Наббат-Пухальск ЖШС қызметінің табыстылығы мен шығынсыздығын талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Кәсіпорындарда қаржылық талдау жүргізудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні және онда талдау жүргізудің 6
мақсаты
1.2 Қаржылық жағыдайды талдау әдістері 11
1.3 Кәсіпорынның төлем қаблеттігі мен несие қабілеттігін талдау 16
2 Наббат-Пухальск ЖШС қызметінің табыстылығы мен шығынсыздығын
талдау 29
2.1 Наббат-Пухальск ЖШС-ң пайда мен рентабельділігінің талдауы
2.2 Наббат-Пухальск ЖШС-нің қызметтің шығынсыздығына деген шекті 41
талдауы

3 Кәсіпорында қаржылық талдау жүргізудің мәселелері мен оны шешу
жолдарын жетілдіру
3.1 Кәсіпорында қаржылық талдау жүргізуді жетілдіру жолдарын арттыру
45
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері және оны 48
жетілдіру жолдары
3.3 Наббат-Пухальск ЖШС-ін қаржылық қамтамасыз ету жолдары және 52
мемлекеттік көмек


Қорытынды 62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64

Косымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық
қызметі шоттары Бас жоспардың 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі
және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына
сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа
әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі
бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ
тілектеріне толығынан жауап бере алмайтын дығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік
шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгерілуі және өңделуі
қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды қамтамасыз ететін есеп саясаын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы
керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі
ажырамас бөлігі болып табылатын , қаржы менеджментіне дейін өсіп,
айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес , өмірлік аса
қажетті салаларын туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей,
шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен оған әсер ететін себептерді
білмей , табыс пен шығынды өзара салыстырмай , біріншісінің екіншісінен
артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Нарықтық экономика оған қамыңушылардың барлығыан ой жүйесі мен өзгеше
іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда ,
материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына,
яғни милиондаған тенгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере
алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір тенге жаңа табыс әкелуі үшін осы
қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс
істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып ,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алуша, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдаумен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен
айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері
басқару денгейіне , қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы,
шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің
қабылдануы , материалдық еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып ,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталғаны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Жоғарыда аталғандардың барлығы осы дипломдық жұмыстың өзектілігі болып
табылады және тек терең, ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін
объективті бағалап, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе
жақсарту және оны іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару
шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Тәжірибенің маңыздылығы ретінде АҚ Тыныс - тың қаржылық тұрақтылығын
бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік,
әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау.
Отандық талдау әдебиеттерінде кәсіпорында қаржылық талдау жүргізу
мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогресивті әдістері негізінде бұл
дипломдық жұмыс ғылыми маңыздылығы болып табылады. Ал бұл кәсіпорындар
қызметінің қаржылық нәтижесімен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің
экономикалық өсуіне маңызды әсерін тигізеді.
Ұсынылып отырған осы дипломдық жұмыс мақсаты – кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат
беру, оны ұғыну , оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларын меңгеруге
көмектесу.
Қойылған мақсатқа байланысты мына міндеттер орындалады:
- болашақ жас мамандарға кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жұмысын
біліктілікпен жүргізу;
- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық
тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беру;
- өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін,
еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету
үшін басшылыққа үйлесімді басқару шешімдерін ұсыну;
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаған мәліметтері, ғылыми
зерттеулермен негізделген кәсіпорынның қаржылық талдауының көрсеткіштері
қолданылған.
Дипломдық жұмыстың обьектісі - Наббат-Пухальск ЖШС.
Зерттеу әдістері. Диплодық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы
диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік,
функционалды талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні, зерттеу әдістері қарастырылды.
Бірінші тарауда кәсіпорындарда қаржылық талдау жүргізудің теориялық
негіздері қарастырылады.
Екінші тарауда Наббат-Пухальск ЖШС қызметінің табыстылығы мен
шығынсыздығын талдау жүргізілді.
Үшінші тарауда кәсіпорында қаржылық талдау жүргізудің мәселелері мен
оны шешу жолдарын жетілдіру қарастырылды.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудін нәтижелері қорытындыда
жинақталған.

1 Кәсіпорындарда қаржылық талдау жүргізудің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні және онда талдау жүргізудің
мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.
Кәсірорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмастан бұрын, қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Сонғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шермет
Кәсірорынның қаржы жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен сипатталады деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсірорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағждайы кәсіпорынның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен және сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста болу, төлеу қаблеттігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорының қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипат-тайтын көрсеткіштер
жиынтығы"[1,56 б.].
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы -
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілетілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субьектілердің алдында
өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субьектісінің қаржылық жағдайын
талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік;
қаржылық тұрақтылық; несие қабілетілігі; капиталды пайдалану; валюталық
өзін-өзі өтеу" - деп жазады [7,16 б.].
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзкарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорының қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір суру қабілеттігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын , тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді
Осы берілген түсіністіктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық турақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұраққа
ғалымдар түрліше анықтама берген. Бір ғалымдар қаржылық тұрақтылықты өз
қаражаттарын шебер пайдалану қаблеттігі, жұмыс порцесінде үздіксіздігін
қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы деп түсіндіреді. Қаржылық
тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материялдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазды.
Бұл ұғымды А.Д.Шермет пен Р.С. Сайфулин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы [2,87 б].
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзше тән айнасы
-қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып,
оларды тйімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорында кеңейтуге және
жаңартуға кажетті шығындарың қаржыландыратын кәсіпорының қаржы ресурстық
жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорының жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына
анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелдіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем кабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорының
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
ВТ. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық — бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол-
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тйімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондыктан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорының жалпы тұрақтылығыныц негізгі.
Бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығынын артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын керсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорының одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мумкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет
[3,22 б.].
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзкарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні — қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" -деп
жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир .
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен В.С. Сайфуллин дәлірек
және анығырақ түсіндіреді. Олар Қаржылық тұрақтылықтың міні — бұл қорлар
мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі — деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста.
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мумкіндігі" немесе "Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілетілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады". Кәсіпо-рынның жумысы нарық жағдайына өтумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сурақтар
да шиелінісе түсті[4,32б.; 9,25б.; 10,36б.].
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радианова және М.А. Федотова келесідей түрге жіктейді:
1. пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2. нәтиженің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3. құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4. әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзіндік жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырсақ, кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және
айналым шығындары арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тыгыз
байланысқан қаржылық, тұрақтылыгының маңызды факторларының бірі -
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең теменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржы тұрақтылығының ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы , оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? — деген кауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылың
кепілінің бір турі ретінде рөзервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта кел, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- Кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және
- оның жалпы төлем қаблеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- Қорлар мен резервтерді , олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- Кәсіпорындарды басқару тиімділігі [4,122 б.].
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қаблеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының денгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы да басқалары жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын калыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу —
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсі порындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашакта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта — облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл карыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның каржьшық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілетілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл — талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады
[5,82 б.].
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы -
дамуға кедергі жасап, басы артық қорларымен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

1.2 Қаржылық жағыдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, калың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметінің динамикада бейнелеп көрсөтуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
көзеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі -басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады.
Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау
шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім калай жұмыс істейтінін көруге
мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды.
Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет [6,145 б.].
Соңғы кездері мерзімда баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның
жекелей көрсеткіштерін Талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшлік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекетік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділгіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарыктың
қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі -
онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесәнде қарқынды өзгеріп
отыратын нарықтың конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді страте-гиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады.
Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі
талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге
негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады,
яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі белігінен
тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі
контрагенттерінің - меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген
кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау
әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау
мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзкарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де
қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
Көлденең талдау;
тікелей талдау;
трендтік талдау;
салыстырмалы талдау;
факторлық талдау;
қаржылық коэффициенттер әдісі.
Келденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді [7,252 б.].
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құндылығы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
керсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.
Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы
қалыптасады, ал одан кейін переспективті, болжамдық талдау жургізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициеиттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың 6іреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициеиттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл- қатынастарды талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен
байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да,
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау
болашаққа бейімделуі тйіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ себебі
олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып
табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған
шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың денгейіне келесілер әсер
етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз
болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ
қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің
шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшірп алу, кеп жағдайда тиімсіз,
себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшелктеріне назар
аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы
берілген кеңестер кейбір көзде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды
талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі
ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте
ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады:
өтімділік, қаржылық тұрақтылыққ, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады [8, 105 б.].
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол -кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және индекістік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді
Айта көткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің
дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулерден
авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының
Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан
бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық
тұрақтылығын; сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның
қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі [9,46 б.].
О. В. Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген
еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды
міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу кабілеті мен
өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның
құрылымын бағалаудан бастайды [10,27 б.].
И. М. Лоханина мен 3. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың
сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде
кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік
жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау
қабілеттігіне тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын Талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.
Шеремет пен Р.С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады:
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы
аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай ақ қаржылық тұрақтылықтың
абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы
пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудаң туындап,
ағымдағы төлеу қабілетілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен
қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндік туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А. Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға
байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады:
экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты-
бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын
бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай
қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының
динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі. [11,54 б.].
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық
субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің
нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы
толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі
аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі
әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы
талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып,
аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе
алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың
нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
1.3 Кәсіпорынның төлем қаблеттігі мен несие қабілеттігін талдау

Кәсіпорынның төлем қаблеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады.Сол себепті
нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қаблеттілігі ретінді
кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу
қаблеттілігін түсіндіреді. Мысалы, О.С. Ефимова төлем қаблеттілігі:
кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу
қаблеттілігін түсіну қабылданған, - деп жазды.
Басқа авторлар төлем қаблеттілігі деп: компанияның ұзақ мерзімді
қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қаблеттілігін түсіну қабылданған, -
деп жазады. Енді біреулер төлем қаблеттігі деп кәсіпорынның тек қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, "Шаруашылық
қызметті талдау" оқулығының авторлары "Кәсіпорының төлем қабілетілігі деп
оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу
қабілетілігі түсшдіріледі' деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина
толығырақ баяндайды. "Төлем қабілетілігі, - деп жазады ол, - бұл
кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары
қарыздарын өтеуге дайындығы". Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы
екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі
болады. Төлем қабілетілігі -бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша
қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін
жеткілікті қаржының болуы [13,22 б.]..
Профессор В.В. Ковалев төлем қабілетілігі деп оның "қысқа мерзімді
міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу
қабілетілігін" түсінеді. "Төлем қабілетілігі, — деп жазады ол, -
кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп
айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің
болуы" [14,33 б.].
Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы.
"Төлем қабілетілігі, - деп жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір
мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем
қабілетілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілетілігінің
коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші
субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілетілігінің
коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының
жетіспеу себептерін анықтау керек" [15,24 б.].
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор
А.Д. Шермет басқаша ашып көрсетеді. Ол кәсіпорынның төлем қаблеттілігі деп
өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын
ақнағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін
жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қаблеттілігі түсіндіріледі, - деп жазды.
Төлем қаблеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор
В.П. Кондраков берді. Оның пікірінше төлем қаблеттілігі – бұл кәсіпорынның
өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі.Бұл жағдайда
міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу
және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті.
Ұзақ мерзімді қарызды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің
және қарыздың мерзімінің өсуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен
сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың
бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің
ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер
шотының Бас жоспары несиелер 60 бөлімшесінің 601 – 603 синтетикалық
шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қаблеттілігі деп, оның дер кезінде
өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну
керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және
басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарызды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақша айналуы керек
дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-
материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша
каражатын алады.
Басқаша айтқанда , теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық
ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер
кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа меерзімді міндеттемелерінің сомасынан
артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер
кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағытталса , онда
дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары ғана құрайды, ал материалдық айналым
құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төһлеуге кетеді.
Сондықтан төлем қаблеттілігі бар деп , ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз
өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қаблеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына , банктік қарыздар және басқа да есеп
айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қаблетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қаблеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел міндеттемелерімен салыстыру
жолымен анықталады.
Төлем қаблеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қаблеттілігі коэффиценті
арқылы көрінеді. Егер төлем қаблеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен
болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қаблетті екенін білдіреді. Егер төлем
қаблеттілігі коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу
құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Төлемге қаблетті құралдарға ақша қаражаттарынғ қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды жатқызуға әлдеқайда тиімді, себебі олар тез
өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы
пассивтер , яғни өтеуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар : банктің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар
және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге
қаблетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның
боллмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы
органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржы органдарына қарыз болу,
еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қаблетсіздікті
көрсетеді.
Төлем қаблеттілігі оның қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау
кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе
көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем
қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық
және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін
шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк
көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай
есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында
жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем
қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер
тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы оперативтік анықтау үшін
кәсіпорынның төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзімді
міндеттемелері) туралы келесі ақпаратты қарастырайық .
Осы ақпараттың негізінде төлем құралдары мен жедел міндеттемелерді
анықтайық.
Келтірілген ақпарат осы мерзімде кәсіпорын өз қарыздарының 86,3%-ын
ғана төлей алатынын көрсетеді (3655:4233), қарыздарының 13,7%-ы төленбей
қалады, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына
әкелетін мерзімі өткендер қатарына жатқызылады.
Ағымдағы төлем қабілетілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден
басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.
Қаржылық икемділік кәсіпорының алдын ала болжамаған жағдайларға
байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде көздейсоқ үзілістерге қарсы тұру
қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр
түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату,
қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту
дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілетілігі әр түрлі себептерге байланысты
және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен,
салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және
құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы
факторларға тәуелді. Несие алу қабілетілігі ақша каражаты керек жағдайда
және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды.
Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын
белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) -
потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек көзде алудың сенімді көздері.
Кәсіпорынның каржылық икемділігін бағалау көзінде оның вексельдері,
облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың
шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереулі, сұраныстың төмендеуі
және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез
бейімдеушілік қабілетілігі есепке алынады.
Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны
болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - 6ір жылдан аса) төлем
қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық
көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткштердің бірі өнімді (жұмыс,
қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы
болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша
дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің
орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі
емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді [16,1563 б.].
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілетілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа
да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу
қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорының қаржылық саулығы үшін
анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта
кәсіпорының негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілетілігі
түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының
жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.
Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті (Кжа) кәсіпорының күрделі
шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін
табыс табу қабілетілігін көрсетеді
Циклділіктің және басқа көздейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы
мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.
Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
(1)
Өнім өткізуден түскен табыс
(Кжа)= Күрделі шығындар+Девиденд төлеу+Айналым қаражатының өсуі
1-ге тең ақша каражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорының
сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді.
Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің
нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін
қолдауға қабілетті емес.
Кжа кәсіпорының қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен
қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті
(Ккс) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады
және келесі формула бойынша есептеледі:
(2)
өткізуден түскен табыс-төленген дивндендтер
алғашқы құны бойынша негізгі құралдар+ инвестациялар+басқа
активтер+меншікті айналым капиталы

Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті
болып саналады.
Кәсіпорының перспективті төлем қабілетілігін анықтау үшін кәсіпорын
активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты
сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
абсолюті өтімділік коэффициенті;
аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша
каражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа
мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы
қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө, _ 0,20,5.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ардагер-Неруд ЖШС қызметінің табыстылығы мен шығынсыздығының талдауы
Бизнес-жоспар кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Энергетикалық кәсіпорын “AYT International Travel” ЖШС бизнес-жоспары мысалында қаржылық-шаруашылықтық қызметін талдау
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Қаржылық жоспарлау процесі
«Жамбыл-гипс» АҚ шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорында бизнес - жоспарды іске асыру туралы
Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы
Пәндер