Үйірме сабағындағы педагогикалық әдістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Қолданбалы сәндік
өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...7
1.1. Кілемнің шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 10
1.2. Тұрмыс тіршілікте кілемнің
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...16
1.3. Кілем өнерінің Қазақстандағы
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .18
1.4. Тоқымашылық
өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .24
1.5. Кілемнің жасалу түрлері және инемен кілем тоқу
кезеңдері ... ... ... 26
1.6. Кілемдегі түстер
үйлесімділігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
ІІ Үйірме сабағындағы педагогикалық
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.1. Оқушылардың көркемдік талғамын, шеберлігін қалыптастыру-дағы
қолөнер үйірмесінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.37
2.2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыру ... ... ... ... ..40
2.3. Үйірме сабағының жоспар
конспектілері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 50
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі:

Ізгілікті, демоератиялық, құқықтық мемлекет құруға бағдар ұсынып, жаңа
тұрпатты даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның ғылымы алдында бүгінгі
таңда кезек күттірмес көкейкесті проблемаларды шешу міндеті қойылып отыр.
Ғылым саласындағы ең басты міндеттердің бірі – ел тарихын тарихи шындыққа
сәйкес нақтылай көрсету болса, бұл тұрғыда ұлтымыздың қол өнерін халықтық
мәдениет тарихының құрамдас бір саласы ретінде танып-білудің және оның
өзіндік сипаттары мен тәлім-тәрбиелік мәнін саралай зерделеп, әділетті
бағалаудың мезгілі жеткендігі сөзсіз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Мәдени дәстүр қашанда әлеуметтік қайта
түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта
оралу – бұл, әрине, оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді,
мәдениетті... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр , - деген сөзі күн
тәртібіне қойылған қай проблеманың да оң шешім табуына мүмкіндік барын
айғақтайды.
Мұндай жағдай мектеп оқушыларының өз халқының рухани қазынасымен,
оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыптары мен ұлттық бейнелеу өнеріндегі
көркем шығармашылық дәстүрлермен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттілігін
тудырады.
Ұлттық қол өнер мұрасын оқу тәрбие үрдісінде пайдалану мәселесі
философиялық, тарихи-этнопедагогикалық, теориялық, дидактикалық
әдебиеттерде қаншалықты деңгейде көрініс тапқанын қол өнерге тән көркем
шығармашылық әдіс-тәсілдерді болашақ мамандарға тәрбиелеу ісінде қолданудың
теориялық-дидактикалық негізінің осы уақытқа дейіе нақтыланбағаны, соған
орай шешімін күткен бірнеше қажеттілік анықталады.
Сондай қажеттіліктердің бірі үйірме сабағында оқушыларды қол
өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытуда қазақтың ұлттық өнерінің көркем
шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білу болып табылады. Бұл
мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушыларды қазақтың ұлттық қол өнері
негізінде көркем шығармашылыққа оқытуда білім сапасын арттыруға жол ашады
және меңгерген іскерлігі мен қабілетін толық пайдалана білуге
дағдыландырады. Бұл тұрғыда ұлттық қол өнер, нақтылай айтқанда ұлттық кілем
өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы көркемдік ерекшеліктерімен
оқушыларға мәдени, эстетикалық, эмоционалды, интеллектуалдық тұрғыда әсер
етіп, олардың бойындағы көркем шығармашылық қасиеттерді жетілдіре түсуге
ықпал етуге толығымен қабілетті. Сол себепті қол өнердің көкем шығармашылық
мүмкіндіктері мен түрлі реңктерінің үйлесімділігін оқу – тәрбие процесінде
кең көлемде қолдануды іске асыру аса қажет. Қажеттілік шешімін тапқан
жағдайда оқушыларды өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен,
әдет-ғұрыптары мен ұлттық бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылық
дәстүрлермен неғұрлым тереңірек таныстыруға жол ашылады.
Аталған қажеттілікті шешу үшін ұлттық қол өнердің, кілем өнерінің
тарихи мазмұны, көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық мүмкіндіктері
айқындалып, оқушыларға сәндік қолданданбалы өнердегі шығармашылықты
оқытудың дидактикалық шарттары анықталуы және сол негізде дидактикалық
нұсқаулар әзірленуі шарт.
Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолөнер
түрлері мен әдістерін толығымен таныстыру қажет.
Зерттеудің объектісі:
Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні:
Үйірме сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы белсенділігін арттыру
Зерттеудің мақсаты:
Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де
ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық, қолданбалы қолөнерінің тұнығынан
сусындатып, халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан
таңқаларлық тамаша шығармаларымен таныстыра отырып өнерге қанат қаққан
шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп дұрыс бағыт сілтеу, ұлттық қолөнерге
баулу басты мақсат.
- Оқушылардың білімдерін қолөнер тұрғысынан тереңдету
- Еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту, талғам деңгейін
жоғарылату.
- Қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке оқыту,
тәжірибелік эксперименттен өткізу және нақты қорытындылар жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқу процесінде алған білімін, үйірмеде іс-жүзінде қолданып, қолөнер
бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдалану.
2. Қолөнер бұйымдарын жасау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
3. Шыдамдылық пен төзімділікті, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға,
шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы:
Оқушылардың қолөнер бұйымдарын жасау арқылы белсенділігі мына жолмен
жүзеге асуы мүмкін болса;
- егер қазақтың қолөнерінің даму тарихын зерттеу негізінде құнды
тәлім-тәрбиелік идеялар анықталса;
- егер қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерге
оқытудың теорилық негізі анықталса;
- қолөнер бұйымдарын жасау арқылы оқушылардың белсенділігі арта
түссе.
Ғылыми жаңалық:
Қолөнер бойынша оқушылардың жүйелі білім алуы мен соған сәйкес
шығармашылық бейім қабілеттері жетілген сайын оқушылардың белсенділігі
артады және шығармашылық іс-әрекетке оқыту сапасы да артады.

Практикалық маңызы .
Ұлттық ойлау жүйесінің, дүние танымдық қалыптасу заңдылықтарын,
ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселенің қосар
өзіндік үлесі аз болмас .
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс еліміздегі өнер тарихы мен философия
тарихы, мәдениеттану сияқты ғылымдарды зерттеу мен насихаттау, білім беру
және жаңа заман талабына сай ойлау мәдени сұхбат ерекшеліктерін талдау
қабілеттілігін қалыптастыру ісіне де қатысты.
Жұмыста көрсетілген теориялық және практикалық жағдайлар болашақта өнер
тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді. Дипломдық жұмыстағы
қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану
проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен
лекцияларда қолдануға болады. Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет
екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт – дәстүрді және әдет -
ғұрыптарды дұрыс пайдалану студенттердің сана - сезімін, ой -өрісін,
дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды.

Қолданбалы сәндік өнері.

Қолданбалы өнер: Ежелгі уақыттан бері адамзат баласы өзін қоршап
тұрған айналасын тек қана ыңғайлы болуын ғана емес сонымен қатар әдемі етіп
жасауға тырысыты, жай матаның үстіне тігілген оюларды көшірген, керамиканы
өрнектермен суреттермен безендірген, ең алдымен ойылған және қырылған содан
кейін басқа түсті саз балшықпен безендірген. Кейін осы мақсатпен түрлі-
түсті кіреуке мен глазурді қолданған. Металдық бұйымдарды пішіндік
денелерде құйып жасаған, шекімен мен насечкамен жапқан. Зергерлік өнер
затқа түсірілген, сол арқылы ол әсем, бай әдемі болып көрінетін. Осы арқылы
ол өзінің кәдеге жарауын алғашқы негізін сақтаған және пайдасын, енді тек
қана сүйсініп қоймай, назар аударарлық етіп көрсетуге болады. Бұл зат
жарамдығы үшін бағаланған жоқ, өзінің өрнегі үшін, зергерлік шеберлілігімен
бекзаттық матасымен, талғампаз жұмысымен бағаланған. Кешірек ХІХ ғасырда
осы көркем облыстық негізді завттық әлемді қолданбалы өнер деп таныған.
Өмір жағдайы, әр халықтық өмірі, табиғи және климаттық жағдайда өмір
сүру, сөзсіз қолданбалы өнердің дамуына жағдай жасады. Бірақ қолданбалы
өнер бұйымы – тоқыма, киім, ыдыс т.б. болса индустриялық жобамыен
шығарылады, олар өздерінің белгілі мөлшерде халықтық ерекшеліктерді
сақтайды. Мысалы, тоқымада, фарфорлық ыдыста нақты халықтық сызықтар
байқалады. Көбіне ұлттық суреттік айырмашылықтар; көйлектік маталарда, бас
киімдерде, аяқ киімдерде көп байқалады. Бірақ та өзбектік тебетей,
грузиндық – славяндық бас киімдер қолдан және кәсіптік жолмен жасалады.
Сондықтан қолданбалы өнер бұйымдары, келешекте өзінің негізгі кәдесінде,
рухани мәдени элементтерін, ұлттық дәстүрлік қолданады. Суретші жұмыс
істегенде олардың қолайлығына және өзінің байланысты фнукциясын ойлмайды.
Осы заттармен пайдаланған адамдарға олардың әсемдігімен эстетикалық
қолайлығын жеткізе білген фарфорлық, хрустальдық ыдыстар, жылтыр жиһаздар,
гүлдерге арналған құмыралар, қолданбалы маталар, жамылғылар т.б. көркем
мазмұнды заттық әлемнің барлығы маңызды элменттер болып табылады. Олар
тәжірибелік мақсат пен біріңғай тұрмысты әшекейлеуге қызмет етеді, сонымен
қатар белгілі әсерлі қанағаттылықты құрайды. әдемілік және гармониялық
тепетеңдік бір-біріне пайдасын толықтырады.
Сәндік өнері. Адамзат баласы ерте заманнан бері өздерін сақина,
білезік, сырғалармен мойын әшекейлермен безендірген, кешірек киім заттарын
әшекейлеу пайда бола бастады, содан кейін үй ішін безендіру. Мысалы, кілем
– бұрыңғы кездерде кілемге отырып, жерге төсеген болса, қазіргі кезде
кілемді әдемілік үшін қабырғаға іледі. Бұл жерде барлығы әсемдік пен
әдемілікке жүгінеді. Кейбір заттар әлі күнге дейін өздерінің әр түрлі
қалыпты пішіндерін сақтап қалған. Бірақ олардың бағасы мен мағынасы енді
әдемілікте бекітілген.
Бұл өнер өте кешірек ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сәндік деп аталған (француз
тілінен декор әшекей деген мағынаны білдіреді). Сәндік өнер бұйымы тек
қана ішкі үй құрылыстарын, киім немесе адамдарды безендіру үшін қолданыды.
Егер дизайн затттарын миллиондап даналарын шығарса, ал қолданбалы өнері –
мыңдап, сәндік бұйымдар – жүздеп немесе ондар қана даналары шығарылады.
Суретші ең алдымен индивидуалдық түр-түсін іздестіреді және де ол қандайда
бір ұлттық сарында қолданылады. Сәндік қолданбалы шығармашылықтарда ең
бастысы жалпы көркем мәнерлілігі, бүтін заттық әсемдігі.
Сәндік әшекейлер мемлекеттік зауыттарда фабрикаларда ғана емес жеке
шеберханаларда шығарылады. Шығармашылық заттар сияқты жасалып, фарфор,
мата, әйнек дүкендерінде сатылады. Негізгі индивидуалдық сәндік
шығармалармен мұражай фондарын толықтырады. Сәндік шығармалар суретшінің
көру есте басқа шығармалықтардағы бірнеше өнер түрлері сияқты адамдардың
материалдық және рухани қызығушылықтарын артырады. Сәндік өнері
шығармаларының көмегімен кең массалық адамдар қазіргі кездегі әсемдікке көп
көңіл бөледі.
Сәндік шығармалар терең мазмұнды. Театрлық залдарда салтанатты
шымылдықтар, мазмұнды тақыр кілем және үлкен емес кеуделік жұлдыздар туралы
көбіне сөздер айтылады.
Сәндік өнер мәдени ел өміріне үлкен ролі ықпал етеді.
Даму дәрежесіне байланысты өнерді, көркем мәдени қоғамға байланысты
толық негізгі деңгейін қарастыруға болады.
Қолданбалы және сәндік өнері көбіне бір-бірін жиі толықтырады,
сондықтан кптеген жерлерде қолданбалы сәндік өнері туралы айтылады.

1.1. Кілемнің шығу тарихы

Қазақ халқының өнері, жүз жылдар арасында аз өзгеріске ұшырағаны
табиғи қолөнерге байланысты. Бірақ оның да өз ерекшелктері бар. революцияға
дейінгі қазақ халқының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты өнердің
стационарлық базаны талап ететін түрлері дами алмады. Мүмкін, қазақ
өнерінде соңғы ғасырларда керамика, әйнек, фарфор, жұқа мата өңдеу өнер
болмауымен түсіндіріледі. Бір жағынан, XVII ғасырда дәстүрлі тауар
айналымды Орта Азия, Иран, Түркия, Ресей дәстүрлі тауар айналым жасауға
рұқсат етілді.
Ертеде жүн өңдеу қазақ өнерінде бірінші орын алды. Киізден оюланған
төсеніштер, қабырғаға ілінетін кілемдер, дорбалар, аяққап, әбдіре қап,
қоржын, шабадан тағы басқа бұйымдарды жасаған.
Инемен тоқылатын кілемдер өте маңызды роль атқарған. Оларды жерге
төсеп, қабырғаны әшекейлейтін. Көшіп – қонып жүрген кездерде түйенің үстіне
кілем жабатын. Кілемді жүннен тоқитын.
Кілем тоқу – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнеріне ертеректен
белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақытта да
шебердің қолы ортақ деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу сияқты
көршілер арасындағы ұйымшылдық пен өзара көмекпен, қолқабыс көрсетуінің
арқасында тындырылған іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан – аяқ 3 -4адам,
құруға одан да көбірек адамды қажет ететін жұмыс.
Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалған
бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді.
Еліміздің түкпір – түкпірінде кең таралған осы бір өнер түрінің өріс алып,
бай мазмұнға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе
республикамыздың оңтүстік аудандары.
Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай
кілем тоқудың түрлері де сан алуан. Әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған
қалыпқа лайықтап, қазіргі тұрмыста кеңінен қолданып жүргені – түкті кілем
және тақыр кілем.
Түкті кілем ою - өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста
қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қана қазақ жерінде
оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар өзге елдерден әкелінген кілем
түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. әндіжан кілем,
Бұқар кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, арабы кілем деген атаулар соның
айғағы болса керек.
Өнерлі өрге жүзер дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік
қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі
келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі
бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп,
сұлулық әлеміне жол таппысына кім епіл? Оның айғағы – тарихта қалыптасып
келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын
суреттеуге лайықталып келген ою - өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара
түсіп, бет – бедерінде тұмыс – тіршілікке байланысты тың мағына беретін
туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі
кілем тоқу өнері – біржақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі – қолдағы
барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда.
Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен
сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызы
басымырақ тұр.
Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, украин халықтарының арасындағы
қолмен тоқу өнерінің көптеген түрлері бір – біріне ұқсас болып келеді.
Бұған қарағанда осы елдер арасындағы көршілік қарым – қатынастың ертеден –
ақ қалыптаа басталғандығы байқалады. Халықтар қолөнеріндегі мұндай
жақындық, бір ғана қолмен тоқу өнерінде емес, тіпті ағаш өнеріде, тастан
ойып қашау, былғары илеу ісінде де байқалады.
Жүн, түбіт, майда торқа, жібек жіптерінен үй тұрмысына аса қажетті және
көп қолданатын шұлық, шарф, шәлі сияқты бұйымдар тоқылады.
Ал мұндай әрі жылы, әрі жұмсақ, жеңіл де икемді тоқыма заттары, әсіресе
бақтышылар үшін өте қажет – ақ. Бұларды тоқу құрал – жабдықты, жұмыс
істейтін орынды онша талғамайды. Мұндағы пайдаланылатын құрал өте
қарапайым. Мысалы, бұранғы кездегі шұлық тоқу үшін ағаштан және сүйектен 12
– 15 сантиметрлік, сымнан 18 – 20 сантиметрлік қармақты біз жасайтын.
Қазақтың халық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып
алған жіліктің қыр сүйегінен егеліп істелетін. Тобылғының, аршаның,
тасжарғанның шыбықтарынан жонып та жасаған. Ал сым иілмейтін болаттан
болса, оның ұшы дағаланып, қыры жұмырлана тұжырылып келсе тіпті жақсы.
Шұлық, қолғап, ұйық, шарф, кеуде көйлек, басқа киетін кепеш және тағы
басқа заттарды тоқу үшін екі түрлі жіп қолданылады. Олар фабрикаларда
иірілген мақта – мата жіптердің түсі, жуан – жіңішкелігі, сапасы әртүрлі
екені белгілі. Сондықтан шебер бұлардың ішінен өзіне керегін таңдап алады
да, содан соң барып іске кіріседі.
Қазақ қолөнершілері, жоғарыда айтылғандай, тоқу ісіне көбінесе, жүннен
иірілген жіптерді пайдаланады. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің
түбітінен иірілген. Мұндай жіптер таза, әрі жұмсақ, төзімді, созылмалы,
әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң майдалап
түтеді. Түтілген жүн қыл – қыбыр, шөп – шаламынан тазартып, ұйысқаны
жазылып, жұп – жұмсақ үзіліп тұрады. мұндай жүн созып иіруге, иненің
жұмсауынан өткізуге, сымның, иненің, біздің ізімен іркілмей жүргізіп
отыруға ыңғайлы.
Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйеркелей отырып жеңі – жлпі
домалаққа төгеді. Домалықтың ортасына әдейі ызған баудан немесе кез –
келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сцыртқа шығып тұрады. жіп
иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортаңғы саусағына іліп алады.
Бұл ілмек шүйкені қыл – қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің
басына) іліп қою үшін өте қажет.
Жіп иірудің екі құралы бар. оның біріншісі – ұршық. Екіншісі – аяқпен
айналдыратын жіп иіруіш. Ұршық пен жіп иірудің де екі әдісі бар. Бірі –
шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені жоғары
(үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және тағы сол сияқты) іліп қойып иіру.
Екуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан
жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыпырғылай отыруын, саусақтарының шебер,
ширақ қимылдауын керек етеді.
Иіріліп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен
жалғастырады.
Ауылды жерлерде кездесе бермейтін, енді сол ауылды жерлерде
атазаманнан бері пайдаланып, бірақ, соңғы кезде қарапайым станоктың кейбір
атауларына түсінік.
Төсек кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің
ұзындығы: 5 м; ені: 2,5 м шамасында. Кергі ағаш кілем тоқылатын желінің
басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жерлеген жіпті керіп тұратын
ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына
қарай немесе оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген
жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек – желінің жалпы саны орта
есеппен еркегі 600 жіп, ұрғашысы 500 жіптей болуы керек. Үй иесінің
тоқытатын кілем мөлшеріне қарай желі – төсек мөлшерінің бұдан аз да, көп те
болуы мүмкін.
Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы
байланыстырып тұратын көлденеңінен ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы керілген жіп желісінің шатысын немесе күзугісін бетіне шығарып
былайша айтқанда еркек жіптен ұрғашы жіпті ерсілі – қарсылы, жоғары –
төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ белағашты көтеріп тұратын алма басты тіреу ағаш техникалық кілем,
- дейді халық.
Қазақтың терме өрнегінің тәсілімен тоқылатын заттар қатарына кілем,
тақыр кілем, құр, таңғыш, желбау, басбау, есіктің тастамасы, қоржын,
сандыққап сияқты бұйымдар жатады. Ботаның, түйенің ноқталарын, тоқыма
белдеу мен тең жапқыштарды ауыл шеберлері жай өрнекпен де, аспалы өрнекпен
де тоқи берді.
Алаша, бау, құр, жіп – шулардың д түрлері де көп – ақ. Алаша – бояулы
алаша, бояусыз алаша, жүн алаша, жол алаша, жалаң қабат алаша, екі қабат
алааша, терме алаша, өрнекті алаша, шашақты алааша, көмкерулі алаша, жиекті
алаша деп бөлінеді. Шекпеннің түйе жүн шекпен, биязы шекпен, ақ шекпен, қой
жүнді шекпен, бояулы шекпен, шым шекпен, ширақы шекпен, ақ шекпен, ала
шекпен, әр шекпен, қара шекпен, түбіт шекпен сияқты түрлері бар.
Енді терме, құрларды атап, олардың кейбіреулеріне түсінік берейік.
Басқұр – керегенің басы мен уықтың бауылығымен оралып тұрады.
Дөдеге құр – үзіктің сыртынан дөдегеден оралады.
Басқұр – керегенің басын сыртынан шымқай орап тұрады.
Басқұр – туырлықтың басбаулары, үйдің ішінен уықтың үстін шырмай
орайды.
Басқұр – киіз есіктің басбауы (тастама).
Құр таңғыш – керегелердің, қоспалардың таңғышы.
Құр бау – киіз есіктің екі иін бауы.
Аяққұр – туырлықтың етегін бастырып белдеуге байлап тұратын және
жинағанда ерегелердің аяғын орайтын аяқбаулар.
Құр – жел бау, киізді үйдің екі таянышына керегелерді қосып байлайтын
құр бау.
Құраяқ жіп – түйге мінгенде аяқ салып отыратын үзеңгі. Сонымен бірге
құр белбау, құр дорба, құр қоржын, құр алаша тағы басқа түрлері бар.
Қазір күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл – желпі заттарды өрмек
станоксыз – ақ қолмен тоқи береді. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы
орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Бұл
өнер мен қазіргі кездің өзінде республикамызда 300 – ден астам оқушылар мен
оқытушылар, ғылым және өнер саласындағы қызметкерлер айналысып жүр. Қолмен
тоқу өнерінің түрлері өте көп және жан – жақты дамыған өнер. Олардың басты
– басты түрлері мынадай:
1. шәлі, шарф, шұлық, қолғап сияқты трикотаж заттары;
2. шілтер, перде, төсек жапқыш, жастықтың беті, стол жапқыш және тағы
басқалар;
3. әртүрлі жіптерден, талшықтардын, кендірден, өсімдіктердің сабағынан,
сірнеден (казеин) тоқылған сөмке, тор қалта және басқа да көптеген затар;
4. шиден, қмыстан, шіліктен, жөкеден жасалған заттар;
5. шыбықтан, қамыстан тоқылған қораптар, шарбақтар, ыдыстар,
орындықтар, ықтырмалар.
Бұл өнерді игерудің негізгі әдістерін қолданатын құралдарына қарай
топтастырылған дұрыс сияқты. Мысалы, аталған 1 және 2 – топтағы тоқымалар
қармақты бізбен, сымман тоқылады. Мұндай тоқыманың негізгі әдісі – тоқылып
отырған жіптің ілмегін санап, үлгіге қарап отыру. Бізбен шалып, яки сыммен
тізіп тоқығанда, жіпті шалудың өзі біршһнеше түрлі болады. Ілу, шалып ілу,
торлап ілу, өткерлеп ілу және осы сияқты олардың басқа да әлденеше түрлеі
болады. Қолмен тоқуда да бірнеше түрлі өрнек, әсем әшекей жасалады. Өрнек
түстері әр түрлі жіптерді кездестіріп қолданумен қатар, жіптің шалымын,
ілмегін санай отырып, әр алуан өрнек жасап тоқу арқылы орындалады.
3, 4 және 5 топтағы тоқудың әдісі көбінесе өткермелеу, орай бұрып
өткермелеу, кенерелерге, аралық шыбықтарға, қадаларға бекіте тоқу арқылы,
кейде өрнек әдістерін пайдалана тоқу арқылы жүзеге асырылады. Өрнектеп
тоқу, мәнерлеп бояу - әртүрлі белдеу мен шашақ, түйін, бұрай шығарып тоқу
жолымен де іске асады.

1.2 Тұрмыс тіршілікте кілемнің қолдануы

Кілемнің үй тұрмысында тұтынуы оның өте беріктігі мен төзімділігіне
байланысты болса керек. Сонау көне заманнан келе жатқан қазақ халқының
дәстүрлі үй мүліктерінің бірі – кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол
өзіндік қолдану жағынан көптеген материалдардан, тіпті, металдан да асып
түседі десек артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді,
оңайшылықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң – тозаңнан тез тазартылатын,
ылғалдылық пен құрғақшылықты елең қылмайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын,
күмістен жасалған қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі
деп білген.
Кілемнің осындай асыл қасиеттеріне байланысты қа кезде, қай заманда
болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой тоқыған,
әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің
сапасы мен түрі – түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға
пайдаланатын қой жүнінің сапалылығы жоғарыда айтылған аймақтардың шөбі мен
суына, табиғатына, климатына бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі
әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі
анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы,
жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы – Қазақстанның оңтүстік
облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта
кілемнің сапалы түрі көп көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке
мамық жүні ерете заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған.
Осыған орай, бұл жерде қой жүнін өңдейді де көне дәуірден – ақ білген.
Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Көбінесе, қой жүні
негізгі роль атқарған. Мысалы, Робилсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының
кілемді арқар жүнінен тоқығаны сөз болады. Кейбір түрікмен кілемдерінде
мақта өрнек салуға пайдаланумен бірге, кілемді жібектен де тоқыған.
Ал, кілемнің қазақ арасына көп тараған түрлеріне келетін болсақ, олар:
масаты кілем, қалың кілем, жібек кілем.
Осыған орай енді біз өрмекпен тоқылатын үй жиһаздарының, яғни кілем
түрлерінің бірқатарын атап өткенді жөн көрдік. Олар: адай кілем, ақ кілем,
ақсирақ кілем, Алматы кілемі, Әндіжап кілемі, Ашхабад кілемі, бас кілем,
бөртпе кілем, бұқар кілем, бөстек кілем, барқыт кілем, ноғайлы кілем, нар
кілем және тағы басқа. Әрине, кілемдер істелу мәнерлеріне, ұлттық
түрлеріне, ою - өрнектеріне қарай түрлі – түрліше атала береді. Мысалы,
кейінгі кезде жас шеберлер өздерінің кілемдерін Бақыт кілемі, Қыз қуу,
Некеге бару, Космос деп атап жүр.

1.3. Кілем өнерінің Қазақстандағы дамуы.

Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау
көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын соңды жүргізілген
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің
үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде
мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі
тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан
көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жерінде жан-жақтан келген
көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен
Орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне
мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына
сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың
нәтижесінде 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басында қазақ
халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге
көтерілді.
Революцияға дейін қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік
экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі,
бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші
елдермен. Әсіресе, Ресеймен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени
байланысының арта түсуі, тағы басқа көптеген ішкі факторлардың әсері
айтарлықтай ықпал жасады. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі,
тіпті, ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерде
кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде
өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан айтайық: Балаңа ер
қосып бер немесе Сықырлауық жасап берем, - қарызға мал алып, қажетіне
жұмсады. Нәтижесінде айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып
соны өтеу жолында өмірлері өтетін – ді.
Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтанып жатқан ұлттық
мүліктермен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеумен
бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа,
сүйек, керамика мен түсті металға жасау – жиһаздарға бейнелейтін сюжетті
өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғарғы дамыған кезіне келіп жетті.
Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда,
Қазақстанда қолөнер кәсібі бұлан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірде
өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың шығармашылығы арқылы
қалыптасып, мәдени мұраға айналған. Республикамыздың әр жерінде қазіргі
кезде кездесетін күмбірлеген күмбез, төрт құлақ сағана ескерткіштермен
ғимараттар өздерінің әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашық та
айшықтылығымен бүкіл бір архитектуралық ансамбль ретінде айрықша
сүйсіндіреді. Бұлардан жекелеген өнерпаздардың шеберлігін ғана емес, күллі
бір сәулетшілік үрдісті архитектуралық мәдениетті көреміз. Торғай,
Қорғалжын өңіріндегі, Маңғыстау, Қаратау төңірегін, Орталық Қазақстан мен
Талас, Шу, Сағыз, Желі алабын, Жетісу, Сыр бойын жайлағын өлкеден
Тарағатай, Алтайға дейінгі ғимарат нұсқаларының әсем үлгілері қазақтың бір
кезде өрісі мәдениетті болғандығын дәлелдейді. Соңғы кезде ежелгі мәдениет
орталығы – Отырар орнын қазу барысында табылып жатқан заттар, қолөнер
кәсібімен айналысқан шеберлердің қолынан шыққан әсем бұйымдар қазақ
халқфнфң мәдениетін жаңа мәліметтермен байытуда. Сонау сақ дәуіріндегі
мәдени мұралар мен материалдық байлықтың қалдықтарынан қазақ халқы ертедегі
сақтардың бірден – бір мұрагері екендігі көрінеді. Бұл туралы грек, Рим,
саяхатшыларының еңбектерінде, парсы, араб, жылнамаларында да талай
айтылған.
Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай
жатқан түрлері де баршылқ. Айталық, қазақ халқына өрмек тоқу, алуан түрлі
кілем, бау, басқұр, алаша, сырмақ сыру, тұс киіз жасау сияқты өнері кең
тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көне деп бағалап халқымыздың тұрмыс
қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз қажет.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып
есептелсе, қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Кілем арнаулы қарапайым
өрнек арқылы ерекше түр саналып, әрбір шаршы метріне шамамен 230 – 400-ге
дейін, ал өңбойына бір миллионға жуық жіп түйіндерін келтіріп өте тығыз
тоқылатын аса бағалы бұйым.
Жазбаша есерткіштерге қарағанда бұрынғы заманда киіз үйдің ішіне ұстап,
еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үздігі орнына
жапқан.
Азған уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу өнері толығынан игерілді. Жұмыс
өнімділігін айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жиырмаға жуық кілемдеріміз
еліміздің әр түкпірінде мұражайларда сақтаулы.
Қазақстан облысында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне
заман деректерінде де олар осы күнгі аттарымен аталады. Мысалы, бұқар
кілем, жол кілем, жолақ кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, қара
кілем, қалы кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, ақ сирақ кілем, адай кілемі
сияқты көптеген атаулардың өзінде – ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден
таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын
аңғартады.
Енді осы өнердің ел арасында дамыған түрі – түкті кілем тоқудың Шымкент
облысы, Бөген ауданының Алтын төбе бөлімшесінде тұратын Үрият
Сатқанбаевадан жазып алынған қарапайым технологиясы:
Кілемге түс салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек
жібінен сәл жуандау, бірақ бос иіреді. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе
түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп, жүн жууға
арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым сумен жуылып,
салқын сумен шайылады. Келептерді жеке – жеке жайып сорғытып бояйды. Бояу
әркімнің қалауынша мөлшерленіп, боялатыны жіп мөлшеріне орай суға езіліп
құйылады. Түйршік қайлмай әбден ерітілген юояу қазанда қайнап тұрған суға
құйылып, үстіне сірке қышқылы қосылады. Енді қоспа араластырыла отырып жіп
салынады. Қазанның қақпағын жауып, жіп бояуды алғанша қайнатады. Сонан соң
келепті бір – бірлеп сорықтырып, бөлек ыдысқа түсіріп алады да әбден
суығанша бетін жацып қояды. Сонда ғана боялған жіп өз буымен бояуды бойына
қажетінше сіңіріп, бабына келеді. Әрі қарай бояу сіңген жіпті салқын сумен
2 – 3 қайтара шайып, іледі. Осылайша дайындалған жіптің бояуы оңбайды, бір
– біріне көшпейді. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп,
құлпырта түседі.
Тоқылған кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі
мен түк салуға арналған жүн көлемі де әртүрлі болады.
Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ
келеді. Қазір арқауға мақта жіп те пайдалынып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек
жібіне сәйкес, өтое жіңішке немесе жуан болмағаны жөн.
Көлемі 4,20 х 2,30 м болатын кілем арқауына 4 кг, желі жүгіртуге 10 кг
мақта жіп және түк салуға 24 кг жүн жіп керек. Осы кілемді тоқу үшін 520
қатар желі тартылады. Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйір бидай дәні
сыятындай болса (желі жібі керіліп, қалып темір болтпен тартылғаннан
кейінгі өлшем) жарайды. Желі жүгіртіліп, қалып қатайтылғаннан кейін күзу
байланады.
Күзу байлау өте – мөте мұқияттылықты қажет етеді. Күзу ағаштың ұзындығы
кілем енінен 30 – 40 см – дей ұзындау, қалыңдығы 5 – 7 см болады.
Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп, екі тінделеді. Оны
ешкінің қылын аралстырып иіруге немесе орнына желіге қолданатын мақта жіпті
пайдалануға болады. Күзу жіп боялмайды. Ол желі жібінің орын – орнында,
түгел боялуын қамтамасыз етеді.
Желі жібі өте мықты болады, өздігінен үзелмейді. Дегенмен, әлдеқалай
босаң тартып немесе үзілгені болса, күзуді байқауға болады. Мұны кілемшілер
жіп қашу дейді. Мұндайда үзілген жіпті аса ептілікпен жалғау керек.
өйткені қалып қатайтылып, желі жібі барынша қатайтылып тұр. Сондықтан
ортадан жіп жалғайды да, жалғанған желі жібінің артығын жіңішке шимен бұрап
тастайды.
Соңғы жылдары кілем тоқу үлкен фабрикаларда өндірілетін, өндірістік
кәсіпке айналып отыр. Алматы кілемім совхоз бен колхоз тұрғындарының ең
сәнді жиһазы болып саналады. 1963 жылы жүргізілген есеп бойынша, Қазақстан
көлемінде кілемді қолөнер әдісімен тоқитын 176 шебер жұмыс істеп жүрді.
Олардың кейбір іс үлгілері кең қолдау тауып келеді. Алматылық шебер
Стальной жолдастың 1960 жылы тоқып, Қазақ ССр мемлекіттік музейіне сыйлаған
Еңбек қуанышы деп аталатын кілемі өте сирек кездесетін сәнді экспонат
ретінде сақтаулы тұр.
Кілем өрнегін аспалы өрнек немесе кілем өрнегі деп атайды. Соған
орай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет
болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан,
жібектен ары мықты, әрі жуандау етіп иіріледі. Кейде бұл жіптер бой
жіптердің үстіне арнаулы күзеулерде бос тұрады. Бой жіптермен қатарлас
тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен
басқа жіптерден қарағанда бостау иіріледі.
Ондағы жіптер мақтадан мақтадан, жібектен ары мықты, әрі жуандау етіп
иіріледі. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суырпақтап отырып арқау
мен бой жіптерге іліп отырып түр жасайды. Әдетте түкті кілемді 2 – 3 шебер
қатар оырып тоқиды.
Шебер өз - өзінен тез суырылатын етіп домалақтаған өрнек жасаушы түк
жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір – ақ шалып шығады да,
кесермен қиып адарғы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарда
салып, оны өрнектің нұсқасына қарай кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра
адарғы тарақтың тістерімен нықтайды. Бұл арада бойлардың ерсісі мен қарсысы
ауысып тоқылып отырады. Осы әдіспен ені 2 – 2,5 м, ұзыны 3,5 – 4 м кілемді
екі адас бір айдың ішінде тоқып шығарады.
Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көп түсті бояулармен
боялады. Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ
түсті өрнектер көбірек жүргізіледі, кейде бір негізгі түстің бір – біріне
жақын бірнеше өңдері қолданылады. Мысалы, қызыл, алқызыл, қызыл күрең тағы
басқа түстер. Мұндағы кілем өрнектері әр түрлі. Сол көптеген өрнек
түрлерінің әрқайсысының аттарын кілемшілер жақсы біледі. Кілемөрнектерінің
ішінде жануарлар бейнесін немесе олардың жеке мүшелерін суреттейтін оюлар
да көп. Мысалы, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, иттабан, көбелек және
тағы басқа мұнымен бірге геометриялық өрнектер де кездеседі (ирек, тұмарша,
төртбұрыш).

1.4. Тоқымашылық өнері

Ерте заманнан бастап адамзат баласы тоқу өнерімен айналысады. Бұл
өнердің дамығанын біз кілем мен маталардан көре аламыз. Кілем және маталар
көп уақыт өткенге байланысты сақтала қоймайды. Бірақта сақталып қалған
кілемдегі ою-өрнектер бізді өткенге көз жүгіртеді. Таулы Алтай қорғанында
жүргізілген жұмыстар арқасында VI-Vб.з.д. ғасырларға жататын жақсы сақталып
қалған кілем маталар табылған. Бұл ерте кездегі бізге белгілі бұйымдар.
Сонымен қатар Ежелгі Мысыр елінің де көптеген маталары сақталған. Сол кезде
зығырдан тоқыған, жүгді аз қолданған. Мата жасау, ши тоқу процесін біз
көптеген суреттерден байқаймыз, өрнек тоқу, кескіндемеде, қолданбалы сарын
болып қызмет атқарады. IV Тутомос фараонның табытында әртүрлі маталармен,
гүлдермен, аңдармен бейнеленіп тоқылған зығыр жөргек табылған. Бұл көп
танымал емес Европалық Гобеленге ұқсас еді. Тоқыма қабырға кілемдері
сюжеттық және өрнектік суреттермен керме және гобелендер тарихы ең алғаш
рет Германияда, содан кейін Францияда басталады. ХІ ғасырға жататын неміс
кермесі сақталған. Тоқыма мата кермесі өз алдына полотно болып саналады,
өйткені негізін барлық желі жібі жабады. Бұл тоқу техникасы өте ежелгі.
Орта ғасырда керме тоқу өте көп тараған жерлер батыс Европа, көбінесе
Франция, Нидерланды түкті кілем және кермелер әшекейлік үшін қолданған жоқ,
үй қабырғаларына ілді, жылулық болсын деп, қабырғаларды аз жазықтарға
бөлуге қолданды. ХІ-XV ғасырлардағы кермелер ортағасырдағы қараңғы
сарайлардағы қабырғадағы жазулардың орнын ауыстырды. Кермелерді енді
салтанатты залдарда, үй қабырғаларына ілетін болды. Кермелермен хандардың
тұрақтарын әшекейлеген. Ойындар кезінде кермелермен мінбелерді ілген қалаға
салтанатты байлар немесе мерекелер күні кермелермен үй қабырғаларын,
терезе, балкондарда әшекейлеген.
1962 жылы Францияда корольдік жиһаздық мануфактура құралған, бұл
жерде көптеген шеберханалар жұмыс істеген. Аз уақыт ішінде бұл мануфактура
тек қана керме тоқуға кірісіт, басты Ефропалық өндіріс орталығының бірі
болды. Бұл мануфактура Гобелен жанұясының атында болған Париж қаласындағы
көшесінде орналасқан. Гобелен тоқудағы жіптің сапасы, мал шаруашылығындағы
қой тұқымына байланысты болды.
Ресейге тоқымашылық өнері Европада келген ұстаздар мен тоқымаларды
Франциядан әкелген. Қазіргі кезде тоқымашылық өнердің көп түрлері белгілі.

1.5. Кілемнің жасалу түрлері және инемен кілем тоқу кезеңдері.

Кілем тоқу - өте ескі өнер және әйел адамның сүйген өнерінің бірі.
Кілем тоқу сөзінің астарында кілем тоқудың барлық түрі және кестелеу де
кіреді. Бұл қолөнердің көптеген түрлері бар. Кейбіреулері кілем тоқуды
керек емес деп есептейді. Әсіресе, қазіргі кезде, кез – келген кілемді әр
дүкеннен сатып алуға мүмкіндік бар болған жағдайда қолмен жасағанша. Бірақ
қолөнердің барлық түрінің ішінде кілем тоқу өнері керек болып саналады.
Алып қарасақ кілем тоқу өнері барлық қолөнердің бастамасы болып саналады.
Егер әртүрлі кілемдерді тоқып қолды жаттықтырып алса, онда сіз еш
қиындықсыз басқа да қолөнер түрін оңай меңгере аласыз. Сонымен қатар инемен
жұмыс істеу әр кезде сізге кездеседі. Бір жағынан, жұмыстың қиындығын
білген адам басқа адамның жұмысын сыйлайды, қастерлейді. Ал, екінші жағынан
алып қарасақ, егер сіз еңбектің қадір – қасиетін білсеңіз, онда өзіңіз одан
да жақсы бұйым жасауға талпынасыз.
Жұмыс орны. Жұмысты бастамас бұрын, ең біріншіден, қол мен бүкіл
денені дұрыс ыңғайлау – ол қандай жұмысты орындайтынына байланысты емес.
Ыңғайсыздық ешқандай қолөнермен айналысу алысқа әкетпейді. Қолөнермен
ыңғайланып айналысу үшін орындықтың биіктігін жұмысүстелінің биіктігіне
сәйкестеніп орналыстыру қажет. Бұйым биіктігін мойынды бүкпейтіндей және
қабырғаға жүк түспейтін биіктікте орналастыру қажет. Басты тік немесе
ыңғайыңызға қарай кішкене алға қарай бүгіп ұстауға болады.
Бұйымды ешқашан алдыңызға қойып жұмыс істеуге болмайды – ол сізді
ыңғайсыз және әдесі емес түрде отыруыңызды қалыптастырады.
Кілем тоқу былай басталады: 5 – 6 арқау бойына түк салынбай, арқау
өткізіліп, адарғымен шатыс (алғашқыда адарғыны көтеріп шатыс алынса, келесі
жолы адарғы ағашты жағып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де,
тарақпен тегіс тоқылыс түсіреді. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемнің
басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жол қалдырылып отырады.
Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырады. Түк шалуды, шеттік
2 – 3 арқау әркімнің талғамына сай бірін – бірі толықтырылып, әрлендіре
түсетін жолақ бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал, түк қалай шалынады? Ол үшін
кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түгіне арналған діп домалақтары
оңай тарқалатындай етіліп соған ілінеді. Барлық түстер қатар – қатар ілінуі
керек.
Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтармен
толықтырылып жасалған станоктар тақыр кілем, түсті кілем, қара кілем, терме
кілем, арабы кілем, парсы кілем, алаша кілем, шигүл кілем, шатыргүл кілем,
мәскеу кілем, саумаурын кілем,алтыауыл кілем, торғай түр кілем, қорман түр
кілем, тақта кілем, талас кілем, ақ таңлақ кілем, тағы басқа түрлері көп –
ақ.
Кілем үлгілері әртүрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер
шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою - өрнектерімен қатар қазіргі заман
тынысын бейнелейтін жаңа тұрпаты.
Демек, қазақ арасына бұрыннан көп тараған жоғарыдағы кілемдер тектен –
тек қойыла салмаған, аталған түрлердің өзіндік ою - өрнектері тоқылу
технологиясы мен тәсңлдері барлығы сөзсіз. Олардың боялу, тоқылу, түр салу
әдістерінен – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Музыканы оқытудың әдістері
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Пәндер