Кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 343. 37 Қолжазба құқығында

ДЖАКЕНОВ ҚАЙРАТ ДАВЛЕТОВИЧ

кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарДЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

6М030100 «Заңтану»

«Заңтану» мамандығы бойынша құқық магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші, заң

ғылымдарыныңкандидаты,

Тасым. Ж. Қ.

(қолы)

Қазақстан Республикасы

Көкшетау, 2013

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ 6

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ

СИПАТТАМАСЫ 10

  1. Кәсіпкерлік қызметтің пайда болу тарихы. 10
  2. Кәсіпкерлікпен байланысты экономикалық қылмыстардың негізгі обьектілерінің сипаттамасы 22

2 КӘСІПКЕРЛІК ПЕН БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ САРАЛАУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ 40

  1. Экономикалық қызмет саласындағы заңдардың орындалу 40

мәселелері

  1. Кәсіпкерлікпен байланысты экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түрлері 56
  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫНАЛУ ШАРАЛАРЫ 61

3. 1 Экономикалық қызмет саласын қорғау бағытындағы құқықтық шаралар 61 3. 2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікпен байланысты

қылмыстардың алдын - алу жолдары 76

ҚОРЫТЫНДЫ 89

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92

ҚОСЫМШАЛАР 99

ҚОСЫМША А 97

ҚОСЫМША Ә 99

ҚОСЫМША Б

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР АК- Қазақстан Республикасы Азамматық кодексі

ҚРЗ - Қазақстан Республикасының Заңы

б. б - баптар

ҚР КК - Қазақстан Республикасының Кеден кодексі

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҚР ҚК - Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық Кодекс

АҚШ - Америка Құрама Штаты

ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

КСРО - Кеңес Социалистік Республика Одағы

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҚК - Қылмыстық кодекс

ҚІЖК - Қылмыстық істер жүргізу кодексі

ӘБА - Әділет біліктілік алқасы

АНЫҚТАМАЛАР

  1. Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
  2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар - қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары - ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі.
  3. Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

ТҮЙІНДЕМЕ

Диссертациялық жұмыс 100 беттен, кіріспеден, 3тараудан, қорытынды мен 100 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елдегі кәсіпкерліктің пайда болу

жолдарын зерттеп сипаттама беру.

Зерттеу пәні. Экономикалык кызмет саласындағы қылмыстар.

Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары - ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің біріне сипаттама беру.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері - кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселері зерттеу болып табылады;

Зерттеу әдістері: Зерттеуші өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын ашу мақсатында жалпы диалектикалық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-құқықтық талдау, жүйелі-құрылымды, саралау тәсілдерін қолданды

Жұмыстың практикалық және теориялық маңызы. Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше.

РЕЗЮМЕ

Диссертация состоит из 100 страниц, из введения, 3 разделов, 6 подразделов, заключения и из 100 единиц использованной литературы.

Актуальность темы исследования : Опасный характер и большие размеры приобретают злоупотребления с использованием автоматизированных систем управления, а также с преступным использованием бухгалтерского учета для сокрытия незаконных производственно-финансовых операций.

Предмет исследования . является анализ такого вида экономической преступности, как уклонение от уплаты налогов и других нарушениях закона.

Цель и задачи научной работы . Цель диссертационной работы заключается в теоретическом, методическом и практическом решении вопросов экономической преступности.

Методы исследования : с целью пояснения темы исследования, исследователь использовал диалектические, сравнительно-исторические, историческо-правовые, системно-структурные методы анализа.

Теоретическая и практическая значимость Экономическая преступность все больше и больше заявляет о себе, становясь распространенным и надежно скрываемым источником обогащения.

Эволюционный процесс смены социально-экономической формации в республике, осуществляемый фактически при отсутствии правовой основы или при значительном запаздывании принятия законодательства, регулирующего переход к рыночным отношениям, вызвал активизацию криминального элемента, направленнуюпрежде всего на изыскание надежных возможностей беспрепятственного обогащения.

SUMMARY

The thesis consists of the 100 pages of the introduction, three chapters, subsections 6, conclusions and of the 100 units of literature.

The relevance of the research topic: The hazardous nature and large size purchase of abuse using automated control systems, as well as the criminal use of accounting to conceal the illegal production and financial operations.

The subject of the study. is the analysis of this type of economic crime such as tax evasion and other violations of the law.

The purpose and goals of the scientific work. The aim of the thesis is a theoretical, methodological and practical issues of economic crime.

Methods: to explain the research topic, the researcher used the dialectic, the comparative historical, historical, legal, systemic-structural analysis methods.

The theoretical and practical importance of economic crime increasingly asserting itself, becoming a popular and reliable source of enrichment concealed. The evolutionary process of changing socio-economic structure in the country, carried out effectively in the absence of a legal framework or significant delay of the adoption of legislation governing the transition to a market economy, has caused activation of the criminal element, aimed primarily at identifying reliable features smooth enrichment.

Кіріспе

Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. 2007 ж. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты − шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды. Бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар, отандық кәсіпкерліктің даму тарихына да назар аударудың мәні зор. Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталистік қатынастардың ерекшеліктерін анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік[1, 32] .

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыпағыдай проблемалар мен переспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемлекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының элеуметтік хал-ахуалы, экономиакалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғмн экономикалық дағдарыс ерекше байқалды. Осы дағдарыстан шығу ұшін, елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, мемлекет әрі қарай даму үшін белгілі стратегиялық маңызды шаралар жасау керек болды. Осындай кедендік саясаттың бір тармағы- халықаралық кедендік ұйымдармен, жекелеген елдермен мемлекеттің кедендік байланыс орнатуы.

Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.

Кейінгі жылдары отандық тарихнамада кәсіпкерлік мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымыдағы бұл өзгеріс, Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша тұжырымдамалар мен деректер қорын қалыптастыруымен құнды. Дегенмен, зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. Сондықтан, зерттеуде елдің оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуына басты назар аударылады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әлеуметтік және этникалық тұрғыдан алғанда әр текті кәсіпкерлердің іскерлік мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдаудың ықпалына талдау жасау да өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т. б. жатады.

Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді сату, жалған кәсіпкерлік, монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор. Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана, заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .

Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда, мекемелерде және ұйымдарда экономикалық, шаруашылық міндеттерді атқаратын, сондай-жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады. Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады. Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып, жасайды.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадық, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі», - деді.

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.

Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселері зерттеу болып табылады.

Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:

-Кәсіпкерліктің дамуымен байланысты экономикалық қылмыстардың жалпы сипаттамасын зерттеу.

-Кәсіпкерлікпен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау.

-Қазақстандағы экономикалық қылмыстардың алдын алу шараларын көрсету.

Зерттеу пәні кәсіпкерлік және экономикалық қызмет саласын басқарудың тиімділігі және жетілдіру шаралары болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде экономикалық қылмыстар мен байланыстықоғамдық объектілер.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін кәсіпкерлік және экономикалық қызметін басқарудың механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері. Диссертациялық жұмыста әр түрлі зерттеу әдістері: экономикалық-статистикалық, монографиялық, экономикалық-заңдық модельдеу әдістері және т. б. қолданылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Негізінен зерттеуші өзінің тақырыбына орай кейбір аталған мәселелерде ТМД елдері мен отандық зерттеушілердің Басин Ю. Г. Избранные труды по гражданскому праву, [42, 385] ; Мамутов В. К. Хозяйственное право, [80, 282] ; Мартемьянов В. С. Хозяйственное право, [81, 34-91] ; еңбектеріне сілтеме жасап қолданған.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпкерліктің қызметін басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру және шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • Қазақстанда кәсіпкерлік құқық субъектілерінің дамуы.
  • Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары - ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі:
  • заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
  • заңсыз кәсіпкерлік;
  • заңсыз банктік қызмет;
  • жалған кәсіпкерлік;
  • заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру;
  • несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану;
  • Кәсіпкерлік құқық субъектілеріндегі заңды тұлғаларды мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселелері, оның ішінде заң нормаларын әртүрлі сала бойынша жетілдіру жолдары;

Қорғауға шығарылатын мәселелер:

- нарық жағдайындағы кәсіпкерліктің қызметін басқарудың теориялық-әдістемелік аспектілері ғылыми тұрғыдан зерттелінген;

-шетелдік және отандық тәжірибесін зерттей отырып, кәсіпкерліктің қызметін басқарудың жүйелерін дамытудың негізгі тенденциялары айқындалып, даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланған.

Іс-тәжірибедегі маңызы. Диссертациялық еңбектен алынған маңызды нәтижелерді іс-тәжірибеде қолдануға болады. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалғанғылыми пайымдаулар мен ұсыныстар кәсіпкерлік мекемелерін басқару механизмін экономикалық қатынастар қағидаларына сәйкестендіруге.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайда-ланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде жұмыс қазіргі кездегі кәсіпкелікпен байланысты экономикалық қылмыстардың негізгі ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге арналған.

Ғылыми жұмыстың бірінші кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы қарастырылды.

Екінші бөлімде экономикалық қылмыстардың ерекшеліктері мен өзектілігі бойынша саралау жүргізілді.

Үшінші бөлімде Қазақстанның экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың құқықтық тәжірибесін зерттеудің негізгі мәселелері зерттелді.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ

СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу тарихы

Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін жүзеге асырудың конституциялық құқықтық табиғаты, кәсіпкерлік қызметті конституциялық құқықтық реттеудің негіздері, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтары жүйесіндегі орны, кәсіпкердің конституциялық құқықтық мәртебесі, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін шектеудің конституциялық құқықтық негіздері, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі субьектілерінің конституциялық құқықтарын қорғаудың ерекшеліктері, оны женілдірудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік - экономикалық және рухани өмірінде күрделі өзгерістер орын алуда. Еліміз қазіргі кезеңде нарықтық қатнастардың қажеттіліктерін, мүдделерін үйлестіретін экономикалық базаны қалыптастыру үстінде. Бұл бағытта елеміз нақты қадамдар жасауға талпынуда. Қазақстанның қазіргі алдына қойып отырған басты мақсаты - экономикалық тұрғыда тұрақты дами отыра, дамыған елу елудің қатарына ілігу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің соңғы Халыққа жолдауында: Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыру тиіс. Шағын нисие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемлекет қаражаты есебінен де қолдау керек, олар біздің жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берідің қолжетімдігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жөніндегі шараларды ойыстыру қажет. Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізгі. Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батып азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырамын. Бір мысал келтірейін[2, 56-59] .

Дүние жүзілік банктің Бизнесті жүргізу туралы соңғы есебі бойынша барлық экспорттық рәсімдерден өтуі үшін Қазақстанға 89 күн, мәселен, Эстонияға бұл үшін небәрі 5 күн керек екен. Кәсіпкер үшін нағыз кесапат -50-ден астам көзделген түрлі - түрлі тексерулер болып отыр. Кейбір ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлі сылтаулармен кәсіпорынды бернеше рет тексеруге мүмкіндіктер іздейді. Бұл бизнесті өз ісінен едәуір алаңдатады. Бұл мен жүргізіп отырған саясатқа қайшы келеді. Құқық қорғау және басқа да тексеруші органдардың тексерулерінің санын едәуір қысқартып, ретке келтіру керек - деп мемлекеттің дамуы, жеке бизнес пен мемлекеттік органдардың арасындағы үйлесімді қызметте екендігіне баса назар аударған болатын Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саладағы заңнамада осы бағыттар аясында дамуы қажет. Бұл туралы 20 қыркүйек 2002 жылғы Қазақстан Республикасынның құқықтық саясат тұжырымдамасында: Әлемдік тәжірибені зерделу көптеген дамыған елдер орнықты даму сатысына экономикасының белгілі бір салларындағы мемлекеттің белсенді рөлінің нәтижесінде қол жеткізгенін, оның мемлекеттік экономикалық реттеу жүйесі арқылы іске асырылғанын көрсетеді. Сондықтан экономиканың одан әрі дамуы рыноққа қатысушылар қызметін осыған барабар мемлекеттік реттеу арқылы, бірақ олардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген конституциялық құқығын сақтау және теріс пиғылды бәсекеге жол бермеу жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Және де бірінші кезекте шағын және орта бизнесте, сол секілді аграрлық секторда жұмыс істейтін тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бағытталуы тиіс -деп көрсетілген. Қазіргі уақыттағы кәсіпкерлік саладағы заңңаманы қалыптастыру осы бағыттарды негізге ала отыра өрбуі қажет. Ал біздегі кәсіпкерлік аясындағы заңдарды қалыптастыруына көз салатын болсақ, онда бағытта концептуальды айқындалған тұжырнаманың жоқ екендігін көреміз. Кәсіпкерлік саласында заңдық базаны қалыптастыру ісінде, оның конституциялық құқықтық негіздерін айқындап алуымыз қажет. Ол бізге бұл бағыттағы заңнаманы жүйелі және түпкілікті орнықтыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғасырдың басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер -ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А. Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді. П. И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді. Әрі ол ХХ ғасырдың 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған болатын; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік - шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет - ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды[3, 135] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері
Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы
Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz