Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері Натюрморт


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Кенесарина Диана Сериковна

«Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері ». Натюрморт.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050107- мамандығы - «Бейнелеу өнері және сызу»

Көкшетау 2012

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: «Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту әдістері » Натюрморт.

На тему:

Мамандығы: 050701 «Бейнелеу өнері және сызу» Специальность:

Орындады: Кенесарина Д. С. (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Жетекші: Амиржанова А. О. (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Қорғауға жіберілді: «» 2012 ж. Допускается к защите:

Кафедра меңгерушісі: Мағзумов Д. Н. Зав. Кафедрой : (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Көкшетау 2012 ж.

Жоспар:

Кіріспе . . . 4

1. Кескіндеменің түрлері және жанырлардың дамуы .

1. 1 Қазақстандағы натюрморт жанырының даму жолы. . … . . . 9

1. 2 Қазақстандағы 1950 жылдары ұлттық натюрморт жанырындағы суретшілер. . 13

1. 3 Натюрморт жанры жөнінде түсінік . . . 16

1. 4 Натюрморт жазуда қолданылатын техникалық құралдар. Натюрмортты бейнелеуде ұйымдастыру жолдары . . . 23

1. 5 Бояу және түс . . . 28

2. Әдістемелік бөлім.

2. 1 Акварель техникасы негізінде оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту . . . 32

2. 2 Жазықтықта бейнелеу әдісі . . . 35

2. 3 Бейнелеу өнері сабағында көркемдеп қабылдаудың педагогикалық негізі . . . 37

2. 4 Оқушыларға бейнелеу өнерін оқытудың тиімділігі . . . 42

2. 5 Заман талабына сәйкес сурет сабағын өткізу . . . 48

2. 6. Оқушыларға акварель техникасында натюрморт сабағын

өткізу әдістемесі . . . 50

2. 7 Мектептегі натюрморт сабақтарына анализ . . . 59

3. Қорытынды . . . 61

Әдебиеттер тізімі . . 63

Қосымша мәліметтер . . 64

Кіріспе

Қазақстанның егеменді ел болудың бастауларында небір қиын күндерді бастан кешіп, бүгінде әлем назарына іліне бастаған еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңаруы мен саяси демократияланған кезеңінің тағы да бір жаңа бағыттары ұсынылып отыр. Ол жаңа бағыт Қазақстанның алға басуы барысында әлемдік тәжірибеге сәйкестікті көздеу болып табылады. Осы көздеу, біріншіден, оқу-ағарту ісінде әлемдік ықпалдастыққа ену болса, екіншіден, бәсекелестігі биік мемлекеттер қатарына ену. Бұл екеуі де бүкіл оқу-ағарту жұмысын түбегейлі тексеруді қажетсінеді. Өйткені бүгінгі жаңадан құрылып, жаңа жетіліп келе жатқан егеменді Қазақстан Республикасы ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатында оны дамытудың жаңа негізін қалағалы отыр. Яғни, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасауды көздеп отыр. Осы айтылғандар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, оған білім беру үстінде оның бойына жаңа тұлғалық қасиеттерді сіңіру өте қажет. Жаңа Қазақстанның жаңа адамы республиканың тарихи, ұлттық, демографиялық, географиялық, экономикалық және мәдени ерекшеліктерінің негізінде тәрбиеленіп, қалыптасуы тиіс.

Ондай тұлғаны қалыптастырудың әсерлі факторларының бірі - өнер, оның көркемдік кемелденуі. Бұлар тұлғаның рухани-эстетикалық дүниесіне, көркемдік талғамына, талабына ықпалын тигізеді.

Осыған байланысты педагогика ғылымының алдына өте көкейкесті міндеттер қойылады. Ол міндеттердің орындалуы жас буынның бойында көркем-эстетикалық, ізгілік сана-сезімді, қызығушылықты, идеалды, көзқарасты, талапты, талғамды, қабылдауды, дүниетанымды қалыптастырып тәрбиелеуді керек етеді. Оған өнердің көркемдік-эстетикалық мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Сонымен бірге бұл жерде ескеретін мәселе, жас буынды өз халқының ұлттық көркем құндылықтары негізінде әлемдік көркем-эстетикалық мәдениетке үлес қосарлықтай етіп көркем-эстетикалық тәрбие беру қажеттілігі туындайды.

Көкейтестілікті зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның мемлекеттік бағдарламамен байланысы. Натюрморт-бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негізі оның мәдениеттанулық негіздерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан процестермен айқындалады. Республика президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамын идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихы, мәдени тамырларына қайта оралу-бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі мұның бірден бір айғағы. /“Бейнелеу өнері және сызу” Республикалық ғылыми әдістемелік журнал/.

Қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт- дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі-бейнелеу өнері сауаттылығы, соның ішінде натюрморт жанры. Оның үстіне бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихы, терең мәдениеттанулық, философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан - қилы ерекшеліктерімен қымбат, әрі құнды .

Мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасар зиялы қауымның борышы мен парызы . Бейнелеу өнерінің оның сәндік ерекшелігі, түрлері халықтың салт - дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс. Ұлттық құндылықтар деңгейінен жоғары көтеріп, адамзаттық құндылықтар қатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса керек. Бар әдемі құндылақтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса мұраларымыздан іздеу оны жандандыру қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру оны танып білу бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз.

Зерттеу көздеріне анализ.

Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс біздің көзімізді мынаған жеткізді:

а) бейнелеу өнері пәнінің нәтижелі болуы, балаларды көркемдеп қабылдауға, дұрыс үйретуге тікелей байланысты екендігіне;

ә) оның педагогикалық негізде меңгерілу жолын құрып, жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың осы бағыттағы дағдысын қалыптастыру керек екендігіне.

Сондықтан, бейнелеу өнері пәні бойынша осы көркемдеп қабылдаудың оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес жоғарғы сыныптағы білім ауқымын, оларды меңгертуге керекті педагогикалық негіз құрайтын жұмыс түрін айқындау қажеттілігі де туады. Әрине бұл болашақ іс.

Деректерді талдау.

Диплом жұмысын жазу барысында мына әдебиеттер қолданылып жүрді;

Бірінші тарауға; Х. Арғынбаев. “Неке және семья ” журлналында мәліметтер алынды /1/.

Ю. И. Кузенцов; «Заподно европейский натюрморт» мәліметтері алынды /17/.

“Бейнелеу өнері және сызу” Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. Журналынын сабақ кетесі үлгі ретіндеалынды /3/.

Е. Каменева “Кемпірқосақтың түсі қандай?” “Өнер” иллюстрациялар алынды /6/.

Ю. М. Кирцер. “Рисунок и живопись”Сабақтарға мәліміттер алынды /7/.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Тарих мәлеметтері алынды /9/.

А. С. Щипанов “Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер” Деректері алынды /16/.

Б. Мекишев “Әлемнің жеті кереметі” Үлгі ретінде шолу жасау /10/.

Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов “Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері” /2/.

М. ШӨмірбекова. “Қазақ халқының дәстүрлі өнері”Суретшінің өмір баяны /3/.

Ә. Төлебиев. “Сурет сала білесің бе?”Сабаққа схемалар мен кросвортар алынды /12/.

М. Ш. Өмірбекова. “Қазақ халқының дәстүрлі өнері” /11/.

А. С. Щипанов «Әуесқой жас сурктшілер мен мүсіншілер»Мәліметтер алынды /18/.

М. Б. Уалибекова«Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері»Жаңа сабаққтар үлгі ретінде шолу жасалды /19/.

Екінші тарауға қолданылынған мәліметтер: Садықова «Натюрморт дастрқан» Шығармашылығын қарап шығу /20/.

А. Я Тимофеевна “О натюрморте” /14/.

Р. Мизанбаев Ж

“Бейнелеу өнері және сызу” Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. Мәліметтер алынды /3/.

Гульмира Шалабаева «Грани реализма»Иллюстрацияларға шолу /21/.

“Бейнелеу өнері және сызу” Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. Сабаққа дайындық /3/.

Шарден и французское просвещение Мәлеметтері алынды /15/.

Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов “Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері”. Мәліметтер алынды /1/.

Гульмира Шалабаева «Грани реализма»Суретшілердің шығармашылықтарға шолу /21/.

“Бейнелеу өнері және сызу” Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. Сабаққа мәліметтер алынды /3/.

Зерттеу мақсаты

Таңдамалы алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы дипломдық жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады. Бейнелеу өнері оның ерекшелігі мен дамуы, салт- дәстүр, әдет- ғұрыптары, әшекейлеу әдістері оның түрлері және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттанулық тұрғыдан сарапқа салу, олардың мән - мазмұнын ашып, даму эволюцициясын қарастыру қажет. Осы мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер туындайдайды:

- Натюрморт бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негіздерінің мәнін ашу, оны оқушылар арасында олардың санасында, ұлттық көзқарастарына қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері сауаттылығына яғни көркемдеп қабылдауға үйрету арқылы тиімділігін арттыру және оның педагогикалық негізін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес орындалатын міндеттер белгіленді. Олар:

  1. Бастауыш сыныптағы және 5-6 сыныптағы оқушыларының бейнелеу өнері сабағында оның сауаттылығына үйрету, оны көркемдеп қабылдауға үйретуге қажетті философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан негізді айқындау.
  2. Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің бүгінге дейінгі өтілу барысында талдау жасау.
  3. Айқындалған жұмыс жүйелерін байқау, анықтау және оны бейнелеу өнері сабағының жүргізілу тәжірибесіне енгізу.

Зерттеу орны: Бастауыш сыныптар мен 5-6 сыныптардың оқу - тәрбие процессі.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сыныптар мен

6-сынып оқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі.

Болжам Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы болуы - ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде меңгергенде ғана мүмкін:

-егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және педагогикалық проблема деп қарап, оның теориялық негізін айқындасақ;

-осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда эксперименттік байқау жүргізіп, көркемдеп қабылдаудың оқушыда дұрыс қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік сапасының артқанына көз жетсе .

Зерттеу міндеттері.

1. XX ғасырдағы Қазақстандағы суретшілердің натюрморт жанырындағы әдебиеттерді талдау және көрнекілікпен практикалық әдістемесін әдебиеттерде қарап шығу.

2. Сабақты көрнекілікпен практикалық әдістемелерін қарап шығу. 3. Шығармашылық жұмысты орындау.

Зерттеу әдістері. Ғылыми тіріктер және ғылыми әдістердің; бақлаудың, тәжірбиенің сауалнамалары.

Ғылыми жаңалық. Бейнелеу өнері сабағында оқушыға меңгерткелі отырған білім, білік пен дағдының нәтижелі болуы оның көркемдеп қабылдай алуына байланысты екендігін дәлелдеу; ол үшін арнайы дидактикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз жеткізу және сол жұмыстардың жүйесін жасау, оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап және ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету .

Практикалық маңызы . Ұлттық ойлау жүйесінің, дүние танымдық қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселенің қосар өзіндік үлесі аз болмас.

Жұмыста көрсетілген теориялық және практикалық жағдайлар болашақта өнер тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді . Курстық жұмыстағы қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен лекцияларда қолдануға болады. Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт - дәстүрді және әдет - ғұрыптарды дұрыс пайдалану оқушылардың сана - сезімін, ой - өрісін, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды.

1. Кескіндеменің түрлері және жанрлардың дамуы

1. 1 Қазақстандағы натюрморт жанрының даму жолы

Кескіндеме-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы- қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.

Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі (Genre-түр) немесе тек сөзінен шыққан. Кескіндемеде мынадай жанрларға бөлінеді: анимастика, мифологиялық және моринизм.

Айта кету керек, тақырыптық картина көбінде жанр делінеді, ал картиналар деп аталады. Натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде XVIII ғасырда Голландияда және кіші Фландрияда /қазір бүл Бельгияның бір бөлігі/ туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшінің оларға деген козқарасын майлы бояулармен, қою салынған голланд натюрморттарында көбіне сан түрлі тағамдар: нан, жемістер, әдемі кесілген майлы ветчина /шошқаның тұздап, сүрленген майлы еті/, жабайы аң- құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы шарапты бейнелеу.

Мұнда картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжарлары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқыны болатын.

Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі» қозғалмайтын модельден-натюрморттан /Француздың nature morte- олі табиғат, натура деген сөзінен шыққан/ бастаған жақсы.

Натюрмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді

деп қорықпай-ақ оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде жас суретші заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.

¥лы Қазан социалистік революциясына дейін Қазақстан халықтарының көркем шығармасы негізінен күнделікті тұрмыста қолданылатын өнермен ғана байланысты болды.

Кескіндеме, графика, мүсін өнері соңғы 50 жыл ішінде ғана өркендеді, өйткені өткендегі көшпелі тіршілік және жанды нәрсенің бейнесін түсіруге тиым салатын ислам дінінің ғасырлар бойғы үстемдігі қазақтың кәсіптік бейнелеу өнерінің тууына кедергі жасады.

Қазақстанда үлттық дәстүрлері революцияға дейін-ақ қалыптасқан әдебиет пен музыкадан өзгеше, бейнелеу өнерінің жолы адам айтқысыз қиын болды. Қазан революциясының қарсаңында Қазақстанда өзінің төл-тума кәсіпкер- суретшісінің болмағаны былай тұрсын, тіпті жаңа, жүйелі өнердің негізін қалауға қол ұшын берерліктей жақсы даярлығы бар орыс суретшілері де жок еді. Мұндағы орыс өнерінің реалистік дәстүрлерін сақтаған жалғыз суретші - сурет сабағының мұғалімі Н. Г. Хлудов болатын. Ол кейінірек, 1920 жылы үйымдастырған бейнелеу өнері студиясында сабақ берді. Ол студияда суертші Н. Антонов пен мүсінші А. Пономарев та ұстаздық етті.

20-30-шы жылдарда Қазақстанның бейнелеу өнері кескіндеме пен графиканың кәсіпкерлік шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдар жасады. Жас суретшілер аяқ алысын байқатып, көзге көріне бастады, олар өздерінің әзірге бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған балаң шығармаларында бүкіл елді қамтыған алып істерді, жаңа қүбылыстарды көркем бейнелеуге тырысты. Қазақстанда бейнелеу өнерінің орісіне алғаш жол салған Н. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Исмаилов Б. Сарсенбаев, X. Ходкиков сынды суретшілер болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарын
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар
Қиялды дамыту жолдары
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz