Қарқаралы аймағының табиғат ресурстарының жағдайы және экологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Бөлім. Қарағанды облысының жалпы табиғи сипаттамасы

1. 1. Географиялық орны және рельефі

1. 2. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары

1. 3. Климаты

1. 4. Жер бетіндегі ағын

1. 5. Топырағы

1. 6. Өсімдігі

1. 7. Жануарлар әлемі

2. Бөлім. Қарқаралы ауданының жер қорлары

2. 1. Жер қоры және оны пайдалану

2. 2. Халқы

2. 3. Мәдениеті

2. 4. Аймақтың шаруашылығына сипаттама және ауыл шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны

2. 5. Мал шаруашылығы

2. 6. Егін шаруашылығы

2. 7. Орман шаруашылығы

2. 8. Шаруашылықтардың аймақ экономикасында алатын орны

3 . Бөлім. Қарқаралы аймағының табиғат ресурстарының жағдайы және экологиясы

3. 1. Табиғат ресурстарының жағдайы

3. 2. Аймақтың кәзіргі экологиялық жағдайы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті.

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі? әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.

Атмосфера ауасының ластануы қазіргі кезеңде аса маңызды және күрделі проблеммалардың бірі болып табылады. Адамның қолымен жасалған зиянды іс табиғатты зат алмасу мен табиғи компоненттердің байланысына да әсер етпей қоймайды.

Ластаушы заттар ауада біртіндеп жинала келе адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлеміне әсерін тигізеді. Күкүрт газы, фтор сутегі, хлор, қорғасын, сынап, мышьяк және тағы басқа заттар өсімдіктерге улы болып келеді. Оның ішінде күкүрт газы өсімдік жапырақтарын қарайтып? Оның соңы өсімдіктердің жойылуына әкеледі. Өсімдік азайған жерде жануарларда тұрақтанбайды. Химиялық заттардан құралған лас қалдықтар жануарлар ағзасына сініп, олардың тәбетін бұзып, анемия ауруына шалдықтырады.

Атмосфераның төменгі қабатында жиналатын өндіріс қалдықтары, зиянды газдар адам денсаулығына үлкен зиян әкеледі. Осының нәтижесінде бронхит, бронхитті ентікпе, астма, өкпе рагі аурулары тым көбейіп кетті. Тыныс жолдары арқылы қанға тарап, олар қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін азайтуда.

Осы жағдайлардың бәрі ауа ластануының аса маңызды, күрделі проблема екендігін дәлелдеп отыр. Еліміз Қазақстан да осындай жағдайларды басынан кешіп? Республикамыз қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр. Республикамызда әр түрлі лас қалдықтармен ауаны ластайтын мекемелері шоғырланған ірі қалалар мен әр түрлі саладағы ошақтары бар.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты «Қарқаралы ауданының жер ресурстарының ластануы және оны шешу жолдары» тақырыбындағы ластануы жағдайын зерттей отырып, ондағы өндірістік мекемелердің зиянды заттармен атмосфера ауасына әсер етуі мен лас қалдықтардың мөлшерін жою немесе пайдаға асыру, ауа сапасын жақсарту, бақылау жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда маңызды деуге болады, себебі Қазақстан Республикасының жер ресурстарының ластану мониторингін құруға өз үлесін қосады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін, алдымызда келесі көрсетілгендей талаптар қойылған:

<question> Жердің негізгі ластаушы көздеріне толық сипаттама беру (оның ішінде өндірістік тұрғыдағы ластаушы көздер)

<question> Жер қорларына әсер ететін факторларды меңгеру

<question> Қарқаралы ауданының экономикалық-географиялық сипаттамасын қарастыру

<question> соңғы жылдардағы динамиканы көрсету

<question> Жер сапасының жақсарту жолдары мен тазарту, қорғау әдістерін бегіту.

Дипломдық жұмыста Қарағанды облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен облыстық және қалалық статистика басқармасының статистикалық мәліметтері мен Қарқаралы қаласы бойынша атмосфераға шығарылған лас қалдықтар мөлшерінің әдістемелері қолданылған.

Зерттеу барысында түрлі географиялық тәсілдер: статистикалық, салыстырмалық, картографиялық, жүйелеу, талдау тағы басқалары қолданылған.

Дипломдық жұмыстың нәтижелері теориялық зерттеулерде қолдануға болады.

1 Бөлім. Қарқаралы ауданының жалпы табиғи сипаттамасы

1. 1. Географиялық орны және рельефі

Қарқаралы ауданы Қарағанды облысыңдағы Қазақтың қатпарлы таулы аймағында орналасқан. Бұл аймақ геоморфологиялық және геологиялық ерекшеліктері жөнінен негізгі төрт ауданға бөлінеді: облыстың солтүстік жағын Қазақтың ұсақ шоқылы өңірі (50 пайызға жуық) алып жатса, оңтүстікте - Бетпақдала үстіртінің солтүстік жағы және солтүстік Балқаш жағалауының үстірті құрайды, ал оңтүстік-батысы - Аралмаңы Қарақұмы алып жатыр.

Ұсақ шоқылы бұл аудандарда жер бедерінің басты түрі толқынды жазық десек, бұрын олар өзендердің аңғары болған жерлер. Сондай-ақ мұнда жалпақ жазықтар мен гранитті тау массивтері де кездеседі. Ұсақ шоқылы жерлердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі - 350-500 м. Бұлардың ең биік бөлігі облыстың шығыс аудандарында. Олар биіктігі 500-800 метрлік тау шыңдарынан тұрады. Ең биігі Қарқаралы - 1358 м, Кент - 1367 м және Қызыларай. Қызыларайда - Орталық Қазақстанның ең биік тауы - Ақсоран, ол теңіз деңгейінен 1565 м биіктікте орналасқан.

Қарқаралы жері геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген (абс. биіктігі 400-1000 м) табиғ аймақ - Сарыарқаның неғұрлым қыратты келген орталық бөлігін қамтиды. Рельефі шоқыаралық ойпаңдармен, өзен аңғарларымен, құрғақ өзен аңғарларымен, жыра-сайларды қуалап жер бетіне шығып жатқан ыза суларымен, тұйық ойыстарымен, көл қазаншұңқырларымен күрделеніп отырады. Берік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқылық палеозойдың орта тұсынан бастап осы уақытқа дейін жалғасып келген ұсақ континеттік даму процесінің, яғни докембрийлік, палеозойлық және неғұрлым кеш тектоникалық құрылымдардың қарқынды бұзылуы, денудациялануы есебінен қалыптасты. Денудациялық процестер таулы өңірді аласа тауларға, үгілмейтін тау жыныстарынан тұратын, бір-бірінен оқшауланған тау массивтері бар көлемді көне пенепленге айналдырды. Кайнозой-мезозой пенеплені әлсіз эпейрогендік қозғалыстарды бірнеше рет басынан өткізді. Пенеплендену процесі және аздаған неотектоникалық көтерілім облыс жерінде көлемді, тегістелген басты су айрықтарын (оңтүстікте Балқаш-Ертіс, оңтүстік-батыста - Сарысу-Теңіз, солтүстікте - Есіл-Ертіс) қалыптастырды. Тау жыныстарының сипаты мен жату тереңдігіне орай ұсақ шоқылықтардың денудациялық пішіндері әр түрлі келеді. Атап айтқанда, граниттер желдің үгу қасиеті әсерінен жартасты, тік өркешті, дөңгелек және көпшік пішінді болып, ал ұзынан-ұзақ жатқан құмтас, әктас және жанғыш тақтатас қабаттары қырқалы және жонды келеді. Ал қайталама кварциттерге үшкір шыңдар (шоқылар) тән. Аккумуляциялық жазық үстінде суффозиялық орлар мен кеуіп кететін көлдері бар дефляциялық қазаншұңқырлар кең тараған. Өзен аңғарларының морфологиясы көбіне климаттық және ландшафтық жағдайларға байланысты келеді. Облыс территориясы орография бойынша шартты түрде Ульянов, Топар қала типтес поселкелерін қосатын деңгей бойынша 2 бөлікке (батысы көбіне жазық, тегіс келген ұсақ шоқылы және шығысы - қырқалы, нағыз ұсақ шоқылы) бөлінеді. Облыстың батыс бөлігін Есіл мен Нұра өзендері аралығындағы ауқымды жерді алып жатқан және Теңіз-Қорғалжын ойысына қарай еңістеу келетін денудациялы ұсақ шоқылы және делювийлі-пролювийлі жалды-қырқалы су айрық жазығы қамтиды. Абсолюттік биіктігі шығыста - 500 м, батыста - 400 м. Жазық үстінде мүжіліп, тегістелген ұсақ шоқылар, жалдар мен жекелеген таулар оқшауланып тұрады, олар: солтүстікте - Ақдің (809 м), Нияз (833 м), солтүстік-батыста - Мұзбел (503), оңтүстік-шығыста - Найза (633), оңтүстікте - Ақшоқы (588) т. б. Облыстың бұл бөлігіндегі жазық далалы өңір егістікке және мал жайылымына игерілген. Бозды-бетегелі дала, сонымен қатар Нұра, Құланөтпес, Шідерті, Есіл өзендерінің кең жайылмаларындағы және көл қазаншұңқырларындағы түрлі шөпті шалғындар шабындыққа пайдаланылады. Облыс территориясының шығыс бөлігі нағыз ұсақ шоқылы жіне биіктік белдеу элементтері байқалатын аласа таулар келеді. Өңірдің оңтүстігі Нұра, Жарлы, Талды, Түндік өзендерінің жоғарғы ағысында Үлкен Қарақуыс (1342), Кіші Қарақуыс (1327), Бүйіртас (1267), Кешубай (1559), Қоңыртемірші (1369), Соран (1183) т. б. таулардан құралған көтеріңкі келген таулы-ұсақ шоқылы су айрықтарынан тұрады. Облыстың шығыс бөлігінің орта тұсынан батыстан шығысқа қарай Наршөккен (1108), Ханқашты (1220), Түнғатар (1161), Қарқаралы (1403), Кент (1469), Бақты (1176), Жақсы Абралы (1300) т. б. аласа тау тізбектері созылып жатыр. Бұлардан солтүстігірек жеке-жеке оқшауланып Семізбұғы (1049), Айыр (793), Желтау (959), Қу (Балқантау, 1366), Достар (1025), Арқалық (1064), Мыржық (969) т. б. таулар орналасқан. Территорияның негізгі бөлігі жартасты, жалды-қырқалы және қырқалы келген су айрықты-ұсақ шоқылы (абс. биікт. 500-700 м-дей) және ұсақ шоқылы денудациялық жазықтан тұрады. Көтеріңкі бөлігі арал күйінде орналасқан тауларда, аласа жері - тауаралық қазаншұңқырлар мен (Қарасор, 621 м), өзен аңғарларына (400-600 м-дей) сай келеді.

1. 2. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары

Қарқаралы территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан палеозойдының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі (шығыста), Ерементау антиклинориі мен Семізбұғы синклинориі (солтүстікте), каледонид пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі (Ерементау антиклинориінен оңтүстікте), герциндік Теңіз ойысы мен Қарағанды синклинориіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын СарысуТеңіз көтерілімі жатады. Құрамында Спасск антиклинориі, Қарасор және Успен синклинориі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің солтүстік доғасы кіретін герциндік құрылымы Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан.

Бұл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жанғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. Әр түрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстары қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатқан Қарағанды синклинориі. Бұл өңірде қазіргі кезде 30-дай өндірістік кен орны орналасқан. Синклинорийдің орта тұсын Қарағанды көмір бассейні алып жатыр. Қарағанды синклинориінің батыс бөлігі опырықты-синклинальды девон және төменгі палеозойдың вулканогенді-терригенді қабаттарынан түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталады. Мұндай Самар және Завьяловка тас көмір кен орындары орналасқан. Опырық-синклинальды шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен шектелген. Бассейннен солтүстікте таман фамен және турней ярусының карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан түзілген брахисинклинальдардың және мульдарлардың көтеріңкі учаскелерімен кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұста көміріндегі күл мөлшері жоғары Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қоғасын-мырышты руда жүлгелері мен Жалайыр барит кен орны белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен металлургия, химия және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әк тастың 20 кен орны анықталды. Бұлардың қатарына барланып пайдалануға берілген Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік Топар әк тас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршық тас кен орындарының (Шахан, Оңтүстік Соқыр т. б. ) негізгі зерттелген бөлігі өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамсикалық бұйымдар, отқа төзімді материалдар даярлауға пайдаланылады. Ақтас, Сасыққарасу саз балшық кен орындары пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені (Майқұдық, Қарабас, Аман кен орындары) жан-жақты зерттеліп, игерілуде. Қарағанды синклинориінен оңтүстігірек Тектұрмас антиклинориінен солтүстікке таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта (батысында Шерубайнұра өзенінен шығысында Орталық Қазақстан жарылысына дейін) ұз. 250 км, ені 5-15 км-лік Спасск жаншылу зонасы (Спасск тектоникалық зонасы, Спасск рудалы зонасы орналасқан) . Бұл зонада Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған қатпарлықты қалыптастырған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені және 250-ден астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды. Пирофилит мәрмәр кендері де табылып, барланды. Зонаның оңтүстігіне таман ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші гранодиоритті интрузияларымен байланысы бар Нұра антиклинориінен оңтүстігірек желге мүжілген жоғары протерозой гипербазиттернде никельге рудалануы және хризопразалық минералдануы кем Тектұрмас антиклинориі созылып жатыр. Спасск антиклинориі және Успен тектоникалық зонасының Шыңғысалды антиклинориімен түйісер жерінде кремнийлі-карбонатты-терригендік фамен шөгінділерінде баритті-қорғасынды-мырышты полиген кен орындары шоғырланған Қарқаралы рудалы ауданы орналасқан. Гранит және жоғарғы фамен туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремний-пиритті-магнетитті-гематитті, скарнді-магнетитті кен орындары ұштасып жатыр. Порфирлі гранитоидтардың ұсақ интрузияларында вольфрам, молибден-мыс рудаларының ұсақ дақты жолағы, фаменнің кремнийлі-терригенді шөгінділерімен ұштасып жатқан темір-марганецтің және қоғасын-мырыш рудаларының стратиформдық белгілері, тотықты-карбонатты жыныстардың ұсақ инфильтрациялық кен орындары белгілі. Жоғарғы палеозойлық лейкократтық гарниттерінде бірегей кристалдардың белгілері кездеседі. Обылс жерінде батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері опырық-синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстың бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан түзілген. Көтерілімнің орталық бөлігін алып жатқан Шұбаркөл опырық-синклиналіне күлділігі аз, қоры 2 млрд. т энергетикалық Шұбаркөл көмір кені орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және кірпіштік саз кендеріне сай келеді. Шыңғысалды синклинориі мен Шыңғыс-Тарбағатай мегаитиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын облыстың шығыс жартысы төменгі палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік типті плутоногенді-гидротермальды рудалану және колчедандық типке жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталады. Қарағанды облысы халық шаруашылығының сумен қамтамасыз етілу балансында жер асты суы маңызды роль атқарады. Жер асты суының пайдалануға неғұрлым қолайлы бөлігі Нұра, Шерубайнұра, Жарлы, Талды, Түндік өзендерінің аллювийлік шөгінділеріне жиналған. Юраның конгломерат-құмтас қабаттарында Қарағандыны сумен жабдықтауға алынатын арынды су қоры жиналған. Түпкі тау жыныстары жапсарларында орналасқан жарықшақтық типті жер асты сулары анағұрлым кең таралған. Бұл өңірлерден сорылып алынған су елді мекендерді сумен қмтамасыз етуге және шабындықтарды суландыруға пайдаланылады. Облыс жерінде жарықшақтық типке жататын бірнеше минералды су көздері ашылып, зерттелді. Олар - Жосалы, Темірсу (темір микрокомпоненті бар), Жартас минералды суы, сонымен қатар тұйық Қарасор көлінің минералды суы мен шипалы балшығы.

1. 3. Климаты

Климаты тым континеттік және қуаң келеді. Шуақты күндердің ұзақтығы жылына 2300-2400 сағат, оның ең жоғарғы мәні шілде айына келеді. Радиацияның жылдық жиынтық мәні 100 ккал/см 2 -дей, ал шашыранды радиациянікі - 48 ккал/см 2 -ге дейін. Облыс жеріне ауа массасының 3 негізгі типі (арктикалық, полярлық, тропиктік) емін-еркін әсер етеді. Жылдың суық мезгілінде ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы күшті әсер етеді. Қыста барлық бөлігінде ашық ауа райы қалыптасады. әдеттегідей ауа райының көктемде сақталатын антициклондық режимі әсерінен күндіз ауа температурасы жоғары, құрғақ желді келеді де, түнге қарай күрт салқындайды. Көктемгі ауа райы құбылмалы. Жазда Орталық Қазақстанның далалық аймағы үстінде ауаның қатты қызуы әсерінен бұлтсыз, қуаң, ыстық ауа райы орнайды. Қаңтардың орташа температурасы солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай - 14, 4 о С-тан - 17, 9 о С-қа дейін ауытқып отырады. Ең төменгі температура тиісінше - 45 о С - 52 о С. Шілденің орташа температурасы 18, 5 о С-тан (шығыста) 20, 4 о С (солтүстікте және батыста) аралығында, ең жоғарғы мәні 40 о С-қа жетеді. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері 1, 2 о С-тан 2, 3 о С-қа дейін. Жылы маусымның ұзақтығы облыстың қыратты бөлігінде (таулы Қарқаралы ауданында) 198 күннен солтүстік-батыс далалық өңірінде (жазық Нұра ауданы) 207-220 күнге дейін. Аязсыз маусымның ұзақтығы тиісінше 90-100 және 110-135 күнге тең. Ауаның неғұрлым жоғары салыстырмалы ылғалдылығы қыс айларында байқалады. Облыс территориясы бойынша жылдың жылы мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай кемиді. Маусым-шілдеде ауаның ең төменгі салыстырмалы ылғалдылығы байқалады (53-58 %) . Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жерінің көпшілік бөлігінде 230-300 мм, ал шығыста 330 мм. Жауын-шашынның ең жоғарғы мөлшері шілдеге (41-57 мм), ең төменгі мөлшері қаңтарға (8-18 мм) сай келеді. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 5, 5 м/сек. Жел жылдамдығының неғұрлым жоғарғы орташа айлық мәні наурызға (6, 8 м/сек), сәл төмені ақпан мен желтоқсанға (6, 5 және 6, 1 м/сек) сай келеді. Жел жылдамдығының ең төменгі орташа айлық мәні тамызда (4, 3 м/сек) байқалады. Қарағандыда жел жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші (37 м/сек) 20 жылда бір рет қайталанады. Жылдың суық мезгілінде жел режимі негізінен сібір антициклонының батыс тармағының ықпалы әсерінен қалыптасады. Жылдың жылы бөлігіндегі жел режимі болар-болмас сезілетін бар депрессиясына байланысты келеді. Облыс территориясы үстінде найзағай құбылысы жазда жиі-жиі, көктем мен күзге қарай бәсеңдеу қайталанып, дауыл, нөсер және бұршақпен қатар жүреді. Мұнда жылына орташа мөлшерде 20-24 күн, ал Қарқаралы өңірінде 28 күн найзағай жарқылдайды. Бұршақ жылдың жылы мезгілінде ұзындығы мен ені бірнеше километрге созылатын белдеу бойынан байқалады, және негізінен сирек түседі. Боран жиі болып тұрады, қыста орташа есеппен 21-38, кей өңірлерде 50 күн боран соғады. Облыстың далалықө өңірінде 20-38 күн шаңды дауыл, 16-28 күн тұман (Қарағандыда 37 күндей) болады. Облыс климатының өте айқын байқалатын ерекшеліктерінің бірі - қуаңшылық. Көкектен қыркүйекке дейінгі аралықта 60-100 күн аңызақ жел соғады. Қарағанды мен облыс жерінде қыс кейбір жылдары тым қатал болып, 5-5, 5 айға созылады. Тұрақты қар жамылғысы әдетте ноябрьдің ортасында қалыптасып, 120-150 күндей жатады. Қаңтарда аяз әжептәуір күшейеді - 20 о С-тық және одан да төмен аязды күндер саны облыс территориясы бойынша жылына 10-15 күннен 40-50 күнге дейін ауытқып отырады, ал кейбір жылдары айына 20-25 күнге жетеді. Қар жамылғысының қалыңдығы 20-26 см, ал қар қалың түскен жылдары 32-50 см-ге жетеді. Жазы 3-40 айға созылып, барлық жерде дерлік ыссы әрі құрғақ болады. Ауа температурасы шілдеде 34-39 о С, кейбір жылдары 40-43 о С-қа дейін көтеріледі. Жаз маусымында түсетін атмосфералық жауын-шашын жылдық мөлшердің 40%-ын алады. Жазғы жаңбыр көбіне нөсер күйінде өтеді. Күз мезгілі қыркүйектің басынан басталып, қазанның аяғына дейін созылады және жазбен салыстырғанда тым қуаң болады.

Қоңыржай жылы, ұсақ шоқылы - қуаң аудан Сарыарқаның неғұрлым аласа бөлігін қамтиды. Гидротермиялық коэффиценті 0, 7-0, 8-ге тең. 10 о С-тан жоғары температураның жиынтығы 2000-2600 о С.

1. 4. Жер бетіндегі ағын

Өзендері ағынсыз тұйық көлдердің (Теңіз, Қарасор) және Ертіс алаптарына жатады. Өзен торының жиілігі 0, 07-0, 09 км/км 2 . Облыстағы өзендер мен бұлақтардың 1800-ге жуығының ұзындығы 10 км-ден кем, 365 өзен 10-нан 100 км-ге дейін, ал 11 өзеннің ұзындығы 100 км-ден асады. Басты су артериясы болып Нұра өзені саналады. Ірі өзендер қатарына сондай-ақ Түндік, Талды, Жарлы, Құланөтпес өзендері де жатады. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысында аласа таулы рельеф басым болуына байланысты өзендері негізінен солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай ағады. Өзендерінің барлығы қар суымен қоректенетін Қазақстанның кәдімгі жазық өңір өзендеріне жатады. Су режиміндегі басты ерекшелік - көкектің бірінші ширегінде басталатын көктемгі су тасу. Өзендердің жылдық ағынының негізгі бөлігі (70-95%-ы) көктемге келеді. Жазғы төменгі деңгей кезінде өзендер тым таяздап, қара суларға бөлініп, суының тұздылығы артады, кейбірі тартылып қалады. Өзендер қарашада толық қатады. Мол сулы жылдары бірқатар өзендер 0, 5-0, 6 км-ге, ал Нұра өзінің төменгі ағысында 2 км-ге дейін жайылып кетеді. Өзен арналарының ені 15-30 м-ден 50-70 м-ге (ірі өзендер) жетеді. Тереңдіктері әдетте 3-5 м-ден аспайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
“ШҚО 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау” өңірлік экологиялық бағдарламасы
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz