Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Кенесарының саяси тұлға ретінде қалыптасуы . . . 18

1. 1. ХІХ ғасырдағы орта шеніндегі қазақ халқы қоғамының

әлеументтік-экономикалық дамуы . . . 18

1. 2. Кенесарының саяси тұлға ретінде социализациялануы . . . 36

1. 3. Кенесарының хан сайлануы және оның бүкіл қазақ жүздеріне

ықпалы . . . 42

1. 4. Кенесары ханның ішкі саясатының ерекшеліктері . . . 53

2 . Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысы . . . 67

2. 1. Қозғалыс қарсаңындағы саяси жағдай . . . 67

2. 2. Кенесарының патшалық Ресей жазалаушыларына қарсы жүргізген

әскери іс-әрекеттері . . . 73

2. 3. Кенесарының соңғы жорығына қатысты мәселелері . . . 85

Қорытынды . . . 92

Пайдаланылған деректемелер тізімі. . . . 95

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, кей қозғалысы тақырыбының мәселесі әр жан-жақты ашылған, құпиялары, белгісіздігі түп тамырынан зерттелген. Көтеріліс қазақ жұртының әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуын және таптық құрылымын біршама өзгеріске итермеледі. Сыртқы факторлардың әсерінен, патшалық үкіметтің қыспағына түскен қазақ халқы бостандықты армандағаны шынайы. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ жерінде алауыздық туған кезде жауға тойтарыс беруге бір қадам жасалынды. Үш жүздің қазақтарын бір тудың астына біріктірген Кенесары Қасымов болатын. Ірі ілгерісті жасаған Кенесары қазақ даласында құрметті тұлға ретінде саналған. Дұшпандарды өз жерінен, елінен қудалауға үміттенген Кенесарының ойлары өзінің орындалу шағына келмеді. Отарлаушы жау мықты әрі беделді болса да табандылықпен қарсылық көрсетті.

Патшалық Ресейдің отарлау саясатының дереккөздерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерден, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы мен объективтік деректерге негізделген тарихи сананы қалыптастыру қажеттілігінен туындайды. Президент Н. Ә. Назарбаевтың «өзінің ұлттық "МЕН" дегізерлік қасиетінен ажырап қалмас үшін, қазақтардың нақты ұлттық бірегейлікке ұмтылуға тарихи тұрғыдан хақысы бар» [1, 25-б] деуі қоғам дамуының заңдылықтарына тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғанның өзі - ұлттық намысын бірлесіп нақ қойған Кенесары болған, ал Қазақ ССР-нің тарихында Кенесарының көтерілісі «феодалдық қозғалыс» деп айтылса да, қазіргі күнде өткен уақыттағы болған қайшылықтарды ұмытылған десе керек! Неліктен өткен кезеңнің жазбаларында бұл көтерілісті феодалдық деп атаған? Себебі - Кенесары Қасымов хандық билікті қайтадан өз деңгейіне көтеруге талпынды. Жан-жақты көтерілістің басқа да тұжырымдары бар. Көптеген көтерілістер бір мақсатқа сүйенеді - ол билік үшін күрес. Кенесарының көтерілісін ұлттық тәуелсіздік үшін күрес деп мінездесе, кейбір критиктердің тұжырымы бойынша Кенесары хандықтың билігіне күрескен еді. Шынын айтқанда ол өзінің елі, Отаны үшін күрескен, ал кейбір бұрыс тұжырымдар өз дәлелін ақтай алмай, тек ғана тұжырым ретінде қалған. Басқа да кінә, кемшіліктерін айыптаушылар күні бүгінге дейін талай рет айтып жатыр. Оның бірі Кенесары орыстарға және бауырлас қырғыздарға қарсы күрес жүргізген. Біріншіден, орыстарға ғана емес, Ресей империясына қарсы, яғни ұлттық тәуелсіздік үшін күрес. Екіншіден, Кенесары өз жерінде қарсылық көрсетіп, сырт шекара Ресей территориясына енген жоқ.

Бауырлас қырғыз халқын одақтастар ретінде өзіне тартып, олардан көмек алуға үміттенді. Ол орыс-поляк қатынастары сияқты біркелкі болған жоқ.

Кенесарының көтерілісі Қазақстанның жаңа тарихындағы отаршылдыққа қарсы ең ауқымды, антифеодалдық, тәуелсіздік үшін күрес сипатында болды.

Алайда, мәселені зерттеуде объективті көзқарастың болуы, патшалық Ресейдің отарлық саясатының жағымды және жағымсыз салдарының шынайы көрінісін жасауда деректанулық талдаудың аса қажеттігі байқалады.

Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Осыған орай бүгінде еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Себебі кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған. Оның үстіне әр кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз бұрмаланып келген жеке тұлғалар туралы тарихи шындықты қалпына келтіру бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі үшін де аса қажет. Өйткені тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны белгілі.

XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін бағалау белгілі дәрежеде патшалы Ресей, кеңестік заманда да қолға алынып, тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ қай заманда да үстем еткен билік тарихи тұлғаларды өз ыңғайына қарай зерттеуді ұйымдастырып отырды. Патшалы Ресей үшін, қазақ елінің хан, сұлтандары, би-батырлары орыс үкіметі жақтастары мен екінші топ «қарақшы», «барымташы», «жабайы» атауларымен анықталды. Бұл дәстүр кейін кеңестік тарихнамада да жалғасын тапты. Соның ішінде хан, сұлтандардың қоғамдық-саяси қызметтері, көзқарастары ашық бұрмалаушылыққа ұшырады. Кенесары тарихын зерттеген көрнекті тарихшы Е. Бекмаханов қудалауға ұшырады. Осыдан соң қазақ хандары мен сұлтандарының қызметтеріне оң баға берілмей, олардың тарихын толыққанды танып білу мүмкін болмады.

Бүгінде тәуелсіз еліміздің алға қарыштап дамуы жағдайында тарихи шындықты жаңа табылған деректерге сүйеніп зерттеудің қажеттілігі туындады. Міне, осындай зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - кезінде қазақ қоғамында билеуші топ болып есептелген Шыңғыс хан тұқымынан шыққан тарихи әулеттердің тарихы. Қазақ мемлекетінің іргетасын төре тұқымының өкілдері қалағаны белгілі. Қазақ қоғамында жоғары мәртебе иесі сұлтандар, яғни Шыңғыс ханның еркек кіндікті ұрпақтары - шыңғысзадалар болды. Олар қазақ қоғамындағы ең бір ықпалды күшке айналды. Шыңғыс тұқымының балалары туғаннан-ақ сұлтан атағын иемденіп, осынау әлеуметтік топтың тұқым қуалайтын мүшесі ретінде құқыққа ие болды. Әрбір шыңғысзада Шыңғыс хан ұрпақтарының қай әулетіне жататынына қарамастан, хан тағына таласқа түсуге хақылы болды. Сондықтан да, қазақ шыңғысзадалары біресе қарақалпақтар мен қырғыздардың падишахы, біресе Хиуа мен Бұқар ханы міндетін атқарды. Біздің сан ғасырлық тарихымыздағы биліктің дәстүрлі институттарына баға бергенде, біз селдіреген ағаштың арғы жағындағы қара орманды да көре білуіміз керек. Бүгінде дүние жүзінің ең ірі мемлекетінің қатарына кіріп отырған Қазақстанның ұлан-байтақ жер көлемін сақтап қалуы қатардағы қолбасы батырлардың ерлігі арқасында ғана мүмкін болған нәрсе емес. Бұл қазақ хандары мен сұлтандарының даналығы мен көрегендігінің де жемісі болатын. Сонау алыс-жақын ғасырлардың өн бойында дала билеушілері аса қуатты империялардың қысымына және ішкі алауыздықтың дүмпуіне төтеп бере жүріп, ең басты байлығымызды - ұлттық тұтастық пен ұлттық жер аумағын сақтап қала алды. Тарихтағы өз рөлдерін түйсіне білген олар ұлттық мүдде үшін өлшеусіз қызмет етіп, пайдалы іс тындырып кетті.

Қазақ тарихындағы тарихи әулеттерді зерттеу қажеттігін алға тартып, оны Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелері қатарына жатқызып, алдағы уақытта бұл мәселелерді жүйелі түрде таразылап, шешу керектігіне тоқталған академик М. Қ. Қозыбаевтың: «Қазақ элитасының тарихы - тарихи шежірелік деңгейде жеке жанр болып қалыптаспай келеді. Қазақстанда бар тарихи әулеттер Уәлихановтар, Шормановтар, Бөкейхановтар, Кенесариндер шежіреленбей зерттеледі. Олардың әлеуметтік салттары, дәстүрлері қазақ халқының дамуына қосқан үлестері тереңнен зерттелсе, XVIII-XIX ғасырларда белгілі бір региондарда болған тарихи оқиғаларды толықтыра түсер еді» [2, 36-б. ] . - деуі тарихи әулеттерді зерттеудің бүгінгі күн үшін аса маңызды екендігін айғақтай түседі.

Сонымен біз зерттеп отырған қазақтың батыр ұлы Кенесары хан мен оның әулеті де жоғарыдағыдай тарихи әулеттердің қатарынан орын алады. Оның үстіне Кенесары хан мен оның әулетінің тарихы XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстанның бай тарихымен тығыз байланысты болып табылады. Ол кезең орыс империясының Қазақстанды отарлап, оны күштеп бағындыруға жанталасып, мемлекеттік басқару жүйесін жойып, қазақ игілерін жік-жікке бөліп, бір-біріне қарсы айдап салып, неше түрлі қулық сұмдықты жүзеге асырған заман болатын. Мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі. Абылай тұқымынан бастап бұл әулетке сенімсіздікпен қараған орыс үкіметі Кенесарыны хандыққа бекітпегенімен, Сырдария бойы халқының ақ киізге көтеріп хан сайлауы оның халық қолдауына ие болғандығын дәлелдей түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кенесары Қасымұлы мен оның замандастарының тарихы өздері өмір сүрген кезден-ақ қағаз бетіне түсіп, мұрағат құжаттарында жинақтала бастаған. Өйткені кез келген тұлғаның тарихы өзі өмір сүріп отырған кезеңмен тікелей байланысты болуына орай, Кенесары тұлғасының зерттелу тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Смирнов пен Середа сияқты зерттеушілер қазақ даласына толық сипаттама жасап, негізгі фактілерді баяндайды. Назар аударатын тағы бір жәйт - Кенесарының тарихына байланысты зерттеулердегі қайшылықты көзқарастардың анықталуы.

XVIII ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап патшалық Ресейдің Казақстанның біраз бөлігін өзіне қаратып, билік жүргізуі, қазақ дәстүрлі қоғамының ішкі істеріне күш көрсету, не болмаса қорқыту, сескендіру арқылы белсенді түрде араласуы ондағы сан ғасырлар бойы қалыптасқан түрлі құқықтық, эгалитарлық, әлеуметтік институттар арасындағы тепе-теңдікті бұзды. Ескі құндылықтар эрозияға ұшырап, өмір сүрудің жаңа тәсілдері мен формалары - өз халқының ортақ мүддесінен гөрі жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық, сатқындық пен жікшілдік етек ала бастады. Қазақ халқының мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, шаңырағының шайқалуы салдарынан қазақтардың біраз бөлігін жат жұртшылыққа бодандық көңіл ауаны баурады. Бірақ қазақ қоғамындағы бұл психологиялық ахуал адамдардың шынайы өз еркінен гөрі мәжбүрліктен туындады. Бұл дертке, әсіресе, қазақ қоғамында мемлекеттілік символы ретінде саналып келген төре тұқымы тез шалдықты. Ресей боданына айналуға байланысты орнайтып «жаңа заманда» орын алып қалуға асыққан сұлтандар Орынбор мен Омбыға сабылып, өзіне қарасты рулармен «патша ағзамның құзырында болу» жөнінде ант-су ішті. Ақсүйектер әулеті екіге жарылды, бағзы замандардан хан-сұлтандарының соңынан ерген қара халықтың арасына да жік түсті. Татар, ноғай, башқұрт, сібір халықтарын қанға бөктіріп, тізесіне басқан орыс отаршыларының құйтырқы іс-әрекеттері бұл жарықшақты күн санап терендете түсті. Барған сайын қазақ көшпелі социумы дағдарысқа ұшырап, дәстүрлі институттардың қазақгардың басын біріктіруде дәрмені таусыла бастады. Олардың орнына орыс әкімшілік-саяси жүйесі өздеріне сенімді, бодандыққа өткен ақсүйектер өкілдернен тұратын жаңа билік институттарын құрды. Сөйтіп олар Ресей заңдары атынан сөйледі, өз халқын бодандықта, кіріптарлықта ұстауға күш-жігерін аямады. Бұл бағытта аса ынталылық көрсеткендеріне патша әкімшілігі лауазымдар үлестіріп, шарапатқа бөледі. Осы жаңа мәртебе иелері патшалық Ресейдің Кенесары қозғалысын басып-жаныштауына елеулі рөл атқарды. Төре тұқымының біразының, оның ішінде Кенесарының кейбір аталастарының да отаршылар жағына шығып кетуі отандық тарихнамада көрініс бергенімен, әлі түпкілікті зерттеле қойған жоқ. Тыңшылардың Орынбор Шекаралық комиссиясына Кенесары «аға сұлтандарға қатты өкпелі» деп жеткізуі 1844-1845 жылдары қалыптасқан ахуалдан хабар береді. 1844 жылдың 21 шілдесіне кұраған түнде Өлкейек өзенінің бойында сұлтан Ахмет Жантөриннің әскерімен болғаи қырғында оның соңына ерген 44 сұлтан қаза тапты. Ашық шайқастарда бетпе-бет келіп қарсы тұра алмаса да, аға сұлтандар көтерілісшілердің ізіне түсіп, олардың саны, құрамы, қару-жарағы жөнінде патша әкімшілігіне жеткізіп тұрды, қозғалысқа іріткі салды. Тыңшылық қызметті ұйымдастыруда Орынбор Шекаралық комиссиясы осыларға иек артты. Кейбір зерттеулердегі осы мәселе төңірегіндегі пайымдауларда да тарихи шындыққа қайшы жәйттері ұшырасып қалады. Солардың бірінде: «Кенесары армиясында әскери құпия қатаң сақтады . . . Хан ордасына жіберілген патшаның құпия қызметінің аса тәжірибелі тыңшысы Жанқожа Жаңбыршин деген де айналасындағы нөпір жұрттан ештеңе біле алмаған», - делінеді. Кеңес тарихнамасында «өз жағын» асыра дәріптеу, «жау жағын» тұқырта көрсету кең орын алған зерттеу әдісіне айналған-ды. Мұрағат құжаттарына жүйелі талдау жасасақ, жағдай өзгешелеу болған. Орынбор Шекаралық комиссиясының төрағасы М. В. Ладыженский Шығыс, Батыс, Орта орда бөліктерінің аға сұлтандары Ахмет Жантөринге, Баймұхаммед Айшуақұлына және Арслан Жантөринге жолдаған алғашқы бұйрықтары мен нұсқауларында-ақ Кенесары қосындарына барып қайтатын тыңшылар санын көбейтуді талап етті. 1844 жылдың 25 қыркүйегінде жазылған осындай құжатта: «Қазірдің өзінде аға сұлтан Арслан Жантөриннен мәліметтер келіп түскені, енді Ахмет Жантөриннен күтіп отырғаны» туралы айтылып, Кенесары ауылдарына таяу маңдарда көшіп-қонып жүрген қазақтардан, болмаса оның сенімді адамдарынан шынайы мөліметтер жинап, құпия түрде Шекара комиссиясының төрағасына хабарлап отырудың қажеттілігі көрсетіліпті. Мұндай жұмыстар үшін аға сұлтандарға «құрметті марапаттар», ал «жансыздарға» ақшалай сыйлық беруге уәде етіледі. Барлаушылар, әсіресе, Мыңбай мен Үмбет, нұсқауда көрсетілген он төрт бап бойынша толық мәліметтер жеткізеді. Соңғылары Кенесары ауылы Қарақұмның «Карасүңгір-Тұздақ» аталатын құдығында, оның отбасы, дүние-мүлкі, өзі де осында, Ордасы ауылдың нақ ортасында, жанында жүргендер Шоқпыт, Құдайменде, Ержан және Наурызбай сұлтандар, Жеке, Жанайдар, Сүтен және Шоқпар батырлар бар деп хабарлайды. Осындай мәліметтер негізінде Орынборда Кенесары жасақтарының іс-қимылы, бір жерден екінші жерге қозғалуы, әскери қарымы қалт жібермей қадағаланады. Аға сұлтандар Кенесары мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қатынастарды ұшықтыруға, сөйтіп Кенесарымен келіссөз жүргізуге мүмкіндік бермеуге барынша күш салады. Баймұхамед Айшуақұлы, әсіресе, Кенесарының Орта Азия хандықтарымен байланысы барлығы туралы хабарды тікелей Ладьженскийге жеткізіп, көтерілісті күшпен басу керектігіне ақыл-кеңес береді. Оның жоғарыда айтылған Жұмыр Ізмұхамедұлы деген тыңшысы қару-жарыққа айырбастау үшін 1100 қой айдатқанын және оған қоса Кенесарының Хиуа ханына 30 жорға, 2 тұтқын орысты бір өкілімен бірге жібергенін, ханнан "орыстарға қарсы тұру үшін деп екі зеңбірек, екі жүз шамхал (мылтық) сұратқанын естиді. Осы деректерді Баймұхамед сұлтан Орынбор Шекаралық комиссиясына жеткізіп, Кенесарының сөздеріне де, елшілеріне де сенбеуге үгіттейді. Отаршылдарды Кенесарының Орта Азия хандықтарымен қатынасы барлығы аса абыржытты. Патша өкіметі барлау мен тыңшылық қызметті өрістете отырып, 1845 жылдан бастап көтерілісті тезірек жаншу қамына көшеді. «1847 ж. Кенесары қырғыздар жеріне басып кірді. Бұл күресте Кенесарының көздеген мақсаты - қазақтар мен Алатау қырғыздарының ортақ жауы Қоқан үстемдігіне және Қоқан бектерінің сенімді одақтастары қырғыз манаптарына қарсы күресу еді, сондықтан ол қырғыздарға қарсы жорықты Қоқан жағына шығып кеткен манаптар сатқындығына жауап ретінде қарады. Е. Б. Бекмахановтың бұл тұжырымы Кенесарының 1846 ж. Орман Ниязбеков пен Жантай Қарабековке жазған хатына негізделген секілді. Онда Кенесары: "Менің осында келуімнің себебі - жауласып, қан төгу емес, қазақ пен қырғыздардың күшін біріктіріп, оларды Қоқаннан болу және қоқандықтардың қыспағынан құтқару" делінген еді. Осы жорамал отандық тарихнамада соңғы кездері де өз жақтастарын тапты. Ауыз әдебиеті нұсқаларына қарағанда да, сол бір қысылтаяң мезетте көтерілісшілер санасын қырғыздар жеріне барып паналауды жөн көрген көңіл ауаны баураған сияқты. Осыған қарамастан, Кенесарының қырғыздар еліне жорығының мақсаты туралы екінші жорамал да бар, ол да Е. Бекмаханов қаламына тиесілі. Кенесарының 1846 ж. Ілені бойлай жоғары көтеріліп, Қытай шегіндегі Үйген тасқа тоқтағаны, осы жерден Құдайменде Саржанұлын, Бақтыбай би мен Сүйінқожаны, тарту таралғы ретінде тоғыз сәйгүлікпен, Қытай үкіметіне елшілік жібергені, көшіп-қонуга рұқсат сұрағаны жөнінде мәліметтер бар. Ол жақтан жағымды жауап болмайды, себебі Ресеймен Қытай араздасқысы келмейді. Қытайға өту жоспарын Кенесары кейін де ойдан шығармаған ба деп ойлауга негіз бар. Кенесары ұрпақтарының бірі, атақты күйші Файзолла Үрмізұлының дерегі бойынша: "Қырғыздың Кенесарыға қарсы бағыт алуы, орыс отрядтарының өшіге соңына түсуінен хабардар Қытай қазақтарының ел ағасы «Қызыл қожадан» Кенесарыға хат келеді. Хатында: «Орыспен сонша жауласқанмен, көпке топырақ шашасың ба, жеңіс соныкі. Қытайға өт. Осындағы қызай найманға хан боласың» дейді. Кенесары орыс, қырғыздың ауыз жаласқан ниетін білген соң Қытайға өтуді жөн көрді. Қытай асуына өтетін қырғыздың «Бөгет» тауы қауіпсіз болу үшін сенімді топ жібереді. Кенесары ол мақсатына жете алмады. Орыс ықпалына еріп, опасыз болған қырғыз манаптарының тұзағына түсіл мерт болды. Сол Кенесары жіберген «Бөгет» асуындағы аз ғана топ сол жерді мекендеп қалған. Руы қоңырат көрінеді".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
Кенесары Қасымұлы – қолбасшы
Кенесары көтерілісі
Қазақ шаруалары
Кенесарының патша әскерлеріне қарсы жүргізген шайқастары
Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалысының себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz