Оқушыларға кескіндеме жазу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Натюрморт


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: «Оқушыларға кескіндеме жазу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Натюрморт»
На тему :
Мамандығы: 050701 «Бейнелеу өнері және сызу» Специальность:
Орындады: ДжақсановаА. Қ. . Выполнил: (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Жетекші: Қамбаров Қ. И.
Руководитель: (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Қорғауға жіберілді: «» 2011ж. Допускается к защите:
Кафедра меңгерушісі: Қамбаров Қ. И. Зав. Кафедрой : (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Көкшетау 2011 ж
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 4
1. Натюрморт жанрының даму тарихы.
1. 1 1930-1950 ж. ж Кескіндемедегі натюрморт жанры . . . 10
1. 2. Қазақстан суретшілері. К. Дүйсенбаев. Г. Исмаилова . . . 18
1. 3 1970-2000 ж. ж Натюрморт жанрының дамуы . . . 28
2. Бейнелеу өнер сабағында оқушыларға миға шабуыл әдісін қолданылуы.
2. 1 Шығармашылық қиял немесе «Миға шабуыл» әдісіне түсініктеме . . . 32
2. 2. Оқушыларға натюрморт сабағынан анализ жүргізу . . . 41
2. 3 5-6 сыныптарға арналған сабақ жоспары . . . 48
Қорытынды . . . 59
Әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымша . . . 65
Кіріспе
Көкейтестілік:
Өнер - мәдениеттің айнасы деп бекерден бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері қалыптасады.
Өнер, ең бастысы, жан, сезім тәрбиесі. Өнер адам тұлғасына, оның дамуы мен қалыптасуына зор гуманитарлық әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға, табиғатқа, қоғамға деген эстетикалық қатынасына тәрбиеленеді, әсемдікке деген сезімі, қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындайды. Өнердің адамға моральдық яғни адамгершілік құндылықтарды беруде де роль зор. Өнер шығармалары - бұл адам өмірі мен олардың сезімінің ең толық нақты тарихы. [1, б. 14] .
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нәтижеге бағытталған білімге тек мұғалімнің кәсіби біліктілігі арқылы жетуге болатындығы айырықша сөз етілген. Яғни өмірге жаңа мұғалім керек. Ал бүгінгі «жаңа формациядағы мұғалім ізденімпаз, өзіне-өзі талап қоя білетін, кәсіби-құзырлық және шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман» екендігін Қазақстан Республикасы «жаңа тұрпатты мұғалімінің үздіксіз мұғалімдік білімі» тұжырымдамасы айқындап берді.
Жоғары кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-осы заманғы мазмұнға негізделген, барынша сапалы кәсіптік білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп бере алатын мамандарды даярлау үдерісін жоғары қарқынмен жүргізу болып табылады
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында жаңа кәсіби білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың кәсіби даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. [ hhtp//www unesko kz/rcie/data/koncepciya htm КОНЦЕПЦИЯ развития образования республики Казахстан до 2015 ] .
Президент . . . Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» атты Жолдауында « . . . патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет . . . бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық биік талғампаздық, тәкаппрлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастырумыз керек», - деген болатын. [3, б. 22] .
Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек. [4 б. 63] .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл. ) «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен. [5, б. 19] .
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек. Қазіргі уақытта білім берудің негізгі талаптардың бірі - оқушыны әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Соңғы жылғы іс - тәжірибеде байқалған негізгі үрдіс - оқушы шығармашылығын дамыту - тек тұлғаның өзін - өзі дамыту қажеттілігіне негізделген. Ендеше осы қажеттілікті оқушы санасына жеткізу - бүгінгі тақырып. [6, б. 47-48] .
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер - мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Қазіргі қоғам жеке адамның прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Жалпы білем беретін және кәсіптік мектеп реформаларының негізгі бағыттарында: аса маңызды міндет- оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемді сөзімен дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсінеп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет.
Ал қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дүрыс көрсете танып біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол үлттық салт - дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - бейнелеу өнері сауаттылығы, соның ішінде натюрморт жанры, оның тәлім - тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі үрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. . Оның үстіне бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихы, терең
мәдениеттанулық, философиялық мазмүны, өзіндік үлттық сан - қилы ерекшеліктерімен қымбат, әрі қүнды . Сондықтан да оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып білу, жоғарғы оқу орындарында үлттық тәлім тәрбие беру процесінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады .
Бейнелеу өнерінің оның сәндік ерекшелігі, түрлері халықтың салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс. Ұлттық құндылықтар деңгейінен жоғары көтеріп, адамзаттық құндылықтар қатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса
керек . Бар әдемі құндылақтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса мұраларымыздан іздеу оны жандандыру қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру оны танып білу бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз.
Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын, хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде халықтық педагогиканың тарихи мұралары жан-жақты зерттеп, ұтымды пайдалана білудің берері мол.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.
Мәселе:
Қазіргі кезде бейнелеу өнері пәненде туындап жатқан бір шама мәселелер бар. Сол мәселелердің бірі қазақша оқулықтардың аздығы. Көптеген мәліметтерді орыс тілі және т. б. тілдерден аудару арқылы оқу, ал оны тура сөзбе-сөз аударғанда мағынасыз болауы, мұғалімнің оқушыларға өз тілінде анық мәліметпен қамтамасызете алмауы, сабақты қызықты өткізуге әдістемелік, көрнекілік құралдардың аздығы. Осының нәтижесінде оқушыларда, оқу нәтижелерінің төмендігі. Сонымен қоса мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы Қарым-қатнас пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтың төмендігі бүгінгі күннің орта мектептеріндегі басты мәселелірді туғызып отыр.
Деректерді талдау:
Тақырыпты ашу барысында көптеген әдебиеттер талданып, ішінен керек маңызды деген тақырыптар алынды.
Кіріспе бөліміне ақпараттарды « Бейнелеу өнері және сызу» журналыннан және «Бейнелеу іс-әрекеті мен конструкциялауды үйрету методикасы» кітабынан алдым. Ал тарихи бөлімде Қ. Болатбаевтің «Бейнелеу өнері», Р. Мизанбаевтың «Живопись», Е. М. Әмірғазиннің «Қазақ халқының қол өнері», Г. В. Ф. Гегель. 4 томдық Эстетика. Москва, «Искусство», О. Жаңбыршиев. «Кескіндеменің техникасы мен технологиясы», А. Б. Бишняков, К. В. Ли, Р. Т. Көпбасынов, қазақ тіліне аударған Д. Т. Базарбаев. «Қазақстандағы бейнелеу өнері. ХХғасыр = Изобразительное искусства Казахстана», Валентин Антощенко - Оленев. Алматы. «Өнер», оқулықтарын пайдаландым. Әдістемелік бөлімде Ә. Төлебиевтің «Сурет сала білесің бе?», А. С. Шипановтың «Әуесқой жас суретшілермен мүсіншілерге», А. С. Зайцевтың «Түс және кескіндеме ғылымы», және Г. В. Беданың «Кескіндеме және оның бейнелеу құралдары», Тамберг Ю. Г. «Развитие творческого мышления ребенка», И. А. Бескова «Как возможно творческое мышления?», Б. М. Неменский «Изобразительное искусство и художесственный труд», оқулықтарынан теріп керек жерін толықтырып жазылды.
Зерттеу мақсаты:
- жоғары оқу орындарында бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне графиканы оқытуды теориялық негіздеу, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан дәлелдеу.
- Оқушылардың идеялық-саяси, адамгершілік, дүниетанымдық, эстетикалық тәрбиесіне әсер ету;
- Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып ұқыптылыққа, икемділікке, батылдыққа үйретіп тәжрибелік қабілеттерін артыру.
- Өз отанының, халқының өнері мен мәдениетіне деген сүйспеншілік сезімі мен бүкіл әлемдік өнер мен мәдениетке деген жан-жақты біліктілігін арттыру.
- оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу.
Зерттеу объектісі.
Натюрморт салу сабағының қыр-сырын ашып, оқушылардың өзара шығармашылық қабілет-терін дамыту, жетілдіру.
Зерттеу пәні .
Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сыныптар мен 5-6 сынып
оқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі . Олардың шығармашылық қиялын дамыту, шыққан мәселелерге жауап іздей алуы.
Болжам .
Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы болуы - ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде меңгергенде ғана мүмкін :
-егер зерттеу барысында, яғни сабақ барысында оқушылардың жұмыстарын қадағалап, қателескен жағдайда дер кезінде түзетіп, түсіндіріп отырса, жұмыс жақсы орындалған жағдайда оқушыны мадақтап отырса, оқушының өзіне деген сенімі артып олау қабілеті дамып, шығармашылық қабілеттерін жоғарлауына жағдай жасайды
- егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және педагогикалық проблема деп қарап, оның теориялық негізін айқындасақ ;
- осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда эксперименттік байқау жүргізіп, көркемдеп қабылдаудың оқушыда дүрыс қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік сапасының артқанына көз жетсе .
- егер оқушыларды шығармашылық қиялының туыуын дамытуға қадағалап отырса, оның шыққан мәселеге топпен ізденіс жүргізсе, мәселені бірге талқыласа, әр кім өз ойын еркін айтатын болса, онда оқушының, шығармашылық, еркін сөйлеу, өз ойын еркін, қорқпай айтатын қасиеті дамиды.
Ғылыми жаңалық . Бейнелеу өнері сабағында оқушыға сабақ түсіндіру барысында ойын аркылы, яғни корнекі құралдар арқылы жеткізу., мысалға алғанда ойын әдісін, әр түрлі етіп өткізіп, соған көрнекілік, оларға атақты суретшілердің шығармаларына, слайд шоу, және басқа да суреттер қолдану арқылы оқушыға жаңа сабақты қызықты өткізуге болады. Ол үшін арнайы дидактикалық жүмыс жүргізудің керектігі және сол жүмыстардың жүйесін жасау, оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап және үтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету керек. Сомен қоса таңдап алынған әдіс, тәсілімді яғни «миға шабуыл» қолданатын болсам онда оқушыға сурет салуды ғана емес оның шығармашылық қасиеті де дамыйтын болады. Мен осы әдісті қолдана отырып, нәтижесінде оқушылардаң бейнелеу пәніне деген қызығушылығын арта түстім деп ойлаймын. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Практикалық маңызы
Осы ұсынылып отырған курстық жүмыс еліміздегі өнер тарихы мен мәдениеттану, философия тарихы сияқты ғылымдарды насихаттау мен зерттеу, білім беру және жаңа заман талабына сай ойлау мәдени сүхбат ерекшеліктерін талдау қабілеттілігін қалыптастыру ісіне де қатысты .
Жұмыста көрсетіліп жатқан теориялық және практикалық әдіс-тәсілдер болашақта өнер тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді. Дипломдық жұмыстағы қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен лекцияларда қолдануға болады. Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт - дәстүрді және әдет - ғұрыптарды дүрыс пайдалану студенттердің сана - сезімін, ой-өрісін, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды .
«Шынайы сұлулық адамның рухани баюына,
болмыс құпияларының сырын білуге және
әдеміліктің мәнін түсінуге мүмкіндік береді»
Гүлмира Шалабаева
Философия ғаламдарының докторы
1. Натюрморт жанрының даму тарихы.
1. 1 1930-1950 ж. ж Кескіндемедегі натюрморт жанры
Өнер - қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.
Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де қалдырған. [3, б. 6] .
Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді - сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ. [7, б. 36] .
Суретшілер арасында натюрморт белгілі бір орын алады. Суретшілер өзі үшін бағалы әрі таусылмайтын шабыт көзін табады. В этом жанре, казалось бы не имеющем большого общественного содержания, художники находят для себя ценный и неиссякаемый источник вдохновения.
Бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі- кескіндеме, себебі бұл туындыда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Өнердің ғажайып бұл саласында суретшілер көбіне өздері сүйген тақырыптарды таңдап алады. . [3, б. 7] .
Біреулер портрет жазғанды жанына жақын көрсе, өзгесі пейзажды, ал кей біреулері тарихи, соғыс немесе түрмыстық көріністерді бейнелеуге қүштар. Бейнелеу өнерінің бүлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі (француздың Оепге-түр немесе тек сөзінен шыққан) бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады. Жаныр негізінен бейнеленген бейнеге байланысты ажыратылады. Олар: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер. [8, б. 89-90] .
Натюрморт.
XVIII ғасырда Голландияда натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде және кіші Фландрияда /қазір бүл Бельгияның бір бөлігі/ туып, кеңінен дамыды.
Голландия суретшілерін тұңғыш рет сауда алаңындағы түрлі түсті жеміс-жидектер, сәнді құмыра, үй ыдыстары т. б. жиһаздар қатты қызықтырып, әр түрлі жеміс-жидектерді біріктіріп, оған ыдыс-аяқтар қосып, картина жаза бастаған. Бұл картиналарды француз саудагерлері сатып алып, өз елдеріне алып келген. Мұндай картинаның үлгісімен танысқан француз суретшілері де осыған ұқсас картиналар жазып, бұл жанрға олар алғаш «натюрморт» деп ат қойған.
Меңгерудегі сурет салуды тірі модельден емес, «өлі» қозғалмайтын модельден-натюрморттан /Француздың пашге тогіе- өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан/ бастаған жақсы. Натюрмортты, ол түруға шаршап, кетіп қалады, түрған қалпын өзгертеді деп, қорықпай-ақ оны түрлі нүктелерден мүқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жүмыс істеу үстінде жас суретші заттардың формасын қүруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.
Мүнда картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжарлары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені оның өмірінің басты қызығы да тамақ қүлқыны болатын. . [8, б. 40-41] .
Натюрморт жанрының орыс өнерінде дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz