Мектеп психологының атқаратын негізгі қызметі
Жоспар
КІРІСПЕ
І. Педагогикалық қарым-қатынас және оның мәні.
1.1. Оқушылардың психологиялық дамуының ерекшеліктері
ІІ. Мектеп псхологының атқаратын негізгі қызметі
1. Қиын оқушының пайда болу себептері
2.2. Тәрбиесі қиын оқушылардың психологиялық ерекшеліктері және
типтері
2.3 Қиын баланың ата-анасымен жұмыс жүргізу жолдары.
2.4. Қиын балаларды қайта тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі біздің қоғамның даму кезеңінде өсіп келе жатқан ұрпақ
тәрбиесі мемлекеттің қоғамдық және саяси міндеттерінің маңыздысы.
Тәрбиені шешу жолдырының бірі—Қазақстан халқын, өскелең ұрпағын
жоғары саналылық деңгейде ұйымдастыруы.
Біздің елімізде демократиялы тәрбиелеудің бағдарламасы және өсіп
келе жатқан ұрпақтың білім алуы, жастарды демократиялы қоғам
құрудың белсенді мүшесі ретінде жұмылдыру істері атқарылуда.
Демократиялы тәрбиелеу шешімі көп салалы, әр түрлі міндеттер
туғызады; демократиялы әлемдік білім шеңберінде тәрбиелеу, мораль
нормалары мен өз өнімін қорғауға бағыттау және күнделікті мінез-
құлық ережесінде; жастардың жан-жақты рухани және физикалық
қабилетті болып даму.
Демократиялы тәрбиенің мақсаты осындай жаңа жақтары бір мақсатқа
бағытталған—ол санали азаматты қалыптастыру. Елбаса Н.Ә. Назарбаев
“Қазақстан – 2030” стратегиясында “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне
тікелей байланысты”- деп атап көрсетті.
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.
Білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы ((( ғасырдың
деңгейіне көтеруге:
азаматтық қоғамды дәйікті дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге:
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір әлсіз
қорғалған мүшелерінің – балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың
өмірін қамтамасыз ету.
Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады.
((( ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды
өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру
жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы
басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі
балаларына ай сайынғы жәрдем ақылар төленеді.
Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін,
мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен
қоғам құруға тиіспіз.
Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік.
Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы
негізде өзіміздің ілгері басқан жүрісімізді одан әрі жеделдете түсуге
тамаша мүмкіндігіміз бар. Қазақстанды әлемнің дамыған әрі көркейген
елдерінің қатарына қосатын жол осы. (1)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жолдауы - әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын
мемлекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізгі түрлі реформаларымен
қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім
кеңістігіне толығымен кіргізу және қоғамымыздың басты байлығы – жас ұрпақты
дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой-өрісін кеңейтіп, жан
дүниесін байыту, жалпы және кәсіптік білім алуы үшін мүмкіндіктер жасау
туралы мәселелер қойылып отыр.
Білім беру саласындағы осы іргелі мемлекеттік саясатта білім
беру жүйесін бұдан әрі жетілдіру мен дамытудың басты жолы ретінде
оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім
беруге көшу көзделіп, оны шешудің басты міндеттері мен принциптері
көрсетілген. (2)
Қазіргі жас ұрпақ білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдер
болады. Олар бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.
Қазіргі балалар білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер, өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер т.б.
болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін әрі
олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады.
Көріп отырғанымыздай, ел президентінің жолдауы бүгінгі күн
жастарына үлкен міндеттер жүктейді. Біз мұны түсінеміз және мемлекет
тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жан-жақты білім
алып, оны ел болашағына жұмсауға тырысамыз.
Дегенмен соңғы жылдары кәмелетке жасы толмаған
қылмыскерелермен күресу мәселесі зерттеліп, қолға алынуда. Қылмыс
жасаудағы немесе тәртіп бұзудағы жағдай және оның себебі жеке-жеке
талдануда.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының арасында мінез-құлқында
қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесуде. Педагогика-психология
саласы бойынша мұндай балаларды “мінез—құлқында ауытқулары бар
оқушылар”, “Қиын тәрбиеленуші”, “қиын балалар” деп атайды.
“Қиын” бала ұғымы—бүгінгі таңда тек ата-ана мен ұстаздар
қауымын ғана емес, сонымен қатар социолог, психолог, юрист, дәрігер
мамандарының зейінін өзіне аударып, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған
өзекті әлеуметтік мәселе.
Қазіргі уақытта мінез – құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп,
жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік психологиялық, клиникалық,
криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.
Мінез – құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым. Тәрбиелік және
педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық
ерекшелік.
Өкінішке орай, қазір бұл салада оқулықтар, әдістемелер өте аз,
әсіресе қазақ тілінде.
Сол себептен ғылыми жұмысымның тақырыбын “Қазіргі кезде педагог-
психологтың қиын балалармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшеліктері”
деп алдым.
Мақсаты: 7-ші сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін
анықтау арқылы; оларға қайта тәрбиелеу жолдарын
көрсету.
Міндеттері: 1.Қазіргі кездегі педагог-психологтың қиын балалармен
жүргізілетін жұмыстарының ерекшеліктері туралы ғылыми
теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2.Отбасындағы қиындықтардың болу себептері,
ата-аналармен бірлескен жұмыс жолдарын көрсету.
3. “Қиын” баланы анықтау үшін сауалнамалар,
әдістемелер, тесттерді қолданып, ұсыныс жасау.
4. “Қиын” балаларды оқыту және қайта тәрбиелеу
коррекциялық жұмыстар.
Зерттеу объектісі:
Қиын санаттағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Қиын санаттағы балалардың психологиялық
ерекшеліктерін, болу себептерін, типтерін анықтау.
Ғылыми болжам: Егер қиын санаттағы балалардың психологиялық
ерекшеліктері дұрыс анықталса, оларға қайта
тәрбиелеуде көмек беруге болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жсау тест АДП
(балалардың агрессивтіген диагностикалау) оқушылардың
даму ерекшеліктерін үнемі бақылап, диагностикалық
зерттеу жүргізу.
І. Педагогикалық қарым-қатынас
және оның мәні.
Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен
табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ерекше ықпалы бар. Мектепке жаңа
келген балаға өзінің сыныптас достарынан гөрі мұғалімнің айтқан әр
сөзі өтімді, әрбір әрекеті мәнді. Егер мұғалім өзінің осы бір
үлкен жауапкершілігін шын сезініп, өзіне-өзі есеп бере отырып жұмыс
жүргізсе ғана оның оқыту ісі өзі ойлағандай жүйемен дамитыны
сөзсіз. Сөзі басқа, ісі басқа, ал талабы де төмендейді, әрекеті
де нәтижесіз болып қала бермек.
Өз ойын сабыр мен сыпайы жеткізе алатын мұғалім ғана
шәкерітінің ойын қозғау салады, оның жан дүниесін тербеп, өзіне
сендіре алады. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаушы
емес, оған өз ой пікірінің де қажеттігіне және сол пікірін
ұстазының елеп-ескеретініне, сана-сатынына шын сенгенде барып, екі
жақтың арасында көзге көрінбесе де көңілмен сезілетін жылы да
жайлы байланыс орнығады. Бұл байланыстың өміршеңдігінің кепілі-мәдени
биік деңгейдегі сыйласымдылық.
Мұғалімнің жеке басы мәдениетін танытатын әр бір
компонент—сөйлеу мәдениеті мен ойлау мәдениеті, сезім-күй және
эстетикалық мәдениеті, адамгершілік қасиеті, ретіндегі де, маман
ретіндегі де орнын танытады.
Өз мамандығын сүйетін, шебер мұғалімдердің тәжірибелеріне толдау
жасағанда олардың барлық жетістіктерінің негізгі-балаларда сыйлау,
олармен санасу, әр оқушысын субъект теп тану арқылы туған
түсіністікте екенін көруге болады. Мұғалімнің маман ретінде қол
жеткізер табыстарының кілті-оның адамдық қасиеттерімен қабысып жатқан
мәдени қарым-қатынасы екені белгілі.
Жеке тұлғаның биік сапалық қабілеті мен өз мамандығының
қоғамдық мән-маңызын терең түсінетін, оларды тығыз ұштастыра алатын
мұғалім ғана сандаған шәкірттердің жүрегіне жол таба алады. Ал сол
жолдың алғашқа түрлері оқушының қызығушылығын ояту, білімнің терең
құпияларына жетелеу, бала бойындағы таланттың көзін ашу, талабын
ұштау болса, мұның барлығының да қарым-қатынас кілті—мәдениетті де,
әдепті сөз.
Дегенмен осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік
өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен
дау—дамайдың өрбуіне ерекше назар аудару.
Олардың себеп—салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды
қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы.
Талас—тартысты мәселелердің туындап отыруында
әлеуметтік—психологиялық заңдылықтардың болатынына көз жеткізуге
болады. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен
сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына
зерттеліп тиісті шешімін келешектен күтеді.
Шәкірттер мен мұғалім арасындағы, әсіресе мұғалім мен жас
өспірімдер арасындағы қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы
кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне осы мәселені зерттеуді
негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.
1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып
қарауды қажетсінеді. Олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғарғы
талаптар, сана-сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жас
өспірімге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2. Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрестуден
туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады.
Балалардың жас ерекшеліктерін және тәлім-тәрбие жұмыстарында
соған сай әдіс-амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз
жұмыстарында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр.
Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды “тәрбиеленуі қиын”
балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарын да қиындатады.
Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін
тигізеді.
Мұғаліммен осындай тартысқа душар болған оқушының жан дүниесіне
үңіліп көрелікші. “Болса да мұғалім мені жек көреді” деген ой
санасына ұялай бастаған оның оқуға ынта-ықыласы сөзсіз төмендейді,
мектепте, тіптен, қай жерде жүрсе де жаңағы қияли ой саңынан
қалмай, оны бәрін керісінше жасауға жетелейді. Бұл оның
әділетсіздігіне өзінше қарсылық білдіру шарасы екендігіне ешбір
таңдануға болмайды.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берлуі керек, тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі -
деген Әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтын саналы, тәрбиелі болып
өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық саяси, еңбек құқықтық түрлелі
арқылы іске асырылады.
Тәрбиенің осалдығынан белгілі бір себептермен үйлерінен қашатын
балалар тобын, мінез ерекшеліктеріне байланысты “қиын балалар” деп атау
қалыптасқан.
Қазір бұл кеңестік кезден келе жатқан ұғым ескіріп барады.
Шетелдерде “девианттық мінез” деп те жүр. Орыстарда “мінез – құлықтың
ауытқуы” дейді, бірақ бұл көңілге тиетіндей ауыр анықтама. Соңғы кездері
“қауіпті топ” деген атау ұсынылып жүр, мұның қазақша дәл баламасы жоқ.
Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу мәселелрі жаңадан ғана қаралып
отырған мәселе емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық
ойлардың қайраткерлері А.Богдановский, А.Я.Герд, Д.А.Дриль, Д.Р.Тальберг,
А.А.Фидлер және т.б. еңбектерінде көтерілген. Осылардың кейбіреулерінің
идеялары осы күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Мысалы, П.Г.Бельский және
Д.А.Дриль право бұзушы жасөспірімді зерттеп тану, олардың психологиялық
ерекшеліктерін айқындауды талап еткен. П.П.Пусторослов болса,
педагогикалық тәртібі нашарланған балалардың заң правосын бұзу дәрежесіне
орай әр түрлі типті оқу – тәрбие мекемелерін ұйымдастыруды жөн көрген.
Е.Альбицкий, А.Ширген, А.Герд тәрбие – еңбек колонияларында оқу процесін
жандандыруды қарастырады. Н.Н.Гороновия право бұзушы жеткіншектерді қайта
тәрбиелеу процесін жақсартудағы тәрбиешінің ролін көтеруге кеңес берген.
Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтері мен
психологтері Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.М.Шацкий, Л.В.Занков,
В.Н.Мясищев т.б. шұғылданады.
Сонымен, бұл зерттеушілер балалардың тәртіптерінің нашарлау
себептерін екі мағынада ұғындырады: бірінші топтағы ғалым – педагогтер,
қоғамдық жағдайлар мен күнделікті өмірдегі тұрмыс жағдайлары негіз болады
десе, екінші топтағы педагогтер, баланың психикасында табиғи ерекшеліктері
мен мінез-құлқының жағымсыз факторларға бейімділігінен деп санады.
Айтылып отырған мәселе 30-50 жылдар аралықтарында объективтік
жағдакйларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын
балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде
(Л.С. Славина, Г.П. Медведев, Э.Г.Костяшкин, Г.А.Уманов, М.А.Невский,
З.И.Шыныбекова, В.В.Терифонов, Р.К.Мәмбетова)
Объективті көзқараспен қарағанда - дейді П.П.Блонский – “қиын”
оқушы – ол мұғалім жұмысының жемісті еместігіне байланысты, ол субъективті
көзқараспен қарағанда “қиын” оқушы- мұғалімге жұмыс істеу өте қиын,
мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы”.
Жалпы алғанда олар “талантты” балалар. Жақсы жағынан емес, әрине
өмірдің өзінен үйренгені көп, тағдырдың тәлкегінен көреген болған. Олар
алғашында адамның іші – бауырына еніп, жақсы қатынасқа түсіп, сеніміне
кіріп алады да, соңында қалтасын қағып кетеді, олардың жасаған қылықтары
да адамның ойына келмейтін нәрселер болады – дейді Л.К.Керимов.(16)
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Бельский
(1917—1924) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке
жасы толмаған балаларды қарастырды.
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен
өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрде зерттеп
іске асырған П.П. Блонский (1936 ж.) болды. Оның зерттеуінің мақсаты-
қиын бала өмірін анықтау.
Ол кісінің пікірі бойынша қиын баланы тәрбиелеудің нағыз тура
жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан, мәдениетті балалар
ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.
Диплом жұмысымды нақты мәселелер мен толықтыруда тағы бірнеше
зерттеулерге көз жүгірттім.
Біраз зерттеулер (М.А. Алмаскин, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов т.б.)
“қиын балалардың” басым көпшілігі бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс
меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып
қалатын балалар”-деп атап көрсетті.
Ұжымдағы позициядан қалыс қалу оларды теріс-мінез құлыққа
айналасындағы адамдермен әсіресе бірге оқитын құрбы құрдастарымен
дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.
П.О. Эфрусен мінез құлықтаға қиындың табиғатын жүйке жүйесіндегі
ерекшеліктер: қозушылық, көңіл-күйдің аумалы төкпелігімен жұмысқа
қабілетінің нашарлығымен түсіндіруге әрекет жасады.
Л.С. Выготский “қиын тәрбиеленушімен” күресудің нақты жолын
анықтап берді. “Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және
дамудың диагностикасы” (1936 ж.) еңбегінде ол былай жазды:
“Жеке адамның күйзелісімен күресу адамды себептерін жоюмен ғана
емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді білім бірлігімен,
дамуына жағдай жасау арқылы” да нәтижеге жетуге болады.
Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А. Невский қиындықпен
тәрбиеленетіп балалардың пайда болуын, балалармен отбасында, мектепте
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді.
В.В. Трифонов зерттеулерінде “қиын оқушы” анықтамасы—бұл
күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі
қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы
педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындық, мәселесімен
И.П. Воронаева, И.В. Козубская, В.Г. Сенько т.б. айналасты.
Сондай-ақ Қазақстандық педагог ғалымдар қиын балалардың қиқарлық
сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық
факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. (Мысалы З.И. Шыныбекова, Г.А.
Уманов, Р.К. Мәмбетова, Л.К. Керимов, Л.В. Лысенко, М.Ф. Назаров т.б.).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде
зерттелініп жаңа сипатқа ие болуда. Олай болса мінез-құлықтағы
қиындық бұл шексіз (интегративті) ұғым, педагогтік әсерге қиындықпен
көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік.
Соның бірі тәрбиеге көнбейтін “қиын” балалардың саны көбеюде.
А.С. Макаренко былай деген: “Бала тәрбиесі—бұл біздің өмірде ең
негізгі жұмыс болу керек. Өйткені біздің балаларымыз келешек
мемлекетіміздің азаматтары”.
Ұлы педагог В.А. Сухомлинский “қиын” бала дегеніміз--әр түрлі
себептерге байланысты біз олардан кемістік, ақыл-ойының дамуынан
әлдеқандай ауытқуды байкамайтын адам немесе олардың әрқайсысының
басқа балаларға ұқсамайтын, өзіндік мінез-құлқы, тәрбиесінің өзіндік
құлқы, нормадан ауытқуы, тәрбиесінің өзіндік жолдары бар адам,” –
дейді.
Әрине, мұндай күйге ұшыраған оқушыланың сабақ үлгерімінің
қаншалықты төмендеп кететіндігін дәл айту қиын.
Алайда бұл орайда бір шыңдық бар. Бұндайда кейбір оқушылар
тіптен мектептегі оқуын жалғастырғысы да келмейді. Оған қаншама жан
ашырлық ақыл айтса да ол мұғалімге сенімсіз, көңілге күдік алып
қарайды. Оқушымен осындай тартысқа кездескен кейбір мұғалімдердің
мазасы кетеді.
Мұғалім қызметінің табыстарына қатысты жәйттерді зерттеу, олрады
күнділікті тәжірибеге ендіру болашақ ұстаз кадрларды даярлап
шығаруды да маңызы айрықша екендігінде кумән жоқ. Ұстаз бен шәкірт
арасындағы тартыстың шығу себебі мен оның өрбу жолын педагогикалық
шеберлік пен тиімді әдістерді қолданып жеңе білу оқушының сана-
сезіміне ықпал етіп, оған дұрыс бағдар берудің тәлім-тәрбиелік
маңызы айрыкша. Осындай мақсаттарды мектеп тәжірібесіне ендіру
ниетімен мектептерде зерттеулер жүргізіледі.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын
және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру — ең жауапты мәселе. "Отан - отбасынан
басталады" демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны ерекше, бұл
дәлелденген. Олай дейтінім, отбасы - күрделі коғамдық кұбылыс. Қоғамдық
ортаның шағын бір бөлігі ретінде отбасы балаға өмірге жолдама береді,
көзқарасының, әдеп-ғұрпының іргетасын қалайды.
Ұлы Абай атамыздың қандай өлеңін алсақ та білімділікті меңзей отырып,
адамгершілік касиеттерді биік талғаммен таңдап, адамгершіліктің ұстаздық
жолын көрсеткен. Осыған орай данышпан Абай атамыз “Жас бала анадан туғанда
екі түрлі мінезбен туады, біреуі - ішсем. жесем, ұйықтасам деп тұрады.
Бұлар тәннің құмары. Біреуі — білсем екен деп тұрады. Не керсе соған
талпынып, қызығып, көргенінің бәрін сұрап тыныштық бермейді, мұның бәрі -
жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екендеген...". Осы
мінездердің қалыптасуы отбасының тәрбиесіне байланысты екендігін
айқындайды.
Онда ең алдымен оқушылар мен мұғалімдер арасындағы нақтылы
жәйттерге байланысты талас-тартыстың сырын ашу қажет болды.
Тармақтала келе олар әрбір мұғалімнің педагогикалық ерекшеліктерін,
тартысты ситуацияларын, оқушылармен қарым қатынас қалпын, оқу
пәндеріне ықылас-ынтасын зерттеп, оларды сылыстыра отырып зерттеу
жүргізілген.
Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап
қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап,
олардың етек алуының бірнеше түрлері болғандығы байқалады.
1. Оқу, ісін жүзеге асырып, оны біріздітер жүргізуге кедергі
болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге
тиімді әдіс-тәсілдерсітіп, оқушыларға қоятын талабын үнемі
өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның
салдарынан шәкіртердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай
кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабилеті
мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып,
шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады.
2. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты
кездесетін кедергілер мен тартыстар. Баланаң өз басына талап
қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың
өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге
баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасап, өзінің
есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық жағынан да
талап—тілегінің өскендігі деп санау.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас едәуір
күрделі өйткені мұндағы бірінші жақ. Мұғалім толық қалыптасқан,
мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам. Екінші
жақ-оқушылар. Оқушылар небары өз ұстазының сезімімен ақыл-ойына
ынтыққандар ғана. Ұстазға анық құбылыс шәкіртіне нанымды бола
бермейді. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастарда тартыстың
туындауына ұстаздық методикалық тұрғыдан қате жіберу, не оқу
материалын түсіндіре алмау да себеп болады.
Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен
мінез-құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арасында ұшқалақ
мінезді, қызуқанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесінің
шеңбері тар, өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да
бар. Ондай балалармен қарым-қатынас жасау мұғалумдерге оңай тие
қоймайды.
Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас
орнатудың тиімді әдісі-оларды ұжымдық өмірдің аңғайына қарай
бейімдеп, олардың іс-әрекетімен үйлестіру. Мұндайда ұстамды ұстаздар
шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп, қалайда шәкірттермен тиімді қарым-
қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді.
Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш
жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.
Ұстаздық мамандықтың өзге маман иелерінен басты ойырмашылығы—оның
адаммен жұмыс істеп, оның өсіп—жетілуіне күш-қуатымен білімін
жұмсауы.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы белең алатын талас-тартыстар
бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделігі мен жауапкершілігінің мол
екенін анғартатын болса, екінші жағынан қарастырғанда, адамның жан
дүниесінің сырын, психикасы аса күрделі құрылым екеніне көз
жеткізеді.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынаста талс-тартас пен
дау—дамай тудыратын жәйттер мен оны түзетудің, жеңудің жолдарын
психологиялық тұрғыдан қаралды. Қиын балалармен тартыстың туындау
себептерін аша көрсетіп, оларды ұстаздық өнер арқылы түзетіп
отырудың әдіс-тәсілдерін тәлім-тәрбие тұрғысынан қаралды. Қарым-
қатынас жасаудың өзіндік жүйесі мен мән жайы әрқилы.
Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей
өзара келіспеушілік сияқты колайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда
баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең
бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді.
Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек-
талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы
арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының
дамуындағы сапалы өзгерістерді ескеріп, олрады дұрыс пәрменді
бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін
бірізділікпен қалыптастыруға болады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-
қатынастар тәлім-тәрбие істерінің жемісті жүргізілуіне елеулі нұсқан
келтіреді.
Мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен
керіс-жан-жалдар мұғалімнің жеке басындағы мінез-құлқы мен
қызметіндегі нәсіби олқылықтарына байланысты. Қолдан келгенше өзара
қақтығыстар мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай жәйіттер кіліге
болса да абырой термейді. Болашақ ұстаздар мұндай жағдайлардың мән-
жайын терең барлап түсінгені дұрыс.
Ұстаздың басты мақсаты—оқуға антасы барды да , оқуға ықыласы
жоқтарды да, тәртіптілер мен тәрбиелеуге қиындарды да оқытып,
қоғамның саналы азаматы етіп шығару.
Қазіргі кезде көптеген ұстаздар қиын балалар жайында әр түрлі
пікірлер айтып жүр. Көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми тұрғыдан
дәлелдеуінше, қиын балалар-табиғатында дұрыс жаратылған дені сау,
қабілеті бар бала. Оның өзгелерден айырмашылығы отбасында және
мектепте ойдағыдай жеке-дара педагогикалық тәрбиеге зәрулігінде ғана.
Қиын баламен жұмыс істеудің тәсілі мен жолдарын бірқатар
мұғалімдер, әсіресе жас мұғалімдер жете біле бермейді, ал
кейбіреулер балаға шын ниетімен жаны ашып, жүрегі ауырып қарамайды.
Күнделікті сабақ барысында, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында елеулі
педагогикалық қателіктер жіберіп алады.
Мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Жаман әдеттерді
қайдан үйренді? Неге озбырлық жасауға бейім тұрады?—деген сұраулар
әрбір ұстазды ойландырады.
Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне бірнеше
адамның қатысы бары бас.
Қиын деп жүрген баланың мінез-құлқына, тұрмыс жағдайына зерттеу
жүргізбей-ақ, ұрысып, әр түрлі шаралар қолданып жатамыз. Бірақ одан
жақсы нәтижеге қол жеткізген емеспіз. Баламен кездескен сәттен
бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде мұғалім
баламен қарым-қатынаста екені, онымен ішкі сезімі тікелей байланыста
болатынын ұмытпаған дұрыс. Баланаң әрбір ісіне ескерту жасап,
кемшілігін тізе бергенше, бір уақыт мақтау мен жазалау әдістерін
қаолданған дұрыс па деп ойлаймын.
Тек өзімнің ғана айтқаным болсын дейтін өркөкірек, өзімшіл,
қыңыр, қырсық мінезді балаларды сабақта, сабақтан тыс уақыттарда
жақсы болса мақтап, кемшңлңгң болса жолдастары арасында айтап
ұялтпай, қателігін өзіне мойындақтан жөн. Мұндайда кейбір балалар
кінәсі болса да мойындағысы келмейді. Осы кезде ұрсып, ұрып, дауыс
көтерудің қажеті шамалы.
Қазіргі кезде сабақтан жиі қалатын, темекі шегіп, аузына келген
былапыт сөздерді жиі айтатын оқущылар кездесіп қалады. Әрине,
оқушылардың бәрі сондай дей алмаймын. Осындай оқушыларды: “Ой, қойшы
соны өзі қиын бала болып бара жатыр” деп қолды бір сілтейміз.
Ал сол қиын болып бара жатқан баланы үнемі қадағалап, ата-анасымен
сөйлесіп, бос уақытында немен шұғылтанатытына, кімдермен бірге
жүретініне, мінез—құлқы неге өзгергеніне назар аудармаймыз. Кейбір
әріптестеріміз осыдан 15—20 жыл бұрынғы шәкірттермен қазіргі
оқушылардың арасы жер мен көктей, қазіргі балаларды тәрбиелеу қиын
дегенді жиі айтады.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсаринның “Бақша ағаштары” деген әңгімесінде
“Бағусыз, өз бетіңмен жүрсең, мына ағаш сияқты қисық болып өсесің,
ал дұрыс тәрбие алсаң, мына ағаш сияқты түзу болып өсесің” деп,
әкесі баласына өсіп тұрған екі ағашты салыстыра отырып тәрбие
туралы ой қозғайды.
Ендеше, мектеп табалдырығын аттаған шәкірттерді алғашқы күннен
бастап қиын баланың қатарына жеткізбей-ақ, педагогикалық тәрбиенің
әр түрлі әдістері мен түрлерін қолданып, адамгершілік ізгі
қасиеттерді бала бойына дарыта білсек, еңбегіміздің зая кетпегені.
Оқушылардың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа
бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп-тамырымен өзгертеді. Қоғамдық
қатынастар жүйесінде ол енді жаңа тәртіп—оқушыны—осыдан шығатын
барлық заңдар мен міндеттерді иеленеді. Мектеп оқушыларының типтік
қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері үшін, орта мектеп жасына
өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде оқушы позициясының
ішкі қабылдауы жүйелі, бұған біртұтас жүйелі факторлар себепші
болады.
Ең алдымен қоғамдық қатынастар жүйесінде жаңа орынды бала—оқушы
алып отырғанын, оларға үлкендердің елеулі өзгерісті қатынастары болу
қажет екенін ескеру керек. Бала дамуының дәл осы сатысында (этап)
үлкендердің алатын орыны ерекше—бұл олардың өмірін ұйымдастырушы,
әсіресе білімді меңгеруде, оқу-әрекетіне жұмылдыруда, жасаған істері
мен жеке қасиеттеріне баға беруде аса маңызды рөл атқарады.
Үлкендермен қарым-қатынастары бастауыш, орта, жоғарғы сынып
оқушыларының дамуында негізгі фактор болып қала береді.
Белгілі психологтар (Б.Г. Ананьев, Б.В. Давыдов, Қ.Б. Жарықбаев)
зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке бөлімдері мен өмір
тәжірибесінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын
игеріп, мінез құлықтарына, дүниетанымдарын қалыптастырып отыру
қажеттігі айқындалған.
Оқушылардың жеке-басының қалыптасуына, әсіресе оның психологиялық
дамуында негізгі шешуші рольді оқу-әрекеті атқара бастайды, бұл
жолда баланың ғылыми білімдері қарқынды меңгеруі жүреді, танымдық
және ақыл-ой күштері дамиды. Белгілі психолог Д.Б. Эльконин оқу
әрекеті арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынастарының барлық жүйесі
мен жеке қарым-қатынасы білінеді, деп көрсетті.
Көптеген авторлардың пікірлері бойынша, көп жағдайда мінез-
құлықтардағы қиындық 6—8 сынып оқушыларында, яғни жасөспірімдік
кезеңге өткенде, әсіресе ұл балаларда байқала бастайды деп
айтылған. Бірақ та кейінгі жылдарда мінез-құлқы қиын балалар
бастауыш сынып оқушыларында да көптеп кездесетіні көрініп жүр.
Мінез-құлқы қиын балалар үшін рухани қажеттіліктер мен
қызығушылықтарының кедейлігі, адамгершілікке жат мінез-құлықтың
тәсілдеріне тән, мұндай балалардың басым көпшілігі сабақты нашар
оқиды, олардың танымдық қабылеттерінің дамуы қалыс қалған.
Оқушының ішкі позициясының балада қадыптасуы көбіне оның оқу
әрекетінің белгілі мөлшерде нәтижеге жетуіне байланысты болады.
Үлкен мөлшерде білімді жүйелі түрде биімделудің қажеттілігін
психикалық процестердің дамуын, қалыптасуын күшейте түседі. Бірақ та
бұл үлкендер тарапынан аталған процестерге басшылық жасауын
тақтатып тастамайды. Мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиешілер дәл осы
кезде баланың психикасында қандай өзгерістер болып жатқанынан
хабардар болып отыруы керек. Психикалық процестердің жұмыс істеуінің
біршама жоғары қалыптасуын баладан ерікті мінез-құлық түрінің
дамуының негізін құрайды, баланың мінез-құлықы актісінде мотивациялық
деңгейінің дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет,
талаптары артады. Мотивациялық өрістегі өзгеріс баланаң жеке-
даралығын маңызды түрде қайта құрады.
Өзімен бірге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастарының
құрылуы, құрбыларының арасында өз орнын анықтау, әр түрлі
жағдайлардағы мінез-құлық ережелерін меңгеру, оларды өзіне талап
етіп қоюының қажеттігі, мектеп оқушыларының мінез-құлқы факторлары,
эмоцияналды және адамгершілік жүгін арттырады. Бұл уақытта үлкендер
баланың жанында болуы тиіс, өйткені дәл осы сәтте оларды қолдау
қажеті туып қалуы мүмкін болады.
Баланың психикалық дамуында өмірдегі өтіп жатқан өзгерістер
мектеп жасына дейінгі балаларда бұрыннан бар “психологиялық білім
байлығына” біртіндеп қосылмайды, олар баланаң мектепке келуінің
бірінші күннен бастап легімен құйылып жатады және бұл оларда айқын
түрде көрінетін стерстік күйін туғызары анық.
Әр жас ерекшелік кезегінің дамуын Л.С. Выготский дамудың “бүтін
дәуіріне” ұксастырды, ал әр “дәуір” басталуын жеке-бастың және
әрекетінің жаңа түрінің құрылуын бейнелейтін психикалық жаңадан
пайда болған түрлердің тууымен байланыстырады жеке-басты Л.С.
Выготский біртұтас білім ретінде жас ерекшелігімен бәрінен бұрын
“ішкі құрылымында” өзгеріске ұшырауы сияқты қарастырды.
Мінез-құлқы қиын балалардың жеке-басының дамуында өзіндік бағалау
үлкен рөл атқарады, өкінішке орай ол бұл балаларда өте төмен
болады. Өзіндік бағалау сана-сезімнің компонеті бола отырып, ол
мінез-құлық регуляциясының жеке-бас факторы функциясын атқарады.
Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары деңгейдегі
эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға болады. Мінез-құлқында
айтарлықтай ауытқуы бар оқушылардың көпшілігінде тежелулері әлсіз,
өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі нашар
дамыған, сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналарының,
мұғалімдерінің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-жан-
жал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке-басының дамуына
ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру немесе
желкеге ұру сияқты “көріністер” керек емес, оларға жан-жақты көмек,
адамдық сезімнің жылылылығы, шын көңілмен сүю, ұғу қажет. Тіпті
жай ғана бір мысалды алып көрейікші: егер де гүлді күтсең,
суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседі, адамдарға өзінің
әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып
қалады. Міне, бұл қарапайым шындық. Бірақ та осы шындық сырт
көзбен бақылап қарасаңыз көп жанұяда ұмытылып жатады немесе бұл
туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мұндай жанұяда тәрбиеленіп
жатқан әр балада тыныштығы мен жанының жай бырақаттығы, әні қатып
үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез-құлқы бұзыла бастайды?
Жанұяның дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз болуы, ондағы жанжал, ұрыс-
керістер мінез-құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тәрбиесіне
елеулі әсерін тигізеді.
Мінез-құлқы қиын балалардың жеке-басы дамуына әсер ететіні
айтылады, бұл ретте биологиялық және әлеуметтік факторлар арасында
диалектикалық байланыстың бар екендігі және оның адам табиғатына
ықпал ететін күштердің бірі екендігі айқын.
Сондықтан да мұғалімдер мен тәрбиешілер, ата-аналар үшін өз іс-
әрекеттерін балалардың әрқайсысын жүйелі, тыңғылықты түрде зертеп,
оларда байқалатын темпераменттерінің белгілерін есепке ала отырып,
оқыту, тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау—негізгі шарттардың бірі болған
жөн.
ІІ. Мектеп псхологының атқаратын
негізгі қызметі
Дамуы сонау көне заман қайнауынан бастау алған жантану
(психология) ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп келеді. “Өзіңді
өзің тани біл” деген Сократ тұжырымының өзектілігі де артып
барады.
Психологиялық қызмет деген ұғым-осы заманғы жантану ғылымының
алға қойған мәселелерінің бірі. Психологиялық қызметтің өмір
тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс
жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін
психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады.
Қазақстан жағдауында психологиялық қызметтің мән-жайын білдіретін
пікірлер мен зерттеулер психолог-мамандар М. Мұқанов, Ә. Алдамұратов,
Н. айғабылов т.б. еңбектерінде республикалық баспасөзде кейінгі кезде
бұл психолог-мамандарының Қ. Жарықбаев, А. Ақажанова, В. Чистов қазақ
және орыс тіліндегі мектептердегі. Психологиялық қызмет туралы
Ереже құрастырып, ол тар шеңберде ғана психолог-мамандар мен мектеп
мұғалімдеріне арналған.
Психологиялық қызметтің алдына қойтын мақсат-міндеттерінің бірі-
өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан-
дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойтағыдай жүзеге
асырудың қажеттілігі. Психология дейтін ғылыми пән-адамның жан-
дүниесінің сырын бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын
орнын да анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы
ғылым.
Психологиялық қызметті дәл осы атау мағынасында қолданбағанымен,
адамтанудағы рөлі жайында көрнекті орын алатынын психолог-мамандар
дер кезінде өздерінің пікірлерінде ашып айтты. Мысалы, Ж. Аймаутұлы
өзінің “Психология” деп аталатын оқу құралында сонау 20-жылдары бұл
пәннің адамтанудағы қызметін жоғары бағалап, жантану пәні әрбір
тұлғаның, жеке адамның жан-дүниесін айқын білуге үйретеді деп
көрсеткені белгілі. Ол осы аталған еңбегінде адамға тән даралық
психологиялық сипаттары болып табылатын темперамент түрлері мен
мінез ерекшіліктері өзара тығыз ұштастырылып жеке-дара анықталған.
Осы бағытта Жүсіпбек Аймауытұлы адамның жан-дүние сырына барлау
жасап, олардың даралық өзіндік ерекшеліктерімен санаса отырып жұмыс
істеу керек деген ұлағатты ой түйеді.
Мектептегі психологиялық қызмет жұйесінің атқарар істерінің
ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын
төрт категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие
үрдісін жақсартуға үлес қосады. “Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу
үшін оны жан-жақты білу керек” деген белгілі педагог К.Д.
Ушинский көрендігі
педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-
қатынаста екендігінің дәлелі.
Оқушының қабілеттік деңгейін, зейінін, зеректігін, ынтасының
қасиетін анықтау нәтижесінде психолог мұғалім қолына оқушының
мүмкіндігі туралы құнды деректер береді, білім берудің бала
танымыналайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруға
жағдай жасайды; педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-
қатынас типтеріне:
мұғалім — оқушы, оқушы — оқушы, оқушы—басшы, басшы — мұғалім
реттейді: топтағы психологиялық ахуалдың бірқалыпты жағдайда ұстап
отыруына мұрындық болады.
Этникалық мәдени білім беру кеңістігінде оқу тәрбие үрдісі үшін
психологиялық оң ахуал тудыру.
Мектепте психологиялық қызмет жұмысының бағыт—бағдары.
Жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл-қабілетінің дамуын, танымдық
құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу:
Әр баламен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулығы төмен, жаңадан
келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс.
Ұстаздық шығармашылық потенциалын және кәсіптік тұлғалық бағатын,
типологиялық ерекшеліктерін, өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау.
Педагогикалық ұжымда психологиялық ахуал тудыру.
Ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық қарым-
ұатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселелерді шешу барысында
жұмыстар жүргізу. Топтағы жағымды және конфликтілік, позицияна
ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып сынып жетікшісіне,
пән мұғалімдеріне орналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізіп
отыру.
Психологиялық қызмет жұмыстының негізгі мазмұны мектептің ішкі
проблемаларынан туындап отырады. Осы анықтауға тиісті мәселелермен
бұдан әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық
жұмыстар, психологиялық ойындар, тренингтер жүргізіледі.
Мектепке психолог керек пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін,
мектептерде әр түрлі сауалнамалар алынды, психолог керек болса,
одан мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қандай көмек күтеді.
Мектеп әкімшілігі және мұғалімдердің ойынша психолог жеке
оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі мен тәптіпсіздік себептері, “Қиын
сыныптарға” жеке бағдарлама құру, әсіресе жас өспірім балалармен
жұмыс істеуге көмек көрсетуге керек деп санайды. Олар әлеуметтік
тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалармен, ата-ана мен бала
арасындағы кикілжіңді шешу жолдары, отбасы мен мектеп арасында
жақсы қарым-қатынас орнату, оқушылардың оқуға және қоғамдық
жұмыстараға деген жауапкершіліктерін дамытуды қажетсінеді. Жас
мұғалімдер педагогтарға қажетті кәсіпкелерін шеберлікті және жеке
тұлғалық сапалылықты игеруіне көмектесуін қалайды.
Ата-аналарды балаларының сабаққа үлгермеушілігі, мінез-құлықтағы
қиындықтары алаңдатады. Осы қиыншылықтарды шешу үшін психолог-
маманнан өз балаларымен қарым-қатынасты жақсарту, отбасы мүшелердің
бір-біріне деген көз қарастарын реттеуге көмек көрсетуді күтеді. Ал
оқушылар болса психолог-маманнан мыналарды күтеді:
1) Оқуға деген шеберлік пен іскерлікті игеру.
2) Өз қатарындағы балалар арасындағы қиындықтарды жену.
3) Мұғалімдер мен ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу.
4) Тұлға ретінде өз-өзін дамыту.
5) Өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасын құру.
6) Болашақта қандай мамандықты таңдау.
Педагог-психолог, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қозғаған
көптеген мәселелерді талдау барысында мынадай үш байламға тоқталады.
1) Әртүрлі жастағы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысында кездесетін
қиыншылықтардың болу себептерін көрсету.
2) Оқушылардың интеллектуальдық және тұлғалық дамуындағы
ауытқушылықтарының алдын алу, жеңу.
3) Қилы сұрақтар мен кикілжің жағдайларды шешуге көмектесу.
Мектептің психологиялық қызметі қазіргі кезеңге байланысты екі
түрлі бағытпен жүзеге асырылады: өзекті және болашақтағы қызмет.
Өзікті қазіргі кездегі мәселелерді яғни оқушыларды оқытудағы
және тәрбиелеудегі қиындықтарды, тәртибіндегі, қарым-қатынастағы
сәйкессіздікті, жеке тұлға болып қалыптасуындағы кемістіктерді шешуге
бағытталған.
Болашақтағы бағыт әр баланың жеке қабілетін дамытуға, оның
қоғамдағы жасампаз өміріне психологиялық дайындықты қалып-тастыруды
көздеген.
Педагог-психолог ұмымның психологиялық кызметіне негізгі
психологиялық идеяны әр оқушының жеке тұлға болып даму үндестігін
және онық практика жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуіне ықпал
жасайды.
Осының негізінде оның негізгі мақсаты оқушылардың барлығының
және әрқай сысының өзіндік қабілеттерін дамытуға психологиялық
жағдай туғызу. Әрине, әр оқушының даму кабілеттерінің көрсеткіштері
әр түрлі, соған орай, шешу жолдары да әр түрлі, сондықтан педагог-
психолог әр балаға лайықты шара қолданады. Бұл екі бағыт бір-
бірімен тығыз байланыста: психолог, болашақтағы мәселелерді шеше
отырып, көмек керек еткен оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге
нақты көмек көрсетеді.
Сол себепті мектептің психологиялық қызметінің негізгі
мақсаты—оның қызметінің болашақтағы бағыты мен байланыста болады.
Бұл мақсат жүзеге асырылуы үшін балаға байланысты практикалық
психология мен бастапқы және соңғы қызметтің тоғысқан жерінде
жүзеге асады.
Мектеп психолог әлеуметтік тіршілік кесінің ата-анамен,
оқушылармен, мұғалімдермен қарым-қатынас үстінде өң және теріс
жақтарынан көрінуіне байланысты оның ішкі сезіміне тікелей араласады.
Ол әр бала мен мұғалімнің қарым-қатынасын ғана емсе, сонымен
бірге қарым-қатынастың қиын жүйесін де көреді (1 сурет).
құрбылары
мұғалімдер бала
ата-ана
психолог
Бұл өзіндік “жүйеде” практик психолог баланың жеке тұлға болып
қалыптасуын басшылыққа ала отырып, әр жастағы бала мен оның
мұғалімдері және ата-аналары қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Әр кезеңде педагог-психолог осы балағы әсер етуші топпен жұмыс
жүргізеді.
Мектеп психологының қызметі жұмысының негізгі түріне мыналар
жатады: педагогикалық, ұжым, оқушы мен ата-ананың психологиялық
біліміне алғашқы ұғымдар беру, психологиялық профилактикада психолог
оқушының психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы жүргізу керек;
психологиялық кеңес беруде, өз бойындағы психологиялық мәселелерін
шешуге келген оқушыға (әңгімеге мұғалім, ата-ана оемесе оқушылар
әкелуі мүмкін) көмек береді. Көбінесе олар алдын—ала ағартушылық
жұмыстарадан кейін өз қателіктерін түсінеді.
Педагог-психолог психодиагностика жүргізгенде оқушының ішкі жан
дүниесіне терең үңіледі.
Жұмыстың бірніші бағыты—психологиялық диагностика —баланы
психологиялық зерттеу тәсілдерін, оның ішінде тестілеу, кәсіби
игеруді білдіреді. Психологиялық диагностика бойынша жұмыс істейтін
психологтың негізгі міндеті білім беру жүйесіндегі балалар мен
ересек білім беру жүйесіндегі балалар мен ересек адамдардың
психологиясы, мінез-құлқын бағалауға, психологиялық зерттеу процесінде
(үрдісінде) алынған дұрыс және сенімді көрсеткіштерге сүйеніп
оларға мамандандырылған психологиялық сипаттама беруге келіп
тіреледі. Кәсіби қызметтің осы түрімен айналысатын психолог
тәжірибеде психологиялықболжам тәсілдерінің кайсібірін қолднау пайда
болған және әрі қарай жетілдірілген шектерін білу керек. Болжам
бойынша психолог-маман қажет кезде тәсілдерді құруға, тексеруді,
оның ішінде бағыт беруді, олардың сенімділіген ғылыми бағалау
тәсілдерін игере білу керек. Жүргізілетін психологиялықболжам зерттеу
нәтижелерін кезекті тәртіпсіздікті балдырмайтын ғылыми негізделген
өңдеу психологтан талап етіледі.
Тәжірибелі психологтың жұмысындағы мамандықтың екінші
бағыты—психологиялық кеңес беру. Оған жұмыстын келесі жеке түрлері
жатады:
Жүргізелген психологиялықболжам зерттеу нәтижелерінен шыққан
психологиялық—педагогикалық ұсыныстарды өңдеу және нақты құрастыру,
бұл жағдайда осы ұсыныстар балалар мен ересектерге тәжірибе жүзеге
асыру үшін түсінікті және қолайлы нысанда берілу керек.
Кеңес беру көмеген қажет ететіндермен әңгіме жүргізу. Бұл әңгімелер
балалар мен ересектер психологиялық-педагогикалық кеңес алуымен
аяқталады.
Психологиялық оқыту және біліктілікті жетілдіру жүйесінің шегінде
орындалатын мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс.
Жұмыстың ұшінші бағыты—психопрофилактикалық бағыты—бала дамуының
жағымсыз психологиялық салдарын, мысалы, дамуында қалып қою, білім
алуында, тәрбие алуында артта қалу, мінезенің жағымсыз білгелерінің
әдептерін пайда болуын алдын алатын сипаттағы міндеттерді орындаумен
байланысты. Профилактикалық жұмыспен айналысатын психолог дамудағы
қайсібір ауытқулардың пайда болу себептерін, оларды уақытында танып
және болдырмауды білу керек. Мұғалімдерді, тәрбиешілерді және ата-
аналарды психологиялық дайындық осы мақсатта жүргізіліп, бұл жұмыс
кезінде оларды баланы бақылауға және психикалық дамуының ауытқуына
әкелетін себептерді уақытында анықтауға үйретеді.
Жұмыстың төртінші бағыты—психологиялық коррекция деп аталатын,
психологтың балаға немесе ересекке жетіспеушіліктерді тузету, олардың
психологиясы мен мінез-құлқын өзгерту мақсатында әсер етуді
білдіреді. Бұл жерде психолог психотүзетудің келесі тәсілдерін
кәсібі игеру керек: психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг,
аутотренинг, гипноздық әсер ету техникасында қолданылатын кейбір
амалдар, сондай-ақ клиентке ықпал ететін мүмкіндегі болу керек.
Тәжірибеде психолог, көп жағдайда, барлық төрт бағытпен
байланысты әртүрлі деңгейде айналысады, бірақ жеткілікті үлкен
арнайы мамандықты, уақытты және кәсіби тәжірибені талап етеді,
сондықтан тәжірибелі психолог жұмысының дамуы мен жетілдірілуі және
психологиялық қызмет бірігіп жұмыстың қаралған төрт бағытының
біреуін немесе екеуін мамандандыруды білдіреді. Бұл сәйкесінше
психологиялық қызметке төрт әртүрлі саланың мамандарын: психо
диагностикашылар, кеңесшілер, психопрофилактиктер, психотүзетушілерді
енгізуді міндет қояды.
Психологиялық жәрдем қандай формасында (психологиялық кеңес беру
немесе медициналық емес психотерапия) жүзеге асса да, ол ортақ
сипатымен, яғни жеке даралығымен ерекшелінеді. Адам тұлғасына, оның
сезімдеріне, күйзелістеріне, нұсқаулары мен дүние бейнесіне,
қоршағандармен өзара қатынастырының құрылымына терең унілуіне
негізделеді. Бұндай үңілу үшін тек психологиялық сезімталдылық
жеткілікті болмайды, ол үшін арнайы психодиагностикалық әдістер
қажет.
Психодиагностикалық мендеттер әр түрлі жолдармен шешілуі мүмкін.
Зерттеу жұмысының мақсаты-психодиагностикалық ақпараттың
зерттелушілердің тұлғалық өзгеруіне тигізетін әсерім зерттеу.
Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері әр оқушының келешекте
дамуына және оны түзе-туге және алдын алу, кеңес беру жұмыстарын
тиімді ойластыруға негіз болады;
Психологиялық түзету оқушының жеке дамуындағы ауытқушылықтарды
жүзетуге, баланың қабілеттерін дамытуға, оның жеке тұлға болып
қалыптасуына ықпал етеді.
“Қиын” санаттағы балаларды бөлу.
Мектеп психологының тәжірибесінде басқа балалармен салыстырғанда
теріс қылықты балалармен жұмыс істеу жиі кездеседі.
Педагог-психологқа мұғалім мен ата-аналардан осындай “қиын”
балаларға әсер ету үшін өтініштер түсіп отырады. Осымен байланысты
“қиын” санатты балалар қатарына әр түрлі оқушылар кездеседі.

Үлгермеушілер, тәртібі нашарлар, жүйкесі, психикасы бұзылған балалар,
жасөспірімдер инспекциясында есепте тұрған жасөспірімдер, сәтсіз
жнұя балалары жатады.
“Қиын” балалармен жұмыс істеуде психологқа психологиялық,
педагогикалық жұмысқа барабарлық әдіс-тәсілерді таңдап алу қажет.
Қазіргі уақытта психологияда “қиын” баламен түсінушіліктің, әсер
етудің, диагностикалау мен түзетудің, жеке тұлға етіп
қалыптастырудың біркелкілік жүйесі қалыптаспаған.
Қолда бар әр жұмыстың күшті және әлсіз жақтары бар және оны
таңдап алу жеке жағдайларға байланысты: психологтың кәсіби
дайындығына, оның теориялық, әдістемелік жабдықталуы, ең соңында
негізгі жағдайларымен ерекшеленеді.
Сұранысқа жауап ретіндегі психолог жұмысы
Ең алыдмен, психолог түскен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz