Кенесары тұлғасы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Кенесары – ұлы саясатшы
1.1 Көтерілістің
қарсаңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...8
1.2 Ғұбайдолла сұлтанды айдаудан қайтару, Күнімжан ханшаны Орынбор
тұтқынынан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...30
1.3 Кенесарының орта Азия иеліктерімен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ..3 7
1.4 Кенесары және қазақ
қауымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.41
2 Кенесары- ұлы қолбасшы
2.1 Кенесары
тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..54
2.2 Патша үкіметінің Кенесарыға қарсы
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .64
2.3 Кенесарының патша әскерлерімен
шайқастары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...73
2.4 Кенесарының ақырғы
жорығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
78
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...91
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..98
Кіріспе
Отаршылдыққа қарсы бағытталған қазақ халқының азаттық күресінің
мәселелерін зерттеушілеріміз шын мәнінде енді ғана қолына ала бастады.
Октябрь төңкерісінен кейін XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басыңда
өлкемізде болған отаршылдыққа қарсы күресті зерттеуге арналған біраз
монографиялық немесе басқа сипаттағы еңбектердің жарық көргені рас. Әсіресе
бұл бағытта елеулі көзге түсер еңбектің авторы ретінде бұрынғы патша
офицері А.Ф. Рязановты атап өту ләзім. Академик М.П. Вяткиннің Сырым Датов
көтерілісіне арнаған мемлекеттік сыйлыққа ие болған зерттеуі де тарих
ғылымында бір белес болды. Алайда осы тақырыпқа арналған еңбектер ішінде
дара тұратын Е. Бекмахановтың зерттеуі тарихшыларға жаңа бағыт болды.
"Правда" газетіндегі (1950 ж, 26. XII.) белгілі мақаланың идеологиялық
біржақтылығына қарамастан профессор Е. Бекмаханов Кенесары қозғалысының
көптеген мәселелерін терең талдап берді. Бұл оқиғаның, кітаптың және оның
авторының тағдырына үлкен қиянат болғанын, ғалымның саяси қуғын-сүргінге
салынғанын республика жұртшылығы біледі. Бұдан кейін көптеген зерттеушілер
көне тарихты зерттеуге жүректері дауалай бермеді.
Тек республикамыздың тәуелсіздік алуы, коммунистік идеологияның қыспағынан
арылу, қоғамдық санадағы жаңа құбылыстар патша үкіметінің Қазақ өлкесіндегі
отарлық саясатын жаңа талап тұрғысынан зерттеуге жол ашты. Бұл бостандық
желінің есуі тарих ғылымында зерттеуге "тиым салынған" тарихи оқиғаларды
жаңа деректерге сүйеніп мазмұнын ашуға мүмкіндік туғызды. Әсіресе қазақ
қауымының көңілінде жүрген Кенесарының аянышты тағдыры, ол басқарған 1837-
1847 жылдардағы бүкілқазақтық көтеріліс мәселелері қайта көтеріле бастады.
Талантты жазушымыз Есенберлиннің белгілі трилогиясының бір қомақты
бөлігінің хан Кенесарыға арнаулы көпшіліктің санасын бір сілкіндірді,
сұлтан кейіннен ақ киізге хан көтерген Кенесарының жеке басына көтеріліске
деген серпіліс тудырды. Республика баспасөз беттерінде осы оқиғалардың әр
мәселесін толықтыратын дербес мемлекеттің өткен кезеңін көрсететін
мақалалар жарық көрді.
Е. Бекмахановтың белгілі кітабы да қайтадан баспадан шықты. Хан Кененің
туған өлкесі Көкшетауда көтерілістің басты ошақтарының бірі Ақмолада
астанада Кенесарының туғанына 190 жыл көтеріліске 155 жыл толуына арналған
республикалық ғылыми конференциялар болып өтті. Мектепке арналған оқулықта
осы жолдардың авторы Кенесары хан көтерілісіне арнайы тарау арнады. Радио,
теледидар басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үш жүздің ұлыстарын
қамтыған ХІХ ғасырдағы өлкеміздегі ең ірі көтеріліс туралы хабардар
ұйымдастырылды. Ресми дворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасының өкілдері
Кенесарының Сырым және Исатай батырлар сияқты "бұзық", "қарақшы" деп
жеккөрінішті бағалармен сипаттаса да, екіншіден, көтерілістің басты
оқиғаларына мейлінше мән берген, Абылайдың немересін "айлакер, парасатты
саясатшыл, қайраткер" ретінде де жоғары бағалайды. "Өз халқына мәңгілік
бостандық тілеген Кенесары, патриот бола тұра, орыс мемлекетінің ерте ме
кешпе ордалықтарды басып алуға тырысатынын түсіне білді",— деп жазады Н.
Середа
1833 жылғы Польшадағы азаттық күреске қатысқаны үшін қазақ өлкесіне жер
аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына қайран қалып, оны XIX
ғасырдың 80-ші жылдарындағы Алжир халқының Француз отаршылдарына қарсы
күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадермен теңестіреді. Шоқан Уәлихановқа
қамқорлық жасаған, орыстың ұлы ғалым-саяхатшысы П.П. Семенов Тянь-
Шаньскийдың хан Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Рим
империясының отаршыл саясатына қарсы халқын көтеріп, жанталаса күрескен
Понт патшасы Митридат II Эвпатормен теңестіруі де қазақ ханының саясатшыл
дипломатиялық шеберлігін мойындағандығы.
Дербес елдің алға қарыштап дамуы тарихи шындықты мейілінше тереңдетіп
зерттеуді, халқымыздың өзіндік жолы бар тарихын жаңа табылған деректерге
сүйеніп зерттеуді талап етеді. Ұсынылып отырған кітаптың да мақсаты
Кенесары ханның әлі де кеңейтіп көрсетілмеген саясатшылдығы, дипломатиялық
өнері қолбасшылық қасиетіне ой жүгірту көмескі жақтарын айқындау.Жұмыстың
негізінде екі мәселе ханның саясатшылдығы мен қолбасшылдық дарандылығын
арнайы сипаттауға арнаулы, әрине кездейсоқтық емес. Көрнекті зерттеуші,
Шоқанның досы Ядринцев қазақтың ұлы ғалымы туралы кейіннен жарияланған
естелігінде Кенесары қозғалысына біршама мән берген. "...көтеріліс кезінде
дала екі партияға ажырады, біріншісі тәуелсіздік үшін күрессе, екіншісі
патша билігі мойындады. Жыршылардың суырып салма ақындар сайысында
Кенесарының жеке басы жиі көтерілетін"
Батыстың көрнекті тарихшысы А.Авторхановтың "...үлкен ағамызға берілген
кеңшілік жасы кіші баурына рұқсат етілмеген . Ал Түркістан мен Кавказды қан
тегумен жаулап алған патша генералдарына олар бостандығынан айырған
халықтар жерінде ескерткіштер тұр" — дегені бізде Абылайды, Жоламан,
Көтібар, Сырым батырларды мақтан ете алмағанымыз түсінікті. Әсіресе көңіл
аударатын жеке басын сипаттауда қара күйеден арыла алмаған хан, дипломат,
саясатшы, сонымен қатар даңқы асқан батыр Кенесарының бейнесі. Иә, ұлы Отан
соғысына дейінгі кезеңдерде де Жамбыл ақын Кенесарының жеке басына тән
өнегелі қасиеттерді жырлағаны барша жұртқа мәлім. Алайда соғыстан кейінгі
жағдай қазір түбірімен өзгерді.[1]
Осыдан белгілі автор М.Красовскийдің Кенесарыны ұлы Абылаймен салыстыруы
түсінікті. "Ак жағынан атасынан төмендеу тұрса да, мінезі және қимылының
адуындылығы жағынан әкесі Қасымнан Абылайдан алшақ тұрады, азғана уақытта
Кенесары Сібір даласына белгілі болды",— деп жазуы, әрине, жағынан, азаттық
күрестің себебін ашып көрсетсе, екінші жағынан, жаңа саяси ахуалда тарихи
сахнаға көтерілген ханның өзіне тән тамаша қасиеттерінің отаңдаста
төңірегіне жинауда белгілі роль атқарғандығын аңғартады; [2]
Көрнекті жазушы I. Есенберленің де тарихи тұлғаның қолбасшылық өнерін
көркем тілмен өрнектеуіне қарағанды әскер ісін басқаруда, осыған сай
реформаны жүзегі асырған Кенесары өз заманының белгілі қолбасшыларының бірі
екеніне ешқандай күмән жоқ. "Тегеурінді шабуылымен жауына бас салғанда,
дала өңірінде ештеңе калдырмайтын құдіретті құйындай Кенесарының соғыс
қимылдарынын мол күшін жоғары бағалаған Н. Середамен толық келісуге болар.
Заманымыздың белгілі ақындарының бірі Расул Гамзатов патшалық Россияның
отарлық саясатына 25 жыл табанды күрескен Шәмілдің ерлік істерін дәріптей
келе сол имамның қылышындағы бір жазуды келтірген: "Кімде-кім шайқасқа бел
байлап, оның салдарын ойласа, толқыса оны ержүрек адам деуге болмас
.Кенесары Ресей империясының үлт аудандарындағы ең ірі көтеріліске аяғына
дейін бас болып, жеке басының қамын, от басы, туыс, жақын қаңдастарының
тағдырын ойламай, халық қамы үшін басын саналы түрде өлімге байлады.
Зерттеудің обьектісі: 1937-1947 жылдардағы бүкілқазақтық
көтеріліс мәселесі. Қазақтардың Х1Х ғасырда болған барлық басқа да ірі
көтерілестерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара
халқы түгел қатысуы.
Зерттеудің мақсаты: Кенесарыны саясатшы және қолбасшы тұлға ретінде
көрсету. Кенесарының колбасшылық өнері туралы сипатталарды орыс
тарихнамасынан да байқаймыз. 1872 ж Орынбор әскери училищесінің
тыңдаушыларының алды оқылған арнайы лекциясыңда В. Потто көтерілістің
көсемін "жеңімпаз хан, қырғыздың Шәмілі" деп берген. XIX ғасырдың бірінші
жартысыңда Ресейде болған ұлт-азаттық қозғалыстардың ішінен имам Шәміл мен
Кенесары бастаған көтерілістің ерекше дараланып тұратынын еске алсақ, бұл
бағаның орыңды екенін пайымдай Далалық аудаңдарда Ресейдің үстемдігі
орнаған кезін еске алғанда барлық басты оқиғалар қазақ халқының мүддісін
мейлінше өзіне сіңірген "бір ғана жан" Кенесарының маңайына топтасатыңдығын
Л. Мейер де мойындаған.
Жаңашылдығы:Қоғамдық санадағы жаңа құбылыстар патша үкіметінің қазақ
өлкесіндегі отарлық саясатын жаңа талап тұрғысына зерттеу.
КЕНЕСАРЫ – САЯСАТШЫ
1.1 КӨТЕРІЛІСТІҢ ҚАРСАҢЫ
XIX ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Европаның жандармы
ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш
қолданудың нәтижесінде ірі отарлық мемлекетке айналған кезі. Кіші және Орта
жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі Ұлы жүзді
басып алуды, оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әлі де дербестіктерін
сақтаған Орта Азияға шығуға, сөйтіп осы стратегиялық аймақта үстемдігін
орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің
әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді. Шын мәнінде XVIII ғасырдың
соңғы ширегі, XIX ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық,
Есіл, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі — бекіністердің
төңірегінде 100-150 шақырым қашықтықта ғана жүретін. Елдің түкпірінде көшіп-
қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүрін сақтап, ру-руға
жіктелген иеліктерін көшпенді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды. Американ
тарихшысы Марк Раевтың "Қазақ даласы сол кезеңде Ресейдің мемлекеттік
шекарасы болмаған" деп қорытындылауында жөн бар .
Ресей мемлекетінің кең байтақ қазақ жеріне көз тігуінің тағы да бір
себебі осы елдің экономикалық мүддесінің шет аймақты отарлаумен
байланыстылығы. Өсіп келе жатқан Ресейдің өнеркәсіп тауарларын сіңдіретін
жаңа да, арзан да, кең де рынок қажет болды. Завод, фабрикалық бұйымдар мен
күнделікті өмірге, шаруашылық мұқтажына қажетті өнімдер қазақ аулының
өзінде жасалынбауы бірте-бірте қазақ руларын шекаралас өңірдегі Ресей
жәрмеңкелеріне, Хиуа, Бүхара, әсіресе, Қоқан хандықтарына тәуелділігін
күшейтті.
Патша үкіметінің Қазақстанды жаулап алу жоспарының іске асуын әсіресе
мүдделендірген саудадан түсетін, мемлекеттік қазынаның үнемді көзі — баж
салығы еді. XIX ғасырдың басында Ресейден Орта Азияға, Шыңжанға тағы да
басқа Орталық Азия елдеріне баратын дәнекерлік керуен жолдары қазақ даласын
басып өтетін. Тіпті алыста 5 жатқан Константинопольден (Стамбулдан) Орталық
Азияға бет алған керуендер де осы аймақпен жылжитын Баж салығын төлеуден
қашқақтаған көптеген керуендер талауға да түсетін. Орыс үкіметі осы
керуендерден жиналатын баж салығын өз қазынасына ғана жинаттыру үшін
Ресейдің, билігін әлі де мойындамаған сұлтан, билердің ауылдарына қарулы
қол жіберіп, қыр көрсетіп отыратын. 1800 жылы патша үкіметі осындай
керуендерді мазалаған қазақтарды жауапқа тарту үшін шекаралық сот
ұйымдастырды. 1803 жылы наурыз айының 31-де Сібір шекаралық басқармасына
Мемлекеттік Сенаттан түскен нұскауда қазақ даласынан Семей және Петропавл
қалаларына бағыт алған керуендерді казақтардан қорғау үшін казактардан
қарулы күзет қою тапсырылды. Иркутск генерал-губернаторы И. Селифонтовтың
сауда министріне жолдаған хатында көпестердің керуендерінің Қазақ даласында
жиі талауға түсетініне байланысты шекаралық бекініс коменданттарына күзетке
берілетін казактар санын 20 адамға дейін жеткізу көзделген.[1]
Керуендердің жанында тұрақты қарулы казак отрядтарын ұстау өкімет үшін
қымбатқа түсті және барлық керуендерді шығатын қонысынан баратын жеріне
дейін апарып салу көп қаражат қажет етті. Мәселені шешудің бір жолы —
осындай стратегиялық маңызды өлкені Ресей империясының құрамына қосу
еді.[3]
XIX ғасырдың бірінші ширегінде отарлаудың тірегіне айнала бастаған
бекіністер, олардың төңірегіне Сібірден, Алтайдан, алыстағы Орал өңірінен
келген орыс-казак шаруалары қазақ ақсүйектерінің қарсылығына пысқырып та
қарамады, олар біртіндеп рулардың қауымдық меншігі жайылымдық жердің табиғи
түрде пайдаланылуына қысым жасады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша
көшпенді ауылдар арасындағы жерге байланысты дау ру ақсақалдарының,
көпшілігінде билердің араласуымен шешілетін. Қайшылық шиеленіскен жағдайда
барымта, рулық тартыс, феодалдардың ішкі жанталасы жиілеп, кикілжіңге
соқтыратын. Өмірі малмен, көшпенді шаруашылықпен байланысты болғандықтан
әрқашан ауыл ақсақалдары осындай болмашы алауыздықтарды да шешіп отыратын.
Әсіресе Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл
өзендерінің бойында, немесе оған жақын аймақта қоныстаушы орыс шаруаларының
санының ұлғаюы, жайылымдық жерлердің тарылуы қазақтардың наразылығының ашық
көрінісіне әсерін тигізбей қоймады. "Олар үкіметтен ешқаңдай көмек алмай,
бұрын қырғыздардың қолында болған жерлерге жапа-тармағай қоныстана бастады"
.[4]
Жазғы кеш кезінде жүздеген шақырым тіпті онан да аумақты жерді
малымен, семьяларымен көшіп өтетін ауылдардың жағдайы тіпті ауырлады. Енді
қайда барса да орыс бекіністері алдан шығып отырды, бұрынғы емін-еркін
жайлайтын жерлер тарылып, патшаның отаршылдық шеңгелі барған сайын алқымнан
сығымдап бара жатты. Малға өте керекті қоректің-бетегенің далалық
жазықтарда қаптай өсетінін ескерсек, мал шаруашылығы үшін далалық өңірдің
қаншалықты маңызды болғаны да есімізге түсер еді. Далалық алқапта
қазақтардың ауыл-ауыл болып жіктеліп көшіп-қонған өмірін патша
губернаторлары, осы аймақты отарлауға қарулы қолмен келген әскери шенді
офицерлері, чиновниктері түсіңді ме екен? Көпшілігі Омбыда, Орынборда
отырып қазақ даласын қалай игерудің жоспарларымен бастары қатқан автохтонды
тұрғындарды бірден отырықшылыққа көшіруді ұсынған жергілікті әкімдер мал
шаруашылығына күн көрістің көзі деп қараған қазақтардың өмір ерекшелігін
өзінше пайымдаған. А. Янушкевич жазғандай "...егер европалық адамды осы
далаға жіберсе, бұл қандай қаңсыған тақыр еді, менің жылқыларым аштан қатар
деп",— аттан салар.[5]
Қазақтардың өмірімен көп жылдар бойы жақын танысқан, кейіннен
шаруаларды осы өңірге қоныстандыруға қарсылық білдірген, А.Гейнс сол
Орынбор губернаторының кеңсесіндегі номадтардың тағдырын өзінше кесіп-пішіп
отырған чиновниктердің мал шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен еш хабары
болмағандығын былай деп сипаттайды: "...Орынборда көшпенді өмірге жасанды
іс, қаңғыбастық деп қарайтын көрінеді. Бұған қарағанда жөнсіз сапырылған
қырғыздарды жерге отырықшылдандырғанды мәнді іс деп қараған бұл адамдар
осындай жағдайда ғана көшпенділердің ауқатты өмірге қолы жетіп, қазіргі
мәдениеттің нәтижелерін қабылдай алады. Осындай көзқарастың сыңаржақтылығы
қазақтардың өміріне немқұрайды қараудың салдары екеңдігін түйіндей келе,
бір жағынан жазушы А. Гейнс, қазақтардың тұрмысы "біздің өмір сұру
женімізге тіпті ұқсамайтындығын", европалықтарға әртүрлі ой салатындығын
ашып жазады.Сол кездің өзінде Тынық мұхитқа дейін алып жатқан Сібірдің
үшінші белігін қамтыған, қазақ жеріне үкіметтің соншама көңілін
аударғандағы мәні, әрине, бір жағынан отарлық империяның онтүстік өңірінде
Британия империясымен бақталастығы еді.Орта Азия бағытында қазақ даласы
Ресей үшін тіпті Амур және Уссури өлкесінен де маңызды деп жазады
И.Завалишин,"Қырғыз даласын мылтық найзасымен қысымға алмай, Хиуа және
Қоқан өңірінде мемлекеттік шекараны кеңейтпей тіпті Тобыл және Томск
губернияларында да тыныштық болмайды",—мемлекеттін жаулаушылық саясатын
осылай ақтаған И, Завалишин.Батысында Каспий теңізінен Телеут көліне дейін,
Оңтүстігінде Қоқаннан Омбы шебіне дейін, солтүстігінде Орынборға, оңтүстік-
шығысында Қытай жоңғариясымен шектелетін қазақ елінің кеңдігіне таң қалған
И. Завалишин,— Англия мен Францияда осындай отарлық аймақтар бар ма екен
деп сауал қояды .[7]
Отарлық империяның экономикалық мүдделері, царизмнің Орта және Орталық
Азиядағы стратегиялық саясаты, қазақ даласының Ресейге іргелес
орналасқандығы-өлкені жаулап алуды біршама тездетті. Бұған қолайлы саяси
алғышарт та қалыптасты.
1817 жылы Бөкей ханның, 1819 жылы Уәли ханның өлімі Орта жүзде жалпы
хандық билеуді жоюға жол ашты. "Бөліп алда билей бер" дегенді негізге
ұстаған царизм ұлы жүзде ханды сайлаған да жоқ, тағайындаған да жоқ. Үкімет
Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Ресей өкіметінің басқару жүйесіне
жақындаған жаңа әкімшілік билеу жүйесін іске асыруға бет алды. Александр 1-
ге жақын болған, либералдық көзқарастары мен ұсыныстарын ұнатпаған патша
орталықтан аластатып, Пензаға жер аударған, 1819 жылдан Сібір
губернаторлығына тағайындалған граф М. М. Сперанскийге осы істі жүзеге
асыру жүктелді. "Сібір қырғыздарының уставын" дайындауда осы өңірдегі
буряттар сияқты көшпенді халықтардың өмірін зерттеп, мәлімет жинауда
Сперанскийге септік жасаған болашақ декабрист, Омбы облыстық басқармасының
қызметкері Г.С. Батеньков еді. "Буратаналар", сібір қазақтары, өлкедегі жол
тораптары, сауда, басқа да осы уставқа кірген бірнеше құжаттарды дайындауды
Г.С. Батеньков басқарған.[8]
Устав Орта жүздегі хандық басқаруды жойып, оны Ресейдің губерниялық
басқару жүйесіне жақындатты. Ауылдың 70—80 шаңырақтан, 10—12 ауылдың бір
болыстан, 15—20 болыстың бір округтан құрылуы рулық-тайпалық басқаруды
ығыстырудың басы болды. Орта және ұлы жүздің солтүстік-шығысы Сібір
қазақтарының облысына біріктіріліп жаңадан ұйымдастырылған орталығы 1839
жылға дейін Томскіде, 1839 жылдан Омбы қаласындағы Батыс Сібір генерал-
губернаторлығына бағындырылды .
Сонымен қатар Устав қазақ қоғамындағы Шыңғыс тұқымдарының мемлекет
ісін басқарудағы құқына шек қойды. Округтардағы бас әкім — аға сұлтандар,
болыстағы — болыснай сұлтандар, ауылдағы — ауылнай старшыңдары Омбы
облыстық басқармасының қол шоқпарына айналды да бар билік шын мәнінде
үкімет чиновниктерінің қолына шоғырлана бастады .Сот істерін талқылауда
Ресей әкімінің өкілінің шешуші дауыспен қатысуы, аға сұлтандардың
приказында казак отрядының орналасуы, әрине, билер сотының, ру және
барымта, басқа да мәселелерді "Жеті жарғымен" шешуіне біртіндеп тиым салу
еді. Біртіндеп қазақ ауылдары үкімет қазынасына 1 сом 50 тиыннан шаңырақ
салығын төлейтін болды. 1824 жылы бұрынғы Уәли ханның иелігі Көкшетау
өңірінде, Бөкей ханның иелігі — Қарқаралыда алғашқы екі патша үкіметінің
округтерінің ашылуы, отарлау барысы, Ресейдің Абылай тұқымдарымен
санаспайтындығын байқатты. Кейіннен ашылған Құсмұрын, Ақмола, Аягөз
(Сергиополь), Баянауыл, Көкпекті және басқа да округтар үкіметтік ресми
отарлаудың толастамайтынын көрсетті.[12]
Устав сауда саласын да қамтыды. Үкіметтің тез арада шешуге тырысқан
мәселесі де қазақ руларын саудаға тартқан болып ақшаның құнын терең
түсінбеген, әлбетте айырбас тауар алыс-берісіне машықтанбаған аңқау ауыл
казақтарын жер соқтырып, алдау еді. Уставқа сай мемлекеттің қамқорлығына
еткен сауда қазынаны молайтатын кезге айналып қоймай, іштей отарлаудың
құралы болды. Сөз жүзінде барлық бұратаналарға бекіністерде, жәрмеңкелерде
мол саудаласуға жол ашу құқығын жарияланса да, сауданың қазақ ауылы үшін
тиімсіздігі көп ұзамай-ақ байқалды. Устав қазақ қауымын екі қарама-қарсы
топқа бөлді. Аға сұлтандар, болыснайлар, ауылнайлар, олардың сойылын
соғысушы феодалдар Ресей үкіметіне қарсы арқа сүйеп, өздерінің рулас
жауларый тұқыртуға. тырысып, уставқа қарсылық көрсетпеді,; Әкімшілік
өзгерістердің Қазақ елінің дербестігін жоятындығын бірден аңғарған
әлеуметтік топтар соның ішіндегі Абылайдың тұқымдарының басты бөлігі
уставтың іске асырылуына, әсіресе жаңа әкімшілік билеу жүйесі — округтардың
құрылуына қарсы бірден бас көтерді. Округтар ашу біртіндеп наразылық
туғызғанын орыс тарихнамасының өкілдері бірауыздан мойындады. А.Гейнс,
Барон Услар Л. Мейер тағы басқа осы кезеңге еңбек арнаған авторлар бейбіт
қазақ даласында жаңа әкімшілік буыңдардың ұйымдастырылуы Қасым төре
тұқымдарының көтерілуіне басты себеп болғанын мойындайды. Кенесарының
баласы Ахметтің естелігіңде Көкшетау өңірінде округтың ашылуына ызасы
кернеген болашақ хан өзінің әкесі мен інілеріне былай деген: "...егер құдай
қолдаса, барлық қазақтың басын қосамыз. Абылай атамыз кезіндегі жағдайымыз
қалыптасады". Кенесарының осы сөздері Қасым сұлтанның, бауырларының
көкейінен шықты, барлығы да Ресейге қарсы көтерілуге келісімге келді"
Абылайдың ұрпағы, Уәлиханның немересі, Шоқан Шыңғысұлы көптеген
жазбаларында хан Кенесарыны "бүлікші", "үкіметке қол көтерген сұлтан"
ретіңде сипаттаса да патша үкіметінің округтарының құрылуы көтеріліске
басты себеп болғандығын ашып көрсеткен. "Округтарды ұйымдастыру
тәуелсіздікті қызғыштай қорғаған қайсақ халқының орыстарға қарсы ақырғы
күресі болды. Осы арпалыстың жарқын бейнесі сұлтан Кенесарының талмайтын
жеке басы, он жыл (1837—1847) бойы орыс әскерлеріне күресті тоқтатпады"
.Бір ғана әкімшілік басқару қазақ халқының қарулы қарсылығына себеп болып
қойған жоқ. Мал жаятын жерді біртіндеп орыс-казак шаруаларының өз иелігіне
бөліп алуы, алым-салықтың өсуі де саяси тартысқа себепші болғаны
айғақ.Қазақ ауылдарында басталған адам және мал санағының басты мақсаты да
алым-салықтың көлемін анықтау еді. Абылай хан тұсыңда ешкімге салық
төлемеген басы бос көшпенділер патша үкіметінің қазынасын молайтатын,.
өздерінің иелігін талан-таражға сала бастаған чиновниктердің пайдасына да
түсетін салыққа мейлінше наразылық білдірді. А.Янушкевич орта жүздің бір
ауылыңда болғанында соқыр әнші қыз халықтың қарсылығын үнімен жосылта
келе,"біздің жылқымызды, мал-қойымызды санау ясақ жинау үшін жүргізіліп
отыр деп"— жиналған патша офицерлеріне айбар білдірген .11 Қазақ
ауылдарының XIX ғасырдың 30-шы жылдарында үкіметке төленетін салығының
мөлшерін белгілеу үшін алдымен халықтың санын анықтау қажет еді.
М.Красовский белгілі автор С.Б. Броневскийге сілтеме беріп, Орта жүздің
тұрғындарын 50000 шаңырақ, немесе 300000 жан деп топшылайды. Ал Омбы
облыстың басқармасына сұлтандар мен отаршылдар жинастырған мәліметтерге
карағанда — 53700 шаңырақ Бұл мәліметтер Орта жүздің халық санын толық
көрсетпейді. Біріншіден, көшпенді өмір жағдайында тұрғыңдар санын анықтау
өте киын; екіншіден, салық төлейтіндерді азайтып көрсету қазынаға
өткізілетін салық мөлшерін сұлтандардың әдейі төмендетіп беруіне де
байланысты.[14]
Көтерілістің басталуына қазақ даласына патша үкіметінің қарулы топтар
жіберуі, олардың бейбіт ауылдарға қысым көрсетуі тікелей әсер етті.
Ғұбайдолла Сібірге жер аударылғаннан кейін көтерілісті жалғастырған сұлтан
Саржан. 1822—1836 жылдар арасындағы көтеріліс негізінен Орта жүздің
солтүстік-шығыс өңірін қамтыды. Алғашында әскерінің қатары 1000 адамға
жеткен Саржан жасақтарының құрамында негізінде Қаракесек, Жағалбайлы, Шора,
Үйсін рулары болды.Сібір губернаторлығының чиновнигі, қазақтардың
отырыкшылыққа көшуі жөнінде бірнеше құнды еңбектердің авторы 1824 жылы
Қарқаралы округын ұйымдастырушы полковник С. Б. Броневский 1825 жылғы
рапорттарының бірінде "Саржанның туының астына қарақшылардың топтасуы
Ордадағы тыныштықты шайқалтқанын, Ресей үкіметінің шараларын іске асыруда
кедергі болғанын" және тіпті округка шабуылдағанын хабарлаған . Қарқаралы,
Көкшетау өңірінлі сұлтан Саржан сарбаздарының қимылдарының кауырт күшеюі
үкіметтің қарсы шаралар қолдануына түрткі болды[15]
1831 жылы Көкшетау жағынан көтерілісшілерге қарсы аттанған 500
адамнан тұратын әскер тобы Қаракесек, Алшын, Жағалбайлы, Алтай руларының
бейбіт ауылдарын ойрандады. Кейінірек Кенесарының өзі анықтаған
мәліметтерге қарағанда, 450 адамды өлтіріп, Саржанның баласың Сарысу
төңірегінде қолға түсіріп, байлап алып кеткен . 1832 жылы 250 адамнан
құрылған жазалау тобы Кулановтың басқаруымен Есенгелді, Құшақ сұлтандардың
ауылдарын қыспаққа алды. Жанайдар, Тұрыс және Үсін болыстарын талады, 60
адам қаза болды; 1836 жылы Ақтау бекінісінен аттанған "тентек" майор
басқарған 300 адамдық қазак әскері Былауты — Сарысу бойында Алшын,
Жағалбайлы рударын талап, 250 адамды өлтірді. 1837 жылы И. С. Карбышевтың
басқаруымен 500 адамдық жазалау тобы Алтай, Қалқаман, Тұртұғыл болыстарын
шабуылдады, Жаманқара бидің ауылдарын күйзелтті, қаза болған қазақтар саны
350-ге жетті .
Отаршылдық мәні бар 1822 жылғы уставқа қарсылық ретінде басталған
Саржан бастаған көтеріліс 1836 жылы Ташкент Құшбегінің сұлтанды және оның
серіктерін опасыздықпен өлтіргеннен соң біршама саябырлады. Ал келесі, 1837
жылы көтеріліс сұлтан Кенесарының басшылығымен қайтадан өршіді.
Сонымен патша үкіметінің қазақ жерінің стратегиялық қолайлы өңірде
орналасуына мән беруі болашақта Орта Азия хаңдықтарын жаулап алуда оны бір
саяси, әскери тірегіне айналдыруды ойластыруы, сауда керуендерінің
дәнекерлік торабы ретінде пайдалануға тырысуы, 1822, 1824 жылдардағы Сібір
және Орынбор қазақтарының уставтарына арқа сүйеп, отарлауды тездетуге
бағыталуы, өлкенің шұрайлы өңірлеріне орыс-қазак шаруаларын қоныстандыру,
Қоқан, Хиуа, Бұхара иеліктерімен шектесіп жатқан оңтүстік Қазақстанды,
Қырғыз жерін жаулап алу мақсаттарын іске асыру жолындағы Ресей империясының
саясатына қарсылық алғашында Ғұбайдолла сұлтанның, кейіннен Қасым төренің
ұлы сұлтан Саржанның көтерілісіне себепші болды. Осы көрсетілген
жағдайлардың сұлтан, кейіннен хан Кенесарының туының астында он жылға
созылған, үш жүзді де толық қамтыған қазақ елінің Абылай хан заманыңдағы
иелігінің тұтастығымен, ел тәуелсіздігін қалпына келтіруді мақсат етіп
қойған азаттық күреске де түбегейлі себептер болғандығы айғақ.[18]
Қазақстанды отарлау кеулеп бара жатқанда, патшаның жазалаушы күштерінің
алқымнан алуына қарамастан азаттық күрестің он жылға созылуына, халықтың
дербестікті мықтап қалуға күш ,салуы, далалық өңірдің көтерілісшілердің
соғыс қимылдары үшін қолайлығы, Ресейдің сонымен қатар Кавказда имам Шәміл
басқарған тау халықтарына қарсы күресуге алаңдауға да себепші болды. Алайда
үш жүздің өңіріңде атой салған сұлтан Кенесарының бодандыққа қарсы
алысуының ұзақ уақытқа созылуы, басқа да көптеген мәселелермен қатар ұлы
тұлғаның жеке басындағы тамаша дипломатиялық және саясатшыл қасиеттерінің
биіктігінен деп түсінеміз.
Ресми дворяндық-буржуазиялық орыс тарихнамасының өкілдері Кенесарының
Сырым және Исатай батырлар сияқты "бұзық", "қарақшы" деп жеккөрінішті
бағалармен сипаттаса да, екіншіден, көтерілістің басты оқиғаларына мейлінше
мән берген, Абылайдың немересін "айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер"
ретінде де жоғары бағалайды. "Өз халқына мәңгілік бостандық тілеген
Кенесары, патриот бола тұра, орыс мемлекетінің ерте ме кешпе ордалықтарды
басып алуға тырысатынын түсіне білді",— деп жазады Н. Середа .[1]
1847 жылы Сібір шекаралық комиссиясының төрағасы, генерал Вишневскийдің
экспедициясымен Кенесарыға қарсы күреске қатысқан, Орта және Ұлы жүз қазақ
феодалдарымен тілдескен, 1833 жылғы Польшадағы азаттық күреске қатысқаны
үшін қазақ өлкесіне жер аударылған Адольф Янушкевич Кенесары тұлғасына
қайран қалып, оны XIX ғасырдың 80-ші жылдарындағы Алжир халқының Француз
отаршылдарына қарсы күресінің көсемі, атақты Абд Эль Кадермен теңестіреді.
Шоқан Уәлихановқа қамқорлық жасаған, орыстың ұлы ғалым-саяхатшысы П.П.
Семенов Тянь-Шаньскийдың хан Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші
ғасырда Рим империясының отаршыл саясатына қарсы халқын көтеріп, жанталаса
күрескен Понт патшасы Митридат II Эвпатормен теңестіруі де қазақ ханының
саясатшыл дипломатиялық шеберлігін мойындағандығы .Сұлтан Кенесарының
айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды.
Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып, ауыздықталмаған Ресей билеп-
төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көрегендікпен кезі
жеткен Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуга
немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады.
Орынбор губернаторы, граф В.Л Перовский арқылы патшаға жеткізуге дәмеленген
хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық қозғалысты тоқтатудың бірден-бір
шарты — өлкемізде бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды, округтарды
ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген: "Ұлытау мен Кішітау өңіріне
Сібір шептерінен әскер жібермеуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша
шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып қалады, патша
ағзамға қызмет ете алмайды",— деп толқуын білдірген. Әрине, қазақ
сұлтанының осы хатында қаңдыбалақ Николай 1-шіні "шахиншах (патшалардың
патшасы) деп лепірте мадақтағанымен оған алыс та, жақын да болсамда
жүрегіммен, жаныммен қызмет етуге дайынмын, маған бір шен немесе грамота
алып беріңіз — деген сол В. А Перовскийға арналған хаттағы аты шулы
сұлтанның соңдай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ өлкесіне
Ресей әскерлерін жолатпаудың қамы деп түсінгеніміз жөн.[2]
Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында
дипломатиялық айла-амалдарды шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын
оның хаттары. Архив қорларыңда, жарияланған деректемелік жинақтарда қазақ
ханының мақсаты мен ниетінің мазмұнын ашатын көптеген құжаттар сақталынған.
Бір мән беретін Кенесарының елшілері Жүсіп Жанкүшікұлы, Мамберді
Қонысбайұлы, Тайтоқ Дөненұлы, Табылды Тоқтыұлы және Қошымбай Қазанғапұлының
1838 жылдың желтоқсан айыңда Сібір губернаторы князь В.Д. Горчаковпен
Николай 1-ші патшаға арналған арнайы хаттары.
Зерттеуші Е. Бекмахановтың тамаша еңбегінде патшаға арналған хаттың
мазмұны толық келтірілгеңде, екінші құжаттың соңғы бөлігі түсіп қалған. Бұл
арада біздің тәптіштеп көңіл аударатын мәселеміз екі хаттың мазмұнын
салыстыра талдап, сұлтанның елшілерінің тағдырына сипаттама беру.[5]
1838 жылдың желтоқсан айының 26-нда Үшбұлақ Сыртқы округтық приказыңың
аға сұлтанының Омбы облыстық басқармасына хабарлағанындай, осы приказдың
аға сұлтаны майор Тұрдыбек Көшенов өзіне тапсырылған нұсқауға сай інісі
старшина Бердібек Көшенов, Садыбек Балтағазинмен Көкшетау, Ақмола және
Баянауыл өңірінің бес "қырғызынан тартып алыңған" хатты дереу Омбы қаласына
жеткізгенін ескерткен . "Жыртқыш сұлтан Кенесары Қасымовтың бес қырғызы
қазіргі уақытта қарауыл күзетіне тапсырылды. Кейбір мәліметтерге қарағанда,
Кенесары Қасымов Көкшетау округына шабуыл жасамақшы, содан кейін бізге
қауіп төндірмекші ",— деп үреймен хабарлаған Үшбұлақ округына чиновнигі.
Кенесарының елшілерін қапастан құткару мақсатында көтерілісші топтардың
Үшбұлақ округына қауіп төндіруінен үрейленген сол чиновник Есенбақты
руының керейлерінің қарулы жасақтарының белсенділігінің артуына қарай осы
маңайдағы қоныстарды қорғауда қырағылықты күшейту үшін қосымша солдаттарды
жіберуді өтінген.[3]
1839 жылдың қаңтар айының 16-нда полковник Ладыженскийдың талабына сай
Омбы дуан басы Кенесарының бес елшісінен жауап алу үшін оларды
губернатордың қарамағына тапсыруды жөн көрген. Сонымен қатар елшілерден
тінту кезінде табылған хатгарды мейлінше тезірек губернатордың қолына
жеткізу көзделді. Бес елшінің кейінгі аянышты тағдырын сипаттаудан бұрын
осы екі хаттың мазмұнына зер салайық:
Бірінші "Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. Бүтін қырғызды
билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан.
Тақсыр! Төмендегі жағдайға көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын.
Сіздің ата-бабаларыңыз, бізде — менің атам Абылай хан билеп-төстегенде
халық тыныш өмір сүрді. Оған еш пенде қолын сұққан жоқ, екі жақ та
саудаласты, жайлы өмірді сақтады. Біздің елімізден ешкім алым-салық
жинамайтын. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бастады, әртүрлі
жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бұрынғы бейбіт келісімді (трактат) бұзып,
сіздің төменгі буынғы басқарушыларыңыз, ақиқатты аяқпен таптап, барша
қырғыз халқын Ресейдің уысыңда деп қарайды. Менің марқұм атам Абылайдың
иелігіне кіретін өңірде сіздің адамдарыңыз сегіз дуан ашқанына қатты
қынжыламыз. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату және бұрынғы тыныш өмірді
қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды, сегіз
дуанды және басқа да даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден
өтінуді бақыт санаймын .[10]
Бұл хаттың мазмұнына терең ой жүгіртсек, көтерілістің басты себептерін,
Ресей мен Қазахия арасындағы қайшылықтардың астарын, сұлтанның мақсаттарын
аңдаймыз. Шағын ғана хатта негізгі талаптарын Абылай заманындағы және онан
кейінгі ахуалмен шеберлікпен байланыстырып, көрсете білуі Кенесары ханның
терең ойлы саясатшылық қасиеттеріне көңіл аударады. Сөйтіп, басты тілек —
тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Қасымұлының Ресей патшасынан талабы да
орындалмайтын күрдел талап емес: округтарды жою, алым-салық жинауды
тоқтату, яғни Қазахия дербес елінің ішкі істеріне қол сұғуға Ресей
үкіметінің құқысының жоқтығы. Бұл жағдайы Кенесарының әр жылдарда, саяси
ахуалдың өзгеруіне сай: Орынбор және Сібір губернаторларына бағыттаған
хаттарында басты талап ретінде білдірілген. Хаттың желісінде дөрекілік, ой
шұбалаңдығы, қоқанлоқылық тағы да баск дипломатияға жат көріністер жоқ.
Нағыз шығыстық саясатшыға сай, сұлтанның көздегені — бал тамған тілмен
баданадай талаптарды білдіру. Екінші, Сібір губернаторын жолдаған хатына
көңіл аударсақ, қазақ сұлтанының талабының біраз айбарлылығы да байқалады:
"Сіздің есіңізге салайын дегенім, екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз
ету. Өзіңіз Ресейге бағынышты жұртты мен өз жағыма қаратып алды деп реніш
білдіресіз. Мәселе тіпті басқаша. Менің атам Абылайдың иелігінде жөнсіз,
бірнеше дуаңдарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе?
Бізге қысым көрсетудесіз. Оған наразылық білдіреміз, бұдан былай алым-
салығыңызға көне алмаймыз. Ойлаңызшы, егер Ресейді басқа бір мемлекет билеп-
төстеп отырса, қалай шыдар едіңіз? Біздің де; пайымымызды еске алсаңыз..."
Хаттың соңғы бөлігі Е. Бекмахановтың кітабына кірмеген... "Менің құлағымның
шалғаны — көршілеріміз Қоқан жәңе Бұқара иеліктеріне жақындығымыз, біздің
осы елдермен байланыстарымыз сіздерді сескеңдіретін тәрізді". Губернаторға
хат төмендегідей төрт талаптың орындалуын өтінумен аяқталады: Ақтау
бекінісін жермен-жексен ету; Ақмола округын тарату; далалық өңірдегі
үкіметтің басқада қоныстарын жою; қапаста отырған көтерілісшілерді босату.
Құжаттың ең соңында губернатор В.Д. Горчаковтан осы айтылған талаптарға
пікірін хат тапсырылған елшілер арқылы хабарлауын өтінген. Сұлтанның талап
етуіне қарағанда, Кенесары патшаның Сібірдегі сатрапынан өзін мейлінше
артық санаған .[22]
Әрине, XIX ғасырдың бірінші жартысында әлі де дербестігін сақтаған Орта
Азия хандықтары мен Кенесары да тығыз байланыс орнауы мүмкіндігінен
үрейленген патша үкіметінің түпкілікті саясаты осы елдерді де өз тырнағының
астында ұстау екендігін көреген саясатшы мейлінше түсінді. Кейіңгі оқиғалар
дәлелдегендей әсіресе Коқан бөктерінің Жетісу және Сыр бойындағы қазақ
руларына зомбылығы, осыған орай Қасым төренің тұқымы мен Ташкент бектері
арасындағы алауыздық Ресейден төнген қауыпқа қарсы күшті бір арнаға
бағыттауға кедергі болды. Бұл жөнінде кейінірек. Осы екі хаттың
мазмұнындағы жеке талаптар Кенесарының барлық дерлік хаттарында, Ресеймен
арақатынасқа байланысты жеке мәселелерде жиі қайталанады.
Енді Кенесарының бес елшісінің кейінгі тағдырына қайта оралсақ. Сібір
шекаралық комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы полковник Ладыженский
князь В.Д. Горчаковқа жолдаған хатында "Кенесары қарақшыларын" Омбыдағы
әскери сотта қарау қажеттігін негіздей келе, көтеріліс жөнінде қажетті
мәліметтер алу үшін, оларды түрмеде бір-бірінен бөліп жеке бөлмелерде
қапаста ұстауды қажет деп санады .[23]
Е. Бекмахановтың зерттеуінде Кенесарының бес елшісінің екеуінің ғана аты-
жөндері берілген: Тобылды Тохтыұлы, Қошымбай Жанкүшікұлы. Біз танысқан
архив ісі қалған үшеуінің де ат-жөндерін анықтауға мүмкіндік берді. Жүсіп
Жанкүшікұлы туралы нақты мәліметтер кездеспеді. Мамберді Қонысбайұлы
Баянауыл округіндегі ауқатты Мұса Шормановтың аулынан, Тайтоқ Дөненұлы
Көкшетау округінің Атығай болысынан , Қосымбай Қазанқапұлы 33 жаста,
Көкшетау округының Керей болысынан Е. Бекмахановтың кітабында — ол да
Атығай болысынан Қосымбай Қазанқапұлы орыс тілін жақсы білген, полковник
Ладыженсжийдің Омбы әскери сотына хабарлауына қарағанда, Горькая шебіндегі
казактарға бұрын да белгілі екен.
Қарауылмен станицалар арқылы Омбыға әкеле жатқанда бірнеше казактар
оны бірден таныған . Қамалған қазактардың ішінде Кенесарыға мейлінше жақын
болған Қосымбай Қазанқапұлы "тентектік, бүлікшілік мінезімен ерекше көзге
түскен" . Кінәсін мойындаудан бас тартқан Қ. Қазанқапұлы тергеушілерін
шатыстыру мақсатымен тіпті Кенесарының хатының өзінен табылуын кездейсоқтық
деп бай-балам салған. "Сол жылдың жазында Петропавл қаласыңдагы көпес Ахмет
Баязитовтың керуеніне қосылып, Жетісудан қайтып оралғанда 60 жылқымыздан,
200 түйемізден айрылып, Тортұғұл болысының сұлтаны Байгара мен Темеш руының
сұлтаны Күзембайдың аулыңда болдық. Тартып алынған малымызды қайтарып
аламыз деп жүргеңде, сұлтан Кенесарының қолына түсіп, император ағзам мен
губернаторға хаттарды жеткізуге келісуге тура келді". Одан әрі Қазанқапұлы
хаттардың мазмұнымен таныс емеспін, сауатсызбын деп безек қаққан .[26]
Азаттық қозғалыстың мүддесіне мейлінше берілген Тобылды Тохтыұлы. 1838
жылы 35 жастагы Тохтыұлы сұлтан Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі еді
Ақмола округының Мамай-Тортұғұл болысындағы Терсоққан деген жерде көшіп
қонып жүрген Т. Тохтыұлы, көтеріліске басынан қосылып, Кенесарының жауапты
тапсырмаларын орыңдаған.
Омбы Ордананс-Гауз тергеуді аяқтағаннан кейін абақтыға қамалған бас өкілге
төмендегідей айыптар тақты: Ресейдің антын бұзғандық, қоныс тепкен
округтардан даланың түкпірлі аудаңдарына рұқсатсыз көшіп кету; Кенесарының
"қарақшыларына қосылу"; "бүлікшінің" екі хатын жақын орналасқан округқа
жеткізуге талпыну. Алайда әскери соттың комиссиясының шешімінде
жазылғандай, "Кенесары қарақшылары тонау және тонаушылық істеріне"
қатысуларын мойыңдаудан бас тартқан .Полковник Фаяцкий князь В. Д.
Горчаковқа "қылмыскерлерді" жазаға тарту туралы ойын қорытындылай келе,
"қырғыздарды" тұздалған шыбықпен әрқайсысына бір мың дүре соғып,
солдаттардың арасынан өткізу, ал әскери қызметке жарамсыздарды Сібірге жер
аударуды мақұлдаған. Омбы Ордананс-Гауз сотының шешіміңде "қылмыстыларды"
Шығыс Сібірге айдау ұйғарылғандығы нақты айқыңдалған.Тобылды Тохтыұлынан
басқасының кейінгі тағдыры белгісіз.
Тохтыұлы 1841 жылы Шығыс Сібірдегі айдаудан қашып, аулына оралып,
көтеріліске қайта косылған. Қыпшақ, Тамын. Қозған, Көксал руларының
жасақтарына басшылық еткен .
Кенесарының айлакер де, терең ойлы саясатшы және дипломатиялық қасиеттерін
патша губернаторларымен алмасқан хаттарынан көруге болады. Бұл арада көңіл
аударатын бір жай — Кенесарының Сібір және Орынбор губернаторлары
арасындағы кикілжіңді әрқашан көтерілістің мүддесіне шебер пайдалануы. В.А.
Перовский империяның ақсүйек билеушілерінің ең бір кілегейіне жатса да,
А.С. Пушинге бір табан жақын болған, 1833—1842 жылдары арасында Орынбор
өлкесінің губернаторы ретінде қазақ халқының өмірі мен Қазақстаңдағы
ахуалмен патшаның басқа сатраптарынан гөрі жақын таныс еді.
1836—1838 жылдары Исатай Тайманов басқарған Бөкей ордасыңдағы шаруалар
көтерілісін күшпен жақын арада жаншыған граф В.А. Перовский, әрине, үш
жүзді де қамтыған Кенесары сияқты шоқ тұлға басқарған жаппай халық соғысын
тек күшпен басудың қиындығын түсінді. Патшаның сенімді билеушісі ретінде
граф В.А. Перовскии де көтерілістің отын сендіруде аянбағаны белгілі.
Алайда Перовский негізінде айла-амалмен шешудің жақтасы болды.
Керісінше, Ресейдің ертеден келе жатқан ең лауазымды ақсүйектерінің
тұқымынан шыққан князь В Д. Горчаков бар мүмкіндікті іске қосып, қозғалысты
тезірек қарумен жаншуды талап етті. Сібір әскери корпусының командирі
ретінде 1840 жылы қазан айының 18-інде Ресейдің соғыс министріне жолдаған
хаттарының біріңде, егерде қауырт шаралар қолданылмаса Кенесары келесі
жылдың көктеміңде күшейіп алып, батыс округтарды қамтып, дес бермей кетеме
деген қаупын білдіреді"...ешбір жағдайда Кенесарыны тыныштыққа қалдыруды
тіпті қаламаймын. Қам жемей жата берсек, оны қолдайтын қырғыздардың көбейіп
кететіні сөзсіз"— деп қаупін білдірді.
Граф В. А. Перовский князь В. Д. Горчаковқа арналған хаттарында
Кенесары "бүлікшіні" өзінің де жақтырмайтынын, алайда, қозғалысты басу үшін
әскери күшті үйіп төгуге өзінің қосылмайтыңдығын білдірді. 1842 жылы наурыз
айының 30-ында В. Д. Горчаковқа жазған хатынан төмендегіні аңғарамыз:
"Кенесарыны шындығында менің де аяғым келмейді. Сұлтанды жазалауға ешбір
қарсылыгымыз да жоқ. Алайда оған ауыр жала жабуға себептер де жеткіліксіз
бе деймін. Орынбор қырғыздары арасында оның бүлік шығарып отырғанын тіпті
көре алмай отырмын. Құрметті князь! 1841 жылдың қазан айының 10-ыңдағы,
1842 жылдың наурыз айының 21-і мен қараша айының 17-індегі сіздің маған
жазған хаттарыңыздағы сұлтанның Сібірдегі тонаушылыққа қатысы жөніндегі
мәліметтеріңіз кейбір қайсақтардың сөздеріне негізделген; дәлелдеме ретіңде
оларға сүйеніп, шешім қабылдау жөн болар ма белгілі зерттеуші А.Н.Середаның
пікірінше, В. Д. Горчаков пен В.А. Перовскийдің хат алмасуындағы бір-біріні
түйреуі, екі жағының өз пікірін басым ету үшін патшаға жүгінуін Орта
ғасырдағы Иван Грозный IV пен князь Курбскийдың таласымен салыстырады.
Айырмашылығы патшаның XIX ғасырдағы губернаторлары ерте заманғы орыс
патшасы мен Курбский қолданған боғауыз сөздердей аулақ болғандығында,— деп
мысқылдай жазды Н. Середа[36]
1842 жылы граф В.А.Перовский Орынбор генерал-губернаторлығынан босап,
патшаның жақын нөкері болып тағайындалғаннан кейін де Кенесары мәселесіне
жиі араласып, өзінің ой-пікірін білдіруден тайынбады. Оның орнына Орынбор
өлкесіне губернатор болғаң В.А.Обручев қай жағынан болса да Перовскийден
төмен еді. Ең басты кемшілігі — өлкенің басты түрғыңдары қазақтардың
өмірінен тым алшақ болды, патша үкіметінің өлкені отарлау саясатын іске
асыруда халық мүддесіне қайшы шаралардан тайынбады. Кенесары қозғалысы
жөніңде оның көзқарасы мен алғашқы қимылдары Сібір губернаторының ұстаған
бағытымен жақтас еді. Орыс тарихшысы В.А.Обручевті төмендегідей етіп
сипаттайды. "Перовскийден айырмашылығы Владимир Афанасьевич Обручев қысқа
ғана бойлы, арық келген шал еді. Даусы да жағымсыз. Жұпыны киінетін,
Николай заманындағы көне шинелін тастамаушы еді. Тіпті басқа офицерлерден
де өзгешелігі жоқ. оның жүріс-тұрысын төңірегіңдегілер мысқылдайтын"
.В.А.Обручев билікті қолына алысымен шешуге тырысқан мәселесі — жоспарын
князь В.Д.Горчаковпен үйлестіріп, Орынбор: өлкесіне дейін жалыны шарпыған
Кенесары көтерілісін жылдам жаншу еді. Бұрын қазақ даласындағы оқиғалармен
таныс болмаған В.Обручев халықтың қарсылығын бірден жаныштап тастауға
сенімі мол болса керек. 1843 жылы Обручев хан Кенесарыны бүлікші деп
жариялап, патшадан оған қарсы байырғы әскер жіберуге рұқсат алып, Батыс
Қазақстанда шоғырланған әскерлерді қозғалысты жаныштауға пайдалануға бет
алды: Орскі бекінісінен полковник Ф.Дуниковский, Сахарная бекінісінен —
полковник Бизанов бастаған қарулы топтар Кіші жүздің батыс және Орта
бөліктерінің билеуші-сұлтандарына арқа сүйеп, Кенесарының басты күштері
жайғасқан Айрық тауына бағыт алды.
Әрбір Қазақстанмен шекаралас мекеңдерде өзінің сенімді өкілдері арқылы
Обручевтың қандай шешімдер қабылдағанын сол сәтте хабарлас болған хан
Кенесары ауылдарымен шығысқа, Торғай өзеніне қарай шегініп үлгерді. Ұлқаяқ
өзені жағасында полковник Бизанов тобымен шайқаста өзінің бір інісінен
айрылса да, хан басты күштерімен өзін жақтайтын Торғай бойына шегінді
.Кенесары В.Обручевты Перовский сияқты өзімен келіс сөз жүргізуге тұратын
патшаның өкілі ретінде танығысы да келмеді. Жаңа губернаторға менменсіп
қарағандығы соншалық, оны "Орынборда отырған генерал" деп мысқылдады
.Әскери күшпен Кенесарыны бірден ойсырату жоспары сәтсіздікке ұшырағанына
назаланған В.А.Обручев еріксізден ханмен келіссөз бастауына тура келді.
1843 жылдың шілде айының 29-ында Кенесарыға жолдаған хатында
В.А.Обручев төмендегі мәселелерге көңіл аударды: "Өткен жылдың қыркүйек
айының 2-індегі хатымда сіздің Ресей өкіметіне қарсы қимылдарыңызды
дәлелдейтін әртүрлі мәліметтерге көңіліңізді аударған едім... Біздің
мемлекетімізге өзіңіздің берілгеңдігіңізді көрсеткіңіз келсе, Орынбор
шебіне жақындап көшіңіз, шекаралық комиссия нұсқаган өңірде ғана
қоныстануыңыз жөн" . Көтерілісті жаныштау В.А. Обручевтың қолына көшуі,
әрине, ханның жағдайын біршама қиындатты. Сібір және Орынбор жағынан қара
бұлттай төне бастаған байырғы әскерлермен ашық ұрыста шайқасудың
қиындықтарын түсіне білген хан әлі де болса саясатшыл қайраткер ретіңде
өзіне мейлінше қарсы Орынбордың жаңа губернаторларына жиілетіп хат жолдап,
келіссөз, дипломатия жолымен уақыт ұтуға тырысып бақты. Кіші жүздің белді
сұлтандарының бірі, Кенесарының жауы сұлтан Жантөрин арқылы В.А. Обручевқа
жеткізілген төмендегі хаттың мазмұнына көз жүгіртсек. "...біз Кенесары
атамыз Абылайхан заманынан орыстармен бауырлас өмір сүрдік. Алайда, Омбы
және Қызылжар тұсынан тыныштығымызды бұзды. Бауырымыз Саржан батырды екі
мәртебе тонады, біріншісіне 17, екіншісіне 11 жыл өтті.
Кейінгі шабуыл кезінде Саржанның баласын тұтқындады. Біздің жіберген
хаттарымызға жауап жоқ. Орыстарға жаулығымыздың бір себебі осыдан
Айлакер хан екі жақтың арасыңда ұлы Абылай кезінен түсінушіліктің енді
бұзыла бастағанын орыс әскерлерінің тонаушылық" қимылдарымен байланыстыруы
кеште болса өлкені отарлау тиылса Ресейде де, Қазақстанда да тыныш өмір
орнайтынына губернатордың көңілін аударады Н. Середаның айтқаныңдай,
губернаторға арналған хаттарында (әсіресе Орынборға) өзін орыс үкіметінің
"жақтасы ретінде көрсетуге тырысқан хан, екінші жағынан, патшаның әкімдерін
бір-біріне өршелендіріп, "лай судан балық ұстауға тырысқан" .[27]
Генерал В.А.Обручевтің қазақ халқының қарсылығын тек күшпен жаншуға
бет алғанына қарсылық білдірген өзінің бұрынғы, ұстаған бағытын өзгертуге
наразы болған патшаның генерал-адъютанты В.А.Перовский 1843 жылдың шілде
айының 30-ында соғыс министріне тапсырған "ескертпелерінде" Орынбордың жаңа
әкімінің қимылдарын сынға алады. "Меніңше,— деп жазды генерал-адъютант,
Кенесарының қимылдарынан Обручев қатты үрейленел Шын мәнінде бір топ
қырғыздардың көрсетуін негізделген. Кенесарыны құбыжық етіп көрсететін
құжаттарда негіз жоқ. Бұл ірі қанды шайқас емес —барымта Тіпті Кенесарыны
Обручев сипатағандай сондай қауыпты десек бүлік бүтін даланы шарпыса да,
соғыс жолына түсуге қажеттілік бар ма?Керісінше, ордада мәмлеге келіп,
тәртіп орнатуға тырысқан жөн. Билеуші сұлтандардың жасақтарын күшейтсек
жарамай ма
Хан Кенесары Ресейдің лауазымды әкімдерімен дипломатиялық шеберлікпен ара-
қатынасы алауызықты талқыға салып, пікір таластырумен шектелмеді. Өзімен
ұрыс даласында алысқан, орта буынды басқа да әскери шенді өкілдерімен
хандық ұлылығын сақтап, көтерілістің жалпы мүддесін қорғап хат алысып
отырды.Көтерілісшілермен жанталаса алысқандардың бірі-войсковой старшина
Лебедев.Кенесарының хаттарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz