ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға рұқсат беріледі:
Кафедра меңгерушісі:
с. ғ. к. Досанова С. Ж.
«» 200_ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ - ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
дИПЛОМ ҚОРҒАУШЫ: Какимова И. Е. (қолы, мерзімі)
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Бимендина М. К.
(қолы, мерзімі)
Көкшетау, 2009
Қысқартулардың, арнайы терминдердің тізімдемесі
БК (б) П - Біріккен Кеңестік болшевиктер партиясы.
ҒА - Ғылым Академия.
Степлаг - Далалық лагерь.
Карлаг - Қарағанды лагері.
К (б) П - Коммунистік болшевиктер партиясы.
КПСС -Кеңес Одағының коммунистік партиясы.
ҚР - Қазақстан Республикасы.
КСР - Кеңес социалистік Республика.
КСРО - Кеңес социалистік Республика Одағы.
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы.
МАЗМҰН
КІРІСПЕ 4
1 АСА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ - Қ. И. СӘТБАЕВТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ 7
1. 1 Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың және оның ғылыми еңбектерінің қазіргі уақыттағы зерттелуі 7
1. 2 Қазақстанның тұңғыш академик, ғалымның өмірі 17
1. 3 Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылымдағы алғашқы ағартушылық еңбектері 24
1. 4 Қ. И. Сәтбаев 40-50-ші жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінде 31
2 ҒЫЛЫМИ ПРОГРЕСТІҢ ІРІ ҚАЙРАТКЕРІ 39
2. 1 Қазақ Ғылым Академиясы 39
2. 2 Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі 44
2. 3 Қазақстан Ғылымының атасы 51
2. 4 Жезқазған жезі ашылуының, ғылымдағы үлесі 54
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 65
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми және ғылымға сіңірген ағартушылық еңбектерінің жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі және оның қоғам арасында аз таралуы. Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық ұстаз ретінде аз зерттелуі. Кеңестік мемлекеттер Одағының, сондай-ақ Қазақстан ғылымының дамуына қосқан зор еңбегінің келер ұрпаққа жеткілікті де, ашық түрде аз баяндалуы. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қоғам ортасында жеткілікті деңгейде танымал болмауы. Жастар арасында жүргізілген сұрақ нәтижесі бойынша, яғни жастардың белгілі бір бөлігі Қаныш Сәтбаевтың геолог, географ, академик, қоғам қайраткері ретінде біледі. Бірақ оның сол қызметтерді қандай деңгейде атқарғандығын, оның еңбектерін білмейді.
Зерттеудің мақсаты. Қаныш Сәтбаевтың өмір мен ғылыми жұмыстарын зерттеп, қоғам арасында және келер ұрпақ иелігіне баға жетпес мұра ретінде қалдыруға қол жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды:
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми жұмыстарына талдау жасау;
- Өзге ғалымдар мен олардың еңбегін ой елігіне өткізу;
- Ғалымның басқа да ғылыми салалардың дамуына қосқан зор үлесіне ғылыми талдау жасау;
- Ғылыми-педагогикалық ұстаз ретіндегі Қаныш Сәтбаевтың ғылыми-ағартушылық білгір маман иесі екендігін сипаттама жасау.
Зерттеудің объектісі. Зерттеудің объектісі болып қазақ қоғамында ерекше орын алатын маңызды тұлғалардың бірі, ғылымның әр саласындағы мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлгендігін, ағалық қамқорлығы мен мейірімділігін көрсеткен, ерекше дарын иесі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Зерттеу пәні - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметінің тақырыптық мазмұндылығы.
Зерттеудің әдістері: ғылыми зерттеудің әмбебап әдістеріне - тарихилық, объективтілік, жүйелілік, логикалық принциптерін қою. Таихилық принципіне сүйену арқылы қоғам, саясат, идеология, экономикамен байланысын ғылыми талдауға түсіру. Объективтілік принципін қолданудың нәтижесінде отандық тарихнамада терең зерттелмеген шынайы болмыс-бітімін ашуға қол жеткізу. Хронологиялық, тарихи салыстыру ғылыми әдістерін алға тарту. Зерттеудің әдіснамалық принципінің сан-алуандығын қамтамасыз ету арқылы ғылыми мәселенің кешенді зерттелуіне жол ашу.
Ғылыми жаңалығы. Геологиялық барлау мамандығы бойынша, Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ. Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы, ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді.
Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы, кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген, тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде, Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз, жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Кеңестің геолог-ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зор еңбегін ескере отырып және 1989 жылы оның туғаныны 90 жыл толуына байланысты Қазақ ССР Министрлер кеңесі мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының ғалымдар үйінде академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы ашылды.
Алматы қалалық атқару комитеті мен оған мүдделі министірліктер және ведомстволармен бірлесе отырып, конкурстық негізде Алматыда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ескерткішін жасады.
Қ. И. Сәтбаевтың 90 жылдығына орай оның өмірі мен қызметі туралы деректі фильм жасап шығарды.
Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 АСА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ - Қ. И. СӘТБАЕВТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың және оның ғылыми еңбектерінің қазіргі уақыттағы зерттелуі
Ғасырлар бойы мемлекет болуды аңсаған халқымыздың асыл арманы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында тарихи айғақ ретінде еліміздің тәуелсіздік алуымен іске асқан еді. Кеңестік Ресейде еліміздің тарихы белшесінен басылып ауыр да, қасіретті кезеңдерді басынан өткізді. Бұрмалау мен идеологияландырудың науқанына ұшыраған тарихымызды қайтадан тарихи шындық ретінде жазу болашақ еншісінде қалып еді.
Тәуелсіз ел болып, етек шапқан еліміз халық болашағы үшін сабақ болар Кеңес дәуірінде көмескеленіп, бұрмалауға ұшыраған ата-бабаларымыздан қалған асыл тарихымызды, жас ұрпақ игілігіне қайтадан жандандыруға мүмкіндік алды.
Халқымыздың төл тарихының әр бетін ашсақ та, ел қамын ойлап, елім деген ұлт зиялаларына толы екеніне көз жеткізу болады. Менің осы ғылыми жұмысымның өзектілігіне көкейтесті мәселеге айналған, жоғарыда аталған қазақтың қоғам қайраткердің бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
1999 жылы Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевқа 100 жыл толуына байланысты өтілген конференцияда жарияланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзінде былай делінген: « Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - кешегі Кеңес Одағының ғана емес, өтіп бара жатқан ғасырдың ұлы адамдардың бірі. Ол даналығы мен қажылы еңбегінің арқасында Қазақстандағы геологтер мектебінің іргетасын қалап, оның көшбастаушысы болды, геология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты. Тап осындай заңғар биікке Қазақстаннан да, қазақтардың арасынан да ешбір адам көтерілген емес ».
Шапық Шөкин,
Көрнекті энергетик ғалым,
Қазақстан Ғылым академиясының
Қаныш Сәтбаевтан кейінгі 1964-67
жылдардағы президент
Бұл дүниеде белгілі бір адамның өзгелерден бір адамның өзгешелерден несімен және қаншалықты артық-кем айырмасы болатынын көзі тірісінде біліп, тани қою, бірлі-жарымды кісілер болмаса, көрінгенде бола бермейтін қасиет. Ой-сананың шолақтығынан ба, күнделікті іс ағымынан ба, әлде, ең дұрысы, жастық жігерге еліткен кәсіби менмендіктен бе, әйтеуір, Сәтбаевтың сау-саламат кезінде, мен, оның туған халқына рухани қазынасын ашу ісінде қандай рөл атқарғанын түсінуге жақындай алмаппын. Әрине, теңестіре отырып талдау жасауға бақылап-барлаудың жетіспегендігі кешірімді дәлел бола алатын да шығар. Бірақ онсыз да бар нәрсені біле білмейсің, алдыңда не болатынын көре бермейсін. Сондағы айтайын дегенім, тап бүгінгі күннің өзінде мен академиямыздың президентінің күллі мұрасын жан-жақты қамтып, қорытынды жасауға батылдығым жетпейді.
Академияның қалың ортасында тер төгіп, ұзақ істеп жүргенде, мен өзімнен түсініксіз бір әдетті байқадым. Жас ұлғайып, ғылыми кемелденіп толыса түстім, сонда өзімнің президент мәнеріне еркімнен тыс еліктейтінімді байқадым. Еліктеймін деп солықтап қалған жерім болса - ол өзге әңгіме. Есте қалған бір нәрсе; жыл өткен сайын, төңірегімді бақылай жүріп, енді, бәлкім, тап осындай кең құлашты адаммен кездесу бақыты бола қоймас - деген бір имандай сенім қорланып жинала берді. Әрине, сол жылдары мұндай қорытындыға келген тек жалғыз мен ғана емеспін. Мұндай пікірге азды-көпті ескертпелерін айта отырып, академиктің Геология институтында бірге істеген қызметкерлері, академиядағы әріптестері мен докторы, Мәскеу мен Ленинградтың, одақтас республикалардың ғалымдары да қосылатын. Одақтық академиядағы дос-жарандары оның республика зиялылары арасындағы лидерлігін солай болуға тиісті ретінде қабылдап қана қоймай, Сәтбаевтың өз басын отандық ғылымының ең даңқты есімдері ішінен ерекшелеп бөліп айтатын. В. Комаров, И. Бардин, С. Вавилов, В. Обручев, К. Скрябин, А. Иоффе, М. Келдыш сиықты академиктер Қаныш Имантайұлын жоғары бағалайтын. /Ғылым классиктері аттарын тізе берсек, ол көп орын алуы мүмкін, сондықтан да осымен шектелемін/. Мен - академик пен бірінші вице-президент А. Топчиевтің шын көңілден табысқан, сырлас дос болғанын өз көзіммен көрген адаммын. Александр Васильевич пен Қаныш Имантайұлы академия рөлін ұғып-түсіруге келгенде ой-толғамдары бір жерден шығатын пікірлес достар еді. Жұмыстан тыс кезде олар бір-біріне зиялылықпен қарап, ештеңені бүкпей, толық сеніммен ашық сөйлесетін.
Ой-пікір алыптары Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесін бағалап, оның республикадағы лидерлігін мойындағанда, оның қайталанбас дарын-таланты мен айырықша ұйымдастыру қабілеті үшін ғана мойындап қоймаған, оны айырықша мойындайтын себебі - Қаныш Имантайұлы сол лидерлігін қара басының қамына пайдаланады деп күдіктенуге зәрредей де желеу бермеген. Егер байыптап ойласақ, оның іс-әрекетінен «пайдакүнемдік» элементтерін көруге болар еді. Мәселен, одақтық академияның Төралқасы түгел Алматыға көшіп келген соғыс кезін алайық. ҒА-сы Қазақ филиалының төрағасы, мүмкін болғанынша, Комаров бастаған академиктерді республика академиясын көруге, Қазақстанда кең тармақты ғылыми база жасау үшін реті келген кездері пайдаланып отыруға тырысты. Бұл трагедиялық жағдай тудырған мүмкіндік болатын. Ол сол мүмкіндікті текке жібермеді. Әлбетте, Сәтбаев академиктерге бірде ана, бірде мына мәселені тапсырып отырмады, бұл оның әдетімен сиыспайтын еді. Жоқ, мұның бәрі табиғи түрде, қиын уақыттың кезек күттіруге болмайтын проблемаларын шешу ісімен үйлестіріле жүргізілді. Соғыстың бас кезінде Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің шешімін КСРО ҒА-ның Сібір, Қазақстан мен Орал ресурстарын жұмылдыру жөніндегі комссиясы құрылды. Қаныш Имантайұлы комиссия жұмысына жергілікті ғылыми кадрлардан кімді қалай пайдалану үшін қажетті адамдарды іріктеп алып ұсынды да. Үлкен оқымыстылар жүргізген іздеу мен зерттеу жұмыстарына қатысуы қазақстандық жастарға игі әсерін тигізді. Мұнда республика ғалымдары материалды өздігінен дербес игеру машығына, оларды іске жарата білу шеберлігіне пәрменді түрде жаттыға бастады, бұл оларға халық шаруашылығының шұғыл міндеттерін шешуге қажет еді. Қазақ филиалы жетекшісінің ұсынысымен Төралқаның жетекші мамандарын қатыстыра отырып, семинарлар, дәрістер өткізілді. Ал, республиканың қоғамдық өміріне қатысу жүйесі Академиктердің өздері үшін де пайдалы және үйреншікті іс еді. Республика Ғылым академиясының қырық алтыншы жылғы ашылу сәтіне Қазақстан жас ғылымының құр қол келмегеніне - КСРО ҒА-ның Төралқасы мен біздің академияның бірінші Президентінің қосқан үлестері бірдей.
Президент кейінгі жылдары да елдің ең таңдаулы мамандарын біздің Академия істеріне талай рет тартып отырды. Елуінші, алпысыншы жылдары ол тағы сол «бас қамын ойлап» КСРО ҒА Төралқасының басшылығына тыныштық бермей қоймады. Сәтбаев Төралқа комиссиясын Алматыға шақыруды ережеге айналдырған еді. Қауырт істер әр уақытта көп болады, ал республика ғылымының ертеңі жөніндегі мәселені ол ұдайы бірінші орынға қоятын. Ғылымда томаға-тұйық қалудың қаншалықты зиянды екенін анық білетін Қанекең, комиссиялардың келуін республика ғылымының сол кезде енді туып келе жатқан салаларын зерттеудің басты жолдарына шығару әдістерінің бірі деп білді. Комиссия мүшелері - академиктер біздің проблемаларымызды алыстағы Мәскеуде отырып қарағаннан гөрі, жақыннан соны көзбен қарағанда, ол әлдеқайда айқын, бедерленіп көрінер еді. Бізде нендей нәрсенің «өз дәрежесінде», ненің ақсап жатқанын анықтап білгеннен кейін, Төралқа комиссиясы ой-пікірлері мен ақыл-кеңесін ортаға салып қоймай, Қазақстан ғалымдарына нақты көмек көрсету туралы шешім қабылдайтын. Сәтбаевтің «құлығы» елдің бәріне анық көрініп тұратын. Оның сүйікті ісіне осылай шексіз берілгендігін үлкен ғалымдар көрмей тұра алмайтын. Бұл қасиет оны аса көрнекті ойшылдар ішінен ерекше даралап көрсететін, ал олардың құрметіне бөлену мүлде өзгеше тұлғаның ғана қолынан келеді. Қаныш Имантайұлы абырой-беделінің биік болғанын оның КСРО ҒА-ның Төралқасына Топчиев, Иоффе, Ландау, Капица сияқты алыптармен бірге, бір ауыздан сайланғанынан көруге болады, сол Төралқаның өзінде ол аса сирек кездесетін біртумалығымен, шамырқанмен шабытымен ерекшеленіп тұратын.
Жұрт ол кісіге үйір болды. Оны баяғыдан бері білетіндер де, енді-енді көрісіп, бірер ауыз тілдескендер де игі жақсының шарапатына разы болып, жаны жайланар еді. Шыққан тегі мен атақ-дәрежесіне қарамай Қанекең кез келген кісінің көңілін аулайтын жылы сөзі дайын тұратын. Көп адамдар: кездейсоқ кісі де, академияның қатардағы дәйекшісі де оны жақын досымыз деп есептейтін. Оның тірлікте ең басты қуанышының бірі адамдармен араласып, емен-жарқын сөйлесу еді. «Жақсыда жаттық жоқ» - дейді халық. Мейірім-шарапаты жүзінен төгіліп тұратын Канекеңнің маңынан жұрт үйіріліп шықпайтын, оның ізгі жаны содан зор ғанибет тапқандай болатын.
Жастайынан тікелей өндірісте істеген Қанекең Академиялық зерттеулер қажеттігін жұрттың бәрінен де тереңірек түсінетін. Сонда ол іргелі ғылымға зияң тигізбеу жағын қарастыратын, Қанекең оның дамуына елден ерек, айрықша маңыз беретін. Практикалық және теориялық жұмыстарды шебер үйлестіру - Республика Академиясын ғылыми проблемаларының шеңберін айқындау ісінің негізі болған принцип, міне, осы еді. Сәтбаев басшылық еткен Геология институтындағы ғылыми жұмыстың жартысы геологиялық - барлау ұйымдары мен шаруашылық келісім-шарттар бойынша жүргізілетін. Академиялық институттарды тұтас алғанда, шаруашылық шаралармен жасалатын тақырыптар үлесі ол президент болып істеген жылдары бүкіл ғылыми жұмыстың жалпы көлемінің үштен біріндей болатын. Сәтбаевтің энциклопедиялық білімі өндірістің келешек қажетін алдын ала көріп-білетін қабілет-дарыны Академияның негізгі ғылыми күшін жұмсаудың басты бағытын іс жүзіне дейін айна қатесіз таңдап алуға толық мүмкіндік беретін.
Алайда оның геологияны жақсы көретіні Президенттің көзіне шіркеу бола алмады. Ол Академия жүйесіндегі ғылымдар мен салалардың тәжірибелік базаларын дамыту, кадрларды даярлау ісінде осылардың бәріне бірдей мұқият қамқорлық жасап отырды. Химия, металлургия, тау-кен істері, топырақтану және тіл әдебиет институттары сәтімен өсіп өрбіді. Бұларда кейінірек республика ғылымының тірегіне айналған ғалымдар машық пен күш жинап жетілді. Сәтбаевтің Қазақстанда Ядролық физика институтын ұйымдастыру қажеттігіне негіздеп дәлелдей бастағаны әлі есімде. Ол кезде ғалымдар арасында да республика басшылығында Қазақстан ҒА-ның Төралқасы осы ұсынысымен провинциялық еліктеуден басқа ешбір мақсатты көздемейді деген пікір бар еді. Академия құрылымына бұрынғыдан бетер ажар-көрік беріп, оны салмақтандыру түсу үшін, республика ғылымының профиліне сай келмейтін модалы институт ашуды ойлаған Сәтбаев жұрттың бәріне өзінің прогреспен ілесе жүретінің көрсетпекші деген сыбыс тарады. ЯФИ-ның дұшпандарының дәлелдері үстірт қарағанда кісіге дәйекті болып көрінетін. Шыңында да бізде ядролық физика жөнінде тәжірибелі мамандар болмайтын. Және реактор да керек. Ал ядролы реакторларды салу тәжірибесі тіпті еліміздің өзінде аз еді. Қаныш Имантайұлы мұның бәрін білетін, бірақ қазақстан физиктері қарсылығының түпкі мәні оған мәлім еді. Істің түйіні мынадай еді: Ол кезде физика-техникалық институт барды. Ал ЯФИ-ын физтехтің негізінде ашу керек болды. Сол себепті де физтехтің әкімшілігі, ЯФИ-нің директоры келгіндерден болып кетуі мүмкін екенін ойлап, басшыларға барғыштауды жиілеткенді. Сәтбаевтің өз басы кадрлардың жоқтығын шешуші дәлелдеу деп есептемеді. Оған сүйене берсек - істі қашан бастайтынымыз белгісіз. Президентті ол кезде нақты ғылымдардың дүние жүзілік дәрежеден артта қалғандығы мазалаушы еді. Ғылымның мүддесі үшін, ол жергілікті ғалымдардың өзімшілдігіне назар аудармауға бел байлады. Институт ұйымдастыруға И. Курчатов, М. Миллионщиков, Н. Боголюбов сияқты академиктер көмектесті. Бүгінгі таңда біз президенттің көрегендігін, оның кез келген мәселені шешудегі табандылығын жоғары бағалаймыз. Қазір ЯФИ байсалды жетістіктермен республикадан тыс елдерге мәлім болған өзіндік ғылыми бет-бейнесі бар зерттеу орталығы. Алматы тұрғындары мен астана қонақтары Академия Төралқасының ғимараты жақсы таныс. Республика Ғылым Академиясын ұйымдастыру жөніндегі қаулы шығысымен, Сәтбаев оған арнап үй салдыру жөніндегі ой тереңіне жомып көп толғанды. Оның пікірінше, Төралқа үйінің фасады мен интерьері табиғатты түсініп білудің динамизмін, адам ойының ұлылығын бейнелеуі керек. Ғимарат сол маңайдағы архитектуралық айналаның үстінен қарап, айдынданып тұруға тиіс еді. Бірақ ол кезде архитектуралық айнала дегеннің өзі жоқ еді. Кісі бойындай қурай мен алаботалар арасынан қисайма тоқал тамдар мен қақыралар көрінетін. Алматыдағы үш қабат кірпіш үйлер саусақпен санарлықтай ғана. Жобалау ісіне Щусевтің өзін тарту үшін, туған қалаңның алыстағы, жетпісінші, сексенінші жылдардағы болашағын көзбен көргендей елестету керек еді. Десе де, бас сәулетшінің келісімін алу оңай болмайтын. Архитектура алыбының тапсырмасы басынан алып жататын. Оның үстіне жасы да ұлғайған еді. Ал, Қаныш Имантайұлы архитекторды рухтандырып, оған тусырап жатқан бос жерге тұтас қалашық салатындай-ақ оны қатты еліктіреді. Алексей Викторовичтің келісімін алысымен, Сәтбаев өзінің оған Төралқа үйін жобалауда ескерілуге тиісті этникалық концепциясын баяндап береді. Мәскеуге бір барғанында ол мені де Алексей Викторовичтің шеберханасына ала барды. Архитектор көмекшілерімен бірге біздің жоба эскиздерін талқылағаннан кейін, құрылыс үшін жобалау құжаттарын мерзімінде тапсыра алсақ жақсы болар еді деген ойын айтты. Бір реті келгенде мен даңғайыр шеберден: «Сіз Академия сәулетін қалай көрсетпекшісіз?» - деп сұрағанымда, Алексей Викторович:
- Жас жігіт, Академия үйінің ұлылығын біз оның кіре берісі, вестибюлі және қабылдау бөлмелі арқылы беруді ойладық. Кең аумақты, төбесі биік вестибюль ғылым ғимаратына кірген кісіні бірден бойын жинап ала коюға шақырады. Ал, сыйымды қабылдау бөлмесі келушілерге президент айналасып отырған істі құрметтеу керек екенін сездіреді. Меніңше, дұрыс сияқты. Әлде дұрыс емес пе? - деді әрбір сөзін нығарлай сөйлеп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz