Веста ЖШС –ның экономикалық көрсеткіштерін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен тиімділігінің теориялық аспектілері . . . 6

1. 1 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және өндірістік қуаты: мәні, анықтайтың факторлары . . . 6

  1. Экономикалық тиімділік және кәсіпорынның өндіріс тиімділігін пайдаланудың негізгі көрсеткіштері . . . 19
  2. Өндірістік қуатты есептеу әдістерінің жүзеге асуы және өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары . . . 26

2 «Веста» ЖШС -ның экономикалық көрсеткіштерің талдау . . . 30

2. 1 «Веста» ЖШС қысқаша сипаттамасы . . . 30

2. 2 «Веста» ЖШС экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 31

2. 3 «Веста» ЖШС қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау . . . 44

3 Кәсіпорынның өндірістік қуатын қалпына келтіру және қолдану тиімділігін жоғарлату бағыттары . . . 49

  1. Кісіпорынның өндірістік қуатын қолдану арқылы оның тиімділігін жоғарлату бағыттары . . . 49
  2. «Веста» ЖШС өнімдерінің бәсекелестік сипаттамасы . . . 52

Қорытынды . . . 55

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өндірістік қуат кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жоспарлаудың басты бағыты болып келеді. Ол өнім шығару бойынша цехтардың бір-біріне қосылуларының потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді. Өндірістік қуат мөлшерін анықтау өндіріс резервтерін бағалауда басты орын алады.

Қазіргі кезде өндірістің жабдықтары қандай түрде болса да, еңбек процессі кезінде адамдармен пайдаланылады. Ал еңбек процессі қандайда нысан түрінде жүргізіледі, яғни өндіріс қаражатын меншіктеу сипатымен анықталады. Сонымен қатар өндірістік қатынастар белгілі нысан негізінде өндірістік қаражат меншігі ретінде қалыптасады.

Еңбек қаражаттарын тұтынудың басты мақсаты ретінде материалдық игіліктерді өндіру болып табылады. Ол кәсіпорынның және цехтардың, участктердің қандайда бөліктерінің қалыптасуына және пайда болуына өзінің үлесін қосуы, яғни еңбек қаражатының ұйымдастырылған жиынтығымен жүзеге асырылады. Бұндай еңбек қаражаттарының қалыптасуы олардың өндірістік қуатының бастапқы кезеңі болып табылады. Бірлік уақыт ішінде берілген еңбек қаражаты арқылы әлеуетті түрде өндірілетін немесе шикізаттың максималды саны әлеуетті түрде қайта өнделетін жалпы алғанда әрбір өндірістік бірліктің қуаты өнімнің максималды санын анықтайды. Яғни - қуат сандық сипаттама ретінде еңбек қаражатының экономикалық мазмұнын толығымен бейнелей отырып, тұтынудың ұйымдастыру нысаны ретінде түсіндіріледі. Ол өнімді өндіру процесін жүзеге асыру кезінде еңбек құралдарын пайдалану мақсатында адамдардың қоғамдық қатынастарын ажыратады. Сонымен өндірістік қуатты еңбек қаражаттары қарастырмайды, сәйкес келетін өндіріс бірліктері қарастырады. Бұл мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өндірістік қуат экономикалық категорияның түсінігі болып келеді және қоғамдық өндірістің бөліктері ретінде өндірістік бірліктің әрбір мүмкіндігін және экономикалық қатынастарды ажыратады.

Сонымен экономикалық категория ретінде өндірістік қуат еңбек қаражаттарының ұйымдастырылған жиынтығының белсенді түрлері - машиналарды және өнімді максималды мөлшерде өндіруге қамтамасыз ету үшін жабдықтарды пайдалану мақсатында өндірістік қатынастарды ажыратады.

Кәсіпорынның (бөлімшелерінің) өндірістік қуаты - қолында бар ұйымдастырылған жиынтық еңбек қаражаттары арқылы белгіленген мерзім ішінде жұмыстың бір бірлік уақыты ішінде максималды өнім өндірудің потенциялды мүмкіндігі болып табылады.

Ғылыми - техникалық прогрестің әсер етуінен техниканың дамуында көптеген сапалы өзгерістер болуда. Олар техниканың қиындауында, оның бірлік қуатының жоғарлауында өз көлеңкелерін табуда. Кәсіпорынның жарақтануының тиімділігін жоғарлата алатын және тасқындық, үзіліссіздік және икемділігі арқылы оның өндірістік процесін жылдамдатуға жаңа ірі машина жүйелері дамуда және енгізілуде. Нәтижесінде қызмет ететін кәсіпорындардың өндірістік қуатының өсімі және қалыптасудың сапалы жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Енді бұл процестерді тиімді басқару жолдары мен осы байланыстың механизмінің мәнін ашу алға қойылады. Кәсіпорынның өндірістік қуатында негізгі ықпалды жабдықтар тигізеді. Өйткені техникалық жабдықталу кәсіпорынның жабдықталу кәсіпорынның өндірістік қуатын жоғарлатады. [1, бет 15-16]

Сонымен өндірістік қуаттың ең маңызды жүйелерінің бірі машина жүйесі - әртүрлі машиналарынан тұратын өндірістік процестің әртүрлі стадияларында бір немесе бірнеше өнім түрлерін дайындау кезінде өзара іс - қимыл, жиынтық механизм деп қарастыруға болады.

Кәсіпорынның машинамен жабдықталу жүйесі өндірістік процестің шектерінде белгілі функцияларды орындайтын және өзінің спецификасына ие көп жүйелік құрылымдардан тұрады. Сондықтан кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастыруға жабдықтық, машиналық жүйелер құрылымы әсер етеді. Сонымен «Веста» ЖШС қызметіне талдау жасау кезінде мынандай негізгі кезеңдерге тоқтала кетеміз. Кәсіпорынның цех қызметкерлеріне жіктелуі, ал цехтің бөлімшелерге жіктелуі процесінде өндірістік қуаттың тиімділігі артады, өйткені әрбір жұмыс күші әртүрлі дәрежеде даму барысында. Кәсіпорынның өндірстік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар болып келеді. Олар қазіргі кездегі кәсіпорынның қызметтік саласындағы көкейтестілік жағдай болып табылады және олар екі негізгі топқа бөлінеді:

  • нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар, жабдықтар мен техникаларды таңдап алу;
  • қажетті құрал - жабдықтардың қолайлы құрамын табу.

Сонымен кәсіпорынның өндірістік қуаты, оларды пайдаланудың

тиімділігін арттыру бағыттары және жағдайының көкейтестілігі ол өндірістік процестің, яғни жұмысшылардың техникалық қызметті толығымен үйреніп, нарықтық ортадағы сұранысты игеріп, кәсіпорынның өз өнімін тұтынушылар ортасында толығымен орналастыру.

Қазақстан Республикасының Президентінің өзінің еліне деген жолдауында экономикалық өсім мемлекетіміздің даму мақсаты болып табылады деп айтылған. Экономикалық өсім «Бүгін, ертең, және 30 жылдар бойы ең маңызды» приоритет болып табылады. Экономиканың дамуы біздің еліміздің алға шығуына өте маңызды болып келеді. Қазақстанның өндірілген өнімі басқа елдердің нарығына шығу жолында. Осы өнімдер нарықтық қатынастарға байланысты бәсекелестік ортадан өз тұтынушыларын тауып, басқа елдер нарығында « Қазақстанның экспорттық өндірісі» деп орын табуын дамыту алғы шарт болып келеді. [2, бет 9-8]

Мәселенің мақсаты болып «Веста» ЖШС қаржылық нәтижелері, ресурстық потенциялының көрсеткіштерін талдау болып табылады. «Веста» ЖШС өндірістік бағдарламасы мен маркетингтік қызмет саласын зерттей отырып, оның ең негізгі бөлігі өндірістік қуаттың қандай мөлшерде қанша өнім өндіре алатыны зерттелді. Бұл көрсеткіштердің өзара байланысы мынадай болып келеді: өндірістік қуат белгілі мерзім ішінде шығарылған өнім көлемі, ал өндірістік бағдарлама кәсіпорынның өнім шығаруға мүмкіншілігі бойынша қарастырылады .

«Веста» ЖШС зерттей отырып оның кәсіпорындық бөлімшелерінде бос тұрған участктердің себебінен келесі ұсыныстар мен шешілетін мақсаттар талданады:

  • «Веста» ЖШС өндіріс учатктері бойынша өндірістік қуатын оңтайландыру, яғни бос тұрған участктердің өндіріс аясына қосу;
  • Оның өндірілген өнімін біздің еліміздің түкпірлерінде ғана емес, сонымен оны басқа елдерде де тұтынуға, яғни Қазақстанның экспорттық өнімін кеңейту және дамыту жағдайлары қарастырылады;
  • 2010-2012 жылдар аралығында жаңа бағыттарды, қызметтерді игеру;
  • Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Кәсіпорынның өндірістік потенциялын тиімді қолдану;
  • Ғылыми-зерттеу, тәжрибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізу және жаңа өнім өндіріп, нарыққа шығару;
  • Прогрессивті әдістермен менеджмент, маркетинг және қаржылық есепті игеру.

Өзектілігі: өндірістік қуатты күшейту, сапалы өнім өндіру, ел экономикасын көтеру үшін қол салысу.

Дипломдық жұмысттың 1-бөлімінде кәсіпорынның өндірістік қуаты мен тиімділігінің теориялық аспектілері қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың 2-бөлімінде «Веста» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштері талданады.

Дипломдық жұмыстың 3-бөлімінде кәсіпорынның өндірістік қуатын қалпына келтіру және қолдану тиімділігін жоғарлату бағыттары ұсынылады.

Дипломдық жұмыстың талдау бөлімінде «Веста» ЖШС зерттелу объектісі болып табылады

1 Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен тиімділігінің теориялық аспектілері

1. 1 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және өндірістік қуаты: мәні, анықтайтың факторлары

Өндірістік бағдарлама (өнімді өндірудің жоспары) бұл кәсіпорындағы

ең маңызды шарты болып келеді. Ол кәсіпорынның өнім шығаруға мүмкіншілігі бойынша қарастырылады, яғни оның өндірістік қуаты және кәсіпорынның өніміне нарықтық сұраныстың болуы. Өндірістің қуатының есебі кәсіпорынның техникалық қызметтерімен жүзеге асырылады (өндірістік немесе техникалық және бөлімшелерінің құрылымдарымен), ал нарықта өнімге деген сұраныстың талғамы бар екенін маркетинг бөлімі анықтайды.

Кәсіпорынның техникалық қызметінің жүзеге асырылуы:

  • қызмет атқаратын өндірістік қуаттың есебі;
  • өндірістік қуаттың балансын қарастыру;
  • қуаттың қалыптылығын бағалау;
  • енгізу және өндірістік қуатты пайдалану деңгейін есептеу;
  • өндірістік қуаттың нормативтерін пайдалануды есептеу және оларды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар атқару;
  • өз ісін қазіргі уақытта атқарып жүрген және жаңа өндірістік қуаттың пайда болуы бойынша іс шаралар атқару;
  • жоспарлы уақытта пайдаланылып жүрген қуаттардың деңгейін және өлшемін есептеу.

Кәсіпорынның маркетингтік бөлігі келесі комплекстік іс-шараларын

жүргізеді:

  • кәсіпорынның өнімін тұтынатын негізгі тұтынушыларды көрсетеді;
  • кәсіпорынның өнімінің тұтыну көлемін бағалайды;
  • өнімнің ұқсас түрін шығаратын бәсекелес - кәсіпорынның қызметімен танысады;
  • шығарылған өнімнің сапасы және бәсекеге қабілеттілігін қарастырады;
  • кәсіпорынның өніміне сәйкес келетін перспективалардың дамуын бағалайды;
  • өнімнің сатылу каналдарының және формаларының пайдаланылуын талдайды;
  • кәсіпорынның пайдаланылатын баға қалыптастыру стратегиясын бағалайды;
  • нарықтың тиімді сегменттерін таңдайды;
  • өнімнің нарыққа жылжу стратегиясын қалыптастырады.

Қуаттылық - бұл белгілі кезеңдегі жүйенің максималды мүмкіндігі. Өндірістік қуаттылық өндірістің шығару мөлшерін күнтізбелік кезеңде (апта, ай немесе жыл) анықтайды.

Өндірістік бағдарламаның қалыптасу тізімі:

  1. Кәсіпорын өніміне деген нарықтағы сұранысты анықтау.
  2. Кәсіпорындағы іс атқаратын өндірістік қуаттың өлшемін есептеу.
  3. Натуралды түсініктегі өнімді жеткізу жоспары қалыптасады.
  4. Күнтізбе арқылы әрбір өнім түрі бойынша өндірістің жоспары.
  5. Өндірістік бағдарламаның құндық өлшемдері есептеледі, жоспарланған көлемі анықталады.
  6. Өнімді тұтынушыларға жүктеу тізімі құрастырылады.

Өндірістік бағдарлама барлық номенклатура және шығарылатын өнім ассортименті бойынша қалыптастырылады. Өнім номенклатурасы кәсіпорыннан шығарылатын өнім түрінің тізімін көрсетеді. Өнім ассортименті типтері, сұрыптары, өлшемдері бойынша олардың әртүрлігін сипаттайды. Құндық түсінікте өндіріс жоспарында жалпы, тауарлы және өткізілген өнім көлемі анықталады.

Жалпы өнім - зауыт ішіндегі айналым есебінсіз кәсіпорында өндірілетін өнімнің жалпы өлшемін сипаттайды (яғни бір кәсіпорынның басқа цехтарымен шығарылған және басқа цехтарымен тұтынылған өнім)

Тауарлы өнім - өткізу үшін арнайы кәсіпорынмен өндірілген бөлігін көрсетеді.

Өткізілген өнім - тұтынушылармен алынған өнім құнымен көрсетіледі.

Өндірістік бағдарлама көбінесе кәсіпорынның өндірістік қуаттарының пайдаланылған деңгейлерінің және өлшемдерінің есебімен анықталады.

Негізінен біздің түсінігіміз бойынша өндірістік қуат дегенде қандайда белгілі кезең ішінде өнім шығаруға деген еңбек құралдарының мүмкіндігі. Соңғы жылдары бұл түсінікке кең мағынада анықтама берілген: өндірістік қуат - бұл қандайда белгілі уақыт ішінде кәсіпорынның немесе оның негізгі қорларының өнімді өндіріп, шығаруға мүмкіндігі. Екінші жолы - өнім шығару бойынша мүмкіндіктер тек қана жабдықтың өндіру қабілеттіктерімен ғана анықталмайды, сонымен қатар шикізат пен материалдардың, кадрлардың квалификациясы тағыда өндірістің басқа да факторларымен немесе тұтастай кәсіпорынның басқа мүмкіншіліктерімен анықталады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттары - ол кәсіпорынның немесе негізгі өндіріс факторының белгілі бір уақыт мерзімінде өнімді шығара алу мүмкіндігі болып табылады.

Өндірістік қуаттарға түрлі факторлар әсер етеді:

  1. Техникалық - жабдықтардың бар болуын және олардың өнімділігін білдіреді.
  2. Ұйымдастырушылық - өндірісті ұйымдастырудың деңгейімен жабдықтардың жұмыс істеу режимін білдіреді.
  3. Экономикалық - өндірістік қуаттарды қолдану кезінде жұмысшылардың белгілі бір деңгейге жетуге ынталандыратын түрлі жүйелерді білдіреді.
  4. Әлеуметтік - жұмысшылардың біліктілік деңгейімен олардың қызмет ету жағдайларын білдіреді.

Өндірістік қуат мөлшеріне барлық техникалық факторлар және жабдықтардың жұмыс істеу мерзімімен байланысты ұйымдастырылған факторлардың бөлігі әсер етеді.

Өндірістік қуаттардың пайдаланылу дәрежесіне қалған факторлар әсер етеді (олар: экономикалық, әлеуметтік)

Шетелде өндірістік қуаттың шамасын анықтау үшін келесі негізгі әдістер пайдаланылады:

  1. Элетрлі қозғалтқыштар қуаты бойынша өндірістік қуатты есептеу

әдісі, олар негізгі технологиялық жабдықтарды қозғалысқа келтіреді. Осыған байланысты өндірістік қуат келесі әдіс бойынша анықталады:

ПМ эл/ку =ТК эл/ку * К уак * К ауд (1)

мұнда, ТК эл/ку - электр қозғалтқыштардың техникалық қуаты, олар негізгі

технологиялық жабдықтарды қозғалысқа келтіреді

К уак - жабдық жұмысының қор уақыты

К ауд - өнімді өндіру көлеміне, технологиялық қажеттерге

тұтынылған, электрожарық көлемін аудару үшін

пайдаланылған коэффициент

Бұл жағдайда өнімді өндіруге тұтынылған және өндірістік қуат шамасына жұмсалған энергия көлемінің арасындағы тура тәуелділік қолданылады. Бірақ та мұндай тәуелділік әрқашан байқала бермейді. Мысалы, ескірген энергия жұмсайтын жабдық пайдаланады, онда энергияны үнемді пайдалануға шығарған жабдыққа қарағанда бұл энергия жұмсайтын жабдықтың энергияны тұтынуы жоғары болады, осыған қарамастан өнім сондай көлемде немесе одан аз көлемде шығарылады. [3, бет 28-29]

  1. Эксперименттік бағалау әдісі. Өндірістік қуат шамасын есептеу үшін көрсеткіштердің жетіспеуіне байланысты қолданылады. Бұл жағдайда сарапшылар тобы бар ақпараттар, олардың білімдері мен тәжірибелерінің көмегімен өндірістік қуаттар шамасына қорытынды жасалады. Бұл әдіс келесі жағдайларда пайдаланылады:
  • Біздің елімізде және шет елде де ұқсастығы жоқ жаңа өндірістерді жобалау;
  • Ұзақ мерзімге арналған қызмет ететін өндірісті жобалау кезінде (бес жылдан жоғары) ;
  • Әр түрлі әдістермен есептелген, өндірістік қуаттың шамасын халықаралық салыстыру кезінде;

3. Басты жабдық әдісі. Бұл әдіс біздің елімізде де көп тараған. Негізінен өндірістің маңызды кезеңдерінде орнатылған негізгі технологиялық жабдықтар және жоғары құнға ие жабдықтар немесе еңбек сыйымдылығы көп операцияларды іске асыратын жабдықтар. Оны пайдалану кезінде 2 жағдайда орындау қажет:

1) Өндірістің маңызды кезеңдерінде орнатылған негізгі технологиялық жабдықтар және жоғары құнға ие жабдықтар немесе еңбек сыйымдылығы көп операцияларды іске асыыратын жабдықтар.

2) Есептеулер төменнен жоғарыға жүзеге асырылады, яғни біріншіден жетекші жабдықтың бірлік өндірістік қуаты, содан кейін маңайлары, цехтары және барлық кәсіпорын деңгейі анықталады.

Басты жабдықтың өндірістік қуаты мына формула арқылы есептеледі:

ПМ ед = П*Ф вр (2)

мұнда, П - жабдықтың бір бірлігінің өнімділігі;

Ф вр - жабдықтың бір бірлігінің жұмыс істеу уақыты.

Участоктың өндірістік қуаты ПМ уч мына формула арқылы есептеледі:

ПМ уч = n*П*Ф вр (3)

мұнда, n - участокте белгіленген басты жабдықтың бірлік саны.

Егер цехта өнімнің 1 ғана түрі өндірілсе, онда цехтің өндірістік қуаты ПМ ц осы участоктың өндірістік қуатына тең, яғни осы өнім түрін өндіру бойынша негізгі операциялар орындалады ПМ уч. осн. :

ПМ ц = ПМ уч. осн (4)

Егер цехта бірнеше өнім түрлері өндірілетін болса, онда осы жерде шығарылатын әр түрлі өнім түрлерінің өндірістік қуатының соммасы ретінде есептеледі:

n (5)

ПМ ц = ƩПМ уч, i

i=1

мұнда ПМ ц, i і-дік участігінің өндірістік қуаты.

n -дербес өнім түрлерін шығаратын участок саны.

Егер кәсіпорында өнімнің бір түрі өндірілсе, онда кәсіпорынның өндірістік қуаты ПМ пр белгілі өнімді шығару бойынша негізгі операциялар жүретін цехтың қуатымен тең болып келеді ПМ ц. осн :

ПМ пр = ПМ ц, осн (6)

Егер кәсіпорында өнімнің бірнеше түрі өндірілсе, онда кәсіпорынның өндірістік қуаты өнімнің әр түрлі түрлері өндірілетін цех қуатының соммасына тең болады:

n (7)

ПМ ц = ƩПМ ц, і

i=1

і -дік цехтың өндірістік қуаты; n дербес өнім түрлерін

шығаратын цехтар саны.

Участоктың өндірістік қуатты есептейтін формулалар арқылы өндірістік қуаттың мөлшерін анықтайтын элементтер құрамы белгілі: басты жабдықтың бірлік саны, 1 бірлік жабдықтың өнімділігі және жұмыс істеу уақыты. [4, бет 16-17]

Өндірістік қуаттың есебіне кәсіпорында орнатылған барлық басты жабдықтар жатады.

Жабдықтың жұмыс істеуінің келесі қорлары ажыратылады:

  • (тиімді)

Күнтізбелі жұмыс қоры жабдықтың «max» мүмкін жұмыс істеу уақытымен анықталады.

Ф календарь = К*С (8)

мұндағы, К- жыл ішіндегі күндер саны. С - тәуліктегі сағаттар саны.

Жабдықтың режимді қоры кәсіпорынның жұмыс істеу режимінен анықталады:

Ф режим = (К-В-П) *a*t (9)

Мұндағы, В, П - жыл ішіндегі мейрамдар мен демалыс күндер саны, a - тәулік бойындағы ауысым саны, t - 1 ауысымның ұзақтығы.

Жабдықтың жұмыс істеу нормативті уақыт қоры. Өндірістік технологиялық регламент талаптарына сай жоспарлы алдын алушылық жөндеумен қарастырған жабдықтардың жоспардан бос қалуларын есептегендегі уақыт:

Ф норм = Ф режим - П т - П ппр (10)

Мұндағы, П т - өндірістің технологиялық жөндеуімен қарастырылған жабдық, П ппр - жоспарлы алдын алушылық жөндеулер сандарынан болатын жоспарлы бос тұрулар.

Өндірістік қуаттардың есебіне жабдықтардың нормативті жұмыс істеу уақыты алынады.

Жабдықтың бір бірлігінің өнімділігі қолданылған жабдықтың түрі және өндірістің сапалық ерекшеліктерінің тәуелділігіне байланысты бөлек кәсіпорындарда әр түрлі анықталады. Сондықтан жабдықтың өнімділігін есептейтін салалық ерекшеліктерді ескере отырып, басты жабдықтың әдістерінен өндірістік қуатты анықтаудың әр түрлі тәсілдерін көрсетеді. Сонымен машина жасаудың бөлек өндірісінде өндірістік қуаттың мөлшері келесідей анықталады:

вр

ПМ м/стр = (11)

Т е

Мұндағы, ПМ м/стр - машина жасайтын кәсіпорынның өндірістік қуаты; n - басты жабдықтың бірлік саны; Т е - шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығы.

Агрегаттық өндірісте (химиялық кәсіпорын, металлургиялық және басқа салаларда) өндірістік қуат мөлшері келесі формула бойынша анықталады.

вр

ПМ агр = *b*k вых (12)

Д п. ц

Мұндағы, ПМ агр - агрегаттық өндіріс типіне жататын кәсіпорынның өндірістік қуаты;

Д п. ц - өндірістік цикл ұзақтылығы, яғни партиясының өндірісінің басынан соңына дейінгі уақыт;

b - агрегаттың (аппараттың) пайдалы көлемі немесе агрегаттың пайдалы көлемінің бір бірлігіне жүктелген шикізат көлемі;

k вых - агрегаттың (аппараттың) пайдалы көлемі немесе агрегаттың пайдалы көлемінің бір бірлігіне жүктелген шикізат көлемінен дайын өнімнің шығу коэффициенті.

Өндірістік қуат түрінің классификациясын негізгі 5 белгісі бойынша қарастыруға болады. [5, бет 2-3]

Кесте 1

Өндірістік қуат түрінің класификациясы

Белгісі
Белгі түсінігі
өндірістік қуат
Белгісі: 1. Қуатты есептеу жүргізілетін уақыт
Белгі түсінігі:

Сағат

Ауысым

Тәулік

Он күндік

Ай

Тоқсан

Жыл

1-5 жыл

5 жылдан астам

өндірістік қуат:

Сағаттық

Ауысымдық

Тәуліктік

Онкүндік

Айлық

Тоқсандық

Жылдық

Келешекке арналған

Болжамдық

Белгісі: 2. Қуатты есептеуді жүргізетін объект үлгісі
Белгі түсінігі:

Жетекші бірлік жабдығы

Участок

Цех

Кәсіпорын

Сала

Ұлттық экономика

өндірістік қуат:

Жетекші жабдық бірлігі

Участок

Цех

Кәсіпорынның

Саланың

Ұлттық экономиканың

Белгісі: 3. Объектінің жай - күйі
Белгі түсінігі:

Қолданыстағы объект

Қайта құру объектісі

Жобалау объектісі

өндірістік қуат:

Қолданыстағы объектісінің

Қайта құру объектісінің

Жобалау объектісінің

Белгісі: 4. Есептеу кезеңінің этапы
Белгі түсінігі:

Есептеу кезеңінің басы

Есептеу кезеңінің соңы

Орташа жылдық

өндірістік қуат:

Кіру

Шығу

Орташа жылдық

Белгісі: 5. Өнімнің ассортименті және номенклатурасы
Белгі түсінігі:

Жоспарлы

Фактілік

Оптималдық

өндірістік қуат:

Жоспарлы

Фактілік

Оптималдық

Есептік кезең бойынша өндірістік қуаттың классификасы ең маңызды болып келеді. Өйткені ол өндірістік қуаттың балансын әзірлеуге рұқсат етеді. Өндірістік қуат балансы - күрделі құрылыс және өндірісті дамыту жоспарын, өнімді өндіру жоспарын дәлелдену үшін әзірленеді. Құрылым бойынша өндірістік қуат балансы келесі формаларда болады.

  1. Жыл басына деген өндірістік қуат немесе кіріс өндірістік қуат ПМвх. Оның мөлшерін өндірістік қуат мөлшерін анықтағандай анықтайды, яғни бұрынғы жыл соңына және алдыңғы жыл қуат балансынан есепке алынады.
  2. Өндірістік қуатты енгізу ПМвв

А) жаңа өндірістік қуат балансына сатып алулар мен қойылулар;

Б) өндірісті қайта құру, техникалық қайта жарақтану.

В) жаңа құрылысты және өндірісті кеңейту.

Г) өнім сапасын жоғарылату.

Д) өнімнің ассортиментін және номенклатурасын өзгерту (көбейту)

Е) аяқталмаған өнім көлемінің қалдығын өзгерту (көбейту) .

3. Өндірістік қуаттардың шығуы ПМ выб

А) табиғи және моральдық тозу

Б) басқа кәсіпорынның балансына аударулар және өткізулер.

В) дүлей апаттар

Г) өнім сапасының төмендеуі

Д) Өнім ассортиментінің және номенклатурасының өзгеруі ( төмендеуі) ;

Е) аяқталмаған өнім көлемінің қалдығының өзгеруі (төмендеуі)

4. Жыл соңына деген өндірістік қуат немесе шығатын өндірістік қуат. П вых.

ПМ вых =ПМ вх +ПМ вв -ПМ выб (13)

___

  1. Орташа жылдық өндірістік қуат ПМ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық ірі кәсіпорындардың интеграциялану үрдісі мен бәсекеге қабілеттілігі
Солтүстік Қазақстанның географиялық орны
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Солтүстік Қазақстан облысының демалыс орындары мен туризмнің біртұтас туристік қарқынын сипаттап, туристік қызметтің ролін анықтау
Металл есік цехын ашу
Сапа көрсеткіштерін бағалау
Өндірістік ғимараттың жоспарын жобалау
Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы
Күн жүйесінің кішкентай денелері
Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz