Ардагер-Неруд ЖШС қызметінің табыстылығы мен шығынсыздығының талдауы
Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. Кәсіпорынның табыстылығы мен шығынсыздығын
талдаудың теориялық негіздері.
1. Табыстылықты абсолютті көрсеткіштерінің жүйесі.
2. Табыстылықтың қатысты көрсеткіштерінің жүйесі.
2тарау. Ардагер-Неруд ЖШС қызметінің табыстылығы мен
шығынсыздығының талдауы
3. Кәсіпорынның техникалық – экономикалық сипаттамасы.
4. Ардагер-Неруд ЖШС-ң пайдасымен рентабельділігін талдау.
3тарау. Кәсіпорынның табыстылығын арттырудың резервтері.
1. Қолда бар резервтер және оларды пайдалану бойынша іс-шаралар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Кіріспе
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалығы табыс табуымен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштерімен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті
көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы
әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде анықталады:
″Табыстар дегеніміз″ - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі,
не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық
пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен
өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26желтоқсандағы ″Бухгалтерлік
есеп туралы″ заң күші бар, ҚР Президентінің 2732-ші Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: ″Табыстар- бұл есептік кезіндегі
активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы″(11). Белгілі бір шығындар
шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс
алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу
мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсалюті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді (жұмыс, қызметі ) өткізуден
алынатын жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға
дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған
табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесіне болып табылатын таза
табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанға және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономист
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкүндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде
төмендетіледі. Нарықтың экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек табыс қана өзара байналанысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын
өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы
тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар
болса, олар банктің қысқа мерзімді саудаларымен және коммерциялық
несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік
несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер
мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіш болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын
сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен
осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын
қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі
туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6—ға дейін қызметті
жатқызады.Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекет бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты
шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан
табысты құру және бөлу мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның
(тәжірибелік ) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің
алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі
шарттар қажет болады:
1.Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбкетің
қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек
өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау
жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы
тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу,
акциздержал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар,
салымдар, пай (жарна) төлемдері, нивестициялар, есеп айырысу нысандары,
несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсалютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.
Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды. Сондықтанда алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты
жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында
табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде
талдау жасау қажет.Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар
жатады:
-табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
-таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
-табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
-табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу;
-табыстың өсу резервтерін анықтау;
-кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
-табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффиценттерін және
олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
1 тарау Кәсіпорынның табыстылығы мен шығынсыздығын
талдаудың теориялық негіздері.
1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады.
Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы,
акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған
тауарлардың құны, сату шегімдері мен баға шегімдері алынып тасталынып
көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы
бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өрдіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді.Тауарлы-материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде- азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоапарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын
жағдайлар да кездеседі.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты
құрылады.Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау,
көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды
түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының
нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы
қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы
немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие боламуы мүмкін. Бұндай
жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын
алады.Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің
өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола альайды. Бұл
сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік,
байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады,
яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы
заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдінсіне көшу өніьді өткізуден түсетін табыс оған келіп
түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, ноың тиеліп жіберілген
көлемімен анықталуына әкелді.Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның
келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Өкінішке орай бұл жағдай
әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша
алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді
тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті
өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдерүшін есеп айырысудың
алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем
мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер
үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда
оның кемшіліктері де бар:
-біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
-екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау
төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет
көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
-үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан
аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен
материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші-жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфлясының әсері
және шикізат пен отын-энергетика ресурстарындабағаның өсуімен өзінің
маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті
айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі
нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудуң тұрақты экономикалық жағдайында жалпы
табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік
құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет жасайтын
кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін
пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз
ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн
деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді көлемі шешуші мәнділікке ие
болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне
әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудуң өспелі көлеміне күрделі салымдар
көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды
сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге
бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың
инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзмді несиелерге қол жетіспеушілігіне
байланысты қиын немесе мүлде мүмкін еме. Күрделі капитал салымдарын
жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция
рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз
табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым
қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындары талап етпейді.
Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың
шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі
бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін
алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан
тыс әкеледі. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының
жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк
жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да
болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен
өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге
деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық
параметрлердің және тұтынушылық қасиеттінің жақсаруымен байланысты болса,
онда ол дәлелді болады.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2. өнім бірлігінің бағасы;
3. өткізілген өнім көлемі;
4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері,
өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің
нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына
формула арқылы табылады:
- өткізілген өнімнің нақты көлемі;
- өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
- өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы
баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
Мұндағы: және - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты
және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім
өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен
анықталады.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін
анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін
анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді
болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына
көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу
көлемі және оның құрамындағы құрылымдылық өзгерістер сияқты факторлардың
табысқа тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары
жүргізілетіндігін көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау
ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша.
Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалуы пайызын есептеу
кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай
ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді
өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізуінің физикалық көлеміне ғана емес,
сондай-ақ құрылымындағы өзгеріске байланысты өткізілген өнімнің
рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі
өзгерістерді бастан кешіруді, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу
көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып
табылады.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің
әсері келесі есеп арқылы анықталады:
1.
Мұндағы: - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының
орындалу деңгейі;
, - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы
өндірістік өзіндік құны.
2.
Мұндағы: ПП – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін
әсері;
Пж – жоспарл ыжалпы табыс.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжиребесінде, өткізілген өнім
құрамындағы құрылымдылық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі
тәсілі бар:
1) өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар
бойынша есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу
көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табысты
жоспарлы мөлшеріне салыстыру арқылы;
2) өткізу көлемінің өзгеруі факторының әсер ету сомасын
өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша
есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы шегеру
арқылы.
Тәжиребеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың
әсер ету көлемін есептуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін
анықтайды. Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар
бойынша есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі
факторларлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу
көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдылық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен
жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі
бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдацында
алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін
болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде
осы бағалардың өзгерісі ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорынның
өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы
бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау
мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен
қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, қажеттілігін
тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық
инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономикалық басқару
органдарына болып табылады.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі
өзгерістер жатады:
1) өткілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
2) өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
3) өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткен анықтау үшін, есепті
жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен
(ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату
бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен
салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін
(өскенің немесе кемегендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін
көрсетеді.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен
анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі
тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюына
пропорционалды түрде болу тиіс.
3.Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы
шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың
1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар
деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті
жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді
өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі
немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін
көрсетеді.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен
алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс
пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша
анықталады:
ДН=ДЖ-РК
Мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған табыс;
ДЖ – жалпы табыс;
РК – кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің
өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең
шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты
жоғары. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін
талдауды жоғарыда атаған көрсеткіштерінен , сондай-ақ маржиналды табыспен
үздүксіз байланыстар жүргізу қажет.
Өндірістік өзіңдік құнның калькуляция баптары бойынша
мәлеметтер коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы
пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле
алмайтына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемін
теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Келесі тақырыпты біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы
ролін қарастырамыз және маржиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс арқылы
талдай отырып, негізгі қызмеииен алынатын табыстың өзгеруіне әр түрлі
факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.
1.2 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорынның қаржа қызмет жасау, қаржыландыру көздерін
ынталандыру және оларды тиімлі пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын,
осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар
кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске
қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырады. Табыстылық коэффициенттері
салыстырмалы талдаумен кәспорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті болып
табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын
сиппаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткішетрі үш топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген
элементтері;
2)өнімдер;
3) ақша қаражаттарының таза ағымы негізінде есептелетін табыстылық
көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігі – берілген кәсіпорынға
қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі
маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің тиімділігін өлшеудің бірден – бір
дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі –
табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған
капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды
пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен
салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициеніне талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
- кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты
жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
- табысты болжау әдісі;
- шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған
капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу
мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың табыстылық
деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді
көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ
мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты болжау мақсатында пайдаланудың
тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен
байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарлатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялдық
шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай – ақ
шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылаумен бағалауда манызды роль
атқарады.Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір
орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы
нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге
немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде,
олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда
негіз болып табылады.
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің
өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі
көзқарас кездеседі.Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және
активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады.Сандық фактор сомасы
бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің
орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы
жатқызылады.
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша
өлшеу біршама қате, себебі оңы есептеудің математикалық формаласы дұрыс
және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастаң, ол көрсеткіштің экономикалық
мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық ативтердің табыстылық
деңгейі – (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен
табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғаның көрсетеді. Осыған қарағанда,
неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен
сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған
капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне
тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас
әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы
жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты
қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып
саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Соңдықтан
да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердін табыстылық
деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп
есептейді:
1. кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі -
өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2. жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл крсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі
мүмкін:
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнмінің
табыстылығы активтер айналымдығы.
Шынында:
Таза табыс Таза табыс Өнімді өткізуден
алынатын табыс.
= *
Жалпы активтер Өнімді өткузіден Жалпы активтердің
орташа
дің орташа мөлшері алынатын табыс мөлшері
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған
қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу
табыстылығына және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдылығына
байланысты болады.
Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату
жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның
элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол
немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік
белсенділігі, өнімді өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру,
яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы)
мүмкін.
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің
өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі
аналитикалық кестені құрамыз.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал)
немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстық каэффиценті (жалпы
табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты
жүргізетінін көрсетеді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш
кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын
қанша табыс алатынын көрсетеді:
Мұнда: Та – ағымдағы активтердің орташа көлемі.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған
капиталдың табыстылық деңгеін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді
пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысын оның
меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті
капиталдың табысын коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына
формуламен анықталады:
Мұнда: ДСК – меншікті капиталдың табыстылығы;
Дч – таза табыс;
СК – меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып
табылады. Жак Ришар: Бұл көрсеткішті жеке кәсіпорынның қызметін талдаудың
түрлі жақтарын үйлестіруші, негізгі көрсеткіш деп айтуға да болады, - деп
жазады. Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік кампаниялардың акцияларына
баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және
радио коментаторлары және мақала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі,
бәсекелестігі және табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті
пайдаланады.
Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылық
көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Ол келесі формуладан есептеліп
шығарылады:
Мұнда: - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс
(түсім).
Шетелдік арнайы әдебиетте меншікті капиталдың табыстылық деңгеінің
өзгеруіне әсер етуші факторларды талдаудың түрлі әдістемелері ұсынылған.
Жак Ришар келесі формуланы ұсынады:
(1) (2) (3)
(4) (5)
ЖТ (жалпы
табыстылық)
Мұнда: - жиынтық немесе жалпы табыс (таза табыс +
кредиторларға төленген пайыздар);
А – активтер құны (авансталған, жалпы, жиынтық капитал).
Формуладан көріп отырғанымыздай меншіктікапиталдың табыстылық
коэффициенті сату көлемінің табыстылығын барлық активтердің айналымдылығына
(жиынтық, аквансталған, жалпы капитал), меншікті иелерінің табысының жалпы
табыстағы салыстырмалы үлесіне және қаржылық көрсеткіштеріне көбейткенде
тең.
Бұл формула батыста кеңінен қолданып жүрген Дюпонның әйгілі
формуласымен үйлеседі. Ол жеке компанияның қаржылық есебін талдау барысында
қолданылатын, табыс көрсеткішін акцияларға қарапайым аналитикалық жүктеу
болып табылады:
Мұндағы:
- меншіктікапиталдың табыстылығы;
- таза табыс;
- өнімді өткізуден алынған табыс;
А – активтер құны;
- меншікті (акционерлік) капитал.
Дюпон формуласындағы көбейткінтердің әрқайсысы дербес көрсеткіш болып
табылады. Осы формуланы пайдалана отырып талдау жүргізуші, тіөбекке
қосылған факторлардың қайсысы акционерлік капиталдың табыстылық деңгейіне
ең жоғары дәрежеде ықпал еткенін айта алады: өткізілген өнімнің әрбір
теңгесінен көбірек таза табыс алу, активтерді әлде қайда тиімдірек
пайдалану немесе кәсіпорынның жиынтық (аванствлған, жалпы) капиталының
құрылымдылық өзгерісі.
Осындай тәуелділіктерді зерттеу, қызмет нәтижесін жақсарту үшін
кәсіпорынның қаржы тетіктерін пайдалану мүмкіндігін және оның қаржылық
жағдайын бағалауда үлкен дәлелдеуші күштерге ие болады. Яғни, басқа да
осындай жағдайларда, акционерлік капиталдық қайтарылымдығы, жиынфтық
капиталдың құрамындағы қарыз қаражаттарының үлесі көбейген кезде өседі.
Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі
көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін
ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына
төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті
капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда
кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффицентін өсіру
мақсатында, әрине қарыздарға назар аударады: қаржылық оқулықта мұны Тетік
нәтижесі деп атайды.
Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс әрекеті екі негізгі
элементтің ықпалында болады.
Бірінші элемент – бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс
табыстылығының нормасына байланысты қарыздар бойынша пайыздың
мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.
Қарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесі, кредиторлар табысының
қарыз капиталына қатынасы ретінде келесі формула бойынша анықталады:
Д=
Кәсіпорынның инвестициялынған капиталына табыстылық мөлшерлемесі, таза
табыстың активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:
Да=
Да - активтердің табыстылығы;
Дч – таза табыс;
СH – салық мөлшерлемесі;
А- активтер;
1- СH – салық мөлшерлемесінің компанияға әсері.
Негізінде, мысалы, кәсіпорынның жаңа қарыздары болмаған жағдайда,
берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға өндіріс табыстылығына ие
болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған
байланысты, кәсіпкер, құны төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті
капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қарыз капиталы мен
тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл
жағдайға назар аудару мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтық
үнемділік байқалады. Ссудалар боыйнша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт
нормасы болып табылады (біздің мысалымызда 10%), себебі берілген норма
салықтық үнем үлесіне қысқарады.
Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50%-ға тең болса, онда 10%-дың
келісім-шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5%-ға тең, яғни
қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:
10% * (1-0,5) = 5% - ға тең.
Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельділігі)
мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бұндай қатынас негізінде, қарыз
мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандай тетік нәтижесі математикалық формуласына
көрсетілуі мүмкін, оның жеңілдетілген нұсқасы келесі түрдей болады:
= + х
Мұнда: Да – активтер (капитал) табыстылығы;
ЭР – эксплуатациялық табыс (салықтар мен пайыздарды
төлегенге дейін);
П – ссудалар бойынша келісім- шарт көрсетілген жылдық пайыз
мөлшерлемесі;
Сн – салық салу мөлшерлемесі;
Д – қарыз міндеттемелері;
Ск - инвестияцияланған меншікті капитал.
Екінші элемент экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары
деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Беілген формула бойынша угер салық
тоенгеннен кейінгі инвестициялангған капитал активтерінің табыстылық
коэффициенті мен салық толенгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы
айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің
табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағанда аз
бролатын болады,онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіне кері әсер етеді
деп бағаланады. Меншщікті капитадың тиімділігін арттыру үшін, қарыз
капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік
беретін тетік нәтижесінің формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс.
Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың
табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.
Меншікті капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететін Жак Ришар
мен Дюпонның формуласына келетін болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебі
активтер құнының мееншікті капиталға қатынасымен анықталатын соңғы
көбейткіш авансталған (жиынтық, жалпы) капиталдың құрылымын сипаттамайды,
ол жиынтық капиталдың меншікті капталдан қанша есеге көп екенін көрсетеді.
Бұл формуладан меншікті табыстылық коэффициентінің осы қатынасқа тура
пропорционалды тәуелділігін көруге болады: ол неғұрлым жоғары болса,
меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесі соғұрлым көп болады. Бірақ,
жиынтық және меншікті капиталдың арақатынасы меншіктің шоғырлану
(тәуелсіздік, автономия) коэффициентімен шектелуі тиіс, оның мөлшері 0,5-
тен кем болмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда кәсіпорын өзінің қаржылық
тәуелсіздігін жоғалтып алуы мүмкін. Біздің ойымызша, меншікті капиталдың
табыстылық деңгеінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдау үшін жоғарыда
аталған меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесінің формуласы ,
сондай-ақ тетік нәтижесінің формуласы жеткілікті болады. Біз жиынтық
капиталдың (авансталған, жалпы) табыстылық коэффициенті мен меншікті
капиталдың табыстылық коэффициентінің өзара байланысын анықтау қажет деп
ойлаймыз. Осы мақсатпен қаржылық талдау, тәжірибесінде келесі формуланы
қолдануды ұсынамыз:
Мұнда: - авансталған капитал құрылымын сипаттайды, оның мөлшері
1-ге тең, ал - қатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия)
коэффициентінің деңгейін көрсетеді. Кәсіпорын активтерінің табыстылығы –
бұл өнімді өткізуден алынған табыстылық пен меншікті капиталдың
айналымдылық коэффициентінің көбейтіндісінің нәтижесі және
кәсіпорынның тәуелсіздік коэффициенті болып табылады. Тәуелсіздік
коэффициенті неғұрлым жоғары болса, активтердің табыстылық коэффициентінің
деңгейі соғұрлым көп болады, себебі соңғысы капиталдың қаржылық құрылымына
тура пропорционалды тәуелді.
Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік
қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Ол таза табыстың материалдық
айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына
қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны,
сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және
негізгі құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндірістік
қорлардың табыстылық деңгейін талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған
факторлық талдау әдістемесі, көрсеткіштің алғашқы формуласы, табыстылық
деңгейін қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру және
өндірісті интенсивтендірудің барлық сапалы сипаттамасы бойынша жіктеуді
қарастырады. Деңгейді талдаудың факторлық үлгісі келесі түрде ұсынылады:
Мұнда: - өткізілген өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;
- өткізілген өнімнің материал сыйымдылығы;
- өткізілген өнімнің амортизация сыйымдылығы;
- негізгі өндірістік қорлар бойынша өнімнің қор
сыйымдылығы;
- айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор
сыйымдылығы;
Дч – таза табыс;
F – негізгі құралдардың орташа құны;
Е – материалдық айналым қаражаттарының орташа
қалдықтары;
- өткізілген өнімнің (сатудың) табыстылық деңгейі;
- толық өзіндік құн бойынша өткізілген өнімнен
алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор
қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары
болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері
бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым
төмен болса), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары
болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне
тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша
анықталады.
Тәжиребеде қаржылық салымдардың табыстылығы деп аталатын көрсеткіш те
қолданылады, ол бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысудан және құнды
қағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық салымдардың орташа құнына
қатынасы ретінде анықталады:
= +
Қаржы салымдарының табыстылық деңгейі кәсіпорынның инвестициялық
қызметті қагшылықты тиімді жүргізетінін көрсетеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішпен қатар басқа да
көрсеткіш қолданылады, ол кәсіпорындарға инвестициялынған қаржыларды
пайдалану тиімділігін және бұл инвестицияларды басқару шеберлігін
сипаттайды. Көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
Мұнда: - инвестиция табыстылығы;
- меншікті капиталдың орташа мөлшері;
- ұзақ мерзімді міндеттемелердің орташа мөлшері.
Бұл көрсеткіш кейбір жағдайда, таза табыс пен несиелер бойынша
пайыздар төлемін, ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына
бөлу арқылы келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда : - несиелер бойынша пайыздар төлемінің сомасы;
Мына формула бойынша инвестициялардың тиімділігін бағалай отырып,
компания активтері тек меншікті капитал есебіне ғана емес, сонымен, бірге
қарыздар берген инвестор-кредиторлар есебінен де қаржыланырылатынына көңіл
бөлінеді. Сондықтан да, таза табыс құрамына несиелер бойынша төленетін
пайыздар сомасы да енгізіледі.
Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткіш – бұл негізгі қызметтен
алынатын табыс, ол келесі формула бойынша анықталады:
Мұндағы: - негізгі қызметтен алынатын табыс;
- өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
- кезең шығындары.
Мына бөлшектің бөлімі өткізілген өнімнің толық өзіндік құнын құрайды.
Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін
ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін
көрсетеді. Оны өткізілген өнімнің жалпы көлемі бойынша да, және оның жеке
түрлері бойынша да есептеу болып табылады.
Өнім бірлігінің табыстылығы, сату бағасы мен өнімнің өзіндік құнының
арасындағы айырманың жекелеген өнімнің өзіндік құнына қатынасы ретінде,
келесі формула бойынша анықталады:
Мұндағы: - жетелеген өнімдердің табыстылығы;
Р - өнім бірлігінің бағасы;
S - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Өнім бірлігінің табыстылығы, жекелеген өнімдерді өндіру мен өткізудің,
өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа
тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ құрылымының тиімділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш коммерциялық құпия болып табылады және де
ол, басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылады.
Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бір көрсеткіші –
бұл өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін
көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда: - өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс.
Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің
табыстылығы, өнімнің сол немесе басқа түрлерін өндірудің табыстылығын
(зияндылығын) салыстырмалы талдауда, әсіресе өнімдердің өте көлемді
ассортиментін шығарушы болып табылады.
Өнімнің табыстылығының модификацияланған көрсеткіші – бұл сату
көлемінің табыстылығы, ол мына формула бойынша анықталады:
Мұнда: - сату көлемінің табыстылығы;
- жалпы табыс;
- өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымының,
оның өзіндік құның және өнімді сату бағаларының өзгерісі жасайды.
Жекелеген өнімдер табыстылығының сату көлемінің жалпы табыстылығына
әсер ету бағасын, Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару
академиясының ғалымдары ұсынған талдау әдістемесін қолдану арқылы
белгілеуге болады, ол бойынша талдау келесі жүйеде жүргізіледі:
1) жалпы өткізу көлеміндегі әрбір өнім түрінің үлес салмағы
анықталады;
2) өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығының жеке көрсеткіштері
есептеледі;
3) жеке бұйымдар табыстылығының, оның орташа деңгейіне ықпалы,
барлық өткізілген өнімдер үшін, жеке табыстылықты жалпы өткізу
көлеміндегі бұйымдардың үлесіне көбейту арқылы анықталады;
4) шығарылатын бұйымның жеке табыстылығының өзгеруімен байланысты
ықпал, есепті кезең табыстылығы мен базистік кезең табыстылығы
арасындағы айырманы есепті кезеңдегі бұйым үлесіне көбейту арқылы
анықталады;
5) құрылымдық фактордың тигізетін ықпалы, базистік кезеңдегі
табыстылықты, есепті кезең мен базистік кезеңдегі бұйымдардың үлес
салмақтарының арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.
Талдау жүргізудегі негізгі ақпарат базасы – бухгалтерлік есептің
мәліметтері болғандықтан, талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша
шығындардың аналитикалық есебін жүргізу барысында ғана мүмкін болады.
Мұндай талдау өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы
табыстылыққа жекелеген өнімдерді өндіру мен сатудың тигізетін ықпалын
анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді.
Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельділігінің) өзгеруіне
өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Бұл факторлардың әсері
тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі.
Жеке бұйымның табыстылығын арттырудың негізгі фактор оны шығарудың
өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша
өзгеру себептерін талдауға басты назар аударылуы тиіс, сонымен бірге баға
қалыптасуының дұрыстығын зерттеуге де көңіл бөлінеді.
Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақша қаражаттарының таза
ағымының кұйылуы негізінде есептеледі. Мысалы,
Сату көлемі Авансталған капитал
Меншікті капитал
Соңғы көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлар, қарыз беруші және
акционерлер алдында қолма-қол ақша қаражаттармен өз міндеттемелерін
орындауы жөнінде мәлімет береді. Қолма–қол ақшалардың ағымы негізінде
есептелетін кеңінен қолданылады. Оның артықшылығы бар, себебі ақша
ағымдарымен жүргізілетін операциялар өндірістің қарынды түрінің маңызды
белгісі және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық
кінәратсыздығының басты нышаны болып табылады.
Осылайша, біз кәсіпорын табыстылығының негізгі салыстырмалы
көрсеткіштерін қарыстырып, олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші
факторлардың талдап шықтық. Төменде айтылытын басқа да көрсеткіштермен
бірге бұл көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігінің және оның
іскерлік бейімділігін сиппайтайды.
2 тарау Ардагер- Неруд ЖШС қызметінің табыстылығы мен
шығынсыздығының талдауы.
2.1 Ардагер- Неруд ЖШС-ң техникалық –экономикалық сипаттамасы.
Ардагер- Неруд ЖШС-сы солтүстік-шығысында Көкшетау қаласынан 12
шақырым және батысында щебень зауытынан 2 шақырым ара қашықтықта
орналасқан. Ақмола облысы Зеренді аймағының шекарасында Ардагер- Неруд
ЖШС-сы жергілікті құрылыстық материалдардың өндірістік ұйымының
Көкшетау тас-үгу зауытының негізінде құрылды. Көкшетау кең орнының
құрылыстық тасын өңдеу жұмыстары 1967 жылы басталды. Өзінің құрамында
келесілерді иемденеді: карьер, өнеркәсіптік аудан, тұрғын кешені.
Өндірістік ауданына тікелей көлік жүре алатын подъезділік тупик
ұласады. Қазіргі кезде кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді, олардың 110-ны
жұмысшылар болып табылады.
Тау массасын өңдеу бойынша карьер өнеркәсіптік ауданынан 1,5
шақырым арақашықта орналасқан. Пайдалы қабаттық ашылатын қуатты
орташа есеппен 60 м, 5 ГР пішініне сәйкес құрылыстық тастың қорлары
37501 текше т.м-ді құрайды. Эксплоразведканың негізінде Көкшетау кең
орнындағы құрылыстық тастың қорлары 1990-1992 жылдар бойынша карьердің
жылдық өнімділігі 675 текше т.м-ге тең болғанда 54 жыл ішінде
кәсіпорынның жұмыс істеуіне жететінің есептеп шығарды. Карьердегі тас
жару жұмыстарын мамандалған кәсіпорын Казахвзрывпром жүргізеді.
Карьердегі өңдеу ашық әдіспен 5 текше метрлі ковші бар ЭГК-5
эксковаторларды қолдану арқылы іске асады.
Щебеньді өндеу бойынша зауыт өзінің құрамында келесі
5құрылымдық бірлікке ие: таулы-үгу цехі, жүкті арту мен түсіру цехі,
ремонттық- құрылыстық цех, букуаттық цех.
Ардагер- Неруд ЖШС-гі осы кәсіпорынды 1998 жылы иемденді.
Щебень өндіру алғашында үш үгу-жіктеу цехтарда іске асырылды. Жылдық
өнімділігі 850 мың текше метрге тең негізгі ДСЦ №1 цехі кешенсіздірілген
қалыпта тұр және ірі қаржылық салымдарды талап етеді, сондықтан
щебеньді өндіру қазіргі кезде жылдық өнімділігі 200 мың текше метрге
тең 2,3 –үгу жіктеу цехтардында іске асады. Кәсіпорынның өнімі щебень,
отсев және тас болып табылады. Берілген өнім 8267-93 ГОСТ, 7392-85 ГОСТ-
тарына сәйкес келеді және құрылыстық шікізаттардың 2-ші классына жатады,
жол және өнеркәсіптік құрылысқа жарайды. Щебеньннің дайын өнімі
өндірістік ғимараттардың құрылысында қолдануға жарайды. Өнім Астана
қаласындағы кәсіпорынның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz