Натур Продукт ЖШС-гі мысалында кәсіпорында қаржылық жағдайын және кірістілігін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет
: Кіріспе
: 3
: Тарау 1. Кәсіпорын кірістілігін талдаудың теориялық негіздемесі
: 7
:
: 1. 1. Нарықтық экономика жағдайында кірістілікті талдау
Бет: 7
:
: 1. 2. Кірістіліктің салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Бет: 12
:
: 1. 3. Кәсіпорынның кірістілгін талдаудың ақпараттық негіздері
Бет: 26
: Тарау 2. «Натур Продукт» ЖШС-гі мысалында кәсіпорында қаржылық жағдайын және кірістілігін талдау
: 32
:
: 2. 1«Натур Продукт» кәсіпорынының шаруашылық мінездемесі
Бет: 32
:
: 2. 2. Кәсіпорынның экономикалық іскерлігін және кірістілігін талдау
Бет: 36
:
: 2. 3. Баланс активтерінің және олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау
Бет: 43
: Тарау 3. Кәсіпорын кірістілігін жоғарлату резервтері және жолдары.
: 58
:
: 3. 1. Кәсіпорын резервтері және оларды қолдану (пайдалану) бойынша резервтер
Бет: 58
:
: 3. 2. Пайданың өсу резервтері
Бет: 69
:
: Қортынды
Бет: 75
:
: Әдебиет тізімі
Бет:
:
:
Бет:

Кіріспе

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалығы табыс табуымен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерімен сипатталады. Кірістіліктің (табыстылықтың) абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде «табыстар немесе кірістер» ұғымы келесідей түрде анықталады:

«Табыс дегеніміз» - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы ″Бухгалтерлік есеп туралы″ заң күші бар, ҚР Президентінің 2732-ші Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: ″Кірістер (табыстар) - бұл есептік кезіндегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы″ . Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Кірістіліктің көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді (жұмыс, қызметі ) өткізуден алынатын жалпы кіріс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесіне болып табылатын таза табыс.

Кіріс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанға және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономист экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкүндік бермейді.

Нарық жағдайында кірістің рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы - директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетіледі. Нарықтың экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байналанысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік - техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді саудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Кіріс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, кіріс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында кірістің (табыстың) рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  1. мемлекет бюджет табысының көзі;
  2. кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік ) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Кіріс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбкетің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3. Кірісті бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Кірісті тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздержал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, нивестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т. б. ) ғана мүмкін.

Бірақ кірістің абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің кірісі болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтанда алынатын кірісті нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет. Кірістілік көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

- кірістіліктің абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

- таза кірістің қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

- кіріске әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

- кірісті бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

- кірістің өсу резервтерін анықтау;

-кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, кірісті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

-табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффиценттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Тарау 1. Кәсіпорын кірістілігін талдаудың теориялық негіздемесі.

1. 1. Нарықтық экономика жағдайында кірістілікті талдау

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты кіріс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Кірістіліктің бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын кіріс болып табылады.

Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегімдері мен баға шегімдері алынып тасталынып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін кіріс көрсетіледі.

Кіріс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін кіріс алады, оның мөлшері өнім өрдіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін кіріс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін кіріс сомасының өсуіне, екіншіде- азаюына әсер етеді. [1. 45]

Кірістіліктің екінші абсолютті көрсеткіші-жалпы кіріс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен кіріс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы кірістің өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе, шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Кәсіпорын кірісі бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиеттінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

  1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
  2. өнім бірлігінің бағасы;
  3. өткізілген өнім көлемі;
  4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.

Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі:

  1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

(1)

Мұндағы: - өткізілген өнімнің нақты көлемі;

- өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

- өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

  1. Жалпы кірістің нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:

(2)

Мұндағы: және - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.

Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.

  1. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы кіріс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Кіріс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы кірісті өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек. [2. 106]

Жалпы кіріске тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:

(3)

Мұндағы: - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;

, - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.

(4)

Мұндағы: П П - тауарлы өнімді өткізу көлемінің кіріске тигізетін әсері;

П ж - жоспарлы жалпы кіріс.

Талдау жұмысының теориясы мен тәжиребесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдылық өзгерістердің жалпы кіріске әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

1) «өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы кіріс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы кірісті жоспарлы мөлшеріне салыстыру арқылы;

2) «өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер ету сомасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген және алынуға тиісті кірісінің көрсеткіштері арасындағы шегеру арқылы.

Тәжиребеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы кіріс сомасы осы екі факторларлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдылық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды. [3. 61 ]

Жалпы кірістің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:

  1. өткілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
  2. өнімді өткізуден түскен кірістің өзгеруі;
  3. өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.

Факторлардың жалпы кірістің өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:

1. Бағаның өсуі кіріске қалай әсер еткен анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен кірісті өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен кіріспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенің немесе кемегендігін) және сәйкесінше кірістің да өзгерісін көрсетеді.

2. Өткізуден түскен кірістің әсерін келесі жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы кірісінің деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюына пропорционалды түрде болу тиіс.

3. Өткізілген өнімнен алынған кірістің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен кірістің 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты кіріске көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы кіріс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

Кірістіліктің келесі абсолютті көрсеткіші - негізгі қызметтен алынған кіріс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы кіріс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

Д Н Ж К (5)

Мұндағы: Д Н - негізгі қызметтен алынған кіріс;

Д Ж - жалпы кіріс;

Р К - кезең шығындары.

Жалпы кіріс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын кіріс соншалықты жоғары. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын кіріске жүргізілетін талдауды жоғарыда атаған көрсеткіштерінен, сондай-ақ маржиналды кіріспен үздіксіз байланыстар жүргізу қажет. [4. 211]

Өндірістік өзіңдік құнның калькуляция баптары бойынша мәлеметтер коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтына байланысты, жалпы кіріс көлемін маржиналды кіріс көлемін теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

1. 2. Кірістіліктің салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

Кірістіліктің салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржа қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімлі пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырады. Кірістілік коэффициенттері салыстырмалы талдаумен кәспорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті болып табылады, өйткені олар кәсіпорын кірісін қалыптастырудың факторлық ортасын сиппаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Кірістілік көрсеткішетрі үш топқа бөлінеді:

  1. жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

2) өнімдер;

3) ақша қаражаттарының таза ағымы негізінде есептелетін кірістілік көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігі - берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің тиімділігін өлшеудің бірден - бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - кірістілік коэффициенті, ол таза кірістің жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің кірістілік деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған кірісімен салыстырған жөн.

Кірістілік коэффициеніне талдау жүргізушілер:

- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті кірісті

жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

  • кірісті болжау әдісі;
  • шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың кірістілік деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті кірісті жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың кірістілік деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады. [5. 84]

Таза кірісті қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған кіріс маңызды роль атқарады. Соңдықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердін кірістілік деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:

  1. кәсіпорын кірістілігіның салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі - өткізілген өнімнің кірістілік деңгейі;
  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін:

Жалпы активтердің кірістілік деңгейі = өткізілген (сату) өнімінің кірістілігі /активтер айналымдығы.

Шынында:

(6)

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза кірісі, өнімді өткізу кірістілігіна және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдылығына байланысты болады.

Формула жалпы активтердің кірістілік деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату кірістілігі төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату кірістілігін өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.

Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) кірістілік деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз. [6. 201]

Осылайша жалпы активтердің кірістілік деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің кірістік коэффиценті (жалпы кірістіліктің) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және кірісті жүргізетінін көрсетеді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің кірістілігі деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша кіріс алатынын көрсетеді:

(7)

Мұнда: Т а - ағымдағы активтердің орташа көлемі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың кірістілік деңгейін бағалаудың, яғни капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза кірісін оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш - меншікті капиталдың кірісін коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

(8)

Мұнда: Д СК - меншікті капиталдың кірістілігі;

Д ч - таза кіріс;

С К - меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. Жак Ришар: «Бұл көрсеткішті жеке кәсіпорынның қызметін талдаудың түрлі жақтарын үйлестіруші, негізгі көрсеткіш деп айтуға да болады», - деп жазады. Теледидар және радио коментаторлары және мақала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі, бәсекелестігі және кірістілігі туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады.

Меншікті капиталдың кірістілік коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен кірістің меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Ол келесі формуладан есептеліп шығарылады:

(9)

Мұнда: - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен кіріс (түсім) .

Шетелдік арнайы әдебиетте меншікті капиталдың кірістілік деңгеінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдаудың түрлі әдістемелері ұсынылған. Жак Ришар келесі формуланы ұсынады:

(10)

(1) (2) (3) (4) (5)

ЖТ (жалпы кірістілік)

Мұнда: - жиынтық немесе жалпы кіріс (таза кіріс + кредиторларға төленген пайыздар) ; А - активтер құны (авансталған, жалпы, жиынтық капитал) .

Формуладан көріп отырғанымыздай меншікті капиталдың кірістілік коэффициенті сату көлемінің кірістілігін барлық активтердің айналымдылығына (жиынтық, аквансталған, жалпы капитал), меншікті иелерінің кірісінің жалпы кірістағы салыстырмалы үлесіне және қаржылық көрсеткіштеріне көбейткенде тең.

Бұл формула батыста кеңінен қолданып жүрген Дюпонның әйгілі формуласымен үйлеседі. Ол жеке компанияның қаржылық есебін талдау барысында қолданылатын, кіріс көрсеткішін акцияларға қарапайым аналитикалық жүктеу болып табылады:

(11)

Мұндағы:

- меншіктікапиталдың кірістілігі;

- таза кіріс;

- өнімді өткізуден алынған кіріс;

А - активтер құны;

- меншікті капитал.

Дюпон формуласындағы көбейткінтердің әрқайсысы дербес көрсеткіш болып табылады. Осы формуланы пайдалана отырып талдау жүргізуші, тізбекке қосылған факторлардың қайсысы меншікті капиталдың кірістілік деңгейіне ең жоғары дәрежеде ықпал еткенін айта алады: өткізілген өнімнің әрбір теңгесінен көбірек таза кіріс алу, активтерді әлде қайда тиімдірек пайдалану немесе кәсіпорынның жиынтық (авансталған, жалпы) капиталының құрылымдылық өзгерісі. [7. 58]

Меншікті капитал мен барлық активтердің кірістілік деңгейі көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек кіріс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың кірістілік коэффицентін өсіру мақсатында, әрине қарыздарға назар аударады: қаржылық оқулықта мұны «Тетік нәтижесі» деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін талдау ( Фирма СейНур ЖШС-гі мысалында)
Өнімнің бәсекеқабілетін және оның кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесіне тигізетін әсерін талдау
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Кәсіпорынның маркетингтік саясатының түсінігі, құрылымы және мақсаттары
«Берік-Қара» ЖШС мәліметтері арқылы негізгі өндірістік қорды ұтымды пайдалану шараларын дайындау
Кәсіпорынның ассортименттік саясаты
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау
Дебиторлық борыштың бухгалтерлік есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz