығында қылмыс субъектісі ретінде жануарлар, заттар мен жәндіктерді тану қылмысқа деген мистикалық көзқарастың жоғарылығымен түсіндіріледі және жауапкершілік зиян келтірген үшін кез келген жағдайда және барлығы үшін басталады деген қағидаға негізделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz