Шығармашылық шырағы сөнбейді



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы
Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі МКҚК

ГККП Колледж культуры имени Акана серэ, г. Кокшетау
при управлении образования Акмолинской области

Мамандығы: 0640002 Интерьер дизайны
Біліктілігі: 0640012 Суретші - дизайн бойынша шебер

Диплом жобасы
Дипломный проект

Тақырыбы: Шығармашылық шырағы сөнбейді

Диплом қорғаушы Шарипова А
Жетекші Жакупова Г.Б.
Рецензент Бакбергенова Н.Б.

Қорғауға рұқсат
________________
Колледж директоры Ыдырысова Қ.Ғ.

Көкшетау 2010 ж.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I. Кескіндеме өнері тарихына қысқаша
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
II.Кескіндеме
жанрлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11
2.1. Портрет– адам келбетін
бейнелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.2.
Композиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3.
Түстану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4. Майлы бояумен жұмыс істеу техникасы және
материалдары ... ... ... .19
III. Шығармашылық жұмыс: Шығармашылық шырағы сөнбейді
3.1. Күй атасы –
Құрманғазы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...35
3.2. Күйші ана – Дина
Нұрпейісова ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.37
3.3. Қазақтың музыкалық
аспаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе.

Мен майлы бояуды таңдаған себебім портретті салған кезде немесе басқа
да бір бейнені жазған кезде оны нақтылап, айқындап көрсетуге болады. Майлы
бояу кепкенде түсін өзгертпейді, ұзақ сақталады, оларды қалыңдатып та,
сондай-ақ нақтылап, мөлдір етіп жасауға болады. Мысалы: Натюрморт сөзі
француз сөзінен алынған термин. Қазақша өлі табиғат немесе тыныш,
қозғалмайтын зат, деген мағына береді. Натюрморт өлі табиғат немесе өлі
зат аталғанымен, сондағы майлы бояумен бейнеленген заттар арқылы табиғи
өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын
танып-білуге болады. Қандай суретті салмайық, оның барлығына ортақ белгілі
бір жолы, кезеңі болады. Сондықтан сурет біртіндеп салынып, өрбіп отырады.
Зат бейнесінің орналасуын анықтау, құрылымын табу, пішінін айқындау барлығы
бейненің керек жеріне қолданылған түрлі-түсті майлы бояулардың арқасында
көруге болады. Майлы бояумен сурет салғанда өте ұқыпты болу керек. Өйткені
майлы бояумен салынатын жұмысты бастаудан бұрын суреттің фонының, нұсқаның
тұлғасының, моделінің түсін анықтау.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, бейнелеу өнерінде де белгілі
бағыттарда шығармашылық ізденістер жасаған суретшілеріміз жаңа шығармашылық
табыстарға қол жеткізе бастады. Егеменді елдің өнері қайта қалыптасу
барысында жандана бастады. Суретшілер қалыптасқан категориядан арылып,
шығармашылық ізденуге еркіндік пен бостандыққа қол жеткізді. Жаңа ғасыр
суретшілері өзіндік ой- сезімдері мен таным көкжиегін көркем шығармалары
арқылы жариялады. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында Қазақстан бейнелеу өнерінде
бүкіләлемдік көркемөнер тәжірибесінен бастау алу үрдісі қанат жая бастады.
Ал бейнелеу өнері өзінің әрқырлылығымен ерекшеленді. Суретшілердің жеке
шығармаларынан сирек кездесетін коммерциялық, салондық бағыттағы жұмыстар
пайда бола бастады. Бұл егеменді ел болудың нышанымен ұштасқан суретшілер
шығармашылығындағы серпіліс болатын. Қазіргі кезде суретшілердің көбі
бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт көркемдеу, безендіру өнерімен, бір сөзбен,
дизайнмен шұғылдана бастады. Өнерді бүгінгі күнгі өмірге батыл енгізуге
суретшілердің шығармашылық еркіндігі, бірегейлігі, көркем ойды батыл
жеткізе білуі айрықша маңызды рөл атқарады. Адам өзінің жаратылысынан –ақ
суреткер. Ол қашанда, өз өміріне әсемдік енгізуге тырысады.
Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби
деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде
еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік
жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын,
дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым
бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп
ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр
бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу
керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек
қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді
айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы
айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің
шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер
жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен
таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып,
қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер
тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған
халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында
арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман
иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер
зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және
түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы
сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында
болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз
ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық
құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз.

І. Кескіндеме өнері тарихына қысқаша шолу.

Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі
суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтар мен түрлі бұйымдар,
жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген. Бұл жайлы
Жетісу аймағындағы жартастардағы бейнелеу шығармашалаға толық хабардар ете
алады.
1950 жылдың аяғында Аңырақай тауынан Тамғалы жартас суреттері табылып,
оны зерттеу 70-80 жылдарда басталды.
Ерте дүние өнерін жай кездейсоқтық деп есептеуге болмайды. Өйткені бұл
жартастағы суреттер қазақ бейнелеу өнерінің бастауы – бұлағы.
Бертін келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет өнері, мүсін өнері,
кескіндеме өмірге келді.
Кескіндеме- бейнелеу өнерінің ең көп таралған түрі. Қазақстанда кескіндеме
өнері 20 жылдан бастап дами батады.
Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін,
сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы
ата – бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына
суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп
отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме
жасап, дами берді.
Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын
көркем шығарма.
Живопись атауы орыстың живой писать деген сөзінен алынған, яғни
көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген
мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып
табылады. Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б.
салынады. Негізіңен, қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера,
майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен
жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар
ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды,
мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған
живопись болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме
бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотипия) бар.
Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп
тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі
(Микеланджело)
Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету –
кескіндеме өнері (А. Байтұрсынов)
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) - бейнелеу өнерінің аса көркем бір
түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма
өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық
қызмет атқарады, адамға эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар
тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға
береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы
бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер
болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол
деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен
де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді өнер
мектебі деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын
құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір
құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің
көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-
қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық
жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл
жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына
адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған
қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ
суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның,
дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан
тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме
туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі
сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның
бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол
табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін – бейнелеудің
таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары
шексіз бай болса бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай
үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп
отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика,
қиялдың қызықты құбылмалылығы – осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін
шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан
әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және
ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан
кескіндемешіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын,
көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ
аспанды, мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін,
буырқанған көк теңізді қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере
алады.
Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі түріне жатады. Кескіндеме
көрерменнің ойы мен сезіміне жағымды әсер ететін, жазықтық бетіне бояу
арқылы жасалатын көркем шығарма. Кескіндеме өнерінің тарихи, тұрмыстық,
соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу, адам келбетін бейнелеу және табиғатты
бейнелеу жанрлары бар. Қолданылатын орнына, орындалу түрлеріне қарай
кескіндеме монументтік, сәндік, қондырғылы, декорация, миниатюра болып
бөлінеді. Сонымен қатар деорамалық, панорамалық кескіндеме түрлері де бар.
Кескіндеменің орындалу техникасына қарай, әдіс тәсілдеріне байланысты майлы
бояу, фреска, құрғақ темпера, желім, балауыз және шыңылтыр кескіндемесі
болып бірнеше топқа бөлінеді.

ІІ. Кескіндеме жанрлары
Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі,
онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің
ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды
таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері
пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді
бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп
аталады. Жанр сөзі француздың Qenre – түр немесе тек сөзінен шыққан.
Живописьте мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және
тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал
картиналар жанрлық картиналар деп аталады.
Өлі табиғат немесе тыныш,қозғалмайтын зат, деген мағана
беретін Натюрморт өлі табиғат немесе өлі зат аталғанымен, сондағы
бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың
тұрмыс- тіршілігін, әдеп- ғұрыптын танып- білуге болады.
Осының куәсі ретінде қазақ әйелдеріменен шыққан тұңғыш суретші Айша
Ғалымбаеваның дастархан атты натюрморттық шығармасын алайық. Мұнда
суретші ашық жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастархан мәзірін
бейнелей отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қонақжай, ақжарқын
кеңпейілдігін асабір нәзік сезіммен жеткізе білген.
Натюрморт алғаш рет ХVII - ғасырдың Голландияда пайда болды. Содан
көптеген елдерге тарап, әсіресе XVII ғасырдың ортасында бейнелеу өнерідегі
көп тараған жанрына айналады. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері
шыкты. Ол Голландиялық Ван де Вальде, Винсет-Ван Гог, францияның ұлы
суретшісі ПольСезанн, А. Матисс еді. Қазіргі көптеген суретшілерінің жолын
куып, істерін алға карай жалғастыруда. Натюрмортты немесе басқа да
заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрылымының өзегі
болатын композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсері сурет
салу мүмкін емес. Композиция латынның "ойлап шығару" немесе "құрастыру"
деген сөзінен шыққан. Дәлірек айтар болсак, композиция-суретшінің
бейнелегелі отырған натюрморттың немесе картинасын дұрыс, әсерлі құруы,
оңдағы заттардың, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып
орналастыруы болып табылады. Әдетте, әсіресе үлкен живописьтік
шығармаларда, суреттерде оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкерлері
араласатын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық орталық
суретшінің шешіміне карай картинаның кез-келген жерінде болуы мүмкін.
Кейбір суретшілердің туындысының композициялык орталығы тура ортасында
орналасса, ал кейбіреуінде ол не оң жағында, не сол жағында орналасады.
Суретті саларда отыратын орнымызды дайындау, ұйымдастыру үлкен роль
атқарады. Алдымызда қойылған натюрморт толық, жан-жакты көріну үшін одан
қашығырақ отырамыз.
Қандай суретті салмайық, онын барлығына ортак белгілі бір жолы, кезеңі
болады. Сондыктан сурет кезеңдермен біртідеп салынып, өрбіп отырады. Зат
бейнесінің орналасуын анықтау, құрлымын табуын, пішінін айқындау, сондай-ақ
түйін немесе суреттің аяқталуы-деп, аталады.Алдыңғы үш кезең "жалпыдан-
жалқыға" әдісімен жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы.әр денені штрихтың
бағытын сол дененің сыртқы формасына карай жүргізу керек.
Пейзаж - француз сөзінен шыққан- бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу.
Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде 7-
10 ғасырларда пайда болды. Еуропалық кескіндемеде ол 17 ғасырда , алдымен
Италияда, кейін Голландияда қалыптасты. Орыс өнерінде пейзаж 19 ғасырдың
аяғына тұспа-тұс түсті.
Пейзаж- қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам
өмірімен алыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік болып көрінетін сияқты.
Бұл торлаған аспан, теңңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген ,
мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы
өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілер түрліше көріп , түрліше
бейнелейді.
2.1. Портрет – адам келбетін бейнелеу.

Адам тұлғасын бейнелеуді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші
адам басын бейнелеу, содан кейін біртіндеп тұтастай кеуделік келбетін бел
тұсына дейін бейнелеу, және тұтас адам тұлғасын бейнелеу.
Портрет салған кезде оны ұқсатып қою ғана емес, ішкі жан дүниесін де
көрсете білу керек. Портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге
келгені белгілі. Адамның бірінші кескіндемелері бояумен салынбаған-ды. Ол
мысыр перғауындарының алапат тас мүсіндері еді. Мүсін мен сурет өнерінде
адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық
суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейін Қазақстан
қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түсіп
келеді.
Қазақстан портреттік жанрда жұмыс істеген суретшілер: М.Кенбаев,
Қ.Телжанов, С.Романов, Ә.Төлепбаев, М.Аманжолов, А.Ғалымбаева және т.б.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да
рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш,
қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен
ұқсастығы. Бірақ, бұл математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз
шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-
арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басыып сезінуге тиіспіз.
Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз. Тек осылардың бәрі ғана
бейнені портрет етеді, осылай ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем
бейтаныс болғанның өзінде бізді көз салуға, ойға шомуға және тебіренуге
мәжбүр етеді.
Портреттер өзінің сипаты жағынан әр алуан түрлі болады. Бір
портреттер адамды дәріптеу, оны барынша әсемдік пен сәндіікте көрсету үшін
жазылады. Бұл XVIII ғасырда орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтық
портреттер (суретшілер Ф.Рокотов, Д.Левицкий, В.Боровиковский). Екінші
портреттер адамды әдеттегі, күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік,
психологиялық портреттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық
портрет болып табылады. Мысалы, П.Кориннің Кукрыникстері, сондай-ақ
Рембрандтың Синдиктер, Түнгі күзет, И.Репиннің Құдіретті топ
композиторлары полотноларын немесе совет суретшісі А.Герасимовтың Қарт
совет суретшілері картинасын және т.б.
Портрет бейне бір портрет-картина сияқты болып, өз композициясына
портреттеліп отырған адамнан басқа, пейзажды, алуан түрлі аксессуарларды
және тіпті, мысалы, Брюлловтың Салт атты қызы немесе А.Гераимовтың Ленин
мінбеде сияқты әйгілі және басқа да сан түрлі картинадағыдай, алыс
пландағы басқа адамдардың бейнесін енгізуі мүмкін. Мұндай жұмыстар портрет
пен тақырыптық картина арасындағы өтпелі жағдайға ие болады.
Тақырыптық картина – өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін
қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін
картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынға замандардан өз
бастауын алады – жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым адамының аң аулау
сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер көптеп табылуда.
Ежелгі Мысыр, Греция мен Рим заманынан қабырғаға салынған живописьтің
тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.

2.2. Композиция.
Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп
жұмыс жасау керек. Өздеріңді қоршаған ортадағы ашықты, әсерлі сәттерді
айқындай білу , көріп есте сақтау қабілетін, қиялдану мен аңғарымпаздықты
да дамыту қажет. Сурет салу үшін шағын альбомды алып жүру шарт.
Композициялық шешімі жағынана күрделі картиналар үшін міндетті түрде қатты
қағаз дайындап алған жөн. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және
олардың бірлігі композиция деп аталады. Графикалық сурет пен кескіндемелік
сурет салуда сызықтық, пішінді құруда құрылымдық , тепе-теңдік (пропорция),
көлем, жарық пен көлеңке, көңіл –күй мен жай-жапсарды беру жүйеленеді,
әсіресе композициялық әрекеттер жайлы ерекше айтуға болады. Суретші сурет
салу барысында композиция көмегі арқылы өзінің ойлары мен сезімдерін
білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез
келген суретке назар салып қараңдаршы, шығарма композициясы симметриялық па
, әлде ассиметриялық па? Кез келген суретті салу композициядан басталады.
Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу
арқылы іске асырылады.
Композиция негізінен үш заңдылыққа сүйенеді: өміршілік, әсершілік,
тұтастық. Бұлардың үшеуі де кез келген тақырыптық картина болсын немесе
пейзаж, портрет, сонымен қатар оқу натюрмортында да болуы заңдылық ереже
болып қарастырылады. Негізгі композициялық ойға кіретіндер.
1. Сюжет
2. Қағаз көлемі.
3. Болашақ жұмыс орны, суретшінің көзқарасы, орналасуы.
4. Объектінің үлкен-кішілігі, денелердің байланысы, пішім бетіне орналасуы.
5. Композициялық ортаның анықталуы.
6. Жарық.
7. Композиция элементтерін біріктіретін түс реңінен табылуы.
Композиция- грек тілінде құрастыр, қиылыстыру, бейнелердің
көріністерін дұрыс ұтымды шешу деген мағынаны білдіреді. Живопись
композицияның теориялық мәселеріне еңбек еткен Альберти, Леонардо да
Винчи, Эшен Делекруа,кеңес өкіметі тұсында – А.А.Дейнеко, К.Ф.Юон, Б.
Иогансон, Ю.И.Пименевтерболса , ал осы салада терең ғылыми- зерттеу
жұмыстарын жүогізіп, нәтижесінде іргелі еңбектер қалдырған: М.В.Алпанов,
Е.А.Кибрик, В.А.Фаворский, Н.Н. Влоковтар болды.
Жалпы қандай-да болмасын жанрдағы композицияға келетін болсақ оны үлкен-
үлкен үш кезеңге бөлуге болады.
1. ІЗДЕНІС КОМПОЗИЦИЯСЫ
2. ОРЫНДАЛУ КОМПОЗИЦИЯСЫ
3. АЯҚТАУ КОМПОЗИЦИЯСЫ.
Ізденіс композициясы дегеніміз- белгілі тақырыпқа байланысты болмаса
арнайы бекітілген оқу бағдарламасына сай объектілерді іздеу , табу,
құрастыру, реттеу, деген мағынаны білдіреді. Айталық натюрморт жанрында оқу
бағдарламасы бойынша үй заттарынан құралған салқын фондағы натюрморт
делінген. Кез келген денені алып, нұсқаға қоясалу дұрыс емес. Оқу
үлгілеріндегі натюрморт болса да, белгілі бір ойды қозғайтын , тарихи
әлеуметтік тақырыпқа құрастырылуы керек. Олай болатын болса, сол тақырыпқа
лайықты , оның мазмұнын ашатын заттар болуға тиіс. Іздеген денелер
атбылады. Ендігі мәселе натюрмортты тартымды етіп орналастыру. Ондағы
денелер байланысын іздеу, матаның үйлесімділігін келтіру, жарық пен денелер
байланысын табу.
Екінші кезең орындалу композициясынан табылған үлгілі сурет-
түсті этюдті енді қағаз бетіне ұтымды орналастыру. Натюрморт денелерінің
пішім пропорциялық қатынастарын анықтау. Матадағы түсіп тұрған қатпар
құбылыстардың мінезіне көңіл бөлу. Жарық бет пен қабырға қиылысын
табу.Жарық пен көлеңке арақатынасындағы шекараны белгілеу., жылт
көріністерін көрсету- екінші кезеңнің міндеті. Сонымен қатар аса қажеттісі
әрі күрделісі- ол жазу процесіндегі түс-рең композициясы. Түстік композиция
мәселесінде алғышарттар орындалуы міндетті :
А) жарық пен көлеңкенің айқын көрінуі;
Ә) форманың оқшаулау шығуы.
Б) материалдық қасиеттің бұзылмауы.
Орындау композиция тұрғысында, яғни тәжірибе ісінде осы заңдылықтарды
білу шарт. Кез кедген белгілі түсте болады. Мысалы, табиғи түс : қызанақ-
қызыл, жапырақ көктемде- жассыл, апельсин- сарғыш сары. Табдиғи дене үш
қасиеттен тұрады:
1. табиғи түс;
2. сәуле арқылы өзгеріске ұшыраған түс.
3. қанық немесе қанық емес түс.
Табиғи түс дегеніміз- табиғи жаратылыс түсі: күзгі жапырақ –сары, жер-
қоңыр, мұз-көк. Күн сәулесінің әсерінен өзгеріске ұшыраған түс дегеніміз-
күннің әрбір мезгілінде табиғи түстердің өзгеруі. Яғни таң мезгілінде ағаш
көк-көкшіл түсте болса, түс мезгілінде жасылға айналады, ал күн батарда
сарғыш-қызыл түске айналады. Қанық немесе қанық емес түс дегеніміз-
біртекті түстердің бір бірінен айырмашылығы, яғни екі алма қызыл түстес
болып келгенімен , біреуі қанықтау , екіншісі ашықтау, демек арасында
өзгешелік түс бар.
Осы дене түсінің үш қасиеті кескіндеме сабағында оның ішінде орындалу
композиция үрдісінде есте сақтайтын құнды мәселелер.

2.3. Түстану.
Түстану –түс туралы ғылым- бояулармен істес болатын суретші таныс
болуға тиіс көптеген мәселелерді зерттейді. Бейнелеу өнерінде үш түс –
сары, қызыл, көк , негізгі түстер. Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл-
краплак, сары кадмий, берлиндік көкшіл. Осы түстердің кез келген екеуін
араластырсақ ұшіншіге қосымша түс береді.
Тікелей көршілес орналасқан контрасты түстер көзбен көргенде
қанықтылығы жағынан бір бірін күшейіп тұрады. Түс –кескіндеменің жаны.
Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік құралдарының негізін суретпен
жарық пен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Кескіндеме- біздің қайсыбір
заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге
сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз
қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.
Біздер түстер қабылдауымызға , әдемі сабақтас түстер дің пайда болуына
жарық, қашықтық ауа қабаты, түстік орта, яғни түрліше болған заттардың
қатар тұруы шешуші ықпал жасайды.
Кейде мұны түсінбей , керісінше жасайсындар. Күшті жарықта тұрғанды ең
ашық бояулармен салып, ал көлеңкелердегіні күңгірттеу үшін қара бояуды
пайланады. Кескіндеменің...бүкіл құпиясы,-дейді Б.Иогансон,- көлеңкелер
мен жартылай көлеңкелерде (жартылай өң-түстерде)...Көлеңкелер мен жартылай
көлеңкелер- жарықтың алтын және күміс балықтары жүзіп шығатын кескіндеме
аквариумы.
Заттардың біз қабылдайтын түстері шағылысқан сәулелермен – заттар бір-
біріне жіберетін рефлекстермен де анықталады. Бәрін де тесіп өтіп, қоршап
алғандай болатын күшті де әлсіз , үлкен де кіші рефлекстердің осындай айқұш
ұйқыш айқасқан ағымдары ерекше түстік ортаны, әлдебір жалпы түстік қатарды
жасайды. Жұмыстың барлық бояулық үйлесімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды
реттілікке және өмірлік шынайылыққа ұмтылған кезде , оның мұндай жалпы
түстік кейпін кескіндемеде колорит деп атайды.

2.4. Майлы бояумен жұмыс істеу техникасы және материалдары.
Майлы бояу кескіндемесі
Майлы бояу алғаш рет X ғасырда шыққан, бірақ ол кезде оны ешкім
пайдалана қоймаған. Оның кеңінен дәстүрге енуі XV ғасырда өмір сүрген
нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван-Эйктердің атымен тығыз байланысты.
Олар көп тәжірибе жасап, құрғақ ұнтақ бояуларды жеміс майына езіп көрді.
Ақырында бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтады.
Ондай майларға ерітілген бояу тез құрғайды, оның үстіне ерекше ажарлы
болады.
Бельгияның Генте қаласында әулие Бавона шіркеуінде алтарьды (мінәжат
орыны) әшекейлеген Полиптих (көп бөліктен тұратын картина) әлі күнге дейін
сақтаулы. Оны салған — Ян Ван-Эйк. Оған ағасы Губерттің көмектескені
баршаға мәлім. Бұл шығарма бейнелеу өнерінің аса құнды туындысы болып
есептеледі.
1432 жылдың майында алтарь алғаш рет ашылғанда, шіркеу толы халық
тамаша өнер туындысына қатты қайран қалысты. Бұған дейін күн нұрымен
шағылысып тұрған мұндай нұрлы бояуларды ешкім көрген жоқты. Міне, содан
бері бес ғасыр өтсе де, әйгілі картинаның бояуының жылтылы әлі өшкен жоқ.
Діни тақырыптағы бұл шығармасында Ян Ван-Эйк, Қайта өрлеу дәуіріндегі
Италия шеберлері секілді, әулие адамдардың кейпінде өз замандастарын
бейнеледі.
Картинадағы үш жүзден астам адам бейнесі бірін бірі қайталамайды,
біріне бірі атымен ұқсамайды.
Суретші пейіштің орнына өзі талай көрген, шалғынына талай аунаған туған
өлкесін бейнелеген. Ал алыста Ян Ван-Эйктің туған қаласындай готикалық
мұнаралар самсаған таныс қала қылаңытады.
Гент алтарі тек бояумен, қиыннан қиысқан композициялық шешіммен ғана
емес, нұрға, шуаққа толы өмірлік шындығымен де көруші көңілінде жатталып
қалады.

Майлы бояумен жұмыс істеу техникасы және материалдары.
Майлы бояудың мүмкіншіліктері. Сурет пайдаланатын бояулардың бәрі де,
әдетте, бояғыш заттар, яғни пигмент пен қандай да бір байланыстырғыш
заттардың қоспасынан тұрады. Ал майлы бояуларды мұндай байланыстырғыш зат -
май. Басқаша айтқанда, майлы бояулар пигменті зығыр майымен араластыру
арқылы алынады. Басқада кейбір майларды (жаңғақ, күнбағыс майлары)
пайдалануға болады. Бұл майлар кепкен кезде қатқыл қабық түзеді. Басқа
майлар бұл мақсатта пайдалануға жарамайды, өйткені олар мүлде кеппейді,
немесе, керісінше кепкен кезде су сияқты буланып, ұшып кетеді. Майлы бояулы
живописпен айналыспас бұрын суретші майлы бояулардың не екенін және олармен
жұмыс істеу әдістерін жақсы білуге тиіс.
Живописьте тек X VI ғасырдан бастап қолданыла бастаған майлы бояулардың
көптеген жақсы қасиеттері бар: оларды қалыңдатып та, сондай-ақ жұқалатып,
мөлдір етіп жасағуға да болады. Олар бояу кебеді, әрі кепкен кезде өзінің
түсін өзгерпейді.
Майлы бояулардың, кебу жылдамдығы ондағы майдың мөлшеріне, пигметнттің
химиялық кұрамына байланысты. Кейбір пигменттер (мысалы, қорғасынды белила)
кебуі жасыл дамдатады, екіншілері (мысалы, краплак және газ күйесі)-
тежейді. Жабысқақ грунт жасау үшін 50 грам ағаш желімін 1 литр суды ысытып
араластырады да сосын суытып кояды. Желімді қайнатуға болмайды, онда ол
тұтқырлық сапасын жояды. Содан кейін әлгі желімге бор немесе құрғақ мырыш
белиласын қосады да, ақшылдау кою ерітінді болып шыққанша шайқайды. Коюлығы
кисель тәрізді болған грунтты: жалпақ қылқаламмен (ластымен) кенепке 2-3
рет жағады. Бірақ оны әрбір жаққан сайын мұқият кептіріп отыру қажет.
Эмульсия грунты да жабысқақ грунт сияқты етіп жасалады. Ақшылдау қою
ерітіндіні алу үшін сауытта тұрған мырышты белила мен ұнтақталған борды
қосып араластырған жөн. Осындай әдіспен жасалған грунт, жабысқақ грунтқа
қарағанда, әлдеқайда сапалы болып шығады, әрі ылғалдың әсеріне онша беріле
бермейді.
Майлы бояуды сұйылту үшін бірінші және екінші сұйылтқыш пайдаланылады.
Живописьте зығыр, жаңғақ күнбағыс майлары және т.б. да қолданылады. Сондай-
ақ живописьте мастика лактары да пайдаланылатынын айта кеткен жөн. Бұлар
живописьте көбінесе әбден кеуіп болғанда үстінен жағып, жылтырату үшін
қолданылады. Живопись өнерімен шұғылданушы адам бояуларын, қылқаламдарын,
әр түрін майлары мен басқа да жабдықтарын сақтау үшін арнайы шәшікті
(этюдник) пайдаланылады, оны қолдан жасап та алуға болады.
Қылқаламдарды таза ұстап, жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде
жылы сумен сабындап жуып, кептіріп кою керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін
лас қылқаламдарды керосинге салып қоюға болады (онда бір екі күн түрғанға
ештеңе етпейді). Ал майлы бояумен кепкен қылқаламды кейін керосинмен жуып,
тазартуға болғанымен, ол өзінің сапасы мен формасын жоғалтады.
Егер қылқалам дер кезінде жуылмаса, оны біраз уақыт скипидарға салып,
содан кейін сабындап жуады. Қылқаламдардың формасын сақтау үшін жұмыс істеп
болғаннан кейін олардың ұштарын жұмсақ қағазбен орап қойған жөн.
Суретшіге сонымен қатар мольберт те керек. Бірақ оны қолдан жасап алуға
да болады. Ол үшін ұзындығы адам бойындай төрт қырлы, жіңішке үш рейка
(ағаш) алып, екеуінің басын кішкене (30 см) жүқа тақтайшаға шегелеп
бекітеді, сонан сон сәл төмендеу етіп, әлгі екі рейкаға кесе көлденең топса
арқылы үстіңгі көлденең тақтайшаның ортасына үшінші рейканы бекітеді.
Живописьпен көбіне күндіз шұғылданған жөн, өйткені шамның жарығы
бояулардың түстерін өзгертіп көрсетеді. Нұсқаға қарап адам денесінің
суретін салғанда алғашқыда жас жігіт таңдап алған дұрыс. Фон үшін сұр кенеп
пайдаланып, адам суреті кенепке тұтас түсіріледі. Егер сурет ұзақ
сақталатын болса, онда кенепті бүлдірмей, ең әуелі қағазға карындашпен
салып алып, қағаздың төрт жағын бояп жіберіп, сосын ғана кенепке көшіру
керек. Оны басқа да түрлі әдістермен көшіруге болады. Мәселен, суреттің
сыртына көмірді тегіс етіп жағып, кенепке жайып салу керек, сонан соң оны
бет жағынан қарындашпен немесе ұшталған шыбықпен басып жүріп алу керек. Осы
кезде сурет кенепке түсіп қалады. Кейбір суретшілер көмір арқылы кенепке
түсіргеннен кейін түр-түсін айырады да, оны фиксатифтейді. Сурет кепкеннен
кейін ғана живописьпен шұғылдану керек, бірақ форманы модуляциялау үшін
жарық күңгірт, жылтырауық, көлеңке рефлекс сияқты 5 реңктік болатынын есте
сақтау қажет. Форма сызықтар мен заттардың нұскалары арқылы айқындалады.
Живописьте материалдардың табиғи түрі жарықта айқындалады. Сол себепті
жарық шағылысып түскен кезде түсті айыруға мумкіндік болмайды. Көлеңкеде
заттың материалда айқын байқалмайды да, ал рефлексте материал біраз қалпына
келеді. Заттың өз көлеңкесі жылы бөлмеде әрқашан суық күңгірт түске қарама-
қарсы болады. Заттың жарық түскен жағымен салыстырғанда рефлекс әрқашан
әлсіздеу болады деп қарау керек.
Қарындашпен салынған суретте күңгірт түс форманы айқындай түседі,
сондықтан біз оған көбірек көңіл бөлуге тиіспіз. Ал живописьте заттың
формасын керісінше, жарық айқындайды. Егер живописьте жарықтан гөрі күңгірт
түске көбірек назар аударылса, күңгірт түс жарықта материалдың түсін
өзертіп жібереді, сондықтан заттың материалдық мәнін күңгірт түс емес,
жарық түс емес айқындайтыны бәрімізге мәлім. Сонымен жарық пен көлеңкенің
ара қатынасының анықтығы, заттың суретін салғанда, түс жағынан фигураның
көлемін оңай айырурға көмектеседі. Салған суретке ең әуелі сұйық бояу жағу
керек.
Түрлі-түсті сурет салғанда өте ұқыпты болу керек. Жұмысты бастаудан
бұрын фон ақшылдау ма, әлде салып жатқан нұсқаның тұлғасы ақшылдау ма,
осыны анықтап алып, модельдің ақ және қара жерлерін айыру қажет. Содан әрі
фонның түскен және көлеңкелі жерлеріне мұқият зер салған жөн. Жекелеген
детельдардың: беттің, киімінің, түстің және т.б. бір-бірінен ерекшеліктерің
ажырата білген дұрыс. Жарық пен көлеңкенің өзара айырмашылықтарын айыруда
көптеген жағдайларға назар аударып, зер салып отыру керек. Көлеңке
жерлеріне келгенде бояуды сұйық жарық жерлеріне бояуды қою етіп жағу керек.
Ерекше фактураларға (мысалға: шаш, мүк, қой жүні және т.б.) келгенде бояуды
қалыңырақ жаққан дұрыс. Кенептің бетіне жағылған бояуды
қылқаламмен сүйкелей бермеу керек, ол түстің өңін кетіреді. Алдымен
тақтайшаға (палитраға) бірнеше түсті бояуларды араластырып көріп, өзімізге
қажетті түсті тауып аламыз. Бірақ қажетті түсті табу үшін 3-4 түсті бояудан
артық араластыруға болмайды, тек шағындап, керегінше ғана жасау қажет.
Майлы бояумен жұмыс істеуге арналған аспаптар мен тетіктер
Суретшілер пайдаланатын барлық бояулар — пигмент қоспасы, яғни дұрысын
айтқанда, бояғыш зат және қандай да бір байланыстырғыш зат. Майлы бояуларда
мұндай байланыстырғыш заттар әдетте зығыр, кейде жаңғақ немесе көкнәр майы
болып табылады. Басқа майлар пайдаланылмайды, себебі кепкен кезде қатты
қабық пайда болмайды немесе буланып ұшып кетеді, яки, керісінше, тіпті ұзақ
уақыт кеппей қояды.
Майлы бояулар живописьте тек XVI ғасырда ғана пайдаланыла бастады.
Олардың көптеген құнды қасиеттері бар: оңай араласады, қою және қалың етіп
те (корпустық), сондай-ақ астыңғы түс анық байқалып тұратындай, жеңіл,
мөлдір етіп (лессировкалап) те жағуға болады. Кепкен кезде бұл бояулар
өзінің түстік өңреңкін өзгертпейді.
Әдеттегі жағдайларда және әсіресе ыстық ауа райында майлы бояулармен,
оларға ештеңе қоспай немесе арнайы сұйылтқыштарды өте аз қоса отырып, сурет
салады, мұндай сұйытқыштар мынадай номерлермен шығарылады: № 2 (уайтспирт),
№ 3 (таза скипидар), № 4 (пинен). Бояуды маймен араластыруға да болады,
бірақ бұлай істеудің қажеті жоң: артық майдың болуы бояу қабатының қараюына
және жарылып кетуіне алып келеді. Олифті және маляр сиккативтерін (бояуға
иә лакқа қосылатын құрғатқыш зат) қолдануға мүлдем жол беруге болмайды.
Аяқталып біткен және кептірілген майлы бояумен салынған картинаға
бояулардың ашықтығын арттыру үшін арнайы лак жағады, мұндай лак кепкен
кезде шыны сияқты мөлдір пленка түзеді. Осы мақсат үшін мастика, даммара
және акрил-пісте лактары шығарылады. Живопись бетіне лакты ол салынып
біткеннен кейін бір жыл өткен соң ғана (яғни біржола толық кепкеннен кейін)
жағу ұсынылады. Лакпен жағар алдында картинаны № 2 еріткішпен аздап
шыланған мақта тампонмен абайлап сүртеді. Лакты 30—40°С-қа дейін жететін
суы бар ыдыста қыздырып алады да ені жалпақ қылқаламмен немесе бүрік-кішпен
картинаға жұқалап жағады.
Ретушьке арналған лак та бар, оны кейбір өңі кеткен жерлерге жаға
отырып, картина жасау процесінде олардың жалтырауын қалпына келтіреді.
Майлы бояумен жұмыс істеу үшін көбіне № 2-ден № 12-ге дейінгі түрлі
номерлердегі жалпақ, қылшықты қылқаламдар алынады. Маймен жұмыс істеген
кезде бір қылқаламды ғана амалдай тұруға болмайды, өйткені жұмыстың бұл
техникасында қылқаламды, мысалы, акварельдегідей, жумайды. Сондықтан
суретшілер бір мезгілде бірнеше қылқаламдарды — қызыл, жасыл, және басқа өң-
реңктер үшін жеке-жеке пайдаланады. Ұсақ детальдарды салу үшін қолда
жіңішке әрі жұмсақ қылқаламдар болғаны дұрыс, бәрінен де жұмсақ қылшықты
(күзен қылшықты) қылқаламдарды пайдаланған жақсы болады.
Қылшықты қылқаламдар серпімді және тығыз топтастырылған болуы, олардан
жекелеген қылшықтар сорайып шығып тұрмауы тиіс. Қылқаламдағы қылшықтар шорт
кесілмей, өздерінің табиғи ұштарымен іріктеліп алынған болуы керек. Жақсы
қылқаламдарда бұл ереже сақталып қана қоймайды, оларда тіпті жекелеген
қылшықтардың жуандығы қылқаламның нөмеріне (көлеміне) сәйкес келіп отырды.
Сапасы жоғары қылқаламдарды әуесқой суретшіге кейде таба қоюдың өзі
қиын болады. Мұндай жағдайда қылқаламдарды қосымша өңдеп-жөндей отырып,
едәуір дәрежеде өздерің дұрыстауға болады.
Егер қылқалам онша тегіс формада болмаса, оны ыстық суға (бірақ отта
емес) салып, аздап қыздырған және содан кейін металл трубкаларды
қысқаштармен немесе пассатижилермен қысқан жөн. Қылшық жағын былай өңдейді.
Ең алдымен оны тұтастық пен қаттылық жағдайға келтіреді, бұл үшін оны
ерітілген шайырға немесе өте ыстық ағаш желімге батырады. Ал бүкіл қылшық
бөлік желімдеуші заттармен бұйраланған кезде, саусақтармен жайлап қысып
артық желімді шығарады да қылқаламға қажетті форманы береді. Осылайша желім
жағылған қылқаламды содан кейін тік, қылшығын төмен қаратып асып қойып,
әбден қатайғанша кептіреді.
Кепкен қылқаламды қайрақта немесе көлемі орташа зімпара теріде, ұшын
біртіндеп үшкірлей отырып, тегістейді. Содан соң қылқаламнан желімді ыстың
сумен шаяды, ал егер шайырды пайдаланған болса, оны бензинмен ерітеді.
Металл трубкада бар және Қылқаламдағы қылшықтарда сақталған желімді немесе
шайырды шайып кетіріп алмас үшін жұмысты мұқият әрі ұқыпты істеу керек. Ең
соңында қылқалам сабынды жылы сумен мұқият шайылып, қағазға оралады да
кептіріледі.
Қылқаламды әсіресе ауылды жерде тұратындар қолдан жасап алуға болады.
Мұны жасау процесі мынадай. Қаңылтырдан дайындаманы өлшеп кесіп алып, оны
аздап конус формалы түтікше етіп майыстырады, ал біріккен жерін
дәнекерлейді. Содан кейін қылшықтарды таңдап алып, оның табиғи ұштарын
теңестіреді (еш уақытта да қиып тастауға болмайды), оны шамамен түтікшенің
шығар аузымен бірдей немесе аздап жіңішкерек етіп топтап буады. Қылшықты
түтікшеге ол шамамен 12—15 мм-дей шығып тұратындай етіп салады (осы шығып
тұратын бөлікті жалауша деп атайды). Түтікшенің соңын қысқышпен қысады.
Мұнан кейін түтікшеге балқытылған шайырды немесе қара майды құяды: бұл
түтікшедегі қылшықтарды бекітеді. Түтікшені сапқа кигізеді де қылқалам
дайын болады.
Қылқаламдар үшін шошқаның қылшығы ғана жарайды деп есептеуге болмайды.
Ірі қара малдың ақ жүнінен жап-жақсы қылқаламдар жасап алуға болады. Оны
жүні ұзын жерлерден: құлақтардың ішінен, жалдан, құйрықтың үстінен алу
қажет. Мұны апрель-майда, мал түлеген кезде жасаған жақсы. Иттің қылшығы да
жарамды. Шошқаның немесе иттің құлағынан немесе құлағының ішінен алынған
қылшықтан акварель (жұмсақ) қылқаламдарын жасауға әбден болады.
Қылқаламға жұмсалатын шаш (қылшық) алдын-ала көп өңдеуді талап етеді.
Оны жақсылап тарайды, содан соң майынан арылтады, бұл үшін бензинде жуады.
Оны бензинде бірнеше тәулік ұстайды, содан соң таза сумен шаяды. Одан
кейін, серпімділік беру үшін шашты шамамен 150—160°С-та ысытады. Мұны былай
жасайды: шашты тығыздап қағазға орап, жіппен шандиды да шамамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Металл мозаика
Гуманитарлық ғылымда биографиялық әдістің тарихы
Тұрмыстағы энергия үнемдеу технологиялары
Энергия үнемдеуші технологиялар
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Портландцемент құрамының сипаттамалары: силикатты, глиноземді модульдері және тойым коэффициенті
Британ мұражайы
Жұмыстың практикалық кезі
Пәндер