КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ (ЖШС Гормолзавод мысалында)



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ТАРАУ 1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынды қаржылық жоспарлау процесі мен
перспективасы ... ... ... ... ..11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ТАРАУ 2. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ (ЖШС Гормолзавод
мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
2.1 Кәсіпорынның қаржылық қызметтерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...22
2.2. Еңбек ресурстарын пайдалануды
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .47

ТАРАУ 3. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
3.1 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің проблемалары және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 52
3.2 Шағын және орта кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттырудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 2
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

КІРІСПЕ

Кәсіпорынды қаржылық талдау мен жоспарлауды зерттеудің маңыздылығы
кәсіпорындардың барлық уақытта ел экономикасы дамуының негізгі факторы
болып табылатындығымен анықталады.
Кәсіпорындар қызметі қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік оң
нәтижелерге жетуіне ықпал етеді және нарықтық экономиканың маңызды
құрылымының бірі ретінде сипатталады. Экономикалық жүйенің бүгінгі жағдайы
мен болашағы, тиімді жұмыс істеуі және дамуы кәсіпкерлік сектордың
қызметіне тікелей байланысты. Қазіргі жағдайында кәсіпорынның
өміршенділігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы
тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып
қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз
процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсете
отырып, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін сапалы өнім өндіру мен
қоғамдық өнімнің айналымы мен өндіріс тиімділігін арттыру арқылы,
экономиканың дамуына ықпал етеді.
Кәсіпорындардың экономикадағы рөлі кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеп,
ары қарай қарқынды дамуын талап етеді. Қазақстандағы кәсіпорындар өздерінің
батыс базасын кеңейтіп, тиімділігі мен өтімділік деңгейлерін жоғарлату,
тұтынушыларының сұраныстарын қанағаттандыру арқылы бәсекелестік
қабілеттілігін арттыруға тырысады. Бұл үшін кәсіпорындардың ролін арттырып,
ынталандырудың мәні – шығынды аз жұмсап, жоғары деңгейде тиімді жұмыс
істеу, өнімдерін өндіру барысында сұранысты толық қанағаттандыру, өз
өнімін тұтынушылардың өрісін кеңейту мен өнімді өткізу қызметін жақсарту
мен оның өзіндік құнын төмендетудің маңызы ерекше болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорындардың
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оны іскерлік
белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясының басты басымдылығы Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту
мен әртараптандыру болып табылады.
Ұлттық экономиканы жаңарту жалпы ішкі өнім көлемінде қосылған құны
жоғары жаңа технологияларға негізделген өндірістердің үлесін ұлғайтуға,
жаңа индустриялық экономика сипатына сәйкес келетін құрылымды
қалыптастыруға, Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарьн жүзеге асыруға
негізделеді.
Кәсіпорындарды ашу тек қана жұмыс орнын тудырып қана қоймайды, сонымен
бірге ол экономиканың бәсекелестігін, серпінділігін және көп жақтылығын
жасауға үлкен үлес қосады. Кәсіпорындарды дамыту отандық өндіріс негізінде
нарықтың жаңа тауарлар мен қызметтерге тез толуын қамтамасыз етеді,
жергілікті монополияны болдырмауға көмектеседі. Сонымен бірге ол жергілікті
шикізат ресурстарын және өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалануға, ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетуге оң әсер етеді. Кәсіпорындарды дамыту
тұрғындардың табыстарын өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі
әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге де өз оң ықпалын тигізеді.
Осы аталған мәселелер кәсіпорындардың қызметтерін қаржылық талдау мен
жоспарлауды жетілдіруді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдаудың
маңыздылығын көрсетеді.
Отандық әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерде, басылымдарда қаржылық
талдау мәселелесі қарастырылғаны мен олардың кемшіліктері кездеседі.
Кәсіпорынды қаржылық талдау мен жоспарлау мәселелері Қазақстандық
ғалымдардың атап айтқанда Дүйсенбаев Қ.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева
Ж.Г.,Үмбетәлиев А.Д. т.б. сияқты белгілі экономистердің еңбектерінде
қарастырылған. Соған қарамастан оның професивті әдістері әзірше бізде
ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың
бүгінгі жай-күйі, жеткен жетістіктері, кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту мен
оларға қолдау көрсету және кәсіпорындардағы кейбір мәселелер туралы
түбегейлі іргелі зерттеулер жеткіліксіз деуге болады. Ал бұл кәсіпорындар
қызметін қаржылық нәтижесімен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің
экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, кәсіпорынды
қаржылық талдау мен жоспарлауды зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың
мақсаттары мен міндеттерін анықтаумен негізделеді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – Гормолзавод ЖШС негізінде кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы
мағлұмат беру мен қаржылық жоспарлауда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын
көрсету.
Дипломдық жұмыстың аталған мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер
қойылған:
- кәсіпорынды қаржылық талдау мен жоспарлаудың маңызы мен мәнін ашып
көрсету;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдаудың әдістерін анықтау;
- Гормолзавод ЖШС негізінде кәсіпорынның қаржысын талдау мен
жоспарлаудың қазіргі бағыттарын қарастыру;
- кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың тиімділігін анықтау;
- кәсіпорын қаржысының тиімділігін арттыру жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде
Қазақстан Республикасының Заңдары мен Үкіметтің нормативтік қаулылары,
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы, Жеке кәсіпкерлік туралы
ҚР заңдары, Гормолзавод ЖШС жылдық есептері, отандық және шетелдік
экономист-ғалымдардың ғылыми және оқу - әдістемелік зерттеу еңбектері,
мерзімдік және ғылыми басылымдардың материалдары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік обьектісі ретінде Гормолзавод ЖШС
қаржылық құжаттары, осы тақырыпқа сай мәселелерді қозғаған зерттеу
материалдары басшылыққа алынды.

ТАРАУ 1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмастан бұрын, қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Сонғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шермет
Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен сипатталады деп жазған [12;125].
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен және сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын
көрсетеді [12;114].
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұраққа
ғалымдар түрліше анықтама берген. Бір ғалымдар қаржылық тұрақтылықты өз
қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін
қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы деп түсіндіреді. Қаржылық
тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады
[14;16].
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазды [13;12].
Бұл ұғымды А.Д.Шермет пен Р.С. Сайфулин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтиженің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзіндік жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырсақ, кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және
айналым шығындары арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Қаржы тұрақтылығының ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарту кұрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылык тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен
салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының денгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
байланыс және тағы да басқалары жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу-жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз
жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты
төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал қарыз мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл — талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін
атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстары жағдайының
нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты
қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық
тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және
оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі
жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын
көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты міндеті келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталыньң көлемін, оның өсуін (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын
төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қара-жаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалыкты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады.
Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік
құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің
көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның
жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Зерттеушілердің көбінің пікірінше, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының
бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе коэффициентін
анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төменгі үш санатқа топтастыруға
болады:
• өтімділік (төлем қабілеттілігі);
• пайдалылық (табыстылық);
• активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға
теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудің
нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін
ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін
өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып
саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа
мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең
өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы
міндеттеменің қатынасын білдіреді.
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық
қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай
сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық
қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы
шартты өлшемін көрсетеді.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент және аудиттің элементтерінің бірі
болып табылады. Кәсіпорындардың қаржылық есебін пайдаланушылардың барлығы
дерлік өз мүдделерін оңтайландыру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылық
талдаудың нәтижесін қолданады.
Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептің салымдар мен борыщтар
бойынша өз тәуекелін төмендететінің айтады.

Сурет 1.1.1 Қаржы ресурстарының құрамы

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау процесі мен перспективасы

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі
бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: жету-
кәсіпорын оны өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру,
нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің
мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе
басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан
кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың несие
ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану
мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан
кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында
қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты
қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта
ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен
кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыр-нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың
шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім
өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі
шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы
және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын
білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген
қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен
(ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен
(күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар
кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді [15;123].
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында
өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды,
бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан
алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар
негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға,
конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және
жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын
өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын
іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы
ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан
реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың,
валюталық түсім ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды
өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы
жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті
орындамағыны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен
анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша
меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан
түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан
алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын,
жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек
ұжымдарының пайда болуын қажет етеді.
Бұл-маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне
мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға
берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру
қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін
кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де
байланысты.
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар
мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән
нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек-ақы төлеумен, мемлекеттің
оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға
бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз
етілуі мүмкін, кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты
тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік — бір процестің — шаруашылық
жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру
процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны
кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен
коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2. Жоспарлық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің
мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің
дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала
қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы
нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында
(болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады.
Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында
қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына
болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі
факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және
қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады.
Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және
кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға - бірлестік, ассоциация, концерн
және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көресеткіштері бұл
ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі
қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары —
мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары
мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет
кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне
иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға
қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық
және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты -
басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал,
тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және
әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты
нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша
болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет
қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында
қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда
болмаған шығындарды) қаржылаңдыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда
елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес
байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып
келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі
құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және
мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көп
салалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында
анағұрлым өміршең болып келеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен
маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар,
қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу
қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі
бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы,
медициналык, сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік
қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген
кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және
алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік
капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың
көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп
отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым),
таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық
құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы
нәтижесінде көбейеді, негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын
есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру
есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар
кешенді қорларды — тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
- бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы
төлеу шығындары;
- ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
- еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және
натуралдық нысандардағы қаражаттар;
Материалдық көмек:
- еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
- қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар (дивидендтер, пайыздар);
- оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін
берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
- кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
- негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық
аударымдар;
- шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
- банктердің несиелері;
- басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржыландыруға:
- негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
- ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
- табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік
қатысуға;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының
орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке
қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу,
өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде
қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы
зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы
резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы
ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде),
мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет
(әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты
— шаруашылық-қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды
жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор
кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның
қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың
жеткіліктілігі жағдайында). Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары
валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
- экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
- жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
- банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және
шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
- ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы
валюта сатып алу;
- бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі.
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен
валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін
кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға
активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар
нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар
меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса,
қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен
табыстар есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін
ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің
рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде
өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен
еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады,
валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел
тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға
жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек
керсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры
қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге — кәсіпорындар мен
ұйымдарға бере алады, бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық
өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық
түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар
өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен
қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай
жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар
өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-
күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын
шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы
мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін ағымдық жоспарлау жүйесі қаржылық
қызметтің жекелеген аспектілері бойынша дайындалған қаржылық стратегия мен
қаржылық саясатты негізге алады. Қаржылық жоспарлаудың аталмыш түрі фирмаға
оның дамуының, оның шығыстары мен кірістерінің құрылымын қалыптастыруға,
оның тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар
жоспарланған кезең соңындағы фирманың активтері мен капиталының құрылымын
анықтауға, алдағы уақыттағы барлық қаржыландыру көздерін анықтауға
мүмкіншілік беретін ағымдық қаржылық жоспарлаудың нақты түрлерін дайындауда
қосылады.
Ағымдық қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру нәтижесінде үш негізгі
құжат дайындалады:
• ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары;
• түсімдер мен шығыстар туралы есеп жоспары;
• бухгалтерлік баланс жоспары.
Бұл құжаттарды дайындаудың негізгі мақсаты – жоспарланған кезең
соңындағы фирманың қаржылық жағдайын бағалау. Ағымдық қаржылық жоспар
тоқсандар бойынша бөлінген бір жылға тең кезеңге құрылады, сондай-ақ мұндай
кезең заңнамалық талаптарға сәйкес келеді. Кәсіпорынның ағымдық қаржылық
жоспары мына мәліметтердің негізінде дайындалады: кәсіпорынның қаржылық
стратегиясында; алдағы кезеңдегі қаржылық нәтижелерді талдауда;
жоспарланған өндіріс көлемі мен өнімді өндіруде, басқа да кәсіпорынның
операциялық қызметіндегі экономикалық көрсеткіштерде; кәсіпорындағы
дайындалған жекелеген ресурстардың шығыстарының нормалары мен нормативтері
жүйесінде; әрекет етуші салық салу жүйесінде; әрекет етуші амортизациялық
бөліну нормалары жүйесінде; қаржы нарығындағы несиелік және депозиттік
пайыздарының орташа ставкаларында және т.б.
Ағымдық қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру барысында қаржылық құжаттарды
құру толтыру үшін болашақтағы сату көлемін дұрыс анықтау маңызды (сатылған
өнімдердің көлемін). Бұл қаражаттарды тиімді бөлу, өндірістің барысын
ұйымдастыру үшін қажет. Сату көлемінің болжамы ереже бойынша үш жылға
бөлінеді, жылдық болжам тоқсандар мен айларға бөлінеді, сонымен қатар
болжам кезеңі қысқа болған сайын ондағы ақпарат мазмұны анық және нақты
бола түседі. Сату көлемінің болжамы кәсіпорынның қаржы тасқынындағы
өткізілген өнімнің бағаларына өндіріс көлемінің әсерін анықтауға
көмектеседі.
Сату көлемінің болжамы бойынша мәліметтердің негізінде қажетті
метериалдық және еңбек ресурстарының саны анықталады, сонымен бірге басқа
да өндірістің құрамдас шығындары анықталады. Алынған мәліметтердің
негізінде шығыстар мен кірістер есебінің жоспары жасалады, оның көмегімен
түсімнің мөлшері болжамдалады.
Түсімдер мен шығыстардың жоспарын жасау кезінде өнімді өткізгендегі
пайдаға көп көңіл бөлінеді, ереже бойынша алдағы жылда өткізілетін өнімнің
мәні сәйкес нүктеде алынады. Одан кейін бұның көлемі өзгерімдер есебімен
ағымдағы жалмен салыстырылады: сәйкестендірілетін өнімнің өзіндік құны;
кәсіпорынның өнімін өткізу бағыса; сатып алынатын метериалдар мен оның
қосалқыларын; кәсіпорынның капитал салымдары мен негізгі құралдарының
бағасы; кәсіпорынның жұмысшыларының еңбегіне төлеу.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу
деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс
істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір
иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп
негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның
жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі -
онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп
отыратын нарықтық коньюктура жағдайында өзінің халжағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған норма-тивтерден ауытқуды
талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы
талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы
ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы
кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің - меншік иесі немесе мемлекеттік
органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық
жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды
әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті
сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау
үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

- көлденең талдау;
- тікелей талдау;
- трендтік талдау;
- салыстырмалы талдау;
- факторлық талдау;
- қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы
бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы
ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факгорлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициентерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және бас-қалар. Қатынастарды
үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да,
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау
болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі
олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып
табылмайды, әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған
шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер
етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы
немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және
болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің
шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз,
себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар
аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы
туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық
жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады,
себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы
мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар
жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік
белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылык аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау- бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің де терминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол
-кері(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің
дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі
авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының
Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан
бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық
тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның
қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
О. В. Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген
еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің манызды
міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен
өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның
құрылымын бағалаудан бастайды [18].
И. М. Лоханина мен 3. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың
сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде
кәсіпорын-ның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік
жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау
қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.
Шеремет пен Р.С. Сайфулин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормолзавод ЖШС-не Сапа менеджмент жүйесін енгізу
Балмұздақ өндіруге арналған технологиялық желінің жобасы
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері
Жобаны іске асыру
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Әлеүметтік кәсіпорын нарық
Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Табысты құраушы факторлары
Пәндер