Кейінгі ортағасырлық Сауран шаһары (XIV-XVІІІ ғғ)


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: САУРАН ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
4: 8
: 1. 1
КІРІСПЕ: Сауран шаһарының жазба деректері және археологиялық зерттелу тарихы
4: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ: Шаһардың қысқаша тарихи очеркі
4: 16
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: САУРАН ШАҺАРЫНЫҢ «МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕЛУІ
4: 23
: 2. 1
КІРІСПЕ: Саурандағы сәулеткерлік (мұсылмандық) ғимараттардың зерттелуі . . .
4: 23
: 2. 2
КІРІСПЕ: Сауран шаһарының суландыру жүйелері
4: 46
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 53
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 55
:
КІРІСПЕ:
4:

МАЗМҰНЫ

«Көкше» Академиясы

Таспаев Ақан

Кейінгі ортағасырлық Сауран шаһары (XIV-XVІІІ ғғ)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Тарих- 5В011400 » мамандығы бойынша

Көкшетау, 2014 ж

«Көкше» академиясы

Гуманитарлық-педагогикалық департаменті

«Қорғауға жіберілді»

Департамент директоры

Молғаждаров Қ. К

(Т. А. Ә. А. )

«___» 20__ж.

Кейінгі ортағасырлық Сауран шаһары (XIV-XVІІІ ғғ)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400-«Тарих» мамандығы

Орындаған: Т. Ақан

Жетекші: Байтлеу Д. т. ғ. к

доцент

Көкшетау, 2014 ж

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Сырдың Сауран шаһары ― қазақтың інжу-гауһары демекші, осыдан мың жыл бұрын бой көтерген Сауран шаһарының әскери-стратегиялық, сауда-экономикалық және тарихи-мәдени орталық ретінде Қазақ хандығының тарихында, жалпы Орта Азия өңірінде маңызы зор болғандығы шәк келтірмейді. Cауран шаһарының құландысы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Бүкіл Орта Азиялық қалаларға тән Сауран да екінші рет орнын ауыстырады: VI - XII ғғ. ол қазіргі орнынан 3 км жердегі Қаратөбе қала жұртында болса, монғол шапқыншылығынан кейін Сауран өз атауын сақтай отырып жаңа орынға көшіп XIII - XVIII ғғ. аралығында тіршілік етеді. Сауран жазба деректерінде Х ғ. атала бастайды. Ал-Макдиси Сауранның 7 қатар қабырғамен қоршалған үлкен қала екендігін атап өтеді. Ал «Михман-наме-йи Бұхараның» авторы Фазлаллах ибн Рубихан Исфагани ерте көктемде Сығанақтан Сабрамға барғанда өзінің шаршағанына қарамастан Түркістан даласының көркіне тәнті болады. 1514-1515 жж. аралығында Сауран шаһарынада өмір сүрген тәжік ақыны Зайнаддин Васифи 1598 ж. қаланы басып алмақшы болған Абдаллах ханның әскери жорығын суреттеп былай деп жазған: «Сауран қамалы - өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктілігі соншалықты, оның мұнаралыры мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды». Монғол шапқыншылығынан кейін жаңа орында бой көтерген Сауран жүз жылдай уақыт өткеннен кейін қайта гүлденіп шыға келеді. Осындай берік қамалды иелену кез-келген қолбасшының арманы болды, сондықтан Сауран шаһары үшін билеуші әулеттер арасында үнемі қиян-кескі күрес жүріп жатты. Қала бірде құлдырап, бірде шарықтап қолдан-қолға өтіп отырды.

Сауран шаһары XIV ғ. бірінші жарытсында қазақ халқының этнос ретінде қалыптасуының алғашқы саяси ұйытқысы болып саналатын Ақ Орданың астанасы болады. Мұнда 1320 ж. дүниеден өткен Ақ Орда билеушісі Сасы-Бұқа жерленген. Ал оның баласы Ерзен хан Сауранда медресе, ханака, мешіт ғимараттарын салдыртқан көрінеді. XV ғ. 80-ші жылдарында қазақтың тұңғыш хандарының бірі Жәнібектің баласы Иренші сұлтан осы Сауран шаһарын билеген. Демек, Сауран қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын ортағасырлық қалалардың бірі болып табылады. Жоғарыда атап өткен Васифи сонымен қатар қаланың аса бір керемет құрылысы - әлем ғажайыптарының біріне теңеген екі шайқалмалы мұнаралары бар медресе туралы хабарлайды. Осы өңірде саяси және мәдени орталық болған аты әлемге таралған Сауран шаһары туралы қалам тартпай кеткен ақын, жазушы болмады. Жазба деректермен қатар қала туралы мағлұмат қазақ халқының ауыз әдебиетінде де кездеседі. Асан қайғы бабамыз Жер ұйықты іздеп қазақтың кең байтақ даласын аралап жүргенінде Желмаясының басын Сауранға да бұрғаны туралы дерек бар. Қаланы көрген соң: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, шөлстанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», - деп толғаған екен әйгілі абыз7Сауран - Қазақстандағы қорған дуалдары неғұрлым толық қалпында сақталған әйгелі ортағасырлық қалалардың бірі. Қала аумағының пішіні сопақ алаңқай түрінде келеді. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытымен 800 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 500 м ұзынынан созылып жатыр. Қала аумағы айналасындағы тегістіктен 2-2, 5 м биіктікте орналасқан. Ол өзінің осы бірегейлігімен көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Дегенмен, зерттеу жұмыстары өте баяу жүріп жатты. Егер ешқандай шара қолданылмаса қаланың сақталған дуалдарының құланыдысы шамамен он жылдан кейін жермен-жексен болып, келер ұрпаққа жетпес еді. Сондықтан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран шаһарын жан-жақты зерттеу және қалпына келтіру іс-шаралары жүзеге асырылуда. 2004 ж. бастап төрт жыл ішінде жүргізілген қазба жұмыстар нәтижесінде қала аумағында шайқалмалы мұнаралары бар медресе, жұма мешіт, айт (намазгох) мешіті, ханака сияқты мұсылмандық ғимараттар және қаланың солтүстік-шығыс қақпасы ашылып қаланың зерттеу тарихына тың мәлеметтерді қосуда. Қазылған ғимараттар өздерінің бастапқы жобасын көпшілік жағдайда сақтаған. Олар негізінен күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Құрылыстардың көптеген құландылары олардың бастапқы төбежабындары қандай болғандығын шамалауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты - орта ғасырларда Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Ұлы Жібек Жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алаты орны ерекше Сауран шаһарын ұрпақтары мақтан ететін, саяхатшы-туристтер қызықтайтын аспан астындағы қала-мұражайға айналдыру. Аспан астындағы мұражай жасауға Сауранның толық мүмкіндігі бар.

Зерттеудің нысаны. Сауран қала жұртының зерттелуі осыдан жүз жыл бұрын басталды. Қала туралы алғашқы мәліметтерді П. И. Лерх шығармаларында, П. И. Пашиноның жол жазбаларынан алуға болады. Олар қаланың дуалдары, әлі сол кезде тұрған мұнаралардың сақталғандығы мен медресе қирандысы туралы толық суреттеп жазып кеткен. П. И. Пашино мұнараларды суретке де түсірген. Қалада алғашқы арнайы археологиялық зерттеулер ХХ ғ. 40-шы жылдарының соңында А. Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицисы жүргізген болатын. Ескерткіштің көзмөлшермен жасалған сызбасы және жинақталған материалдар негізінде қаланың өмір сүрген уақыт межесі ұсынылды. Қазақстан аумағында Сауран өңірінен басқа ешқай жерде кездеспейтін суландыру жүйелерін, яғни кәріздерді зерттеу 60-шы жылдардың соңында басталады. 1986-1988 жж. В. А. Грошев Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция құрамында Сауран кәріздерін археологиялық тұрғыдан зерттеу мақсатымен далалық жұмыстарын бастайды. Ол кәріздердің үш сызығын байқап және алынған мәліметтер негізінде оларды бір өте ірі жүйенің үш сызығы болуы мүмкін деп топшалайды.

Зерттеу пәні. Дипломдық жұмысты жазу негізінде Білім және Ғылым министрлігі рұқсатымен жарыққа шыққан тарихи кітаптарды, ғылыми зерттеулер, газет-журналдар қолданылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Берілген диплом жұмысының мақсаты соңғы жылдар жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» мемелекеттік бағдарламасы аясында аударылып, қайта тұжырымдалып жазылған Қазақстан тарихына байланысты жазылған жазба деректерді пайдалана отырып Сауран шаһарының кейінгі ортағасырдағы тарихи орны мен маңызын пайымдау.

Зepттeудiң мiндeттepi. Қаланың жұртында жүргізілген археологиялық зерттеулердің қорытындыларын пайдалана отырып, Сауран шаһарының маңызын тың материалдар неізінде қайта сараптау.

Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде қазіргі таңда әдістемелік басылымда шығып отырған және қоғамдағы ғылым саласының әдістеріне тоқталдым Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендігімізді жариялауы өзіндік бір әдіснамалық негізге жол ашты. Яғни тарихи зерттеулерге жаңа теориялық, әдістемелік негіз қаланды. Тарих ғылымы біршама өзгерістерді бастан кешіргенімен түбегейлі реформалардан тыс қалды. Соның нәтижесінде қазақстандық тарих ғылымы қазіргі кезде теориялық - әдістемелік тұрғыдағы дағдарыстан шыға алмай отыр. Оны ұлттық жарияланымдардың материалдары дәйектейді.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу тақырыбына қатысты тарихшылардың зерттеулері мен ғылыми-теориялық әдебиеттеріне талдау жасау және олардың зерттеу әдістерін қолдану.

Ғылыми жаңалығы. Соңғы жылдардағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде қала тарихына қатысты жаңа тың мағлұматтар жинақталды. Ал археологиялық-топографиялық зерттеулерді жазба деректердегі мағлұматтармен салыстыру нәтижесінде кейінгі ортағасырық Сауран туралы К. М. Байпақов пен Е. А. Смағұлов неғұрлым егжей-тегжейлі түсінік берді. 2004 ж. бастап К. М. Байпақов жетекшілік еткен ОҚКАЭ мен Е. А. Смағұлов жеткешілік еткен Түркістанның археологиялық экспедициясы және Түркістанның Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Тұран археологиялық экспедициясын басқарған М. Елеуов Сауран шаһарының орнында қазба жұмыстарын жүргізді. 2009 ж. Еуразия Ұлттық Университетінің «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының мамандары да, атап айтқанда, Д. А. Талеев Сауранда жеке қазба жұмысын жүргізуде. Сауранда осы төрт жылдан бері жүргізіліп келе жатқан қазба жұмыстарының барысында ірі шаһарларға тән бір топ рухани және мәдени ғимараттар - жұма мешіті, екі медресе, айт мешіті және ханака, қаланың негізгі қорғаныс құрылысы, бас қақпа, оның екі қапталындағы дөңгелек мұнаралар мен аспалы көпірдің орны ашылды. Қазылған ғимараттар өздерінің бастапқы жобасын неғұрлым сақтап қалған. Олар негізінен күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Құрылыстардың көптеген құландылары олардың бастапқы төбежабындары қандай болғандығын шамалауға мүмкіндік береді. Қаланың солтүстік-шығыс қабырғасында орналасқан бас қақпаның орнында профессор М. Елеуовтың жетекшілігімен қазба жұмыстыры жүргізілуде. Үш жылдан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеудің нәтижесінде қаланың топографиясы мен қорғаныс құрылыстарына, тіпті шаһардың тарихына қатысты мол мәліметтер алынды. Солтүстік-шығыс қақпадан басталатын бас көшенің сол жақ бетінде кезінде тәжік жазушысы Зайнаддин Васифи сипаттап кеткен екі мұнаралы медресенің орны аршылды. 2009-2010 жж. С. Ақылбек жүргізген қазбаларының нәтижесінде нақ сол медресе екені нақты анықталды. Осының барлығын ескере отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген күнде ашық аспандағы керемет мұражай шығары анық. Сауран шаһары өзінің қазіргі уақытқа дейін сақталған биік дуалдарымен, тұрғын үйлер және қоғамдық құрылыстар қирандысымен, өзінің бірегей кәріздерімен, қала маңындағы құрылыс және ежелгі егістіктерінің қалдықтарымен Қазақстанның ең бір құнды археологиялық және архетиктуралық ескерткіштердің бірі. Бұл - Қазақстан және Орта Азия халықтары ата-бабаларының еңбек ету және мәдени өмірінің өзіндік бір мұражайы. Сол аспан астындағы мұражайды уақыттың қатал жоюына қалдырмай келер ұрпаққа жеткізу қазіргі аға буынның парызы.

Тәжірбиелік мәні. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы ретінде жаңа материалдарды оқып меңгеру және жұмыстың теориялық маңызы болып табылады

Дипломдық жұмыcтың құpылымы мeн көлeмi . Дипломдық жұмыc кipicпeдeн, екі бөлiмнeн, қоpытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн жәнe қоcымшaдaн тұpaды.

1 САУРАН ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Түркістан аймағындағы туризм
Түркістан алқабы
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz