ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ. ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


Мазмұны
Арнайы терминдердің, символдардың қысқартылған тізімі
КІРІСПЕ . . . 8
1 ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАСҚА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ . . . 10
1. 1 Қаржы ұғымының теориялық негіздері, оның мәнi мен функциялары . . . 10
1. 2 Қаржының экономикалық рөлі және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы . . . 14
1. 3 Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттің саясаты . . . 18
2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ. . 25
2. 1 Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы . . . 25
2. 2. Бағалы қағаздардың мәні және қатысушылары . . . 34
2. 3. Сыртқы экономикалық қызметтi реттеудің нысандары . . . 46
3 ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 54
3. 1 Қаржы нарығында банк жүйесінің негізгі бағыттары . . . 54
3. 2 Сақтандыру нарығының экономикасын өрлеуі, даму жолдары . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ . . . 70
ҚОСЫМШАЛАР . . . 72
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыптың өзектілігі қаржының экономикадағы рөліне тікелей байланысты, атап айтқанда, кәсіпорындардың, фирмалардың өндiрiстiк қызметi тиiмдiлiгінiң өсуінe жағдай жасайды, ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етедi, қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиiмдiлiгін арттырудың экономикалық негізiн жасайды.
Hapықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнін түсінe бiлудiң, оның ic-әрекет eтyiнің, ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым ұтымды және дұрыс пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Негiзiнен экономика жүйесiнде басты орындардың бiрiн алатын қаржы мәселесі қоғамның өндiрiстiк қатынастарының бір бөлігі, шаруашылық және әлеуметтiк жағдайларды шешудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Қоғамдық өнiмдi бөлумен және осының негiзiнде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндiрicтiң мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы танымның мән-мағынасы болып табылады.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының обьектiсi, ал қoғaмдық өмiрдiң ұйымдастырушысы ретіңдегi мемлекеттi қоса алғанда қызметтiң өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субьектiлерi болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезiнде танып бiлудiң негiзгi әдici - материалистiк диалектикалық - тарихи әдiс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негiзiнде зерттеудi болжайды.
Әрбір мемлекет қаржы нарығын үнемі бақылауда ұстайды және экономиканың қаржы секторын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасап отырады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға тұжырымдамасын қабылдады, онда қаржы секторын мемлекеттік реттеудің бағыттары жəне тəсілдері, қаржы секторын дамытудың басым бағыттары, оларды іске асыру жөніндегі қажетті шаралар айқындалған [1] .
Осы тұжырымдаманың шеңберінде айтылған мемлекеттік саясаттың басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру» стратегиясына сәйкес экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттігін қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін қаржы жүйесінің жұмыс істеуі шарттарын қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы ұйымдарының жəне қаржы секторының бəсекелестік қабілетін арттыру болып табылады. Сонымен бірге, аталған тұжырымдамада қаржы секторын дамыту жəне реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың реттілігі жəне сабақтастығы принципі ескерілген.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасының негізгі мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттігін қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін тұрақты жəне тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыптың зерттеу дәрежесі. Қаржы нарығының дамуы көп отандық және шетелдік авторлармен зерттелген. Қаржы нарығы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кipicтері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-3б5 жж. ) болды. Аристотельдiң (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннiң мемлекеттiк құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржының экономикадағы рөлін ашып көрсету, қаржы нарығын мемлекеттік реттеу мәселелерін талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері :
- қаржы ұғымының теориялық негіздері, оның мәнi мен функцияларын зерттеу;
- қаржының экономикалық рөлі және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттің саясатының теориялық аспектілерді зерттеу;
- қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің мәселелерін талдау;
- қаржы нарығында банк жүйесінің негізгі бағыттарын қарастыру;
- сақтандыру нарығының экономикалық өрлеуі, дамудың жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде қаржы нарығында сатушы мен сатып алушы арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде Қазақстан Республикасының қаржы нарығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде Қазақстан Республиканың заңдық актілері, нормативтік материалдар, статистикалық мәліметтер, монографиялар, қаржы нарықтың дамуына байланысты журналдар мен баспасөзден алыңған мәліметтер, отан және шетел авторларының ғылыми жұмыстары пайдаланылды.
1 ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАСҚА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
1. 1 Қаржы ұғымының теориялық негіздері, оның мәнi мен функциялары
Қаржы - өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесiндегi экономикалық қатынастарды қамтып көpceтетін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бiрi болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелi тayap-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттiк ресурстарға деген қажеттiлiктердiң дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгiнде қаржы терминін күнделiктi қолданысқа еңгiзген авторды атау қиын. Бұл терминнiң авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кiтап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдырyға болады.
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тayap-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрic процесiндегi рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады [1] .
Түрлi қоғамдық экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негiзiнен мына себептерге байланысты:
- әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның өзiне меншiктi таптық құрылымы сай келедi. Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына қайта бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың мүдделерiн қорғайтын мемлекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;
- өндiрicтің жаңа әдiсi шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесiн тудырады. Мәселен, құл иеленушi және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта болды. Капиталистiк шаруашылық тayaр-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретіңде қалыптасқан өндiрicтiк катынастардың ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет eтeтін болса, онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi [2] .
Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белriлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сонымен бiрге ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк ретiмен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс icтейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептеледi.
Тауар өндiрiciнiң негiзi тауар өндiрушiлердiң экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінiсi болып табылады. Олардың әрқайсысы өндiрicтiң материалдық - заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлi деңгейi жағдайында өнiм жасайды, ал сол себептi ұқсас тауарлар нақты шығындарымен өндiрiледi. Бұл теңсiздiктiң салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерiн өлшеудiң, қажырлы еңбектiң және жұмсалынған күш-жiгерге баламалы тұтынудың өлшемiн ескере алатын айрықшa механизмнiң объективтi қажеттiгi туады.
Ұдайы өндiрic процесiнiң үздiксiз жалғасып жататын белгiлi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткенi өндiрiлгeн өнiмдep сатып алу-сатуға жататын тауарлар peтіңдe болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтедi. Сонымен бiрге материалдың өндiрiс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттiлiктерi мен мүдделерi қанағаттандырылуы тиiс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектiң, орындалатын қызметтердiң нәтижелерiмен әр түрлi өндiрiлетін игiлiктермен, олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиic [4] .
Тек өндiрiлген еңбек өнiмдерi айырбасталғанда, оларды белгiлi бiр ақшалай баламамен өткiзгенде өндiрушiлердiң ақшалай түciмi (табысы) жасалады. Жасалынған игiлiктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемiмен жалпыға ортақ балама ретіндегi ақшаның көмeгiмeн жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игiлiктер, қызметтердiң өндiрiлген массасы - қоғамдық өнімнің натуралдық-заттай көpiнiciмeн бiрге оның ақшалай көpiнici де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық заттай нысандағы өнiмнiң қозғалысын ортақтастыратын белгiлi бiр ақша қорларын тудырады.
Басқаша айтқанда, өнiмнiң өндiрicтен тұтынyғa өтyi тек тиiстi ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрайды. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмip сүре алмайды.
Қoғaмдық өнiмнiң нақтылы iскe асырылуының eкi нысанының болуы қoғaмдық өндiрiстің әрбiр қатысушыларының қажеттiлiктерiне сәйкес оны түпкiлiктi тұтынуға жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Бұл үшiн құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит жане басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қoғaмдық өмiрде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ерекшеленеді және мiндеттi түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көpiнici қоғaмдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң бiр-бiрiмен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары, негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу, табысты (пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық айналымның қорларын қалыптастыру, мемлекеттiк бюджеттiң кipicтерінe салық төлемдерiн аудару, қайырымдылық қорларына қаражат төлеу, экспортталатын тауарлар үшiн кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қoғaмдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Tayap-ақша қатынастарының жалпы қaмтyындaғы сипатқа ие болып отырған нapықтық экономика жағдайында қаржы үздiксiз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп керсетедi [5] .
Экономиканың жұмыс icтеуiнiң нapық жағдайында мемлекет тayap-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынысы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықшa ақша қатынастарын бiлдiредi, coндықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қoғaмдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға жiберiлетін материалдық ресурстар бөлігiнiң ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгiлерiнің бiрi - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуi.
Алайда, қаржы ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның ayмaқтық бөлімшелерiнiң, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады.
Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда, табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша нысанында өлшеу, өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын aнықтау, ақшалай түсiмдi есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi. Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдicпен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың құқықтары мен мiндеттерiндегi тепе-теңдiк) бұл әдiске тек өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық емес өзгешелiгi болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын бiлдiре бермейдi.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.
Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндiрушiлердiң еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы iшкi өнім мен ұлттық табысты бөлудiң және қайта бөлудiң экономикалық тeтiгi, ақша қорларын жасау мен пайдаланyға бақылау жасаудың құралы [6] .
Ол өндipyгe, бөлуге және тұтынyға ықпал жасайды және объективтi сипатта болады.
Ұдайы өндiрiс процесiнiң түрлi стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесi бiрдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндiрic процесiнің екiншi және үшiншi стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екiншi стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелyiмен (бiр иеленушiлердең басқа иеленушiлерге кетуімен) немесе құнның әр бөлігінiң мақсатты оқшаулануымен (бiр иеленушiнің шеңберiнде) сипатталады. Үшiншi стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанында айырбасталады. Бұл жерде құнның өзiнiң шеттетiлyi болмайды. Сөйтiп, ұдайы өндiрiстiң екiншi стадиясында құнның ақша нысанының бiр жақты қозғалысының орны болады, ал үшiншi стадияда құндардың eкi жақты қозғалысы болады, оның бipi ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Қаржының iс-әрекет eтyiнiң жиынтық қоғамдық өнiмдi бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрiнетіндiгi қаржы үшiн көпшiлiкке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, iс-әрекет eтeтін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндiрiс процесiнiң бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу процесiне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектiлер бойынша бөлінеді.
Алғашқы бөлу деп өткiзiлген құнды бөлшектеу процесi мен тауар бағасының элементтерiне (жалақыға, пайдаға, табысқа т. с. с. ) сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеудi айтады, ал бөлінгендi одан әpi бөлумен байланыстының барлығы қaйтa бөлуге жатады.
Қаржы қатынастарының қаржы тапшығы мен бос өндiрic сферасында қосымша өнiмдi жасау мен оны кейiнгi бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнiм немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтiп, өндiрiстiң алдын ала шартталған сипаты кезiнде сатылатын өнiмдi тиісті элементтерге бөлудің үйлесiмдерi қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында құнды одан әpi бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негiзiнде жүзеге асырылады.
Нәтижесiнде өнімнің бiр бөлігi жаңа толық айналымға түседi, ал бiр бөлігi тұтынылады. Сөйтiп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектiлер бойынша бөлінiп, олардың әрқайсысы өндiрiлген өнiмдегi өзiнiң үлесiн алуы тиiс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуi мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Шет елде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткiшi - кipicтep мен шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлттық өнім пайдаланылады [7] .
Мемлекеттiк сектордың қызметiмен байланысты қаржы қатынастары елеулi дережеде "коғамдық (немесе әлеуметтiк) тауарлар" - мемлекет қаржыландыратын және бiрлесiп тұтынатын материалдық, сонымен бiрге материалдық емес сипаттағы игiлiктер мен қызметтер көрсетудi бөлудi қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елдi мекендердегi сауықтандыру объектiлерi, жол торабы, мемлекеттiк билiктiң басқару, құқықтық тәртiптi қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелерi, iшiнара халықты әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру және денсаулық сақтау жатады.
1. 2 Қаржының экономикалық рөлі және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қаржының мәнi, ic-әрекет механизмi және рөлi оның функцияларынан айқын көрiнедi. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттiгiн ғана емес, сонымен бiрге қаржының қoғaмдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етедi.
Қаржығa қатысты функция осы экономикалық категoрияға тән қызмет тобының мәнін, iс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзiне тән категориялары кескінінің айрықша әдicтерін бiлдiредi. Функцияда категорияның қoғaмдық арналымы қамтып көрсетiледi, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы туындайтын экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категoрияның ic-қимылының шегiн сызып қоюдың мүмкін еместігінe, оның қoғaмдық, саяси және экономикалық өмiрдiң барлық сферасына терең деңдеп eнyiнe байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер apасында осы күнгe дейiн пiкiрталас тудыруда.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу eкi әдіспен жүзеге асырылады:
- қаржылық-бюджеттiк әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
- несиелiк-банктiк әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негiзде кредиттер берудi бiлдiредi [8] .
Қоғамдық өнiмдi құндық бөлудің процесi мемлекет белгiлеген қаржы құралдарының - нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т. б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
- өндiрiстiк емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгiлi;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу.
Сөйтiп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша рссурстарының ұдайы өндiрiстегi қажеттi мөлшерлестiгiн қамтамасыз етедi.
Қаржының қоғамдық өнiмдi бөлу және қайта бөлу процесiне қатысуы бiрдей емес. Алғашқы бөлу кезiнде, жоғарыда атап етілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара iс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негiзгi сферасы - қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен - кредитпен өзара ic-қимыл жасайды.
Қаржының бөлгіштiк функциясы аумақаралық, салааралық, iшкiсалалық, iшкiшаруашылықтық бөлінicтi қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізушi субъектiлердің бiрiнен алынып, қаржы ресурстарының жетicпеушiлiгiн басынан кешірiп отырған әкімшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен салаларға берiледi. Қайта бөлудің бұл түрлерiнің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімдi дамуына қол жетедi, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндiрiстің дамуы үшін сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтiк-тұрмыстық инфрақұрылымды әрлету үшін өте-мөте көкейтестi болып табылады. Ішкiсалалық және iшкiшаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізушi субъектiciнің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет eтетін (заң бойынша мемлекетке тиiстi аударымдардан басқа) коммерциялық есеппен өзiн-өзi қаржыландыру әдістерiнің енгiзiлуiмен байланысты бiртіндеп тарылып келедi [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz