Кәсіпорынды қаржылық – экономикалық талдау (ЖШС Кокшетауский хлебзавод мысалында)


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеудің маңыздылығы - кәсіпорын қаржысының пайда болуы мен қалыптасуы, барлық уақытта ел экономикасы дамуының негізгі факторы болып табылатындығымен анықталады.
Кәсіпорындар қызметі қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге жетуіне ықпал етеді және нарықтық экономиканың маңызды құрылымының бірі ретінде сипатталады. Экономикалық жүйенің бүгінгі жағдайы мен болашағы, тиімді жұмыс істеуі және дамуы кәсіпкерлік сектордың қызметіне тікелей байланысты. Қазіргі жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсете отырып, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін сапалы өнім өндіру мен қоғамдық өнімнің айналымы мен өндіріс тиімділігін арттыру арқылы, экономиканың дамуына ықпал етеді.
Кәсіпорындардың экономикадағы рөлі кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеп, ары қарай қарқынды дамуын талап етеді. Қазақстандағы кәсіпорындар өздерінің батыс базасын кеңейтіп, тиімділігі мен өтімділік деңгейлерін жоғарлату, тұтынушыларының сұраныстарын қанағаттандыру арқылы бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға тырысады. Бұл үшін кәсіпорындардың ролін арттырып, ынталандырудың мәні - шығынды аз жұмсап, жоғары деңгейде тиімді жұмыс істеу, өнімдерін өндіру барысында сұранысты толық қанағаттандыру, өз өнімін тұтынушылардың өрісін кеңейту мен өнімді өткізу қызметін жақсарту мен оның өзіндік құнын төмендетудің маңызы ерекше болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оны іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты басымдылығы Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту мен әртараптандыру болып табылады.
Ұлттық экономиканы жаңарту жалпы ішкі өнім көлемінде қосылған құны жоғары жаңа технологияларға негізделген өндірістердің үлесін ұлғайтуға, жаңа индустриялық экономика сипатына сәйкес келетін құрылымды қалыптастыруға, Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарьн жүзеге асыруға негізделеді.
Кәсіпорындарды ашу тек қана жұмыс орнын тудырып қана қоймайды, сонымен бірге ол экономиканың бәсекелестігін, серпінділігін және көп жақтылығын жасауға үлкен үлес қосады. Кәсіпорындарды дамыту отандық өндіріс негізінде нарықтың жаңа тауарлар мен қызметтерге тез толуын қамтамасыз етеді, жергілікті монополияны болдырмауға көмектеседі. Сонымен бірге ол жергілікті шикізат ресурстарын және өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалануға, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге оң әсер етеді. Кәсіпорындарды дамыту тұрғындардың табыстарын өмір сүру деңгейлерін көтеруге және әртүрлі әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге де өз оң ықпалын тигізеді.
Осы аталған мәселелер кәсіпорындардың қызметтерін қаржылық талдау мен жоспарлауды жетілдіруді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдаудың маңыздылығын көрсетеді.
Отандық әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерде, басылымдарда қаржылық талдау мәселелесі қарастырылғаны мен олардың кемшіліктері кездеседі. Кәсіпорынды қаржылық талдау мен жоспарлау мәселелері Қазақстандық ғалымдардың атап айтқанда Дүйсенбаев Қ. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г., Үмбетәлиев А. Д. т. б. сияқты белгілі экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Соған қарамастан оның професивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың бүгінгі жай-күйі, жеткен жетістіктері, кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту мен оларға қолдау көрсету және кәсіпорындардағы кейбір мәселелер туралы түбегейлі іргелі зерттеулер жеткіліксіз деуге болады. Ал бұл кәсіпорындар қызметін қаржылық нәтижесімен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, кәсіпорынды қаржылық талдау мен жоспарлауды зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтаумен негізделеді.
Дипломдық жұмыс мақсаты - «Кокшетауский хлебзавод» ЖШС негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру мен қаржылық жоспарлауда туындайтын мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың аталған мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер қойылған:
- кәсіпорынды қаржылық талдау мен жоспарлаудың маңызы мен мәнін ашып көрсету;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдаудың әдістерін анықтау;
- «Кокшетауский хлебзавод» ЖШС негізінде кәсіпорынның қаржысын талдау мен жоспарлаудың қазіргі бағыттарын қарастыру;
- кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың тиімділігін анықтау;
- кәсіпорын қаржысының тиімділігін арттыру жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары мен Үкіметтің нормативтік қаулылары, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңдары, «Кокшетауский хлебзавод» ЖШС жылдық есептері, отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың ғылыми және оқу - әдістемелік зерттеу еңбектері, мерзімдік және ғылыми басылымдардың материалдары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік обьектісі ретінде «Кокшетауский хлебзавод» ЖШС қаржылық құжаттары, осы тақырыпқа сай мәселелерді қозғаған зерттеу материалдары басшылыққа алынды.
1 КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫсының ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмастан бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Сонғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шермет «Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады» деп жазған [12]
Профессор Н. А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен және сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді» [12]
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. [17]
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұраққа ғалымдар түрліше анықтама берген. Бір ғалымдар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады [14]
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазды [13]
Бұл ұғымды А. Д. Шермет пен Р. С. Сайфулин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы». [28]
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтиженің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзіндік жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. [8]
Негізгі ішкі факторларды қарастырсақ, кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айналым шығындары арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Қаржы тұрақтылығының ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. [19]
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарту кұрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылык тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен
салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі. [9]
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының денгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы да басқалары жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу-жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. [23]
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал қарыз мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. [21]
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады. [27]
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. [17]
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты міндеті келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталыньң көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау. [26]
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды . Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады. [11]
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қара-жаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалыкты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. [22]
Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [43]
Зерттеушілердің көбінің пікірінше, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төменгі үш санатқа топтастыруға болады:
- өтімділік (төлем қабілеттілігі) ;
- пайдалылық (табыстылық) ;
- активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудің нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар. [42]
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділік коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент және аудиттің элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың қаржылық есебін пайдаланушылардың барлығы дерлік өз мүдделерін оңтайландыру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылық талдаудың нәтижесін қолданады.
Сурет 1. - Қаржы ресурстарының құрамы
1. 2 Кәсіпорын қаржысының процесі мен перспективасы
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: жету- кәсіпорын оны өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың несие ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыр-нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді [15]
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz