Қазақстанда қалыптасқан қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі 8
1. 2 Қаржының функциялары және ролі 16
2 ҚАРЖЫНЫҢ БАСҚАДА САЛАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
2. 1 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы 24
2. 2 Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары 28
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ
3. 1 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары 34
3. 2 Қазақстан Республикасының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы жүйесі 42
3. 3 Мемлекеттің қаржылық саясаты 55
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
КІРІСПЕ
Қоғамдық өмірдің белгілі бір жүйесіндегі қоғамдық қатынастар ды реттейтін нормаларды өзара байланыстыратын жиынтығы құқық саласын құрады. Осы салалардың өзара байланысы, құқықтық реттелуі кез-келген мемлекет үшін аса маңызды ішкі қызмет бағытының белгілі бір функциясына жатады. Осындай басты функциясының бір бағыты ол қаржылық саясаттың дұрыс жүргізілуі. Тұрақты экономика-лық дамуға көшу барысындағы экономикалық - қаржылық қызметтің айырылмас бөлшегіне айналған элементтердің бірі - қаржы жүйесі қызметтері -банк және бюджеттік қорлар. Бюджеттік қызметтердің жағдайы қаржылық өмірімен тікелей байланысты десек, артық айтқан-дық емес. Қазіргі таңда ҚРБЖ-макроэконоимкалық тұрақтандыруға, инвестицияларды тартуға маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда қаржы қоғамның экономикалық өмірінің айырылмас бөлшегіне айналып, жеке және заңды тұлғаларды қаржылық қажеттілігін қамтамасыз ететін негізгі қаржылық құрал болып қалыптасып келеді. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. [1] Қазіргі таңда жаңадан пайда болған, бұрыннан қолданылып келе жатқан қаржылар түрлері көп. Бірақ солардың барлығы бірдей еліміздегі жеке және заңды тұлғалардың қажеттілігін қанағаттандыра ма деген сұрақ әркімді алаңдатары сөзсіз. Сондықтан қаржылық қызметті жан-жақты талдау жасап, зерттеу жүргізуді талап етеді. Сөйтіп қаржылық жүйені зерттеу мәселесі бүгінгі таңның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Дипломдық жұмыс жоғарыда аталған өзекті мәселеге арналады және жұмыста қазіргі таңда қаржы нарығын төңірегінде қалыптасып отырған жағдайға жан-жақты талдау жасалған.
Зерттеу мәні : Қаржы жүйесіндегі қатынастарды зерттеумен шетелдік экономист - ғалымдармен қатар отандық экономист ғалымдар да көбірек айналысып келеді. Атап айтсақ, Худяков А. И. Н. Нурсеит, М. А. Напольских, А. А. Нурумов, Э. Ж. Киікова, А. Сеитбеков және басқадай отандық ғалымдар, қаржыгерлер мен заңгерлер және ізденушілер еңбектеріндегі жұмысты жазуға тірек болды.
Бұл жұмыстың мақсаты мен мәселелері: Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауда алға қойылған мақсат - Қазақстанда қалыптасқан қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету; қаржы жүйесі бойынша талдау жасап, қаржының жүзеге асу жолдарын игеру; шетелдік тәжірибелерді игеру, сондай - ақ, еліміз экономикасына қолдануға болатын әдістер болса, анықтау.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- қаржылық қатынастар туралы теориялық материалдарды игеру;
- қаржылық қызметтерге баға беру көрсеткіштерін анықтау;
- мемлекеттің қаржылық жүйесі қатынастарымен кеңірек танысу болып табылады.
Зерттеу пәні: Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бәлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағүрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кенділігінің дәрежесі әр турлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке дара шығыңдардан ауытқуы түріндегі оның тек бір болігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғам-дық өнімнің бүкіл құнын қайта беледі.
Зерттеу әдістері: Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құнан ауытқу бөлігі) . [2] Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім ақшаның жалпы массасыңда жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасыңдағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынып (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы шамасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және (бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Ғылыми жаңалығы : Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы толеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.
Ұлттық табысты болудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырьш, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпы мемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі (айрықша) болады.
Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арқьлы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; ИНҚТ -несиелік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.
Зерттеу құрылымы : Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қоытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізеледі, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде ҚР-ң қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі, қаржының функциялары және ролін реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың мінездемесі көрсетілген. Автор қаржы мәнін ашып, оның қызмет ету және реттеуінің нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар оның негізгі индикаторлары мен зерттеу жолдарын қарастырады.
Екінші бөлімде қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы және қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорларына талдау жасалады.
Үшінші бөлімде қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары, Қазақстан Республикасының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы жүйесі мен мемлекеттің қаржылық саясатын реттеудің негізгі шаралары және оларды жетілдіру жолдары көрсетілген. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.
Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысыңда баяндалған. Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finanсіа сөзінен пайда болған француздың finanсе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды. [3]
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатьшастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодаддық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысаныңда қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өңдірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, оңда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құңдық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өңдіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан етеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттаңдырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. [4] Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де бо-лады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өңдірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу жөне кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларыңда ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуыңдағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның ішкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады. [5]
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді ссепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-тендік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциациялаңдырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларыңда - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберіңде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі - баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді.
Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға; пайдаға, табысқа т. с. с. ) сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан әрі болумен байланыстының барлығы қайта бөлуге жатады.
Өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы төленеді және қосымша өнім алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өңдіріс сферасыңда қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияла-рының бастауын құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді элсменттерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz