Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны


Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны.
Жоспар
Кіріспе
- Қазақстан Республикасында Кеден құқығының қалыптасуы мен дамуыКеден құқығының пайда болуы және даму жолдарыКеден құқығының кешенділігі; кеден саласындағы жүзеге асыру нысаны және көрініс алу түрлері.
1. 3 Кедендік құқық және ҚР кеден саласының теориялық аспектілері
2. Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны.
2. 1 Кеден ісі- кеден құқығының негізгі институты және кеден ісінің
құрылымы.
2. 2 Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен
кеден ісін қалыптастырудың алғышарты ретінде.
3. Ішкі және халықаралық кеден құқығының арақатынасы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысы жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдауына алып келді. Осындай басты бағыттардың бірі - кеден жүйесі.
Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін қазақстандық қана емес, сондай - ақ бұрынғы одақтық және халықаралық кеден заңдарының негізінде қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.
Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның мемлекеттік қызметінде кеден саласының бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келді.
Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс - тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметтің құралы болып табылады.
Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден құқығының тәжірибесі көрсеткендей, фискалды функцияның басқа экономикалық біріңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда, рөлі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады.
Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық процестерге тікелей қатысуы кеден құқығының рөлі мен маңыздылығын арттыруда. Бұл диплом жұмысы Қазақстан құқығындағы кеден құқығының жеке кешендік құқық саласы ретінде құрылып, дамуына ғылыми негіздеме беруді мақсат етті.
Дипломдық жұмыста Қазақстанның кеден саласыныңпайда болуының алғышарттары мен оның құрылымдық бөлімдерін: кеден саясаты мен кеден ісін, Қазақстан құқығының кешендік құқық саласы ретіндегі пайда болу және қалыптасу жолдарын, оның даму кезеңдерін зерттеу, кеден құқығының жалпы сипаттамасын, кеден құқығының құқықтық институттарын, кеден ісі нормативтерінің жетілу жолдарын және халықаралық кеден құқығының жетістіктерін ескере отырып, республикамыздың кеден саясатының құралдарын, кеден саласында мемлекттік басқаруда болатын мәселелерді шешуді қарастырған.
Еуропа Одағының және ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарына салыстырмалы талдау жасалған. Кеден саласындағы құқықтық қатынастардағы мәселелерді шешу мен реттеуге деген мемлекет талпынысының пайда болуы және соған арнайы құқықтық нормалардың қабылдану кеден құқығының пайда болуына әкелді.
Жалпы кеден құқығының дамуының екі кезеңін атап айтуға болады:
- 1991 жылғы желтоқсаннан 1995 жылдың шілдесіне дейін (кодификацияланған актінің қабылдануына дейін) .
- 1995 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесі жанындағы Үкімет басшылары кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада “Кеден Одағы мен біріңғай экономикалық кеңестік құру және жүзеге асыру шаралары туралы келісім жобасы туралы” шешім қабылданды.
1999 жылғы 26 ақпанда мемлекет басшылары қабылданған Келісім (Қазақстан 1999 жылғы 24 маусымда ратификациялаған) Кеден Одағындағы өзара қатынасқа өзгеріс әкелмек, сондай - ақ интеграциялық процестерді күшейтіп, ұлттық кеден заңдылықтарының өзгеруіне септігін тигізбек.
Қазақстанның кеден құқығының негізгі ережелері кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негізделген. Оларға кеден саясатын, кеден ісін, кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдары өтуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жатқызуға болады.
Кеден саласындағы қоғамдық қатынастардың пайда болуы кеден құқығы субъектілерінің өзара қатынастарымен тығыз байланысты. Кеден құқығы материалдық та, ұйымдастырушылық та сипатқа ие. Ол кеден құқығын материалдық және процессуалдық бөлімге бөліп, жалпы және ерекше бөлімін құрайды.
Жалпы бөлімде кеден саласындағы жалпы мәселелері, кеден құқығының сипаттамасы, халықаралық кеден құқығы мен ішкі кеден құқығының арақатынасы, кеден қызметін ұйымдастырудың негіздері кеден саясаты және кеден ісі қамтылған.
Ерекше бөлімде кеден ісі мемлекеттік басқарудың құралы ретінде кеден құқығының институттары, кеден органдарының функциялары, Қазақстан кеден саласының халықаралық - құқықтық аспектілері қарастырылған.
- Қазақстан Республикасында Кеден құқығының қалыптасуы мен дамуы
1. 1 Кеден құқығының пайда болуы.
Құқық мәселелері теориялық қайта қарауды қажет етеді. Заңды егеменді Қазақстан қызметінің негізгі қағидаларына жауап беретін жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Пайда бола бастаған қазіргі құқықтық түсінушілік құқық табиғатының, оның мазмұнының құрылымының және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарысен байланысының мәселелеріне жауап беруге көмектеседі. Барлық заңдық ұғымдардың дәл анықтамасын беру толықтау қоғамның құқықтық ұйымдарының “құқықтық жүйесі” ретінде, соның ішінде мемлекетте іске асатын және қызмет ететін барлық заңдық құралдарға, институттар мен мекемелерге әсер етеді.
Еуропа елдерінің нормативтік - құқықтық заңдық жүйелерінің объективті құқықтық заңдылықтарын қарастыра келе, құқық нормаларында әр түрлі деңгейдегі, соның ішінде көп тұрғылы заңдық реттеуді қамтамасыз ететін екіншілік, кешендік бөлімдерінің қалыптасуын бөліп көрсетеді.
Құқық әлеуметтік құбылыс және өзінің жүйесі бар. Құқық жүйесінің бір элементі ретінде негізгі және кешенді болып бөлінетін құқық саласы болып табылады.
Дәстүрлі немесе негізгі сала ретінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, процессуалдық және басқа да салалардың Қазақстандық құқық жүйесінде орын алуы күмән тудырмайды . Дегенмен, объективтік шындық қандай да бір қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа салалардың пайда болуының ғылыми негзделуін талап етеді. Егеменді Қазақстанның түзілуінен ішкі және кеден саясаты олардың құрамдас бөлігі болады.
Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және тәуелсіздікті, оның экономикалық қауіпсіздігі, сонымен қатар егеменді мемлекеттің қызметіндегі қайтадан пайда болғанішкі саясат, экономика, қорғаныс және т. б салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болады.
Құқық өзіндік жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік құбылыс. Оның бір элементі- құқық салаларына бөлінуі. Олар өз ішіндегі негізгі және кешендік болып бөлінеді.
Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден саласы пайда болады.
Алғашқы пайда болған кеден заңдылығының кедендік реттеуден мүлт кеткен жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негізгі заңның қабылдануына дейін кедендік реттеудің өзін оның ғылыми зерттеу жағдайында осы саласының бір институты ретінде қарастыруға болады. Жеке мемлекеттік құрылу кезеңінде кеден саласына қатысты бірнеше нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кедендік тарифтік реттейді қамтитын 1991 ж. 24 желтоқсандағы ”Кеден тарифтері мен баждары туралы” ҚР Заңы, Үкіметтік шешімдері мен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің нормалары мен сәйкес келетін 1991ж. 12 желтоқсанда “ҚР Кеден комитетін құру туралы” Президент жарлығын айтуға болады.
Кедендік реттеу, бүгінгі түсінігімше, кеден құқық институттарының жиынтығы, “кедендік әкімшілік ету” ұғымын білдіреді. Кеден мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер пайда бола бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселелерін қарастыратын ғалымдар: жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы, банк, кеден, салық муниципалды және т. б. құқық салалары сияқты әкімшілік құқықтың нормалары басқару әдістемелік орталығы ролін атқарып, олардың нығаюына көмектесіп, кешенді институттар мен жеке құқық салаларына бөлінуін қолдауда деп атап көрсетеді.
Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құқық саласын жаңа материалмен толықтырып, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Ю. К. Толстой негізгі және кешенді құқық салалары арасындағы төмендегі айырмашылықтарды ажыратады:
- Әр құқық саласы пәнінің біртұтастығына ие, Кешендік салада пән біртұтас емес, сондықтан ол әртүрлі болып келеді.
- Негізгі құқық саласының құрамына басқа құқық саласының нормалары кірмейді. Керісінше, кешендік құқық салаларының нормалары негізгі құқық салаларынан алынатын нормалардан тұрады.
- Құқықтық реттеудің өзіндік жеке әдстемесі болмай жеке негізгі құқық сала бола алмайды. Ал кешендік құқық салалары құқықтың басқа салаларының әдістемелерін пайдаланады. .
- Негізгі құқық салаларының бүгінгі күнгі қалыптасқан құқық жүйесінде белгіл бір объективті орны бар болса, кешендік құқық салалары құқық нормаларын жүйелендірудің нәтижесі болып табылады, және құқық жүйесінде ешқандай орын алмайды.
Кеден саласындағы қылмыс, тергеу органдарының қызметі, жедел іздестіру қызметін, жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығы, процессуалдық әрекеттеуді анықтау қылмыстық құқық пен қылмыстық процессуалдық құқықтың құқықтық реттеу пәніне кіреді және кеден органдарының құқық қорғау қызметіне жатады.
Кеден баждарының бағамдарын, алымдарын, төлемдердің көлемін белгіле, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады.
Кеден құқығының пәнін бөліп көрсете отырып, оған кеден ісінің барлық мәселелерін (бөлімдерін, блоктарын) :
- кеден ісін ұйымдастыруды;
- тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуді;
- тауарлардың кеден режимін;
- кеден төлемдері мен салықтарын;
- кедендік рәсімдеуді;
- кедендік бақылауды;
- валюталық бақылауды;
- кедендік статистиканы және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді (СЭҚ ТН) ;
- тергеу мен жедел іздестіру қызметін;
- кеден ережелерін бұзу мен жауапкершілікті;
- кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғалардың құқықтық статусын; олардың жауапкершілігін;
- арнайы және қосымша ережелерді енгізу керек.
Кеден құқығындағы құқықтық реттеу әдістері қоғамдық қатынас салаларында қолданылатын мемлекеттік билік органдарының қызметі мен басқару өкілеттілігін жүзеге асырумен байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығында қолданылатын, әдіс- тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінеді:
- ерік беру (рұқсат беру) ;
- тыйым салу (шектеу) ;
- міндет жіктеу.
Кеден құқығы жалпы сипаттамасы оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалар және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді.
Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды. Ал кеден құқығын жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу заңға негізделе отырып құрастырылған. Оның себебін құқықтық нормалардың жалпы және арнайы немесе процессуалдық және материалдық сипатымен түсіндіруге болады. Процессуалдық нормалар мазмұны бойынша құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін атқару процедурасын, тәртібін бекітетін болады, материалдық нормалар өз кезегінде кедендік қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтап береді.
Кеден құқығы кеден саласында өзіндік құқықтық реттеу режимін құрады. Кеден құқығының жалпы бөлімінде негізінен мемлекеттік саясаты, кеден ісі секілді негіз салушы институттар, сонымен қатар, кеден органдары қызметінің құқықтық-ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылады. Ал ерекше бөлім тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизмедері мен қағидалары, кедендік режимдерді, кедендік төлемдерді, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау, жауапкершілікті осылар мен бірге кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер мен проференциялар, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне шағым келтіру сияқты процессуалдық және материалдық сипаттағы нормалар мен анықталған ұғымдарды қамтиды.
Кеден құқығының негізіне кеден аясының қызметі мен мәніне жауап бере алатын ғана қағидаларды жатқызкға болады. Кеден құқығының қағидаларына келесі үш қағиданы жатқызады. :
- кеден қызметін жан-жақты реттеу;
- кеден қызметін заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру;
- кеден ісі бойынша сұрақтарды халықаралық- құқықтық реттеу және шетелдермен қарым-қатынас тәжірибелерін ескере отырып шешу.
Заңдылық, демократизм секілді басқа құқық салаларына да жататын қағидалардың бар екендігін ескере отырып, сонымен қатар кеден құқығына тиесілі кедендік саясатты қамтамасыз етумен, халықаралық шарттардың басымдылығы секілді қағидалармен толықтыруға болады.
Заңдылық қағидасы кеден ісін жүзеге асыратын ұйымдар мен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, сонымен бірге кеден органдарына жүктелеген кеден ісі бойынша заңда қамтамасыз етуден көрінеді.
Демократизм кеден құқығының қағидасы ретінде кеден органдарының мақсаттарында көрсетілген әр адамның тауарларды әкелу және шетке шығару бостандығынан, кез келген кедендік режимді таңдауынан, кеден органы мен оның лауазымды тұлғасының әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдана алуынан, кеңес алу және ақпарат алу құқығының болуымен ашылады. Кеден құқығының өзіне тиесілі қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпы және арнайы институттар мен құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын Қазақстан құқығының жеке кешенді саласы деп бөліп айтуға болады.
Кеден құқығы дегеніміз - кеден қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы. Кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген.
Кеден құқығының қайнар көздері 1998 жылы 24 наурызда қабылданған “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жіктеледі және негізгі, негізгі емес болып бөлінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдар, Президент Жарлықтары мен Қаулылары, Үкімет актілері, Кеден комитетінің актілері, құқықтық және кеден ісіне байланысты Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттар мен келісімдер тұр. Кеден құқығының келесі қайнар көздеріне (бастауларына) кеден ісіне байланысты заңдар, Президент жарлықтары мен қаулылары, Үкімет қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың шешімдері, кеден комитетінің секілді құқықтық актілерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы “ Заң күші бар жарлығының V-бөлімі(109-152 баптар) кеден төлемдері мен салықтарын төлеудің және есептердің тәртібін реттейді және белгілейді.
Конституцияның 84-бабына сәйкес алдын-ала тергеу мен анықтама жүргізумен Прокуратура мен соттан бөлінген арнайы органдар айналысады. Құзыреттері, ұйымдастырылуы, қызмет тәртібі және жедел іздестіру қызметін реттеу мәселелері Қазақстан Республикасында арнайы заңдармен реттеледі.
Кеден құқығының ерекше тоқталатын қайнар көзінің бірі ретінде кеден існе байланысты Қаазақстан мүшесі болып табылатын немесе кейіннен қосылған халықаралық шарттар мен келісімдерді айтуға.
Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның мемлекетті кеден саласының бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.
Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып мемелекеттің монополиялық қызметіінің құралы болып табылады.
Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден құқығының тәжірибесі көрсеткендей, фискальді функциясының экономикалық біріңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда, ролі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады.
Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық процесстерге тікелей қатысуы кеден құқығының ролі мен маңыздылығын арттыруда.
Кеден-іс қызметі мына төмендегі шаруаларды мойнына алады:
Қазақстан Республикасының шекарасынан өтетін, тауар-көлік транспорттарын тексеру, құжаттандыру, кеден ісіне байланысты тәртіп бұзушылықпен күресу, салық-төлем, ауаны қадағалау, мемелекеттер арасындағы кедендік саясаттың және сыртқы-экономикалық іс-қызметпен айналысатын шаруаны жүзеге асыру.
Қазақтан Республикасының Кеден Заң органы, - Мемлекеттік басқару органы. Кеден саясатына араласатын шектеулі құзыры бар, Қазақстан Республикасы кеден қызметіне тікелей құқықты орган.
Қазақстан Республикасының біріктірілген жүйелі кеден қызметін құрайды:
- Кедендік сұрақтар бойынша уәкілдік басқару органы.
- Аумақтық бөлімше уәкілдік кедендік орган, Республикалық, облыстық көлемдегі сұрақтар бойынша.
- Кеден.
- Кеден бекеті.
- Қазақстан Республикасында кеден бақылау-тексеру бекеттері.
- Арнайы кеден орны.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден іс-шаруашылық жүйесінің шешімдерін табуға арнайы кедендік зертхана, кинологиялық, оқулық, айқындау (есептеп шығару) орталықтары құрылады.
- Кедендік іс-жөніндегі сұрақтар бойынша Өкілетті мемлекеттік орган Заңды тұлға болып есептеледі, және оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органы бекітеді.
- Аумақтық бөлімше кедендік орган кеден сұрақтары бойынша мемлекеттік орган Заңды тұлға болып табылады.
Кедендік бекеттер, бақылау-тексеру бөлімдері, Заңды тұлға болып есептелмейді, олардың іс-әрекеттерін өкілетті мемелекеттік орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Заң шешімімен кеден іс-жөніндегі аумақтық бөлімшені ұйымдастыруға, қайта ұйымдастыруға тарата алады.
- Кеден органының штаттық құрылымы мен санын кедендік уәкілетті іс-қызмет органы бекітеді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Заң нұсқауы бойынша.
- Кеден органы және оның әкімшілігіне кіретін теңіз, және ішкі су, жүк тасымалдау кемелерінің кеден қызметінің органы бекіткен арнаулы белгісімен (туы) байрағы болады. Жүк тасымалдау автокөліктердің, әуе - жүк - адам тасымалдау көліктерінің кеден қызметінің органы бекіткен арнаулы белгісі болады.
Кеден қызметінің айрықша белгілерімен, Туының (байрақ) түр-түсін ерекше белгілерін Қазақстан Республикасының Мемлекеті бекітеді.
Кеден органының өзіне сәйкестік кедендік инфроқұрылымы болады. Кеден органының қызметі мынадай қағидалардан құралады:
- Заңдылық.
- Заң алдында адам құқығын қамтамасыз ету және қорғау.
- Кеден сферасының қызметкерлері сыртқы экономикалық және сол салада қызмет ететін адамдардың тәртіп сақтауы және силастығын қамтамасыз етуі.
Кеден органының міндеті.
Кеден органының міндеті болып табылады:
- Қазақстан Республикасының кеден саясатына араласу, кеден қызметін әзірлеу және қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық қауіпсіздігін және өзінің шектеулі құзырына қарай қамтамасыздандыру.
- Қазақстан Республикасының кеден Заңдылығын қамтамасыз ету және кеден органына жүктелген іс-шаруаны қадағалау міндеті.
- Қазақстан Республикасының арнайы Заң қаулысы бекіткен тарифтік және тарифтік емес мііндеттерді тауарларға байланысты, және жүк-көлік транспорттарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтуін қамтамасыз ету және қадағалауға міндетті.
- Ішкі экономикалық және кеден саласында қызмет ететін адамдардың құқығын және мүддесін қорғау.
- Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден саласында Заң бұзушыларға қарсы күрес.
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін тауар-айналымын кедендік тексеру, ресімдеу және жеделдету жоспарларын жүзеге асыру.
- Өз құзыры шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасының Халықаралық міндеттігін орындауын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден іс-саласында халықаралық келісім-шарттарды әзірлеуге қатысу.
- Біркелкі бюджет саясатын құруға қатысу, кеден органдарының материалдарды - техникалық және социалды негізін дамыту.
- Өз құзыры шегінде ұлттық қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау шаруаларын қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу.
- Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы актісінде көрсетілген басқа да мііндеттерді орындау. Кеден құқығының кешенділігі; кеден саласындағы жүзеге асыру нысаны және көрініс алу түрлері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz