Қарақұмық дамуының фенологиялық фазалары, вегетациялық мерзімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Әдебиетке шолу

1.1 Қарақұмықтың жалпы сипаттамасы, морфо-биологиялық

ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Қарақұмықтың
морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 9

1.3 Қарақұмықтың
биологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .11

1.3.1 Қарақұмықтың қоршаған орта жағдайларына
талабы ... ... ... ... ... ... ... . ..13

1.4 Халық шаруашылығындағы маңызы,
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ...17

1.5 Қарақұмық
селекциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 19

1.6 Қазақстанда аудандастырылған
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

2 Зерттеу материалдары мен әдістері

2.1 А.И. Бараев атындағы ауылшаруашылық ғылыми зерттеу

орталығының географиялық орналасуы,
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2.2
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

2.3 Топырағы және жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..29

2.4 Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

3 Зерттеу нәтижелері және оны талқылау

3.1 Қарақұмық дамуының фенологиялық фазалары, вегетациялық

мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

3.2 Қарақұмық сорт үлгілерінің морфологиялық ерекшеліктері,
өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.3 Қарақұмықтың биохимиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 46

3.4 Қарақұмықтың технологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..49

Тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54

Ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.58

Кіріспе

Елбасымыздың 2030 жылға дейінгі стратегиясы және Жаңа ғасырдағы ел
тұрақтылығы мен қауіпсіздігі атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша ең
негізгі басымдылық бұл халықты азықпен қамтамасыз ету және табиғи қорларды
тиімді және ұтымды пайдалану.

Аграрлық ғылым ұсынған әр аймаққа арналған технологиялық шарттарды
бұлжытпай орындаса, онда әр шаруашылық өнімді бұрынғыдан 1.5-2 есе алатын
болады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда астық дақылдарының басымдылығын ескере
отырып, уақыт өте келе біртіндеп қысқа ротациялы ауыспалы егіске ауысқан
абзал. Нарық әр дақылға дифференциалдық жақындасуды, яғни бір дақылмен
шектелмеуін талап етеді.

Осыған байланысты Елбасының биылғы 2011 жылғы Жаңа онжылдық – жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты жолдауында
Әртараптандырудың маңызды бір сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
негізгі үш бағыты көрсетілген. Біріншісі бұл еңбек өнімділігі. Ауыл
шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төменгі және жылына бір жұмыс
істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш
50-70 мың долларды құрайды. Сондықтан да 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік
кешенде өнімділікті кем дегенде екі есеге арттыру көзделген. Екіншіден
елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай азық түлік
тауарлары ішкі нарығының 80%-дан астамын отандық тауар өнімдері құрауы
тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар. Үшіншіден экспорттық әлеуетті іске
асыру. Бірінші кезекті ол кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс
елдерінің нарықтары[7].

Республикамызда негізгі жармалық дақыл есебінде өсірілетін қарақұмық –
халық шаруашылығындағы маңызды дақылдардың бірі. Қарақұмықтан жарма және ұн
алады. Қарақұмық-жармалы дақылдардың ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның
жармасы адамға өте пайдалы диеталық тағам болғандықтан қарақұмық жармасы
өзінің қоректік және дәмділік қасиеттерімен құнды. Оның жармасы диетті
дәмді тамақ, өйткені қара құмық дәнінің құрамында едәуір мөлшерде сіңімді
белок, крахмал, углевод, май, жез, лимон, алма, қымыздық қышқылдары,
минералды, фосфор, темір, кальций заттары және органикалық қышқылдар мол.
Сонымен қатар қара құмық дәнінде витаминдер (В1,В2) минералдық тұздарда
болады. Қара құмық қауызы отын пайдаланылады. Белогының құрамында лизиннің
мөлшері 8 процентке дейін жететін болғандықтан, ол тамақты жақсы сіңіруге
көмектеседі. Денсаулық сақтау мамандарынаң мәлімдемесіне қарағанда
қарақұмық белогы өзінің сіңімділігімен және басқа да қасиеттеріне
байланысты дәнді дақылдардың белогынан әлде қайда пайдалы, толық құрамды.
Қарақұмық белогы ерігіш келеді. Таза суға еритін альбуминдер 58 процент, ал
тұзды суға еритін глобулиндер 28 процентке жетеді. Ал оны бидаймен
салыстырсақ, осы белоктар бидай дәнінде 5,2-5,8 процент қана болады.
Қарақұмықтың ұрығында тиамин, рибофлавин, ниацин витаминдері көп және ол
эндоспермнің орта бөлігіне орналасқан. Сондықтан оны ақтап жарма алғанда
осы пайдалы заттар жарманың құрамында түгел қалып қояды.

Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарынын өсу мерзімі қысқа, яғни 50-60
күн шамасында, сондықтан оны аралық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Күздік бидай үсіп кеткен жылдары қарақұмықты сақтық дақыл ретінде
пайдаланады.Қарақұмық-балды өсімдік, гүлдерінен аралар бал жинайды. Бал
аралары оның әр гектарынан 50-60 кг, ал қолайлы жағдайда 100 кг-ға дейін
бал жинайды. Қарақұмықтың сабағы да пайдалы. Онда рутин көп, сондықтан одан
Р витаминін алады. Оның тағы бір медициналық қасиеті, оның құрамында
болатын лецитин заттары қан тамырының ауруы холестеринге қарсы тұра алады.
Қарақұмықтың сабаны мен топанын мал азығына пайдаланады. Онда калий көп,
сондықтан оның күлінен поташ (сақар –сабын алуға пайдаланатын химиялық
қоспа) алуға да болады[2].

Қарақұмықтың өсу дәуірі өте ерте басталып (өнгеннен соң 60-70 күннен
бастап) гүлдейді де, қысқы аяз басталып үсіп кеткенше созылады. Ең алғашқы
пайда болған дәндері ірі, бірақ аз болады. Сондықтан да бал алуға, қыста
үсіп кеткен күздік егістіктердің орнына себуге немесе малға көк балауса
ретінде пайдалануға өте қолайлы. Қарақұмықтың тамыры жер қыртысындағы
күрделі фосфор қоспаларын тез арада қоректік заттарға айналдырады. Оны
айдап тастаса тыңайтқыш та бола алады.

ТМД елдерінде қарақұмық көп егіледі. Оның 70 процентке жақыны Ресейде,
20 процентке жақыны Украинада, 5 проценттейі Беларус пен Қазақстанда
себіледі. Қазақстанда қара құмық негізінен солтүстік облыстарда, әсіресе
Павлодар облысында, Орталық Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда, Семей және
Талдықорған облыстарында егіледі. Республика бойынша 1990 жылы қара
құмықтың егіс көлемі 218,0 мыңга, оның ішінде суармалы жерде - 4,0 мыңга
дейін болған. Кейінгі жылдары қара құмықтың өнімділігі әр гектардан 9,7 ц
шамасында болып, жалпы түсімі 216,0 мыңт дейін жетті. Нақты айтқанда
Қазақстанда орта есеппен алғанда 214,2 мың гектар жерге қарақұмық егісі
себіліп, 90,4 мың тонна өнім өндірілді. Басқа елдерде – АҚШ-та, Канадада,
Францияда, Польшада, Германияда оның егістігі едәуір көлемде[31].

Зерттеу мақсаты: Будандастыру, іріктеу жолымен және шаруашылық-құнды
қасиеттерімен, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерімен
ерекшеленетін селекциялық күшті үлгілерді пайдалана отырып, қарақұмықтың
жаңа тұқымын шығару.

Зерттеу міндеттері:

1.Бастапқы материал ретінде әр түрлі тәлімбақтардан сорт үлгілерінің
коллекциясын сұрыптау
2.Сорт үлгілерін морфологиялық және биологиялық-шаруашылық белгілері
бойынша жиынтықты зерттеу
3.Болашақ сорт моделін құрастырып, ең үздік нәтиже көрсеткен үлгіні
мемлекеттік сорт сынау учаскелеріне сорттарды сынау мақсатында ұсыну.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Солтүстік Қазақстан облысы жағдайында
қарақұмық сорт үлгілерінің өнімділігі мен өсімдіктің морфо-биологиялық
ерекшеліктерінің мәні көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облысы жағдайында
қарақұмықтың жергілікті сорт үлгілерінің фенологиялық фазасы, вегетациялық
кезеңі, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштеріне салыстырмалы түрде
зерттеу жүргізілді.

Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері қарақұмық
селекциясында бастапқы материал болып табылады.

1 Әдебиетке шолу

1.1 Қарақұмықтың жалпы сипаттамасы, морфо-биологиялық ерекшеліктері

Қарақұмық-маңызды жармалық және бал беруші дақыл. Қарақұмық жармасы
жоғары азықтық, дәмдік және диеталық қасиеттерімен ерекшеленеді, оның
құрамында 82% дейін крахмал, 10-11% белок, 3,0% май, 0,3% қант, 2,1-2,5%
әртүрлі күлдік элементтер бар. Адамның организміне қажетті элементтер мен
темір, кальций, фосфор тұздарын кездестіруге болады. Оның құрамына
организмдегі асқорытуды және ондағы қоректік заттардың сіңірілуін
жақсартатын лимондық, щавельдік органикалық қышқылдар кіреді, сонымен қатар
адам организмінің физиологиялық құрылымына әсер ететін В (тиамин), В2
(рибофлавин), РР (никотин қышқылы) және Р (рутин) дәрумендері болады.
Қарақұмық жармасы адам организмі жақсы қабылдайтын ақуыз, май, крахмал
сияқты қоректік заттардың жоғары болуымен сипатталады.

Қарақұмық ақуызы дәнді астық дақылдарға қарағанда қоректілігі жағынан
жоғарылау және құрамы бойынша бұршақ тұқымдастарының ақуыз құрамына
жақындайды. Қарақұмық дәні аргинин (12,7%), лизин (7,9%), цистин (1%),
цистидин (0,59%) сияқты аминқышқылдарынан құралады. Осы аминқышқылдар
арқылы дәннің жоғары қоректік құндылығын анықтайды. Қарақұмық жармасы басқа
жармаларға қарағанда жеңіл пісіріледі және жоғары калориялығымен
ерекшеленеді.

Қарақұмық жармасынан жасалынатын ботқа орыс халқының ұлттық
тағамдарының бірі. Қарақұмық ұнын тандыр нан мен құймақ жасауға қолданады,
соя қоспасымен шоколад өндірісінде пайдаланады. Қарақұмық дәнінен балалар
диетасы үшін қолданылатын әртүрлі мөлшердегі тегіс смолендік жарма алады.
Ал, кебегі малдар үшін жем-азық болып табылады. Қарақұмық дәнін құймақ
дайындау үшін көбінесе ұнға өңдейді[2,3].

Қарақұмық дәнінің сараптама мәліметтері мен оның өңделген азықтары,
дәндегі қоректік заттардың біркелкі орналаспауын дәлелдейді. (1-2-
кестелер).

Көптеген дәнді дақылдар сияқты қарақұмықтың ақуызы мен майының көп
бөлігі дәннің айналасындағы бөлікте және аздаған мөлшері орталық бөлікте
болады. Көмірсулар керісінше орталық бөлігінде көбірек. Жеңіл қорытылатын
ақуыз бен майдың аз мөлшері топанның құрамында да кездеседі.

Күлдік элементтер, майлар және ақуыздың көптеген мөлшері қоңыр ұнның
құрамында кездеседі, сондықтан ұнның қоректік қасиеті жоғары. Қарақұмық
жармасының құндылық ерекшелігі оның майды жақсы сіңіре білу қабілеті. Бұл
ерекшелікті майды таза күйінде пайдалана алмайтын аурушаң адамдардың
қоректенуіне пайдаланады.

1-кесте. Қарақұмық дәні мен өңделген өнімінің химиялық құрамы (%)

Өнім су күл Шикі Азотсызэксмайлар Азот (N)
протеин тракты
заттар
Дән 11,0-13,0 66,0-68,0 0,4 2,0-2,2 13,0-15,0 2,0-2,05
Жарма 10,0-,14,080,0-81,0 0,3-0,5 3,2-3,8 1,8-2,2 1,8-2,0
Ұн 7,5-8,0 88,0-90,0 0,5-0,2 0,5-0,6 0,7-0,9 0,8-0,9
Топан 4,7-5,5 30,0 0,3 0,9-1,0 56,0-57,0 3,4-4,2

Құрамындағы мыстың мөлшері жөнінде (100 г жармада 21,85 г мыс бар)
қарақұмыққа тең келетін бірде бір жарма жоқ. Ал мыс адамның организмінде
гемоглабинді құрау үшін темірді пайдалануға септеседі. Қарақұмық жақсы
бөгеді, калориі көп.

Маңызды зат топтары қарақұмық дәнінің құрамына кіретін көмірсу мен
ақуыз, сосын осы көмірсу ақуызға айналады. Қарақұмықтың жас жапырақтарында
ақуыз мөлшері жоғары, Р дәрумені жағымды дәмдік сапаға ие және оны кейбір
Шығыс Азия елдері салат дайындауға қолданады. Қарақұмық дәні мен кебегі қой
мен құсқа жақсы жем. Қарақұмық дәнімен құстарды қоректендірсе жұмыртқалауы
мен ет сапасы жоғарылайды. Ал қарақұмықтың сабаны тұрпайсыз және жем
ретінде қолданылмайды, бірақ қой астына төсеніш ретінде қолданылады.
Қарақұмық жармасы кондитер өндірісінде пайдаланылады. Қарақұмық түрлі
ауруларға көп ұшырамайтын дақыл.

Қарақұмық-біржылдық шөптесін бұтақты өсімдік, іші қуыс сабағы қырлы
биіктігі 30дан 150 смге дейін. Қолайлы жағдайларда сабақ 10-12 бұтаққа
дейін қалыптастырады. Жапырақтары жүрек тәрізді үшбұрышты немесе жүрек-
садақ оғы тәрізді; төменгі бөлігінде ірі, жоғары бөлігінде ұсақтау келеді.
Тамыр жүйесі ұзын бүйір тамыршалары бар бірінші кіндік және жеткілікті
ылғалдану жағдайында сабақтың төменгі бөлігінде пайда болатын екінші
қосалқы тамырлардан тұрады. Тамырлар топырақта 70-90 см дейін тереңдікке
бойлауға қабілетті, алайда олардың негізгі массасы беткі (25-30см) қабатта
шоғырланады. Дегенмен қарақұмық тамырының ұзындығы, сұлыға қарағанда, екі
есе қысқа. Гүлдену кезеңінде тамырдың үлесіне барлық өсімдік массасының
шамамен 15% тиеді. Гүлдері қосжынысты, ақ, қызғылт немесе қызыл түсті,
насекомдарды тартатын сүйкімді және айтарлықтай күшті иісті. Олар шоқгүлге
жиналған, жоғары жағында гүл табақшасы түрінде болады. Жемісі үшқырлы
жаңғақ, 1000 тұқымның массасы әртүрлі сорттарда 20-35гр аралығында
өзгереді. Жемістерінің қабыршақтануы 20-23% аралығында[2,3,4].

Қарақұмықтың шығу тегі. Егістік қарақұмықтың отаны-Үндістан мен Непал
мемлекеттерінің таулы аймақтары болып табылады. Ол осыдан 4 мың жыл бұрын
дақыл ретінде осы елдерде енгізілген. Сонымен қатар, Қытай мен Жапония
елдерінде ертеректен бері өсірілуде. Б. З. 1 ғасыр бұрын Ресей
территориясында өсіріле бастаған. Бірақ әртүрлі зерттеушілердің өзіндік
пікірлері сан алуан. Декандолль, Ген, Баталин қарақұмықтың отаны ретінде
Азия құрлығының Шығыс бөлігін атап көрсеткен. Н.И. Вавилов (1926)
қарақұмықтың қытайлық даму тарихына сүйенеді. Н.И. Кахновский (1909)
керісінше Қытайға қарақұмық басқа мемлекеттерден әкелінген деген тұжырым
жасады.

Академик В.Л. Комаров (1938) бұл мәліметтердің барлығын теріске
шығарады. О.В. Троицкая мәдени қарақұмықтың түрлерін Гималайдың батыс
бөлігінен табылған деген тұжырым жасайды. Бұл тұжырымды басқа да авторлар
растайды. Алайда академик П.М Жуковский (1950) қарақұмықтың гималайдан
табылғандығын мойынсынбайды, өйткені оның пікірінше қарақұмық Азия
құрлығының шығыс таулы аймақтарынан шыққан деп есептейді.

Қарақұмықтың ботанико-биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып А.С
Кротов (1963) ол Үндістан елінің солтүстік аймақтарынан шыққандығын
дәлелдейді. Оның көктеу кезеңінде тұқымының, жапырағының, гүлдері мен
тамырының ылғалды қажетсінуі төмен болуы, ал гүлдеу кезеңінде керісінше
ылғалды көп мөлшерде қажетсінуі оның таулы аймақтан шыққандығын дәлелдейді.
Бұл мәлімдемені басқа да ерекшеліктері растайды, яғни қарақұмықтың
температураға жоғары сезімталдығы, топырақтан минералды қоректік заттарды
қажетсінуі және т.б.

Сонымен, қорыта келгенде көптеген зерттеушілер қарақұмықтың отаны-Азия
құрлығының Шығыс бөлігі деген тұжырымға тоқтады.

Моңғолияда, Сібірде және приморьеде қазіргі кезде татарлық
қарақұмықтың ұсақ, жасыл гүлді түрлері кездеседі. Европада бұл дақыл
салыстырмалы түрде жаңадан қалыптасқан. Татар шапқыншылығы кезінде
Европаға,негізінен Украинаға әкелінген. Сонымен қатар Европада қарақұмықты
татарлардан қабылдап қойған болгарлықтар дегенде тұжырым кездеседі. Ал,
Батыс Европаға қарақұмықты екі жолмен әкелген делінеді-Ресейдің шығысы мен
Кіші Азияның оңтүстік аймақтарынан. Французша қарақұмықты "le ble
sarrasin" немесе жай "sarrasin" деп атайды. Мағынасы арабша, нан дегенді
білдіреді.

Кореяның Солтүстік және Орталық бөлігінде қарақұмық көп тараған.
Бирма, Вьетнам, Пәкістан және басқа Азия елдерінде де көп тараған.
Гималайдың таулы аймақтарында кәдімгі қарақұмық пісіп жетілмегендіктен,
жергілікті тұрғындар татарлық қарақұмықты өсіреді. Татарлық қарақұмық бұл
өңірдегі жағдайы төмен халық үшін қоректенудің маңызды қайнар көзі. Оның
ұнынан құймақ, тәтті тоқаштар және т.б ұн өнімдерін пісіреді[1].

1.2 Қарақұмықтың морфологиясы

Қарақұмық фагопирум (Fagopyrum) туысына, қарақұмықтық-полигонацее
(Polygonaceae) тұқымдасына жатады. Сабағы-бұтақтанған, буындары иіліп
келген, биіктігі 40-120 см және одан да жоғары. Сабағының қалыңдығы 2-10
мм. Көлеңке жағы әдетте жасыл түсті, ал күңгей жағы қызғылт-қоңыр түсті.
Сабақтың төменгі бөлігінде бірінші тұқым жарнақты буыннан тамыр мойнына
дейін қолайлы жағдай туғанда қосалқы тамырлар пайда болуы мүмкін, сондықтан
сабақтың осы бөлігін кейбір зерттеушілер тұқым пайда болу аймағы деп
атайды. Бірінші тұқым жарнақты буыннан кейін сабақта бұтақтану аймағы
жалғасады. Сабақтың осы бөлігінде жапырақ ойығында бүршіктер пайда болып,
олардан біріншілік бұтақтар дамиды. Бір өсімдікте мұндай бұтақтардың саны 5-
6 және одан да көп болуы мүмкін. Осы бұтақтардың төменгі жапырақтарының
сағақтарында екіншілік бұтақтар, ал төменгі жапырақтарының соңғы сағағында
үшіншілік бұтақтар пайда болады. Буынаралықтардың ұзындығы мен гүл
сидамдарының ұзындығы төменнен жоғары қарай кішірейеді. Буынаралықтардың
саны қарақұмық сорттарына байланысты 6-20-ға дейін ауытқып отырады,
гүлшоғыры 20-30, ал кейде одан да көп. Сорт неғұрлым кеш пісетін болса,
соғұрлым өсімдіктің өсуі мен дамуына қолайлы жағдай туады. Өйткені олар
одан әрі бұтақтанып, көптеген гүлшоғырлар мен гүлдер түзеді.

Жапырағы-жүрек тәрізді үшбұрышты немесе садақ оғы тәрізді; төменгі
бөлігінде ірі, жоғары бөлігінде ұсақтау келеді. Төменгі жапырақтарының
ұсақтау болып келуі қарақұмық өсімдігін отырыңқы етіп көрсетеді.
Қарақұмықтың жапырақтары қолайлы жағдай туғанда үлкенірек және ірі болып
қалыптасады. Түсі жасыл, кейде антоциандық қызыл-қоңыр түске ие болады.

Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарына қарағанда кеш пісетін сорттарының
жапырақтары әдетте үлкенірек, ірілеу. Дегенмен жоғары температурада олар
тургор қысымын жоғалтып, нәтижесінде солып қалады.

Гүлдері-шоқты, шаршы тозаңданады. Бір өсімдікте керісінше болады. Ұзын
аналық ұрықтар ұзын аталық ұрықтардың тозаңымен, қысқа аналық ұрықтар қысқа
аталық ұрықтың тозаңымен тозаңдана алады. Сондықтан олар ара тағы басқа
жәндіктермен немесе жел арқылы айқас тозаңданады. Түсі ақ, албырт қызыл,
кейде қызыл. Гүлшоғыры шашақ. Өсімдіктің жоғары жағында гүлшоғыр жартылай
шатыр формасында болады. Жалпы гүл сидамдары шашақтың ұзындығына тең
немесе жарты есе ұзын. Тік бағытталған, кейде жан-жағына шашыраңқы. Гүлдері
қосжынысты. Әр гүлде 8 аталық, 3 аналық бар. Гүлдері екі типті (диморфты),
кейбір гүлдерде аналық бағанасы аталықтан қысқа, бұлар қысқабағаналы
гүлдер, ал басқаларында ұзынырақ, ұзынбағаналы гүлдер. Бұл құбылысты
гетеростилия деп атайды. Бірақ кейде аталығы мен аналығы бірдей гүлдер
кездеседі, оларды гомостилия деп атайды. Қарақұмықтың тек аталықтан тұратын
түрлері кездеседі, оларды диклиния деп атаймыз.

Жемісі-пирамида формасындағы үшқырлы жаңғақ. Екіқырлы, төртқырлы,
алтықырлы және көп қырлы жемістері кездеседі. И.А. Пульманның анықтауы
бойынша қарақұмық жемісінің қырларының саны тұқым қуаламайды және өсімдік
үшін аса маңызы жоқ. Бірақ, А.Е. Столетова қарақұмықтың көпқырлы
жемістерінің өміршеңдігі қысқа екендігін айтады.

Жемістердің қырларына байланысты қарақұмық жемісі қанатты, қанатсыз
және аралық болып бөлінеді. Жеміс тұқыммен бірге өсіп кетпейтін қабықпен
қапталған. Қарақұмық сорттарына байланысты қабықтың түстері әртүрлі болып
келеді, ашық-қоңыр, күміс түстес, қошқыл-сұр, ашық қоңыр, қошқыл қоңыр,
кейде тіпті қара түсті де болады. Олар тегіс немесе нүкте түріндегі әртүрлі
суреттер болуы мүмкін. Жемістің түстері сортқа байланысты, бірақ өсіру
технологиясы мен пісіп-жетілу жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Жемістің қабығы әдетте жылтыр.

Қарақұмық жемісінің көлемдері татарлық қарақұмыққа қарағанда ірілеу.
Олардың ішінде ірілері де болады, ұзындығы 5,5-6,0 мм, ені 4-4,5 мм және
1000 тұқымның массасы 24-30 г. Орташалары ұзындығы 5-5,5 мм, ені 3,5-4 мм
және 1000 тұқымның массасы 18-24 г. Ұсақ жемістері ұзындығы 4-5 мм, ені 3-
3,5 мм және 1000 тұқымның массасы 12-18 г.

Тамыр жүйесі жақсы жетілмейді, бірақ заттарды сіңіру қабілеті күшті
болады. Негізгі тік тамыр см, одан да терең бойлайды. Көмекші тамырлардың
шешушә маңызы бар. Олар дән жарнағының астындағы иіннің төменгі жағында
қалыптасып, көптеген тамыр құрайды. Түбірдің ұзын тамырлары құмырсқа,
лимон, сірке қышқылдарын және басқа қышқылдарды көп шығарады, мұның өзі
қоректік заттардың оңай еруін қамтамасыз етеді.

Тұқым тайыз егілгенде және топырақтың үстіңгі қабаты кеуіп кеткенде
көмекші тамырлар жақсы өспейді, құрып кетеді, мұның өзі өнімнің азайып
кетуіне әкеліп соғады. Қарақұмықтың тамыр жүйесі см тереңге дейін бойлап,
жан жағына смге дейін жайылады. Тамыр жүйесі гүлдейтін және дән салатын
кезде жылдам өседі[1,2].

1.3 Қарақұмықтың биологиялық ерекшеліктері

Қарақұмық гүлдену мен өсу кезеңі созылыңқы, тіпті егін жинауға немесе
бозқырауға дейін созылатын өсімдіктер тобына жатады. Қарқынды өсуі,
өсімдіктің жапырақтануы мен массасының ұлғаюы жаппай гүлдену кезеңіне
сәйкес келеді және бұл процесс жемісінің жаппай пісу кезеңінде кенеттен
төмендейді.

Қарақұмық-жылу мен ылғал сүйгіш дақыл. Қалыпты дамуына ол айтарлықтай
жоғары температураны қажетсінеді, оның үстіне бұл талабы өсімдіктің барлық
өсіп даму кезеңдерінде бірдей.

Тұқым 7-8°жылылықта өне бастайды, біркелкі көктеуі +12-
15°температурада жүреді. Ең қолайлы өну температурасы +20-25°.
Температураның жоғарылауы қарақұмықтың көктеуін жылдамдатады: +7-
8°температурада ол 18-20 күннен кейін көктейді: +12°-12 күннен кейін, +15°-
7-8 күннен кейін. Себу-пісу кезеңіндегі температура жиынтығы-1200-1400°,
орташа мерзімде пісетін сорттарға шамамен 1300°қажет. Жел және жәндіктер
арқылы тозаңданады. Қарақұмық жылуды бірқалыпты талап ететіндігімен, өте
ылғал сүйгіштігімен, тез өсіп, тез жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оның
тұқымы топырақ 7-8 градусқа қызғанда барып өнеді, ал біркелкі және тез
өсіп, жер бетіне шығуы үшін оған 12-15ºС температура қажет. Сонда қарақұмық
7-8 күнде көктеп шығады. Қарақұмықтың өсуіне ең қолайлы температура 18-
20ºС болып саналады. Орта тәуліктік жылылық 13ºС төмендеген кезде
қарақұмықтың жетілуі төмендей береді, ал қатты ыстыққа және аңызаққа төзе
алмайды.

Қарақұмық суыққа төзімсіз. Оның көгі 1-2ºС суықтың өзінде үсікке
шалдығады. Өсімдіктің гүлдеген кезде үсіп кетуіне1ºС салқын жеткілікті, ал
осы мезгілде температура 30 градустан жоғары және ылғал жеткіліксіз болса,
онда оның түйіні қурап, дәні түсіп қалады, қарақұмық ешқандай өнім
бермейді.

Қарақұмық өсіп-дамуы үшін ылғалды көп талап етеді. Оның
трансперациялық коэффициенті 500-600, яғни бидайдан 1,5 еседей көп. Әсіресе
гүлдену және-ден түсу кезеңінде ауаның ылғалдылығы 30-40 проценттен кем
болмаса, өсімдік қурап оның гүлі мен түйіні өліп қалады. Ылғал әсіресе
өсімдік дамуының екінші жартысында қажет. Басқа дақылдармен салыстырғанда
қарақұмықтың тамыры топырақтағы тез ерімейтін фосфор қышқыл қосындыларын
пайдалануға қабілеттті келеді. Алайда ол құнарлы топырақта жақсы өсетін
дақыл. Біршама қысқа мерзімде (өсіп-жетілу кезеңі) қарақұмық топырақтан
қоректік заттарды (әсіресе фосфорды) бидайға қарағанда көп сіңіріп шығады.
Негізгі егістік жерді жыртқан кезде гектарына 1- 1,6 ц суперфосфат берілсе
қарақұмық өте жақсы өседі. Оның әр гектарына 0,5-0,7 ц түйіршігі
суперфосфат енгізілу ұсынылады.

Тұқым топырақ бетіне көктеп шыққаннан 6-8 күннен кейін бірінші нағыз
жапырақ құралады. 4-6 күнде екінші жапырақ шығып, өсімдіктің даму
кезеңдерінің өн бойында жапырақ қойнауынан бүршіктер пайда болады. бұлардан
сабақтар дамып, одан әрі өсе келе гүл шоқтары құралады. Алдымен негізгі
сабақтағы гүлдерге сосын 2-3 күннеғн кейін бүр сабақтардағы гүлдер
гүлдейді. Гүлдену шоқтары төменгі гүлдердің ашылуынан басталады.
Қарақұмықтың гүлдену мерзімінің ұзақтығы 40-45 күнге созылады. Ол гүлдену
кезеңінде қоректік заттарды өте-мөте көп керек етеді, сондықтан кең қатарлы
егістіктерде суперфосфатты 0,5-1 ц есебінен 8-10 см тереңдікте енгізеді.
Фосфоробактеринді қолдану мейлінше тиімді. Тамыр жүйесі өзек сияқты, 79-90
см тереңдікке сіңеді, негізгі тамыр 25-30 см тереңдікте орналасқан, 1000
дәннің салмағы шамамен – 18-32 гр. болады.

Қарақұмық топырақ тандайды. Ол көбінесе қара және қызыл-қоңыр
топырақта жақсы өсіп, мол өнім береді. Топырақ ортасы қышқыл болса, тәуір
өседі (РН-5-6,5 болғаны жөн).

Қарақұмықтың вегетациялық кезеңі Солтүстік Қазақстан жағдайында 80-90
күн. Оның бүкіл өсіп дамуы (өскін және көктеу кезеңін қоспағанда) ұзаққа
созылады және егісті жинау кезіне дейін жалғасуы мүмкін.

Тұқымның өнуі және көктеуі. Қарақұмықтың тұқымы ұрық, эндосперм және
қабықтан тұрады. Ылғал топыраққа түскеннен кейін, оны өзіне сіңіріп бөрте
бастайды. Тұқымның бөртуі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Қолайлы температура мен ылғал жағдайында сепкенннен кейін 2-5 күнінде
қабығын жарып шыққан түбіршек топырақтың терең қабатына еніп, келесі күні
түбір қалыптасады. Бір мезетте жеті буынды доға тәрізді сабақ топырақтың
жоғарғы қабатына көтеріледі. Пайда болған түбіршектен келесі тамыр
шашақтары қалыптасады. Егер топырақта ылғал жеткілікті, ауа жақсы сіңсе, ал
температура 15-20 градус болса, сепкеннен кейін 4-5 күнінде топырақтың
беткі қабатында жетібуынды айналма жер пайда болады. Келесі күні сабақ
түзеліп, жетібуын айналып және тарқайды. Жетібуын алғашында сары немесе
қызғылт күлгіндеу түсті, ал бірнеше сағаттан соң жасылданады. Жасыл
жетібуын осы кезде жапырақ қызметін атқарады, яғни органикалық заттарды
синтездейді.

Бұтақтану және бутанизация. Өскіндегеннен 4-8 күннен кейін қарақұмықта
алғашқы жапырақтар, 3-5 күннен кейін екіншілік жапырақтар қалыптасады.
Екіншілік жапырақ пайда болғаннан кейін бұтақтану басталады. Бұтақтанумен
қатар өскін 10-12 күнінде бутанизация
басталады,
бұтақтану сияқты жинағанға дейін созылады.

Гүлдеу. Қарақұмық өскін пайда болғаннан бастап 20-40 күннен кейін және
сорт пен өсіру жағдайына байланысты гүлденеді. Солтүстік Қазақстан
жағдайында Богатырь сорты 25-28 күннен кейін гүлдейді. Бірінші болып
сабақтың астыңғы жағындағы гүлдер, кейін гүлдеу жоғарғы жағына таралады.
Қарақұмықтың қарқынды гүлденуі сорттың ерекшелігіне тәуелді. Сонымен қатар
агротехникалық және топырақ климат жағдайына байланысты. Қарақұмық
тасымалданып тозаңданады, бірақ кейде өздігінен тозаңдануы мүмкін.
Тозаңдарды бір өсімдіктен келесіге жәндіктер тасымалдайды.

Қарақұмықтың гүлдері ауа-райы жағдайына өте сезімтал. Егер ұзақ уақыт
жаңбыр кезеңінде гүлденсе, гүлі бос, тозаңданбайды немесе ашылмайды. Егер
ашылса тозаңы шайылып кетеді. Сонымен қатар осы уақытта аралар гүлге
жақындай алмайды. Қоректік заттарға, әсіресе азот пен ылғалға бай топырақта
қарақұмықтың гүлдеуі әдетте кеш жүреді және ұзаққа созылады. Әрбір гүл
күніне бір рет қана гүлдейді, сосын жабылып қалады. Бірақ, тозаңдану
болмаса жартылай ашық күйінде келесі күнге дейін қалуы мүмкін.

Жемістің түзілуі және пісіп жетілуі. Қарақұмықтың дамуында жемістің
түзілуін екінші қатерлі кезең деп есептеуге болады. Бұл фазада ол гүлдеу
фазасында сияқты жоғары температура мен құрғақшылыққа сезімтал келеді және
жеңіл зақымданады. Бұл екі құбылыс бір уақытта жүреді, яғни бір өсімдікте
жемістің түзілуі мен пісіп жетілуі жүре береді. Гүлдегеннен 25-35 күннен
кейін алғашқы жемістері пісе бастайды, ал жемістің түзілу процесі 20-30
күнге немесе одан да көп күнге созылады.

Қолайлы қалыңдық пен кең қатарлы себілген қарақұмықтың әр га-нан 2,5-3
млн өсімдік санын есептеуге болады. Осындай әр өсімдікте жемістің түзілуі
жақсы өтсе, 1 га-дан 1 ц өнім алуға мүмкіндік бар[13].

1.3.1 Қарақұмықтың қоршаған орта жағдайларына талабы

Еліміздің әр түрлі топырақ-климатты аймақтарында қарақұмық өсіру
технологиясын әзірлеу үшін дақылдың – температура, ылғал және жарық тәрізді
сыртқы орта факторларына қатынасын, биологиялық ерекшелігін ескеру қажет.

Температураға талабы

Қарақұмықтың дән түсімі қалыптасу үшін 1300-16000 белсенді температура
жиынтығы қажет. Белсенді жылуға жалпы қажеттілігінің салыстырмалы жоғары
еместігіне қарамастан, қарақұмық- жылусүйгіш дақыл болып табылады. Бұл ең
алдымен, органогенез кезеңдері бойынша айтарлықтай жоғары биологиялық
минимум температурамен түсіндіріледі.

Тұқымның өнуі кезеңінде, өскін және генеративті мүшелер қалыптасқанда
қауіпті егіншілікті жерде ол- 7-80 С құрайды, осыған сәйкес, ауа райы
жағдайы жылдар бойынша айтарлықтай өзгеріске ұшырайды.

Өскіндер қалыптасу барысында қарақұмық үшін қолайлы термиялық жағдай
температура 15-180 С болғанда, қарқынды өсу кезеңі және дамуы барысында 16-
200 , ал жемістену және пісу кезеңдерінде 17-210 С қалыптасады.

Барлық өсу кезеңі барысында қарақұмық бозқырауға сезімтал келеді. Ауа
температурасының 4-6 сағат аралығында минус 10 С төмедеуі өсімдікке
айтарлықтай зақым келтіреді, ал минус 2,0-2,50 С жапырақ және өсімдікті
жояды.

Сонымен бірге қарақұмық жоғары температураны да нашар көтереді. Ауа
температурасының 250 С жоғарылауы кезінде және топырақ ылғалдылығының 24%
төмендеуі есебінен тозаңдану және жемістену жағдайы күрт төмендейді,
өсімдіктің өнімділігі нашарлайды, бұл өнімділікті кемітеді.Егер көлеңке
жерде ауа температурасы 300 С, топырақтың беткі қабатында 500 С және тамыр
таралу аймағында 250 С жетсе, құрғақ шығыс желдері болған жағдайда өсімдік
біршама солады, жеміс беретін гүлдер және қалыптасқан жемістер кебеді.

Жоғары максималды температура болатын жалғаспалы құрғақшылық кезеңінен
кейін қарақұмық қайта қарқынды өсіп, гүлденетін және жемісі қалыптасатын
жоғары дән өнімділігін қалыптастыратын кездер жиі байқалады.

Ылғалға талабы

Қарақұмықта құрғақ зат бірлігінің қалыптасуы үшін орташа алғанда 530
су бірлігі қажет, бұл арпада, сұлыда, асбұршақта су шығынын біршама
арттырады, бидайдың транспирациялық коэффициентінен 2 есе көп және тарыдан
3 есе көп келеді. Өнімнің қалыптасуына қажет су шығыны топырақ құнарлығына
байланысты. Қарақұмыққа толық минералды тыңайтқыштарды енгізген жағдайда,
тыңайтқыш енгізілмеген танапппен салыстырғанда транспирациялық коэффициент
70 % төмендейді.

Қарақұмық тұқымы тез өнеді, бірқалыпты өскіндер шығады және қара
топырақтарда ылғалдылық 30% асқанда жақсы дамиды. Ылғалдылық24%-ға
төмендегенде өскіндер қалыптасуы 4-8 күнге кешігеді, ал ылғалдылық 20-ға
төмендеген кезде қарақұмық көктемейді.

Даму кезеңдері бойынша өсімдіктің топырақ ылғалдылығына талабы
біркелкі емес. Көктеуден бастап гүлдену кезеңіне дейін су шығыны жалпы
тұтынудың 11 % құрайды. Оның көптеген мөлшері (шамамен 53 %) гүлдену
кезеңінен пісу кезеңіне дейін, шамамен 36 %- пісу уақытында қолданылады.

Қарақұмықтың суға қажеттілігі вегетативтік кезең ұзақтығына
байланысты. Кеш пісетін үлкен жапырақты және шырын сабақты суды көп
шығындайтын, күшті жапырақталған өсімдіктер аласа бойлы аз жапырақталған
өсімдіктермен салыстырғанда ылғалға айтарлықтай талап қояды.

Солтүстік орманды далада 330-380 мм ылғал түседі, оның ішінде 200-220
мм- мамыр- тамыз айларының аралығында байқалады. Бұл Батыс Сібірдегі
орманды дала жеткіліксіз дәрежеде ылғалданбаған аймаққа жататынын
көрсетеді. Генеративті мүшелер қалыптасуы, жемістену және пісу кезеңдерінде
-10-120 өнімділіктің төмендеуі осы себептен деп болжауға болады.

Қарақұмық дәнінде артық немесе көп қолдану кезінде қиын қыстау
кезеңінде ылғал жетіспеушілігі байқалады. Бұл дақылдың ылғалды қолдануын
минералды қоректену арқылы болады.

Жарыққа қоятын талабы
Қарақұмықтың өсуіне және дамуына жарық көп әсер етеді. Бірақ қарақұмық
популяцияларымен жүргізілген әр түрлі зерттеулербұл тек кеш пісетін сорттар
үшін дұрыс екені көрсетілді. Ерте және орташа пісетін сорттар қысқа күнге
өте әлсіз немесе сезбейді.
Қарақұмықтың гүлденуі мен жемістенуіне қажет минималды жарық 850-1100
лк құрайды. Ал бидай мен арпаға 1800-2200 лк керек. Бірақ қарақұмық
өсімдігіндегі физиологиялық процестерге жарық маңызды әсер етеді. Өсімдік
көлеңкеде болса, жынысты жасушалары қалыптасуы кезеңінде өсімдіктің өсуі
баяулайды, әсіресе кеш пісетін және ерте пісетін сорттарға дәнділігі және
тұқым массасы, дән сапасы төмендейді.
Өсімдік өнімділігінің осылай төмендеуі күн энергиясының
жетіспеушілігімен түсіндіріледі, осының нәтижесінде жапырақтың
фотосинтетикалық белсенділігі, синтезі және органикалық қосылыстардың
жиналуы төмендейді, физиологиялық - биохимиялық процестер, соның ішінде
макро және микроспорогенез баяулайды.
Осы аталған аймақта күн ұзақтылығы қарақұмықтың берілген көрсеткіштер
қоятын талапқа сәйкес келеді.

Топыраққа талабы оның даму ерекшеліктеріне байланысты, тамыр жүйесінің
нашар дамуы, жақсы бұтақтанып өте көп мөлшерде гүл түзуі мен ерекшеленеді.
Сондықтан қарқұмық дақылының топыраққа талабы орташа деген ұғым қате болып
табылады. Қарақұмықты нашар, арамшөппен ластанған жерлерге орналастырса
өнім төмен болады. Қарақұмыққа ең қолайлы құрылымды, жақсы қызатын, ауа
жақсы алмасатын топырақтар.

Қарақұмық қоректік заттар, ылғал мен толық мөлшерде қамтамасыз етілген
топырақтарда жақсы дамиды. Тұқымның өну барысындағы тұқым жарнағының
топырақ бетіне шығуы, егін көгі шыққаннан кейін баяу өсуі, вегетативтік
массасының тез өсуі қарақұмықтың топыраққа талабы жоғары екенін көрсетеді.

Сабақтың төменгі бөлігінде қосымша тамырлардың түзілуі топыраққа енуін
сипаттайды, бұл сабақ өте жақсы дамиды, егер ылғалды топыраққа орналасатын
болса. Нәтижесінде барлық өсімдік жақсы дамиды және жеміс түзеді. Қарақұмық
әр түрлі топырақта өсе береді, жеңіл балшықты, құмды тез қызатын
топырақтарды жақтырмайды.

Бұл дақыл әлсіз қышқылды және нейтралды реакция жүрген топырақтарда
жақсы дамиды. рН ауытқу барысында әр түрлі өнім көрсетеді. Қарақұмық үшін
рН тұздылығы 5,0-6,0; рН 4,5 ол өте нашар дамиды. рН 7,0;8,0 және 9,0
ортада өсімдіктің шіруі байқалады.

Қарақұмықтың минералды коректену элементтеріне талабы

Дақылдың азотты ең көп пайдалануы жамудың 3-4 –кезеңдерінде
байқалатыны баршаға мәлім. Сондай – ақ келесі фазаларда да азот айтарлықтай
сіңіріледі, бұл барлық вегетациялық кезең бойы вегетативті және
репродуктивті органдардың қалыптасуымен сипатталып қарақұмықтың биологиялық
ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Фосфор болса дамудың барлық фазалары мен кезеңдерде сіңіріледі.
Сіңірудің шарықтау шегі жемістің қалыптасу фазасында байқалады. Тұқымның
қоңырлануы фазасында фосфорға деген қажеттілік жоғары деңгейде болып тұр.
Жемістің қалыптасуы кезеңінде өсімдік фосфорды қарқынды сіңіруі олардың
репродуктивті органдарында қоректік заттардың жиналуымен түсіндіріледі.
Сондай ақ адениозинтрифосфат қышқылы ретінде болатын фосфор пісу фазасында
күрделі синтетикалық үрдістерге қатысады.
Калийдің сіңуі қарақұмықтың алғашқы кезеңдерінде өсе бастайды.
Шарықтау шегі дамудың 4-кезеңінде жүзеге асады. Әрі қарай сіңу дәрежесі
төмендеп, сол қалпында сақталып тұрады.
Тәулігіне 100 г құрғақ затта дамудың әр кезеңдерінде үшінші даму
кезеңінде калий сіңімділігі басқа элементтерден қарағанда жоғары болады.
Мысалы, жарық кезеңінде азот сіңімділігі 0,71 мг, 3-кезеңде 5,02, 4-кезеңде
0,64 мг; фосфор сіңімділігі 0,21, 0,74, 0,11 мг; калий – сәйкесінше 0,84,
2,18, 0,41 мг.
Азот, фосфор, калий сіңімділігінің шарықтау шегі дамудың 3-кезеңіне
сәйкес келуі кездейсоқ емес. Бұл деген өсімдіктің өсу және даму
органдарының қалыптасуына тек азот пен фосфор емес, калий де қажет екенін
атап айтқан жөн. Бұл түрлі айналымдарға қатысады. Қарақұмықтың бұл
кезеңінде минералды элементтерінің сіңуі тоғыспалы түрде жүреді деп санауға
болады.
Қарақұмықты Батыс Сібір оңтүстік орманды дала жағдайында өнімділік
фосфор деп аталатын минералды қорекпен ғана шектеледі. Табиғатта фосформен
жеткілікті түрде қаныққан топырақ жоқ екенін айтқан жөн (кейбір аллювиалды
топырақтардан басқа). Бұл фосфордың топырақта қиын еритін қосылыстарды
болуымен байланысты. Сондықтан фосфор тыңайтқыштарын енгізу жақсы өнімнің
кепілі.

Қарақұмықтың сәулемен байланыстылығы

Қарақұмық сәулені жақсы көретін өсімдік. Қарақұмықтың өсу дәрежесінде
сәулені көбірек керексінуі оның бойына органикалық заттарды жинауға
мүмкіндік береді де, жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Ауаның бұлыңғыр
және бұлтты болуы өсімдіктің өсуі мен дамуын кідіртіп, әсіресе оның гүл
төгуі мен пісуін кешеуілдетеді. Сондай-ақ егістің арамшөптермен көлеңкелеуі
де қарақұмықтың өсуіне зиянды әсерін тигізеді[3].

1.4 Халық шаруашылығындағы маңызы, классификациясы

Қарақұмықтың мал шаруашылығында қолданылуы. Малдар үшін жем-азық
ретінде көбінесе қарақұмық жұмсағы, дәнді сұрыптаудан және тазалаудан,
дәнді жармаға өңдегеннен кейінгі қалдықтар, сонымен қатар қарақұмық пішені
қолданылады.

Қарақұмық жұмсағының құрамында ақуыз және басқа да қоректік заттардың
қажетті мөлшері бар. Қоректілігі бойынша 0,5 азықтық бірлікке тең келетін
1кг жұмсағында 0,057г ақуыз болады. Бұл жұмсақты шошқалар мен ІҚМ-ң жас
төлдері жақсы жейді.

Жем-азықтық мақсатта егілген егістерде қарақұмықтың көк массасын көк
балауса дайындау үшін қолдануға болады.Ол оның құрамында көмірсудың жоғары
болуына байланысты көк балаусаны дайындауды жақсартады.

Тазарту кезінде алынған қарақұмық дәні мен қалдығын тауықтар,
күркетауықтар жақсы азық ретінде қолданады. Қарақұмықпен қоректенген құс
еті жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді.

Қарақұмық жақсы бал беруші. Біздің елде балдың 20%-н қарақұмық
танаптарынан алады. Қолайлы ауа-райы жағдайында өсірілсе 1га танаптан 60-
90кг бал жинауға болады. Аралар бал жинап қана қоймай, бір гүлден екінші
гүлге ұшып тозаңдарды тасиды да, гүлдерді ұрықтандырады және өнім түзілуіне
әсер етеді.

Қарақұмық балы-дәмді және сіңімді азық, емдік-профилактикалық маңызы
бар. Қарақұмық егісінің көлемін ұлғайту, мәдени емес бал беруші флоралардың
азаюына үлкен себеп болады.

Қарақұмықтың медицинада қолданылуы. Қарақұмық уақыт өте келе емдік
өсімдік ретінде маңызды орын алуда. Өсімдіктің құрамында жүрек қанайналымы
мен жүйке жүйесі ауруларын емдеуде жақсы пайдаланатын рутин кездеседі.
Қарақұмықтың әртүрлі органдарында рутиннің мөлшері бірдей емес, гүлдерінде
көп сәйкесінше сабағында аз.

Рутин сонымен қатар жарманың орталығында (25мг%-ға дейін) болады, ол
қарт кісілерге бірінші кезекте емдік-профилактикалық маңызымен анықталады.
Рутинді склероз, гипертания, плеврит ауруына шалдыққан адамдарды емдеуде
емдік зат ретінде қолданады. Сонымен қатар ішкі және сыртқы қан тоқтамау
кезінде пайдаланады. Рутинді радиоактивті заттар мен рентген сәулелерімен
жұмыс жасайтын жұмысшыларға ұсынады, өйткені олар оның зиянды әсерлерін
жояды.

Қарақұмық сақтандырушы дақыл ретінде. Күздік және ерте жаздық
дақылдардың жойылып кетуі кезінде қарақұмықты сақтандырушы дақыл ретінде
қолдануға болады. Жылу сүйгіш және өсіп даму кезеңі қысқа дақыл ретінде
қарақұмықты кеш себуге болады, яғни қыстап шыққан күздік егістің жағдайын
анықтағаннан кейін[1].

Классификациясы. А.Ф.Баталин қарақұмықтың 4 түрін атап көрсетеді׃

1.Мәдени қарақұмық-F. Esculentum Monch

2.Татарлық қарақұмық-F. Tataricum Gaertn

3. Домалақ-F. Rotundatum Bob

4. Каемчаттық-F. Emarginatum kath

Е.А. Столетова каемчаттық қарақұмықты негізгі белгілері бойынша
бірінші түрге жатқызады, ал төртінші түрдің орнына жартылай шатырлы (F.
Cumosum Meissn) қарақұмықты енгізуді атап айтады.

А.С.Кротов бірінші жіктелумен де, екәнші жіктелумен де келіспейді. Ол
мынадай классификациялануды ұсынады, мәдени қарақұмық туысы бір ғана түрден
тұрады, ал биологиялық және мрофологиялық белгілері бойынша түр түршелерге
бөлінеді. Домалақ қарақұмық татарлық қарақұмық сияқты Қытайдың, Үндінің,
Сібірдің таулы аймақтарында өсіріледі. Е.А.Столетова атап айтқан жартылай
шатырлы қарақұмық дақыл ретінде өсірілмейді, жабайы түрде гималай өңірінде
өсе береді.

Ауылшаруашылығында аса маңызды ерекшеленетін түрлері мәдени
(F.Esculentum Monch) және татарлық (F.Tataricum Gaertn) қарақұмық.

Мәдени қарақұмық классификациясы

1.Кәдімгі қарақұмық

2.Көпжапырақты қарақұмық

Кәдімгі қарақұмық

Солтүстік орыс
шығыс сібірлік қарақұмық

қарақұмығы

белоруссиялық қарақұмық

Орталық орыс қарақұмығы украиналық
қарақұмық

Көпжапырақты қарақұмық

Үнділік қарақұмық
жапондық қарақұмық

Қытайлық қарақұмық

1.5 Қарақұмық селекциясы

Егістік және татар қарақұмықтарының диплоидты хромосомаларының саны
2n=16. Тетроплоидты сорттарының хромосома саны 4х=32. Егістік қарақұмықтың
хромосомалары ірі болып келеді, ал татар қарақұмығының хромосомалары
керісінше ұсақ болып келеді. Қарақұмықтың белгілерін зерттегенде
ескерілетін жағдай ол өсімдіктердің сәйкессіздігі. Сондықтан көптеген
жағдайда алынған буданды ата-анасымен қайта будандастыруға тура келеді(3-
кесте).

Қарақұмықтың сәйкессіздік S гені негізгі бес геннен тұрады: G – жатын
мойынының ұзындығы, Is- жатын мойынының сәйкессіздік реакциясы, Ip-
тозаңдардың сәйкессіздік реакциясы, P – тозаңдардың мөлшері, A –аталық
ұзындығы. Селекцияның байқауы бойынша гетеростильді формаларынан басқа
гомостильді формалары да кездеседі.

3-кесте. Қарақұмықтың белгілерін зерттеу жағдайы

Әріп Генотип Фенотип
d dd – гомозиготалы рецессив өсуі шектеулі детерминант
DD- гомозиготалы доминант өсуі шектелмеген тип
Ag agag - гомозиготалы жапырақтың ақшылт жасыл түсі
рецессив жапырақтың кәдімгі мутантсыз
AgAg - гомозиготалы түсі
доминант
gc gcgc - гомозиготалы жасыл түсті форма
рецессив кәдімгі мутантсыз форма
Gcgc - гомозиготалы
доминант
br brbr - гомозиготалы бірсабақты форма
рецессив кәдімгі бұтақталатын форма
Brbr - гомозиготалы
доминант
S Ss – гетерозиготалы аналығы қысқа форма
доминант аналығы ұзын форма
ss - гомозиготалы рецессив

Қарақұмық селекциясының бағыты:

•өнімділік – егіс көлеміндегі өсімдіктің жалпы саны мен дәннің салмағы мен
санына байланысты. Ең қолайлы дән саны 40-50, ал 1000 тұқым салмағы – 28-30
г болған жағдайда өнімділік жоғары болады;
•өнім сапасы – қарақұмық дәнінің технологиялық қасиеттеріне дән ірілігі,
дән қабықшалығы, пішіні әсер етеді;
•вегетациялық кезең ұзақтығы – ең қолайлы вегетациялық мерзім – 70-80 күн
болуы керек;
•механикалық жинауға жарамдылығы - өсімдіктердің жатып қалмауына, дәннің
шашылып қалмауына, төменгі гүл шоғырларының биік орналасуына, біркелкі
пісуіне байланысты. Мысалы, Аэлита, Надежда;
•суыққа төзімділігі – қысқы үсіктерге сезімтал болып келетіндіктен
селекциясы әруақытта бақыланып тұрады.

Селекция әдістері:

Гибридизация. Егілген өсімдіктердің аналығы ұзын формаларын аналық
ретінде таңдап алады, ал екінші ыдыста аналығы қысқа формаларын аталық
ретінде пайдаланады.

Индукциялық мутагенез. Мутация әдісімен өсімдік алу үшін әр сорттың 5
мың тұқымы қажет, қатар аралығы 45 см болатын 1,2,3-жылдық көшеттер болу
керек. Радиациялық мутагенез арқылы келесі сорттар алынған: Аэлита, Лада,
Галлея, Орбита, химиялық мутагенез арқылы Белоруссияда Черноплодная сорты
шығарылған. Мутагендерді қарақұмық селекциясында қолдану тез уақыт
аралығында өнімділігі жақсы сорттар алуға мүмкіндік береді.

Полиплоидия. Мәдени қарақұмықтың табиғи тетраплоидтары сирек
кездеседі. Алғаш рет тетраплоидтерді орыс зерттеушілері А.Р. Жебрак және
В.В. Сахаров шығарған. Тетраплоидтерді алу үшін концентрациясы 0,05-0,1%
колхицин су ерітіндісімен өңдейді, гетерозисті гибридтер тұқымдары жақсы
нәтиже береді. Японияда шығарылған сорт – Мияда, Канадада – Пенкард,
Польшада – Эмка, Ресейде – Искра, Минчанка. Тетраплоидты сорттардың 1000
тұқым салмағы жоғары (30-40 г), рутин құрамы жоғары (суыққа және жатып
қалуға төзімділікті жоғарылатады).

Биотехнология әдістері. Селекциялық тәжірибеде кей уақытта
қарақұмықтың өсімдіктерін клондауға тура кледі, қарақұмықты жасаңды
қоректік ортада өсіреді (2% сахароза, 0,7 % агар, В1, В6, РР, ауксин,
цитокинин қосылуымен) рН деңгейі 5,6-5,8. 3-4 күннен кейін каллус пайда
болады, 26 күннен кейін бүршіктер пайда болады, осы каллусты дақылдан
регенерант алуға болады.

Сұрыптау әдістері.

Массалық – генотип пен фенотип арасындағы корреляцияға негізделген.
Шығарылған сорттар: Богатырь, Сибирячка, Калининская, Казанская
крупнозерная.

Жеке сұрыптау – Шығарылған сорттар – Глория, Идель, Краснострелецкая.
Осы әдіспен жұмыс істегенде 300-500 өсімдіктің бастапқы генотиптерін
анықтап, комбинациялық қабілеттілікке баға жүргізеді, кейін зертеп,
көбейтеді[5,26].

1.6 Қазақстанда аудандастырылған қарақұмық сорттары

Богатырь. Сорт Орлов мемлекеттік АШ тәжірибе станциясында шығарылған.
Алята түршесі. Жемісі қанатты, қоңыр түсті, ірі. Мың тұқымның массасы 25,3-
26,4 г. Тұқым натурасы жоғары 540-682 гл. Қауыздылығы 18,4-19,8%. Орташа
мерзімде пісетін сорт, 74-84 тәулікте пісіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарақұмық топырақ таңдайтын дақыл
Северный майсақ зығырдан сұрыбының сипаттамасы
Солтүстік Қaзaқстaн облысы Жaрқын-СК ЖШС-нде мaйлы зығыр сорттaрын ендіру тәжірибиесі
Қарақұмық өсіру технологиясы
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік
ЖАБЫҚ ТОПЫРАҚТА КӨКӨНІСТЕРДІ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Май алынатын күнбағыс
Күріш өндірісі
Қойма астық дақылдарында кездесетін карантиндік зиянкестер
Түйежоңышқаның тұқым өнімділігі
Пәндер