ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
География және экология кафедрасы
диплом жұмысы
Қарағанды облысының геоэкологиялыҚ жағдайы
Орындаған:
ЗГ-51 тобының студенті Митинг А.
Ғылыми жетекші:
Аға окытушы
Шаймерденов М.К.
КОКШЕТАУ – 2009

Қорғауға жіберілді:
_________________2009 ж.
Кафедра меңгерушісі:
___________________
г.ғ.к., доцент С.У. Жетписов

Кокшетау– 2009
Жоспар
Кіріспе
1-тарау . Қарағанды облысының жалпы табиғи сипаттамасы
1.1. Географиялық орны және рельефі
1.2. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары.
1.3. Климаты
1.4. Жер бетіндегі ағын
1.5. Топырағы
1.6. Өсімдігі
1.7. Жануарлар әлемі
2- тарау. Геоэкологиялық зертеулер және геоэкологиялық жағдайы
2.1. Геоэкологияның пайда болуы және дамуы
2.2. Геоэкологиялық зертеулердің барысы
2.3. Қарағанды облысының геоэкологиялық жағдайы
3 –тарау. Геоэкология ілімінің даму перспективасы, экологиялық мәселердің
жақсату жолдары
3.1. Геоэкологияның зерттеу және дамуындағы
жақын перспективадағы жағдайлары
3.2 .Экологиялық жағдайлардың жақсарту жолдары
3.3. Экологиялық болжау белгілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Табиғатты пайдалану саласында нарықтық қатынастардың ең бір үлкен
әсері, табиғат ресурстарының геоэкологиялық жағдайын қадағалау. Ал нарықтық
экономикаға көшу, әрине, табиғат ресурстарын тек экономикалық тұрғыдан
бағалауды емес, аймақтық үйлесімін геоэкологиялық тұрғыдан бағалауды қажет
етеді.
Қазіргі уақытта табиғат ресурстарын бағалаудың теориялық, методикалық
және практикалық бағытта дамуын, белгілі бір ауданның, территорияның
көлемінде, сол жерлерде орналасқан табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімін
географиялық-экологиялық тұрғыдан бағалануын бүгінгі күннің көкейтесті
мәселесі деп қарау керек. Өйткені, кеңестік кезеңдегі әрбір өндіріс саласы
өзіне ғана қажетті шикізат көзін пайдаланып, қоршаған ортаға да кері әсерін
көрсеткен..
Ал қазіргі нарық тұсында экономиканың ауыртпалығы белгілі бір
экономикалық аудандарға түсіп, сол жердегі өндіріс салалары бірігіп,
табиғат ресурстарын барынша толық, біріне – бірін ұштастырып пайдаланған
шақта ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы тұрғыдан алып
қарағанда белгілі бір аймақта орналасқан табиғат ресурстарының шоғырын,
үйлесімін дұрыс бағалай білсек сонда ғана жалпы табиғат ресурстарын
экономикалық та, географиялық та тұрғыдан тиімді пайдалануға болады.
Бұл тұрғыдан алып қарағанда біз қарастырып отырған Қарағанды облысының
табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімін экономикалық – географиялық
тұрғыдан бағалау ең өзекті мәселе.
Дипломдық жұмысыма қажетті материалдарды Қарағанды облысының аумақтық
қоршаған ортаны қорғау басқармасының алып және бірнеше статистикалық,
әкімшілік деректерді қолдандым.
Диплом жұмысымның мақсаты: Қарағанды облысының қәзіргі кездегі
геоэкологиялық жағдайын талдап, жақын перспективадағы жақсарту жөніндегі
шараларды белгілеу.
Осы мақсатты орындауында, келесі міңдеттер қаралды:
- Қарағанды облысының жалпы табиғи сипаттамасы қаралды;
- Алынған аймақтын геоэкологиялық зертеулері мен геоэкологиялық
жағдайы берілген;
- геоэкология ілімінің даму перспективасы, экологиялық
мәселердің жақсату жолдары көрсетілген
Дипломдық жұмысым кіріспеден, 3-тараудан, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінең тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі берілген.
1-тарауда Қарағанды облысына жалпы географиялық сипаттама қөрсетілген.
Алынған объектінің географиялық табиғи зандылықтары қалыптасқан.
2-тарау қаралған аймақтын негізгі геоэкологиялық жағдайы ұсынылған,
автордын зерртеулері осы жұмыстың мазмұнын құрайды
3-тарауда Қарағанды облысының геоэкологиялық жағдайына баға беріліп,
жақын перспективадағы қоршаған ортаны жақсарту жөніңдегі шаралар ұсынылған.
Қорытындыда барлық тараулар бойынша тұжырымдар көрсетілген, жұмыстың
барысындағы қиындықтарды көрсетіп, өзіңдік көзқарастарды ұсынды.
Диплом жұмысында келесі негізгі әдістер (методтар) қолданылды:
1) Хорологиялық (алынған объектінің географиялық және геоэкологиялық
сипаттамасы беріліп, құралдары рет бойыншы қалыптасқан).
2) Статистикалық (қажетті кестелер, диаграммалар берілген).
3) Геоэкологиялық принциптер (әрбір геоэкологиялық жағдайға осы тұрғыдан
жақсарту шаралары ұсынылады).
4) Салыстыру әдісі (Қарағанды облысын басқа Қазақстанның типтес
облыстарымен геоэкологиялық жағынан салыстыру).
5) Жүйелік талдау (Алынған объектінің жан-жақты карап, баға беру,
негативті процесстерді талқылау, экологиялық апатты көрсету).
6) Экологиялық болжау (прогноз).
Ұсынып отырған диплом жұмысымды келесі осы аймақ бойынша зерттелетін
геоэкологиялық ізденістерде қолдануға болады. Оқушыларға геоэкологиялық
тәрбие және білім берудегі оқу тәжірибесіне де пайдалануға тиісті.
Қарағанды облысының геоэкологиялық жағдайы өте төмендеп, қәзіргі кезде
бірнеше негативтік жағдайлармен көрінеді. Оның ішінде ауаның ластануы, жер
мен судын да жағдайы осындай. Автор өз жұмысында осы жағдайларды міндет
түрінде алып, туған жердің геоэкологиялық мәселесіне назар аударған.
Осы жұмыстын дайындау, жинақтау және жазу барысында - Қарағанды
облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының басты маманы Н.Б.
Жумашевке ризашылығымды білдіремін.
Диплом жұмысымнын ғылыми жетекшісі С.У. Жетписовке де алғысымды
білдіремін.
1-тарау. Қарағанды облысының жалпы табиғи сипаттамасы
1.1. Географиялық орны және рельефі
Қарағанды облысы Қазақтың қатпарлы таулы аймағында орналасқан. Бұл
аймақ геоморфологиялық және геологиялық ерекшеліктері жөнінен негізгі төрт
ауданға бөлінеді: облыстың солтүстік жағын Қазақтың ұсақ шоқылы өңірі (50
пайызға жуық) алып жатса, оңтүстікте – Бетпақдала үстіртінің солтүстік жағы
және солтүстікБалқаш жағалауының үстірті құрайды, ал оңтүстік-батысы –
Аралмаңы Қарақұмы алып жатыр.
Ұсақ шоқылы бұл аудандарда жер бедерінің басты түрі толқынды жазық
десек, бұрын олар өзендердің аңғары болған жерлер. Сондай-ақ мұнда жалпақ
жазықтар мен гранитті тау массивтері де кездеседі. Ұсақ шоқылы жерлердің
теңіз деңгейінен жалпы биіктігі – 350-500 м. Бұлардың ең биік бөлігі
облыстың шығыс аудандарында. Олар биіктігі 500-800 метрлік тау шыңдарынан
тұрады. Ең биігі Қарқаралы – 1358 м, Кент – 1367 м және Қызыларай.
Қызыларай – Орталық Қазақстанның ең биік тауы, ол теңіз деңгейінен 1565 м
биіктікте орналасқан.
Облыс жері геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген (абс. биіктігі
400-1000 м) табиғ аймақ – Сарыарқаның неғұрлым қыратты келген орталық
бөлігін қамтиды. Рельефі шоқыаралық ойпаңдармен, өзен аңғарларымен, құрғақ
өзен аңғарларымен, жыра-сайларды қуалап жер бетіне шығып жатқан ыза
суларымен, тұйық ойыстарымен, көл қазаншұңқырларымен күрделеніп отырады.
Берік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым
тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқылық палеозойдың орта тұсынан
бастап осы уақытқа дейін жалғасып келген ұсақ континеттік даму процесінің,
яғни докембрийлік, палеозойлық және неғұрлым кеш тектоникалық құрылымдардың
қарқынды бұзылуы, денудациялануы есебінен қалыптасты. Денудациялық
процестер таулы өңірді аласа тауларға, үгілмейтін тау жыныстарынан тұратын,
бір-бірінен оқшауланған тау массивтері бар көлемді көне пенепленге
айналдырды. Кайнозой-мезозой пенеплені әлсіз эпейрогендік қозғалыстарды
бірнеше рет басынан өткізді. Пенеплендену процесі және аздаған
неотектоникалық көтерілім облыс жерінде көлемді, тегістелген басты су
айрықтарын (оңтүстікте Балқаш-Ертіс, оңтүстік-батыста – Сарысу-Теңіз,
солтүстікте – Есіл-Ертіс) қалыптастырды. Тау жыныстарының сипаты мен жату
тереңдігіне орай ұсақ шоқылықтардың денудациялық пішіндері әр түрлі келеді.
Атап айтқанда, граниттер желдің үгу қасиеті әсерінен жартасты, тік өркешті,
дөңгелек және көпшік пішінді болып, ал ұзынан-ұзақ жатқан құмтас, әктас
және жанғыш тақтатас қабаттары қырқалы және жонды келеді. Ал қайталама
кварциттерге үшкір шыңдар (шоқылар) тән. Аккумуляциялық жазық үстінде
суффозиялық орлар мен кеуіп кететін көлдері бар дефляциялық қазаншұңқырлар
кең тараған. Өзен аңғарларының морфологиясы көбіне климаттық және
ландшафтық жағдайларға байланысты келеді. Облыс территориясы орография
бойынша шартты түрде Ульянов, Топар қала типтес поселкелерін қосатын деңгей
бойынша 2 бөлікке (батысы көбіне жазық, тегіс келген ұсақ шоқылы және
шығысы – қырқалы, нағыз ұсақ шоқылы) бөлінеді. Облыстың батыс бөлігін Есіл
мен Нұра өзендері аралығындағы ауқымды жерді алып жатқан және Теңіз-
Қорғалжын ойысына қарай еңістеу келетін денудациялы ұсақ шоқылы және
делювийлі-пролювийлі жалды-қырқалы су айрық жазығы қамтиды. Абсолюттік
биіктігі шығыста – 500 м, батыста – 400 м. Жазық үстінде мүжіліп,
тегістелген ұсақ шоқылар, жалдар мен жекелеген таулар оқшауланып тұрады,
олар: солтүстікте – Ақдің (809 м), Нияз (833 м), солтүстік-батыста – Мұзбел
(503), оңтүстік-шығыста – Найза (633), оңтүстікте – Ақшоқы (588) т.б.
Облыстың бұл бөлігіндегі жазық далалы өңір егістікке және мал жайылымына
игерілген. Бозды-бетегелі дала, сонымен қатар Нұра, Құланөтпес, Шідерті,
Есіл өзендерінің кең жайылмаларындағы және көл қазаншұңқырларындағы түрлі
шөпті шалғындар шабындыққа пайдаланылады. Облыс территориясының шығыс
бөлігі нағыз ұсақ шоқылы жіне биіктік белдеу элементтері байқалатын аласа
таулар келеді. Өңірдің оңтүстігі Нұра, Жарлы, Талды, Түндік өзендерінің
жоғарғы ағысында Үлкен Қарақуыс (1342), Кіші Қарақуыс (1327), Бүйіртас
(1267), Кешубай (1559), Қоңыртемірші (1369), Соран (1183) т.б. таулардан
құралған көтеріңкі келген таулы-ұсақ шоқылы су айрықтарынан тұрады.
Облыстың шығыс бөлігінің орта тұсынан батыстан шығысқа қарай Наршөккен
(1108), Ханқашты (1220), Түнғатар (1161), Қарқаралы (1403), Кент (1469),
Бақты (1176), Жақсы Абралы (1300) т.б. аласа тау тізбектері созылып жатыр.
Бұлардан солтүстігірек жеке-жеке оқшауланып Семізбұғы (1049), Айыр (793),
Желтау (959), Қу (Балқантау, 1366), Достар (1025), Арқалық (1064), Мыржық
(969) т.б. таулар орналасқан. Территорияның негізгі бөлігі жартасты, жалды-
қырқалы және қырқалы келген су айрықты-ұсақ шоқылы (абс. биікт. 500-700 м-
дей) және ұсақ шоқылы денудациялық жазықтан тұрады. Көтеріңкі бөлігі арал
күйінде орналасқан тауларда, аласа жері – тауаралық қазаншұңқырлар мен
(Қарасор, 621 м), өзен аңғарларына (400-600 м-дей) сай келеді.
1.2. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
Облыс территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық
Қазақстан палеозойдының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына
Шыңғыс-Тарбағатай мегантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі (шығыста),
Ерементау антиклинориі мен Семізбұғы синклинориі (солтүстікте), каледонид
пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі (Ерементау
антиклинориінен оңтүстікте), герциндік Теңіз ойысы мен Қарағанды
синклинориіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын СарысуТеңіз көтерілімі
жатады. Құрамында Спасск антиклинориі, Қарасор және Успен синклинориі,
Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің солтүстік доғасы кіретін герциндік
құрылымы Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан.
Бұл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жанғыш тақтатас,
вулканиттерден түзілген. Әр түрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары
бар интрузиялар жыныстары қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық
құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып
жатқан Қарағанды синклинориі. Бұл өңірде қазіргі кезде 30-дай өндірістік
кен орны орналасқан. Синклинорийдің орта тұсын Қарағанды көмір бассейні
алып жатыр. Қарағанды синклинориінің батыс бөлігі опырықты-синклинальды
девон және төменгі палеозойдың вулканогенді-терригенді қабаттарынан
түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталады.
Мұндай Самар және Завьяловка тас көмір кен орындары орналасқан. Опырық-
синклинальды шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен
шектелген. Бассейннен солтүстікте таман фамен және турней ярусының
карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан
түзілген брахисинклинальдардың және мульдарлардың көтеріңкі учаскелерімен
кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұста көміріндегі күл мөлшері жоғары
Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір
бассейнінің оңтүстік жиегінде қоғасын-мырышты руда жүлгелері мен Жалайыр
барит кен орны белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен металлургия, химия
және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әк тастың 20 кен орны
анықталды. Бұлардың қатарына барланып пайдалануға берілген Астахов,
Сарыапан, Волын, Оңтүстік Топар әк тас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршық
тас кен орындарының (Шахан, Оңтүстік Соқыр т.б.) негізгі зерттелген бөлігі
өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық
аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамсикалық бұйымдар, отқа төзімді
материалдар даярлауға пайдаланылады. Ақтас, Сасыққарасу саз балшық кен
орындары пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені
(Майқұдық, Қарабас, Аман кен орындары) жан-жақты зерттеліп, игерілуде.
Қарағанды синклинориінен оңтүстігірек Тектұрмас антиклинориінен солтүстікке
таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта (батысында Шерубайнұра өзенінен
шығысында Орталық Қазақстан жарылысына дейін) ұз. 250 км, ені 5-15 км-лік
Спасск жаншылу зонасы (Спасск тектоникалық зонасы, Спасск рудалы зонасы
орналасқан). Бұл зонада Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық
белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған қатпарлықты
қалыптастырған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені және 250-ден
астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды.
Пирофилит мәрмәр кендері де табылып, барланды. Зонаның оңтүстігіне таман
ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші
гранодиоритті интрузияларымен байланысы бар Нұра антиклинориінен
оңтүстігірек желге мүжілген жоғары протерозой гипербазиттернде никельге
рудалануы және хризопразалық минералдануы кем Тектұрмас антиклинориі
созылып жатыр. Спасск антиклинориі және Успен тектоникалық зонасының
Шыңғысалды антиклинориімен түйісер жерінде кремнийлі-карбонатты-терригендік
фамен шөгінділерінде баритті-қорғасынды-мырышты полиген кен орындары
шоғырланған Қарқаралы рудалы ауданы орналасқан. Гранит және жоғарғы фамен
туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремний-
пиритті-магнетитті-гематитті, скарнді-магнетитті кен орындары ұштасып
жатыр. Порфирлі гранитоидтардың ұсақ интрузияларында вольфрам, молибден-мыс
рудаларының ұсақ дақты жолағы, фаменнің кремнийлі-терригенді шөгінділерімен
ұштасып жатқан темір-марганецтің және қоғасын-мырыш рудаларының
стратиформдық белгілері, тотықты-карбонатты жыныстардың ұсақ
инфильтрациялық кен орындары белгілі. Жоғарғы палеозойлық лейкократтық
гарниттерінде бірегей кристалдардың белгілері кездеседі. Обылс жерінде
батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері опырық-
синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстың
бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан
түзілген. Көтерілімнің орталық бөлігін алып жатқан Шұбаркөл опырық-
синклиналіне күлділігі аз, қоры 2 млрд.т энергетикалық Шұбаркөл көмір кені
орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және
кірпіштік саз кендеріне сай келеді. Шыңғысалды синклинориі мен Шыңғыс-
Тарбағатай мегаитиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын облыстың шығыс
жартысы төменгі палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі
гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік
типті плутоногенді-гидротермальды рудалану және колчедандық типке
жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталады. Қарағанды облысы халық
шаруашылығының сумен қамтамасыз етілу балансында жер асты суы маңызды роль
атқарады. Жер асты суының пайдалануға неғұрлым қолайлы бөлігі Нұра,
Шерубайнұра, Жарлы, Талды, Түндік өзендерінің аллювийлік шөгінділеріне
жиналған. Юраның конгломерат-құмтас қабаттарында Қарағандыны сумен
жабдықтауға алынатын арынды су қоры жиналған. Түпкі тау жыныстары
жапсарларында орналасқан жарықшақтық типті жер асты сулары анағұрлым кең
таралған. Бұл өңірлерден сорылып алынған су елді мекендерді сумен қмтамасыз
етуге және шабындықтарды суландыруға пайдаланылады. Облыс жерінде
жарықшақтық типке жататын бірнеше минералды су көздері ашылып, зерттелді.
Олар – Жосалы, Темірсу (темір микрокомпоненті бар), Жартас минералды суы,
сонымен қатар тұйық Қарасор көлінің минералды суы мен шипалы балшығы.
1.3. Климаты
Климаты тым континеттік және қуаң келеді. Шуақты күндердің ұзақтығы
жылына 2300-2400 сағат, оның ең жоғарғы мәні шілде айына келеді.
Радиацияның жылдық жиынтық мәні 100 ккалсм2-дей, ал шашыранды радиациянікі
– 48 ккалсм2-ге дейін. Облыс жеріне ауа массасының 3 негізгі типі
(арктикалық, полярлық, тропиктік) емін-еркін әсер етеді. Жылдың суық
мезгілінде ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы күшті
әсер етеді. Қыста барлық бөлігінде ашық ауа райы қалыптасады. әдеттегідей
ауа райының көктемде сақталатын антициклондық режимі әсерінен күндіз ауа
температурасы жоғары, құрғақ желді келеді де, түнге қарай күрт салқындайды.
Көктемгі ауа райы құбылмалы. Жазда Орталық Қазақстанның далалық аймағы
үстінде ауаның қатты қызуы әсерінен бұлтсыз, қуаң, ыстық ауа райы орнайды.
Қаңтардың орташа температурасы солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай –
14,4оС-тан – 17,9оС-қа дейін ауытқып отырады. Ең төменгі температура
тиісінше – 45оС – 52оС. Шілденің орташа температурасы 18,5оС-тан (шығыста)
20,4оС (солтүстікте және батыста) аралығында, ең жоғарғы мәні 40оС-қа
жетеді. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері 1,2оС-тан 2,3оС-қа
дейін. Жылы маусымның ұзақтығы облыстың қыратты бөлігінде (таулы Қарқаралы
ауданында) 198 күннен солтүстік-батыс далалық өңірінде (жазық Нұра ауданы)
207-220 күнге дейін. Аязсыз маусымның ұзақтығы тиісінше 90-100 және 110-135
күнге тең. Ауаның неғұрлым жоғары салыстырмалы ылғалдылығы қыс айларында
байқалады. Облыс территориясы бойынша жылдың жылы мезгілінде ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай кемиді. Маусым-
шілдеде ауаның ең төменгі салыстырмалы ылғалдылығы байқалады (53-58 %).
Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жерінің көпшілік бөлігінде 230-300 мм,
ал шығыста 330 мм. Жауын-шашынның ең жоғарғы мөлшері шілдеге (41-57 мм), ең
төменгі мөлшері қаңтарға (8-18 мм) сай келеді. Желдің орташа жылдық
жылдамдығы 5,5 мсек. Жел жылдамдығының неғұрлым жоғарғы орташа айлық мәні
наурызға (6,8 мсек), сәл төмені ақпан мен желтоқсанға (6,5 және 6,1 мсек)
сай келеді. Жел жылдамдығының ең төменгі орташа айлық мәні тамызда (4,3
мсек) байқалады. Қарағандыда жел жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші (37
мсек) 20 жылда бір рет қайталанады. Жылдың суық мезгілінде жел режимі
негізінен сібір антициклонының батыс тармағының ықпалы әсерінен
қалыптасады. Жылдың жылы бөлігіндегі жел режимі болар-болмас сезілетін бар
депрессиясына байланысты келеді. Облыс территориясы үстінде найзағай
құбылысы жазда жиі-жиі, көктем мен күзге қарай бәсеңдеу қайталанып, дауыл,
нөсер және бұршақпен қатар жүреді. Мұнда жылына орташа мөлшерде 20-24 күн,
ал Қарқаралы өңірінде 28 күн найзағай жарқылдайды. Бұршақ жылдың жылы
мезгілінде ұзындығы мен ені бірнеше километрге созылатын белдеу бойынан
байқалады, және негізінен сирек түседі. Боран жиі болып тұрады, қыста
орташа есеппен 21-38, кей өңірлерде 50 күн боран соғады. Облыстың далалықө
өңірінде 20-38 күн шаңды дауыл, 16-28 күн тұман (Қарағандыда 37 күндей)
болады. Облыс климатының өте айқын байқалатын ерекшеліктерінің бірі –
қуаңшылық. Көкектен қыркүйекке дейінгі аралықта 60-100 күн аңызақ жел
соғады. Қарағанды мен облыс жерінде қыс кейбір жылдары тым қатал болып, 5-
5,5 айға созылады.Тұрақты қар жамылғысы әдетте ноябрьдің ортасында
қалыптасып, 120-150 күндей жатады. Қаңтарда аяз әжептәуір күшейеді – 20оС-
тық және одан да төмен аязды күндер саны облыс территориясы бойынша жылына
10-15 күннен 40-50 күнге дейін ауытқып отырады, ал кейбір жылдары айына 20-
25 күнге жетеді. Қар жамылғысының қалыңдығы 20-26 см, ал қар қалың түскен
жылдары 32-50 см-ге жетеді. Жазы 3-40 айға созылып, барлық жерде дерлік
ыссы әрі құрғақ болады. Ауа температурасы шілдеде 34-39оС, кейбір жылдары
40-43оС-қа дейін көтеріледі. Жаз маусымында түсетін атмосфералық жауын-
шашын жылдық мөлшердің 40%-ын алады. Жазғы жаңбыр көбіне нөсер күйінде
өтеді. Күз мезгілі қыркүйектің басынан басталып, қазанның аяғына дейін
созылады және жазбен салыстырғанда тым қуаң болады.
Қоңыржай жылы, ұсақ шоқылы – қуаң аудан Сарыарқаның неғұрлым аласа
бөлігін қамтиды. Гидротермиялық коэффиценті 0,7-0,8-ге тең. 10оС-тан жоғары
температураның жиынтығы 2000-2600оС.
1.4. Жер бетіндегі ағын
Өзендері ағынсыз тұйық көлдердің (Теңіз, Қарасор) және Ертіс
алаптарына жатады. Өзен торының жиілігі 0,07-0,09 кмкм2. Облыстағы өзендер
мен бұлақтардың 1800-ге жуығының ұзындығы 10 км-ден кем, 365 өзен 10-нан
100 км-ге дейін, ал 11 өзеннің ұзындығы 100 км-ден асады. Басты су
артериясы болып Нұра өзені саналады. Ірі өзендер қатарына сондай-ақ Түндік,
Талды, Жарлы, Құланөтпес өзендері де жатады. Облыстың оңтүстік және
оңтүстік-шығысында аласа таулы рельеф басым болуына байланысты өзендері
негізінен солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай ағады. Өзендерінің
барлығы қар суымен қоректенетін Қазақстанның кәдімгі жазық өңір өзендеріне
жатады. Су режиміндегі басты ерекшелік – көкектің бірінші ширегінде
басталатын көктемгі су тасу. Өзендердің жылдық ағынының негізгі бөлігі (70-
95%-ы) көктемге келеді. Жазғы төменгі деңгей кезінде өзендер тым таяздап,
қара суларға бөлініп, суының тұздылығы артады, кейбірі тартылып қалады.
Өзендер қарашада толық қатады. Мол сулы жылдары бірқатар өзендер 0,5-0,6 км-
ге, ал Нұра өзінің төменгі ағысында 2 км-ге дейін жайылып кетеді. Өзен
арналарының ені 15-30 м-ден 50-70 м-ге (ірі өзендер) жетеді. Тереңдіктері
әдетте 3-5 м-ден аспайды.
Көлдері. Облыс территориясында 1300-ге жуық көл бар, олардың ішінде
100 көлдің ауданы 1 км2-тен асады. Аласа таулы және қырқалы суайрықтар мен
үлкен тұйық алаптардағыға қарағанда өзен аңғарлары мен арналары бойындағы
көлдер кеңірек таралған. Айдындардың ауданы 0,5-1,5 км2-лік ұсақ көлдер
қуаң жылдары кеуіп қалады. Көл суының минералдылығы 1гл-ден 10гл-ге дейін
ауытқып отырады. Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аласа таулы және
қырқалы суайрықтарындағы көлдердің қазаншұңқырлары жайдақ, жағалары аласа
келеді. Қуаң жылдары ұсақ көлдері кеуіп қалады. Неғұрлым тереңірек көлдерде
(Үлкенкөл) су бүкіл жыл бойы сақталады. Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер
беткі және жер асты суы ағындарының базисі болып саналады. Солардың ең
ірісі Қарқаралы қаласынан солтүстікте жатқан Қарасор адырлы-жазықты тұйық
ойыс. Ол өңірде 50-ге жуық көл бар (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл т.б.) су
айдындарының орташа тереңдігі 1 метр, кей жерде 4-5 м-ге дейін барады.
Суының минералдылығы 35-41 гл. Көл түбінде емдеу орындарында
пайдаланылатын күкіртті-сутекті шипалы сұр балшық тұнған. Көл суын
пайдалану шектелген. Облысты сумен қамтамасыз ету балансында Нұра мен
Шерубайнұра өзендерінде салынған бөгендер мен кңаналдар (Самарқан бөгені,
Шерубайнұра бөгені) сол сияқты оншақты ұсақ тоғандар маңызды рол атқарады.
1973жылдан обылыс территориясында Қарағанды мен Теміртау қалаларын ауыс
сумен қамтамасыз ететін ірі гидротехникалық құрылыс – Ертіс-Қарағанды
каналы жұмыс істейді.
1.5. Топырағы
Облыс территориясында ойдым-ойдым кездесетін қара шірінділі қабатының
қалыңдығы 41 см-дей оңтүстіктің қара топырағын есептемегенде негізінен
қызыл-қоңыр топырақ басым келеді. Зоналық қызыл-қоңыр топырақ арасында
интерзоналық топырақ, сортаң топырақ, шалғынды топырақ және оның
комплекстері таралған. Аласа таулар мен ұсақ шоқылықтарда таудың қара
топырағы қалыптасқан. Күнгірт-қызыл топырақ көтеріңкі келген суайрықты
жазықтарда таралған, қара шірінді мөлшері 2,5-4%. Саздық және карбонатты
саз мөлшерінің көптгіне байланысты жел эрозиясына ұшырап отырады. Бұлар
біршама құнарлы топырақ түрлеріне жатады. Күнгір қызыл топырақ облыстың
шығыс бөлігінде таралған. Қатты жыныстардың, не олардың үгінділерінің
сыртқы қабаттан 40-80 см тереңдікте жатуы бұл топырақ түрінің өзіндік
ерекшелігі болып табылады. ӨҚызыл қоңыр топырақ облыстың оңтүстігінде басым
келеді. Қара шірінділі гаризонттың қалыңдығы 25-45 см, ондағы қара шірінді
мөлшері 2-3%. Жыртылған жері дәнді дақыл өсіруге пайдаланылады, дегенмен
тәлімі егіншіліктің түсімі тұрақсыз келеді. Күңгірт қызыл қоңыр топырақ
ұсақ шоқылар аралығындағы барлық жерде тығыз жыныстар бетінде 5-30 см
тереңдікке таралған. Жайылымдық жер терінде пайдаланыларды. Аласа таулы
аймақта таудың күңгірт қызыл топырағы қамтиды. Шалғынды топырақ шағын
учаскелер күйінде жер асты сулары жақын жатқан жерлерде (өзен
жайылымдарында, тау етектерінде т.б.) кездеседі. Қара шірінділі топырақтың
қалыңдығы 32-50 см, қара шірінді мөлшері 5-8% аралығында. Шалғын топырақты
аймақ негізінен шабындыққа, ішінара жайылымға пайдаланылады. Қара шіріндісі
5-2% келетін сор топырақ рельефтің әртүрлі элементтерімен бірге кездеседі.
Жер бетінің күшті тілімденуі, ойыстар мен өзен аңғарларының көптігі,
атмосфералық жауын-шашынның көбірек түсуі және жер асты суының молдығы
шалғынды-далалық топырақтың кеңірек таралуына себебін тигізеді. Шалғынды-
далалық топырақ ылғалға және қоректік заттарға бай, сондықтан егіншілік
үшін қолайлы келеді.
1.6. Өсімдігі
Облыс флорасында 78 тұқымдасқа жататын гүлді өсімдіктің 850 түрі
кездеседі. Оның ішінде астра тұқымдасына 121 түрі, астық тұқымдасына 63
түр, бұршақ тұқымдасына 62 түр, алабұталар тұқымдасына 60 түр кіреді.
Өсімдіктердің эндемик түрлерінен кездесетіндері: қазақстан астрагалы,
қарқаралы бөріқарақаты, қарқаралы бидайығы, қарқаралы сылдыршөбі. Облыс
территориясы боздың-бетегелі дала қалыптасқан. Саздақ тоқан. Күңгірт қызыл
топырақ үстінде шымдастық тұқымдасты дала көбірек таралған. Кең өзен
аңғарлдарындағы құмдақ топырақ бетінде жусан, бетеге, леселинг қауы,
шашақты қаңбақ, дала шалфейі, ұзын жапырақты құмдақ шөп өскен әртүрлі
шөпті, жусанды-бозды-бетегелі дала қалыптасқан. Саздақ топырақ тараған
өңірде қылтаң селеу өскен селеулі-бетегелі даланың петрофитті түрі
қалыптасуда. Шоқылардың бетегелерінде аласа қараған мен бұта қараған
басымырақ бұталы дала дамыған. Басқа бұталы өсімдіктерден бүрген, шайқурай,
тобылғы, ұсақ жапырақ ұшқат жиі кездеседі. Қара шіріндісі орташа қара
топырақ үстінде дамыған әртүрлі шөпті, астық тұқымдасты дала, облыстың
солтүстік-шығыс бөлігіндегі Семізбұғы тауының маңындағы толып жатқан сай-
жыралар бойында орналасқан. Көпшілік бөлігі жыртылған. Өсімдік жамылғысында
бетеге, қоңырбас басымырақ өседі. Сор мен сортаң топырақ ты жерелерде жусан
мен көкпек үстем келеді. Нұра, Шерубайнұра, Ащысу, Талды өзендерінің
жайылмасында бұталы өсімдіктер (көктал, ұшқат, итмұрын) таралған. Қарағайлы
және қайыңды орман Сарыарқаның неғұрлым көтеріңкі бөлігінде (ерементау,
Қызылтау, Қу, Кент, Қарқаралы, Бақты) өседі. Қу және Кент тауларында
биіктік белдеудің іздері байқалады. Тау бастарында субальпілік
өсімдіктердің жұрнақтары сақталған. Қазақ ССР қызыл кітабына енгізілген
сирек кездесетін өсімдіктер кездеседі. Шоқылар арасындағы сайларда қар мен
жел әсерінен діндері қисая бұралған биші қайың тоғай өседі. Осындай бір
ерекше тоғайлы сай-сала Ботақара өңірі табиғат ескерткіші болып жарияланды.
Ерементау флорасының ішінде жабысқақ қанды ағаш реликт орманы маңызды орын
алады.
1.7. Жануарлар әлемі
Облыс территориясында сүт қоректілердің 60-қа жуық, құстардың 200-дей,
бауырымен жорғалаушылардың 10, қосмекенділердің 4, балықтардың 20-дай түрі
кездеседі. Мұнда төменгідей жануарлар ареалының шекаралары өтеді: сұр суыр,
сұр тышқан тараған батыс шегі; суыр, ор қоян, жоңғар аламаны, ақ шіл
тараған оңтүстік шегі; сұр суыр, сар шұнақ, Эверсман атжалманы, қосаяқ
тұқымдастар, әртүрлі кесірткелер, барылдақ ала торғай, үнді сырқас торғайы,
қызылқұйрық, сары торғай тараған солтүстік шегі. Молодежный, Осакаровка
және Ульянов аудандары жерінде орманды-далалы ландшафт таралған. Мына
кемірушілер, жыртқыштар, қоян тәрізділер және тұяқтылар тән келеді.
Кемірушілерден сұр тышқан көп кездеседі. Астық тұқымдасты түрлі шөпті
далалық өңірде сар шұнақ пен қосаяқ мекендейді. Орманды даланың шүйгін шөбі
мен бұталары, қыс мезгіліндегі қардан жұқалығы еліктің кеңірек таралуына
жағдай жасайды. Құстардан қайыңды ормандарда шіл, ақбас сары торғай, мысық
торғай, насекомдардан – қайыңның құмырсқа шыбыны, мүр көбелек, мүйіз құйрық
қоңыз, зауза қоңыз таралған. Ашық өңірлерде суыр, шалғындар мен орман
шеттерінде су егеуқұйрығы кездеседі. Ұсақ кемірушелерден басқа бас сұр
тышқан мен ала қоржын көбірек таралған. Тұқым қоректі кемірушілерден
шалғындар мен орманның шеттерінде қысқа қарай түсін өзгертетін сұр түсті
жоңғар аламаны ормандар мен бұталар арасында кәдімгі тышқандар мекендейді.
Қояндардан аққоян жиі кездеседі. Орманды далаға тән жануарлар – сібір елігі
мен дала күзені, өзен аңғарлары бастады. Орманды далада түлкі, қасқыр
кездеседі. Қары жұқа, қысы жұмсақ маусымды сұр кекілік жақсы көбейеді.
Жазда шалғындарда бөденелер мекендейді. Құстардың ең ірісі және сирек
кездесетіні қара құс. Қайыңды орманда ақбас сарықас торғай кездеседі. Қыста
шекілдектерді, бозторғайды, сарышымшықты, көкқарғаны т.б. құстарды
кездестіруге болады. Бұталар арасында тағанақ, кәдімгі көкек және жабайы
кептер мекендейді. Шалғынды дала бозторғайға бай келеді. Жыртқыш құстардан
кәдімгі күйкентай мен дала күйкентайы және жамансары жиі ұшырайды.
Насекомдардан саяқ шегірткенің кресаті, ақжолақ, сібірлік және т.б.
түрлері, шартылдақ қоңыз, жер бүргесі, шалғын көбелегі көп кездеседі. Орман
массивтері мен сирек орман құмырсқа илеуіне бай. Қансорғыш қосқанаттылардың
түрлері мол. Дала фаунасы орманды дала фаунасынан өзгеше. Шөп жамылғысының
жатағындағы мұнда суырдың, дала шақылдағының, үлкен қосаяқтың, кішкене
сарышұнақтың, секіргіш қосаяқтың көп таралуына себепкер. Құстардан қара
және ала қанатты бозторғай. Қылқұйрық, тырна, дала торғайы мен жаман сары
мекендейді. Дала зонасы шөбінің молдығы және қар жамылғысының жұқалығына
орай ертеде тебіндеп жайылатын тұяқты жануарлар көп болған. Жазғы маусымда
бұл өңірге табын-табын киік келеді. Облыстың тау массивтерінде ғылым үшін
маңызы зор гибридтік суырлар мекендейді. Нұра ауданының оңтүстігінде жер
сіңдіру мақсатымен Жезқазған облысынан құмтышқан жіберілген. Бауырымен
жорғалаушылардан кең тарағандары кесіртке, қарашұбар жылан, улы сұр жылан,
қалқан тұмсық жылан, қосмекенділерден көбірек кездесетіні – жасыл құрбақа,
үшкір тұмсықты бақа. Балықтардың дені Ертіс-Қарағанды каналы мен жекелеген
ірі тұщы су айдындарында шоғырланған. Кездесетін балық түрлері онша көп
емес, олар – шортан, алабұға, оңғақ, мөңке, лақа, аққайран, шабақ балық;
сонымен қатар сазан, дөңмаңдай, ақ амур жерсіндірілген.

Геоэкология немесе ландшафттық экология шетелдерде 30-40 жылдарда ХХ
ғасырға белгілі бір геосистеманың шегінде адамдарды экологиялық қоршауының
мінездемесі экологияға (географияға) ғылыми бағыт ретінде пайда болды.
Геоэкология термині неміс ғалымы К.Троль ұсынған. Аса қарқынды
геоэкологиялық көзқарастар Германияда Э.Нефт, Б.Хазе және т.б еңбектерінде
дамыған. Отандық географияда мұндай ойларды В.Б.Сочава кең қолданған.
Ғылыми әдебиеттерде геоэкологияның синонимі (мағынасы бір ғылымдар) ретінде
ландшфттық, экология, биогеоценология, адам экологиясы, географиялық
экология болып табылады.
Геоэкология ландшаттың және физикалық географиялық аудандардың аса
ірі таксономикалық бірліктердің - округ, провинция, облыс, ел және тағы
басқаларының экологиялық қасиеттерін зерттейді. Оның міндетінде белгілі бір
геосистеманың шекарасындағы адамның өмір сүру жағдайы мен өндірістік
әрекетін зерттеу кіреді. Әсіресе геоэкологияға антропогенді әрекеттегі
ландшафттың табиғи ортасының тұрақтылығын зерттеу жатады.
Геоэкологиялық зерттеу мақсаты-геосистеманың табиғи және
антропогендік шекарадағы қоршаған ортаны сақтау немесе экологиялық жағдайды
қалпына келтіруін зерттеу.
Геоэкологияның негізгі міндеттері:
- адамдардың жақын қоршаған табиғи-антропогендік жүйенің заттық-
инергетикалық балансы,динамикасын және құрылымын
зерттеу;
- адамдардың әртүрлі формаларын шаруашылық әрекеттерін пайда болған
экзодинамикалық процестермен құрылыстардың біліну тенденциясын мен бағытын
тану;
- табиғи-антропогендік жүйенің өздігінен реттелетін процестердің,
сонымен қатар бұзылған, оның адал денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер
етуін зерттеу;
- техногенезге ұшыраған, геосистемадағы экологиялық тепе-теңдікті
сақтау жағдайын зерттеу;
- қоршаған ортаның табиғи жағдайын түрлендіру және сақтау бойынша
сипаттаманы өңдеу.
Геоэкологиялық зерттеудің ғылыми-практикалық мүмкіндігін табиғи
антропогендік геосистеманы ландшафтты шекарасындағы табиғи ортаның
экологиялық тұрақтылығының бұзылуын уақытында анықтауымен шектеледі.
Әсіресе геоэкологияның қолайлы мүмкіндіктері – бұл геосистеманың жергілікті
табиғи жағдайының есебінде халық шаруашылығының кешеннің өнеркәсіптерінің
экологияның жағынан орналасуы шешілген, ғылыми дәлелденген ұсынысты өңдеуді
ашады. Осыған байланысты геоэкологияның басты бір ғылыми – практиканың
міндеті – бұл ландшафтты экологиялық карталарды, сонымен бірге табиғи-
экологиялық және экологиялық шаруашылықты аудандастыру схемасын құрайды.
Экология саласының жоғарғы оқу орындарында арнаулы пән ретінде
жүргізуінен басқа да мәселелер туындайды. Мәселен, химик-технолог міндетіне
тіршілік жүйесін ұйымдастыру мәселесі кірмегенмен, ол өз кәсібін атқару
барысында тіршілік иесі мен қоршаған ортамен тікелей қарым-қатынаста
болады. Демек, оның табиғи қоршаған ортақұрылымын, қасиеттерін, онда
жүретін өзгеріс заңдылықтарын қандай дәрежеде меңгергендігіне байланысты,
қоршаған орта да,оған өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды. Өнеркәсіп,
өндіріс орындарында, конструкторлық-жобалау мекемелерінде жұмыс атқаратын
инженер мамандары экологиялық басты мәселелері болып төмендегілер саналады:
1) технологиялық, инженерлік, конструкторлық-жобалау жұмыстарын адамзат
денсаулығына зиянын тигізбейтін қоршаған ортаны мейлінше бүлдірмейтіндей
етіп жүргізу;
2) қайта құрылатын немесе жобаланатын өндіріс орындарының –қоршаған
ортаға, адамзатқа, жан-жануарлар дүниесіне тигізер зиянды әсерін алдын –ала
болжап, бағалай білу және оны болдырмау жолдарын қарастыру;
3) өндіріс, өнеркәсіп саласындағы қоршпған ортамен тіршілік иелеріне
зиянды технологиялық процесті дер кезінде анықтап,оны түзету шараларын іске
асыру;
Қысқасы, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың ғылыми негіздерін және
заңдылықтарын қарастыратын ілім-экология болып табылады. Экологияның
жетістіктері, қазіргі заманның бірқатар өзекті міндеттерін шешуге негіз
болып отыр. Экология келешекте ең маңызды ғылымдарының бірі-деген ойды әлем
ғалымдарына көпшілігі барған сайын мойындай түсуде.
2.2. Геоэкологиялық зертеулердің барысы
Адамзаттың табиғатқа тигізетін әсерлері және олардың салдары әртүрлі
болады.Олардың кейбіреулері шағын аумақты алуы мүмкін.Мысалы,өзендерге
салынған платина,кішкене көлшіктердің пайда болуына,сол аумақта су
деңгейінің жоғарылауына,ал кейбір шұрайлы аймақтың тіптен су астында қалып
қоюына әкеліп соғады.Орман ағаштарының көптен кесілуі,сол аумақтағы су
көздерінің жойылып кетуіне әкеліп соғады,ал үлкен су қоймаларын жасау сол
жердің ауа райының өзгеруіне әсер етеді (ол судың үлкен аумақта булануынан
болады).Түптен келгенде,адамдардың іс-әрекетінің әсерінен,биосферада
көптеген өзгерістер болады,олар:өсімдіктер және жануарлар әлемінің
өзгеруі,топырақтың және ауаның құрамының өзгеруі,су қорларының өзгеруі,ауа
райының өзгеруі,әсер рельефінің өзгеруі.
Өндірістік мекемелер және жылу энергетикалық қондырғылар,тасымал
машиналар тағы басқа қоршаған ортамен өзара үйлеспеуі,табиғатқа жан-жақты
әсерін тигізіп,түрлі зиянды өзгерістер туғызады.Олар:әртүрлі химиялық
заттар мен қосылыстардың,радиацияның әртүрлі айтқанда,ақыл-ойдың құдіретті
дүниеге келтірілген ғажайып техникалық құралдар-табиғатты түсуге
тиіс.Өндірістің құрал-жбдықтарын әбден жетілдіріп,табиғат байлықтарын
игерген адам,енді сол табиғаттың өзін жүдетіп жібергенін де байқамай қалды.
Қазір атмосфералық ластанған, топырақ тозған, өзендердің өзегі толып, су
тартылған, әрі уланған.
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің даму эволюциясы кезінде аталған
заттар болмаған және ксенобиотиктер өнеркәсіп өндірісі пайда болғанға
дейін, табиғатта таза металдар ұшыраспаған (алтынды есепке алмағанда).
Химия өнеркәсібінің нәтижесінде фреондар, пестицидтер, органикалық заттар
алу барысында пайда болатын өндіріс қалдықтары қаншама. Табиғатта
ұшырасатын кейбір заттар, ксенобиотиктер қатарына жатпағанымен, олалдың су
қоймаларында, ауада топырақ құрамында артық мөлшерде кездесуі зиянды болып
табылады. Мысалы, озон, фенол, көмірқышқыл газы, күкіртті ангидрид және
тағы басқа қосылыстар. Бұларға іштен жану двигательдерінде бензин жану
барысында түзілген иіс газының (СО) ауаны ластауы да бар. Сонымен бірге,
осы ксенобиотиктер, тірі организм клеткаларына түссе, мұндағы метаболизм
құрылысы бұзылады, нәтижесінде организм жағдайы нашарлатады. Мысалы,
атмосфералық ауа, құрамында-фтор, никель, кобальт, күкірт қосылыстары бар
болса онда фотосинтез құрылысына нұсқан келеді, яғни өсімдіктер дүниесінің
фотосинтетикалық жұмыс жүйесі жарамсызданады. Су қоймаларына өзен-көлдерге
сарқынды сулармен келіп түсетін органикалық қалдықтар, феномдар, суда
мекендейтін жәндіктердің, балықтардың қырылуына әкеліп соқтырады.
Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтары мен ластануы нәтижесінде, тыныс
алатын ауа-әр түрлі аллергиялық ауруларды қоздырушы көзі болып табылып
отыр. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адамзат қоғамы мен оны қоршаған
ортаның жағдайын нашарлатпауы тиіс. Міне, осындай мәселелерді бәрі-табиғат
заңының дұрыс пайдаланып,экологиялық негіздерін білуді талап етеді.
Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық (мысалы тау-кен
өндірісі), жер-су қорларына үстін-үстіне келіп жатқан антропогенді
салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Балқаш
тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Екібастұз энергетикалық
комплексі, Қарағанды металлургия заводы тағы басқа кәсіпорындары ерекше
үлес қосып отыр. Химия-металлургия өнеркәсібінің, тек қана атмосфераға
ғана емес су, жер қорларының негізгі зиянды заттарды шығаратын
кәсіпорындары қатарына-қышқылдар өндірісі (күкірт, азот, тұз, фосфор және
т.б), резинотехникалық бұйымдар, фосфор, пластикалық, массалар,
синтетикалық каучук, минералды тыңайтқыштар, еріткіштер (ацетон, толуол,
фенол, бензол), мұнай крекингі, бояғыш және жуғыш заттар өндірісі,
глинозем, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш өндірісімен байыту фабрикалары
кіреді.Тасталынатын зинды қалдықтардың ішінде, химия-металлургиялық
заводтардан басқа, азот оксиді мен күкірт диоксиді, көміртек оксиді
агрохимия өнеркәсібінің, мазут күлі-микробиология өнеркәсібінің,
күкіртсутек, күкірткөміртек-химиялық талшықтар, аммияк-концентраттарды
приометаллургиялық жолмен өңдеуіне байланысты, құрамында күкірті бар
газдардың орасан зор мөлшері түзіледі. Газдар мен шаң-тозаңдарды тазалау
дәрежесінің төмендеуіне байланысты, аталған зиянды заттар қоршаған ортаны
ластауын жалғастыруда.
Күйдіру, жағу, кептіру пештерінен, агрегаттардан, конверторлардан,
қоймалардан, майдалағыш-үгіткіш қондырғылардан, агломерациялық машиналардан
бөлінген улы газдар интенсивтілігі жөнінен де, көптүрлілігі жөнінен де
алдыңғы қатарда тұр. Кәсіпорындардың сарқынды, шайынды сулары минералды
заттармен флотореагенттермен (цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері
т.б), ауыр металдардың тұздарымен (қорғасын, мыс, мырыш т.б),
сульфаттарымен, хлоридтермен, мышьякпен, фтормен, сынаппен, т.б қаныққан.
Газ, шаң-тозаң күйіндегі ластаушы заттар, негізінен жербетінен санағанда 3
км биіктікке дейінгі аралықта жиналады.Төменгі қабаттарда, ауаның жылынып
жоғары көтерілуіне байланысты, мөлшері 4-10 мкм аралығында ұсақ бөлшектер
жан-жаққа тарай бастайды да, ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда
жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта жерге түседі.
1-кесте
Химия-металлургия салаларындағы ауаны ластайтын заттардың сипаты
Өндірілетін зат Ауаны ластаушы газ құрамы
Азот қышқылы NO,NO2,NH3
Күкірт қышқылы NO,NO2,SO2,SO3,H2SO4
Тұз қышқылы HCI,CI2
Қымыздық қышқылы NO,NO2,H2C2O4
Сульфамин қышқылы NH3,NH ( SO3NH4)2,H2SO4
Фосфор және фосфор қышқылы P2O5,H3PO4,HF,Cа5F(NO3)-шаңы
Сірке қышқылы CH3CHO3,CH3CO2H
Құрама тыңайтқыштар NO,NO2,NH3,HF,H2SO4,P2O5
Карбамиц NH3,CO,CO(NH2)2 – тозаңы
Аммиак селитрасы CO, NH3,HNO3,NH4NO3-тозаңы
Суперфосфат H2SO4,HF
Аммиак(сұйылтылған) NH3,CO
Сұйық хлор HCI,CI2Hg
Полихлорвинил смоласы Hg,HgCI2,NH3
Тетрахлорэтилен HCI,CI2
Ацетон CH3CHO,ацетон
Метанол CH3OH,CO
Капролактон NO,NO2,SO2,H2S,CO
Ацитилен C2H2,күйе
Целлюза H2S,CI2SO2,CH3SH,(CH3)2 S
Сонымен қатар, күрделі химиялық қосылыстар-пестицидтердің,
детергенттердің, минералды тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсері зиянды
және қауіптілігі жоғары. Пестицидтердің, ішінде ең қауіптісі хлор мен
органикалық заттар қосындысынан тұратын ДДТ, диэлдрин, элдрин,
полихлоридофенил сияқты түрлері. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей
сақталатын болғандықтан, топырақта, суда көп мөлшерде жинақталады.
Ал, жол-транспорт комплексі ауаға, суға, топыраққа қосылатын зиянды
сұйық, газ түріндегі және қатты қалдықтардың негізгі көзі. Транспорт
құралдарындағы іштен жану двигательдерінде, органикалық отынды жағу
салдарынан, қоршаған ортаға көмірқышқыл газы мен зиянды заттардың-
қорғасынның, күйенің, көмірсутектердің, күкір пен азот оксидтнрінің,
этилен, бензол, этан, метан-көп мөлшері бөлініп шығады. Әсіресе, барлық
транспорт түрлерінің ішінде, автомобиль транспортының зиянды қалдықтары 70%-
ті құрайда және ол антропогенді әсерлер есебінен атмосфераны ластаушы
заттар мөлшерінің 40%-не дейін жетеді.
Экологиялық зардап аймағына айналатын тағы бір мәселе –ол Байқоңыр
ғарыш айлағы. Бұлар - зымырандардың бірінші ұшу сатысынан айырылып, жерге
құлаған бөлшектері. Зымыран ететіндіктен, ұзақ жылға дейін, құр тақырларға
айналған, бұл жерлерде ештеңе өспейді. Байқоңыр ғарыш айлағының аумағында
зымыран бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі және ол 105 мың шаршы
шақырымнан асады. Олар төмен құлдилап келе жатқанда, сұйық отын ретінде
қолданылатын гептил төгіліп-шашылып ауаны, жер мен суды улайды. Одан
тараған уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді –мекеннің үстін себелеп
өтеді.
Зерттеулер анықтағандай, зымыран ұшырылған кезде ауаны ластауы 100 мың
автомобильден бірден будақтаған түтінге тең. Белгілі мәліметтер бойынша,
бір зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын зиянды зат мөлшері
300 тоннаға жетеді. Мұның бәрі, ең алдымен, адамдар денсаулығына әсер
етеді. Осының салдарынан, соңғы жылдары, аудан тұрғындары арасында жүйке,
қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан қысымының көтерілуі, келе-кетік бала
туу көбейіп, нәрестелердің шетінеуі өсіп кетті. Сонымен, атмосфераға
жүздеген тонна гептил қалдығының ыдырап, аэрогендік миграцияға көшіп жүруі,
қоршаған ортаны уландыруы үйреншікті құбылысқа айналып отыр.Ұшу жолы
Қазақстанның осы аймағына орналасқан зымырандардың ең қателісі –Протон К
деп саналады. Оның отын багіне толтырылған 500 тонна гептил көтерілген
бетте жанып кетпей, 2-3 тоннасы ұшып өткен жолына ауа арқылы,желмен
жүздеген шақырым жерге жиналып, топыраққа, өсімдікке сіңеді, су көздеріне
түседі. Егер, гептилдің 1 граммы ғана мыңдаған адамдарды уландырып, қатерлі
ауруларға шалдықтыратындығын ескерсек, бұл экологиялық апат түрінің адамдар
денсаулығына, жан-жануарлар тіршілігіне тигізер зардабын айтып жеткізу
қиын.

Қарағанды облысы - Қазақстандағы жоғары концентратты экологиялық зиянды
өнеркәсіпті орталықтың бірі. Біздің аймағымызда өндірістік күштерді ұзақ
уақыт бойы экологиялық зардаптарды есептемей дамытудың нәтижесінде
облысымыздың қоршаған ортасы қиын жағдайда қалады.
Бүгінгі күнде облыста өзінің шешімін күтіп тұрған едәуір экологиялық
проблемалар бар.Оны шешу арқылы қоршаған ортаны біршама жақсартуға
болады.Ауаны ластауда Балқаш кен-металлургия комбинаты ерекшк көзге түсуде.
Тоқтап қалғаннан кейін комбинатты қайта іске қосу осындағы ангидрид
қышқылын сүзу жүйесін пайдаланбау жолымен жүзеге асырылады. Бұрын
пайдаланған көмір қышқыл өндірісі мүлде тоқтатылған. Осы мәселені шешу
мақсатында Министрлер кабинеті 1997 жылғы № 482 қаулысына сәйкес Балқаш
кен-металлургия комбинатының экологиялық бағдарламасы жасалған. Осының
нәтижесінде комбинатта зиянды газдарды залалсыздандыру қондырғысын салу
міндеті қойылған.
Тек қана шахта қазандықтарында жағылатын метан газдың бір пайызы ғана
залалсыздандырылады, бұл жеткіліксіз. Қазіргі кезде шахтаның метан газын іс
жүзінде пайдаланудың жобалары жасалған. Осы жобаны іске асыру арқылы ауаға
зиянды заттарды жіберуді азайту,жылу ресурстарын тиімді пайдалану, кен
жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мәселесін шешуге болады.Осы жобаны жүзеге
асыруға инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда.
Облысты өндірістік қалдықтарды жинақтау жобаларына байланысты, сондай-
ақ оларды сақтауға, жаңа қуаттарды іске асыруға орай қанағаттанғысыз жағдай
қалыптасқан. Соның нәтижесінде көптеген күл сақтайтын орындардан шаң ұшып,
жақын жерлерді ластап жатыр.Бұған мысал ретінде Караганда-Пауэр ЖШС-нің
ЖЭО-3 күлтөбесін айтуға болады. Бірнеше жылдан бері оны жабу жұмысы іске
аспай жатты.Мұндай фактілер Балқаш кен-металлургия комбинаты, Ақшатау кен-
байыту комбинаты АҚ, Қарағайлы кен басқармасы АҚ, Қаражал ЖЭО-ның
күтөбелерінде орын алуда.Осы шаң шығарушы орындары жабу мәселесін тез шешу
керек деп облыстық Мәслихаттың VI сессиясында облыстық аумақтың қоршаған
ортаны қорғау басқармасының бастығы Б.Қожахметовтің Қоршаған ортаны қорғау
- баршаның міндеті атты тақырыпта баяндалған еді.
Радиациялық қауіпсіздік мақсатында,сонымен қоса,соңғы жылдары пайда
болған кәсіпорындардағы ионды сәуле шығарушы заттарды жою проблемасын шешу
керек еді. Бүгінгі күнде облыста осындай 7772 көз бар, соның 816-сы қажет
етеді. Радиоактивті қалдықтарды көметін жер болып Семей аймағындағы Байкал-
1 кешені анықталған. Осы мәселені сол сәуле шығарушы заттар балансында
тұратын кәсіпорындар есебінен орталықтандырып шешу қажет етеді.
Республмкада бірде-бір облыс дәл біздегідей техногендік қиындықтар
көріп отырған жоқ. Себебі, бізде Сарышаған зымыран полигоны, Семей ядролық
полигоны және Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын зымырандардың жанған
бөлшектерінің түсетін аймағы бар. Біздің облыстың жеріндегі екі зымырандық
полигон мен Семей ядролық полигоны радиациялық жағдайды ауырлата түсуде.
1999 жылы біздің жерімізде Протон зымыран тасушысының екі бірдей апаты
болып,оның зиянды заттары жерімізді ластады. Осы апат өз шешімін күтіп
тұрған біраз мәселенің бетін ашқан болатын. Әлі де толық зерттейтін
мәселелер бар. Зымыран полигондары мен ғарыш аймағының қоршаған орта мен
адамдар денсаулығына зиянын кешенді бағалау үшін оны қоршаған ортаға
келтіріліп отырған апат көлемінен анықтау керек. Ал Сарышаған полигонының
қаншалықты зияндылығы жөнінде бізде ақпарат жоқ,себебі ол жабық объект. Осы
проблемаларды шешу үшін Ресей мен Қазақстан жағының біздің еліміздің
табиғат қорғау заңдарын орындауы үшін жоғарыда аталған полигондардың ара
қатынасын реттейтін келісім керек.
1999 жылы облыс кәсіпорындары 1 млн 49 мың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz