Кәсіпорынның активтерді қалыптастыру көздерін жетілдіру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: Кәсіпорынның активтерді қалыптастыру көздерін жетілдіру
На тему:
Мамандығы 050509 «Қаржы»
Специальность 050509 «Финансы»
Орындады: Муталлапова С. С., ФК-41
Выполнил :
Жетекші аға оқытушы Жусупов Р. С.
Руководитель
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі э. ғ. к., доцент Искендирова С. К.
Зав. Кафедрой
Көкшетау 2011
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Кәсіпорын активтерінің жалпы сипаттамасы мен ұйымдастырылуының теориялық негізі
1. 1 Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері 5
1. 2 Кәсіпорынның айналым активтері (айналым құралдары) 14
1. 3 Кәсіпорынның активтерді қалыптастыру көздері 24
2 «Айыртау элеваторы» жшс мысалында кәсіпорынның активтер жағдайын сипаттау мен талдау
2. 1Кәсіпорынның негізгі экономикалық-техникалық көрсеткіштері 31
2. 2 Кәсіпорынның қаржы жағдайы мен төлем қабілеттілігін талдау 34
2. 3 Кәсіпорын табыстылығы мен активтерінің тиімділігін талдау 51
3 Кәсіпорынның активтерді қалыптастыруды жетілдіру мәселелері
3. 1Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту және кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру 59
3. 2 Қазіргі кезде кәсіпорынның активтерді басқаруының тиімділігін арттыру жолдары 67
Қорытынды 72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтерді қалыптастыру және активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар. Қаржы менеджерлері үшін активтердің құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Активтерді тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде активтерді несиелеудің ұйымдастырылу деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы активтердің кәсіпорын өмірінде аса маңызды роль ойнайтынының айғағы болып табылады, яғни кәсіпорынның жұмысының негізі. Бұл, өз кезегінде, дипломдық жұмыстың кәсіпорындар үшін ең көкейтесті болып табылатын мәселелерінің біріне арналғанын көрсетеді. Кәсіпорында активтерді басқару, оларды қалыптастыру жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру, қолда қорлар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіру қажет және т. б. осындай басты мәселелерді шешу дипломдық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді.
Зерттеу объектісі болып Солтүстік Қазақстан облысы, Саумалкөл селосы бойынша орналасқан «Айыртау элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табылады.
Зерттелу дәрежесі . Кәсіпорынның активтерін қалыптастыру барысында қаржы ресурстарын басқару жүйесінің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы мәселелерге төмендегі қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Өсербайұлы С, Тұрлыбекова А, Жолдасбаева Г, Қуатова Д, Әбдікерімова Г, Сейітқасымов А, Оразалин К, Мейірбеков А, Үмбеталиев А, Ілиясов, Сейітқазиева А Джуманов А. М., Жуйриков К, Ильясов К. К., Касенов М. Р., Купешов Ш. К., Мельников В. Д., Мырзалиев Б. С., Сатыбалдин А. С, Сабден О. С., Отаров Э. К., Тажибаев С. Д. және т. б.
Ресейдің келесі экономист ғалымдарының еңбектері де осы тақырыпты ашуға арналған: Кадерова Н, Большаков С. В, Балабанов И. Т, Докучаев М. В, Кочеткова А. И, Моляков Д. С, Родионова В. М., Сенчагов В. К, Стоянова Е. С, Уткин Э. А, Федотова М. А және т. б.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты -кәсіпорынның активтер жағ-дайын талдау және оны қалыптастыру көздерін анықтау мен жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
-Кәсіпорынның қаржы жағдайы мен төлем қабілеттілігін талдау
-Кәсіпорын табыстылығы мен активтерінің тиімділігін талдау
-Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту
-Кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру
-Кәсіпорынның активтерді басқаруының тиімділігін арттыру
Зерттеудің ақпараттық базасы болып «Айыртау элеваторы» ЖШС-ң 2008-2010 жылдар аралығындағы мәліметтері, бухгалтерлік баланс, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебі және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп көрсеткіштері саналады.
Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде тік, көлденең, трендтік, салыстырмалы, факторлық және қаржылық коэффициенттер талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыс үш тарауға бөлінген.
Бірінші тарауда активтердің экономикалық мәні, мазмұны және мақсаты, олардың құрамы мен құрылымы теориялық тұрғыдан қарастырылады. Сонымен қатар, бұл тарауда активтердің қалыптасу көздерімен таныс боламыз.
Екінші тарауда «Айыртау элеваторы» ЖШС-ң активтер жағдайын анықтау барысында талдау жұмыстарын жүргіземіз. Ол кәсіпорындағы жетіспеушіліктерді анықтауымызға мүмкіндік береді.
Үшінші тарау барысында кәсіпорынның активтерінің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына, және де активтерді қазіргі заман талаптарына сай қаржыландыруды жетілдіру жолдарына көңіл бөлетін боламыз.
Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, кәсіпорында активтерін қалыптастыру мен басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.
1 Кәсіпорынның активтерді қалыптастыруының теориялық негізі
1. 1 Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері
Кәсіпорынның ең басты белгісі- оның шаруашылықты жүргізудегі немесе шұғыл, оперативті басқарудағы арнайы мүліктерінің, белгілі бір меншіктерінің болуы. Сол мүліктерінің болуы кәсіпорынның жұмыс істеуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық дербестігі мен беріктігін қамтамасыз етеді. Анықталған түрдегі мүліксіз шағын кәсіпорын да, ірі кәсіпорындар да өз істерін, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алмайды.
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің меншігіндегі (қарамағындағы) немесе оперативті басқарылуындағы мүліктері қозғалатын және қозғалмайтын болып бөлінеді.
Қозғалмайтын мүліктерге- жер учаскелері, ерекшеленген су объектілері және жермен тығыз байланысқан барлық объектілер, атап айтқанда, залал келтірмей қозғалмауға болмайтын объектілер, соның ішінде орман, көп жылдық ағаш егістері, ғимараттар мен құрылыстар жатады. Олардың ішінде мемлекеттік тіркеудегі әуе және теңіз кемелері, ішкі жүзудегі кемелер, ғарыш объектілері жатады.
Қозғалатын мүліктерге- қозғалмайтын мүліктерге жатпайтын заттар, сонымен бірге ақша және бағалы қағаздар жатады.
Кәсіпорын мүліктерін қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, сонымен бірге оларды айналымнан тыс және айналымға салатын (айналым) активтер деп бөлуге болады. Олар бір-бірінен физикалық формасымен қатар, өндірістік процестегі орнымен, кәсіпорын экономикасына әсер етуімен ерекшеленеді.
Ірі және орта кәсіпорындардың мүліктеріндегі айналымнан тыс активтердің үлесі 65-85% құрайды. Олардың құрамы 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1 Айналымнан тыс активтердің құрамы
Айналымнан тыс активтердің жалпы белгісі- өмір сүру циклінің ұзақтығы, әдетте олардың ұзақтығы бір жылдан кем емес. Ол активтердің амортизациялық процесінің ұзақтығына және олардың айналымдық жылдамдығының төмен болуына себепші болады. Олардың айналымнан тыс немесе төменгі айналымды активтер деп аталуы сондықтан. Сонымен қатар оларды иммобилизациялық қорлар деп атайды.
Кәсіпорындардағы айналымнан тыс активтердің құрамы мен құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ, әдетте көптеген кәсіпорындардың ұзақ уақыттағы иммобилизацияланған қорлары активтердің негізгі бөлігі болып табылады, әсіресе оның ішінде- негізгі қорлар.
Ұзақ иммобилизацияланған қорларға- бір жылдан аса, анықталған амортизациялық уақыт ішінде кәсіпорынның әр түрлі іс орталарында қолданылатын нақты құндылықтары мен материалдық емес активтері саналады.
Иммобилизация- айналым құралдарын «жансыздау», доғарып тастау, оларды айналымнан алу- айналымдылығын бәсеңдетуге алып келеді. Тауарлы- материалды құндылықтардың артық (нормативтен тыс) жинақталуымен, айналым құралдарын дебиторлық қарызға, капиталды құрылысқа, күрделі жөндеуге аударылуымен көрсетіледі. Айналым құралдарын иммобилизациялау кәсіпорынның төлеу мүмкіншілігін нашарлатады. Иммобилизацияның екі түрі бар:
- Жоспар бойынша айналым құралдарын иммобилизациялау.
-Кәсіпорынның қаржылық тәртібінің бұзылуы салдарынан айналым құралдарын иммобилизациялау.
Негізгі қорлар- ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз натуралдық формада жұмыс істейтін және өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын материалды- заттық құндылықтар.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азы-көптігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі қорлар қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектінің қоймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. [1, 21бет]
Негізгі қорлар кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі қорлар- материалдық өндіріс ортасында қызмет ететін, өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын, бірте-бірте тозатын, құны бөлікті түрде өндірілетін өнімге ауыстырылатын қорлар. Оларға өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал- саймандар, өлшеуіш аспаптар және т. б. жатады. Олар капиталдық салымның негізінде толықтырылады.
Өндірістік емес негізгі қорларға- кәсіпорын балансында көрсетілмейтін тұрғын үйлер, бала бақша және спорттық мекендер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, еңбекшілерге қызмет көрсететін басқа мәдени- тұрмыстық объектілер жатады. Өндірістік негізгі қорлардан айырмашылығы- бұл өндірістік процеске мүлдем қатыспайды және өзінің құнын өнімге өткізбейді, өйткені өнім өндірмейді. Олардың құны тұтыну барысында жоғалады. Қалпына келтіру қоры құрылмайды. Ұлттық кірістің есебінен жаңадан өндіріледі.
Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігіне тікелей әсерін тигізбегенімен, олардың тоқтаусыз ұлғаюы кәсіпорынның жұмыскерлерінің жақсы тұрмыстық халімен, олардың өмірінің материалдық және мәдени деңгейінің өсуімен тікелей байланысқан, ол өз кезегінде кәсіпорын ісінің түпкі нәтижесіне әсер етеді.
Негізгі өндірістік қорлар- қоғамдық өндірістің материалды- техникалық базасы. Кәсіпорынның өндірістік қуаты, еңбектің техникамен қарулану деңгейі оның көлеміне байланысты. Негізгі қорлардың жинақталуы еңбектің техникамен қарулану деңгейі еңбек процесін байытады, еңбекке творчествалық сипат береді, қоғамның мәдени- техникалық деңгейін жоғарылатады.
Нарықты экономикаға өту барысында негізгі қорлар- өндірісті күшейту факторларының нәтижесінде экономиканың әрі қарай қамтамасыз ететін басты себеп, сілтеме болып табылады.
Экономиканың салаларына және көрсететін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі қорлар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды- техникалық жабдықтау және сату, өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтану, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, тағы басқалар бойынша топталады.
Негізгі қорларды экономика салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің халық шаруашылығының қай түріне жататындығы негізге алынады.
Негізгі қорларда қоғамдық материалдық ресурстардың маңызды бөлігі көрсетілген. Кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорлары- экономикалық біртектілігіне қарамастан, мақсатты қолданылуымен, қызмет ету мерзімімен ерекшеленетін еңбек құралдарының үлкен саны, мөлшері. Негізгі қорлар ұлттық байлықтың негізгі бөлігі болып табылады, сондықтан олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет:
Негізгі қорлардың сыныптамасы
Жалғасы:
4. Машина мен құралдар
-күш машиналар мен құралдар
Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағы (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. [2, 36бет]
Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарда өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады. Қоғамға, негізгі қорлардың басты топтарының қайсысына, қандай көлемде салым салу бәрібір емес. Қоғам машиналар мен қондырғылардың үлестік салмағының ұлғаюына қызығушылық танытады- өйткені негізгі қорлардың активті бөлігі өндірістің шешуші учаскелерінде қызмет көрсетеді және кәсіпорынның берілген бұйымдарын шығарудағы өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды.
Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін- ол тек өндірістің дамуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін - енжарлы бөлігі дейді. Ал, қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын- белсенді бөлігіне жатқызады.
Өндірісте негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарылап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.
Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді:
- актив
- пассив
Актив бөлігі (машина, құрал-жабдық) өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Пассивті бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрайды. Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
- негізгі қордың тозуы
- амортизация
- негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар
- капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары
Негізгі қорлардың активті бөлігінің бірқалыпты қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін, негізгі қорлардың пассивті бөлігіне- ғимараттар, құрылыстар, инвентарь жатады.
Негізгі өндірістік қорлардағы қондырғылардың үлесі жоғары болған сайын (басқа шамалар өзгермеген жағдайда) өнім көлемі, қор қайтарымы жоғары болады. Сондықтан негізгі қорлардың құрылымын жақсарту- өндірістің өсу шарты, өзіндік құнды төмендету, кәсіпорынның ақша жинақталуын жоғарылату деп қаралады.
Өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы кәсіпорындардың негізгі қорларының құрылымдары да әр түрлі. Мысалы, негізгі қорлардың жалпы құнындағы ғимараттардың үлесіне жеңіл және тамақ өнеркәсібінде- 44%, құрылыстың- жанармай өнеркәсібінде- 17%, өткізгіш құрылымдар- энергетикада-32%, машина жасау кешеніндегі машиналар мен қондырғылар үлесі-45% болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін маңызды факторларға жататындар:
- шығарылатын өнім негізі
- шығарылатын өнім көлемі
- механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі
- мамандандыру мен кооперация деңгейі
- кәсіпорынның орналасқан жерінің географиялық және климаттық жағдайы
Бірінші фактор ғимараттардың, транспорт құралдары мен өткізуші құрылғылардың шамасы мен көлеміне әсер етеді. Өндірілетін өнімнің көлемі жоғары болған сайын жетілген жұмысшылар мен жабдықтардың үлестік салмағы да жоғарылайды. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсері де сондай. Ауа райы ғимараттардың, құрылыстың үлесіне үлкен әсерін тигізеді.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға келесі жағдайлар әсер етеді:
- қондырғыларды жаңарту және модернизациялау
- жетілген станок пен машиналардың, әсеріне бітіруші операцияларды жасайтын станоктардың, автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған станоктардың, универсалды агрегатты станоктардың, автоматтандырылған желілердің үлесін жоғарылату арқылы құрылымды жеңілдету
- ғимараттар мен құрылыстарды тиімді пайдалану, бас алаңдарға қосымша қондырғыларды орнату
- құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорын құрылыс жоспарларын сапалы орындау
- артық және аз пайдаланылатын қондырғылар мен құрылғыларды жою, тиімді қондырғыларды орналастыру.
Негізгі қорларды есепке алу және жоспарлау натуралды және ақшалай түрде жүргізіледі. Негізгі қорларды натуралды түрде жүргізуде, бағалауда машиналардың саны, олардың өнімділігі, қуаттылығы, өндірістік алаңдардың өлшемі және басқа сандық шамалары анықталады. Бұл шамалар кәсіпорын мен сапаның қуаттылығын, өндірістік бағдарламалардың жоспарлануын, қондырғылардың өнімділік мөлшерін, қондырғылардың балансын анықтау үшін қолданылады. Осы мақсатпен қондырғыларды инвентаризациялау мен паспорттау, оларды енгізу мен шығару жүргізіледі.
Негізгі қорларды ақшалай және құндық бағалау, негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірісін жоспарлау, тозу дәрежесін анықтау және амортизациялық бөлу шамасын анықтау үшін керек.
Негізгі қорларды бағалаудың өндірістік процеске қатысуымен және бірте- бірте тозуымен, сонымен бірге ұдайы өндірістің жағдайының өзгеруімен - бастапқы бағасы бойынша, қалпына келтіру мен қалдық бағалары бойынша байланысқан бірнеше түрлері бар.
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы бағасына қорларды жасау немесе сапасын алу, оларды тасымалдау және жұмысқа дайындау(монтаж) шығындары жатады. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық бөлу шамасын, кәсіпорын активтерінің пайдасы мен рентабельдігін, оларды қолдану көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады.
Ғылыми-техникалық прогресс өндірістегі негізгі қорлардың жағдайы мен факторларының өзгеруіне, соның арқасында өндіріс шығындарының өзгеруіне, нәтижесінде нарықтық бағалары мен тарифтердің өзгеруіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта негізгі қорларды сатып алудың ағымдағы бағасы мен тарифтеріне инфляция әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz