Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және жетілдіру жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОКШЕТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ
имени Ш. УАЛИХАНОВА
ЭКОНОМИКА ФКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ФАКУЛЬТЕТ
«Қаржы және несие» кафедрасы
Кафедра «Финансы и кредит»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы
На тему «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және
жетілдіру жолдары»
Орындады:
Выполнил: Омерзакова А. С.
Жетекші
Руководитель э. ғ. к. Дюсенбаев Н. М.
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. кафедрой, к. э. н., доцент Искендирова С. К.
КӨКШЕТАУ 2008
Мазмұны
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының теориялық негіздемесі
- ЖШС «Жекебатыр» кәсіпорынның қаржылық жағдайын және тұрақтылығын талдау.
Кіріспе
Соңғы жылдары еліміздің экономикасы нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің тәсілдемесінде және тәжірибесінде шұғыл өзгерістер болды. 1997. 01. 01 ендірілген бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржылық-шаруашылық іскерліктерінің Типтік шоттар жоспары, қаржылық есеп берудің формалары халықаралық стандарттар талабына сәйкестендірілді. Бұл жағдай нарықтық экономика талаптарына сай, қаржылық талдаудың жаңа тәсілдемесін құрудың қажеттілігін туындатты.
Қаржылық талдау қоғамда біреудің еріккенінен емес, өмір талабынан туындады: шаруашылықты есепсіз, безбенсіз және шотсыз жүргізу, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын білмей, кірісті шығынмен салыстырмай іскерлік жасау мүмкін емес.
Қоғам әкімшілдік жүйеден кетіп, нарықтық экономикалық қатынастарға кіріп жатқанда бұл мәселенің маңыздылығы өсе түседі. Басқаша айтқанда шаруашылыққа немқұрайлықпен жауапсыздықтың орнына, іскерлік, қатаң жауапкерлік, үнемшілдік келеді. Бұл мәселелер карысушылардың басқаша ойлауын және басқаша жұмыс жасауын талап етеді. Нарықтық экономика зауыттардың қоймаларында және ашық алаңдарда шикізаттың көп мөлшердегі қорлары мен материалдардың, миллион теңгелер шамасында өлі түрде шіріп- тот басып жатуына жол бере алмайды. Ол орасан көп қорларды қозғалысқа келтіріп, кәсіпорынның әрбір салынған мүлкі теңгелеп кіріс әкелуін қамтамасыздандырады.
Қазіргі замандағы нарыққа кірген уақыт кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде статусын өсіріп, олардың көптеген қаржылық және өндірістік сұрақтарды дербес, ешкімге де тәуелсіз шешуіне мүмкіндік береді. Оларға сыртқы және ішкі нарықта бизнесте білікті серіктестер таңдау керек. Қазіргі заманда кәсіпорындар өздеріне контрагенттерді (шикізат жеткізушілер, сатып алушылар, жалданушылар, банктер) өздері дайындайды, және сырттан берілетін ешкімнің әміріне құлақ аспайды. Олардың нәтижелі жұмыс істеуі тек өздерінің іскерлік серіктестерді, нарық теңізінде шапшаң және дұрыс бағдар таңдауына байланысты болады. Басқаша айтқанда шаруашылық субъектісінің іскерлігінің нәтижелілігі тікелей басқарушылық деңгейіне, қабылданған шешімдердің жеделдігіне, ғылыми негізділігіне және шыныйылығына тәуелді болады.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның тұрақтылық жағдайына және өміршеңділігінің кепілі ретінде оның қаржылық тұрақтылығы қызмет жасайды. Бұл жағдайда ол өзінің ақша қорларымен еркін маневр жасап, оларды тиімді пайдалану арқылы өндірістің үзіліссіз жұмыс істеуін және өнімді іркіліксіз сатуын қамтамасыздандырады. Cол себепті аталған тақырып актуальды болып отыр
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми - негізделген және оптимальды өндірістік және қаржылық басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және мұқият талдаудың арқасында ғана оның іскерлігіне объективті баға беріп, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жетекшіге тоқ етер ұсыныстар беруге болады.
Отандық әдебиетте тұрақтылықты қаржылық талдаудың проблемалары аса зерттелмеген сол себепті оның прогрессивті тәсілдерін бізде кең пайдаланбайды. Ал бұл жағдай кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне, оның экономикалық дамуына соның салдарынан тұтастай ел экономикасының дамуына теріс әсер жасайды.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құрал-дарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз ендірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сырткы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және техноло-гия, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтык экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорнының функциялары мыналар :
- өндірісте және жекеше түтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын жұмысшыларыньщ еңбегін ұйымдастыру және не басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып,
ұлғайту; . кәсіпкерлік; . салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау; . мемлекетгік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазақстанда «Меншік туралы» заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.
Мемлеквттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайыңдайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйьшдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.
Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:
- сала түріне байланысты;
- шаруашылық іс-әрекетінің түріне байланысты;
- құқықтық жағдайына байланысты;
- меншік жағдайына байланысты.
Меншік формасына байланысты кәсіпорындардың түрі:
- мемлекеттік;
- кооперативтік;
- ұжымдық;
- жеке.
Жоғарыда көрсетілген тұрғыдан қарағанда, бұл дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындардың нарық жағдайында тұрақты жұмыс істеп өміршеңдігін сақтау жолдарын қарастыру. Жұмыс нақты іскерлігі бар ЖШС «Жекебатыр» кәсіпорынның мысалында жасалды. Бұл жұмыста көздеген мақсатымыз:
- кәсіпорынның негізгі, ағынды активтері және оның көздерінің құрылымы мен динамикасын зерттеу;
- кәсіпорынның тұрақтылығын, төлем қабылеті мен іскерлік дәрежесін анықтау;
- кәсіпорынның өміршеңдігін анықтап, болашағына көз жүгірту;
- Зерттеу барысында статистикалық, талдаушылық, топтастыру, жіктеу, индекстік қоюлар ЭЕМ және т. б. әдістер мен әдістемелер қолданылды.
Тарау І. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың теориялық аспектілері және жетілдірудің негізгі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының теориялық негіздемесі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді . . . Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражатгарының байланысы деп жазады [3, б. 115] .
Енді біреулер "өз қаражатгары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражатгары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады [8] .
Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржынық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қоадану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржынық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды бынай түсіндіреді; "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады" [5, б. 201] . Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшынармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткені мен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" -деп жазады В. Т. Артеменко мен М. В. Беллендир .
Қазақстандық қаржыгер Дүйсембаев Ш. К. ойынша бұл ұғымды А. Д. Шеремет мен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ тұсіндіреді. Олар қаржынық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі -деп түсіндіреді.
Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста [6, б. 81] . "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [6, б. 114] немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады" [7, б. 52] . Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М, А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кэсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату қүрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? -деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құры-лымы және оның жалпы төлем қабшеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың келемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мұлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушынар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционер-лер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер ез жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда
жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық етеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқгы банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорыннын, қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінін, жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара- қатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтидьг. жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капитал-дың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік тарату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде, кәсіпорынның төлем қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz