Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама


Мазмұны
Кіріспе
I. Қарқаралы ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы
1. 1. Рельефі
1. 2. Геология, тектоника және пайдалы қазбалары.
1. 3. Климаты
1. 4. Гидрография
1. 5. Топырақ жамылғысы
1. 6. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі .
II. Қарқаралы аймағына экономикалық-географиялық сипаттама
2. 1. Жер қоры және оны пайдалану.
2. 2. Халқы.
2. 3. Мәдениеті
III. Қарқаралы ауданының шаруашылығына сипаттама және ауыл шаруашылығының халық шаруашылығындағы орны .
3. 1. Мал шаруашылығы.
3. 2. Егін шаруашылығы
3. 3. Орман шаруашылығы
3. 4. Шаруашылықтардың аймақ экономикасында алатын орны.
IY . Қарқаралы аймағының экологиясы , табиғат қорғау мәселелеріне шолу.
4. 1. Табиғат ресурстары және оны пайдалану.
4. 2. Аймақтың кәзіргі экологиялық жағдайы.
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы Қазақстан территориясына физико-географиялық және экономико-географиялық зерттеулер жүргізілген. Бірақ соңғы кездерде экономик-географиялық, экологиялық жағдайлар көп өзгерістерге ұшырауда. Ал шалғай жатқан аудандарға бұл тұрғыдан түпкілікті зерттеулер жасалмаған. Осы себептерден мен дипломдық жұмысымда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының табиғи-шаруашылық кешеніне тоқталдым.
Бүкіл ТМД елдерінің арасындағы, сонымен қоса мемлекеттердің ішкі экономикалық және өндірістік байланыстары дағдарысқа ұшырап, кейбір жағдайда мүлдем жаңадан құрылып жатқан жай бар.
Экологиялық мәселеге келсек, ол бір мемлекеттің деңгейінде емес әлем деңгейінде шешілуге тиіс. Қазақстанда бұл мәселе артта қалған десе де артық емес. Жұмысымның соңында аймағының экологиялық жағдайын қарастырдым, өйткені ол аймақ Семей полигонына жақын жатыр. Егер де бір елдің экологиялық жағдайы өзгерсе, оның зиянды әсері басқа елдерге де жететін болады, оларға көпетеген шығын келтіреді. Дәлірек айтқанда табиғат байлығының бір елде, немесе бір континентте зардап шегуі, барлық жерге әсер етеді.
Қарқаралы ауданы Сарыарқаның шығысына таман орналасқан. Ол оңтүстігенде осы облыстың Ақтоғай ауданымен, шығысында Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстігінде Павлодар облысымен шектесіп жатыр. (1-сурет) . Жері 5, 8 мың км 2 . Қарағандыдан 220 км, Талды темір жол станциясынан 13 км жерде орналасқан.
1915-1920 жылдары - Хлебородный селосы; 1920 жылдан Қарқаралы уезінің Хлебородный болысының орталығы; 1928 жылдан Қу ауданы; 1965 жылдан Егіндібұлақ ауданы; 1994 жылдан Қарқаралы ауданы болды. Орталығы - Қарқаралы. Халқы - 20 784 адам (2005) . Оның 92%-і қазақтар, қалған басқа ұлт өкілдері 1 мамандандырылған шаруашылық бірлестігі, 8 мекен бар.
I. Қарқаралы ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы
1. 1. Рельефі
Қазақстанның кең территориясы жер бетінің әр түрлілігімен ерекшелініп, көзге түседі. Мұнда ойпаттар, кең тегіс шұңқырлар, үстірттер мен аласа таулы массивтер және шыңдарын қар басқан биік таулы аудандар кездеседі.
Қазақстан территориясының орографиялық ерекшелігінің бірі- Қазақтың ұсақ шоқысы. Ол Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан, батысында Торғай үстірт і мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелеріне қосылып, оңтүстігінде Балқаш көлі және Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылған. Бұл ең ежелгі, мүжілген өлке.
Батысында ені 900 шақырымнан астам, ал шығысында 350 шақырымға жуық. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық, аяз, қар, ағын су күшті әсер еткен. Олардың әсерінен бір кездегі биік таулар бұзылып, аласарып, жазыққа айналған. Тек таулардың негіздері ғана сақталғын. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктейді де, солтүстікке, оңтүстікке, батысқа қарай аласарады. Ол Солтүстік Мұзды мухит пен ішкі тұйық алаптардың арасындағы су айрық болып саналады.
Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс шегінде Егіндібұлақ аймағы орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 460 м, ол ұсақ шоқының өте біркелкі шеткі бөлігін құрайды. Орталық бөлігіндегі таулы жері жеке тұратын шоқы түрінде, тегістелген тау және толқынды таулы жазық түрінде бір-бірімен ешқандай заңдылықсыз және ретсіз алмасады. Ұсақ шақының аралықтарында шоқыаралық жазықтар таралған.
Жазықтардың теңіз деңгейінен абсалюттік биіктігі 300-800 м шегінде ауытқиды. Аймақтың солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде өте кең жазықтар бар. Бұл Айрық және Сарыдала жазықтары, биіктіктері 395 м және 407 м, осы жазықтар батысқа қарай еңкіш болып келеді.
Солтүстік-батыста Ащысу өзеңі арнасының бойында абсолюттік биіктігі 468 м болатын Байпейіс мекені бар.
Қоянды ауылының оңтүстігіне қарай биіктігі 637 м шоқыаралық жазық бар, ал оңтүстік - шығысында 1054 м. Арқалық тауы мен 1058 м Үлкен Доғалаң таулы массивтерінің арасында қою қоңыр, яғни қызғылт топырақты кең дала орналасқан. Оңтүстігінде Саратан аңғары, батысында биіктігі 700-800 м Құлымбай аңғары орналасқан.
Аңғарлардың ағынсыз, беткей бөлігінде тұзды көлдер мен Сортаңды жерлер қалыптасқан.
Аймақ территориясындағы шоқылар әр түрлі бағытта орналасқан, жалғыз немесе топ түрде кездеседі. Мұндағы теңіз деңгейінен ең биік нүктелері бар келесі таулар: Қоянды тауы, биіктігі 904, 7 м; Арқалы массивінің жоғары нүктесі - Ақ-жол - 807 м; Түлкілі тауы - 939 м; ол Қарасор көлінің солтүстігінде орналасқан, сол сияқты Қоянды ауылының оңтүстігіне таман белгісі - 818, 9 м Төкпес тау массиві бар.
Егіндібұлақ аймағының солтүстігінде ең биік тау массиві Қу - 1356 м, орталық бөлігінде 845 м және 970 м Сарытау, Серікбай таулары бар.
Аймағының оңтүстік-шығысында 1091, 3 Боқты тау массиві жатыр. Бұл массив Қарқаралы және Кент тауларына ұқсайды, тек шыңдарының биіктігі төмен және көлемі аз.
Аймақтың әкімшілдік орталығы - Егіндібұлақ ауылының оңтүстік-шығысынан 45 км жерде ұзын-шынжыр бойымен Арқалық тауы созылған, жоғары көрсеткіші - 1064 м, және осы таудан оңтүстікке қарай абсолюттік көрсеткіші 1057 м Қызыл-Қойтас тау массиві жатыр.
Жер беті әр түрлі табиғат жағдайларында қалыптасып, дамудың әр стадияларын басынан кешірген соң рельефінің формалары көп түрлігімен сипатталады. Сондықтан, зерттегенде рельеф формаларын жіктеген жөн.
Геоморфологияда рельеф формаларын жіктеудің бірнеше түрлері бар.
Рельеф формалары генетикалық жіктегенде шығу тегіне байланысты топтарға біріккен. Ол берілген табиғат жағдайларында рельеф құрылудың белсенді факторларын есепке алу негізінде жүреді.
Рельеф құрылыс процестерін басқаратын негізгі факторларға жер қыртысының тектоникалық қозғалысы мен климат жатады. Біріншісі жер қыртысының вертикальды түрде орын ауыстырғанда байқалады, ал климат соңғы кезекте жер бетін тегістеуге ұмтылатын экзогенді процестерге әсерін тигізеді.
Рельеф формалары Н. С. Подобедовтың зерттеуі бойынша 2 үлкен топқа бөлінеді: 1. Эндогенді процестердің әсерінен пайда болған. 2. Экзогенді процестердің әсерінен пайда болған. Осы үлкен 2 топтың өзі тағы бірнешеге болінген.
Соның ішінде қарастырылып отырған террияториялық рельефінің формасы үйлу процестері арқасында дамыған. Ол үгілу процесі күннің, ауаның, судың әсер етуі нәтижесінен тау жыныстарын бұзып, өзгеріске ұшыратады.
Жер бетінің рельеф формаларының қалыптасуы мен дамуы тау жыныстарының құрақтылығымен байланысты. Соңғысы тау жыныстарының жатуының біркелкілігін, оның жылу өткізгіштік пен жылу сыйымдылығы, су өткізгіштігі, жарықшақтанды мен ерігіштігін жатқызады.
Тау жыныстарының физикалық және химиялық қассиеттерінің жиынтығының тұрақтылық дәрежесін үгілу процесінің факторларына қарап анықтайды. Олар дамып келе жатқан рельеф формаларының сыртқы кескінінде көрінісін табады. Бұдан үгілу процестеріне қиын берілетін тау жыныстары рельефтің жағымды формасын, ал беріктілігі аз жыныстар жағымсыз формасын қалыптастырады.
Үгілу процестері бірінші кезекте ауа температурасының шұғыл ауытқуымен анықталады, соның ңәтижелерінде тау жыныстары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық қасиеттеріне бағынышты болады. Жыныстардың жылу өткізгіштігінде үлкен температуралық айырмашылық- жыныс массаларының қарқынды түрде бұзылуына әкеледі.
Үгілу процесінің тездетілуіне тау жыныстарының қабаттаса орналасқан жарықшақтық қасиеттері әсер етеді. Үгілу процесі әсерінен тау жыныстары әр түрлі формадағы ірі кесектерге бөлінеді, яғни плита және матрас тәрізді. Ал матрас және плита тәрізді кесектер граниттерге тән. Осы магмалық жыныстардағы үгілу пішіні жан-жағы дөңгеленген үлкен плита және осындай плиталардың горизонтальды түрде бірінің үстіне бірі кішкене алдына қарай еңкейген болып жабысып келеді.
Геоморфологиялық құрылыснда Аймақтағы таулар - таулы рельефті орта және аласа таулар. Күмбез тәрізді шыңдар жіңішке сызылған, тік немсе еңкіш құзды баурайлар терең және кең аңғарлармен тік құрайтын тар үңгірлермен бөлінеді. Тау аралық аңғарлар әлсіз оңделген. Түбі 3-4 м-ден бірнеше ондаған сантиметрге дейін, қуаттылығы аз, борпылдақ төрттік шөгінділерімен толтырылған. Себебі: төртік шогінділер жас кайнозой эросының шөгінділерінен шығады. Орогенді беттері 1000 м-ден төмені ұсақ шоқылы таулы өлке мен төбеге жатады, биіктіктері 600-1000м төбелер биік, ұсақ төбелі немесе шоқылы таулы өлкеге, 300-600 м - орташа төбелі тауларға, 0-300 м - аласа төбелі тауларға жатады. 1000м - ден асатын рельефті тік және еңкіш құзды баурайлы ұсақ шоқылы аласа тауға жатқызады. Осындай жер беті гранитоидты жыныстардың таралу шегінде басым дамыған. Тұтасымен алғанда Қазақтың ұсақ шоқысы - ертедегі қатпарлы өлке, ол палеозойға дейінгі және палеозой шөгінділермен (сланец, эктас, құмтас, конгломерат), яғни граниттің үзінді интрузияларынан түзілген. Гранитті массив перифериясында таулы қыраттар күмбез тәрізді шыңдар мен еңкіш баурайлы болып келеді. Олар араласатын және жалғасатын жыныстар гранитті массивті қоршап орналасады. Бұл қыраттар аласа тауға және төбелі тауға жатады.
1. 2. Геология, тектоника және пайдалы қазбалары.
Қазақтың ұсақ шоқысының геологиялық даму тарихы өте ұзақ және күрделі болып келген. Палеозойға дейін мұнда геосиклинальды зона болған. Төменгі силур мен кембрий кезеңінде әр әсердерін ұсақ теңіздер алып жатқан. Олардың үстінен шығу тегі вулкандық аралдар көтеріліп тұрған.
Құрғақ жер конфигурациясы жер қыртысы қозғалысының әсерінен де, теңіздің әсер етуі нәтижесінен де жүреді. Төменгі силурдың аяғында күшті қатпар құрылды (каледан қатпарлығы), нәтижесінен Қазақтың қатпарлы өлкесі түзілді.
Жоғары силурда теңіз алып жатқан жер көлемі біртіндеп азайды. Теңіз Орталық Қазақстанның шығыс бөлігін алып жатты.
Девон кезеңінде тау құрылу процесі әлсіз болды. Девонның аяғында трансгрессия жүрді, теңіз Орталық Қазақстанның шығыс бөлігін басады.
Корбон кезеңінде теңіз қайтадан құрлықты басады. Бұл кезең климаты жылы ылғалды болды.
Карбонның орта кезеңінде таулы аудандардың қарқынды түрде бұзылу процесі басталды, Орталық Қазақстанда өзінше геологиялық фация қалыптасады - қызыл құмтастар, сланец және конгломераттар. Соңғысы барлық жерде кездеседі. Орта карбон кезеңіндегі рельефтің дамуында Қарқаралы тауының көптеген интрузиялық байланысты.
Палеозой эрасының аяғында пермь дәуірінде бар территорияны континентальды жағдайдағы ыстық, құрғақ климат басым болды. Карбонның ортасынан басталған герциндік қатпарлық пермьнің ортасында аяқталып Қазақ қатпарлы өлкесінің көтерілуін аяқтады.
Сонымен мезозой эрасының басында Қазақ қатпарлы өлкесі каледон және герцин қатпарлық процестерін басынан өткізіп, теңіз деңгейінен төменгі батпайтын жер қыртысының қатты бөлігіне айналды.
Триас кезеңінде климаттың ыстық, құрғақ болуы үгілу қыртысының қалыптасуына әкелді. Одан кейінгі кезеңдерде, яғни үштік дәуір кезеңінде климат жылы, қоңыржай ылғалды болды, кейін біртіндеп климат құрғай бастайды. Үштік дәуірдің аяғында суиды, атмосфералық жауын-шашын көлемі ұлғайды.
Төрттік дәуірде мұз басу басталады. Осы дәуірде климат қатты өзгерді, ылғалды суықтан жылы құрғақ болып. Осы дәуірдің аяғындағы физико-географиялық жағдай кәзіргіге ұқсас болып келеді. Сонымен климаттың құрғауы басталады.
Тектоникалық құрылымында Аймақтың батыс бөлігі, яғни Түндік өзенінің батысын ала герцин қатпарлығы облысы, яғни синклинальды зона алып жатыр.
Калеозон қатпарлығы облысының антиклинальды зонасы осы ауданның шығыс бөлігінде жатыр. Аймақта бірнеше тектоникалық бұзылыстар бар. Оның ішінде терең кететін бұзылыстар аудан территориясы шегінде Қарасор көлінен солтүстікке қарай, Түндік өзенін шығысқа қарай 3 рет қиып өтеді. (1. 2. - Сурет)
Аймақ пайдалы қазбаларға бай емес. Жер қайнауында мыс рудаларының, құрылыс материалдарының қорлары барланған.
1. 3. Климаты
Қазақстан Респубуликасы Евразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Сондықтан климаты шұғыл континентальды. Осы шұғыл континентальдылық Қазақтың ұсақ шоқысының шығысына қарай орналасқан Егіндібұлақ аймағына да тән.
Аймақтың климаттық жағдайы Баянауыл, Қарқаралы, Қайнарда орналасқан метеостанция көрсеткіштері бойынша сипатталады.
Аймақ дала зонасында орналасқандықтан жылудың көлемі ұлғаяды, атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері азаяды және климаттың континентальдылығы шығысқа қарай өседі, яғни далалық аудандар климаттың құрғақ, шұғыл континентальдылығымен сипатталады.
Жаз кезеңіндегі булану атмосфералық жауын-шашыннан 3-7 рет асып түседі. Климаттың шұғыл континентальдығы қыстың қатаңдығымен, жаздық температураның жоғарлығымен, су молшердегі атмосфералық жауын-шашын мен ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудасының алшақтығымен көрсетіледі. Климаттың континентальдылығы Сібір антициклонының әсерінен шығысқа қарай өседі.
Жалпы бүкіл Қазақстан далаларына ауарайының антициклондық режимі басым: күн сәулесі мол (жылына 2500 сағат), жазда құрғақшылық пен аңызақтық жел соғады, ал қыста күшті аяз болады.
Өсімдік вегетациясы үшін жылдық жылы және суық вегетациондық кезеңінің ұзақтығын анықтайтын көктемгі және күзгі +5 0 шамасынан өтетін орташа тәуліктік ауа температурасының маңызы зор. Барлық Қазақстан далаларының, оның ішінде қарастырылып отырған ауданның климатының жағымсыз жағы - ылғалдылықтың жетіспеушілігі мен ауа-райы тұрақсыздығы, топырақтың тоңазуы мен қатуы.
Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері барлық дала зонасы шегінде 200 мм-ден - 300 мм-ге дейін ауытқиды. Ал осы аудандағы жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-360 мм. (1-3 кесте) .
Жылдық мөлшерінің 60-70% жылдың жылы мезгіліне келеді. Вегетациондық кезеңнің ұзақтығы 170-180 күнге созылады.
Жазғы уақытта ауданың ылғалдылығы төмен болғандықтан вегетациондық кезенде климаттың құрғақшылығына әкеледі. Жаздағы салыстырмалы орташа айлық ылғалдылығы 34%.
Шуақты күндердің ұзақтылығы жылына 2300-2400 сағат, оның ең жоғарғы мәні шілде айына келеді. Радиацияның жылдық жиынтық мәні 100 ккал/см 2 , ал шашырынды радиациясының жиынтық мәні 48 ккал/см 2 . Негізі, облыс климатына ықпалын тигізетін 3 типті ауа массалары бар. Олар: арктикалық, полярлық, тропиктік. Жылдың суық мезгіленде ауа-райы қалыптасуына азияттық антициклонның батыс тармағы күшті әсер етеді.
Қыста бұл аймақта ауа-райының антициклондық сипаттама болуы, яғни төменгі температураның басым болуы тән. Орташа қаңтар температурасы солтүстік - шығыстан, солтүстік-батысқа қарай - 14, 4 0 С - тан - 17, 9 0 С-қа дейін ауытқиды. (1. 3. сурет) Ауа температурасының абсолюттік минимумы - 45 0 С, - 52 0 С. Қысқы атмосфералық жауын-шашын мөлшері жылдық сумманың 37% құрайды. Қар жамылғысы суық мерзімде тұрақты, 140-160 күнге дейін сақталады, бірақ біркелкі таралмайды, яғни ойпаңды жерлерде жиналып қалады да, тау басында өте аз болады. Қар жамылғысы 30 см-ден аспайды. Қыс кезінде үнемі болып тұратын жылымықтар егіс даласынан қарды кетіреді. Қысқы ауаның төменгі температурасы мен қар жамылғысының аз болуы жекелеген жерлерде топырақ қабатының 150-220 см-ге дейін қатуына әсерін тигізеді. Кейде күшті желдер болып тұрады. Осы күшті желдер көбінесе төмен температураларда - 15 0 , - 20 0 ақпанда болады. Жылдық суық мезгілінде жел режимі негізінен Сібір антициклонының батыс тармағының ықпалы әсерінен қалыптасады. Қарашадан наурызға дейін жел жылдамдығының орташа айлық мөлшерінің артуы байқалады. Жел жылдамдығының неғұрлым жоғарғы орташа айлық мәні наурызға 6, 8 м/сек, сәл төмені ақпан мен желтоқсанға келеді. (6, 5 м/сек және 6, 1 м/сек) . Жел жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші - 37 м/сек, ол 20 жылда 1 рет қайталанады. Мұнда басқа зонаға қарағанда, көктем қысқа болады. Ондағы орташа тәуліктік температураның тез өсу күннің суытуына әкеледі. Көктемгі суытулар мамырдың ортасында аяқталады. Кейде солтүстік-батыс немесе солтүстік арктикалық ауаның енуіне байланысты суытулар маусым айының басында да болады.
Кеш түскен көктемгі уақытта, әсіресе құрғақшылық жылдарда жел эрозиясы қарқында түрде байқалды. Ол үнемі 10 м/сек болып келетін солтүстік-шығыс, Оңтүстік-батыстан соғатын шаңды борандармен байланысты. Шаңды борандар күндізгі уақытта болады және орта шамамен 40-45 минут ұзақтыққа созылады. Жел эрозиясы бұл дала зонасында ауыл шаруашылығына үлкен зиян шектіреді - жыртылған жердің көптеген мың гектарлардағы топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді. Көктемде ауа температурасы тез көтерілуімен, ал күзде - тез түсуімен ерекшелінеді.
Дала зонасында жаз ыстық, ылғалдылығы аз болады. Орташа шілде температурасы +18, 5 0 С-тан +22 0 С-қа дейін, ал абсолюттік максимумы +40 0 С-қа дейін.
Осы аудандағы жылдың жылы уақытының ұзақтығы 140-150 күнге, ал суық күн уақытының ұзақтығы 180-200 күнге тең.
Біз басында айтып кеткендей жауын-шашынның көп мөлшері жылдың жылы кезеңінде нөсер түрінде түседі деп, енді осы Қарқаралы метеостанциясының көрсеткіштеріне көз жіберсек, мынандай: маусымда - 53 мм, шілдеде - 51 мм, тамызда - 43 мм. Осы көрсеткіштерді басқа айлармен салыстырсақ мынандай: ақпанда - 8 мм, сәуірде - 24 мм, қазанда - 29 мм. (1. 3. диаграмма)
Құрғақшылық жылдар 15-20 жылда 1 рет болады. Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде 3 рет (1955, 1963, 1974) қуаңшылық болды.
Қуаңшылықтың 2 түрі болады. Оның бірі - табиғи процесс, оны табиғат белгілі бір уақыт аралығында, өзі қалпына келтіре алады. Екіншісі - антропогендік, яғни адамның әрекетімен байланысты процесс. Оны қалпына келтіру қиын және өте көп мерзім керек. Осындай құрғақ кезеңдерде топырақты ұшырып әкететін, территорияны құрғататын күшті желдер байқалады.
Жергілікті жердің рельефінің таулы болуына байланысты, жауын-шашынның көп бөлегі топырақта жиналмайды, төмен қарай ағын кетеді. Ыстық күндері тез буланып кетеді.
Жазғы кезеңде Солтүстік және Солтүстік-шығыс бағыттағы желдер басым, жылдамдығы 3-5 м/сек, қысқы кезеңде Оңтүстік-батыс және Оңтүстік желдер басым, жылдамдығы 4-6 м/сек.
Күз жергілікті жерде кем дегенде 2 айға созылады. Ол кәдімгідей қырқүйектің басынан басталады да, қазанның аяғында бітеді. Күз-ашық ауа райымен сипатталады. Бірінші үсік қырқүйектің 2-ші жартысынан бастап түседі.
Кесте № 1 Метеостанция мәліметтері бойынша
климаттық сипаттама
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz