Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу туралы мәселелерін талдау. Қаржы секторын дамытудың негізгі бағыттары және оны жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...2-5
1.Қаржы ұғымының теориялық негіздері және
басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы.
1.1 Қаржы ұғымының теориялық негіздері, оның мәнi
мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 6-1 2
1.2.Қаржының экономикалық рөлі және басқа
экономикалық категорияларымен өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13-19
1.3 Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу
саласындағы мемлекеттің саясаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-28
2 .Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу туралы
мәселелерін талдау .
2.1. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің жалпы сипаттамасы
... ... ... .29-43
2.2.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің
нысандары ... ... ... ... ... ... .. 43-54
2.3. Қаржылық қызметтерді бағалау әдістерінің
мәселелері ... ... ... ... ... ...54 -62
3. Қаржы секторын дамытудың негізгі бағыттары және оны
жетілдіру жолдары .
3.1Қаржы нарығында банк жүйесінің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... .63-73
3.2. Қаржылық қызметтерді жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73-80
Қорытынды :

... ... ... ... ... ...80-83.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 84- 86
Қосымшалар.
Кіріспе
Зерттеп отырған тақырыптың өзектілігі қаржының экономикадағы рөліне
тікелей байланысты, атап айтқанда, кәсіпорындардың, фирмалардың өндiрiстiк
қызметi тиiмдiлiгінiң өсуінe жағдай жасайды, ақша қорларын бөлу және қайта
бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етедi, қорлану және
тұтыну қорларының үйлесу тиiмдiлiгін арттырудың экономикалық негізiн
жасайды.
Hapықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың
құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнін түсінe бiлудiң,
оның ic-әрекет eтyiнің, ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым ұтымды
және дұрыс пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Негiзiнен экономика жүйесiнде басты орындардың бiрiн алатын қаржы
мәселесі қоғамның өндiрiстiк қатынастарының бір бөлігі, шаруашылық және
әлеуметтiк жағдайларды шешудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Қоғамдық өнiмдi бөлумен және осының негiзiнде ақшалай қорланымдарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндiрicтiң
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
танымның мән-мағынасы болып табылады.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы,
қозғалысы және пайдаланылуы қаржының обьектiсi, ал қoғaмдық өмiрдiң
ұйымдастырушысы ретіңдегi мемлекеттi қоса алғанда қызметтiң өндiрiстiк және
өндiрiстiк емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа
ұйымдары оның субьектiлерi болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезiнде танып бiлудiң
негiзгi әдici - материалистiк диалектикалық - тарихи әдiс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негiзiнде зерттеудi болжайды.
Әрбір мемлекет қаржы нарығын үнемі бақылауда ұстайды және экономиканың
қаржы секторын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасап отырады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға
тұжырымдамасын қабылдады, онда қаржы секторын мемлекеттік реттеудің
бағыттары жəне тəсілдері, қаржы секторын дамытудың басым бағыттары, оларды
іске асыру жөніндегі қажетті шаралар айқындалған [1].
Осы тұжырымдаманың шеңберінде айтылған мемлекеттік саясаттың
басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның əлемдегі
бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес
экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттігін
қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы институттары
сапалы қызмет көрсететін қаржы жүйесінің жұмыс істеуі шарттарын
қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы ұйымдарының жəне қаржы секторының
бəсекелестік қабілетін арттыру болып табылады. Сонымен бірге, аталған
тұжырымдамада қаржы секторын дамыту жəне реттеу саласындағы мемлекеттік
саясаттың реттілігі жəне сабақтастығы принципі ескерілген.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасының
негізгі мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы
қажеттігін қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы
институттары сапалы қызмет көрсететін тұрақты жəне тиімді жұмыс істейтін
қаржы жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу дәрежесі. Қаржы нарығының дамуы көп отандық
және шетелдік авторлармен зерттелген. Қаржы нарығы туралы жұмыстың ("Афин
республикасының кipicтері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-3б5
жж.) болды. Аристотельдiң (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы
оның "Афиннiң мемлекеттiк құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржының экономикадағы рөлін ашып көрсету,
қаржы нарығын мемлекеттік реттеу мәселелерін талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- қаржы ұғымының теориялық негіздері, оның мәнi мен функцияларын
зерттеу;
- қаржының экономикалық рөлі және басқа экономикалық категориялармен
өзара байланысын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы
мемлекеттің саясатының теориялық аспектілерді зерттеу;
- қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің мәселелерін талдау;
- қаржы нарығында банк жүйесінің негізгі бағыттарын қарастыру;
- сақтандыру нарығының экономикалық өрлеуі, дамудың жетілдіру жолдарын
ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде қаржы нарығында сатушы мен
сатып алушы арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде Қазақстан Республикасының қаржы
нарығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде
Қазақстан Республиканың заңдық актілері, нормативтік материалдар,
статистикалық мәліметтер, монографиялар, қаржы нарықтың дамуына байланысты
журналдар мен баспасөзден алыңған мәліметтер, отан және шетел авторларының
ғылыми жұмыстары пайдаланылды.
1.Қаржы ұғымының теориялық негіздері және басқа экономикалық
категорияларымен өзара байланысы.
1.1 Қаржы ұғымының теориялық негіздері, оның мәнi мен функциялары
Қаржы - өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесiндегi экономикалық қатынастарды
қамтып көpceтетін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бiрi болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелi
тayap-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттiк
ресурстарға деген қажеттiлiктердiң дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгiнде қаржы терминін күнделiктi қолданысқа еңгiзген авторды атау
қиын. Бұл терминнiң авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кiтап"
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдырyға болады.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тayap-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрic процесiндегi рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады [1].
Түрлi қоғамдық экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негiзiнен мына себептерге байланысты:
- әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның өзiне меншiктi таптық құрылымы
сай келедi. Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына
қайта бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке
алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың
мүдделерiн қорғайтын мемлекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;
- өндiрicтің жаңа әдiсi шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесiн тудырады.
Мәселен, құл иеленушi және феодалдық формацияларға натуралдық
қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе
натуралдық сипатта болды. Капиталистiк шаруашылық тayaр-ақша
шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша
нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретіңде қалыптасқан өндiрicтiк
катынастардың ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет
eтeтін болса, онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi [2].
Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белriлi орын алады және өзiнiң
iшкi ерекшелiктерiмен, сонымен бiрге ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк ретiмен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс icтейтін басқа
экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептеледi.
Тауар өндiрiciнiң негiзi тауар өндiрушiлердiң экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінiсi болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндiрicтiң материалдық - заттай факторларының
айырмашылығы, олардың әр түрлi деңгейi жағдайында өнiм жасайды, ал сол
себептi ұқсас тауарлар нақты шығындарымен өндiрiледi. Бұл теңсiздiктiң
салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерiн өлшеудiң, қажырлы еңбектiң және
жұмсалынған күш-жiгерге баламалы тұтынудың өлшемiн ескере алатын айрықшa
механизмнiң объективтi қажеттiгi туады.
Ұдайы өндiрic процесiнiң үздiксiз жалғасып жататын белгiлi өндiру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткенi өндiрiлгeн өнiмдep сатып алу-
сатуға жататын тауарлар peтіңдe болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтедi. Сонымен бiрге материалдың өндiрiс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттiлiктерi мен мүдделерi қанағаттандырылуы тиiс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектiң, орындалатын қызметтердiң нәтижелерiмен әр түрлi
өндiрiлетін игiлiктермен, олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиic [4].
Тек өндiрiлген еңбек өнiмдерi айырбасталғанда, оларды белгiлi бiр
ақшалай баламамен өткiзгенде өндiрушiлердiң ақшалай түciмi (табысы)
жасалады. Жасалынған игiлiктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемiмен
жалпыға ортақ балама ретіндегi ақшаның көмeгiмeн жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игiлiктер, қызметтердiң өндiрiлген
массасы - қоғамдық өнімнің натуралдық-заттай көpiнiciмeн бiрге оның ақшалай
көpiнici де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық заттай нысандағы
өнiмнiң қозғалысын ортақтастыратын белгiлi бiр ақша қорларын тудырады.
Басқаша айтқанда, өнiмнiң өндiрicтен тұтынyғa өтyi тек тиiстi ақша
қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын
ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрайды. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмip сүре алмайды.
Қoғaмдық өнiмнiң нақтылы iскe асырылуының eкi нысанының болуы қoғaмдық
өндiрiстің әрбiр қатысушыларының қажеттiлiктерiне сәйкес оны түпкiлiктi
тұтынуға жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Бұл үшiн құндық категориялар - ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит жане басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қoғaмдық өмiрде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ерекшеленеді және мiндеттi түрде ақша қатынастарының
қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көpiнici қоғaмдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізушi
субъектiлердiң бiр-бiрiмен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары,
негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу, табысты
(пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық айналымның
қорларын қалыптастыру, мемлекеттiк бюджеттiң кipicтерінe салық төлемдерiн
аудару, қайырымдылық қорларына қаражат төлеу, экспортталатын тауарлар үшiн
кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе
қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге
беруi болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қoғaмдық өнiмдi бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Tayap-ақша
қатынастарының жалпы қaмтyындaғы сипатқа ие болып отырған нapықтық
экономика жағдайында қаржы үздiксiз болып жататын ақша айналымын - ақша
ағынын бейнелеп керсетедi [5].
Экономиканың жұмыс icтеуiнiң нapық жағдайында мемлекет тayap-ақша
қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынысы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігi, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi
субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықшa ақша
қатынастарын бiлдiредi, coндықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қoғaмдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға
жiберiлетін материалдық ресурстар бөлігiнiң ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгiлерiнің бiрi - оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуi.
Алайда, қаржы ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау
дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның
ayмaқтық бөлімшелерiнiң, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады.
Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша
қорларының, атап айтқанда, табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен
байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып кетедi. Қаржы
қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай
есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша нысанында өлшеу,
өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын aнықтау, ақшалай түсiмдi
есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi. Сауда
жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi мемлекет бөлшек сауда
бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда болатын ақша
қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет бұл жерде ақша
қатынастарын азаматтық-құқықтық әдicпен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен
бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың құқықтары мен
мiндеттерiндегi тепе-теңдiк) бұл әдiске тек өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық емес
өзгешелiгi болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын бiлдiре
бермейдi.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар.
Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндiрушiлердiң еңбек
шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы iшкi өнім мен
ұлттық табысты бөлудiң және қайта бөлудiң экономикалық тeтiгi, ақша
қорларын жасау мен пайдаланyға бақылау жасаудың құралы [6].
Ол өндipyгe, бөлуге және тұтынyға ықпал жасайды және объективтi
сипатта болады.
Ұдайы өндiрiс процесiнiң түрлi стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесi бiрдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндiрic процесiнің екiншi және үшiншi
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екiншi стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелyiмен (бiр иеленушiлердең басқа
иеленушiлерге кетуімен) немесе құнның әр бөлігінiң мақсатты оқшаулануымен
(бiр иеленушiнің шеңберiнде) сипатталады. Үшiншi стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанында айырбасталады. Бұл жерде құнның өзiнiң
шеттетiлyi болмайды. Сөйтiп, ұдайы өндiрiстiң екiншi стадиясында құнның
ақша нысанының бiр жақты қозғалысының орны болады, ал үшiншi стадияда
құндардың eкi жақты қозғалысы болады, оның бipi ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Қаржының iс-әрекет eтyiнiң жиынтық қоғамдық өнiмдi бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрiнетіндiгi қаржы үшiн көпшiлiкке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, iс-әрекет eтeтін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндiрiс процесiнiң бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
- ұлттық табыс алғашқы бөлу процесiне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектiлер бойынша бөлінеді.
Алғашқы бөлу деп өткiзiлген құнды бөлшектеу процесi мен тауар
бағасының элементтерiне (жалақыға, пайдаға, табысқа т.с.с.) сәйкес келетін
оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеудi айтады, ал бөлінгендi одан
әpi бөлумен байланыстының барлығы қaйтa бөлуге жатады.
Қаржы қатынастарының қаржы тапшығы мен бос өндiрic сферасында қосымша
өнiмдi жасау мен оны кейiнгi бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнiм
немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын)
құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының
мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтiп, өндiрiстiң алдын
ала шартталған сипаты кезiнде сатылатын өнiмдi тиісті элементтерге бөлудің
үйлесiмдерi қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша
қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында құнды
одан әpi бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының
негiзiнде жүзеге асырылады.
Нәтижесiнде өнімнің бiр бөлігi жаңа толық айналымға түседi, ал бiр
бөлігi тұтынылады. Сөйтiп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектiлер бойынша бөлінiп, олардың әрқайсысы өндiрiлген өнiмдегi
өзiнiң үлесiн алуы тиiс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуi мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Шет елде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткiшi - кipicтep мен
шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлттық өнім пайдаланылады [7].
Мемлекеттiк сектордың қызметiмен байланысты қаржы қатынастары елеулi
дережеде "коғамдық (немесе әлеуметтiк) тауарлар" - мемлекет қаржыландыратын
және бiрлесiп тұтынатын материалдық, сонымен бiрге материалдық емес
сипаттағы игiлiктер мен қызметтер көрсетудi бөлудi қамтамасыз етуге
бағытталған. Бұған қалалар мен елдi мекендердегi сауықтандыру объектiлерi,
жол торабы, мемлекеттiк билiктiң басқару, құқықтық тәртiптi қорғаудың,
қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелерi, iшiнара
халықты әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру және денсаулық сақтау жатады.
1.2 Қаржының экономикалық рөлі және басқа экономикалық категориялармен
өзара байланысы
Қаржының мәнi, ic-әрекет механизмi және рөлi оның функцияларынан айқын
көрiнедi. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттiгiн ғана емес,
сонымен бiрге қаржының қoғaмдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етедi.
Қаржығa қатысты функция осы экономикалық категoрияға тән қызмет
тобының мәнін, iс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзiне тән категориялары
кескінінің айрықша әдicтерін бiлдiредi. Функцияда категорияның қoғaмдық
арналымы қамтып көрсетiледi, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы туындайтын экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл
экономикалық категoрияның ic-қимылының шегiн сызып қоюдың мүмкін
еместігінe, оның қoғaмдық, саяси және экономикалық өмiрдiң барлық сферасына
терең деңдеп eнyiнe байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-
теоретиктер apасында осы күнгe дейiн пiкiрталас тудыруда.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу eкi әдіспен жүзеге
асырылады:
- қаржылық-бюджеттiк әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
- несиелiк-банктiк әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негiзде кредиттер берудi бiлдiредi [8].
Қоғамдық өнiмдi құндық бөлудің процесi мемлекет белгiлеген қаржы
құралдарының - нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негiзгi мақсаттары
мыналар болып табылады:
- өндiрiстiк емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгiлi;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты
бөлу.
Сөйтiп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша рссурстарының ұдайы өндiрiстегi
қажеттi мөлшерлестiгiн қамтамасыз етедi.
Қаржының қоғамдық өнiмдi бөлу және қайта бөлу процесiне қатысуы бiрдей
емес. Алғашқы бөлу кезiнде, жоғарыда атап етілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара iс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негiзгi сферасы - қайта бөлу, мұнда ол тектес
экономикалық категориямен - кредитпен өзара ic-қимыл жасайды.
Қаржының бөлгіштiк функциясы аумақаралық, салааралық, iшкiсалалық,
iшкiшаруашылықтық бөлінicтi қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу
мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары
шаруашылық жүргізушi субъектiлердің бiрiнен алынып, қаржы ресурстарының
жетicпеушiлiгiн басынан кешірiп отырған әкімшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен
салаларға берiледi. Қайта бөлудің бұл түрлерiнің арқасында бүкіл
экономиканың үйлесімдi дамуына қол жетедi, бұл Қазақстан жағдайында
түпкілікті салалардағы өндiрiстің дамуы үшін сондай-ақ артта қалған
аймақтарда экономика мен әлеуметтiк-тұрмыстық инфрақұрылымды әрлету үшін
өте-мөте көкейтестi болып табылады. Ішкiсалалық және iшкiшаруашылықтық
қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізушi
субъектiciнің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет eтетін (заң бойынша
мемлекетке тиiстi аударымдардан басқа) коммерциялық есеппен өзiн-өзi
қаржыландыру әдістерiнің енгiзiлуiмен байланысты бiртіндеп тарылып келедi
[9].
Демек, қаржы бөлгiштiк функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, эономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерiн қамтып көрceтетін белгiлi бiр қоғамдық
қажеттiлiктердi қанағаттандырады. Сөйтiп, бөлгiштiк функция арқылы бөлу
категориясы ретінде қаржының мәні ашылады.
Ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылардың қаржының мәнін кеңінен
ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды бередi: ақшалай табыстар мен
қорларды жасау; ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану; бақылау функциясы.
Қаржы көптеген мемлекет өзiнің иелiгiне материалдық өндіріс сферасында
жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бiр бөлігін алады. Бұл процесс
қаржының бiрiншi функциясын - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы
жүзеге асады, бұл өзiнің нақты түрдегi практикалық көрінісін, ең алдымен
мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесiнде қоғамда дәйектi түрде сан
алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттiк бюджет),
орталықтандырылмаған (аймақтық және жергiлiктi деңгейдегi), мақсатты қорлар
және т.б. жасалады.
Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екiншi
функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негiзiнен мемлекеттің
шығыстары саясатын жүргізгенде көрiнедi. Ақша қорларының (табыстардың)
қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттiк аппаратты ұстауға, қоғамдық
өндiрiстің ұтымды әрі тиiмдi құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан
аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады.
Сөйтiп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрiнде
жүзеге асады. Қоғамдық өнiмдi ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепшi болады.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға
байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми
тұжырымдамалардың өкiлдерi мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық
категория ретіндегi қаржыға тән қасиет және қаржының не бiрiншi, не екiншi
функциясымен бiр мезгiлде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының
нақтылы көpiнici мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдapы
қызметінiң барысында iскe асады [10].
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда - жалпы iшкi өнiмдi шекті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша түпкілікті бақылау
жасауда көрiнедi.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы аркылы
жиынтық қоғамдық өнiмдi бөлумен және қайта бөлуге байланысты болатын
экономикалық процестердi бейнелейдi.
Қаржылық бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның,
фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне тән бақылау жүргізу. Бұл бақылау
материал, еңбек және ақша ресурстарын өнiмсiз әрі тиiмсiз пайдалануды
анықтап қана қоймай, сонымен бiрге кәсіпорындарда, фирмаларда өндiрiс
тиімдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға, өндiрiстiк емес қарама-
қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндiк бередi.
Қаржы мәселесi жөнiндегi заңнамалардың бұлжытпай сақталуын,
мемлекеттiк бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, сондай-ақ
шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң төлемдер жөнiндегi өзара
мiндеттемелерiнің дер кезiнде толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың
аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткiштердi бiлдiретін қаржы ақпараты болып табылады. Шаруашылық
жүргізушi субъектiлердiң қаржы - шаруашылық қызметінiң түрлі жақтарын
жинақталған түрде қамтып көрсететін түсім-ақша, табыс (пайда),
рентабелдiлiк, тиiмдiлік, айналымдылық, төлем қабiлеттiлiгi, қор қайтарымы
және басқалары сияқты талдап көрсетiлген қаржылық көрсеткiштер арқылы
белгіленген нормалар мен нормативтердi қолдануды, макродеңгейде де,
микродеңгейде де экономикалық процестердiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлігi
бақылауда болады.
Қазiргi кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерiн ажыратады:
- қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бiрлестiктердің, министрлiктер мен ведомстволардың қаржы органдары
ақша қорларын бөлу жолымен жүргізедi. Ұдайы өндiрicтiң бүкіл барысына,
өнiмдi шығару мен өткiзудiң ауқымына, өзiндiк құн мен рентабелдiлiкке,
еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл
түpi өндiрiс тиiмдiлiгiн жүйелі арттырып отыруға бағытталған.
- қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бiр
бөлігін мемлекеттiк бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен
құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы
жүйесі белгіленген телемдердің бюджетке дер кезiнде түсуін, сондай-ақ
бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының
орындалуына қарай берiлуiн бақылайды;
- кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу
арқылы жүргізiледi. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие
берудiң мезгiлдiгi, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрiнедi
[11].
Қаржы қоғамдық ұдайы өндiрiстің бөлу стадиясының құралы бола отырып,
ұдайы өндiрiстің барлық стадияларына ықпал өте алады. Ықпал етудің
объективтi алғышарттары екi мән-жаймен байланысты:
1. Қаржы қоғамдық өндiрiстің барлық стадияларына (өндiру, бөлу,
айырбастау, тұтыну) ықпал етедi.
2. Қаржының экономикалық процестерiнің катализаторы болyға әлеуметтiк
ерекшелiгі бар (бұл бөлгіштiк функциядан туындайды). Бөлу ұдайы өндiрiсте
айқындаушы сфера болып табылатын материалдық өндiрic сферасында басталады,
өйткені ол өндiрiстiң сипаты мен ауқымына әсер етедi.
Қаржы ұдайы өндiрiс процесiне eкi түрлі ықпал жасайды:
а) сан жағынан бұл бөлгіштiк процестiң үйлесімдерiмен сипатталады;
ә) сапа жағынан бұл қаржының шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң
материалдық мүдделерiне ықпалымен сипатталады.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиiмдi ара қатысын белгілеуде, ұдайы
өндiрiстiң заттық және құндық элементтерiнiң тепе-теңдiгіне жетуде, өндiрic
тиiмдiлiгін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрiнедi:
- қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың,
фирмалардың өндiрiстiк қызметi тиiмдiлiгінiң өсуінe жағдай жасайды;
- кipicтep мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебiн нығайтып, дамытады;
- қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің
ара салмағын қамтамасыз етедi;
- қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу
тиiмдiлiгін арттырудың экономикалық негізiн жасайды;
- қаржы ұлттық экономикада меншiктiң сан алуан нысандарының және
шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкiндiк тyғызады.
Сонымен бiрге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын
қамтамасыз етуде белсендi рөл атқарады [11].
Қаржы көптеген нәтижелердi бағалауға жалпы тәсiлдеме қаржының рөлін 3
бағытта атқарyға мүмкіндiк жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң қажеттілiктерiн қажетті қаржы көздерiмен
қамтамасыз ету тұрғысында;
2) қаржыны қоғамдық өндiрiстiң құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану
тұрғысында;
3) қаржының әлеуметтiк-экономикалық дамудың ынталандыру құралы ретінде
пайдалану тұрғысында.
Қоғамдық өнiмдi бөлу процесi өте күрделi, мұның барысында өндірісте
жасалған құн шаруашылық жүргізушi субъектiлер арасында, ал олардың
әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі
экономикалық категориялардың көптегені жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы
ерекше, тек өзіне тән рөлдердi орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне
қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз
байланыста болады және өзара iс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы
өндiрiс циклiнің басқа стадияларындағыдай сонымен бiрге бөлгіштiк процеске
де қатысады.
1.3 Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы
мемлекеттің саясаты.
Қазақстанның ТМД жəне Орталық Азияда қаржы секторында өңірлік көш
басшылыққа қол жеткізуі үшін 2007-2011 жылдар кезеңінде бірінші кезеңде
негізгі күш Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын
арттыруға, кəсіпорындар мен халықты қаржы секторының қызметтерімен қамтуды
кеңейтуге, оның жеке сегменттерін одан əрі дамытуға бағытталады, бұл ішкі
нарықта қазақстандық қаржы ұйымдарының көзқарасын күшейтеді жəне өңірде
жəне ауқымды өңір экспансиясында қаржы тарту орталығы ретінде оның
қалыптасуына түрткі болады.
Осыған байланысты, қазақстандық экономиканың бəсекеге қабілеттілердің
бірі бола тұрып, бəсекеге қабілеттілікті арттыру мəтінінде қаржы секторының
рөлі едəуір кең жəне Қазақстанда экономикалық қатынастарды жаңғыртуға
маңызды қатысушылар көзқарасы жағынан анықталуы тиіс.
Осылайша, қазақстандық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыру
жəне ұзақ мерзімді қаржы секторын іске асыру жөніндегі стратегиялық
мəселелер мəтінінде республиканың қаржы секторын одан əрі дамыту 2007-2011
жылдар кезеңінен бастап мыналарға бағытталады:
- қаржы секторының жəне оның институттарының тұрақтылығы мен
қалыптылығын арттыру;
- қаржы секторы қызметтерінің жəне олардың қол жетімділігі сапасын
арттыру;
- өтімді қор нарығын жəне оның құрауыштарын қалыптастыру;
- қаржы секторын реттеу стандарттарын арттыру;
- қаржылық қызметтер нарығында бəсекеге қабілеттілікті арттыру
мақсатында қаржы секторын ырықтандыру.
Бұдан басқа, қаржы секторында адал бəсекелестікті дамытуға, сондай-ақ
қаржы қызметтерін тұтынушылардың заңды құқығы мен мүдделерін қорғауға
бағытталған қаржы ұйымдарын монополияға қарсы реттеуді жетілдіру орынды
болып табылады.
Мемлекеттік саясаттың тиісті шараларын іске асыру арқылы қойылған
мəселелерді шешу қаржы секторының экономика субъектілерінің іс-əрекетіне
маңызын жəне əсерін елеулі арттыруы тиіс.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын (бұдан əрі - қаржы орталығы)
құру мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал
нарықтарымен шоғырлануы, Қазақстан Республикасының экономикасына
инвестицияларды тарту қазақстандық капиталдың шетел бағалы қағаздар
нарығына шығуы болып табылады.
Қаржы орталығының міндеттері шетел де, қазақстандық та инвесторларды,
бағалы қағаздар шығарушыларды жəне кəсіби қатысушыларды қаржы орталығының
арнайы сауда алаңына тарту, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
нарығының тиімді дамуы үшін жаңа қаржы құралдарын əзірлеу жəне енгізу,
сондай-ақ қаржы орталығын одан əрі дамыту болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында активтері жыл сайын екі
eceгe дейін өсетін, негізінен жинақтаушы зейнетақы қорларымен ұсынылған
институционалдық инвесторлар қатты дамып келе жатыр.
Сондықтан, ұсыныстары шектеулі қаржы құралдарына сұраныстың артуы
туындайды, бұл бағалы қағаздар нарығының толыққанды дамуына кедергі
жасайды.
Қазақстан Республикасының 2006 жылы 5 маусымдағы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығы туралы Заңы қабылданды жəне Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.
Осы жылы қаржы орталығының уəкілетті органы - Қазақстан Республикасы Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі жұмысын
бастады[1].
Бұдан басқа, ағымдағы жылы қаржы орталығына қатысушылардың дауын шешу
үшін Алматы қаласында мамандандырылған қаржы сотын құру туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 158 Жарлығы
қабылданды.
Бірінші кезеңде қаржы орталығын іске қосу үшін заңға тəуелді қажет
нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Қаржы орталығының қызметіне қатысты мəселелерде əлемдік тəжірибені
пайдалану жөнінде ұсыныстар əзірлеу жəне Қазақстан Республикасы Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі жанынан қаржы
орталығын дамытудың стратегиясын əзірлеу мақсатында консультативтік-кеңес
органы ретінде Халықаралық кеңес құрылды.
Орта мерзімді перспективада қаржы орталығын дамытуға бағытталған
негізгі шаралар мыналар болады:
- 2006 жылғы 5 маусымдағы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы
туралы жəне 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру
мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңдарында салынған стимулдарды іске асыру;
- қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ұлттық компаниялардың жəне
банктік сектор ұйымдарының акцияларын (ІРО) бастапқы орналастыруды
жүзеге асыру эмитенттерді, инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының
кəсіби қатысушыларын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына тарту үшін
қаржы орталығының, конференциялардың, семинарлар мен дөңгелек
үстелдердің кең жарнамалық компанияларын өткізу;
- инвесторлардың кең ауқымына қол жетімді (институционалдық
инвесторлар үшін де, жеке тұлғалар үшін де) индекстік қорлар, (EFT),
секьюрителендірілген активтер (SPV), фьючерстер, опциондар, ислам
құралдары (сукук жəне т.б.) жаңа қаржы құралдарын əзірлеу жəне енгізу;
- бағалы қағаздар нарығының қазіргі заманғы халықаралық стандарттарына
жауап беретін қаржы орталығының жаңа технологиялық инфрақұрылымын
құру;
- халықаралық биржалармен бағалы қағаздарды өзара тану туралы
уағдаластықтарға қол қою;
- Қазақстанның Даму Банкінің қаржы орталығының қызметіне қатысуын
белсендіру;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жыл сайын мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығаруы;
- қазақстанның клиринг палатасын құру;
- ұзақ мерзімді салымдарға бағдарланған жаппай инвесторлардың ішкі
ресурстарын тарту жолымен ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді барынша
қатыстыру;
- экономикалық өсудің мультипликаттық тиімділігіне жəне халықтың өмір
сүру сапасын жақсартуға байланысты ірі инвестициялық бағдарламаларды
жүзеге асыру [2].
Нарыққа мемлекет қатысатын ірі отандық инвестициялық жобалармен
мемлекеттік жобалау облигацияларын шығару қажет жəне оларды
институционалдық инвесторларға, атап айтқанда:
- жинақтаушы зейнетақы қорларына қатыстыру;
- Алматы қаласының аумағында қаржы нарығы инфрақұрылымының ұйымдары,
реттеуші органдар, бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары жəне
т.б. ұсынылуы мүмкін бизнес орталығын құру эмитенттердің, инвесторлар
мен қаржы орталығы қатысушыларының тəуекелдерін сақтандыру кезінде
перспективада салық жеңілдіктерін беру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына қаржы орталығының қатысушылары
ретінде тіркеу үшін еншілес ұйымдар құруға рұқсат беру [2].
Көрсетілген шараларды іске асыру Бағалы қағаздар нарығын дамыту
бағдарламасының, Сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының, Жинақтаушы
зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасының, Алматы қаласын дамытудың орта
мерзімді бағдарламасының тиісті міндеттерін шешуге ықпал етеді жəне оны
орындаудан тəуелді болады.
Қазақстанның қаржы секторы жүйелік сипаты бар факторлардың əсерімен
қалыптастырылады жəне жұмыс істейді. Түрлі факторлардың жиынтықты əсер етуі
қаржы секторы институттары қызметі практикасы əзірленетін жəне бекітілетін
ортаны құрады, яғни қаржы секторының экономиканың нақты секторына жəне
бəсекелі қабілеттілікке əсер ету деңгейін анықтайды.
Осыған байланысты мемлекет саясатының басымдығы қаржы институттарының
қызметі практикасын қалыптастыруға ұзақ мерзімді əсер ететін жүйе құрушы
факторларды жетілдіру болуы тиіс:
- мемлекеттік реттеу сапасы;
- корпоративтік заңнама сапасы;
- бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығында айналымдағы қаржы
ұйымдарының да, нақты сектор кəсіпорындарының сенімді жəне сапалы
ақпараты болуы (оның ішінде қаржы есептілігі), сондай-ақ оған еркін
қатынасу;
- қаржы секторы инфрақұрылымның даму деңгейі;
- халықтың қаржы секторының қызметтері туралы сенімділігі мен
хабардарлығы деңгейі;
- қаржы нарығы үшін кəсіби кадрларды даярлау;
- қаржы нарығы мен қаржы құралдары қатысушыларының бухгалтерлік есебі
мен салық салуын жетілдіру.
Қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың 2007-2011 жылдарға арналған
негізгі міндеттері қаржы секторын мемлекеттік реттеу мен қадағалау
функцияларын жүзеге асыру мынадай мемлекеттік органдарға бекітілген: оларға
заңнамалық бекітіп берілген функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Yкімет,
Қаржыны Қадағалау Агенттігі, Ұлттық Банк жəне Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік.
Осы мемлекеттік органдардың жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша
жүзеге асырылатын болады:
- қызметкерлердің кəсібилігін арттыруға жəне қаржы секторы
институттарының мониторинг сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер құруға
бағытталған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу жəне қадағалау агенттігін институционалдық нығайту;
- тəуекелдерді бағалау негізінде (risk based supervision) қадағалау
əдістерін енгізу жолымен қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу жəне
қадағалау жүйесін жетілдіру;
- мүмкін реттеуші тəуекелдерді талдау жəне олардың қаржы жүйесіне əсер
етуін азайту;
- шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру;
- қаржы ұйымдарының тəуекелдерді басқарудың ішкі жүйелерін дербес жəне
тəуелсіз сыртқы бағалауын жүргізу үшін жағдайлар қалыптастыру;
- акционерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сəйкес қаржы
ұйымдарында бухгалтерлік есепті жүргізу жəне қаржылық есептілік жасау
жүйесін одан əрі жетілдіру, жəне нақты сектор ұйымдарында ХҚЕС енгізу;
- елдің банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиімділігін
арттыру;
- халықаралық ұйымдармен жəне басқа мемлекеттердің уəкілетті
органдарымен өзара іс-қимыл жасасу [12].
Алдағы үш жылда Ұлттық Банк алдына инфляцияның төменгі деңгейін қолдау
міндетін қойылып отыр.
Міндетті мұндай қою мыналарды шарттайды:
- ақша-кредиттік реттеу жəне қаржы секторын талдау əдістерін одан əрі
жетілдіру қажеттілігі;
- Ұлттық Банктің инфляциялық реттеу қағидаттарына негізделген ақша-
кредит саясаты режиміне көшу дайындығын жалғастыру;
- Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкалардың реттеу рөлін
арттыру;
- Үкіметпен бағалардың тұрақтылығын қолдау мəселелері жөнінде тығыз
үйлесім.
Тұрақтылықты қамтамасыз ету қаржы тұрақтылығының негізі бола отырып,
елдің экономикалық дамуына, оның бəсекелес қабілеттілігін арттыруға
жəрдемдесетін болады, сонымен қатар елдің ДСҰ-ға кіруі үшін негіз жасайды.
Өз кезегінде қаржы секторын талдауды тереңдету, елде қаржы қызметінің
неғұрлым баламалы ахуалын алу қажеттілігі қаржы саясатын институционалдық
қамтуды кеңейтуді талап етеді. Осыған байланысты қаржы секторын неғұрлым
толық шолуды жасау үшін басқа (банктік емес) қаржы ұйымдарының шоттарын
қамту жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Ұлттық Банкінің саясатын жетілдіру экономикалық коньюнктураның
өзгеруін сандық жəне сапалық бағалаумен, сондай-ақ макроэкономикалық
деңгейде де, өңірлер жəне жеке салалар деңгейінде де негізгі тенденцияларды
экономикалық талдау жəне қысқа мерзімді болжамдау сапасын арттырумен
қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін Ұлттық Банк қажет шамасына қарай
жетілдіріліп отыратын нақты сектор кəсіпорындарының мониторингін жүргізеді.
Ағымдағы кезеңде осы мəселені кезіндегі негізгі проблема банк жүйесінің
артық өтімділігі болып табылады. Артық өтімділік жағдайында нарықтық пайыз
ставкаларына əсер ету қиын. Бұдан басқа, артық өтімділіктің өзі инфляциялық
қысымды ұстап тұруға септігін тигізеді.
Банк өтімділігін реттеу үшін ашық нарық операцияларын пайдаланудың
толық ауқымдылығын шектейтін Ұлттық Банктің бағалы қағаздар қоржынының
жеткіліксіздігімен жағдай ушығады. Ұлттық Банкінің пайыздық ставкалары
əсерінің өсімі артық өтімділіктің жоқ болған немесе оның төмен деңгейінде
болуы мүмкін.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Ұлттық Банк мынадай шараларды
жүзеге асырады:
1. Ақша-кредит реттеу əдістерін жетілдіру: ақша-кредит саясаты
құралдарын жетілдіру жолымен қаржы нарығында шығынды өтімділікті қысқарту
жөнінде одан əрі шаралар қабылдау; ақша-кредит саясатының макроэкономикалық
көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға əсерін модельдеу əдістерін одан
əрі жетілдіру; инфляциялық таргеттеу қағидаттарын пайдалана отырып, ақша-
кредит саясатын жүргізу схемасын əзірлеу; Үкіметпен негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер бөлігінде өзара іс-қимыл жасасу;
2. Ақша-кредит саясатын жетілдіру. Ақша-кредит статистикасын
институционалдық қамту жəне банктік емес қаржы институттары (сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларының шоттарын
енгізу есебінен қаржы секторын неғұрлым толық шолуды жасау жөніндегі
жұмыстарды жалғастыру.
3. Шынайы сектор кəсіпорындарының мониторингін белсендіру
кəсіпорындарды іріктеуді ұсынуды арттыру есебінен экономиканың шынайы
секторында экономикалық процестердің ахуалын жəне күтілетін өзгерістерді
бағалауды жақсарту; ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшін тікелей
бағдарлар ретінде қорытынды индикаторларды əзірлеу [13].
Республиканың қаржы секторының бəсекелес қабілеттілігін одан əрі
арттыру, экономиканың шынайы секторында бəсекелес қабілеттілікті жаңғырту
мен арттыруда оның жоғары рөлін қамтамасыз ету процесін негізгі құрауыш
мемлекеттік органдар мен қаржы секторы институттарының арасында ақпарат
алмасудың тиімді тетігін құру болып табылады.
Осы мəселе мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылығын
арттыру, мемлекеттік аппараттың жоғары кəсібилігін қамтамасыз ету жəне
қаржы секторы институттарының қаржы секторы мен оның жекелеген
сегменттерінде мемлекет саясатының жаңа мақсаттары мен міндеттерін толық
түсіну мəтінінде беріледі.
Осыған байланысты, алдағы кезеңде 2007-2011 жылдардан бастап, осы
жұмысқа қаржы институттарының кең ауқымының мүдделерін білдіретін ресми
бизнес бірлестіктері мен қауымдастықтарын тарту арқылы мемлекеттік органдар
мен қаржы секторлары арасында үнемі өзара іс-əрекетті жəне ақпаратпен
алмасуды қамтамасыз етудің қалыпқа келтірілген тетіктері əзірленетін
болады.
Осы тетік шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізу
қамтамасыз етіледі:
- мемлекеттік органдар қаржы секторы мен мемлекеттің экономикалық
саясатын дамытуға қатысты қабылдайтын шешімдері бойынша пікірмен
алмасу;
- қаржы секторының стандарттары мен қызметтерін экономикаға неғұрлым
кеңінен тарту жəне енгізу жөнінде бірлескен бастамалар жүргізу;
- қаржылық қызметтердің халыққа қол жетімділігін арттыру жəне олардың
сапасын арттыру;
- халықтың қаржылық білім деңгейін арттыру;
- Қазақстанның өңірдің қаржы орталығы ретінде қалыптасуы;
- қазақстандық қаржы институттарын өңірлік нарықтарға көтеру;
- қаржы секторының орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету [14].
Даму институттары мен қаржылық ұйымдардың өзара іс-əрекеттерін
жетілдіру бөлігінде олардың арасында ақпараттық алмасу жөніндегі жұмыс
жандандырылады. Атап айтқанда, даму институттары мен екінші деңгейдегі
банктер, лизингтік жəне сақтандыру компаниялары, Қазақстанның қаржыгерлер
қауымдастығына кіретін венчурлік жəне инвестициялық қорлар арасында қаржы
ұйымдары қызметтерінің прейскуранты туралы, отандық та шетелдік те
инвестицияларды тарта отырып, ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске
асыруға мүмкіндіктер туралы ақпаратпен алмасу жүйесі ретке келтіріледі.
2. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу туралы мәселелерін талдау.
2.1 Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің жалпы сипаттамасы .
Қаржы нарығындағы негізгі бағыттарға мыналар жатады: банк секторы;
сақтандыру секторы; зейнетақы төлеу секторы; бағалы қағаздар секторы.
2008 жылғы 1 қаңтарға банктердің жиынтық активтері 11 683,4
млрд.теңгені құрады, бір жылғы өсім – 31,7%. Бұл ретте жалпы ішкі өнімге
активтердің қатынасы 87,7% құрайды (1 қосымшаны қараңыз). 2007 жылғы 1
желтоқсанда банк жүйесіндегі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2007
жылғы қарашамен салыстырғанда 1% жоғарылап, (2006 жылғы желтоқсанмен
салыстырғанда 25,9% өсіп) 3895,0 млрд. теңгеге жетті (2 қосымшаны қараңыз).
Заңды тұлғалардың депозиттері 0,7% (2007 жылы 18,7%) ұлғайып, 2247,0 млрд.
теңге болды, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,6% ұлғайып (2007 жылы
40,5%), 1448,0 млрд. теңге болды.
2007 жылғы желтоқсанда ұлттық валютадағы депозиттер 1,4% (2007 жылы
32,0%) өсіп, 2631,2 млрд. теңге болды, шетел валютасындағы депозиттер 0,2%
(2007 жылы 14,8%) өсіп, 1365,0 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, теңгедегі
депозиттердің үлес салмағы 2007 жылғы қарашадағы 67,7%-дан 2007 жылғы
желтоқсанда 67,9%-ға дейін жоғарылады [26].
Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары осы
айда 1,7% (2007 жылы 40%) ұлғайып, 1447,8 млрд. теңге болды. 2007 жылғы
желтоқсанда халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 1,3%
(2007 жылы 31,0%) жоғарылап, 903,1 млрд. теңге, ал шетел валютасындағы
депозиттер 2,3% (2007 жылы 58,1%) жоғарылап, 544,7 млрд. теңге болды.
Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2007 жылғы қарашадағы
62,6%-дан 2007 жылғы желтоқсанда 62,4%-ға дейін төмендеді.
2007 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен
мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,9%-дан 6,1%-
ға дейін, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10,9%-дан 11,5%-ға дейін
өсті. 2006 жылғы желтоқсанда олар тиісінше 4,5% және 9,8% құрады.
2007 жылғы желтоқсанда банктердің экономикаға кредиттері бойынша
негізгі борыштың жалпы көлемі 2007 жылғы қарашамен салыстырғанда 0,4%
жоғарылап, 7258,4 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттер осы айда 0,2% (2007 год 71,7%) артып,
4158,4 млрд. теңгені, ал шетел валютасындағы кредиттер 0,7% (2007
жылы36,6%) ұлғайып, 3100 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде теңгемен
берілген кредиттердің үлес салмағы 2007 жылғы қарашамен салыстырғанда 2007
жылғы қарашадағы 57,4%-дан 2007 жылғы желтоқсанда 57,3%-ға дейін
жоғарылады.
Ұзақ мерзімді кредиттер 0,5% (2007 жылы 68,9%) жоғарылап, 5800,8
млрд. теңгені құрады, ал қысқа мерзімді кредиттер 0,2% (2007 жылы16,0%)
жоғарылап, 1457,6 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде ұзақ мерзімді
кредиттердің үлес салмағы 2007 жылғы қарашамен салыстырғанда өзгермей,
79,9% құрады.
Желтоқсан айында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,7% (2007 жылы
48,3%) жоғарылап, 4681,1 млрд.теңге болды, ал жеке тұлғаларға берілген
кредиттер 0,1% (2007 жылы 68,0%) төмендеп, 2577,2 млрд.теңге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz