Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ
КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Қойшыбайұлы Ермұрат

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к.,
Жұмағұлова Ө. А
Ғылыми сарапшы: ф. ғ. к.,

Көкшетау – 2008 ж
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I. Негізгі бөлім
1. 1. Көп мағыналылықтың
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 2. Полисемия құбылысы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. 3. Етістіктердің көп
мағыналылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. 4. Сөздердің көп мағыналылығының омонимдерге
(олардың бір-бірінен ара жігін ажырату), синонимдерге және
антонимдерге
қатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы "Қимыл ұғым атауларының көп
мағыналылығы ". Жалпы тіл-тілдің барлығына сөздердің көп мағынаға ие болуы,
яғни көп мағыналылық құбылысы тән. Көп сөздер өзінің негізгі мағынасымен
бірге бір не бірнеше қосымша мағыналарға ие.
Сөздер алғаш пайда болған кезде аз мағыналы болған. Бірақ талай
ғасырлар, замандар өткен сайын сөздерге жаңа мағыналар үстеле берген.
Сөздердің жаңа мағыналары адамзаттың заттар мен құбылыстарды тануы, бір
затты, я құбылысты екінші бір затпен не құбылыспен ұқсатуы барысында пайда
болып отырған. Адам санасында танылған екі заттың сапасындағы, я болмаса
атқаратын қызметіндегі ұқсастық байырғы тума атаудың үстіне қосымша мағына
қосқан. Сол себепті бір атау екі, я одан да көп мағынаға ие болған.
Адам өмірінде танылған әрбір ұғым, зат, құбылыс жаңа атауды қажет
етеді. Бірақ әрбір жаңа ұғымға жаңа атау табыла немесе қойыла бермейді.
Көптеген жаңа ұғымдар, заттар мен құбылыстар атаулары бұрыннан бар, байырғы
ұғымның, атаудың үстіне қосымша мағына болып қосылады. Сөздердің көп
мағынаға ие болуы адамзаттың заттар мен құбылыстарды, ұғымдарды тануы,
білуі, сезуі, бір-біріне сапасы я қызметі жағынан ұқсатуына байланысты
туады. Сонымен қатар көп мағыналы сөздердің қорланып дамуына, оның алғашқы
тура мағынасы негіз болады.
Зерттеудің өзектілігі: Көп мағыналы сөздерді зерттей отырып біз көп
мағыналылық құбылысын терең түсіне аламыз. Зерттеу барысында біз сөздерге
қосымша мағына өз-өзінен қосыла қалмайтынын, сөздің көп мағынаға ие
болуының өзіндік заңдылықтары барын байқаймыз.
Сөз мағынасы туралы ілімнің тіл білімінің бір саласы ретінде бөлініп
шығу кезеңі XIX ғасырдың бас кезі. Сол кезден бері көптеген ғалымдар сөз
мағынасына байланысты еңбектер жазды.
Тіл білімінде көп мағыналылық құбылысы біршама зерттелгенімен әлі де
болса сөздің көп мағынаға ие болуының ашылмаған, бізге беймәлім тұстары
баршылық. Мәселен, етістіктердің көп мағынаға ие болу қасиетінің көп
зерттелмегендігі, омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір-бірінен ажырата
білу мәселесі, тағы да сол сияқты мәселелер. Әсіресе, есім сөздерден гөрі
етістіктердің көп мағыналылығы жайында жазылған еңбектердің аз, тіпті
жоқтың қасы екендегі тақырыптың өзектілігін білдіреді.
Зерттеудің нысаны: Зерттеудің нысаны көп мағыналы сөздер. Көп мағыналы
сөздерді зерттей отырып, зерттеуімізді мынадай тақырыптар бойынша
өрбітеміз:
▪ көп мағыналылықтың зерттелуі;
▪ полисемия құбылысы туралы түсінік;
▪ етістіктердің көп мағыналылығы;
▪ сөздердің көп мағыналылығының омонимдерге
(олардың бір-бірінен ара жігін ажырату),
синонимдерге және антонимдерге қатысы.
Зерттеу материалдары: Көп мағыналылыққа байланысты тілші ғалымдардың
еңбектері, зерттеулері. Түрлі еңбектерде кездесетін тақырыпқа қатысты
материалдар.
Зерттеу жұмысының құрылысы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен
және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
беріледі.

1.1 Көп мағыналылықтың зерттелуі
Зерттеуміздің басын тақырыбымыздың өзегі – cөз мағынасының зерттелуі
мен көп мағыналылықтың зерттелуінен бастаймыз. Алдымен сөз мағынасының
зерттелуіне тоқталайық.
Сөз мағынасы туралы ілім семасиология ((Гректің sеmasia мағына, logos
ілім деген сөздерінен жасалған) заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап
білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін
ғылым саласы [1, 280].) деп аталады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде
семасиологияның тіл білімінің жеке бір саласы ретінде қарастырылуы
керектігі жайлы сөз қозғалды. Тілші ғалым К. Рейзиг 1839 жылы жарық көрген
Латын тіл білімі туралы лекциялар атты еңбегінде семасиологияның жеке
тілдік пән ретінде қаралуын айтқан болатын [ 2, 10]. Сөз мағынасын тану
қандай мақсатқа байланысты жүргізілуіне қарай зерттеу ағымдары да сан
тарамға бөлініп кеткен.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басынан семасиология мәселесімен
айналысқандар, негізінен мағынаның өзгеру заңдарын, олардың принциптері мен
типтерін топтау бағытында болды [ 3, 37]. Семасиология XIX ғасырдың аяқ
шенінен бастап тіл білімінің дербес пәні ретінде қалыптасты. Осы кезге
дейін сөздің мағынасының өзгеруінің тәсілдерін көрсететін біршама
материалдар жинақталды, маңызды қорытындылар жасалды және семасиологиялық
зерттеудің негізгі принциптері белгіленді.
Семантика ((Гректің semantikos таңбалаушы, белгілеуші) тіл және тіл
бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы
білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұнын зерттейтін тіл
білімінің саласы [1, 278].) қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең
дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да семантикаға тіл білімінің сөздің
мағынасын зерттейтін лексикалық саласы деген анықтама беріліп жүр [ 4, 3].
Тіл біліміндегі осы семантика бағытының дамуына үлес қосқан ғалымдардың
бірі – Герман Пауль (1846-1921, Германия). Г. Пауль өзінің Тіл тарихының
принциптері атты еңбегінде семасиологиялық өзгерудің классификациясын
жасап, оның әр алуан әдістері мен принциптерін ұсынды [ 5, 103]. Ғалым
өзгерістің көлемі мен мазмұнына қатысты мағыналық өзгерістің 4 түрін
көрсетеді:
1. Көлемнің тарылуы мен мазмұнының баюы;
2. Ұсыныс мазмұнының кеңеюімен байланысты мазмұнның кедейленуі;
3. Кеңістік, уақыт немесе себептік байланыс негізінде атаудың ауысуы;
4. Үш негізгі топтан қарапайым бір қорытынды жасауға келмейтін мағыналық
өзгеріс.
1905-1906 жылдары жарық көрген Антуан Мейенің (1866-1936, Франция)
Сөз қалай мағынасын өзгертеді? деген мақаласында мағыналық өзгерістің
себептерін үш негізгі түрге бөледі: тілдік, тарихи және әлеуметтік.
С.Ульманның көзқарасы бойынша, бұған психологиялық (Табу
(полинез.tabu, тыйым сөз) ескі әдетке, діни сенімге, ырымшылдыққа
байланысты кейбір сөздерді тура айтуға тыйым салу [1, 318]. Эвфемизм (грек.
eu жақсы phemi сөйлеймін) ауыс мағынаның ерекше бір түрі. Сөздің дәл
мағынасында емес, ауыс мағынада қолданылуынан туады. Тұрпайы сөздер мен сөз
тіркестерін сыпайылап айту [1, 400], синтезия) себепті де қосу керек. Ал,
ғалым
К. Балдингер болса тағы бір түрді бөліп көрсетуді қалайды. Ол –
физиологиялық себеп. Э. Велландер жаңа мағынаның пайда болу процесінің өзін
анықтауға көңіл бөле отырып, тілдік себептермен шарттас емес, атауды
әдейілеп ауыстырудың басқа өзгерістерден мағынаның өзгеруінің түп
нұсқасын айыру керек екендігін айтады. Э. Велландердің пікірі бойынша,
тілдік себептер дегеніміз кейбір жағдайда сөз түсіп қалады да, басқа сөз
оның функциясын өзіне алады. Қызмет ауысуы көбінесе тікелей емес, бірнеше
аралық топтардың көмегімен болады [2, 17].
Семантикалық процестің негізгі қозғаушы күштерін табу әрекеті басқа
бағыттарда да жүргізілді. Шет ел семасиологиясының дамуына ғалым
Г. Шпергердің көзқарасы ерекше әсер етті.
Г. Стерн өзгерістердің ішінде тілдік факторлармен байланысты 3 негізгі
типті көрсеткен еді: ауызша қатынас негізіндегі өзгеріс (ұқсастық (грек.
analogia cәйкестік, орыс. аналогия) – өзара қатысты тіл элементтерінің бір-
біріне әсер етуінен ұқсас сөздер мен сөз формаларының жасалуы [1, 373],
қысқарту); заттық қатынас өзгерісі (номинация (лат. nominatio атау ) -
1) сөздің немесе сөз тіркесінің затты атап білдіруі. 2) Атаумен
байланысты жалпы тіл мәселелерінің және номинативтік тұрғыда қарастылылатын
сөзжасам, көп мағыналылық, фразеология т. б. жиынтығы [1, 228], мағынаны
әдейі ауыстыру) [2, 18]. Мұндай саралауды С. Ульман Семасиология
принциптері деген еңбегінде түрлендіріп, төрт бөліктен тұратын жіктеме
ұсынды:
1. Екі сөздің арасындағы мағына ұқсастығы .(Түрлі метафоралар, мысалы,
дене мүшесінің атауы жансыз зат атауына ауысуы: зал аяғынан тік тұрды.
Машинаның көзі ашық қалған екен т.б.)
2. Екі сөздің арасындағы шарт (Түрлі метонимия, мысалы: Ақтардың қаша
бастаған кезі (ақтың әскерлері орнына)[1, 214].
3. Екі атау арасындағы ұқсастық (көбінесе халық этимологиясы жатады).
4. Екі атау арасындағы байланыс (фразада екі сөз қатар келіп қысқаруға
түседі: яғни бір сөз түсіп қалып, екіншісі бүкіл сөз тіркесінің
мағынасын береді) [6, 193].
Енді тілші ғалымдарымыздың сөз мағынасына берген анықтамаларына назар
аударсақ:
О. С. Ахманова сөз мағынасына үш түрлі анықтама береді:
1. Белгілі бір дыбысталумен байланысты болып тілдік факті ретінде жарыққа
шығатын адам ойындағы объектив өміріндегі заттардың (құбылыс, қатынас,
процесс) бейнесі.
2. Бұл шындықтың бейнесі сөз (морфеманың) құрылымының ішкі жағын
(мазмұнын) жасайды.
3. Ол тілдік бірліктің дыбысталуы оның материалдық қабығын жасайды да
мағынаны басқаға жеткізудің, хабарлаудың, сондай-ақ оның өзінің пайда
болуының, қалыптасуының, өмір сүруінің, дамуының негізі болады.
Р. А. Будагов: Сөз мағынасы деп зат не құбылыстардың бейнесі мен
дыбысталудың тарихи байланысын айтамыз десе, Л. А. Булаховский Сөз нені
білдірсе – сол мағына дейді.
І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев сөз мағынасына тікелей анықтама бермесе
де: Сөз формасына оралған ұғымның мазмұны сөздің мағынасына айналып,
дыбысталу мен мағына бірлесе келіп, сөздің өзін қалыптастырады деген
ортақ пікір айтады. Бұл жерде ғалымдар сөз мағынасын ұғым арқылы анықтап
отыр [7, 15]. Ал К. Аханов болса Е. М. Галкина-Федоруктың сөзге берген
анықтамасын толық қабылдап: Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз –
дыбыстық комплекстің ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір
тілде сөйлесуші коллектив арқылы белгіленген байланысы болып табылады
дейді [8, 28].
Ғалым Т. Қордабаев анықтамасында сөз мағынасын белгілеуге қажетті
болған әлеуметтік шартты да қосып, дұрыс қорытынды шығарған болатын. Ол
төрт түрлі анықтама беріп көрсетеді:
1. Сөздің лексикалық мағынасы оның жеке тұрып та білдіретін өзіне тән
қоғам таныған мағынасы;
2. Сөз мағынасы дегеніміз оның блдіретін түсінігі. Сөз нені білдірсе,
нені байқатса, сол оның мағынасы болады;
3. Тілдік мағына объектив дүниедегі заттардың, құбылыстардың,
болмыстардың санадағы бейнесі;
4. Мағына дегенді атау мен сол атау болған мазмұнның арасындағы
қатынас, бірлік деп түсінген дұрыс [4, 37].
Сөз мағынасына байланысты жоғарыдағы тілші ғалымдардың пікірлерінің
жиынтығынан сөздің лексикалық мағынасына төмендегідей анықтама шығады.
Лексикалық мағына дегеніміз – белгілі бір дыбыс, не дыбыстар тізбегі
мен шартты, тарихи және әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүниедегі
заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі құбылыстардың адам санасындағы
жалпыланған, дерексізденген бейнесі [4, 45].
Лингвистер семаға (Грек. sema белгі – мазмұн тұрғысында ең кіші, ең
түпкі бірлік (единица). Сема шындық өмірде белгіленген заттар мен
құбылыстардың түрліше қасиеттерінің тілдегі қарапайым бейнесін білдіреді.
Мысалы, тарихи тұрғыда түркі-моңғол тілдеріне (не көбіне) ортақ қой –
қошқар – қозы – қошақан – қотан – қотшы – қойшы т. б. сөздердің бәріне
ортақ сема қо морфында (бастапқы түбір) беріліп тұр [1, 277].) сөздің ең
кіші мағыналық бөлшегі деген ортақ анықтама береді. Бірақ оны түрлерге
бөлуде пікір қайшылықтары бар. В. Г. Гак архисема, дифференсема,
потенциалсема деп, ал И. Қошқарбаев тірек сема, дифференсема, қосымша
семалар деген топтарға бөледі. М. Оразов архисема, дифференсема деп
бөлгенді жөн санайды. Тілші ғалымдардың архисема (тірек сема), дифференсема
деген түрлерге берген анықтамалары ортақ ойға ойысқанымен, потенциалды, яки
қосымша семаны сөз мағынасы құрамында екінші қатардағы сема деп қарайды. М.
Оразов потенциалды семаны сема түріне санамайды. Біздіңше, бастапқы зат
белгілерінің жиынтығы архисема, бастапқы зат пен кейінгі заттың бір ғана
сөзбен аталуына негіз болған белгі не белгілер интегрелсема (байланыстырушы
сема) бастапқы және кейінгі заттардың өздеріне тән белгілері дифференсема
(саралаушы сема) [9, 23].
Сөз және оның мағынасының құрылымын, құрамын зерттеу ағымы, негізінен,
Батыс Еуропа тіл білімінің лексикалогиясында өткен ғасырдың 60-70
жылдарында пайда болды. Сөз мағыналары біркелкі емес. Олардың арасындағы
айырмашылық ең алдымен шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатысы
жағынан айқын көрінеді. Көптеген мағыналар сөздің жеке тұрып та білдіре
беретін зат пен құбылыстың нақты атауларынан туса, мұнан соңғы бір топ
мағыналар бір заттың (немесе құбылыстың ) атауын екінші бір затқа (немесе
құбылысқа) ауыстырып қолдануынан туады.
Енді көп мағыналылық құбылысының зерттелу тарихына зер сала отырып,
ғалымдардың зерттеулерімен танысып өтейік. Сөздің көп мағыналы болуының:
1. заттың (не құбылыстың) бойындағы бір не бірнеше сипатының басқа зат
(не құбылыстың ) бойынан табылуынан, не қызмет ұқсастығынан бастапқы
зат (не құбылыс) атауы кейінгі затқа (не құбылысқа) атау
болуы ;
2. тілдің сөз байлығының жетіспеуі (Сөз саны шектеулі де, заттар көп
Аристотель) деген экстралингвистикалық, лингвистикалық себептері бар
екенін көреміз.
Сөз мағынасының өзгеруінің (кеңеюі, көбеюі, тарылуы, көмескіленуі,
жаңаруы, жойылуы, ауысуы, тұрақталуы) себептері мен жолдары, өзгеру
сипаттары мен механизмдері – тіл білімінде басы ашық сауалдар. Дегенмен,
полисемияға анықтама беруде зерттеушілер 3 түрлі бағыт ұстанды. Бірінші
бағыт өкілдерінің (К. С. Аксаков, Н. П. Некрасов, В. А. Зверенцев) сөздің
көп мағыналылығын жалпы мағына немесе тілдік инварианттардың сөйлеудегі
варианттары деген тұжырымдарын Е. Р. Курилович, С. Д. Кацнельсон
зерттеулері, лексикография практикасы жоққа шығарып отыр. Екінші бағытты
ұстанушылар (А. А. Потебня, Л. В. Щерба, М. Г. Арсеньева, А. П. Хамзина)
көп мағыналы сөздің әрбір жеке мағынасын жеке сөз деп, омонимиямен бірдей
қарастырады. Ал үшінші бағыттағылар (Р. А. Будагов, М. П. Муравицкий,
У. Вейнхрейх) көп мағыналы сөз тілдік единица, сондықтан ол контекст
арқылы жасалмайды және оған байланысты да емес дейді [9, 6].
Көп мағыналы сөз проблемасының зерттелуі тұрғысынан алғанда, қазақ тіл
білімі қазір монимизм сатысында тұр. Көптеген тілші ғалымдардың
еңбектерінде сөз мағынасының түрлері, олардың бір-бірімен ара қатынасы,
айырмашылығы, сөздіктерде берілуі, лексикалық мағына мен стильдік қолданыс,
омонимия мен полисемия құбылыстарының ерекшелігі сияқты мәселелер сөз
етіледі. Жарты ғасырға жуық мерзім ішінде жарық көрген ғылыми-зерттеу
еңбектерінде ымыралы ортақ шешімдер де, қайшылықты пікірлер де баршылық.
Бұл мәселелер бойынша алғаш болып С. Аманжолов,
Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Т. Қордабаев,
Г. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаевтар мақалалары мен зерттеу еңбектерінде сөз
етсе,
Р. Барлыбаев, Б. Хасенов, Ш. Мұхамеджанов, Р. Садықбековтар
кандидаттық диссертациялар қорғады.
Ғалым Ә. Болғанбаев Қазақ тілінің лексикологиясы атты еңбегінде
[10, 19] лексикалық мағынаның негізгі, туынды, ауыспалы деген 3 түрін
көрсетеді. Ал І. Кеңесбаев тура (еркін немесе атауыштық); фразеологиялық
шартты; мағыналық және қолданыстық реңкті деп 4 түрге бөледі[11, 302].
Р. Барлыбаев сөз мағынасын негізгі, тұрақты, контексті абстрактылы,
көп мағыналы омонимия деп жіктейді. Тұрақты мағына дегені - негізгі
мағынадан өрбісе де, ауыс мағынадан алыстап, ауыстың қасиеті күңгірттеніп,
дербестік ұғымға, мағынаға ие болған туынды, номинативті мағына.
Контекстік мағына деп отырғаны сөзге жеке адамдардың өзінше арнайы мән
бере қолдану стилінен туған сипаттағыш мағына [9, 10]. Бұл жерде
Р. Барлыбаев сөз мағынасы мен сөз қолданыс арасына теңдік белгісін
қойып отыр.
Сөз, сөз мағынасының анықтамасы, сөз мағынасының түрлері, полисемия
мен омонимия, ауыспалы мағына, оның жасалу жолдары, сөздің көп мағынаға ие
болуының алғышарты жайында Т. Қордабаев жалпы және қазақ тіл білімі
тұрғысынан сөз етеді [12, 75]. Сөзге беріліп келе жатқан алуан түрлі
анықтамаларды қорыта келе жеке қолдануға болатын мағынаны, я ұғымды
білдіретін тілдің мағыналы бөлшегі сөз деген анықтама береді. Сөздің ең
негізгі қызметі атауыштық қызмет екенін атап өтеді. Лексикалық мағынаны
тура, келтірінді мағына деп 2 түрге бөледі.
Н. Сауранбаев сөздің көп мағыналылығын омонимдік көп мәнділік,
стильдік көп мәнділік деп жіктейді. Омонимдік көп мәнділік деп сөздің жеке
тұрғандағы, стильдік көп мәнділік деп түрлі контексте өзгеруін айтады
[13, 118]. Омонимдік көп мәнділік – сөздің көп мәнділігі.
Белгілі ғалым С. М. Исаев болса, Қазақ тілі атты еңбегінде сөздің
бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы – оның тура мағынасы екендігін
және де сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла
беретіндігін айтады. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы
сөздер дейміз - деген анықтама береді [14, 25].
Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтардың Қазақ тілінің грамматикасы атты
оқу құралында: Қазақ тіліндегі сөздердің, яғни кейбір сөздердің бірнеше
мағыналары болады... Мұндай тұлғасы әр түрлі сөздерді омоним дейміз -
деген анықтама ғана кездеседі.
Орыс тіл білімінің атақты ғалымдарының зерттеу еңбектеріне көз
жүгіртсек,
А. А. Потебня, Л. В. Щерба бір сөздің көп мағыналы болуын мойындамай,
қанша мағына болса, сонша сөз болады деп қабылдаған.
Ю. С. Маслов Введение в языкознание деген еңбегінде көп жағдайда бір
сөздің бойында сол сөздің семантикалық варианттарын құрайтын бірнеше
мағыналары болады деген тұжырым жасайды [15, 102].
В. И. Кодухов болса, көп мағыналылыққа мынадай анықтама береді:
Полисемия (многозначность) возникает в результате того, что слова называет
и обозначает не один предмет и не одно понятие, а несколько, обладает
потенциально многопредметной и многопонятийной направленностью [16, 170].
Ал 1999 жылы шыққан Современный русский язык атты еңбекте көп
мағыналылыққа берілген мынадай анықтаманы кездестіреміз: Многозначность
или полисемия – это семантическое свойство слова иметь одновременно
несколько значений. Многозначность – это семантическое отношение внутренне
связанных значении, выражаемых формами одного слова и разграничиваемых в
тексте благодаря разным взаимоисключающим друг-друга позициям слова [17,
229].
Сөз мағынасының көп қырлылық қасиеті ғалымдардың сөз мағынасына түрлі
жақтан талдау жасауына, түрліше топтастыруына негіз болып жүр. Мысалы, А.
А. Уфимцева сөздерді атқаратын қызметіне қарай үшке бөледі: номинативтік
(атау болу), сигнификативтік (жалпылау) және прагматикалық (эмоциялық және
экспрессиялық). А. А. Уфимцеваның көрсеткен мағыналарының негізінде сөз
мағынасының бағытын көрсететін семалар жатыр. Э. С. Азнаурова бұларға
қосымша етіп 4-функцияны, стилистикалық функцияны қосады. Ғалымдар сөз
мағынасына талдау жасағанда басқа элементтерді де көрсетеді. Сөз мағынасына
талдау жасағанда әр ғалым өзінше мақсат қойып, сол мақсатқа байланысты
зерттеген [4, 66].
Сонымен, жоғарыдағы түрлі бағыт өкілдерінің пікірлерін өз зерттеу
қорытындыларымыз бойынша тұжырымдасақ, ғалым Ә. Болғанбаевтың Ең алғаш
пайда болған кезде бұлар да аз мағыналы болған. Кейін талай замандар өткен
соң, сөздік қордағы сөздердің бұрынғы меншікті мағынасына тағы да бірнеше
мағыналар жамалып, семантикалық шеңберін ұлғайда берген, содан көп мағыналы
сөздер пайда болған [18, 25] деген тұжырымды толық қолдаймыз.
Шындығында да ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстар өзара
байланысты, әрі өзара шарттас болады. Олардың байланысы ішкі және сыртқы
ұқсастықтарынан көрінеді. Бізге таныс емес жаңа бір заттарды немесе
құбылыстарды көргенде, бұрыннан таныс затты есімізге салатынын оның жеке
бір белгісінен байқаймыз. Соған орай бұрыннан таныс заттың атауы жаңадан
танылған затқа ауысуы мүмкін. Соның нәтижесінде бұл сөздің алғашқы
мағынасына жаңадан туынды бір мағына жамалады. Бұндай бір белгілеушіге
(сөзге) бірнеше белгілеушінің (мағынаның) сәйкес келуін көп мағыналылық
(полисемия) деп атаймыз.
Бүгінде қазақ тіл білімінде көп мағыналы сөздердің зерттелуі жөнінде
ірілі-ұсақты мақалалардан басқа сүбелі еңбектердің қатары да көбейді. Атап
айтқанда, Р. Садықбековтің Қазақ тіліндегі сөздердің көп мағыналылығы,
Б. Хасановтың Метафораның сөздің көп мағыналылығын тудыруы атты
диссертациялық жұмыстары. А. Е. Жүсіповтың Қазіргі қазақ тіліндегі қарама
– қарсылықтың коннекторлары атты еңбегінің Антонимия және көп мағыналы
сөздер атты тарауы [19, 15]. М. Оразовтың Қазақ тілінің семантикасы
тақырыбындағы еңбегі өз алдына айтарлықтай жұмыстар қатарынан саналады.
Жалпы тіл білімінің тарихынан сөз мағынасының зерттелуіне назар аудара
отырып сөз мағынасының бір сыпыра зерттелгенін көреміз. Осы күнге дейін
полисемия құбылысы да көптеген зерттеу еңбектерінің нысаны болған. Бірақ
бұл құбылыстың әлі де болса аз зерттелген, зерттеуді қажет ететін тұстары
баршылық. Көп мағыналылықтың сондай мәселелерінің бірі менің диплом
жұмысымда ( Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы ) зерттелуге тиісті
мәселе, яғни етістіктердің көп мағыналылығы. Ғалымдарымыз көп мағыналылық
құбылысы жайында сөз еткенде есім сөздерге ғана тоқталады, ал етістіктердің
көп мағыналылығы ескерілмейді. Сондықтан да осы мәселе төңірегінде зерттеу
жұмысын жүргіземіз.

1. 2 Полисемия құбылысы туралы түсінік
Тіл-тілдің сөздік құрамында бір емес, бірнеше лексикалық мағыналары
бар сөздер жиі ұшырасады. Сөздің лексикалық мағыналарының әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері болады. Түсінікті болу үшін мына бір мысалдарға
назар аударалық:
1. Екі кісінің көлеңкесі шатырлы үйдің есігіне түсті. (М. Әуезов,
Таңд. шығ.)
2. Дараның аппақ жүзіне көлеңке түспесе деймін. (Ө. Күмісбаев,
Жапырақ) [20, 148].
Бірінші мысалда көлеңке деген сөз белгілі бір заттың сәуле түсіп
тұрған жағынан қарама-қарсы тұсына түсетін сәуле тосқауылының қараңғылығы
деген мағынаны білдірсе, екінші мысалда басқа бір мағына – қайғы, уайым,
қасірет дегенді білдіреді. Көлеңке деген сөздің әр түрлі мағыналары бір-
бірінен семантикалық әр тектестік жағынан ғана емес, қолданылуы, басқа
сөздермен тіркесіп жұмсалуы жағынан да ажыратылады. Бұл сөз бірінші
мысалдағы негізгі мағынасында алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе
(мысалы: үйдің көлеңкесі, адамның көлеңкесі, таудың көлеңкесі, ағаштың
көлеңкесі және т.б.), қайғы, уайым, қасірет деген мағынасын белгілі бір
контекстердегі қолданыстарда (белгілі бір шығармаларда) жалпы сөйлемді
оқыған кезде түсінеміз. Яғни бұл көлеңке деген сөздің байырғы, негізгі
мағынасының қолданылу аясы кең болатынын, ал сол сөздің ауыспалы
мағыналарының негізгі мағынасынан өзгешелік сипаттарын байқаймыз.
Сөз белгілі бір себептер мен тәсілдер бойынша қосымша мағынаға ие
болуы мүмкін. Сонымен, сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие
болып, әр түрлі мағыналарда қолданылуға икем келеді. Әр түрлі мағынасы бар
сөз полисемантизмді (көп мағыналы) сөз деп аталады. Ал жалпы көп мағыналық
құбылысы полисемия құбылысы (полисемия – грек тілінің poli - көп және
sema - белгі деген сөздерінен жасалған термин; көп мағыналылық дегенді
білдіреді) деп аталады. Полисемия барлық тілдерге тән құбылыс [8, 96].
Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлының Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы атты еңбектерінде көп мағыналылыққа
берген анықтамасы мынандай:
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп
болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің
семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің
дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің
сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден бір белгі – сөздің көп
мағыналылығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп
мағыналығы (полисемия) дейміз [21, 98].
Ғабдолла Қалиұлы “Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі” атты
еңбегінде көп мағыналылықты төмендегіше түсіндірген:
“Көп мағыналылық (полисемия грек. poli көп, sema белгі) орыс.
многозначность, полисемия – сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. Көп
мағыналылықтың негізінде семантикалық (ортақ мағыналық семалар) байланыс
жатыр. Санадағы белгілі бір зат, құбылыс туралы түсінік басқа бір зат,
құбылыспен түрі, түсі, қызметі т. б. белгілері жағынан байланысып жатады.
Соның негізінде ұқсас келген екі я бірнеше зат, құбылыс бір атаумен
аталады. Көп мағыналылық сөздердің алғашқы мағыналарының түрленіп дамуы
нәтижесінде туған” [1, 166].
Сөздің көп мағыналылығы – негізінде сөздік қордағы сөздерге тән
қасиет. Неге десеңіз бұлар ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың
мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның
нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап
дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып
кездеседі. Сөздік қордағы сөздер ең алғаш пайда болған кезінде аз мағыналы
болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті
бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие
болған [21, 99]. Мәселен, бүр сөзінің алғашқы мағынасы өсімдіктер мен ағаш
бұталарының жапырақ жаратын түйіні дегенді білдірген, одан кейін келе
асқазан, ішек-қарын ішінінің кілегейлі бүртік беті мағынасын, келе-келе аяқ
киім табанындағы бедер мағынасын білдірген. Сонымен қатар біртегіс
нәрселердің бетіндегі бұдырмақты түйінді де бүр деп атаған [23, 570].
Осылайша сөздің алғашқы бастапқы мағынасының үстіне қосымша мағыналар
қосылып, сөз көп мағыналы сөзге айналған.
Сөзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала
қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айырықша
қасиетінен, түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің білдіретін
затын, құбылысын барлық қасиетімен толық бірден қамтып, суреттеп бере
алмайды. Егер сөз өзінің білдіретін ұғымын барлық ерекшеліктерімен түгел
жинақтап, бірден көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған
болар еді. Ал сөз ауыспалы мағынада жұмсалмаған болса, онда тілде көп
мағыналы сөздердің кездеспеуі мүмкін. Адам өмір шындығын уақыт озған сайын
біртіндеп тани берген. Заттың бойындағы барлық ерекше белгілерді біліп
болғаннан кейін барып, ұғым дерексізденеді. Оларды білмей, меңгермей тұрып,
белгілі сөздер ауыспалы мағынада қолданылмайды. Адам бір затты алғаш
көргенде, ең алдымен оның сыртқы қасиеттерімен танысады. Сол қасиеттер
кісінің сезім мүшелеріне әсер етіп өзінің ізін қалдырады. Адамның
санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсасып,
байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың не сапасында я болмаса
атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде
адамдар ұқсас келген екі я бірнеше затты бір атаумен атайтын болған [21,
99].
Мәселен, жіп сабақтайтын, көзі бар, ұшы үшкір құрал, аспап
мағынасындағы ине сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар:
1. Әр түрлі іс, үй бұйымдарын, киім-кешектерді тігу үшін қолданылатын,
жіп сабақтайтын көзі бар, ұшы үшкір аспап, құрал. (Жұртта бір көзі сынған
ине жатыр екен.)
2. Ауруларға дәрі егетін аспап, ине сияқты құрал. (Баланың еңбегіне
қанды арнаулы ине арқылы құяды.)
3. Жәндіктер мен жануарлардың денесінде болатын өткір тікенек.
(Жыланның бірден-бір қас жауы - кірпі. Күні кешеге дейін жылан оның инесіне
шаншылып өледі.)
4. Арша, қарағай, шырша сияқты қылқан жапырақты ағаштардың яки
өсімдіктердің тікен сияқты қылтандары. (Арша мәңгі жасыл бұталы өсімдік,
оның қылқанды инелері тікен сияқты, олар үш-үштен күлтеленіп шығады) [24,
454 ].
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи
практиканың негізінде жасалады. Сөздің туынды қосымша мағыналары тілдік
фактілердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады.
Өмірдегі танылған әрбір ұғым жаңа атаумен атауды керек етеді. Ең алғашқыда
бір сөз бір ғана ұғымды я құбылысты білдіру үшін жұмсалған болса, кейіннен
ол әлденеше ұғымды білдіру үшін қолданылады. Бұған, біріншіден, адам
баласының өмір заңдылығын терең тануы, білуі, сезуі әсер еткен болса,
екіншіден, оның мағына жағынан қорланып дамуына, оның алғашқы тура мағынасы
негіз болған. Мәселен, адамзат пен жан-жануардың көру мүшесін көз деп
атаймыз. Сонымен қатар иненің көзі, есіктің көзі, терезенің көзі, күннің
көзі, бұлақтың көзі деп те қолданамыз. Түптеп келгенде, осылардың
семантикалық жағынан байып көбеюіне себеп болған сөздің ең алғашқы атауыш
(еркін) мағынасы екендігі даусыз. Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым
күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың (көп мағыналы сөздердің) тілдегі
атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы сөздер сөздік
құрамдағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етіп отырады [21, 100].
Дүние жүзіндегі әр түрлі тілдердің сөздіктерін алып қарасаңыз,
солардың әр қайсысынан да полисемантизмді сөздер жиі ұшырасады. Мысалы,
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен төмендегідей көп мағыналы сөзді
кездестіреміз:
Бұрыш зат.
1. Үй қабырғалары немесе заттың екі жағының түйіскен жері. Оң бұрышта
радиоприемник, сол жақта малдас құрып отырған құндыз бөрікті біреудің
жейпур мраморынан шабылған кішкене статуэткасы қойылған (С.
Шаймерденов, Болашақ).
2. Көшенің түйіскен жері, мүйіс. Әне, былай кетіп бара жатыр! Жүгір,
тоқтат. Мен осы бұрышта күтейін, көшенің ретін білмеген мен жүгірсем,
полицияның қолына түсіп қалармын, - деді Ләйлә (С. Шарипов,
Шығармалар).
3. Ауыс. Баспана боларлық орын-жай, қуыс-жер. Әр отбасы осындай бір
бұрышта бірге тұрамыз (Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке).
4. Елдің белгілі бір түкпірі. Оның алдынан сабақ алып, тәрбиеленіп шыққан
балалар ұядан ұшқан балапандай, Отанның әр бұрышына жыл сайын кетіп
жататын (Ә. Шәріпов, Партизан).
5. Бөлме ішінің көрме ұйымдастыруға арналған бір бұрышы, мүйісі.
6. Мат. Екі түзу сызықтың қиылысқан жеріндегі геометриялық жазықтық. Егер
бұл қойылған тапсырманың шартын бұрынғыдан өзгертіп, “осы квадрат
тәрізді төрт нүктенің айналасына үш бұрыш сызыңдар ” десек, онда бұл
міндетті олар бірден орындайды.
(М. Мұқанов, Бақылау).
7. Ауыс. Жан дүниесінің ішкі бір қалтарысы, бұрмасы. Көңілімнің бір
бұрышында Гүлсім тұрса да, Айтжан осыным дұрыс болар деп біледі.
(Ж. Молдағалиев, Жүрек) [23, 551].
Бұл сөздің алғашқы негізгі мағынасы (Үй қабырғалары немесе заттың екі
жағының түйіскен жері) мен соңғы мағынасының ( Жан дүниесінің ішкі бір
қалтарысы, бұрмасы) арасында айырмашылықтың бар екенін көреміз. Тура
мағынасында деректі, заттық ұғымды білдіріп тұрса, соңғысында мағына
адамның ішкі жан дүниесіне ауысады.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінен көп мағыналы сөздерге мысалдар
келтіріп өтейік.
Палец -льца; м.
1. Одна из пяти подвижных конечных частей кисти руки или ступни ноги у
человека. Большой п. (двусуставный крайний палец на руке и ноге).
Указательный п. (второй палец на руке между большим и средним).
Средний п. (третий палец на руке между указательным и безымянным).
Безымянный п. (четвертый палец на руке между средним и мизинцем).
Погрозить пальцем.
2. Конечный член на лапах животных и птиц.
3. Часть перчатки, надеваемая на палец руки. Заштопать п.
4. Спец. Валик или стержень округлой формы, укрепляемый на конце одной из
движущихся частей механизма и служащий осью вращения для другой,
соединенной с ним части [25, 776 ]
Пояс, -а; мн. Пояса; м;
1. Лента, шнур, ремень или пришитая полоса ткани для завязывания,
застегивания одежды по талии. Юбка на поясе. Кожаный п. Развязать п.
Спасательный п. (пробковый или резиновый круг, надеваемый на туловище
для поддержания тела на поверхности воды).
2. = Талия (1.Т.; 1. зн.). Поклониться в п. (сгибая туловище почти под
прямым углом).
3. То, что расположено полосой вокруг чего-л., окружает, охватывает собой
что-л. Озеро замкнуто поясом зарослей.
4. Геогр. Часть поверхности земного шара, зона между двумя меридианами.
Часовой п. (Одна из 24 зон с одиноковым временем в каждой её точке,
отличающимся от времени соседних зон на один час).
5. Часть поверхности земного шара между параллелями, характеризующаяся
определёнными физико-географическими особенностями. Тропический п.
6. Экон. Пространство, полоса, составляющие часть в делении страны по
каким-л. экономическим признакам.
7. Анат. Часть скелета позвоночных животных и человека, служашая для
сочленения с туловищем и опоры конечностей [25, 951]
Осылар тәріздес көп мағыналы сөздер басқа да тілдердің сөздіктерінде
кездесе береді. Әрбір тілде мұндай көп мағыналы сөздердің жиі ұшырасуы
неліктен, олар қалай пайда болған, деген сұрақ туады.
Адам баласы қоғамының дамуы барысында тіл де дамиды, оның лексикасы да
дамиды. Өзгеру мен даму тілдің лексикасындағы сөздердің мағыналық жағына да
қатысты болады. Адамдар өзін қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды,
олардың алуан түрлі сырлары мен белгілерін, әрине, бірден танып білген
емес. Заттар мен құбылыстар және олардың бір-біріне қатысы мен байланысы,
әр түрлі белгілері мен сыр-сипаты адам баласы қоғамының даму барысында
біртіндеп танылып отырады. Жаңадан танылған заттар мен құбылыстардың тілде
сөзбен аталу қажеттілігі әр уақытта жаңа сөздерді тудыра бермейді. Олар
көбінесе тілдің негізгі сөздік қорында бұрыннан бар сөздермен аталады да,
ол сөздердің бұрынғы қалыптасқан негізгі мағынасының үстіне қосымша мағына
үстеледі [8, 97]. Мынадай бір мысал келтірейік: тиек деген сөз бастапқы,
дағдылы мағынасында “домбыраның ішегін көтеріп тұратын кішкентай кепіл
ағаш” дегенді білдіреді. Бұл – оның бұрыннан бар, әбден қалыптасқан негізгі
мағынасы. Кейін белгілерінің ұқсастығына қарай бұл мағынаның үстіне “шідер
не тұсаудың бір жақ ұшындағы көлденең түйіртпек” және “есік, терезе, қақпақ
сияқты заттарды бекітіп қоятын ілгек не жылжымалы темір” сияқты мағыналар
қосылған [26, 143].
Сөздің мағыналық жақтан дамуы, мағыналық жүк жинауы бүтіндей тілдің
дамуы сияқты, жаңа сапа элементтерінің біртіндеп қор жинау жолымен іске
асады. Сөздің түрлі-түрлі мағынада қолданылуға икемдігілі оның жалпылаушы
(обобщающий) қасиетімен тығыз байланысты. Сөздің жалпылаушы қасиеті оның
(сөздің) бұрынғы негізгі мағынасының үстіне туынды жаңа мағыналардың
қосылуына мүмкіндік береді. Мұнан әр түрлі мағынада қолданылуға икемділік
сөздің өз табиғатында бар қасиет екені байқалады.
Заттар мен құбылыстар сөзбен аталғанда, өздерінде бар белгілері
бойынша аталады. Бір заттың немесе құбылыстың бойындағы белгілердің бірі
немесе бірнешеуі басқа бір заттың не құбылыстың бойындағы белгілердің бірі
немесе бірнешеуімен ұқсас келуі мүмкін. Осыған орай, екінші заттың да (не
құбылыстың) бірінші заттың атауымен (сөзбен) аталуы – заңды құбылыс.
Сонымен сөз белгілі бір заттың не құбылыстың арнаулы атауы бола отырып,
ұқсас белгілері бар басқа да заттың атауы бола алады. Осыдан келіп сөздің
негізгі мағынасының үстіне туынды мағыналар қосылады [8, 98].
Көп мағыналы сөз мағыналық құрам болуы үшін ғалым
Ш. Ш. Жалмаханов оның құрамындағы лексемалардың мынадай шарттарын
көрсетіп өтеді:
1. бір ғана сөзбен таңбалануы;
2. келесі бір затты атауға негіз болып, келесі бір затты атауы;
3. бір сөз табына жатуы;
4. оларды бір-бірімен байланыстыратын заттық (денотаттық) белгілінің
болуы шарт;
5. сөз неше затқа атау болса, сонша мағына бар [9, 16].
Ғалым Ш. Ш. Жалмаханов көп мағыналылық құбылысын өзінің “Көп мағыналы
зат есімдердің мағыналық құрамы ” атты еңбегінде бір затты – фонетикалық
форманың семантикалық – стилистикалық мазмұны екенін айта келіп, мынадай
тұжырым жасайды: “Затты атаушы сөз – сезімдік – логикалық танымның
нәтижесінен туған мән-мағынаның (мазмұнның) көрсеткіші, яки мағына мен
мәннің бірлігі. Мағыналық құрам мүшелерінің объективті шындықты, оның
ішінде нақтылы заттарды атауына, яғни атауыштық құндылығына байланысты.
Атауыштық құндылығы тұрғысынан келгенде, синонимия бір затты бірнеше сөзбен
немесе бірнеше формамен бір мазмұн беру; бірнеше форманы бір мазмұнға
біріктіру. Полисемия бірнеше затты бір сөзбен немесе бір формамен бірнеше
мағына беру, бірнеше мағынаны біріктіру, атау” [9, 43].
Полисемия құбылысының лингвистикалық табиғатын дұрыс түсіне білу
қажет. Тіл білімінің тарихында бұл құбылысты теріс түсінушілер, қате
пікірді уағыздаушылар болды. Мысалы, Н.Я.Марр мен оны жақтаушылар және
кейбір шетел ғалымдары (мысалы, француз ғалымы Леви-Брюль) полисемия
құбылысын тілдің көне дәуірінің қалдығы деп есептеді [8, 105].
Көп мағыналылық бар жерде мағынаның да түрлері бар. Сөздің
мағыналарының түрлерін бір-бірінен ажырата отырып біз көп мағыналы
сөздердің мағыналарын тани аламыз. Сонымен қатар сөздің лексикалық
мағыналарының түрлерін жете білу арқылы біз сөз мағынасы түсінігін терең
түсініп, әрі сөз мағыналарының түрлерін бір-бірінен ажыратуда да
қателеспейтін боламыз.
Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты бірдей емес. Тіл
білімінде сөздің мағыналарын әр тұрғыдан қарастыру және осыған сәйкес, сөз
мағыналарын түрліше топтастырып саралау дағдысы бар. Тарихи тұрғыдан алып
қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын
екі түрге бөлінеді [8, 98]. Мысалы, бөлшек деген сөздің 1. тұтас нәрсенің
жеке бір бөлігі деген мағынасы – бастапқы, негізгі мағына да, 2. кез
кезген механизмнің жеке-жеке тетігі, белгілі бір деталі, 3. айналамыздағы
алуан түрлі заттардың негізі болып табылатын ең кішкене (ұсақ) бөлігі;
атом, молекула, нейтрон, протон [23, 414] деген мағыналары – сөздің
семантикалық жақтан дамуы барысында кейіннен пайда болған туынды мағыналар.
Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарастырғанда, сөз мағыналарын
екі түрге бөліп топтастыруға болады: оның бірі тура мағына (орыс. прямое
значение – ауыс мағынадай емес, сөздің не сөз тізбегінің дәл өз мәнінде
қолданылатын мағынасы; қабатталған түрліше эмоционалды-экспрессивтік
реңктерден тыс нақты мағынасы [1, 331]), екіншісі – келтірінді (немесе
ауыспалы (орыс. переносное значение – белгілі бір қасиеттеріне қарай шындық
құбылысты білдіретін сөздің басқа бір құбылысқа атау болуынан туатын
мағына. Мұндай мағына заттар мен құбылыстардың қандай да бір ұқсастығына,
шектестігіне байланысты сөздің тура мағынасынан өрбиді. Мысалы: айығу –
аурудан жазылу, күннің ашылуы; жүйрік – жүйрік ат, жүйрік ой, жүйрік қалам
т. б [1, 41])) магына [8, 98]. Мысалы, кісі деген сөздің адам, пенде, жан
деген мағынасы (мысалы: Ауылдың орта шеніндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме
болған кісі (Б. Майлин, Шығ.)) – тура мағына да, қонақ, мейман деген
мағынасы (мысалы: - Нұрқасым, бар, атаңды шақырып кел, кісілермен
әңгімелесіп отырсын, - деп күңк етті үй иесі.
(С. Бегалин, Таңд. шығ.)) [20, 438] – келтірінді (ауыспалы) мағына.
Келесі бір қыдыру мәселе көп мағыналы сөздердің жасалу жолдарына
байланысты. Ә. Болғанбаев полисемия метафора, метонимия, синекдоха, калька
арқылы жасалады [10, 28-36] деп көрсетсе, Р. Садықбеков көп мағыналы сөз
жасаудың метафоралық, метонимиялық және функционалдық жолдары болатынын
дәлелдейді. Ш. Мұхамеджанов бұл тәсілдерді ауыспалы мағына жасаудың, Р.
Барлыбаев сөз мағынасының кеңеюінің тәсілдері деп тұжырымдайды [9, 10]. Ғ.
Мұсабаев “Сөз мағыналарының көпшілігі семасиологияның белгілі заңдары
бойынша жасалады. Оның бастылары: ұқсату заңы (метафоризация),
функционалдық семантика заңы, бөлшектің бүтінге ауысу заңы, мағынаның
кеңеюі мен тараюы” [11, 45] – дейді.
Профессор Б. Хасанов: “Ғ. Ғ. Мұсабаевтың сөз мағыналарының жасалу
заңдары туралы айтқан тұжырымдарынан мағына көбеюіне (полисемияға) жел
беретін басты тілдік факторлардың бірі метафораландыру құбылысы, метафора
тәсілі екендігін байқау қиын емес; олардың ұқсату заңы деп отырғаны –
метафораландырудың нәтижесі, шынында, бұл – метафораның функция ұқсастығына
немесе бірлігіне қарай ауыстыруы; оны өз алдына бөліп алып, функционалдық
семантика заңы дегеннен гөрі метафораландырудың аясында қараған жөн сияқты;
ал “бөлшектің бүтінге ауысу заңы” - кең мағынада алғандағы метафораның бір
түрі, яғни синекдоха. Сол сияқты метонимияны да заңдылық деп көрсеткен
артықтық етпес еді. Ал жоғарыда айтылған “Сөз мағынасының кеңеюі мен тараю
заңы ” процесі және тәсіл ретінде емес, нәтиже, қорытынды деп қарастырған
жөн ” [30, 207] – дейді.
Жоғарыдағы зерттеуші ғалымдарымыздың еңбектерінен көріп
отырғанымыздай, көп мағыналылық құбылысын олар бірдей қарастырып, бір
мазмұнды анықтама бергендіктеріне көзіміз жетті. Сонымен қатар олардың қай-
қайсысында да көп мағыналы сөздердің пайда болу жолдары ретінде негізгі
төрт тәсіл көрсетілген:
1. метафора;
2. метонимия;
3. синекдоха;
4. қызмет бірлігі арқылы жасалуы.
Енді осы тәсілдерге тоқталып өтсек [8, 108].
1. Метафора тәсілі ((грек. metaphora ауысу) – зат пен құбылыстың ұқсас
белгілеріне қарай (түрі, түсі, қызметі т. б. қасиеттеріндегі) сөздің ауыс
мағынада қолданылуы. Мысалы: адамның қабырғасы – үйдің қабырғасы,
өсімдіктің түбірі – сөздің түбірі) [1, 213] арқылы атаудың ауысуы
белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына
негізделеді.
Белгілердің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір
заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы
метафора деп аталады.
Мысалы, Күндердің күнінде сіздің қызметіңізден бір жарықшақ шығып,
менің қаһарыма ұшырап қалған екенсіз дейік (С. Омаров, Өмір). Бұл
сөйлемдегі жарықшақ сөзі жарылып, сызат түскен, шатынаған дегенді емес
(бұл – оның негізгі мағынасы). мін, кемшілік, ақау деген мағынаны
білдіреді. Бұл мағына – жарықшақ сөзінің негізгі мағынасы (жарылып, сызат
түскен, шатынаған) негізінде жасалған туынды мағына [ 27, 702].
Тіліміздегі көнтері сөзі “жүні қырылып, күнге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі сөздік құрамының қалыптасуының түркі тайпалалары мен байланыстылығы
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Бас сөзі негізіндегі сөзжасамдық үяның сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздерді зерттеу
Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Қазіргі кезде ұлттық символдар болмысын тіл арқылы ашуды «тіл-мәдениет-ойлау»
Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс
Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
Пәндер