Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙ ТЕРМИНДЕР МЕН СИМВОЛДАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

КІРІСПЕ
7

1.КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА СЫНДА ҰЙЫМДАСУЫ
10
1.1 Кеден органдарының басқарылуы, бағыныштылығы
10
1.2 Кеден органдарының құрылымы, құқық қорғаушылық сипаты 22

2. НЕГІЗГІ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ КЕДЕН САЛАСЫНДАҒЫ
ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 28
2.1 Экономикалық контрабанда және кеден төлемдері мен алымдарын
      төлеуден жалтару
28
2.2 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген
      заттардың контрабандасы
36
2.3 Кеден органдарының қызметін ұйымдастырумен, есірткі
      контрабандасын айқындау
43

3.КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСІРТКІ КОНТАБАНДАСЫМЕН КҮРЕСУДЕГІ РӨЛІ

49

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР МЕН СИМВОЛДАРДЫҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

ҚР – Қазақстан Республикасы
АК – Азаматтық кодексі
ҚК – Қылмыстық кодексі
АІЖК – Азаматтық іс жүргізу кодексі
Қаз. КСРО – Қазақ кеңестік социолистік республика одағы
КО – Кеден органы
ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ГФР – Германия федеративтік республикасы
АХАТ – Азаматтық хал актілерді тіркеу
АҚШ – Америка құрама штаттары
РФ – Ресей Федерациясы
ПО – Полиция органдары
ҰҚО – Ұлттық қауіпсіздік органы
СПО – Салық полициясы органы
т.б. – тағы басқа
т. с. с. – тағы сол сияқты
ж. – жыл

Кіріспе

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:Соңғы кезде кеден саласында жоғары білікті
мамандар дайындау маңызды мәселеге айналып отыр. Бірақ бұл іске осы саланың
ғылыми – теориялық, практикалық мәселелерін ашып көрсететін оқулықтардың
жетіспеуі, әсіресе мемлекеттік тілдегі жазылған оқулықтардың тапшы болуы
кедергі болуда.
Демократиялық, құқықтық қоғам құрып жатқан Қазақстан мемлекетінің
түпкі мақсаты – қазақ халқының және оның төңірегіндегі топтасқан ұлттық
топтардың тәуелсіздігін баянды ету, мемлекеттілігін саяси – экономикалық,
әлеуметтік тұрғыдан нығайту, дамыту, көркейту.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстан мемлекетінің ішкі және сыртқы
функцияларының бүкіл мәні – Қазақстан халқын, мемлекетін, қоғамын қорғауға,
оны жан – жақты өркендетіп, дамытуға, халықтың әл – ауқатын, білімін,
біліктілігін арттыруға барып тіреледі. Бұл туралы Президент Н.Ә.Назарбаев
өзінің Қазақстан 2030 атты жолдауында: Сондықтан ұзақ мерзімді кезең
жайында айтқан кезде, мен мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің
мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының
экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Баршама қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігімен әл – ауқатының
артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне,
осылар деген еді.
Сонымен қазіргі Қазақстанның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық
идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат – мұратынан,
ішкі, сыртқы мемлекеттік функцияларын жеткілікті дәрежеде орындауға деген
қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы жаңа қарым – қатынастарды соңғы,
қазіргі заманғы демократиялық ұғым – түсінік тұрғысынан реттеуден, жалпы
қазақ мемлекетінің негізін қалаған идеялар мен принциптерден туындап,
соларға сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып отыр. Соған сәйкес өз іс
- әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір бөлігін қамтитын, оның
бірқатар стратегиялық мақсаттарын, ішкі – сыртқы, экономикалық, кеден
саясаттарын жүзеге асыратын атқарушы биліктің бір тармағы болған, кеден
олгандарының, мемлекеттік басқарудың маңызды буыны екені сөзсіз. Кеден
органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық мәртебесі, іс -
әрекетінің әдістері мен түрлері, құзыреті т.б мәселелерін осы тұрғыдан яғни
Қазақстан мемлекетінің нақты кезеңдегң өркендеуі дәрежесінен, белгілі
мерзімдегі қажеттіліктерге орай кеденнің тактикалық міндеттері мен мақсаты,
функцияларының іске асырылуы тұрғысынан қарастырып отырудың маңызы зор
екені сөзсіз.
Соңғы кездегі халықаралық терроризм қаупі, есірткі тасымалының, заңсыз
миграцияның күшеюі, Қазақстанның әсіресе оңтүстік шегіндегі геосаяси
ахуалдың шиеленісуі, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанда содырлар
топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни көзқарастарды
насихаттаудың өршуі, көрші елдермен шекараны айқындау, нақтылау,
делимитизациялау, демаркациялау – осы жағдаяттардың бәрі Қазақстанның
мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекарасын белгілеу, шекараны
қорғау, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, ішкі қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай
– ақ елді халықаралық аренадағы белсенді әрекеттер арқылы саяси қорғау
мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге итермелеп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан
мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен қорғау ғана емес, сондай – ақ
оның әскери күштерін дамыту, шекарасын әскери – кедендік қорғау бойынша да
нақты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс, шекара, көрші елдермен сауда –
саттық, татулық қарым – қатынастары тұрғысынан алғанда қазіргі кезеңде
кеден органдарының іс - әрекетінің маңызы артып және оған мемлекет
тарапынан, қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр. Республика Президенті
Н.Ә Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс - әрекетінің, көрші елдердің
мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің және сол кездесулерде
жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан мемлекетін саяси, экономикалық
тұрғыдан қорғау, сенімді серіктестер табу, сыртқы қауіп – қатермен көрші
мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаста отырып күресу болғандығы белгілі.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТІ: 2001 жылы сәуір айында Кеден Комитеті
төрағасының Президент Н.Ә. Назарбаев кеден органдарының жай – күйі, іс -
әрекеті жөнінде баяндап бергені белгілі. Осы кездесуде Президент Н.Ә.
Назарбаев Республиканың кеден органдарының алдына алты міндет қойды. Олар:
1. бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бойынша болжамдалған міндетті
сөзсіз орындау;
2. кеден органдарын автоматизациялау бағдарламасын бітіру және іске
қосу, нормативті – құқықтық базаны жүйелеуді аяқтау;
3. кеден органдарының Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі
бағдарламасыны қатысуы.
Қазақстанның жер аумағы үлкен, ал халқының саны аумағымен салыстыра
алғанда аз. Бұл жағдаяттарды әлемнің басқа мемлекеттерімен салыстырып
көретін болсақ, дүниедегі көптеген мемлекеттің хадқы да аз, жер аумағы да
кішігірім. БҰҰ – ға мүше мемлекеттердің жартысынан көбінде халық саны 10
миллионнан аспайды. Жер шарының 40 мемлекетінің әрқайсының 5 миллиондай
ғана тұрғындары бар, ал 15 елдегі халық 1 миллионнан аспайды. Қазақстанның
кедендік шекарасының ұзындығы 14320 шақырым, соның ішінде 2000 шақырымы
аумақтық сулардың жағалаулары арқылы өтеді екен. Ал кеден органының жеке
құрамында 5000 адам бар. Әрине, кеденшілердің саны аз болғандықтан мұндай
ұзындықтағы кедендік шекараны толық жабуға адам саны жетпейді. Сондықтан
қазіргі таңда кеден органдары құрылымдарын одан әрі дамыту, олардың
жұмысында компьютерленген, автаматтандырылған технологияларды кеңіне
пайдалану қажеттігі туындады.
Қазақстанның жер аумағының үлкен, халқының аз болуына байланысты оның
шекара шебіндегі әрбір адамды, техника мен үй – жайларды тиімді пайдалану
қажеттігіне байланыты, біздің пікірімізше, Қазақстанның кеден органдарының
өздеріне тән құқық қорғаушылық, экономикалық, фискалдық сияқты дәстүрлі
функцияларымен қоса белгілі дәрежеде әскери қорғаушылық та маңызы бар.
Сонымен бірге, кеден органдарына кейде заңсыз миграциямен күресу
сияқты дәл келден функцияларына енбейтін әрекеттермен шұғылдануға тура
келуде. Бұл Қазақстанның кеден қызметінің басқа дамыған мемлекеттердегі
кеден органдарымен салыстырғанда кейбір ерекшеліктерге ие екенін
айқындайды. Бұл мәселелердің барлығы құқықтық тұрғыдан, мемлекеттік
органдардың іс - әрекеті тұрғысынан талданып, ғылыми зерделеніп қана
қоймай, кейбір жағдаяттарда заңдық көрінісін тауып, құқық кеңістігіне
шығып, кеден органдары қызметкерлеріне кейбір қажетті, қосымша өкілеттіктер
беруге мүмкіндік жасауға болады деп есептейміз.
ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІСІ: Кеден органдарының қызметінің
Қазақстан республикасында ұйымдасу мәселесі болып табылады.
ЗЕРТТЕУ ПӘНІ: Кеден органдарының қызметінің ұйымдасу жүйесі болып
табылады.
ЖҰМЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ: қазіргі таңда кеден органдары
құрылымдарын одан әрі дамыту, олардың жұмысында компьютерленген,
автаматтандырылған технологияларды кеңіне пайдалану қажеттігі туындады.
ЗЕРТТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1.МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІК КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ

1.1 Кеден органдарының басқарылуы, бағыныштылығы.

Кеден органдары құқықтық мәртебесінің мәселелерін қарастыра отырып
оның қазіргі зерттелу дәрежесіне назар аударып, осы мәселелер талданатын
еңбектерін, онымен шұғылданып жүрген аторларды атап өткен жөн. Мұның өзі
бұл тақырыпты оқып – үйреніп немесе онымен шұғылданып жүрген
зерттеушілердің өздеріне қажетті әдебиеттерді оңай табуына, дұрыс бағыт –
бағдар алуына көп көмегін тигізеді.
Кеден органдарының іс - әрекетіне құқықтық негіз болған кеден
құқығының теориялық мәселелері Қазақстаннның құқық жүйесіндегі орны мен
рөлі, оған халықаралық кеден құқығының әсері, т.б. мәселелері бірқатар
қазақстандық авторлардың, соның ішінде С.О Ушурованың, Е. Виболдың, С.Т
Әлібековтың диссертациялық еңбектерінде зерттелген. Сонымен Қазақстаннның
кеден органдарының құқықтық мәртебесінің конституциялық негіздері С.К
Укиннің диссертациялық еңбегінде қаралып, онда кеден органдары іс -
әрекетінің нормативтік – құқықтық базасын Конституция принциптері
негізінде жетілдіру, кеден тәртібінің бұзылуына құқықтық сипаттама беру,
кеден жұмысында қолданылатын құқықтық – нормативтік актілердің
Конституцияға сәйкестігі, т.б. мәселелері ғылыми – теориялық тұрғыдан
талданған.
Кеден құқығы, кеден заңнамалары сандық және сапалық тұрғыдан құқықтың
өте шапшаң өсіп келе жатқан саласы болғандықтан және соңғы кезеңде кеден
саласына мемлекеттік басқару органдары, сондай – ақ Қазақстан қоғамы ерекше
назар аудара бастағандықтан құқықтың осы саласына назар аударушы, оған
қызығушы, зерттеп – зерделеп, ғылыми теориялық еңбектермен шұғылданушы
қазақстандық заңгерлер мен ғалымдардың саны, олардың кеден саласына
арналған жұмыстарының саны мен мапасы күрт өсуде.
Сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басында Еуразия
құрлығының үлкен бөлігінде тотолитарлық империя – КСРО – ның қирауы, оның
аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылу процесі жүріп жатты. Бұл өте
күрделі процесс болып, белгілі бір мерзімді қамтыды. Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет ретіндегі құқықтық негіздерінің жасалуы оның КСРО құрамында болған
дәуірінен басталды. 1990 жылы жарияланған Қазақстан Советтік Социалистік
Республикасының мемлекеттік егемедігі туралы Декларациясы және 1991 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
конституциялық Заңы мемлекттік тәуелсізліктің құқықтық негізлерін қалады.
Сонымен, әлемнің геосаяси картасында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеті
пайда болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында биліктің негізгі
көзі халық екендігі аталған. Сондықтан, Қазақстан мемлекетіндегі
мемлекеттік биліктің қайнар көзі – оны мемкендеуші, өз атамекенінде өмір
сүріп жатқан қазақ халқы және басқа да ұлттық топтар болып табылады. Қазақ
мемлекеттігінің өркендеуінің басты бағыты – Қазақстанда өмір сүретін
халықтың егемендігін, тәуелсіздігін, жер аумағын қорғау, елдің экономикалық
өркендеуіне жол ашып, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне
айналдыру.
Қазақстан Республикасы бұрынғы КСРО – ың құрамындағы Қазақ КСР – інің
жер аумағында құрылған мемлекет болғанымен, ол мүлде жаңа негізде, өзге
философиялық, демократиялық және этникалық тұжырымдарға негізделген
мемлекет.
Философия ғылымының басты бағыттарының бірі қоғамның идеалды
модельдерін жасау және оның жүзеге асу жолдарын іздестіру екені белгілі.
Ал, Қазақстан мемлекетінің құрылуы мен дамуына қазақ халқының ықылым
заманнан бергі қалыптасқан қоғам мен мемлекеттік билік туралы философиялфқ
көзқарастары негіз болды. Қазақстан мемлекетінің этникалық негіздеріне
келсек, ол қазақ ұлтының өз тәуелсіз мемлеккеттігін құруға деген ынта –
ықыласы, сондай – ақ қазақ жерін мекендеген бүкіл ұлттық топтардың ынтымақ
– бірлігі.
Адам қоғамының тарихи даму процесі тұрғысынан алатын болсақ, бірін –
бірі ауыстырып отыратын мемлекеттердің типтері, соған сәйкес құқықтың да
типтері болатынын байқауға болады. Яғни, әрбір мемлекет өзінің мәні мен
бағытына сәйкес, өз құқық жүйесін және де сол құқық жүйесіне негізделген
төл мемлекеттік басқару органдары құрылымын қалыптастырады. Үш жүз жылдың
отаршылдық кезеңнен соң өз мемлекеттігін қайта қалпына келтірген тәуелсіз
Қазақстан да жаңа құқықтық негізде жұмыс істейтін мемлекеттік басқару
органдарын қалыптастыра бастады. Сол мемлекеттік атқарушы билік
органдарының маңызды бір буыны – кеден органдары.
Кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрамдас бөлігі
болғандықтан, өзінің нақты қызмет ету аумағына, өз құзіретіне ие болып
отыр.
Заңдық түсініктер заңдық құбылыстың мәнін ашатын қысқа анықтаулар
екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оныңіс - әрекетінің құқықтық
негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдар жүйесіндегі орнын
анықтауды еліміздің Конституциясында белгіленген атқарушы биліктің іс -
әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады.
Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен,
Конституцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс - әрекетінің
негізгі параметрлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет
ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас
идеялары мен қағидалары айқындалған.
Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезеңде
мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып,
оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп
келгенде, кеден органы түсінігінің өзі жаңаша мәнге ие болуда. Жалпы
кеден органы түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару
жүйесіндегі орны және нақты тарихи кезеңдегі атқары отырған қызмет аумағын,
функциясын да есепке алу керек. Себебі, әрбір тарихи кезеңде кеден органы
түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер, оның
құзыреті, құрылымы, іс - әрекетінің әдістері мен түрлері т.б. параметрлері
үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресі, мемлекеттің құрылу,
қалыптасы дәуіріне тән.
Әрбір басқару органнның мемлекеттік механизмі құрамында белгілі бір
саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысы құрылатыны белгілі.
Кеден органын құрудағы басты мақсат – мемлекеттің кедендік егемендігін
қорғау, мемлекеттің дербес кеден саясатын жүргізу десек, кедендік
егемендік ұғымы аясанда кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар енетінін
байқауға болады. Жалпы егемендік мемлекеттік биліктің халықаралық қатынас
саласындағы тәуелсіздігін, сондай – ақ ел ішіндегі өзге де биліктерден
тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік
басқару механизімінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзыреттілік
аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.
Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің
тәуелсіз кеден саясатын жүргізуі болып табылады. Қазақстан Республикасының
кеден кодексінде Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары:
- Қазақстан нарығын қорғау;
- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
- Экономиканың дамуын ынталандыру;
- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
- Бәсекені ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті
ынталандыру;
- Шетел инвестицияларын тарту;
- Сауда саясаты міндеттерін шешу;
деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден
саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқа да
құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге
асырылады. Демек, мемлекеттік кеден саясатының іске асырылу жолдарын,
бағыттарын: Президент, Парламент, Үкімет т.б. басқару органдары анықтайды.
Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық,
жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел
инвестициясын тарту мәселесі кеден органдары қызметі аумағынан шығып кетеді
және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді
жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан
Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан
туындап, өзгеріп, дамып отырған күрделі, кешенді түсінік деуге болады.
Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметрлерін ішкі
экономикалық субъектілердің потенциялдық іс - әрекеттер мүмкіншіліктерін
есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалық кеңістігінде құбылыстарды өзара
үйлестіре отырып Үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері
Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады,
сондай – ақ ағымдағы іс - әрекетте Үкіметтің қаулылары, ережелері т.б.
арқылы жүзеге асып отырады.
Дегенмен, мемлекеттік кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы
ретінде іс - әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс - әрекет аумағы
мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік
шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік
бақылау жасайды; келісім шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары
шеңберінде экспорт және ипорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік
бақылау жасайды; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар,
төлемдер мен алымдар алып отырады, мемлекеттік кеден заңдарын бұзған заңдық
және жеке тұлғаларға жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. осы
міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол
мемлекеттік механизмнің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік
және мәжбүрлеушілік өкілеттікке ие болады
Кеден органы түсінігі және оның өзге де мемлекеттік органдар
жүйесіндегі орны туралы сөз болғанда бұл органдардың басқарылуы – яғни,
белгілі бір министрліктердің, әдетте, қаржы, кіріс немесе күштеу
ведомстволары құрамына енуі немесе Президентке, Үкіметке тікелей бағынып,
жеке орган ретінде әрекет етуі жағдайларына көңіл бөлуі маңызды болмақ.
Тәуелсіздік алғаннан бергі он жыл ішінде кеден органдары күрделі
ұйымдастырушылық – құрылу, қалыптасу дәуірін бастап өткерді. Қазақстан
Республикасында дербес кеден саясатын жүргізетін кеден органы 1991 жылдың
12 желтоқсанындағы Президент Жарлығы бойынша құрылды. Бұдан кейінгі қайта
құруларды тізбектесек:
- 1995 жылдың сәуірінде Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті;
- 1995 жылдың қазан айында өз мәртебесі бойынша Үкіметтің құрамына
кірмейтін, бірақ оған бағынатын Қазақстан Республикасының Кеден
комитеті;
- 1997 жылдың қаңтар айында Мемлекеттік кіріс министрлігіне берілді.
Кеден органы осындай қайта құрулардың тізбегіне ұшырап, оның үстіне
әр жыл сайын дерлік оның басшылары өзгеріп отырды. Мұның өзі
республикамыздың кеден органдарының құрылымдық қалыптасуына, тәжірибе
жинақтап, елдің кеден аумағын толық қамти қадағалауына кері әсерін
тигізгені сөзсіз. Әрқилы деректерге сай республикада кеден құрудың бастапқы
жылдары елге әкелінетін тауарлардың 50 пайыздан 80 пайызға дейінгі
котрабандалық жолмен әкелінген деген мағлұматтар бар. Әрине, котрабандалық
жолмен шекарада өткізілген тауарлардың дәл мөлшерін анықтау мүмкін емес.
Дегенмен, контрабанданың өте үлкен мөлшерге жеткенін кеден органдары
басшылары да мойындауға мәжбүр болды. 1998 жылы 15 қаңтарда Тараз қаласында
сол кездегі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетінің
төрағасы Ғани Қасымовтың Кеден органдарының 1997 жылғы жұмысының
қорытындыларына арналған баяндамасы ...Немене, контрабанда азайып кетті
ме? Ешқандай да. Контрабанда гүлденіп тұр! Фактілердің өзі осыны көрсетуде,
тек қана екі аптаның ішінде Маңғыстау облысында 50 млн. Теңге сомасындағы
контрабандалық жүк тиелген 54 автомашина ұсталды деген еді. Екі аптаның
ішінде бір облыстан осынша контрабандалық жүк ұсталғанда, республика
көлемінде қанша жүк кеден төлемін төлемей тасылғанын болжамдау қиын.
Контрабандалық тауар массасының, әсіресе, кеден органдары алғашқы құрылған
жылдары өте үлкен мөлшерде болуының себебі мемлекеттік басқарудың, бақылау,
тексеру органдарының әлсіздігінен, жетіліспегендігінен, осы органдарды ылғи
қайта құра берудің кесірінен, кеден құрылымдарының кедендік шекараны
толық жабатындай болып дамығандығынан, кеден қызметкерлерімен бірге
жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарының жетімсіздігінен, жалпы, қоғамда орын
алған құқықтық нигилизмнің әсерінен болды деп ойлаймыз. Бұл аталған
кемшіліктерді жою үшін соңғы кезеңде бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Әрине, кеден органдарының құрылымдарын, басқару жүйесін жоғарыдағыдай
қайта – қайта өзгерте берген дұрыс емес. Дегенмен белгілі бір уақыт
кезеңдерінде төңіректегі геосаяси жағдаяттардың, сондай – ақ мемлекеттегі
әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай кеден органдарын басқару,
құрылымдарын жетілдіру мәселелерін талдап, тиісті құрылымдық басқарушылық
өзгерістерді енгізіп отыру керек деп ойлаймыз. Яғни, орталық басқару
органдары жүйесінде кеден органдарының нақты қатып қалған орны, бағыну
моделі болуы мүмкін емес, оның орны әдетте нақты жағдаяттарға сай
анықталады.
1998 жылдың 12 қазанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын әрі қарай реформалау туралы
Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
құрылып, республиканың кеден органдары осы министрліктің қарамағына
берілді. Республикамыздың Кеден крмитетінің Мемлекеттік кіріс
министрлігінің қарамағында жұмыс істеуі оның іс - әрекетінің фискалдық
бағытына басым мән беріліп отырғанын көрсетеді. Әрине, кеден органдары іс -
әрекетінің регулятивтік және қорғаушылық аспектілерін есепке алсақ, ол
құрылымдық жағынан Мемлекеттік кіріс министрлігіне емес, күштеу
ведомстволарына бағынуы мүмкін еді.
Мемлекеттік Кіріс министрлігінің алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасының фмскалық және кеден саясатын
қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыру;
- кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру;
- өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін, мүддесін қамтамасыз ету;
- бюджетке салықтар мен төлемдердің және басқа да мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттердің түсуін қамтамасыз ету;
- алкоголь өнімдерінің өндірісіне және айналымына мемлекеттік бақылау
жасау;
- мемлекетке шығын әкелетін экономикалық қылмыспен және құқық
бұзушылықпен күресу;
- экономикалық қылмыспен күресу саласында халықаралық
ынтымақтастық
Арнайы және қызмет ететін халықаралық ұйымдар- Бүкіләлемдік сауда
ұйымы, Бүкіләлемдік кеден ұйымы және т.б. бір мезгілде міндеттемелерді
орындай отырып,белгілі бір мақсатқа жету жолында мүшелікке
кірген,планетамыздың көптеген елдерін құрамына алып,біріктіреді. Бұл
мемлекеттердің мемлекеттік басқаруына тән өзінің ішкі және сыртқы мүдделері
болады.
Егемендегі Қазақстан саласы кеден ісі
ретінде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түріндегі ішкі
және сыртқы сяасаттың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Монополиялық мемлекеттік ретке келтіру
мәселелеріне кеден саласы ,кеден саясаты, кеден ісі, кедендік әкімшілік
ету,кеден заңдылықтарының нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтарымен
сәйкестендіруі құқық қолданушылық тәжірибесіне сәйкес мамандарды кәсіби
дайындау, қоғамдағы құқықтық нигилизмді жою жатады.
Кеден ісі және кеден саясаты негізгі институт
және қолданыстағы құқығы ретінде мемлекеттің осы сала қызметінің қазіргі
жағдайын және тұтас алғандағы кеден кеден саласының мәселелерін көрсетеді.
Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға
қолданылатын біріңғай кедендік төлемдер жүйесін құру жолымен іске
асырылатын кеден саясатын мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінің
бір бөлігі ретінде қарастыра отырып,жалпы мәселелерінің , кеден саясатының
мақсаттары мен кеден ісінің жөнге қойылуының және кеден сааласының
маңыздылығын байқауға болады. Кеден шекарасының жалпы ұзындығы 13 мың км;
оның ішінде Ресеймен 7000 км, Өзбекстан мен- 2000 км, Түркістанмен- 400км,
Қырғыз Республикасымен- 1000 км астам, Қытай мен – 1700км. Теңіз шекарасы-
1700 км ұзындықты алып жатыр. Кеден заңдылығымен
қарастырылған 40 кеден режесін бұзу, сондай –ақ ҚР Қылмыстық кодексінің
209,214 және 250 баптары кедендегі заң бұзушылықтарды барынша қамтығанымен,
Қазақсатн халықтарының және шетел мемлекеттерінің шекарасынан алынып
кетілген көркемдік, тарихи және археологиялық мұраларын қайтармау сияқты
құқық бұзушылықтар назардан тыс қалдырылған.
Кеден заңы халықаралық
нормалардың жетістігіне негізделетіндіктен, кеден заңының зор болашағы және
қорлары бар; құқық қолдану тәжірбиесін жетілдіру қажет. Мемлекет сондай-ақ
кедендік қатынастардың басқа да қатысушыларының қызметінің мүдделеріне сай
кеден реттеулерінің қажеттігіне байланысты айтарлықтай айқындалған
бағыттылығына ие болуы қажет.
Осыған орай Қазақстан ғылымдарының еңбектері
кеден құқығының әдіснамалық негіздерін, пәні мен құқықтық реттеу тәсілін,
осы құқық саласыныңжүйесін,қағидалары мен құқықтық институттарын зерттеуге
және оның қайнар көздері мен өзге де мәселелеріне арналған.
Кеден құқығы мемлекеттік және басқа кеден ісіне қатысушылардың
мүддесін қорғайтын айтарлық анық бағытқа ие болуы тиіс. Бұл бағыттар ең
тиімді кедендік әкімшілік етуді немесе кеден шекарасынан өткізетін
процедуралар мен бақылау қызметтерін,кеден режимін анықтауда кеден
төлемдерін есептеу мен алуды, кеден рәсімдеуін, кеден бақылауын жүзеге
асыруды, жауапкершілік мәселелерін жүзеге асыру кезінде белгіл бір
жариялылықты талп етудің түрлерін айқындауы қажет.
Кеден заңында қарастырылатын кедендк әкімшіліктендірудің
делдалдық қызметін пайдалану нысаны (кеден брокері немесе кеден
тасымалдаушысы) , кеңес және ақпарат беру, кейбір процедуралар мен
қызметтерді жеңілдету сияқты мұнда шынында, кеден органдарының
өкілеттілігінің бір бөлігін басқа ұйымдарға беру әр түрлі бұзушылыққа және
қиянат етушілікке алып келуі мүмкін.

Кеден саласында психологиялық, әлеуметтік,физиологиялық және басқа да
криитерийлерді ескере отырып таңдап алынған жоғары білікті мамандар еңбек
етуге тиіс. Қоғам мен азаматқа өркениетті түрдегі қызмет етуі үшін кеден
саласына мемлекет тарапынан оның қажеттіліктеріне қызу көңіл бөлуге
тұрарлық. Конституция (1995) жаңа мемлекетіміздің негізін қалап, қоғамдық
дамудың бағыты мен ретін анықтауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік биліктің
құрылуына жол ашты.

Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына арналған баяндамасында ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаев экономикалық реформа және заңмен қамтамасыз ете
алатын , ішкі саяси процестерді тұрақтандыратын елімізді тұрақты,
мирасқормемлекеттік билік институты құрылғандығын және Азаматтық кодекс,
салық кодекс, Жер туралы заң, ипотека, мемлекеттік қызмет сияқты
экономикалық реформаларды іс жүзіне асыратын заңдардың бірқатарын атаған
болатын.

Мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын заңдарды
кешенді әр жүйелі түрде жетілдіруді жүзеге асырсақ, айтылған мәселелерді
шешуге қол жеткізе аламыз.

Президентімі Н.Ә. Назарбаев Парламент қызметі туралы айтқан сөзінде
еліміздің заң шығарушы органдарының бүгінгі күнінде кодекс түріндегі
жинақталған, кодталған кешенді актілерді қабылдауға ерекше көңіл аударып
отырғанын алға тартады.

Кеден құқығы егеменді Қазақстанда мемлекетіміздің сыртқы экономикалық
қызметінде жаңа құрал болып табылады.

Кеден саласы мемлекет қызметінің монополиялық саласы ретінде кеден
мүддесі мен мемлекет қызметіне сай келіп,өз құрылымына кеден саясаты мен
кеден ісін енгізген.

Бұл жағдайда Республиканың егемендігін , қауіпсіздігін экономикалық
мүдделерін қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметімен байланысты
қоғамдық қатынастарды реттеуге қажетті саласы кеден құқығының пәні болып
табылады.

Кеден саласының басқа бір элементі- кеден саясаты- тұтастай ішкі және
сыртқы саясаттың өзіне тән мақсаттары бар. Заңдар негізінде оны мемлекет
саясатының ішкі және сыртқы құрама бөлігі ретінде қарастырғанымен , кеден
саясатының кейбір мақсаттары, біздің ойымызша кеден саласының шеңберінен
шығуы мемлекеттік басқарудың басқа салаларымен өзара тығыз байланысы мен
оның маңыздылығын көрсетеді. Мемлекеттің бірыңғай сыртқы экономикалық
қызметінің жүйесін қалыптастыру 1990 ж. 15 желтоқсанда “Қазақ ССР сыртқы
экономикалық қызметінің негізгі қағидалары туралы” Қазақ ССР заңымен
қарастырылған.

Одақтас республикалар өзара келісімінсіз тауарлар мен қаржы
ресурстарын әкелу мен әкетуге шектеу қоюға, өз аумақтары арқылы жүк
транзитіне бөгет жасауға, басқа мемлекеттің азаматтары мен заңды
тұлғаларындағы меншігіндегі ақшы және мүлік құралдарын өткізуге кедергі
келтіруге, кеден төлемдерін енгізуге тыйым салынды. Кедендік, сондай-ақ,
әрекет етуші тетіктердің болмауы Қазақстаннан әр түрлі шикізаттар мен басқа
да тауарлардың кедергісіз әкетілуіне әсер етті, оларды әкетуге рұқсат және
лицензия болғаннын өзінде, Қазақстан тиісті бөлінген валюталық аударымдарды
алмады. Сонымен қатар бұл үрдісті тоқтатуға республикалық мемлекеттік
органдар дәрменсіз болады.

Кеден салсы , 1991 ж 16. Желтоқсандағы ҚР тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заңында да атап өтілгендей , еліміздің экономикалық негізін
нығайту үшін құрылған объективті қажеттілік. Басты бағыт ретінде қаржыц-
-несиелік ақша жүйесін, республикалық кеден және салық жүйелерін құру
құқығы анықталды.

Кеден жүйесі кең мағынасында, қалыптасу барысында қазақстандық кеден
құқығын дербес салаға айналдыратын қажетті заңды негіз қалап келеді.

Кеден құқығы мен кеден саласының дамуында кезеңдік бөліну 1995 жылғы
20 шілдедегі “ҚР кеден ісі туралы” Президенттің заң күші бар Жарлығы мен
көрінді.

Ең маңызды мәселелер қатарына басқа қазақстандық құқық салалары мен -
әкімшілік, салықтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қаржылық, еңбек
құқықтары мен үйлесімі жатады.

Мемлекеттік құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланысты
қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия,
экология, көлік және т.б. салаларды атауға болады.

Қазақстан төмендегі қызмет түрлері енетін табиғи монополиялар сласын;
құбыр жүйесі магистралімен мұнай өнімдері мен мұнайды тасымалдау,
магистралды және таратушы құбыр жүйелерімен газ бен газ конденсатын
тасымалдау, жылу және электр энергиясын беру мен бөлу, темір жол
магистралінің эксплуатациясы; әуе жай, порттарда, әуе- навигациясы қызметі,
жергілікті байланыс жүйесін пайдалану мен телекуманикация қызметі; пошта
байланысы қызметі; заңмен бекітілген басқа да қызметтер түрін жатқызады.

ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарының негіздеріне кеден ісін құқықтық,
экономикалық және ұйымдастырушылық реттеу принциптері анықталған. Сонымен
қатар негіздерге қайшы келдметін нормалар енгізуге рұқсат етілген. Бұнда
кеден саясатының мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас
бөлігі екендігі бас айтылған.

Кеден саясаты кеден ісімен қатар кеден құқығының пәнін құрайды.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде оның
экономикалық сипаттағы өзіндік заңды түрде анықталған мақсаты бар. Бірақ,
біздің көз қарасымыз бойынша, шетел инвесторларын тарату, экономиканы
құрылымдық жағынан қайта құруға ықпал ету, монополияға қарсы күресті және
бәсекелестікті қолдау кеден саласы мақсатына енбейді. Сондықтан да кеден
ісінің мүмкндігіне орай кеден саясатының нақты мақсатын айқындау қажет.

Кеден саясатының мақсаты мен міндеттерін орындаудың жетістігі кеден
реттеуі әкімшіліктендіру механизмі арқылы жүзеге асуы тиіс. Қазақстанның
сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту оны реттеудің тәсілдерін
өзгертуді талап етеді. Кеден саясатын реттеу, экономикалық әдістер, оның
ішінде, кеден бажы, салық және алымдар арқылы жүзеге асырыла бастады. Ал
реттеудің әкімшілік тәсілінің маңызы шұғыл төмендегенімен, олар сыртқы
экономикалық қызметтің белгілі салаларында сақталып, экономикалық реттеуге
қосымша қолданыс ретінде пайдаланады.

Қазақстанның ұлттық капиталы импорт тауарларына кеден салығын салудың
механизімі арқылы мемлекеттік қолдауға әзірше зәру отандық өндіріске
арналған мемлекеттік жағдайларды жасауда пайда болуы мүмкін. Алайда
Үкіметтің импортталатын тауарға баж салығын белгілеуге, олардың жиі
өзгеруі, жеңілдіктер енгізу бұл механизмді іске қосудың жақсы жағына бет
бұруына мүмкіндік туғызбайды.

Импортқа кедендік баждың көлемін белгілеуді халықаралық баға мен
ұлттық бағаның арасындағы айырмашылық объективтік қиындық болып табылады.
Біздің білетініміздей, дамыған мемлекеттерде ұлттық бағларға әсер ететін
өндірісінің деңгейінде үлкен айырмашылық болмағандықтан кеден бажының
деңгейі де біршама төмен. Ал дамушы елдерде отандық өндірушілерді қорғауда
ұлттық шығын жоғары болғандықтан, импорттық тауарларға едәуір жоғары кеден
бажы алынады.

Қазақстанның дамушы экономикасында, сондай-ақ экспорт маңызды рольге
ие. Экспертке салынатын кеден бажының экономикалық сипаты да басқаша. Ол
тауарлардың шектелген тізбесінен алынып, оның негізгі ұлттық шығын мен
әлемдік бағаның төмен болып алынуы шарт. Экспорт бажы сондай-ақ ежелгі және
өнер туындылары мен ұлттық мұраға жататын мемлекет татапынан
қаржыландырылатын интеллектуалды туындыларға салынуы тиіс.

Экспорт квотасынан және экспортқа салынатын салқтан бас тартуы
мемлекет кеденінің экспорт мәмілесіне немқұрайлы қарау деп түсінбеуіміз
керек.

Мемлекет тарапынан экспорт-импорт валюта бақылауының күшеуюі
мемлекеттің кеден органдарына сыртқы экономикалық операцияларды бақылап
отыруына мүмкіндік береді.

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге экономикамыз
табысты қызмет етіп қарқынды даму жағдайларын жасауды жатқызуға болады, ол
үшін қолайлы жағдайда өндірушілерген өндіріс ресурстарына кеңінен жол ашып
өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндк беру қажет.

Сонымен қатар сыртқы саудада кеден органдарына реттеуші роль
жүктелген. Қазақстанның өтпелі кезеңдегі әлсәз тұстары кеңестік кезеңмен
мұраға қалған эконгмикалық құрылымның өзгеруі, экономикалық құрылымның
бәсекеге қабілетсіздігі, монополиялық және инфляциялық үрдістердің болуы,
ғылыми-техникалық потенциалымыздың әлсіреуі , басқару шешімдерін
қалыдағанда лоббизімнің болуы, заңдылығымыздың жалпы жетілмеуі ,
экономикамызда қылмыстық әрекеттің етек алуы және экономиканы басқару
аймағындағы сыбайлас жемқорлықтың етек алуы және т.б. салдарынан болып
табылады.

Өндірістік кешендерді шетелдік басқаруға жекешелендіру жолымен беру,
мемлекеттік акция пакеттерін сату жолымен экономикалық мемлекеттің
секторын шұғыл қысқарту жағдайды әзірше жеңілдете қойған жоқ. Сөз жоқ,
мемлекеттіміздің табиғи монополияларды анықтауға , қолда бар поненциялды
толық пайдалануға, нәтижелі мемлекеттік әкімшіліктендіруге , қоғамдық
қтаынастарды реттеуге , заңды әрекет етуші құралға айналдыруға заң
шараларын қолдануы қажет.²

Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттық туындысы ретінде сыртқы және
ішкі экономикалық қатынастардағы оқиғаларды ескеріп, оларға талдау жасау
негізінде орнын тапқаны дұрыс. Кеден саясаты жеке саясат ретінде кеден
саласы шекарасына әсер етеді , кедендік теорияны реттейді.

Кеден заңдылығы кеден саясатын жеке анықтамай , оның ішкі және сыртқы
саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мақсаттарын көрсетете отырып
қарастырған. Кеден саясаты ҚР –ның кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға
қатысты кеден төлемдерінің бірыңғай , мақсатты жүйесін құрып , жүзеге
асыратын мемлекеттік реттеудің сытрқы экономикалық қызметтегі бір саласы
болып табылады.

Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықты реттеуге және оны
импорттаушылардың әділетсіз бәсекелестігін қорғау, өндіріске шетел
инвесторларын тартып , ынталандыру, отандық тауар өндірушлерді ауыр
салықтан босату, шикізатты елден шығаруды ретке келтіру, импорттың ыңғайлы
құрылымын құру, тауарлар экспорты мен қызмет көрсетуден келген валюта
түсімдерн қамтамасыз ету, Қазақстан капиталының шығуына бақылау жасауды
күшейту, кедендегі алаяқтық пен контрабандаға жол бермеу – осының бәрі
біздің кеден саясатының ретке келтіріліп жүзеге асырылуына байланысты.

Мұны кеден органдарының біздің экономикамызыдң нәтижелі қызмет етуі
мен оны ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғауға жауапты басқа да мемлекеттік
құрылымдар мен ақпараттық және іскерлік әрекеттің жөнге салу мен оңайлатуға
басты мән беріледі.

Бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде және әрекет етуші құқық
негізінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін осы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін,
өзара әрекет етуші күштермен, мемлекеттік олргандармен қатар кеден қызметі
де құрайды.

Сонымен кедендік реттеу мен сыртқы экономикалық байланысты бақылау
Қазақстанның егемендігін қамтамасыз етіп, экономикалық реформалық
стратегиямен қатар экономикалық қауіпсіздігіміздің тығыз үйлесімінде жалпы
өндірістің, рынокты шынайы жай-күйін ескере отырып кеден саясатындағы
арнайы тапсырмалар мен анық мақсатымызды шешуді басқа да басым
міндеттемелерді қамтамасыз ете алуы мүмкін.

Кеден тарифі таурлан мен өзге де заттарды Қазақстанның кеден аумағына
енгенде Қазақстанның кеден аумағынан шығарылғанда қолданылады. Бұл Заң
күшінің аумағы- ҚР біртұтас кеден аймағына жүреді, яғни әкімшілік аймақ
біртұтас кеден аймағы болып жарияланды. Заң бойынша кеден тарифін Президент
бекітуге тиіс болатын, алайда тәжірбиеде Үкімет бекітетін қандай да бір
кеден баждарын қосқан соң ғана тариф туралы айтуға болады.

Заңдық мазмұны бар кеден тарифі туралы 1991 жылдың 17 желтоқсанда
қабылданған “ҚР салық жүйесі туралы” Заңда жалпы мемлекеттік салықтар
қатырында (16-бап) айтылғын, ал кейінгі заңдарда кеден тарифі
көрсетілмейді.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатыстып кден баждарын ретке
келдіріп, оларды кеден тарифіне біріктіру Қазақстан ТМД елдерінің, Кеден
Одағының ішінде, ең алдымен, Ресейдің кеден тарифіне біртіндеп көшкенде
оңайлаған болар еді. ТМД интеграциялық комтетінің мәліметтеріне қарағанда,
Қазақстанда кеден баждарының 60 пайызға жуығы Ресейдікі мен сәйкес келеді,
дегенмен жалпы 15 мың таур түрлеріне қатысты тарифтерді қайта қарау керек.

Қазір тариф саясатына қатысты бірыңғай көзқарас туралы айту әлі ерте.
Қазақстанда кедендік- тарифтік саясат аталған “Кедендік тариф және 0,баж
салығы туралы” Заңда кедендік тариф Кеңестік міндеттері қатарында
баяндалды.

1.2 Кеден органдарының құрылымы, құқық қорғаушылық сипаты.

Кеден органдары құрылымдық жағынан бір – біріне иерархиялық
бағыныстылық қағидасымен біріктірілген біріңғай жүйе құрайды. Қазақстан
Республикасының кеден кодексінде көрсетілгендей кеден органдары жүйесіне:
- Қазақстан Республикасының орталық кеден органы;
- Кеден басқармалары;
- Кедендер;
- Кеден күзеттері енеді.
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
және қалыптасу процесі ең алдымен мемлекеттік шекараны шарттық – құқықтық
анықтау, белгілеу, делимитизациялау, демакрациялау процестерін жүргізумен
тығыз байланысты. Мемлекеттің кеден шекарасын нақты белгілеу, сол арқылы
кедендік шекарада орналасқан кедендер мен кеден бекеттері жүйесін жасау,
олардағы қызметкерлердің санын анықтау, жұмыс аумағын белгілеу, т.б.
процестердің бәрі ең алдымен көршілес елдермен арадағы мемлекеттік шекараны
келісім – шарттық, құқықтық негізде тану немесе танымау мәселесімен тығыз
байланысты.
Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдармен
бірлесе отырып атқарады. Кеден органдарының мемлекеттік органдар
жүйесіндегі орнын алдымен оның атқарып отырған қызметкерінің түрлеріне және
оның қайсы функциясына басым мән беріліп отырғандығына қарап анықтауға
болады. Кеден органдары өзінің фискалық, реттеушілік және қорғаушылық
қызметтеріне сай мемлекеттің басқа да атқарушы органдармен, банк жүйесімен
түрлі экономикалық субъектілермен, сыртқы экономикалық әрекетке қатысушы
жек және заңды тұлғаллармен қоян – қолтық қарым – қатынас жасайды.
Кеден органдары өзінің валюта бақылау қызметін Республиканың Ұлттық
Банкімен, жалпы банк жүйесімен бірлесе отырып атқарады. 1999 жылдың 5
ақпанынан бастап өз күшіне енген Қазақстан Республикасында экспорттық –
импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру туралы Нұсқаулықтың 6 – пунктінің 1
тармағында Қазақстан Республикасындағы валюта бақылауын валюта бақылау
органдары мен агенттері әрекеттігі заңдарға сәйкес өз құзіреті шеңберінде
іске асырады делінген. Осы Нұсқаулықтың 6 – пунктінің 4 – тармағына сәйкес
өз кезегінде Ұлттық Банкке экспорт – импорт валюта бақылауының нәтижелері
туралы ақпарат жіберіп отыруы, сондай – ақ Нұсқаулықтың 5 – тармағына
сәйкес есеп берілген айдың 5 күнінен қалдырмай банкілерге кеден шекарасы
арқылы тауарлардың іс жүзіндегі қозғалысы туралы ақпарат беруі керек.
Кеден органдары елдің миграциялық саясатына да қатысуы мүмкін.
Республиканың Ішкі істер министрлігінің Төлқұжат жұмысы және рұқсат
қағаздарын беру мен тіркеу бөлімдер кеден ережелерін бұзған адамдардың
мемлекет шекарасы арқылы сыртқа кетуіне және келуіне шектеу қоюына құқылы.
Кеден оргвандарының өкілетті лауазымды адамдары кеден ережелерінің
бұзылғаны байқалған жағдайда Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігінің 1993 жылғы 9 сәуірдегі хатына сәйкес Рұқсат қағаздарын беру
мен тіркеу жөніндегі аумақтық органдарға немесе республиканың ішкі істер
министрлігінің Төлқұжат жұмыстары және рұқсат қағаздарын беру мен тіркеу
басқармасына жазбаша ақпараттар беріп отыруына болады.
Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік шекарадағы кеден органдары, шекара
қызметі және көші – қон полициясы қызметтерінің өзара үйлесімді іс -
әрекеттерінде талдауды, зерделеуді қажет ететін бірқатар проблемелер бар.
Сондай – ақ осы мемлекеттік органдардың жергілікті жерлердегі құрылымдардың
іс - әрекетінің тәжірибесін, олардың кездестіріп отырған қиындықтарын
зерттеп – зерделей отырып, салааралық құқықтық – нормативтік базаны
толықтыру және жетілдіру мәселесіне де назар аудару қажет.
Менің пікірімше, мемлекеттік шекарамыздың кейбіп телімдерінде осы үш
мемлекеттік органның (шекара қызметі, кеден органдары және көші – қон
полициясы) қызметін өзара біріктіре, үйлестіре атқаратын арнаулы жылжымалы
бөлімшелер құруға болады деп есептеймін. Мұның өзі мемлекеттік басқарудағы
үнемділік және тиімділік принципін қолданудың бір көрінісі болып, шекарада
арнаулы жабдықталған үй – жай, құрал, көлік, адам ресурстарын барынша
тиімді, үнемді пайдалануға жол ашар еді. Қазіргі жағдайда Қызылорда
облысындағы қазақ - өзбек шекарасындағы кейбір кеден объектілері Қызылқұм
шөлінің ішінде елді мекендерден 200 – 300 км алыс қашықтықта орналасқан.
Қазақстанның шекарасының көп бөлігінің құрғақ, климаты қатал, шөл далада,
халық аз мекендеген өңірлерден өтетінін есепке алсақ, әрі кеден
органдарының, әрі шекара әскерінің, әрі көші – қон полициясының функциясын
біріктіре атқаратын жылжымалы жедел шекара бөлімшелері елді әскери,
экономикалық және заңсыз миграциядан қорғауда үлкен рөл атқаруы мүмкін. Әр
мемлекет өзінің атқарушы – билеуші, құқық қорғаушы органдарын, өзінің ішкі
– сыртқы географиялық, демографиялық, экономикалық, т.б. жағдаяттарын
есепке ала отырып, өзіне тиімді кесте бойынша жұмыс істеуіне болады. Басқа
мемлекеттердің органдарының жұмыс істеуіне болады. Басқа мемлекеттерінің
органдарының жұмыс істеу кестесін механикалық түрде көшіріп алу, көп
жағдайда мемлекеттің ішкі – сыртқы жағдаяттарына сай келе бермеуі мүмкін.
Жаңа тарихи кезең Республиканың кеден органдары алдына жаңа міндеттер
қоймақ. Кеден комитеті тарапынан кеден қызметін жетілдірудің Тұжырымдамасы
қарастырылып, оны іске асыру үшін кеден қызметін реформалаудың 2003 жылға
дейінгі бағдарламасы жасалды. Бағдарлама Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау
тауып, бекітілді. Бұл Бағдарлама бойынша Республиканың кеден органдарының
ұйымдастырушылық іс - әрекетіне негіз болған құқықтық – нормативтік базаны
Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар, келісімдер,
келісім – шарттарға толық сәйкестендіру көзделіп отыр. Бағдарламада басқа
да қажетті шаралар белгіленген. Олардың маңыздыларына тоқталсақ, біркелкі
коммуникативтік жүйемен қамтылған мемлекеттік кеден кеңістігін
қалыптастыру, ақпарттандыру және копьютерлендіру негізінде қазіргі заманғы
кедендік технологияларды енгізу арқылы кеденнің басқару құрылымын, сондай –
ақ инфрақұрылымын және оларды басқаруды жетілдіру, жалпы, мемлекеттегі
кедендік әкімшілікті жаңа міндеттер дәрежесіне сай көтеру болып отыр.
2000 жылдың қазан айындағы Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан, Ресей,
Тәжікстан мемлекеттері қауымдастықты құру туралы келісім – шартқа қол қоюы
мемлекетіміздің кеденшілері алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның ішінде
біркелкіленген кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібін, сондай –
ақ біркелкі кедендік режимді қолданатын кедендік реттеу жүйесін жасау
міндеті нақты түрде экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер кеден
органдарына жүктелді.
Қорыта айтсақ, кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқару
механизмнің маңызды буыны болып, атқарушы билік органдары жүйесінде елдің
тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға қызмет етеді.
Мемлекеттік басқару 1995ж. 30 тамыздағы жалпы халықтық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. ҚР
Конституциясының 3- бабы бойынша мемлекеттік билік біртұтас және
Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылып, биліктің бөліну қағидасы
бойынша заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері тармақтарына бөлінеді. Кеден
органдары атқарушы билік тармағына қосылады. Қазақстан кеден мекемелеріне
қызметкерінде оның орталық органдарының үкімет құрылымдарына тәуелділігіне
байланысты қалыптасу кезеңдерін байқауға болады. Кеден комитетінің алғашқы
құрылу кезеңдег мақсаттары төмендегідей болды;
- өз құзыреті шегіде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- сауда-экономикалық қатынастарды кедендік реттеу жүйесін жетілдіру,
республикалық бюджетке кеден алымдарын, баждарын, салықтарын және
басқа төлемдерін енгізу;
- контрабандамен, кеден ережелері мен кеден салықтары туралы заңдарды
бұзу мен күресу;
- сыртқы экономикалық байланысты дамытуды қолдау;
- мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдар мен
азаматтарды кеден ісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- сыртқы экономикалық қызмет саласында мамандарды дайындау, қайта
даярлау және біліктілігін көтеруге қатысу;
- республикамыздың кеден ісі саласында халықаралық ынтымақтастыққа
қатысуын қамтамасыз ету;
- оның ішінде есірткі айналымы және психотроптық заттарды, қару-
жарақ, мәдени және тарихи мұралардың,интеллектуалдық меншік
объектілерінің заңсыз айналымының алдын алу.
Кеден органдарының мақсаттары кеден құқығының кеден саясаты, кеден ісі
және кедендік әкімшілік ету сияқты қажеттіинституттарын қамтыған. Сонымен
құқық қорғау мақсаттарынан басқа : кеден саясатын жасау және өткізуге
қатысу ҚР заңдылығымен кеден ісін сақтауын қамтамасыз етуі кеден ісін
жүзеге асыру кезінде азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғау, өз
құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздік пен экономикалық мүдделерді алу,
экономикалық саясат шараларын жасауға қатысу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін жетілдіру
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Ішкі істер органдары
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы
Пәндер