ТІКЕЛЕЙ НИЕТПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС. ЖАНАМА ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН ҚЫЛМЫС ЖАСАУДЫҢ АКТУАЛЬДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
1 ҚАСАҚАНА НЫСАНЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ЖАСАУ
1. 1 Қылмыстық құқығындағы қасақана қылмыстардың ұғымы
1. 2 Кінәнің екі нысанымен - қасақаналық және абайсыздықпен орындаудың ерекшеліктері
2 ТІКЕЛЕЙ НИЕТПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС
2. 1 Субъектінің қылмысқа деген психологиялық көзқарасы
2. 2 Тікелей ниетпен қасақаналық қылмыс жасау
3 ЖАНАМА ҚАСАҚАНАЛЫҚПЕН ҚЫЛМЫС ЖАСАУДЫҢ АКТУАЛЬДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Қылмыскердің қылмысты жанама ниетімен орындағандағы интеллектуальдық сәті
3. 2 Жанама ниетпен қылмыс жасаған үшін жауапкершіліктің маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН
АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ:
АК- Азаматтық кодекс
АҚ -Акционерлік қоғам
БӘИМҰ- Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы
ИМ-Интеллектуалдық меншік
КСРО- Кеңестік Социалистік Республика Одағы
ҚР- Қазақстан Республикасы
Қаз ССР- Қазақстан Социалистік Совет Республика
Т. б. - тағы басқалар
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. [1] Осы келесі міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процессін жетілдіру, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында құқық ережелерін қатан сақтап, тәртіп бұзушылықпен, қасақана қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу қажет.
Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының ролі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан-салалы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезінде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндеті. Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылма жыл арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты Елбасының Қазақстан халқына жолдауында да бұл мәселе тыс қалмады. Ал енді жолдауға қысқаша тоқталып өтсек.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.
Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.
Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген Кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей.
Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік.
Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы да бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік.
Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс.
Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдан анық.
Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.
Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол - Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы.
Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ, біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар.
Олай болатыны, тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.
Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз.
Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды [2] деп Елбасы жолдауында айтылғандай, болашаққа нық сеніммен қарай отырып, кәміл сенуге болады деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Қасақана нысаны бойынша қылмыс жасауы, тікелей ниетпен жасалған қылмыстар, жанама қасақаналық қылмыс жасауын талдау. Көпшілікке аян болып отырғандай көптеген қылмыстар қасақана жолмен және ресми құжаттарды пайдалану, оны қолдан жасау, оған тиісінше өзгерістер енгізу арқылы қасақана жолымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды лауазымды адамдарды да, жеке тұлғаларда істейтіні белгілі.
Сондықтан осы жұмыстың мақсаты- негізгі мәселелердің бірі қасақана ќылмыстың ұғымын анықтау болып табылатын көрсету.
Мақсаттына байланысты төмендегідей міндеттер анықталып, шешілді:
- қасақана нысаны бойынша қылмыс жасауға түсініктеме беру;
- тікелей ниетпен жасалған қылмысты анықтау;
- жанама қасақаналықпен қылмыс жасаудың актуальдік мәселелеріне түсініктеме беру;
Зерттеу объектісі адамның құқыққа қайшы міңез- құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес міңез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға-қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Зерттеу мәні: Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін атаумен шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына, қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі. Мәселен, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты түрлерге бөлінеді. Сол себепті қасақаналықты тереңірек зерттеп қарастыру бұл тақырыптың мәні болып табылады.
Ғылыми жаңалығы: Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуіміз керек сияқты. Себебі, азаматтардың бойына заң ќұрметтеушілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет.
Зерттеу құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, оның ішінде кінәнің екі нысанымен - қылмыстық құқығындағы қасақаналық ұғымы, қасақаналық және абайсыздықпен орындау ерекшеліктері, субъектінің қылмысқа деген психологиялық көз қарасы, тікелей ниетпен қасақаналық қылмыс жасау, қылмыскердің қылмысты жанама ниетімен орындауының интеллектуалдық сәті, жанама ниетпен қылмыс жасаған үшін жауапкершіліктің маңызы тармақшалардан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарау қасақана нысаны бойынша қылмыс жасау, қылмыстық құқығындағы қасақана қылмыстардың ұғымы мен кінәнің екі нысанымен - қасақаналық және абайсыздықпен орындаудың ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші тарауда тікелей ниетпен жасалған қылмыс, субъектінің қылмысқа деген психологиялық көзқарасы және тікелей ниетпен қасақаналық қылмыс жасауға талдау жасалынады.
Үшінші тарауда жанама қасақаналықпен қылмыс жасаудың актуальдік мәселелері, қылмыскердің қылмысты жанама ниетімен орындағандағы интеллектуальдық сәті және жанама ниетпен қылмыс жасаған үшін жауапкершіліктің маңызы көрсетіледі.
1 ҚАСАҚАНА НЫСАНЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ЖАСАУ
1. 1 Қылмыстық құқығындағы қасақана қылмыстардың ұғымы
ҚР ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес қасақаналық тікелей және жанама болып келеді. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалған деп танылады. [3]
Кінәнің басқа да түрлерімен (қасақаналық және абайсыздық) қатар, тікелей қасақаналықта тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен оның салдарына психикалық қатынас ретінде анықтау үшін, заң шығарушы психиканың интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерінің де мазмұнын пайдаланады.
Қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - қылмыстарды бағалау, қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін маңызы үлкен. Мәселен, формальды құрамдас, яғни құрамына белгілі бір қылмысты салдар кірмейтін қылмыстар, Тек тікелей қасақаналықпен ғана жасалуы мүмкін. Мысалы. қауіпті жағдайда қалдыру, яғни жасының кішілігіне, кәрілігіне, аурулығына, өзінің шарасыздығына байланысты өмір мен денсаулық үшін қауіпті жағдайда қалып, әрі өзін-өзі қорғай алу мүмкіндіктерінен айырылғандарды тұлғаның кепе-көрнеу көмексіз қалдыруы, егер кінәлінің ол тұлғаға көмек көрсете алу мүмкіндігі, ол туралы қамқорлық жасау міндетті болса немесе өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға өзі әкелген болса, осының нәтижесінде жабірленуші ауыр салдарға ұшырай ма, жоқ па, оған қарамастан, қылмыс аяқталған дел мойындалады. Бұл жағдайда кінәлінің психикалық қатынасы оның қоғамдық қауіпті әрекетсіздігіне (қауіпті жағдайда қалдыру) ғана қатысты анықталады және бұл әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін түсінуімен, өз міндетін атқарудан бас тартқысы келгендігінен білінеді. Қасақаналықтың тікелей және жанама болып бөлінуінің ең маңызды іс жүзіндегі мағынасы - бұлай бөлудің қасақана кінәні абайсыздықтан болған кінәдан ажыратып алу үшін маңыздылығында, себебі дәл осы жанама қасақаналық абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын қылмыстық жеңілтектікпен ұласушы психикалық қатынас болыл табылады. Және де, дәл осы жанама қасақаналық пен қылмысты жеңілтектіктің ортасында, қасақаналық пен абайсьндықтың «қақ айырылатын» жігі жатыр.
Қасақаналықты тікелей және жанамаға бөлудің қылмысқа оқталуды аяқталған қылмыстан ажырату үшін де үлкен маңызы бар. Себебі, қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі қылмысқа оқталу мүмкілдігін тікелей қасақаңалықпен жасалған қылмыстар төңірегінде ғана шектейді. Мысалы, М. Ч-ны өлтіруге әрекеттенгені үшін сотталады. Кінәлі, өшін алу үшін, жәбірленушінің мойнына пышақпен ұрады. Ол екінші соққысын беруге ыңғайланғанда, жәбірленуші қарсылық көрсетіп бұл соққысы әлсіз ғана тиеді. Ол бұдан кейін де соққы беруге ұмтылғанымен Ч-ның көмек сұрап айқайлаған дауысына жүгіріп келген адамдар оған жол бермейді. ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніңдегі Сот алқасы М. жәбірленушінің мойнына пышақ сала отырып және екінші рет пышақ жұмсауға ұмтылып өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсіне білді, жабірленушінің өліп кететінін алдын-ала біле тұра, оған саналы түрде жол берген, яғни жанама қасақаналықпен әрекеттенген дегенге сүйене отырып, М. -ның әрекетін денеге қасақана түрде ауыр зақым келтіру деп қайта бағалаған. Алайда ҚР Жоғарғы Сотының Төралқасы бұл шешіммен келіспей, кассациялық анықтаманы бұза отыра, кінәлінің қасақаналығының мазмұны туралы мәселені шешер кезде, соттың «жасалған қылмыстың барлық жағдайларының жиынтығына сүйенуі керек екендігін, атап айтқанда, қылмыстың тәсілі мен қаруын, жаралар мен басқа да дене зақымдауының санын сипатын, орнын (мысалы. адамның өмірлік маңызы бар мүшелері болуы мүмкін), қылмыстық әрекеттердің тоқтау себептерін және т. б. ескеруі керектігін» атап өтті. Бұл қылмыстың жасалу жолдарын мұқият зерттеу ісі осы шешімнің дұрыстығын растай түсті. Өмірлік маңызы бар саналатын мүше - мойынға пышақ жұмсау, екінші рет тек бөтен адамдардың араласуынан ғана беті қайтарылған қатты соққыға ұмтылыс және қазіргі заманғы дәрігерлік көмектің арқасында ғана денеге тиіп үлгерген пышақ ізінің ауыр салдарының бетін қайтару жағдайларының барлығы жиыла келіп, М. жәбірленушінің өліп кету мүмкіндігін алдын-ала көре білгендігін және де дәл осындай салдардың орын алуын қалағандығын, яғни тікелей қасақаналықпен әрекеттенгендігін дәлелдейді. Олай болса, кінәлінің әрекетін Жоғарғы Сот Төралқасы кісі өлтіруге оқталғандық деп орынды бағалаған.
Сонымен қатар, қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін де маңызы бар. Жалпы ереже бойынша, тікелей қасақаналықпен жасалғаи қылмыстардың қауіптілігі жанама қасақаналықпен жасалғандарға қарағанда жоғары деп есептеледі. Бұл бірінші аталған жағдайда кінәлінің санасы мен еркі қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасап қылмысты салдар келтіруге тікелей бағытталғандығымен байланыстырылады. [4]
Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін атаумен шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына, қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі. Мәселен, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты түрлерге бөлінеді.
Алдын-ала ойластырылған қасақаналық - қылмыс жасау туралы қабылданған ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірімен, белгілі бір уақыт аралығымен бөлініп тұратындығымен сипатталады. Осы уақыт аралығында субъект қылмыс жасау жоспары мен тәсілін (орны, уақыты, құрал мен тәсіл және т. б. ) ойластырып, құрастырумен болады.
Аяқ астынан пайда болған қасақаналық - (аяқ астынан) кенеттен пайда болып бірден жүзеге асырылумен сипатталады. Теория жүзінде, жалпы ережелер бойынша, алдын-ала ойластырылған қасақаналықпен жасалған қылмыс, аяқ астынан пайда болған қасақаналықпен жасалғаннан қауіптірек деп саналады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аяқ астынан пайда боған қасақаналықпен жасалған қылмысты екі-ақ жағдайда азырақ қауіпті деп санайды. Бұл - мұндай қасақаналық аффектінің әсерінен пайда болғанда орны алады. Мәселен, заң шығарушы аффект күйінде кісі өлтіру немесе денсаулыққа ауыр не орташа дәрежеде зиян келтіруді жеңілдетуіш жағдайы бар қылмыстардың дербес құрамына белген (ҚК-нің 98 108-баптары) . Аталған жағдай: жаза тағайындау кезінде жәбірленушінің қылмысқа себепші болған, заңға қарсы не аламгершілікке қарсы әрекеттері сияқты жеңілдетуші жағдайлар аясында ескерілуі мүмкін.
Кінәлінің өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті салдары туралы түсінгінің айқындылығы мен дәрежесіне қарай қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті әрекетінің немесе әрекетсіздігімің сипатын және салдарының мөлшерін анық түсінуімен сипатталады. Сонымен қатар, анықталған қасақаналық кінәлінің жалғыз ғана қылмысты салдардың орын алуын көре білуі, яғни қарапайым және кінәлі екі немесе одан да көп қылмысты салдардың орын алуын мүмкін екендігін көре білетін - екі ұшты болып келеді. Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатынын алдын-ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды, себебі осының салдарынан жәбірленушінің не өлетіндігін, не оның денсаулығына ауыр зақым келетіндігін біле тұра, бұл салдардың кез келгенінің орын алуына саналы түрде жол береді. [5]
Анықталмаған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре білгенімен - нақтыламаған. Бұл - қолданылуы әр түрлі салдарға әкеліп соқтыратын қарулар мен құралдарды пайдалана отыра, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық кезінде болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру, оның басын таспеп ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен ұру. Мұндай жағдайларда әр түрлі салдардың, өлімнен - денсаулыққа жеңіл зақым алуға дейін орын алуы мүмкін. Қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі мұндай жағдайларда жауаптылықтың шын мәнінде келтірілген салдарға байланысты анықталатынына сенеді, себебі, кінәлі бұл салдардың кез келгенінің орын алатынын көре білді және олардың орын алуына саналы түрде жол берді. Алайда, мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған жағдайда ғана негізгі больш табылады. Егер нақты бір жағдайда, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезінде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықталса, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақака кісі елтіруге оқталғандық деп бағалау керек.
Бұл бөлімді де қарастыру кезінде де А. В. Наумовтың талдауына тоқталдық.
Онда ҚР ҚК-дегідей РФ ҚК 25-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қасақаналық тікелей және жанама қасақаналық болып бөлінеді.
Осы баптың 2-бөлігіне орай, "егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады".
Заң шығарушы тікелей ниетті, сондай-ақ кінәнің кез келген басқа түрін (қасақаналық немесе абайсыздық) жеке тұлға жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) пен оның зардаптарына психикалық қатынас ретінде анықтау үшін психиканың ойшылдық және еріктілік элементтерінің мазмұнын пайдаланады. Тікелей ниетпен қылмыс жасағандағы ойшылдық сәт мынада: адам өзі жасаған әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін түйсіну және оның залалды зардаптарының қайткенде туындайтындығын немесе туындауы мүмкін екендігін алдын ала көріп біледі. Жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін түйсіну деген сөз кінәлінің әрекеттің нақты да, әлеуметтік сипатын түсінуін білдіреді. Айталық, мысалы, жеке тұлға ұрлық жасағанда өзгенің мүлкін жасырын иеленгенін сезінеді (әрекеттің нақты жағы), сондай-ақ ол мұнысымен жәбірленушінің мүліктік құқығын бұзғанын да сезінеді. Жасалып отырған әрекеттің (әрекетсіздіктің) әлеуметтік мағынасын ұғыну - кінәлінің оның қоғамға қауіпті сипатын ұғынғаны.
Заң шығарушы ойшылдық элементті тек істелген әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынумен шектейді де, кінәліден оның құқыққа қарсылығын ұғынуын талап етпейді. Рас, айта кетерлігі, кең тараған қасақана жасалған қылмыстар (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, мүлікті ұрлау және т. б. ) әдетте олардың құқыққа қарсы екендігін біле тұра істеледі. Бірақ, жалпы ереже бойынша құқыққа қарсылықты ұғыну қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жатпайды. [6]
Сонымен қатар кейбір жағдайларда заң шығарушы Ерекше бөлімде арнайы құрамдарды құрастыру жолымен кінәлінің жасалған әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынуын оның құқыққа қарсылығын ұғынумен байланыстырады. Бұл көбінесе әрқилы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзған кезде орын алады. Мәселен, РФ ҚК 228-бабының 5-бөлігінде есірткі заттарды өндіру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, оған қылмыстық жауап-тылық белгіленген. Сөз жоқ, субъектінің бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін ұғынуы аталған заттарды, айталық, сақтау және есепке алудың тиісті ережелерін білетіндігіне де дау туғызбайды. Егер жеке тұлға бұл ережелермен таныстырылмаған болса, онда қасақаналықтың ойшылдық сәті есептен шығарылады, осыған орай бұл тұлғаның қасақаналық кінәсі және қылмысты жауаптылығы да есептен шығарылады.
Залалды зардаптардың туындауын күні бұрын білу кінәлінің өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде туындайтын қоғамға қауіпті зардаптарды болжайтындығын білдіреді. Заңдылық тұрғыдағы қисындастыруға сәйкес тікелей ниет те екі ұшты болуы мүмкін. Кінәлі адам тиісті қылмысты зардаптардың туындау мүмкіндігін, сондай-ақ туындамай қоймайтындығын алдын ала болжай білуі ғажап емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz