Кедендік Жүк декларациясы кедендік ресімдеуде қолданылатын негізгі құжат


Жоспар
Кіріспе. 3
I Тарау Кедендік декларация түсінігі мен негізі
1. 1 Декларация түсінігі . . . 6
1. 2 Декларациялау нысаны мен тәртібі . . . 8
1. 3 Кедендік декларациялау түрлері . . . 11
II Тарау Кедендік Жүк декларациясы кедендік ресімдеуде қолданылатын негізгі құжат
2. 1 Кедендік Жүк Декларациясының сипаттамасы мен толтыру ерекшеліктері . . . 18
2. 2 Декларациядағы мәліметтерді өзгерту мен толықтыру . . . 29
2. 3 Кедендік Жүк Декларациясын қабылдау және тіркеу, декларациялау орны . . . 46
III Тарау Декларациялау процедурасын жандандыру жолдары
3. 1 Электронды декларация ұғымы мен ұтымдылығы . . . 57
3. 2 Электронды декларацияны қолдану тәртібі . . . 63
Қорытынды . . . 79
Әдебиеттер тізімі . . . 86
Кіріспе
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан Республикасының демократиялық бағыттағы ел болатыны, ашық нарықтық экономика құратыны және әлемдік экономикаға мақсатты түрде тығыз қарым-қатынас жасауға ұмтылатыны анық айтылған. [1] Ал, әлемдік қауымдастықпен сауда-саттық экономикалық қарым -қатынас орнату кеден қызметінсіз мүлде мүмкін еместігі ақиқат жағдай және Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік сауда ұйымына, тағы да басқа әлемдік ұйымдарға саналы түрде мүше болуға ұмтылуы, ҚР-ың сыртқы сауда саласының екпінді дамуына (әрине әлемдік сауда-саттықтың қазырғы кезеңде өте дамуы өз алдына бөлек процесс) алып келді. Бұдан, кеден ісінің өзектілігі, оның ішінде тауар декларациялануы процесі де аса маңызды мәселеге айналып отырғандығын тәжірибе көрсетуде. Яғни, дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбы осы себептерге байланысты таңдап алынды.
Кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын өтетін тауарлар мен көлік құралдары кеден органында декларациялануға тиіс.
Декларациялау деп - кеден органына кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауын өткізу үшін қажет тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты мәліметтерді белгілі нысанда ұсыну, тапсырылу түсініледі. Осы декларациялау процесінде тауарлар белгілі кеден режиміне орналастырылады. [2]
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нәтижелерін кеден органының лауазымды тұлғалары әртүрлі мақсатта қолдана алады. Олар: құқыққорғау мақсатында-контрабанда мен өзге де кеден ережелерін бұзушылықпен күресте; салықтық; Сыртқы Экономикалық Қызметті әкімшілік реттеуде квоталау, лицензиялау үшін; кеден шекарасында мемлекеттік басқарудың өзге түрлерін ұйымдастыруда-ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық, радиоактивтік; сыртқы сауда статистикасын жүргізу мақсатында қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдырын кеден шекарасынан өткізген кезде туындайтын кеден баждары мен салықтарын төлеу кеден органының лауазымды тұлғасының кеден декларациясын қабылдауымен байланысты. Кедендік декларациялаудың қағидасын сипаттағанда кеден заңнамасы кеден баждары мен салықтарының міндеттілігінің туындауын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын кез келген құжатпен емес, кеден декларациясымен байланыстырады.
Кедендік декларациялау қағидасы кеден төлемдерінің көлемін есептеуге қажет барлық негізгі мәліметтерді тауарды өткізетін тұлғаның өзі немесе кеден делдалы беру керек дегенді білдіріді. [2]
Декларациялау кеден органдары үшін өте ұтымды. Себебі тауарлар мен көлік құралдарын бақылауда таңдамалы бақылаумен шектелуге мүмкіндік береді. Кеден декларациясы болмаған жағдайда кеден органдарының лауазымды тұлғалары экспорттық, импорттық салық салынатын немесе әртүрлі әкімшілік шектеулер мен тыйым салуға кезігетін барлық тауарларды қайта есептеуге, өлшеуге тиісті болушы еді. Бұл ақырында тауардың кеденде тұрып қалуына әкелер еді және сыртқы сауда ауысымының дамуына теріс әсерін тигізер еді.
Яғни, дипломдық жұмыста декларациялау процедурасын ұйымдастыруды жандандыру мәселерін зерттеу мақсаты қойылып, осы бағытта мына төмендегі міндеттерді орындау жоспаланды:
1. Кедендік декларациялаудың теориялық негіздері.
2. Кедендік жүк декларациялаудың қазырғы уақыттағы жағдайы.
3. Кедендік декларациялауды жандандырудың жолдары.
Дипломдық жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмыстарының әдіснамалары (анализ-синтез, индукция-дедукция, саралау, талдау, т. б. ) және ғылыми ақпарат көзі ретінде, ғылыми әдебиет, ағымдық ақпарат, кеден департаменті ақпараттары пайдаланылды. Осы дипломдық жұмыс В. А Некрасовтың, М. А Сарсембаевтың, В. Г. Дрогановтың оқулық құралдарын ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысын және тағы басқа нормативтік актілер мен көптеген әдебиеттер қолданылып орындалды. .
I Тарау Кедендік декларациялау түсінігі мен негізі
- Декларациялау түсінігі
Кедендік ресімдеудің негізгі кезеңі болып тауарлар мен көлік
құралдарын кеден органына декларациялау табылады. Кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын өтетін тауарлар мен көлік құралдары кеден органында декларациялануға тиіс.
Декларациялау деп-кеден органына кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауын өткізу үшін қажет тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты мәліметтерді белгілі нысанда ұсыну, тапсырылу түсініледі. Осы декларациялау процесінде тауарлар белгілі кеден режиміне орналастырылады. [2]
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нәтижелерін кеден органының лауазымды тұлғалары әртүрлі мақсатта қолдана алады. Олар: құқыққорғау мақсатында-контрабанда мен өзге де кеден ережелерін бұзушылықпен күресте; салықтық; Сыртқы Экономикалық Қызметті әкімшілік реттеуде квоталау, лицензиялау үшін; кеден шекарасында мемлекеттік басқарудың өзге түрлерін ұйымдастыруда-ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық, радиоактивтік; сыртқы сауда статистикасын жүргізу мақсатында қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдырын кеден шекарасынан өткізген кезде туындайтын кеден баждары мен салықтарын төлеу кеден органының лауазымды тұлғасының кеден декларациясын қабылдауымен байланысты. Кедендік декларациялаудың қағидасын сипаттағанда кеден заңнамасы кеден баждары мен салықтарының міндеттілігінің туындауын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын кез келген құжатпен емес, кеден декларациясымен байланыстырады.
Кедендік декларациялау қағидасы кеден төлемдерінің көлемін есептеуге қажет барлық негізгі мәліметтерді тауарды өткізетін тұлғаның өзі немесе кеден делдалы беру керек деген ді білдіріді.
Декларациялау кеден органдары үшін өте ұтымды. Себебі тауарлар мен көлік құралдарын бақылауда таңдамалы бақылаумен шектелуге мүмкіндік береді. Кеден декларациясы болмаған жағдайда кеден органдарының лауазымды тұлғалары экспорттық, импорттық салық салынатын немесе әртүрлі әкімшілік шектеулер мен тыйым салуға кезігетін барлық тауарларды қайта есептеуге, өлшеуге тиісті болушы еді. Бұл ақырында тауардың кеденде тұрып қалуына әкелер еді және сыртқы сауда ауысымының дамуына теріс әсерін тигізер еді. [2]
Декларацияның кеден мақсатындағы рөлі мен мағынасы өте зор. Онда Сыртқы Экономикалық Қызметке қатысушы тауар туралы негізгі мәліметтерді жариялайды. Тауар атауын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы Экономикалық Қызметінің Тауар Номенклатуралары бойынша кодын, кедендік режимді, құнын, салмағын, қорабы туралы мәліметті және кедендік ресімдеге қажет басқа да көптеген мәліметтер қамтиды.
Декларацияны толтырудың жалпы ережесін Қазақстан Республикасының Кедендік Бақылау Агенттігінің Бұйрығы анықтайды. Бұйрық Кедендік Жүк Декларациясын пайдаланып тауарлар мен көлік құралдарының декларациялану нысаны мен тәртібін, тауардың орналастырылған режимін және кеден мақсатында қажет басқа да мәліметтерді анықтайды.
Декларацияны қабылдау декларацияда берілген мәліметтерді тексеру болып табылатын жеке операция. Кедендік декларацияны қабылдау тәртібі кедендік декларацияны қабылдау, тіркеу, сақтаудың уақытша ережесінде көрсетілген және кедендік ресімдеу мен бақылау бөлімінде өткізіледі. Оны кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен берілген арнайы өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар өткізеді.
- Декларациялау нысаны мен тәртібі
Кеден Кодексінің 378 бабына сәйкес декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысан бойынша, яғни жазбаша, ауызша, конклюденттік, электрондық нысандарда мәлімдеу жолымен жүргізіледі. Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметттер тізбесі кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кедендік заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі. [3]
Декларациялау негізінен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оның нысаны мен тәртібін, кеден мақсатына қажетті мәліметтер тізімін Қазақстан Республикасының Кедендік Бақылау Агенттгі анықтайды. Декларациялаудың мынадай да нысаны қолданылуы мүмкін. Мысалы, конклюденттік іс-әрекет жасау. Конклюденттік іс-әрекет арқылы декларациялау халықаралық әуежайларда тәжірибеленеді. Онда “жасыл дәліз” жүйесі ұйымдастырылған. Жолаушы жазбаша декларацияны құрмай-ақ “жасыл дәлізді” таңдап алуымен кеденге салық салынуға тиіс және шығаруға, кіргізуге тыйым салынатын тауарларының өзінде жоқ екендігін дәлелдейді. Әдетте, ауызша декларациялау жолаушының жеке жүгі мен қолжүгін кедендік ресімдегенде қолданылады.
Кейбір жағдайларда декларациялау нысанын таңдау кеден шекарасын өтетін тұлғаға байланысты болады. Декларантқа мұндай таңдау құқығын беру оның құқығы мен заңдық мүддесін қорғау мақсатында іске асырылады.
Жолаушының жеке жүгін ресімдегенде кеден декларациясының Т-6 нысанын қолданады: онда декларант тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
-жолаушышың келген елі (баратын елі) ;
-жол жүру мақсаты (жұмыспен, туризм, жеке басының себептері) ;
-қол жүгін қосқандағы кеден бақылауыне кіретін жүк орны саны;
-жолаушыдан жеке жүретін жүк орны саны;
-жолаушының жүгі ретіндегі бөлек тауарлар (қару жарақтар, есірткі, көне заттар, мәдени ескерткіштер, валюта, валюталық құндылықтар) ;
-жолаушы жүгінде жатқан басқа тұлғалардың тауарлары.
Т-6 декларациясында толтырылу мерзімі мен жүк иесінің қолы қойылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдары кеден шекарасынан өткенде декларациялаудың ерекше нысаны қарастырылады. Ондай декларация мынадай ақпаратты қамтиды:
-декларант тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке тұлға екенін куәландыратын құжат;
-көлік құжаттары сипаттары;
-кіргізу (шығару) мақсаты: коммерциялық, коммерциялық емес, жөндеу тағы басқа себептер;
-кеден төлемі бойынша жеңілдік беру үшін негіз;
-автокөліктің кедендік бағамы;
-кеден төлемдері түрлері мен сомасы;
-қосымша құжаттар.
Кеден декларациясы ретінде өндірістік немесе коммерциялық іс-әрекеті ретінде белгіленбеген тауарларды тасымалдаушы тұлға жеке тұлғаның ұсынысы, өтініші қарастырылады. Өтініште мыналар қарастырылады:
-тауарды тасымалдаушының тегі, аты, әкесінің аты және жеке тұлға екенін куәландыратын құжат;
-тауардың ілеспе құжаты;
-кеден шекарасын өтетін тауарлар атауы, саны, бағамы;
-тауардың белгіленуі (өндірістік немесе коммерциялық іс-әрекет, жеке өзі тұтынуына, қолдануына) .
Кеден декларациясын пошта жөнелтіліміне берудің нысаны мен тәртібі халықаралық құқық нормаларымен анықталады. Халықаралық пошта жөнелтілімін декларациялау нысаны Бүкіләлемдік пошта Конвенциясының Атқарушы регламентінің 116 бабында жазылған. С2\СР3 кеден декларациялары пошта жөнелтілімінің сыртына жапсырылады немесе тауардың жету елінің пошта қызметі әкімшілігінің сұратуы бойынша жөнелтілімнің ішіне салынады. С2\СР3 кедендік декларациясы мына ақпараттарды қамтиды: жөнелтушінің аты(атауы) мен мекен-жайы; алушының атауы мен толық мекен-жайы; декларацияланатын зат сыйлық екенін немесе тауар үлгісі екені туралы мәлімдеме; жөнелтуші ел; алушы ел; жалпы брутто салмақ; жөнелтілім саны; тарифтік нөмір; нетто салмақ; жарияланған бағам.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салынатын объект болып табылатын немесе экспорты мен импорты сандық шектеумен жүзеге асырылатын және кеден бағамы 100 евро эквивалентінен асатын тауарлар ТД1 нысанында толтырылған бланк пен оның магнитті тасушысындағы электрондық көшірмесі бар кеден органдарына Кедендік Жүк Декларациясын берумен декларацияланады.
Тауарды еркін айналысқа шығару режимі мен экспорты режиміне орналасқан шекараны өтетін тауарлар өтілімінде кеден мақсаты үшін барлық мәліметтер болу шарты орындалып, тауардың кедендік бағамы 100 евро эквивалентінен аспаса, салық салу объекті болмаса, оларды экспорт, импорты сандық шектелменген болса кеден органына еркін нысанда жасалған жазбаша өтініш берумен декларацияланады. Бұл жағдайды кедендік ресімдеу үшін жинақ алынбайды.
Тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауда қолданылатын көлік құралдары кеден органына көліктік (тасымалдың) құжаттарды беру арқылы декларациялады.
Ал тұлғалар мен коммерциялық емес мақсаттар үшін тасымалданатын тауарлар Қазақстан Республикасының Кедендік Бақылау Агенттігінің арнайы нормативтік актілері анықтайтын тәртіпте декларацияланады.
- Кедендік декларациялау түрлері
Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялаудың мынадай түрлері қолданылады:
- Кедендік Жүк декларациясы
- Жолаушының кедендік декларациясы [3]
Жүктің кедендік декларациясы-декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажет басқа да мәліметтерді қамтитын құжат.
Жолаушының кедендік декларациясы-оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік құралдарын пайдаланып Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат.
Кедендік декларациялардың тағы бірнеше түрлері бар. Тауарлар мен көлік құралдарын белгілі режимге орналастырғанға дейін қысқаша декларация қолданылуы мүмкін. Қысқаша декларация кедендік ресімдеу кезінде қолданылуы мүмкін, бірақ ресімдеу операциясы бойынша міндетті атрибут болып табылмайды. Кедендік декларацияны тасымалдаушы тауарлар, көлік құралдарымен бірге немесе келесі жұмыс күні ұсынады. Келесі жұмыс күні ұсынғанда ол үшін кеден органынан арнайы рұқсат алу керек. Егер тауарлар ұсынылған немесе белгілі уақыт ішінде белгіленген кедендік режимге орналастырылса, қысқаша декларация берілмейді. Қысқаша декларация мынадай ақпараттарды қамтиды: тауарды жөнелтуші, жөнелтуші ел; тауарды алушы, алушы ел; тасымалдаушы; көлік құралы туралы мәлімет; көлік құжаттарының нөмірлері; тауар атауы; орын саны; брутто салмақ; пломбылар немесе идентификацияның өзге де құралдары; қосымша мәліметтер. Қысқаша декларацияны беретін өкілетті тұлға болмағанда өкілеттік капитанға, көлік жүргізушіге беріледі.
Кедендік Бақылау Комитеті кеден органдарының рұқсатымен қысқаша декларация есебінде көліктік құжаттарды пайдалануға рұқсат береді. Бірақ бір шарт қойылады: бұл құжаттарда қысқаша декларацияда қамтылатын барлық мәліметтер бар болуы керек. Кедендік ресімдеу кезінде қысқаша декларация ретінде қолданыла алатын сыртқы саудалық құжаттар жөнелту пунктіне дейін жүкпен бірге жүреді, сондықтан да тауарға ілеспе құжаттар деп аталады. Көбінесе бұл мақсаттарда тауарлық немесе көліктік құжаттар пайдаланылады. Тауарлық құжаттар тауардың бағамдық, сапалық, сандық сипаттамасы туралы ақпараттарды қамтиды. Тауардың бағамдық сипаты шот түрінде болуы мүмкін. [8]
Шоттардың негізгі түрлері: фактура шоты, арнайы шот, алдын ала шот:
Фактура шоты- тауар үшін төлем сомасын көрсететін негізгі құжат ретінде және тауар накладнойы ретінде қолданылуы мүмкін.
Арнайы шот-шот пен спецификация реквизиттерін біріктіреді. Әдетте партияда тауардың әртүрлі ассортименті болғанда жазылып беріледі. Арнайы шотта тауар сорттары мен түрлерінің әр бірлігі үшін баға көрсетіледі және бүкіл тауарлар партиясының жалпы бағамы көрсетіледі.
Алдын ала шот-тауар партиясының саны мен бағамы туралы мәліметтерді қамтиды. Тауар қабылдауы жету елінде өткізілгенде немесе бөлшектелген әкелімде жазылып беріледі.
Проформа шоты-бұл басқа шот түрлері сияқты тауар партиясы бағамы мен құны туралы мәліметтерді қамтиды, бірақ есептесу құжаты болып табылмайды, себебі онда көрсетілген соманы төлеу талабы қамтылмайды. Көбінесе проформа шоты тауарларды консигнация, көрме, жәрмеңке, аукциондарға ұсынғанда жазылып беріледі. Тауардың сандық сипаты спецификацияда, техникалық құжаттарда, қораптама парақтарында болуы мүмкін.
Техникалық құжаттама құралы-ұзақ уақыт қолданылатын техникалық тұтынатын тауарды әкелу, әкету кезінде талап етіледі. Оларды ыңғайластыру мен дұрыс эксплуатациялау үшін қажет. Техникалық құжаттамаға: құжат формулярлары, өнім монтажы мен эксплуатация бойынша нұсқама, әртүрлі схемалар жатады.
Спецификация-берілген партияға кіретін тауардың барлық түрлері мен сорттарының тізімін қамтиды.
Қораптама қағаз-әрбір тауар орнындағы тауарлар түрлері мен сорттар тізімін қамтиды. Тауар орындары: қорап, қорапша, контейнер. Қораптама парақ жинақталған тізім нысанында болуы мүмкін.
Көліктік құжаттарды жүк тасымалдаушылар тауарды тасымалдау үшін қабылдағанын рұқсат беру мақсатында жазып береді. Көліктік құжаттар болып теңіз тасымалында: коносамент, штурманның қолхаты, доктың қолхаты; теміржол тасымалында: теміржол накладнойы, оның көшірмесі; авиатасымалда: авианакладнойы; автокөлік тасымалында: автокөлік накладнойы. Осы берілген құжаттар қысқаша декларация есебінде қолданылуы мүмкін, егер олар кеден органының лауазымды тұлғалары меңгеретін шет тілдерде құрылса.
Ал кеден бағамы декларациясын алатын болсақ, ол кедендік жүк декларациясына қосымша болып табылады және онсыз күші жоқ. Кеден бағамының декларациясы кеден баждары, акциздері, қосымша құнға салынатын салығы төленген, сәйкес кеден режиміне мәлімдегенде Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілетін барлық тауарларға толтырылады. [4]
Кедендік бағамы декларациясы толтырылмайды:
-егер әкелінетін тауар партиясының кедендік бағамы 5000 АҚШ $ сомасынан аспаса және тауарға экономикалық саясат шаралары қолданбаса;
-жеке тұлғалардың тауарды коммерция емес мақсаттарда әкелгенінде;
-тауарларға кедендік баждар мен салықтар салынбайтын кедендік режимі мәлімделгенде.
Кедендік бағамы декларациясын толтыру міндетті түрде белгіленген барлық жағдайларда кеден органы кеден бағамы декларациясын декларант мәлімдеген кеден бағамын растау үшін талап етуге құқылы. Жеке тұлғалардың коммерциялық емес мақсаттарында әкелінген тауарға қатысты кедендік бағамы декларациясы бұған жатпайды. Кедендік бағамы декларациясы және оған қосымша қағаздар жазу машиаларында немесе компьютерлерде толтырылады. Декларацияның әрбір беті міндетті түрде декларанттың мөрімен және қол қоюымен сенімделеді. Кедендік бағамы декларациясы кеден органына терілген түрде және дискетадағы электронды көшірме түрінде ұсынылуы керек. Кеден органы кеден бағамы декларациясын кедендік жүк декларациясымен бір уақытта тіркейді. Мұндайда Кедендік бағамы декларациясына Кедендік Жүк Декларациясының тіркеу нөмірі беріледі. Кедендік бағамы декларациясында келтірілген мәліметтерді тексергеннен кейін декларацияның негізгі және осымша беттерінің «қызметтік белгілер үшін» бағанында тіркеу нөмірі тексеруші инспектордың қолы мен нөмірлік мөрі қойылады.
Кеден бағамы декларациясы 2 негізгі беттен тұрады. Бірінші бетте тауар партиясы туралы жалпы мәліметтер көрсетіледі. Екіншісінде тауар коды, мәлім бағасы. Екінші бет тауардың кеден бағамының 3 атауын мәлімдеуге мүмкіндік береді. Егер партияда атаудың сандық мөлшері көп болса, бағам декларациясының келесі беті беттің екінші нысаны бойынша толтырылады. Ол қосымша деп аталады. [4]
Мәлімделген кеден бағамын растау үшін декларант келесі құжаттарды ұсынады:
-тауарда тасымалдаушы тұлғаның мекемелік құжаты;
-келісім-шарт және қосымша келісімдер;
-шот-фактураны немесе проформа шотын;
-егер тауар үшін төлем төленсе банктік төлемдік құжаттар;
-тауар бағамын растайтын басқа төлемдік және бухгалтерлік құжаттар;
- көліктік және сеқтандыру құжаттары;
-тасымалдау үшін шот;
-жіберуші елдің кедендік декларациясы;
-қораптама беттері;
-импортты лицензия арқылы асыратын тауарларға лицензияны;
-тауадың шығуы туралы, сапасы, қауәпсіздігі туралы сертификаттар.
Кеден органы қосымша құжаттарды талап етуге құқылы: мәмілеге қатынасы бар үшінші тұлғалармен келісімдер, бухгалтерлік құжаттар, қойма квитанциялары.
Декларантта алдында әкелінген бірдей, біртекті тауарлардың кедендік бағамы немесе онда ішкі парақтағы бағасы туралы құжатталған ақпарат бар болса және бұл ақпарат тауарды ресімдеуші кеден органында жоқ болса, ақпартты мәлімделген кеден бағамын тексеру үшін қолдануға болады. Оның мынадай шарты бар: берілген құжат сәйкес болуы керек. Егер декларантта мұндай мәліметтер жоқ болса, оны тауар ресімдеуін жүргізетін кедендік органы ұсына алады. Бұндайда декларантқа келісім бағасының жартысы беріледі немесе басқа мәміле бойынша кедендік бағамы туралы ақпарат беріледі. Декларнттың кеден бағамын анықтаудағы әдісін дұрыс қолдану туралы шешімді тауарды кедендік ресімдеуін жүргізуші кеден органы қабылдайды. Егер декларантта нақты құжатпен расталған ақпараттар болмаса, кеден органдары өздерінде бар мәліметтерді сәйкес корректісімен бірге қолдануға құқылы.
Кеден бағамын бақылау процедурасы тауар шығарылымын кешіктірмеу мақсатында мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізілуі тиіс.
Белгіленген мерзім ішінде кеден бағамын анықтау мүмкін болмаса, тауардың уақытша бағасы жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz