Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастыру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жармуханбетова Жупар
Тақырыбы: Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы : 5B050800 « Есеп және аудит »
Көкшетау - 2014
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастыру
Мамандығы: 5B050800 « Есеп және аудит »
Орындады:
Жармуханбетова Ж. Д
- Жетекші:
Бекхожин С. А
- «Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. к. И. Д. Ашимова
Көкшетау - 2014
Жоспар
Кіріспе . . . ………3
1 Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері . . . …. 6
1. 1 Басқарушылық есептің мәні, оның міндеттері, функциялары және мағынасы . . . … . . . 6
1. 2 Басқарушылық есепті ұйымдастырудың негізгі аспектілері . . . 11
1. 3 Өнімді шығаруға шығындарды есепке алуды ұйымдастыру . . . …16
2 «ТИОЛАЙН» ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау . . . 28
2. 1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы . . . 29
2. 2 «Тиолайн» ЖШС-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 30
2. 3 «Тиолайн» ЖШС қаржылық ахуалына талдау . . . 39
3 «Тиолайн» ЖШС-ында басқару есебін ұйымдастыруды жетілдіру . . . 62
3. 1 Шұғыл басқару шешімдерді қабылдау үрдісінде шығындар есебінің жетілдірілген жүйесін қолдану . . . 62
3. 2 «Тиолайн» ЖШС өндірістік шығындарын төмендетуге бағытталған іс-шаралар . . . 74
Қорытынды . . . 81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 84
Қосымша
- Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ішкі қолданушыларға қатысты бухгалтерлік мақсаты басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін басшылыққа пайдалы ақпаратты қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге, ақпаратты қалыптастыру тәртібі мен ұсыну тәсілі ұйым басшылығымен анықталады. Басқарушылық есепті ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындар мақсаттылық қағидасында болуы керек, яғни нәтижесінде алынған ақпаратты пайдаланудың экономикалық әсерінен аспауы керек.
Басқарушылық есеп - тек қана ақпаратты жинақтау және тіркеу ғана емес, оның негізінде алдымен жедел түрде ұйымды басқаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу мақсатымен оны талдау және бағалау. Алғашқы бухгалтерлік есеп басқарушылық есеп үшін нағыз шынайы ақпараттың едәуір маңызды көзі болып табылады. Сонымен бірге менеджерлердің ақпараттық қажеттілігін іске асыру үшін сыртқы және ішкі қосымша дереккөздерден мәліметтер қажет.
Басқарушылық есеп отандық тәжірибе үшін жаңа құбылыс емес. Нормативті есеп, шығындардың туындау орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша есепке алу, калькуляция баптары және экономикалық элементтері бойынша шығындарды бөлу және талдау және тағы басқа осындай аспаптар кеңестік өндірістік есебінің бір бөлігі болған еді. Сонымен бірге, осы кезеңде қалыптастырылған негізгі ақпарат шығындарын калькуляциялау мен бақылауға қатысты болатын. Сонымен бірге, осы аналитикалық ақпарат есептердің бірыңғай жүйесінде қалыптасқан, бұл қазіргі уақытқа дейін қазақстандық басқарушылық есептен бірден бір айырмашылығы болып табылады. Дегенмен, іс жүзінде болжамды кірістер, қандай да бір өнімнің өнімділігі, баға саясаты туралы ақпаратты қалыптастыруға мүлдем көңіл бөлінбеген.
Басқарушы есеп жүйесі тек қана шығындарды ғана емес, кірістердің де жоспарлауын және бақылауын қамтамасыз етуі керек. Тек осындай тұрғыда ғана ішкі аудитті енгізуден нақты экономикалық әсер алуға мүмкіндік бар.
Шаруашылық қызметті тиімді басқару үшін және кәсіпорынның қаржылық нәтижесін қалыптастыруға икемді, шынайы және жедел экономикалық ақпараттың жүйесін құру қажет. Осы жағдайда бухгалтерлік есептің рөлі және мәні өседі[3] .
Бухгалтерлік есеп ақпарат көзі ретінде екі маңызды ақпараттық жүйені өзіне қосады: сыртқы - қаржылық есеп түрінде және ішкі - басқарушы есеп түрінде. Қаржылық есепқаржылық есептілікті құру үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады: кәсіпорынның элементті кесіндісінде кірістері мен шығыстары туралы, дебиторлық және кредиторлық берешектер көлемі туралы, қаржылық инвестиция көлемі, қаржыландыру көздерінің ахуалы т. б. туралы мәліметтер. Оны жүргізу шаруашылық қызметті жүзеге асыратын әрбір кәсіпорын үшін қатаң регламенттелген және міндетті болып табылады, сонымен қатар, басқарушылық есеп жүйесін құру және қызмет етуі туралы мәселені шешу нақты кәсіпорынның әкімшілігіне байланысты. Басқарушылық есеп ережесін қызметінің ерекшелігін, қандай да бір басқарушылық міндеттерді шешудің ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынның өзі белгілейді. Ол жоспарлау жүйесін, түрлерін, калькуляциялауды қалыптастыру орны мен объектілерін есепке алуды және талдауды, толық және қысқарған өзіндік құны базасында нормативті есепті, оны калькуляциялау әдістерін, инвестицияны жоспарлауды, есепке алуды және талдауды өзіне біріктіреді. Жүйенің әрбір құрамдас бөліктері басқарушы мақсаттар үшін пайдалану мүмкіндігі тарапынан қарағанда алынған ақпараттың аналитикалық бағалау әдісін көздеуі керек.
Проблеманың зерделенген деңгейі. Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру проблемаларын С. А Николаева., Безрученко Г. А., Галдина А. А., Подольский В. Н., Савин А. А., Сотникова Н. В., Ткач В. И., Бреславцева Н. А., Каращенко В. В., В. А. Лукинова секілді шетел ғалымдары қарастырған.
Қазақстанда кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру проблемалары Скала В. И., Назарова В. Л. , Абишева А. А., Абленов Д. О., Нурсеитов Э. О., Безруких П. С., Савицкая Г. В., Олохтонова Э. А., Тулегенов Э. Т. Сажина М. А., Чибриков Г. Г., Салина А. П., Сейдахметова Ф. С. және өзгелердің еңбектерінде айқындалған .
Дипломдық жұмыстың мақсаты : «Тиолайн» ЖШС мысалында кәсіпорындағы басқарушылық есепті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
- кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерделеу;
- «Тиолайн» ЖШС басқарушылық есепті ұйымдастыру жүйесін талдау;
- «Тиолайн» ЖШС-на басқарушылық есеті ұйымдастырудың жетілдіру бойынша іс-шараларын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып негізгі қызметінің түрі титаноцирконий кенін өндіру және іске асыру болып табылатын «Тиолайн» ЖШС кәсіпорыны.
Зерттеу мәні - «Тиолайн» ЖШС мысалында өнімді өндіруге шығындардың бухгалтерлік есебін және аудитін ұйымдастыру ерекшелігі.
Зерттеу әдісі: жалпыға ортақ әдіс, салыстырмалы, талдау, тарихи және логикалық әдіс, сондай-ақ жүйелік-құрылымдық, жүйелік - функционалдық әдіс және жалпылау әдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және тәжірибелік мәні - талданып отырған кәсіпорында басқарушылық есепті дамыту және жетілдіру мақсатында «Тиолайн» ЖШС мысалында қазақстандық кәсіпорындардағы іс жүзінде қолданыстағы басқарушылық есепке батыстық шығындар есебінің жүйесін қолдану мүмкіндігін зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдістемелік негізі болып салық және жинақтар жөніндегі Қазақстан Республикасының үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаулылары, кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастыру саласындағы ғалымдар еңбектері табылады. Зерттеу жүргізу кезінде «Тиолайн» ЖШС-ның есептік материалдар пайдаланылды.
Дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік базасы «Тиолайн» ЖШС-ның 2009-2011 жж. жылдық қаржылық және бухгалтерлік есептер қызмет етті.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, мәні, зерттеу әдісі, жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және құрылымы.
Бірінші бөлімде басқарушылық есептің экономикалық мәні, оның міндеттері және мағынасы, басқарушылық есепті ұйымдастырудың негізгі аспектісі қарастырылады.
Екінші бөлімде «Тиолайн» ЖШС-на қысқаша сипаттама берілген, «Тиолайн» ЖШС-ның қаржылық ахуалына талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімде «Тиолайн» ЖШС кәсіпорынында басқарушылық есепті ұйымдастырудың жетілдіру жолдары, өнімдерді өндіруден шығындарды төмендетуге бағытталған іс-шаралар ұсынылған.
Барлық тұжырымдар қорытындыда жалпыланған [3] .
1 Кәсіпорында басқарушылық есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
- 1. 1 Басқарушылық есептің мәні, оның міндеттері, функциялары және мағынасы
Бухгалтерлік есеп дегеніміз тиісті басқарушылық шешімдерді немесе нарықтағы ұйымдастыру стратегиясымен байланысты шешімдерді қабылдау үшін ақпарат жиналатын, өлшенетін, тіркелетін, өңделетін, және жіберілетін жүйе болып табылады.
Шетелдік және отандық теорияны және тәжірибені зерделеу және жалпылау көрсеткендей бухгалтерлік есеп жүйесін басқарушылық және қаржылық есепке бөлінеді.
Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бухгалтерлік басқарушылық (өндірістік) есеп құрамында дараланады. Басқарушылық есеп мәліметтер ұйымды басқару, өндірістік қызметті жоспарлау және бақылау үшін қажет әкімшілік ақпаратпен қамтамасыз етеді [6] .
Басқарушылық есептің негізгі міндеті болып мыналар табылады:
- өнімді өндіруге және іске асыруға нақты шығындарды уақытылы, толық және шынайы айқындау;
- өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштерін санау (жоспарлы, нормативті, нақты) ;
- материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді және ұтымды пайдалануға бақылау;
- шаруашылық жүргізудің әр түрлі модельдері бойынша бағалау мәліметтерін алу;
- құрылымдық бөлімшелер қызметінің қаржылық нәтижелерін анықтау.
Басқарушылық есептің негізінде өзіндік құнын төмендету мен пайданы арттыру мақсатында жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын қолдану, материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеудің резервтерін анықтау туралы басқарушылық шешімдер қабылданады [6] .
Басқарушылық есеп барлық есептік ақпараттың түрін қамтиды, ол жиналады, өлшенеді, өңделеді және басшылық пен негізделген басқарушылық шешімді әзірлей алатын менеджерлерге жіберіледі.
Басқарушылық есепті кей кезде өзіне өндірістік есепті қосатын ішкі есеп деп те атайды. Өндірістік есеп өндіріске шығындарда белгілі ақпарат белгісі бойынша жүйеленген жинақтар, тіркеу, жалпылау жүйесі, өнімнің өзіндік құны жағдайында және калькуляциялауға бақылауды білдіреді. Басқарушылық есеп жүйесінде кәсіпорында өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру кәсіпорын құпия сыры, фирма құпиясы.
Басқарушылық есептің мәліметтері ішкі пайдаланушыларға арналған: ұйымның басшыларына, бухгалтерияға, сондай-ақ жоспарлы, өндірістік және ұйымның өзге қызметтеріне. Басқарушылық есеп және қаржылық есеп өзара бір-бірін толықтырып отырады: өндірістік шығын және өнімнің өзіндік құны туралы басқарушылық есеп мәліметтері аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді және іске асырудың өзіндік құнын бағалау кезінде қаржылық есепте пайдаланылады. Өндірістік шығын және өзіндік құнның калькуляциясын есепке алу тәртібі салалық нұсқаулықтармен реттеледі, дегенмен жалпы басқарушылық есепті жүргізу басшылықтың ішкі шешімдеріне байланысты. Шешімдерді қабылдау үшін негіз басқару үшін берілген ақпараттың құндылығымен материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың нақты шығындары туралы ақпаратты алу құнымен салыстыру болып табылады.
Басқарушылық есеп ұйымның ішінде коммуникацияның негізгі жүйесін ұсынады. Бұл жүйенің негіздемесі тікелей шығындарды есепке алу, сондай-ақ жөнелтпе шығындарды орналастыру болып табылады. Басқарушылық есеп аясында қызметті жоспарлаумен, бақылаумен және бағалаумен байланысты бағыттар дамыды. Шығыстар сметасын құрудағы жоспарлау, олардың орындалуын бақылау, қызмет нәтижесін өлшеу кәсіпкерлік болсын, бюджеттік болсын кез келген ұйым үшін қажет болып табылады. Кез келген қызмет түрінде бизнесті жүзеге асыру адами, материалдық және қаржылық ресурстарды басқаруды білікті түрде ұйымдастыра білу қажет. Бұндай механизмді құру едәуір деңгейде басқарушылық есепті ұйымдастыруға ықпал етеді[6] .
Солай басқарушылық есеп алдымен, кәсіпорынның ішкі операцияларын, шаруашылық фактілерді жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Басқарушылық есепті ұйымдастырудың мақсаты - нақты өндірістік мақсаттарға жетуге жауапты менеджерлерді тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер пайдалантын бухгалтерлік ақпаратты құруға кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратты қалыптастырудан өзге ережелер қолданылады.
Басқарушылық есептің сипатамалары:
- стандартизацияның болмауы - басқарушылық есепті жүргізудің тәсілі мен нысандары нормативті реттеумен шектелмейді; есептік мәліметтерді ұсыну кез келген түрде болуы мүмкін; қолданылатын терминдер ішкі мақсаттар үшін ыңғайлы әр түрлі мағынада пайдаланылуы мүмкін;
- құпиялылық - басқарушылық есептің ақпараты ішкі тұтыну үшін ғана арналған ақпарат;
- жоспарлық сипаттамасымен - басқарушылық есеп ұйым қызметінің әр түрлі аспектілері бойынша әр түрлі болжамдар беруге арналған (іске асыру көлемі, пайдаланушылық шығыстар, персоналға шығыстар және т. б. ) ;
- көрсеткіштерді ақшалай болсын, табиғи-зат түрінде болсын, мысалы дана, шаршы метр, тонна және т. б. өндірістік қорлар санын өлшеу. Бұндай өлшемдер аналитикалық есептерде қолданылады;
- ақпаратты ұсынудың өзектілігі (шамамен баға, толық емес мәліметтер) . Жедел есептілік жедел есеп мәліметтері негізінде құрылады және қысқаша уақыт мерзіміне - тәулік, бес күндік, он күндік және т. б. негізгі көрсеткіштер бойынша мәліметтерді құрайды. Бұл мәліметтер өндіріс және өнімді іске асыру үдерісін жедел бақылау және басқару үшін пайдаланылады;
- ыңғайлы анықталатын, есептердің жеке мерзімділігімен;
- есепке алу объектілерінің кеңейтілген құрамымен - есепке алу объектісі ретінде қызмет түрлері, жауапкершілік орталықтары болуы мүмкін [6] .
Басқарушылық есеп жүйесінде алдымен өндірістің шығындары туралы ақпарат қалыптасады. Басқарушылық есеп өндірістік шығындарды және өнім өзіндік құнының калькуляциялауды ұйымдастыру деп болжанады. Өндірістік шығындар басқарушылық есепке алудың негізгі объектілердің бірі болып табылады. Шығындар түрлері, олардың туындау орындары және шығындар тасымалдаушысы бойынша топталады және ескеріледі. Шығындар туындалу орны - ресурстарды алғашқы тұтыну өтеді (материалдық-шикізат, отындық-энергетикалық, еңбек, қаржылық), - жұмыс орындары, учаскелер, бригадалар, өндірістер, цехтар және т. б.
Шығындар тасымалдаушысы дегеніміз нарықта іске асыру болсын, кәсіпорынның ішкі қажеттіліктері үшін өнім түрлерін, орындалған жұмыстарды, белгілі кәсіпорынның көрсетілген қызметтерін түсінеміз.
Басқарушылық есепке алу жүйесінде «жауапкершілік орталық» міндетті түрде көрсетіледі. Шығындарды басқару кәсіпорындар, ұйымдар қызметкерлерінің мақсатты қызметі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, басқару үрдісінде қатысатын адамдар, шығындардың қандай да бір түріне мақсаттылығына жауап беруі керек.
Басқарушылық есептің объектісі, өндірістік шығын мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясынан өзге, шығындардың туындау орындары мен шығын тасығыштар бойынша ескерілетін қызметтің нәтижесі де болып табылады.
Басқарушы есепті ұйымдастыру әр түрлі сметаларды, бюджеттерді т. б. құру дегенді білдіргендіктен шығындар мен есепке алудың әр түрлі объектілер нәтижелерін салыстыру салдарында өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігі анықталады.
Басқарушылық есептің келесі қағидасы бірі-біріне берілетін өнімдер, жасалатын жұмыстармен көрсетілетін қызметтер үшін кәсіпорынның, ұйымның ішкі құрылымдық бөлімшелері арасындағы есептерінде пайдаланылатын бағаны әзірлеуді білдіреді.
Басқарушылық есеп жүйесі объектілерді басқару үшін қажетті кесіндіде шығындар және шаруашылық қызмет нәтижесі туралы мәліметтерді жоспарлаумен, бақылаумен, талдаумен өзара байланысты, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатында негізделген басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауды білдіреді.
Басқарушылық есеп тұжырымдасының келесі қағидасы өнімнің өзіндік құнына, жасалған жұмысқа және көрсетілетін қызметке шығындар енгізуді негіздеу болып табылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына өндірістің технологиясымен және ұйымдастыруымен негізделген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірісімен тікелей байланысты шығындарды, табиғи шикізатты пайдаланумен шығындарды, өндірісті дайындауға және игеруге, қызметкерлер еңбегіне шығындарды, өндірістік үрдіске қызмет көрсету шығындарын, өндірісті басқарумен байланысты шығындарды және т. б. өзіне қосады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын құрайтын шығындар келесі элементтер бойынша экономикалық мазмұндарымен сәйкес топталады:
- материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтар құнын алып
тастағанда) ;
-еңбек ақы төлеуге шығындар;
-әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
-негізгі қорлардың тозуы;
-өзге шығындар;
Өндіріс көлемінің ұлғаюы әр уақытта да шығынның өсуіне әкеп
соқпайтынын ескеру қажет. Бір қатар жағдайда пайыздық қатыста шығын өсімі өнім көлемінің тиісті түрде өсуінен төмен болады. Осындай ахуалды ауыспалы немесе тұрақты шығындар тұжырымдамасы болжайды.
Ауыспалы шығындар - жалпы сомасы өндіріс (шығару) көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгеріп отыратын шығындар. Үлгілі мысал ретінде шығындалатын материалдарға, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға шығындар болып табылады. Ауыспалы шығындар өндіріс (шығуымен) көлемінің өсуімен немесе азаюымен автоматты түрде өсіп отырады немесе төмендеп отырады.
Тұрақты шығындар - жалпы сомасы белгілі мерзімде өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгермейтін шығын бөлігі. Тұрақты шығындардың, мысалы үй-жай үшін жалға алу төлемі, кәсіпорын менеджерлерінің еңбек ақылары және т. б. болуы мүмкін. Мұндай шығындар уақыт өте келе өсуі мүмкін, дегенмен олар өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды өзгермейді.
Мысалы, үй-жайды жалға алғаны үшін төлемақы инфляция кесірінен келесі мерзімде алдыңғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Бірақ жыл көлемінде жалға алғаны үшін төлем кәсіпорын қызметіндегі күнделікті өзгерістерге байланысты болмайды. Егер тұрақты шығындардың жалпы сомасы өзгермейтін болса, онда тұрақты шығынның сомасы өнім бірлігіне өнім көлемі ұлғайған кезде азаяды және ол азайғанда ұлғаяды [6 ] .
Басқарушылық есептің мәнін түсіну осы есеп түрін орындайтын функциялардың басқару функциясына бағыныштылығын айқындауға мүмкіндік береді. Басқару функциялары әдетте мыналардан тұрады: жоспарлау, бақылау, бағалау, тікелей ұйымдастыру жұмысы, ішкі ақпараттық байланыстар мен ынталандыру.
Олардың қызметін қамтамасыз ететін басқару және ақпарат функциясы басқарушылық есеп функциясын жинақтауға мүмкіндік береді:
-ақпараттық, басқарудың барлық деңгейіндегі басшыларға
ағымдағы жоспарлау, бақылау және жедел басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін;
-коммуникациялық - басқару деңгейлері және бір деңгейдегі әр
түрлі құрылымдық бөлімшелер арасындағы ішкі коммуникациялық құрал ретінде қызмет ететін ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
-болжаулық - қызметтің нақты нәтижелерін талдау және бағалау
негізінде болашақта кәсіпорынның перспективті жоспарлауын және даму координациясын қамтамасыз етеді.
Басқару жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау көмегімен басқару мәніне әсер етеді. Нақты осы функциялар басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап бере алатын өз жүйесін қалыптастыра отырып басқарушылық есепті орындайды.
Басқарушылық есеп жүйесінің аясында ресурстарды жоспарлау және
орналастыру міндеттері айқындалуы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның стратегиялық жоспарлары әр түрлі деңгейдегі қызметкерлерге дейін жеткізілуі керек. Яғни, ол төмендегідей құрылуы керек, кәсіпорынның алдында тұрған жалпы міндеттер, көрсетілген міндеттердің белгілі бөлігін шешуге әр менеджер өз үлесін жауапкершілікке алатындай басқарудың әр түрлі деңгейі арасында бөлінетіндей; сонымен бірге есепке алу жүйесі басқарудың барлық функциялары өзара әрекет етуі үшін негіз ретінде әр түрлі ақпараттың қатар жүруін және өзара әрекет етуін қамтамасыз етуі керек.
Пысықталған жоспардың және уақыт бойынша міндеттерді шешу
кестесінің болуы істің барысын өзгертуге және жоспарланған жұмыс барысы ауытқуының қашан болатынын анықтауға мүмкіндік береді .
Басқарушылық есепке келесі талаптарды анықтауға болады:
-кәсіпкерліктің қойылған мақсатына қол жеткізу бағыттылығы;
-қойылған міндеттер шешімдерінің балама нұсқаларымен
қамтамасыз ету;
-оңтайлы нұсқаны таңдауға және оны орындаудың нормативтік
параметрлерін есептеуге қатысу;
- орындаудың берілген параметрлерінен ауытқушылықты
анықтауға бағытталу;
-aйқындалған ауытқушылықтар интерпретациясы, оларды
талдау және түзету әсерлерін пысықтау;
Кәсіпорын жұмысының тәжірибесіне басқарушылық есепті енгізу бірінші кезекте кәсіпорын менеджерлерін шаруашылық қызметіне және осы қызмет нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажетті толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз етуде бағытталады. Егер сыртқы қаржылық есепті барлық шаруашылық етуші субъекті бойынша құратын болса және бұрын болған шаруашылық өмірдің фактілері айқындалған болса, онда басқарушылық есеп кәсіпорынның жекелеген бөлімшелері қызметі, тауарлардың сан түрлерін және топтарын іске асырудың өзіндік құны, тікелей және жанама шығындар деңгейі туындау түрлері, орындары бойынша айналым шығындары, сондай-ақ ауыспалы және тұрақты шығындар бөлігі туралы ақпаратты өзіне қосады.
Сонымен бірге, басқарушылық есеп нарықтық экономикада кәсіпорынды басқару жүйесінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Жалпы басқарушылық есеп қаржылық есептен айырмашылығы - нақты мүлік, шығын және кірістер көлемі, есептер және міндеттер ахуалын есепке алу емес, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметіне әсер ететін факторларды, шарт жағдайларды және шарттарды есепке алу. Ол кәсіпорын экономикасын басқару бойынша шешімдер қабылдау үшін ақпарат беруге және қабылданған шешімдерді орындау тиімділігін тексеру үшін құрылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz