Тауар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібі


Жоспар
Кіріспе
І. Кеден режимдері және қолдану тәртібі.
- Кеден режимдерінің түсінігі, түрлері және таңдау тәртібі.
- Кеден режимі-кеден құқығының негізгі институттарының бірі.
ІІ. Тауар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібі.
2. 1. ҚР-ның кеден территориясына тауарларды әкелу, шығару құқығы.
2. 2. Кеден қойма мен тауарларды қайта өңдеудің экономикалық мазмұны.
2. 3. Кеден режимінің талаптары мен шарттарын қамтамасыздандыру нәтижесі және кеден саласындағы жауапкершілік мәселері.
ІІІ: кеден режимінің дамуы, тұрғылықты тұрғындарды қамтамасыздандыру жоспары.
3. 1. Арнаулы экономикалық аймақтар кеден режимін реттеудің оңтайлатылған жолы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қорытынды.
Сонымен, диплом жұмысымды қортындылап өтер болсақ, ең алдымен кеден режимдері не екеніне тоқталып өтсек. Кеден режимдері дегеніміз-кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының мәртебесін анықтайтын, “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңы белгілеген ережелер жиынтығы. Кеден режимі тауарлар мен көлік құралдарын қолданудың және белгілеудің барлық ережелерін қамтиды.
“Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңының 22-1 бабына сәйкес тауарлардың кеден режимдерінің мынадай 17 түрі белгіленген:
- тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
- тауарлардың кері импорты;
- кеден қоймасы;
- бажсыз сауда дүкені;
- тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
- тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
- тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
- тауарлардың экспорты;
- тауарлардың кері экспорты;
- тауарлардың транзиті;
- тауарларды жою;
- мемлекеттік пайдасына тауардан бас тарту;
- еркін кеден аймағы;
- еркін қойма;
- арнайы кедендік режим.
Осы кедендік режимдердің ішінен тауарлар мен көлік құралдарын ҚР-ның тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту мынадай қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкету тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кеден режимді таңдау мен өзгерту; кедендік ресімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету; шартты түрде шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және бақсару. Осы институттың мазмұнын толықтыру үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді.
Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі Заң күші бар Президент жарлығы тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге теңдей негізінде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқықтан айырмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен шығаруды шектеу қағидасы Үкіметтің Президенттің заң актілерінде және халықаралық шарттарға негізделген. “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңының 21-бабы бойынша шектеулер қолданылатын тауарлар мен көлік құралдарын сыртқа шығаруды кеден органдары тек Республика заңдарымен белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда ғана жүргізе алады.
Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі оларға мәлімделген кеден режиміне, сондай-ақ кеден ресімдеу мен кеден бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады.
Тұлғаның кез-келген уақытта тауар мен көлік құралдарының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уақыты олардың жұмыс уақытменен анықталады ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Кедендік мағынада “тауарлар” деген ұғымының кез келген қозғалатын мүлік, сондай-ақ валюталық құнды құндылықтар, электер жылуы және басқа да энергия түрлері, тауарлар мен жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылатын көліктен басқа көлік құралдары деп түсінеміз. Сонымен қандай да болмасын кеден режимінің ауысқанына қарамастан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы әкелінген тауарлар мен көлік құралы шындығында өтуі тиіс. Бұлардан мынадай қортынды жасауға болады: нақты заңды тұлғалар толығымен кеден бажыларынсыз және әкелінетін тауарлар өндірістік немесе коммерциялық іске арналмаса тауарларды әкеле алады.
Ал кеден қоймасы-әкелінген тауарларға сақтау мерзімі барысында кеден төлемдері мен салықтарынсыз кеден бақылауында болатын кеден қоймасының кеден режимі.
Кеден қоймасы деп кеден қоймасының кеден режиміне сәйкес тауарларды сақтайтын кез келген арнайы анықталған және орныққан мекеме немесе орын аталады. Кеден қоймалары Қазақстан Республикасының кеден бақылауының агентігінің лицензиясын алғаннан кейін ғана белгіленеді. Кеден қоймаларының 2 түрі бар. Олар: ашық типті және жабық типті. Ашық типті кеден қоймаларын барлық тұлғалар қолдана алса, жабық типті кеден қоймалары белгілі бір тұлғалардың ғана тауарларын сақтау үшін арналады. Сонымен, кеден қоймасының режимі әкелінген тауарларды кеден бажын, салығын алмай және экономикалық саясат шараларын қолданбай кеден бақылауы негізінде сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, салығын, экономикалық саясат шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейін кеден бақылауы негізінде сақтау үшін арналған. Қазақстан Республикасы өркендеп дамыған сайын, оның кеден бақылау департаменті де өсіп, өркендей түседі. Яғни кеден режимдерінің болашағы, келешегі кеден саясатын дамытуда ерекше орын, роль атқаратындығына күмәніміз жоқ.
Кіріспе
“Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңының 22-бабына сәйкес кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын ауыстыру оларға белгіленген кедендік режимдер арқылы іске асады.
Ал, кедендік режим дегеніміз-кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының мәртебесін анықтайтын, “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңы белгіленген ережелер жиынтығы.
Кеден режимі тауарлар мен көлік құралдарын қолданудың және белгілеудің барлық ережелерін қамтиды.
Кеден режимдерін белгілеу кеден процедураларын оңайлату мен үндестіруге, үйлестіруге негізделеді.
Кеден режимдерінің мәні, маңызы оларды орындау мен тауарлар мен көлік құралдарына қатысты толығып отыратын формальдылықтың шарттары қаралатындығында.
Зерттеудің өзектілігі. Кеден ісі мәселесінде кедендік режимдердің алатын орны ерекше. Ел дамыған сайын, ол елдің, яғни Қазақстан Республикасының да экономикасы дамып, шет елдермен, көрші ТМД елдерімен әр түрлі келісім-шарттарға, құжаттарға қол қоюда. Ал еліміздің экономикасын алға жылжытуда, дамытуда кеден бақылау департаменттерінің, кеден бақылау департаменттерінің, кедендік режимдерінің қосар үлесі мол. Осы мәселердің барлығы кедендік режимдердің қосар үлесі мол. Осы мәселелердің барлығы кедендік режимдерді зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы 3 тараудан тұрады.
1-тарауда кеден режимдерінің түсінігі, мазмұны, түрлері және кеден режимі-кеден құқығының негізгі институттарының бірі сияқты мәселелер қарастырылады.
2-тарау толығымен тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібіне арналады. 2-тауарда мына сияқты мәселелер қарастырылады:
- ҚР-ның кеден территориясына тауарларды әкелу шығару құқығы;
- Кедендік қойма мен қайта өңдеудің экономикалық мазмұны;
- Кеден режимдерінің талаптары мен шарттарын қамтамасыздандыру нәтижесі және кеден саласындағы жауапкершілік мәселелері.
3-тарау арнаулы экономикалық аймақтарда кеден режимін реттеу мәселелеріне арналады.
Бұдан соң қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.
1-1
Қазақстан Республикасының кедендік заң шығару органдарымен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының кесіп өтуі, олардың кедендік бақылауы, орыны мен уақыты, сонымен қатар тауарлардың кедендік бақылауда болатын уақыты мен орны бекітілген.
“Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы” Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шекарасын тауарлар мен көлік құралдарының кесіп өтуі кеден органдары белгіленген орында ғана және олардың жұмыс істеу уақытында ғана өтуі рұқсат етіледі.
Кеден органдарынын кеден территориясы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын енгізу жайында хабардар ету, кеден территориясы арқылы сол тауарлар мен көлік құралдарын шығару яғни оларды кедендік бақылауға ұсыну тасушының міндеті болып табылады, ал тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуге ұсыну декларанттың немесе кеден брокерінің міндеті немесе борышы болып табылады.
Тауарларды кедендік ресімдеу мәлімделген кедендік режимдер мен байланыы жасалады, ал тауарлар мен көлік-құралдарын кеден органдарына ресми түрде мәлімдеу кедендік ресімдеудің негізгі бөлігі болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы” Заңы Қазақстан Республикасының кеден территориясына әкелетін және одан шығарылатын тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жататынын ескертеді.
Өз кезінде “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңының 22-ші бабына сәйкес кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын ауыстыру оларға белгіленген кедендік режимдер арқылы іске асады.
Кендік режим -кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының мәртебесін анықтайды. “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңы белгіленген ережелер жиынтығы.
“Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңның 23-бабына сәйкес декларант кез-келген уақытта кез-келген кеден режімін таңдауға және оны басқа бір режимге ауыстыруына құқысы бар. Ал, декларант дегеніміз-өз атынан тауарлар мен көлік құралдарын ұсынушы, мәлімдеуші тұлға.
Кеден режімі тауарлар мен көлік құралдарын қолданудың және белгілеудің барлық ережелерін қамтиды.
Кеден режимдерін белгілеу кеден процедураларын оңайлату мен үндестіруге үйлеструге негізделеді.
Кеден режимдерінің мәні, маңызы-оларды орындау мен тауарлар мен көлік құралдарына қатысты толығып отыратын формальдықтың шарттар қаралатындығында.
Кеден органына тауарлар мен көлік құралдарына иелік ету хұқылы үшін ресми мәлімдеме кеден бақылауындағы уақытша сақтаудағы ретінде қаралады.
Бұл кезеңде оларға тауарлар мен қатынас құралдарына тиісті кеден режимдеріне сәйкес орналастыруға дейін кеден заңдары бекіткен барлық кеден процедуралары жасалады. Кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін тауарлар мен қатынас құралдары өз белгіленуі бойынша жұмсалады, қолданылады.
“Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңның 22-1 бабына сәйкес тауарлардың кеден режимдерінің мынадай 17 түрі белгіленген:
- тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
- тауарлардың кері импорты;
- кеден қоймасы;
- бажсыз сауда дүкені;
- тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
- тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
- тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
- тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
- тауарлардың экспорты;
- тауарлардың кері экспорты;
- тауарлардың транзиті;
- тауарларды жою;
- мемлекеттік пайдасына тауардан бас тарту;
- еркін кеден аймағы;
- еркін қойма;
- арнайы кедендік режим (116-бап)
Енді, осы кеден режимдеріне толығырақ тоқаталып өтсек.
Тауарлардың еркін айналыс үшін шығару Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендік режим. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару:
- кедендік баждар мен салықтар төленген;
- тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
- осы және өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған;
- кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тауарлардың кері импорты-бұрын Қазақстан Республикасының Кедендік аумағынан тауарлар экспортының кедендік режіміне сәйкес әкетілген тауарлар Кодекстің 122-бабында белгіленген мерзімдерде, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып, кері әкелетін кездегі кедендік режим.
Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру үшін тауарлардың:
- Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
- әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режимдеріне мәлімдеуі;
- тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгерісіз жағдайда болуы тиіс. Әкетілген құн мен әкелінген күнгі құнның арақатынасы тауарлардың кедендік дикларациясында көрсетілетін статистикалық құнының негізінде айқындалады.
Тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес олардың әкетілу фактісі, әкетілген күні құжаттамамен расталады.
Келесі кедендік режим ол-кеден қоймасы. Кеден қоймасы-тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим.
Кеден қоймасының кедендік режиміне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін. Ал, басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше талаптарын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс.
Бажсыз сауда дүкеніне келер болсақ, ал тауардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарлар тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим.
Бажсыз сауда дүкеннің кедендік режиміне Қазақстан Республикасының әкелінуге және Қазақстан Республикасының әкетілуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
Ал, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу деп аталады.
Кедендік режимнің келесі түрі-тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу. Еркін айналыс үшін қайта өңдеу-қайта өңдеу өнімдерін тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейінен орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылаумен кедендік аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режим.
Ал, тауарлар экспорты-импортпен қатар халықаралық саудада кең таралған процесс болып табылады және Қазақстан Республикасы үшін қазіргі таңда өте маңызды болып келеді. Осыған сәйкес тауарлар экспорты-тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік территориясынан шығарылуына арналады. [3; 38]
Қазақстан Республикасының Кеден Заңымен экономикалық саясат шаралары анықталып, кедендік төлемдер мен алымдар төленгеннен кейін ғана тауарлар территория шекарасынан шығарылады. Кедендік дайындаудың барлық нысандары орындалғаннан кейін тауар иесі тауар шығаруды кедендік декларацияға сәйкес жасау керек. Кедендік декларация-кедендік дайындық кезінде толтырылатын міндетті құжат, онда тауарлар және транспорттық құралдар жөніндегі толық мағұлымат және олардың кедендік режимі көсетіледі.
Кедендік режим емес, сыртқы сауда операциясы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бұл процеске жергілікті өндіріс тауарларын валюталық пайда алу мақсатымен ұлттық территориядан тыс жерген шығару деп анықтама беруге болады.
Қазіргі экспорт абсолюттік қажеттілік ретінде қарастырылады. Ол дамушы елдер үшін де, дамыған елдер үшін де қажет, алайда даму деңгейі қажеттілікті және оның себептерін анықтайды.
Дамушы елдер үшін экспорт-тұрақты немесе уақытша артықшыларды сыртқы нарыққа шығарудың каналы болып келеді. Мұндай елдердің негізгі мақсаты сыртқы сауда балансын теңестіру болып саналады. Тап осы мезетте дамыған елдердің экспорты бұдан басқа мынадай себептерден туындайды: қазіргі кездегі техника жетістіктері жоғары базалы құрал-жабдық жасауға мүмкіндік берді де, ол үлкен мөлшерде шығарылған жағдайда тиімді, ал оның тұтынуына ұлттық нарық тарлық еткенде тиімсіз болады. Сондықтан бұл жағдайда халықаралық нарыққа шығу міндетті болып табылады.
Экспорт туралы айтқанда оның Қазақстан үшін маңыздылығын атап өту керек. Қазіргі кезде республиканың сыртқы саудасы балансының оң сальдосымен сипатталады. Алайда экспорттың үлкен бөлігін шикізат және табиғи ресурстар құрайды. Бұл өнімді шетелге сату және өңдеуші сала дайын өнімді өткізу кезінде мағынаға ие болады.
Экспорттың шикізаттық бағыттылығына оны сатып алатын шетел әріптестері де өз әсерін тигізеді.
Тауарлар реэкспорты дегеніміз-бұл Қазақстан Республикасының кедендік территориясынан ертерек импортталған тауарларды, сонымен бірге аукционда, саудада, халықаралық тауар биржасында сатуға дайындалған тауарларды шетке шығарудың кедендік режимі. Тауарлар реэкспортты тауарлардың шетке шығарылуын, олардың төлеусіз немесе кедендік баж салығын қайтарумен, сонымен бірге, экономикалық саясат қолданып отырған шараларынан босатылумен түсіндіріледі. Реэкспортқа шет ел өндірісінің тауарлары жатады.
Тауарлар транзиті режиміне тоқталмастан бұрын оған, яғни транзитке анықтама беріп өтейік. Транзит дегеніміз-тауарларды бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке немесе үшінші мемлекеттің кедендік территориясы арқылы тасымалдауды, яғни бір елдің екі кедендік тексеру орны арасындағы тауарлар қозғалысы.
Қазақстан Республикасының кедендік заңына сәйкес тауарлар транзиті бұл кеден режимі болып табылады. Яғни, кеден баж салығын, басқа да салықтарды төлемей және экономикалық саясаттың шараларын қолданбай тауарларды отандық өндірістерді Қазақстан Республикасының кедендік территориясымен шетел мемлекетінің территориясы арқылы тасымалдануды айтады.
Кедендік бақылау кезінде өнімдерді қайта өңдеу режимінің орындалуы дегеніміз-шет ел тауарларын кедендік территориясында кедендік бажсыз және салықтарсыз өңдеу үшін пайдалану болып табылады. Ол кедендік бақылаудан өтеді, оның мақсаты-өнім шыққанан кейін оны еркін айналысқа қосу немесе басқа кедендік режимге орналастыру.
Ал, уақытша тауардың әкелу және шығару режимі дегеніміз-кедендік төлемнен жартылай немесе толық босатылған тауарлардың өзгермеген жағдайында және кеден белгілеген уақыт аралығында қайтару керек режимі.
Тауарларды жою - бұл кедендік режим кезінде тауарларды пайдалана алмайтын жағдайға дейін келтіреді, кедендік төлемдер төленбейді, бірақ кедендік бақылау жасалып отырады.
Шет ел тауарлары өз мақсаты бойынша пайдаланыла алмаса, онда олар жойылуы керек.
Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту режимі дегеніміз-мұнда кез келген (рұқсатымен ғана) тұлғадан баж, салық алынбайды. Бұл режим кеден рұқсатымен ғана жүзеге асады, бірақ одан шығындар тудырмау керек.
Құқық саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен сипатталады.
Осыған байланысты кеден құқығында негізгі институттар мынадай түрге бөлінеді: мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат пен міндеттерген жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі қарастырылады.
Ресейдің Кедендік кодесінің Қазақстандық кеден құқығынан айырмашылығы кеден саясатын кеден ісінің құрамында қоса қарастырады.
Ондай ережені Б. Н. Габричидзе қате деп санап, былай деп жазады: “РФКҚ-ң 2-бабының 2 бөлігі кеден саясатының мақсатына Ресейдің ұлттық экономикасын дамытуды арттыру, оның құрылымдық қайта құруын жүзеге көмектесу, тауар алмасуды реттеу де жатады деген мағына береді. Басқа да маңыздылығы аз емес мақсаттар да қарастырылады. Бұдан кеден саясаты кеден ісінің шегінен тыс екендігі көрінеді”( ) .
Кеден ісін кеден құқығының жүзег асыруының нысаны ретінде қарастырудың нысаны ретінде қарастырудың құқықтық және ғылыми негізі бар.
“Құқықтың құрылуы, -деп жазады С. А. Алексеев, -өзінің шығу негізгі бойынша объективті келісілген, қажетті сипатқа ие” ( ) .
Құқықтық құрудың бастапқы сатысы-объективті экономикалық, әлеуметтік немесе басқа қоғамдық қатынастарды заң негізінде реттеу қажеттіліктер келесі кезекте саяси қатынастар жүйесінде-саяси, адамгершілік және құқықтық санада, үстемдік ететін қоғамдық пікірден өте отырып, өзгерістерге ұшырайды, мүдделер тоғысады немесе тар шеңберде қалып, бұрмаланған, өзгерген сипатқа ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz