ЖШС Заманбек баланс активінің құрамы мен құрылымын динамикасын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе

1 -тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері . . . 6

1. 1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты . . . 6

1. 2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі . . . 11

1. 3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері . . . 21

1. 4. Қаржылық жағдайды экспресс-талдау . . . 25

2 -тарау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 34

2. 1. ЖШС «Заманбек» кәсіппорынның шаруашылық жағдайының қысқаша экономика- техникалық мінездемісі . . . 34

2. 2. ЖШС «Заманбек» баланс активінің құрамы мен құрылымын динамикасын талдау . . . 34

2. 2. Баланс өтімділігін талдау . . . 40

2. 3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау . . . 49

3 -тарау. Кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық іскерлігін жетілдіру жолдары . . . 54

3. 1. ЖШС «Заманбек»сатудың шығынсыз сауда мен қауіпсіздік кепілдігі көлемін анықтау . . . 54

3. 2. Директ - костинг жүйесін енгізудің шет елдік тәжірибелері . . . 56

Қорытынды . . . 68

Қолданылған әдебиеттер . . . 71

Қосымшалар

Кіріспе

Соңғы жылдары еліміздің экономикасы нарықтық қатынысқа өтіуне байланысты, Қазақстан Республикасының кәсіпорырдағы бухгалтерлік есптің тәсілдемесінде және тәжірибесінде шұғыл өзгерістер бодлды.

1997. 01. 01. ендірілген бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржылық-шаруашылық іскерліктерінің Типтік шоттар жоспары, қаржылық есеп берудің формалары халықаралық стандарттар талабына сәйкестендірілді. Бұл жағдай нарықтық экономика талаптарына сай, қаржылық талдаудың жаңа тәсілдемесін құрудың қажеттілігін туындатады.

Қоғам әкімшілік жүеден кетіп, нарықтық экономикалық қатынастарға кіріп жатқанда бұл мәселенің маңыздылығы өсе түседі. Басқаша айтқанда шаруашылыққа немқұрайлықпен жаупсыздықтың орнына, іскерлік, қатан жауапкершілік, үнемшілдік келеді. Бұл мәселелер қарысушылдардың басқаша ойлауын және басқаша жұмыс жасауын талап етеді. Нарықтық экономика зауыттардың қоймаларында және ашық алаңдарда щикізаттардың көп мөлшердегі қорларды мен материалдар. Ол орасан көр қорларды қозғалысқа келтіріп, кәсіпорынның әрбір салынған мүлкі теңгелеп кіріс әкелуін қамтамасыздандырды.

Қазіргі замандағы нарыққа кірген уақыт кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде статусын өсіріп, олардың көптеген қаржылық және өндірістік сұрақтарды дербес, ешкімге де тәелсіз шешуіне мүмкіндік береді. Оларға сыртқы және ішкі нарықта бизнесте білікті серіктестер тандау керек. Қазіргі заманда кәсіпорындар өздеріне контрагенттерді (шикізат жеткізушілер, сатып алушылар, жалданушылар, банктер) өздері дайындайды, және сырттан берілетін ешкімнің әміріне құлақ аспайды. Олардың нәтижелі жұмыс істеу тек өздерінің іскерлік серіктестерді, нарық теңізінде шапшаң және дұрыс бағдар тандауына байланысты болады. Басқаша айтқанда шаруашылық субъектісінің іскерлігінің нәтижелілігі тікелей басқарушылық деңгейіне, қабылданған шешімдердің жеделдігіне, ғылыми негізділігіне және шынайлығына тәелді болады.

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның тұрақтылық жағдайына және өміршенділігінің кепілі ретінде оның қаржылық тұрақтылығы қызмет жасайді. Бұл жағдайда ол өзінің ақша қорларымен еркін маневр жасап, оларды тиімді пайдалану арқылы өндірістің үзіліссіз жұмыс істеуіне және өнімді іркіліксіз сатуын қамтамасыздандырады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми-негізделген және оптималды өндірістік және қаржылық басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және мұқият талдаудың арқасында ғана оның әскерлігіне объективті баға беріп, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жетекшіге тоқ етер ұсыныстар беруге болады.

Отандық әдебиетте қаржылық талдаудың проблемалары аса зерттелмеген сол себепті оның прогрессивті тәсілдерін бізде кең пайдалынбайды. Ал бұл жағдай кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне, оның экономикалық дамуына соның салдарынан тұтастай ел экономикасының дамуына теріс әсер жасайды.

Кәсіпорын-экономикалық даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнім шығару үшін, не болмаса жұмыс атқаруға, әр түрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсаында құрылады.

Өндірістік жүйе ретіде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға-экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.

Ішкі ортаға -еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты-бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.

Өнеркәсіп кәсіпорынның функциялары мыналар:

-өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;

-тұтынушыға өнімді жеткізу эәне сату;

-өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;

-кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техника жабдықтау;

-кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және не басқару;

-кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту, кәсіпкерлік салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұымдардың міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау, мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

Қазақстанда “Меншік туралы” заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады. Мемлекеттік кәсіпорындар бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар юолып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.

Кәсіпорындар түрлері белгілеріне қарай бөлінеді:

-сала түріне байланысты;

-шаруашылық іс-әрекеттің туріне байланысты;

-құқықтық жағдайына байланысты;

-меншік жағдайына байланысты.

Меншік формасына байланыста кәсіпорындардың түрі:

-мемлекеттік;

-кооперативтік;

-ұжымдық;

-жеке.

Жоғарыда көрсетілген тұрғыдан қарағанда, бұл дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындардың нарық жағдайына тұрақты жұмыс істеп өміршендігін сақтау жолдарын қарастыру. Жұмыс нақты іскерлігі бар ЖШС «Заманбек» кәсіпорында жасалды. Бұл жұмыста көздеген мақсатымыз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу, ағымды активтердің және оның көздерінің құрылымы мен динамикасын зерттеу. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен іскерлік дәрежесін анықтау, кәсіпорынның өміршендігін анықтап, болашағына көз жүгірту.

Зерттеу барасында статистикалық, топтастыру, жіктеу және т. б. әдістер мен әдістемелер қолданылды.

I -тарау. Кәсіпорыннның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері .

1. 1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағжайын талдаудың манызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, комерциялық серіктестер және де басқа конрагенттер алдында өзінің өндірістік -кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауакершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Сонғы жылдары шыгарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д Шеремет «Кәсіпорынның қаржы /активтер/ жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен /меншілік капитал және міндеттемелер, яғни /пассивтер/ сипатталады» деп жазған.

Профессор Н. А Русак /3/ бұл ұғымды былайша анықтайды: « Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай -ақ басқа шаруашылық субьектілермен қаржылық қарым- қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».

В. М Радионова мен М. А Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы « қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазылады.

М. Н Крейнина /5/, А. И Ковалев және В. П Привалов /6/ қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қода барын, үлестіріп таратылуы және пайдалануы сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Профессор И. Т Балабанов «Шаруашылық субьектісінің қаржылық жағдайы- бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын / яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі/ қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субьектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субьектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық мен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану: валюталы өзін-өзі өтеу»- деп жазады /7/.

С. А . Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: « Кәсіпорынның қаржылық жағдайы- бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды джәләрек анықтауға мүмкіндік беретін ұғымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда / мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, ти»мділік / қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді юолуын, тұраұтылығын және келешегі барлығын куәландыру тиіс.

Дюсембаев К. Ш көзқарасы бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, Дюсембаев К. Ш бұл ұғымды былай анықтауды ұсынады: « Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезендегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді».

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіред? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «-з 0аражаттарын шебер пайдалану қабіліеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы » деп түсіндіреді . . . Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады /6/.

Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары/ жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай- ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қарайтын шаруашылық субьектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады. /8/

Бұл ұғымды А. Д Шеремет пен Р. С Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардын ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

В. М Родионова мен М. А Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы- қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәс»порынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одаг әрі мына анықтаманы келтіреді. «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».

В. Г Артеменко мен М. В Беллиндер бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық -бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс -шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» /9/. Ал кәсіпорынның жалпы тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді /жұмыс, қызмет/ өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы ти»с. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелрді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

А. Д . Шеремет мен В. С Сайфуллин «қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі- деп дәлірек және анығырақ түсіндіреді».

Э. А. Маркарьян мен Г. Л Герасименко да дәл осындай көзқараста /10/ «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі» /4/ немесе «Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететінитөлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады» /9/. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М Родионова мен М. А Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

  1. пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
  4. әрекет уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпрынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. . Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрымына тәуелді. Сондай- ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас манызды болып табылады. Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі- активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері- кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, манызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынныңөз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте манызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі- яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есесптесе ала ма жоқ па? -деген қауіп туады.

Және бұл жерде кәсіпорыннның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады;

- кәсіпорынның салслық топқа жатуы;

-шығарылатын өнімнің / жұмыс, қызмет/ құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

-төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

-шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғанда динамикасы;

- қорлар мен резертерді, олардын құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағ, дайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен / салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар/ өзара қарым- қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынасты болу - жақсы қаржылық жағдайын бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидентерді ұқыпты төлейиін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады.

Инвестициялық тартылымдығы болу үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен келетін, ал алым мерзімі біткен уақытта -облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелеримен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отрырып, кез келген банк өз қлиентінің қаржылық жағдаын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім- шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғаның қалайды, себебі тек осындай кәсіпрын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақыттылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым- қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынныңөзінің және серіктестерінің қаржылық және де басқа қатынастар тұрғысындығы экономикалық қызығушылықтарды қанщалаықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. кәсіпорынның қаржылық жағдайының обьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызмет арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейігі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады.

Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтын жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпрындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты/ міндеті/ келесілер болып табылады:

- қаржылық жағдайда баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

-активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

-айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;

-қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

-кәсіпорын активтерді және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

-ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

-кәсіпорын табыстылығын бағалау;

-кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

- кәсіпорынның іскерлік белсендігін анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезені болып табылады. Және ол үш сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу ; бұлардың жиынтығы коммерциялық өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорынның бюджеттік қаржылық тұрақтылығын талдау
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және жетілдіру жолдары
Кәсіпорынды қаржылық – экономикалық талдау (ЖШС Кокшетауский хлебзавод мысалында)
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері
Бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеу
«Аns service» қызметін экономикалық талдау және басқаруды ұйымдастыру
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz