Қиял және оның бала психологиясындағы ролі


Мазмұны:
2. 2 Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде
қиялдың дамуы . . .
Ғылыми ақпарат
Тақырыбы: Қиял және оның бала психологиясындағы ролі.
Зерттеу мақсаты: Бала бойындағы күрделі психологиялық процестердің бірі қиял сезімін дамыту, сол арқылы баланың қызығушылығын арттырып, жан-жақты білімді, сезімтал, жасампаз тұлға қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: Бала қиялының даму ерекшелігін ескере отырып, жас және дербес ерекшеліктерінің жоғары деңгейге машықтануын қадағалау.
Зерттеу құралы: Бала қиялының сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда дамыту жолдары мен амал - тәслідері.
Болжам: Баланың қиял ерекшелігін дамыту жолдарын ұстаз, ата-ана тереңірек түсініп, әрекет етсе үлкен нәтижеге жетеміз. Әлеуметтік ортаның мақсат, міндеттеріне сәйкес түбегейлі даму қарқынына икемдеу.
Мақсаттар:
1. Барлық таным процестерін дамыта отырып қиял сезімі арқылы жан-жақты білімді, талғампаз тұлғаны дамыту.
2. Оқушылардың өз ойларын еркін және мәдениетті түрде жеткізе білуге үйрете отырып, шығармашылық қиялын дамуту.
3. Әр оқушы өз деңгейін жетілдіре отырып, әлеуметтік ортаның даму қарқынын ақыл-ой елегенінен өткізуде қиялдың жүзеге асыруына түрткі болу.
КІРІСПЕ
Жас ұрпақтың жанама ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанама білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан біз адам өмірінде, дамуында атқаратын психологиялық процестердің бірі - қиял туралы тақырыпты таңдадық. Жұмыстың тақырыбы: «Қиял және оның бала психологиясындағы рөлі».
Елбасымыз Н. Назарбаев “Қазақстан - 2030” стратегиясында былай деп жаз.
Елбасымыз Н. Назарбаев “Қазақстан - 2030” стратегиясында былай деп жазған: “Білім беру реформасы - Қазақстан бәсекеге нақтылы қаблеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Сондықтан 12 жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білі алу үшін жағдай туғызуымыз керек.
Осыған орай педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді, жаңа технологиялар мен оның элементтерін қолданумен қатар білім беру ісінде психикалық үрдістерінің табиғатын ескеру маңызды екені бүгінгі күнде әрбір жаңашыл, жанашыр ұстазға мәлім.
Ғалым Ә. Сәтбекова «Қазақ тілін ұлт мектебінде оқытудың психологиялық негізі» атты мақаласында: « Қазақ тілін оқытуда лингвистиканың, психологияның, педагогиканың жетістіктері басшылыққа алынуы тиіс. Себебі бұларға сүйенбеген жалаң әдістеме ешқандай жетістікке жете алмайды» деген. Шынында да, қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштастыру барысында аталған ғылымның пікірі орасан зор деп ойлаймын.
Психологияның әдістемеге көмегі сол: ол ес дегеніміз не, қалайша есте жақсы сақтауға болады, ойлау дегеніміз не, қандай жағдайда танымдық процестер белсенділік жүреді; дағды, білік дегеніміз не және қиял, ой, сезім т. б. психикалық процестердің мәнісін ашады. Психология, сөйтіп, оқытудың мазмұнын анықтауға, сондай-ақ қалай оқыту қажеттігіне қатысты мәселелер қатарын шешуге көмектеседі. Яғни, психология іс-әрекеттің, оның ішінде сөйлеу әрекетінің психологиялық болмысын танумен шұғылданады, пәнді оқытудың тиімді тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Қандай да бір іс-әрекетті орындау барысында адам оған зейін қоюы, қабылдауы, ойлауы, есінде қалдыруы қажет, әрекет үстінде ол қандай да бір көңіл-күйге, сезімге бөленеді, көзқарас қатынасы т. б. қалыптасады. Іс-әрекетте жаңа адам қоғамдық тұлға азамат ретінде танылады. Егер оқушы өзін-өзі бағалай білсе, іс-әрекеті нәтижелі, жеке басының барлық қасиеттері қалыптасып ынталы болады.
Оқушы практикада білімін көре алады. Кейбір жағдайда егер сол оқушы сол білімін өзіне жеткіліксіз және аз деп қараса, оны өзіне намыс көруі мүмкін және де әрі қарай жұмыс істеуге ынтасы жоғалуы мүмкін: ескеру, оқушылардың психологиясын білу, олар туралы күнделікті байқаулар жүргізіп отыру, олардың өздеріне күнделік жүргіздірту, оның негізгі критерийлерін олармен бірлесе жұмыс істеу. Бұндай оқушылардың деңгейін, ойын сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетін дағдыландыру іс-әрекеті мұғалім арқылы оның ұйымдастыруымен іске асады. Оқушының кез келген деңгейдегі білімін бағалау, оны елеу, оған құрметпен қарау, баланың өзін білімді сезінуіне, қиялының өсуіне, ойы мен тілінің дамуына әкелуі сөзсіз. Даму үрдісі үздіксіз, біртіндеп өседі. Сонымен қатар, оқытудың психологиялық жағын ойлап шығару баланың, біріншіден, қызығушылығын арттырса, екіншіден, оқушы жеткіншінің бақылауын білуге асығады, тырысады.
Кейін олар өздерінің күнделіктері мен мұғалімдікін салыстырғанда бір-біріне көңілдері қалмайды, өйткені олар белгілі бір критерийге сүйенеді. Осы арқылы қосымша мәліметтер, психологиялық жан-жақты ақпараттар, зертеулер алуға болады, оқушы мен мұғалімнің бір-біріне деген сенімділігін тудырады. Осындай психологиялық жұмыстар негізінде ойлау, үйрену, меңгеру қабілеттерді ашуға болады. Бұл ашылған жолда білімді кез келген, немесе үйреніп жатқан тілде білу, сезіну қиын емес деп ойлауға болады.
Ал, оқу-тәрбие үрдісінде әр мұғалімнің психологиялық ерекшеліктерін ескеретін қажетті нәрсенің бірі болып табылады. Ол үшін мұғалім әр сабағын психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін төмендегі қағидаларды ұстануы керек:
1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болу. Атап айтқанда, бұл мынадай мәселелер: мұғалім мен оқушылардың сабақ
кезіндегі қарым -қатынасы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өрелі өнегесі, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатал талап қоюмен бірге сыйлау да білуі.
2. Сабақтың тақырыбының нақтылығы, түсініктілігі, оны мұғалімнің түсіндіру шеберлігі.
- Мұғалімнің білім деңгейінің тереңдігіне оқушылардың сенімі.
- Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы.
- Мұғалімнің сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа аудара білуі, оқушы зейінінің жан-жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеуі.
- Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.
Бүгінгі таңдағы білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, оқытудың психологиялық негіздерін де ескеру, яғни қызығушылығын арттыру, өз білімін әр кез кеңейту, қажеттілігін сезінуге жетелеу, ойлау, қиял қабілеттерін дамыту, танымды және рухани қабілеттірін қанағаттандыру, әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін дамыту, өз бетінше білім алу дағдысын дамыту және т. б. көзделгені «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» да айқын белгіленген. Онда: “Әр бір баланың интеллектуалдық дамуы, психикалық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі . . . ”
Сондықтан да, психологиялық процестердің ішіндегі ең маңызды, құнды, баланы дамытудағы ең қолайлы, ұтымды түрлерінің бірі-қиял. Себебі, қиял-адам өмірінің ең негізгі жақтарының бірі. Бір сәтке елестетіп көрсек: «Не болушы еді, егер адам қиялдамаса, армандамаса?» Онда азамат бірден түгел ғылыми жаңалықтардан, өнер туындыларынан хабардар болушы еді. Балаларымыз ертегі тыңдамай, көп ойындарын ойнамай өсуші еді. Ал мектеп бағдарламасын қалай ұғынушы еді? Бір сөзбен айтқанда, қиялсыз азаматтың даму процесі кенже. Қиял адамның ең жоғарғы және қажетті қабілеттердің бірі болып саналады. Және қиял жалаң түрде емес, басқа да психикалық процестермен тығыз байланыста келіп, бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Яғни, қиял дегеніміз не, оның бала психологиясындағы рөлі қандай деген сынды сұрақтарға әрі қарай жауап беруге тырысайық.
Бөлім І
1. 1. Психологияның таным процестерінің бірі - қиял
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындығына сай келмейтін, практикалық мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял армандай шығармашыльқ іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындарына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудан алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо) . Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы -олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері өткен тәжірибенін кайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. "Еңбек процесінің аяғында алынатын нәтиже осы процесс бастауында адам ойымен идеалды түрде жасалады" (К. Маркс) . Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекеті өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл - әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінсіз, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгенділердің фантастикалық көріністері қолданылады.
Бірақ қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. Мұның дәлелі мысал, ертегі, мақал-мәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен ашылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.
Қиялға тән және бір ерекшелігі оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану киын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір "орынбасар" формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып,
К. Д. Ушинский: "Мықты, кемелденген қиял -ақылдылықтың нышаны", - деген.
Сонымен, қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Барлық психикалық процестер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізіңде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. "Ақылдан ажыраған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф. Гойя) .
Қиялдың физиологиялық негізі жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл-күймен (эмоция) байланыстылығы қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдатады.
Сонымен бірге, мида пайда болған бейнелер шеткі (перифериялық) процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса тығыз
байланысқан әрі оларды әсерлі езгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына бірдеңе түсе кетіп, адамның өзінен өзі шошынып, терге малынып, қызарып-бозарып, дірілдей қалатының байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік институттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан дәрістердің әсерінен қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп, әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің (самовнушение) ақыбетінен адам қатерлі жағдайға душар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван Гарди осының дәлелі ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді: суытқыштар зауытының жұмыскері рефражератор машынның қорабында қапаста қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе іске қосылған болады. Күн өте, таңертең оны денесінің асқына суынуынан өлген күйі тауып алып, болған жағдайдың себептерін тексергенде, рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол өлім суықтан емес, суытқыш ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап, соны күтуден болғаны анықталған.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа дұрыс қабылдамаудан да болады. Ойланбай айтып салған дәрігердің бір ауыз сөзі шипа іздеп алдына келген адамда ауыр сыркат күмәнін туғызған жағдайлар болған. Осы күмәннің кесірінен кешегі сап-сау адамда сырқат белгілері қозып, ятрогендік деп аталатын науқас өршіп кеткен.
Осындай психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогикалық мәдениеті кем мұғалімдердің оқушыға айтылған ескертулерінен де туындайды. Осының салдарынан жас шәкіртте дидактогендік ауру мендейді, яғни бала мұғалімді көруден қорқып, қалтырай бастайды, тақтаға шықса күмілжіп, сөйлей алмайды, оқу жұмысын орындау қабілетінен айрылады.
Сонымен бірге, қиял бейнелерін орынды, дұрыс қолдану арқылы адам денесінде жүріп жатқан табиғи процестерді басқарып, дамытуға да болады. Шынында да, әжеңіздің дайындаған майлы құртының қышқыл
дәмін қиялдап, есіңізге алып көріңізші, сол бойда тап сол құрт аузыңызға түскендей, сілекейіңіз шұбырып береді. Қызығы, сол сілекейді өзіңізге өзіңіз бұйырып, ағыза алмайсыз.
Қиял күшін арқау еткен француз аптекарі Эмиль Куэ "Саналы сендіру арқылы өзін өзі басқару мектебі" деп аталған жаңа емдеу әдісін ашқан. Сырқат адам өзіне қолайлы жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйі), өзін ешқандай сырқаты жоқтай сезініп, 20-30 мәрте өзін өзі сендірудің келесідей формуласын қайталайды: "Мен тәуір боламын, мен тәуірмін . . . Сырқат бәсендеді. Сырқат кетті . . . ". Бірнеше минутқа созылған осындай сеанстар күніне 3-4 рет, әсіресе ұйқыға кетер алдындағы сабырға түсіп, босаңсыған күйде орындалады. Осы күндегі аутогендік емдеу әдісі осы Эмиль Куэ жаңалығына негізделген.
Адам өзінің ішкі дене мүшелерінің қалпын елестетумен қатар, қиял арқылы өз дене мүшелерінің қимылын да (қол, аяқ, асқазан, жүрек соғысы және т. б. ) қажетті жағдайға келтіре алады. Зерттеулер барысында осындай қиял басқарымындағы бұлшық еттерде нақты әрекеттер жасалып жатқандағыдай импульстер пайда болатыны дәлелденген. Қиял негізінде бұлшық еттерде туындайтын мұндай әрекеттерді ғылымда идеомоторлық деп атау қабылданған.
Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі болуының басты себебі ең алдымен әр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос қиялмен нөтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдың "Өлі жандар" повестіндегі Манилов бейнесін келтіруге болады, Ш. Айтматовтың "Ақырет" романындағы Авдий Каллистратов та осындай кейіпкерге меңзес.
Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар
қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер өлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгілі. Әлбетте, бірі жеңіс тұғырына көтерілгенін, екіншісі “5" алғанын елестетеді.
Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануынан, мүлгіген хәлде, ұйқыда және т. б. жағдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын керінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылықта ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған оқу жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, географиялык, не тарихи карталармен танысқанда, сызылмалар мен іс жобаларын (проект) оқығанда ете қажет. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық жүйедегі (сөз, сан, сызылма, нота және т. б. ) іздерді өзіңде бұрыннан қорытылған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіпкерді жасауда автордың көркемдік шеберлігі, образ құрастырудағы әдістері мен тәсіл байлығы үлкен роль ойнайды.
Сондай-ақ, жасампаздық қиял бейнелерін тұрғызуда адамның көңіл күй жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмоционалдық кейіп жасампаздыққа кедергі ықпалын тигізеді. Мұндайда адам ойы
шашыраңқылыққа түсіп, өзінің не оқып отырғанын түсінбей, мәнін, мазмұнын қабылдамайтын қалыпқа енеді. Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған психикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтін бейнелердің тууына себепші болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz