Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 4-8
1. Тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері және жазалау . . . 9-27
1. 1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы . . . 9-17
1. 2. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық заңнаманы жетілдіру17-23
1. 3. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жазалар және тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары . . . 23-27
2. Тарау. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату . . . 28-53
2. 1. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босату институтының құрылу тарихы . . . 28-29
2. 2. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босату институтының әрекет ету шектері . . . 29-36
2. 3. Мерзімінен бұрын-шартты түрде босату тәртібін жетілдіру . . . 36-50
2. 4. Кәмелетке толмағандарды мерзімінен бұрын-шартты түрде босату ерекшеліктері . . . 50-53
3. Тарау. Кәмелеттік жасқа толмағандарды қайта әлеуметтендіру және олардың арасындағы құқықбұзушылықпен күрес жолдары . . . 54-59
Қорытынды . . . 60-64
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 65-69
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2002 жылғы 29 наурыздағы республиканың құқық қорғау құрылымы жетекшілерінің кеңесінде балалар мен жасөспірімдер қылмыскерлігіне, сонымен қатар балалар панасыздығына қарсы күреске ерекше назар аударды.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі барлық қылмыскерліктің құрама бөлігі болғандықтан, оған тексеріс жүргізу маңызды болып табылады, ал баукеспе ұрылардың көпшілігі өздерінің қылмыстық “карьерасын” жасөспірім кезінде бастайды. Бұл мәселенің маңыздылығы жас ұрпақ әлеуметтік дамудың нағыз резерві болып табылады, ал жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылық олардың тәрбиесінің жоқтығын, қоғам ортасындағы орнының төмендігін көрсетеді. 14-тен 18 жасқа дейінгі балалардың қылмыскерлігін анықтауда жалпы криминалдық мінездеме, көрсеткіштері мен категориясы қолданылады. Сондықтан талдау іс-әрекет шаралары олардың өзгешелігін көрсететін факторлар мен жағдайды анықтауға бағытталу керек.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі тексерудің маңызды нысаны болып табылады, себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің арнайы тарауына алғаш рет құқық бұзушы жасөспірімдердің демографиялық тобын бөлу туралы енгізілді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының көпшілігі тек өзін-өзі ұстауларының құқықтық сипаттамасы арқылы ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әдістері, психологиялық белгілері, өзін-өзі шектен тыс асыра бағалауы және тұлғалардың топтық қызығушылығына қарсы келе алмауы арқылы өзгеше.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының өзгешелігі жасөспірімдердің жас, әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне қатысты өзара бір-бірімен байланысты факторлардың мерзімді кешені болып табылады. Осындай жасөспірімдердің өзін-өзі ұстау құқықтық ерекшеліктерінің, сапалық және сандық көрсеткіштерінің, олардың талдауының ерекшеліктерінің бірі осы жастағы топтарға қатысты қолданылатын ескерту шараларын жасаудың негізі болып табылады.
Кәмелетке толмағандар қылмыстық-құқықтық мағынада - қылмыстық жауапкершілігі бар шағын жас шамасындағы топ (14-18 жас) . 18 жасқа толмаған балалардың 8-10 пайызы қылмыс жасайды. Мысалы, 2001 жылы ҚР бас прокуратурасындағы құқықтық статистика және ақпарат департаментінің хабарламасы бойынша тіркелген қылмыстардың саны, соның ішінде Қазақстан Республикасында -152 168, ал олардың қатысуымен - 8184.
2000 жылы жасөспірімдік қылмыстар Шығыс Қазақстанда - 1045, Қостанайда - 889, Павлодарда - 778, Солтүстік Қазақстанда - 598.
Қылмыскерлік белгілі бір уақыттарда өсуі немесе кемуі мүмкін. Қылмыскерліктің мұндай дәрежесі көптеген факторлардың объективті немесе субъективті сипаттамасының нәтижесі болып табылады. Қылмыскерлік санының тез өсіп кетуі жасөспірімдердің өтпелі кезеңіне де байланысты болады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігінің өсуі (1985 және 1989-1993 жылдармен салыстырғанда) өндірістің таратылуынан, экономика мен әлеуметтік саладағы өзгерістер салдарынан, көп тұрғындардың жағдайларының нашарлығынан, отбасы қатынастарының сәтсіздігінен, балалармен қатаң қарым-қатынас жасау әсерінен болып отыр.
Кәмелетке толмағандар экономикалық, саясаттық, әлеуметтік салаға араласпағандықтан, көп қылмыстар жасайды. Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың көпшілігі кейбір қызметтерге, мемлекеттік билікке қарсы шығудан болады. Заң шығарушы 14 жаста қылмыс жасаған баланың белгілі бір мөлшерде ғана жауапқа тартылатындығын анықтады.
Статистика көрсеткендей, жасөспірімдер жасаған қылмыстың 70 пайызы мүліктік заңсыз әрекеттерді құрайды.
Кәмелетке толмағандар жасаған мүліктік сипаттағы қылмыстардың басым көпшілігі қоғамдық ортадағы әлеуметтік жағдайдың төмендігінен болып жатыр, немесе біреулері ұрлықты пайдақорлықпен жасаса, енді біреулері қатарластарының арасында бедел жинау үшін, біреудің мүлкіне ие болу үшін жасайды.
Кәмелетке толмағандармен жасалған ұрлық, тонау, ұрып-соғу, зорлық жасау, көлікті мініп кету олардың жасайтын әрекеттерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы болып табылады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қылмыстардан басқа қылмыстардың тізіміне қорқытып алушылық, ұрлап алушылық, сонымен бірге заңсыз нашақорлық және психотропты заттармен байланысты қылмыстар да жатады.
Кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің құрылымы қылмыс жасаған уақыттағы зорлықпен, алкоголь әсерінен жасалған қылмыспен сипатталады.
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарды сипаттағанда қылмыстардың мынадай түрлері де ерекшеленеді: жасөспірімнің қылмысты жалғыз жасауы, топпен жасауы, үлкендермен бірігіп жасауы.
Кәмелетке толмағандардың қылмысты топпен жасауы ерекше орын алады.
Топта 3-тен 5 адамға дейін болады. Қылмыскерлік топтың әр үшіншісі бұрын сотталғандар болып табылады.
Криминологтар кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігінің бұрын ғылым мен саясаттан тыс қалған тағы да бір сапалы сипаттамасын белгілеп отыр. Ұйымдастырылған қылмыстық әрекетте жасөспірімдерді қолдану аз материалдық шығынды қажет етеді; олардың құқық бұзушылық әрекеттері жасырын түрде қалады; өмірлік тәжірибелері аз болғандықтан өз беттерінше шешім шығаруға әлсіз; сенімсіздікке тез бой алдырады және қауіп-қатерге дайын.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлердің көпшілігі екі немесе одан да көп рет қылмыс жасады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлердің контингентінде ер адамдардың саны көп, яғни 90 пайыздай.
2001 жылы 4306 жасөспірім жасалған ұрлыққа сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды: қыздар - 264, оқушылар - 2021, жұмыс істемейтіндер және оқымайтындар - 2192, бұрын қылмыс жасағандар - 337, топпен - 2886, үлкендермен араласқан топ - 1296.
Кәмелетке толмағандар қылмыстығы аталған қылмыстық статистика негізінде бағаланады және талданады. Мамандар кәмелетке толмағандардың болсын, үлкендердің болсын қылмыстығы туралы қорытындысын жасырын түрде жасау қажеттігінен хабардар. Құқық қорғау органдарының қарауында жасөспірімдер қылмыстығының жасырындылығы туралы қорытынды жасайтын бай материал бар. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстар саны статистикада тіркелгендегіден де көп. Бұл мүліктік қылмыстарға жатады, яғни ұрлық, тонау, ұрып-соғу, сонымен бірге зорлау, бұзықтық, нашақорлықпен байланысты қылмыс. Кейбір ресейлік мамандар қылмыстың дұрыс сандық бағасына жету үшін қылмыстардың жеке топтарын 5 есе, кей кездері 10 есе көбейту керектігін айтады. Жасырындылық әр түрлі себептерге байланысты туындайды. Жәбірленуші қылмыс туралы әсіресе, отбасында, көршілер арасында болған жағдайда хабарламайды. Құқық қорғаушы органдар арасында өз міндеттілігін бұзып, қылмысты тіркемей, есепке алмайтындары бар.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстығының жасырындылығы олардың қылмыстық тәртібінің айқын сипаттамасы үлкендерге қарағанда төмен болады. Сондықтан тіркелген қылмыстардың коэффиценті маңызды.
Кәмелетке толмағандар қылмыстығы жағдайының қылмыстық сипаттамасының толықтығы және дұрыстылығы қылмыстық жауапкершілікке жасы жетпеген жасөспірімдер жасаған әрекеттерге байланысты. Мұндай тұлғалардың әрекеттері өте қауіпті. Жасөспірімдердің қылмыстығын маңызды әрекеттерден шектейтін жас ерекшеліктерінің белгілі бір шартты сипаттамасы болады, қылмыстық саясаттың жас ерекшелігінің талаптарымен байланысты, сонымен бірге жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілік жасқа жеткенше қылмысты 4-5 есе көп жасайды. Қылмыс жасауға итермелейтін жағдайлар мен себептер бірдей болады. Сондықтан қылмыстық жауапкершілікке жасы жетпеген тұлғалар қылмыстың объективті базасы ретінде қарастырылады. [7, 245б. ] .
Өте жас кезінде құқыққа қарсы әрекет жасағандардың жөнделуі қиын, қорытындысында үлкендерге және қайталанған қылмыстың басты резервін құрайды.
Керісінше, алғаш әрекеттерін жасаған жасөспірімдерге қолданған профилактикалық шаралар алдағы уақытта қылмыстар жасауларына жол бермейді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстығы дамуының сәтсіз тенденцияларына мыналарды жатқызуға болады:
- қылмыстың құрылымында қоғамға қауіпті қылмыстардың көбеюі;
- нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбеюі;
- кәмелетке толмағандардың қылмыстығын бір жағынан, үлкендер үлгісімен, бір жағынан үлкендер көмегімен ұйымдастыру;
- кәмелетке толмағандары ұйымдастырылған қылмыстық және экстремистік әрекеттерге тарту.
- Тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілігінің ерекшеліктері және жазалау.
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыскерлігінде айырықша ерекшелік бар. Бұл қылмыскерліктің негізгі себептерінің әрекет ету саласы - адамның жеке басының қалыптасуы және оның өмір тіршілігінің аясы. Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жолға түруының типтік тетігі: баланы тәрбиелегісі келмейтін, тәрбиелей алмайтын отбасында өмір сүруі; оқу орындарында жолының болмауы, педогоктермен немесе бірге оқитындармен арадағы қақтығыс; қолы бас уақытында, демалу кездерінде азғындаған немесе қылмыскер адамдармен араласу.
Ортамен өзара әрекеттестікпен кәмелет жасқа толмағандардың белсенділігі және дербестігі шектелген: олар өздеріне ата-ана, тәрбиеші таңдап ала алмайды, көбісінде өмір сүру үшін қажетті қаражат жоқ. Ата-анасымен немесе тәрбиешісімен арада қатты қақтығыс болып қалғанда бала бірден-бір көңілді жұбататын орта деп өзінің бірге серуендейтіндерінің ортасына барады. Қылмыскерлікте жастық ерекшеліктер адамның жеке басының қалыптасуы және өмір тірлігі үшін жағымсыз ортада өзін-өзі айқын көрсетеді.
Біріншіден, ол ержеткендіктен көрініс табады, өзі үшін елеулі болып табылатын топқа, адамдарға ол өзін «мен сендердеймін» деп көрсетсе, басқа субъектілермен араласқанда «мен - тұлғамын» деп көрсетеді.
Екіншіден, өтіп бара жатқан балалықпен және оның «қалдықтарымен» байланысты сылтаулар, «балалық анархизм» деп аталатын санаға ұллайды: табан асты жақсы заттар иемдену, машинада серуендеу, біреуге ақыңды жібермеу, т. б.
Үшіншіден, жеткіншектердің қылмыскерлігінде олардың ересектерге тәуелділігінен туындайтын сылтаулар бар, бұл ретте олар өз мүдделерін, құқықтарын заңды тәсілдермен қамтамасыз ете алмайды. Осыдан барып қарны тойып тамақ ішпеген бала дәмді тағамдар ұрлайды, үйден кетіп қалады, материалдық аса қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұрлыққа барады, қаңғыбастыққа салынады.
Мәселе бұл жерде адамның жасы сияқты биологиялық факторда емес, мүндай балалардың әлеуметтік дамуында және олар басынан өткізіп жатқан жағдайларда. Өсе келе ересек адамдарға тән позициялар ұстанса, кәмелет жасқа толмағандар қылмыскерлігінің ерекшелігі және оның детерминациясы біртіндеп өз айырықшылығын жоғалтады.
Кәмелет жасқа толмағандар, көбіне, жалпы сипаттағы қылмыстарды жасайды. Ол түсінікті де, себебі олар экономикалық, саяси және өзге ерекше салалардағы қылмыстарға бара алмайды. Олардың криминалдық іс-қимылдарының сипаты көбіне көзге көрініп тұратындықтан, олардың қылмыскерлігінің латенттігі ересек адамдардікіне қарағанда төмен деңгейде болады. Сондықтан да олардың тіркелген қылмыскерлігінің коэффициенттері жоғары.
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстылығының құрыманы келесідей белгілер тән:
- кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстылығының құрамында
ауыр зорлықпен жасалатын және пайдакүнемдік-зорлықпен жасалатын қылмыстардың үлесі 10 %-дан төмен және тұрақты болып келеді;
- кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстылығының құрамында ұрлық, тонау және бұзақылық сияқты қылмыстардың үлесі басым;
3. қылмыс жасаудың ұйымдасқан нысандарының үлесі артуда.
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыскерлігімен күресте оның алдын-алуға, ал, оның ішінде - кәмелет жасқа толмағандарға әлеуметтік көмек көрсетуге баса назар аударылады. Олар өздері өз жағдайларын өзгерте алмайды, ал олардың жеке басының деформациясы әзірге ересек адамдар сияқты едәуір болмайды. [10, 110б. ] .
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалау мәселелеріне ҚР Қылмысгық кодексінің өз алдына жеке бөлімі және соған сәйкес тарауы арналған. Бұл жағдай ең алдымен кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшеліктерімен дәйектеледі. Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық тұрғыда өсіп-жетілуінің өзгешеліктеріне: әлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психофизикалық, жас жағынан және әлеуметтік кемелденуінің қылықтарына, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне (жылдам ашуланғыштық, қызбалық), "формальды емес жетекшілердің" әсеріне тез берілу, үлкендерге еліктеу және т. б. факторларға тәуелді болып келеді.
Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында пайдакүнемдік және пайдакүнемдік зорлық пиғылмен жасалатын ауыр қылмыстардың үлесі өте жоғары. Ондай қылмыстарға көбіне аса қатыгездік пен тағылықтың (вандализм) сипаттары тән болып келеді. Бұндай қылмыстардың көпшілігі қоса қатысу (көбінесе бірге орындаушылық түрінде), әсіресе топқа қатысу (жартысына жуығы) түрінде жасалады, ал мұның өзі жасөспірімдердің психологиясының өзіндік ерекшеліктеріне орайлас келеді. Жобамен алғанда олар жасаған үш қылмыстың біреуі ересектермен қосылып істеледі.
Республика бойынша соңғы он жылғы статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстың жылдан жылға кеміп келе жатқандығын көрсетіп отыр. Мысалы, 1991-1999 жылдар аралығында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс республика бойынша жасалған қылмыстың 12, 7 пайызын қүраған болса, бүл көрсеткіш 2002-2003 жылдар аралығында 7, 4-6, 5 пайызға азайған. 1
Қылмыстық жауаптылық аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарады, яғни қылмыс жасау арқылы бұзылған әлеуметтік әділеттілікті және заңдылықты қылпына келтіруге, заңдар мен өзге де адамгершілік нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады. 1
Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып түлғаның толық қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекет жасауы болып табылады. Яғни, түлғаның іс-әрекетінде қылмсытың объектісі, қылмыс субъектісі, қылмыстың объективті жағы және субъективті жағы болуы қажет.
ҚР ҚК-нің 14-бабында былай делінген: «Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылққа тартылуы тиіс».
Жоғарыда атап көрсеткендей, қылмыстың субъектісі болып заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс адам саналады. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы танылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бара алмайды және өздерінің кылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауақа және жазаға тартуға тиым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мөлшері және оларды қылмыс субъектісі деп тану мәселесі қылмыстық кодекстің 15-бабында арнайы көрсетілген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытқа дейін он алты жасқа толған адамдар тартылады.
ҚР ҚК тиісті баптарымен көзделген қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (ҚР ҚК 96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (ҚР ҚК 103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 104-бап 2-бөлігі), зорлағаны (ҚР ҚК 120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (ҚР ҚК 121-бап), адамды ұрлағаны (ҚР ҚК 125-бап), ұрлық жасағаны (ҚР ҚК 175-бап), кісі тонағаны (ҚР ҚК 178-бап), қарақшылық істегені (ҚР ҚК 179-бап), қорқытып алғаны (ҚР ҚК 181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (ҚР ҚК 185-бап 2, 3, 4 бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (ҚР ҚК 187-бап 2-3 бөліктері), терроризм (ҚР ҚК 233-бап), адамды кепілге алу (ҚР ҚК 242-бап), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттармен жарылғыш қүрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 255-бап), ауырлататын мән-жайдағы бұзақылығы (ҚР ҚК 257-бап 2-Збөліктері), вандализм (ҚР ҚК 258-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерін қорлағаны (ҚР ҚК 275-бап), көлік құралдары немесе қатынас құралдарын қасақана жарамсыз еткені (ҚР ҚК 299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.
Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды, оны кең мағынада талқылауға болмайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қауіптілігін он төрт жасқа толған әр-бір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты он төрт жасқа толған уақыттан бастап белгілеп отыр.
Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қьмлмыстық жауаптылығын қарастыратын нормалар ҚР ҚК-тің 6-бөлімінде жинақталған. Бүл БҰҰ Бас Ассамблеясымен мақұлданып 1990 жылдың 15-қазанында күшіне енген «Бала құқықтары туралы» конвенциясында көзделген ізгілік пен әділеттілік принциптеріне сәйкес келеді, заң шығарушы, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауды жеке бөлімде қарастыра отырып, олар жасаған қылмысына жастық психологиялық ерекшеліктері, жақын тұрмыс айналасының криминогендік факторлары, өзге де мән-жайлардың әсер ететіндігін басшылыққа алады.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылықка ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен колдануды белгілеген.
Адамның жасы дегеніміз - адамға қатысты физикалық және психикалық процестердегі өзгерістермен сиптталатын және ерекше заңдылықтарға тәуелді адамның даму кезеңі.
Қылмыстық қодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның Қылмыстық кодексінде-13, Нидерландыда, Португалияда - 12, Жаңа Зеландиада - 10, Ирландия қүқығында- 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.
ҚР ҚК қылмыстық жауаптылыққа тартудың екі жас деңгейін белгілеген. Жалпы алғанда, көптеген қылсым құрамы үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Ал кейбір қылмыстар қоғамға қауіптілігі мен сипаты жоғары болғандықтан, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 14 жас болып белгіленген. (ҚР ҚК 15-бап 2-бөлігі) . 14 жастан жауаптылық белгіленген қылмыс құрамдарының тізімі шектелген.
Алдын-ала тергеу органдары, прокуратура, сот жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмағанның нақты жасын анықтауға міндетті. Оның жасы кұжаттары арқылы анықталады. Адам жасы толды деп туылған күні емес келесі күннен бастап саналады. Егер кәмелетке толмағандардың құжаттары болмаса, тергеу органдары оның жасын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындауға міндетті. Бұл жағдайда айыпталушының туған күні сот медициналық сараптамасы анықтаған күннің, айдың, жылдың соңғы күні болып есептеледі.
Айыпталушының салыстырмалы түрдегі ең төменгі және ең жоғарғы жас мөлшерін анықтау барысында, оның ең жоғарғы жас мөлшері алынады.
Кейбір қылмыстардың субъектілері болып (әскери, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс) тек он сегіз жасқа толған адамдар ғана танылады.
ҚР ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігінде былай делінген, егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бүзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе ауырлықтағы қылмыс жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (ҚР ҚК 15- бап, 3-бөлігі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz