Кітапханалардағы өнер саласы бойынша ақпараттар технологиясының даму жолындағы жұмыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 КІТАПХАНАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ

1. 1 Анықтамалықтар, энциклопедиялар, сөздіктер және өткізілетін мерекелік шаралар . . . 8

1. 2 Кітапхананың Өнер бөліміндегі өнер туралы кітаптар . . . 17

2 ӨНЕР САЛАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

2. 1 Кітапханадағы өнер бөлімінің ақпараттық қорлары және көрмелер . . . 28

2. 2 Өнер саласының ақпараттық - библиографиялық жұмыстары . . . 38

3 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР

3. 1 Қазіргі ақпараттық қоғамдағы оқу мәдениеттілігін көтеру жолдары . . . 48

3. 2 Каталогтар мен картотекалар жүйесі . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61

ҚОСЫМША: «Мұқағали мұрасы - қазақтың қазынасы» атты презентация.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазақстан Республикасының «БАҚ» туралы заңының 1999 жылғы № 16 бабына] сәйкес мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарының толық түсуін қадағалау мақсатында нақты, жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Мысал ретінде Ұлттық кітапхана қорына 2006 жылы және 2007 жылдары түскен мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарының салыстырмалы өсу көрсеткіштеріне көз салсақ: Болашаққа қарыштап қадам басатын бүгінгідей жауапты кезеңде Қазақстан халықтарының құжатты жазба мұрасын жинап, сақтауда міндетті тегін дананы айтарлықтай үлесі мол.

Бүгінгі таңда ҚРҰҚ дүниежүзілік банк басылымдарының депозитарийі ретінде кітапхана қорына дүниежүзілік банктің қоғамдық - саяси, әсіресе оның ішінде экономика саласы бойынша шыққан ғылыми кітаптары мен электрондық басылымдарының жүйелі түрде түсуі болашақ ұрпақ үшін қымбат қазына. Ұлттық мұратты насихаттауды алтын арқау еткен мемлекеттік бағдарлама «Мәдени мұра» бойынша жарық көрген кітаптар ұлтымыздың рухани ағартушылық және мәдени - интеллектуалдық деңгейін көтеруде, өскелең ұрпақты халқымыздың салт - дәстүрі мен жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеуде теңдесі жоқ рухани қымбат қазына.

Ұлттық жәдігерлерді болашақ ұрпаққа жеткізу, әлеуметтік, көркемдік тұрғыда қайта жаңғырту - стратегиялық сипаттағы айғақ. Жалпы айтқанда Мемлекеттік бағдарлама «Мәдени мұра» бойынша жарық көрген кітаптар Ұлттық кітапхана қорының әлемдік деңгейге көтерілуінің, динамикалық өсуінің рухани жемісі. Кітапхана қорын толықтаруды дамытудың жаңаша сипаттағы жолы - Халықаралық жобалар. Ұлттық кітапхана қорына халықаралық жоба арқылы Жапония, Америка, Корея және Қытай елдерінен әртүрлі басылымдар алынады. Бүгінгі күні кітапхана қорына Республикалық журналдардың 300 аталымы мен 4065 данасы, газеттердің 135 аталымы 16000 данасы және Ресейлік журналдардың да көптеген данасы түсуде.

Еліміздегі кітапхана қорларын толықтыру, жаңарту стратегиясы -Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттарының бірі.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс заманында электронды ақпарат құралдары, информатикалық басқа да көздері көбейгенімен кітаптың алар орны бөлек. Керек десеңіз, прогресті жасау үшін де мыңжылдықтар бойы адамзатың ғылым-білімінің жиынтығы толы кітапқа жүгінбеу мүмкін емес. Ал, сол кітапты сақтап оқырманға ұсынатын кітапхана. Демек, кітапхана мәдениеттің ең маңызды саласы екені даусыз.

Эволюциялық тілмен айтсақ, адамды адам еткен жазу, адамзат еткен кітап. Жазу арқылы адам өз жайында мәлімет бере алатын, өзгелер жайлы мағлұмат ала алатын күйге жетті. Бұл оны қоғамдық санаға ие етті. Кітап арқылы өз білім тәжрибесін өзге замандастары мен келешек ұрпақтарға жеткізе отырып, сол арқылы сана иесі - адамдар өздерінің біртұтастығын сезіне алды. Осыдан барып адамзат қауымдастығы қалыптасты.

Білімнен, кітаптан кенде қалған ел адамзат өркениетінің көшіне ілесе алмай, күштілердің құлы болатынын өзге емес, қазақтың өз тарихынан да білеміз. Кезінде жаһанға даңқы тараған Отырар кітапханасын басқыншы жаулардың жойып жіберуі ұзақ ғасырларға созылған қараңғылыққа ұласқаны белгілі.

Ілім-білім бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі - кітапхана адамзат баласының рухани тыныс-тіршілігінің айнасы іспетті.

Егемендігімізге қол жеткізіп, мемлекет болып қалыптасу жылдарымыз, ақпараттық технологияның қатты дамып, әлем мәдениеттерінің бір-біріне әсерінің күшейген заманы.

Есігіміз әлемге айқара ашылып, жақсы, жаман ақпаратты халқымыздың құлағы естіп, көзімен көріп, оқып алып әр адамның өзінше қабылдағанынан, қоғамға оның қандай әсері болып тұр? Ол үлкен сұрақ. Бұл да жаңа-жаңа тәй-тәйләп қаз тұра бастаған мемлекетімізге үлкен сын еді.

Олай болса, Елбасының жарлығымен қабылданған 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттық мәдениетіміз бір жүйеге келтіріп, ғасырлар бойы толық ашылмай келген көне тарихымызды зерттеуде үлкен рөл атқарды десек, артық айтқандық емес.

Мәдени мұра бір сөзбен тұйықтауға келмейтін кең ұғым. Оған өнер атаулының бәрі, мейлі ән мен күй, жыр мен жыршы, жыраулық дәстүр, дуалы сөз, шешендік, сәулет өнері, зергерлік, әр ұлттың критерийі - тіл, адамдық сипаты-имандылық, дін, оның өзіне тән уағыздары, т. б. жатады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы алға қойып отырған міндеттердің бірі ел арасында немесе жеке кітапхана қорларында сақталатын көне жазбалар мен мәдени құнды деп табылған кітаптарды кітап қорына алдыру және ол басылымдарды өз қорында сақтауға немесе көпшілік қауымға ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол жазбаларды жоғары техникамен жабдықталған кітапханаларға жіберіп, оның электронды нұсқаларын дайындау арқылы көпшіліктің еркін пайдалануына жағдай туғызу. Яғни, жаһандану заманында кітапханалардың маңызы арта түспесе еш кемімейтінін атап өту керек.

Зерттеу объектісі. Өнер саласындағы ақпараттық қорлар.

Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасында кітапханалардағы өнер саласы бойынша ақпараттар технологиясының даму жолындағы жұмыстар.

Диплом жұмысының мақсаты . Жұмыс өзектілігіне сәйкес, диплом жұмысының мақсаты - өнер саласындағы ақпараттық қорлар арқылы оқырмандарға қызмет көрсету барысында мәліметтер жинақтай отырып, тақырыптың мәнін ашу. Шын мәнінде кітапханаларымыз өзінің дәстүрлі жұмыс түрлерінің үстіне төмендегідей қызметтерімен байыта түсіп, халқымызға еңбек жасауда:

- Егеменді Қазақстанның ілгерілеушілік саясатына, мемлекетіміздің нығая түсуіне;

- Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттардың мәдениетінің өркендеп өсуіне, тілдерінің дамуына, ұлтаралық татулықты орнықтыру;

- қазақтың арғы мұрасын насихаттады;

- дәстүрлі мәдениетімізді бүкіл әлем мәдениетінің озық үлгілерімен өрнектеп жаңғыртуға;

- оқырмандарымыздың қоғамдық санасының, рухани ахуалының қалыптасуына;

- ғылыми және әдеби айналымдағы құнды кітаптарды жинастыруда;

- мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан басқа, қаржы көздерін табу мақсатындағы өзге елдер мен өз еліміздің көркейіп, нығайуына бірлесе қызмет жасауға баулуда т. б.

Диплом жұмысының міндеттері . Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:

- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өнер саласындағы ақпараттарды қамту;

- өнер саласындағы ақпараттық қорлардың түрлері мен қызметтерін анықтау;

- кітапханадағы өнер бөлімінің ақпараттық қорларын, өнер саласының ақпараттық - библиографиялық жұмыстарын және кітапханадағы өнер бөлімінде өткізілетін шараларды зерттеу;

- кітапханада көпшілік шараларды насихаттау және оқырмандарға кеңес беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары: Жаһандану ақпараттық технологиялар заманында кітапханалардың және кітапхана оқырмандарының талабы да жаңаша. Жаңа талаптарды орындау әрине ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Сондықтан әрбір кітапханашыға қойылатын талаптар: жаңа ақпараттық технологияларға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, кітапханашылардың заман талабына сай біліктілігі мен білімін, кәсіби деңгейін көтеріп отыру.

Қазіргі кезде оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жалпы эстетикалық талғамын қалыптастыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Әрине, кітапханадағы өнер бөлімінің ақпараттық қорларын заманға сай молайту, өнер саласының ақпараттық - библиографиялық жұмыстарын жақсарту, кітапханадағы өнер бөлімінде шаралар өткізу т. б. диплом жұмысына ізденіп, ғылыми жаңалығын толықтыра түсуге мүмкіндік берді.

Ақпараттық базасы. Кітапхана тақырыбына сай еңбектермен қоса «Кітапхана әлемі», «Библиотекаведение», «Библиотекарь» т. б. ақпараттық мәліметтер диплом жазу барысында басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 КІТАПХАНАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ

1. 1 Анықтамалықтар, энциклопедиялар, сөздіктер және өткізілетін мерекелік шаралар

Өнер саласындағы қорға келетін болсақ, белгілі өнер адамдары мен аса көрнекті қайраткерлерінің таңдамалы шығармаларының негізгі басылымдары мен тақырыптық жинақтары да болғаны жөн.

Бүгінгі таңда кітап қоры 3 мыңнан астам энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, библиографиялық құралдар ақпараттық құралдардан тұрады.

Қордың екінші бөлімін құрайтын анықтамалық әдебиеттер өзінің сипаты, типі және тақырыбы жағынан мейлінше алуан түрлі болады. Оған энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздіктер, жалпы және арнаулы анықтамалықтар мен сөздіктер, жолнұсқалар, календарьлар және басқалар жатады.

Энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздіктер әмбебап және салалық қорлар болып бөлінеді.

Әмбебап қорға Өнерге байланысты энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздіктер жатады.

Мақалаларды жазуға білімнің барлық салаларынан аса ірі мамандардың кең көлемде тартылуы жарияланған материалдардың идеялық-саяси және ғылыми дәрежесінің жоғары болуын қамтамасыз етті. Мақалалардың басым көпшілігіне қоса суреттер, схемалар, кестелер берілген; картографиялық материалдар кең пайдаланылған (берілген карталардың тізбесі әрбір томның соңында келтіріледі) . Көптеген мақалаларға қоса келтірілген негізгі әдебиеттің іріктеп алынған тізімдері мақалалардың тақырыптары бойынша, белгілі мәселе жөнінде қолда бар библиографиялық құралдар басылымның идеологиялық және ғылыми жағынан неғұрлым құнды жақтарын көрсетеді.

«1957 жылдан үздіксіз шығарылып тұратын «Ежегодник БСЭ»-Үлкен Кеңес Энциклопедиясына бағалы қосымша» [1, 456 б. ] . «Әрбір кітаптың он бір бөлімінде Кеңес Одағы мен шетелдердің саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өңірінде өткен жылда болған аса маңызды оқиғалар баяндалады, халықаралық ұйымдардың қызметіне, шет мемлекеттердің экономикасына, аса ірі ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтарға қысқаша шолу жасалады. Томның аяғында мемлекет қайраткерлері, аса ірі қазақ және шетел ғалымдары, жазушылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, бейбітшілікті нығайту жолыңдағы көрнекті күрескерлер туралы қысқаша өмірбаян анықтамасы беріледі» [2, 177 б. ] .

«Одақтас республикаларда шығарылатын әмбебап энциклопедиялар советтік республикалардың табиғаты мен табиғи ресурстары, қоғамдық өмірі, тарихы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті туралы алуан түрлі мәліметтерді қамтиды. 1972-1978 жылдар арасында Қазақ Кеңес Энциклопедиясының 12 томы жарық көрді. Бұл өте бағалы басылым республиканың ғылымы мен мәдениетінің зор жетіскендігінің айғағы болды. ҚСЭ бас редакциясының қызметі мұнымен аяқталған жоқ. 1980 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 60 жылдығына арнап Энциклопедиялық анықтама, ал 1983 жылы қазақ және орыс тілінде «Алматы» энциклопедиясын шығарды» [3, 289 б. ] .

2003 - 2006 жылда аралығында 10 томдық «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының» жаңа сериялары жарық көре бастады .

Одақтас республикалардың бәрі де қазір ұлттық энциклопедиясын шығарып үлгірді. Олар республикалардың ғылыми және бұқаралық кітапханаларының анықтама қорын толықтыратын құнды басылымдар болып отыр.

Қазіргі кезеңде салалық энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздіктер білімнің барлық салаларын қамтитын болды. Олардың ішінде «Советтік энциклопедиялық сөздік», «Философиялық энциклопедия» (5 т. ), «Совет тарих энциклопедиясы» (16 т. ), «Қысқаша химия энциклопедиясы» (5 т. ), «Ауыл шаруашылық энциклопедиясы» (6т. ), «Педагогикалық энциклопедия» (4 т. ) және басқа да көптеген энциклопедиялар бар.

«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы - ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады.

Ұлы тұлғаларға арналған энциклопедиялар

  • Ш. Уәлиханов шығармаларының академиялық бес томдығын (орыс тілінде, 1984-85),
  • М. Әуезовтің таңдамалы шығармалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997),
  • "Құрманғазы" (1998),
  • «Қорқыт» (1999),
  • «Ә. Бөкейханов Таңдамалы» (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып,
  • 20 ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын жеке кітап етіп шығарды (1998, 1995) .
  • Абай Құнанбаевтың бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай энциклопедиясын» (1995) әзірлеп, баспадан шығарды.
  • «Хирургтің анықтамалығы» (академик М. Әлиев, 1997),
  • «Қазақстанда инженерлік істің дамуы» (екеуі де орыс тілінде, 2001 жылы жарық көрді) атты көлемді анықтамалықтар да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды.

Облыстар мен қалалар тарихына арналған энциклопедяиалр

  • «Алматы энциклопедиясы» (1983, 1996),
  • «Қарағанды энциклопедиясы» (1990),
  • «Ақмола энциклопедиясы» (1995),
  • «Тараз энциклопедиясы» (2003),
  • «Сыр елі энциклопедиясы» (2005),
  • «Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы» (2005),
  • «Солтүстік Қазақстан облысы» (2006),
  • «Маңғыстау энциклопедиясы» (2008),
  • «Ақмола облысы энциклопедиясы» (2009)
  • Халықаралық Түркістан энциклопедиясы (2001) шығарды.

Басқа энциклопедиялар

  • 2-дүниежүзілік соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай «Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап» деген айдармен әр облыс бойынша 2-7 томнан тұратын «Боздақтар» көп томдығы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді.
  • Тақырыптық энциклопедиялардың алғашқы легі шағарылды:
  • «Қазақстан табиғаты», 1-2-томы, 2008-2009;
  • «Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009-2010.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ энциклопедиясының редакциясы 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын жарыққа шығарды.

Қазақ энциклопедиясының басшылары

  • Академик М. Қ. Қаратаев (1968-1979),
  • Академик М. Қ. Қозыбаев (1980-1986),
  • Академик Р. Н. Нұрғалиев (1986-1997),
  • Академик Ә. Нысанбаев (1997-2003) ;
  • профессор Б. Ғ. Аяған (2003-2009)
  • профессор Б. Ө. Жақып (2009 - осы уақытқа дейін)

Сөздіктер анықтамалық басылымдардың маңызды түрі болып табылады, олар мақсатына, мазмұнына, құрылымына және басқа белгілеріне қарай сараланады.

Мына сөздіктерді түсіндірме сөздіктердің мысалы ретінде атауға болады: В. И. Дальдің 4 томдық «Нақты великорус тілінің түсіндірме сөздігі», ол бірінші рет XIX ғасырдың 60-жылдарында шықты және содан бері талай рет қайтадан басылып келеді (соңғы басылымы 1970 жылдардың аяғында жарық көрді) ; М. П. Алексеевтің, С. Г. Бархударовтың, В. В. Виноградовтың және басқаларының редакциясымен шыққан 4 томдық «Орыс тілі сөздігі» (М., 1957-1961) ; С. И. Ожеговтың бір томдық «Орыс тілі сөздігі» (12-басылуы. М., 1978) .

Сондай-ақ сөздіктер былайша да бөлінеді: жазушылар тілі (Пушкин тілі сөздігі. 1-4 ж. М., 1956-1962), этимологиялық (Шанский М. М. Орыс тілінің этимоло-гиялық сөздігі. М., 1963), фразеологиялық (Жуков В. П. Орыстың мақалдады мен мәтелдері сөздігі. М., 1966), антропонимикалык (Петров Н. А. Орыстың адамдар есімі сөздігі. М., 1966) сөздіктер, синонимдер мен омонимдер сөздіктері (Синонимдер сөздігі. Л., 1975), неологизм сөздіктері (Жаңа сөздер мен мағыналар. М., 1971) және басқалар.

Сөздіктің мұндай түрлерін шығару Қазақ ССР-інде де жедел қолға алынуда. Айталық, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (1977), қазақ тілінің орфографиялық сөздігі (1978), орысша-қазақша сөздіктің 2 томдығы (1978 және 1981), тағы басқалар.

Сөздіктердің ерекше бір тобын әр алуан адамдардың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер беретін өмірбаяндық сөздіктер құрайды («Жаратылыстану мен техника қайраткерлерінің өмірбаяндық сөздігі», «СССР Ғылым академиясы, Адам құрамы», «Ғылым мен мәдениеттің зағип қайраткерлері» және басқалар) .

Қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің бүркеншік есімдері сөздіктерінен тек қана өмірбаяндық мағлұмат алып қоймай, орасан зор деректемелік және нақты материалдар алуға болады. Оған мысал ретінде отандық көрнекті библиограф И. Ф. Масанов құрастырған 4 томдық «Орыс жазушыларының ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің бүркеншік есімдері сөздігі» (М., 1956-1960) айтуға болады[9] . Бұл сөздік орыс және совет әдебиеті бойынша жасалған ең толық анықтамалық басылым болып табылады. Сөздікте бірнеше мың бүркеншік есімнің сыры ашылған, ал соңғы томында «Сөздікке» енгізілген, бүркеншік есіммен жазып тұрғанбарлық авторлардың алфавиттік көрсеткіші басылған.

Сөздіктер туралы сөз еткенде қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген және ғылымның әр алуан саласын қамтитын саяси сөздіктерді де айта кеткен жөн. Олардың ішінде «Қысқаша саяси сөздік» (үшінші толықтырылған басылымы, М., 1983) ; «Коммунистік тәрбие» (М., 1984) ; «Ғылыми коммунизм» (М., 1983) ; «Философиялық сөздік» (М., 1980) ; «Этика жөніндегі сөздік» (М., 1983), тағы басқалар.

Анықтама қорының құрамында алуан түрлі анықтамалықтар елеулі орын алады. Жалпы және комплексті сипаттағы анықтамалықтар ретінде статистикалық анықтамалықтарды, СССР-дің және одақтас республикалардың әкімшілік - территориялық бөліну анықтамалықтарын айтуға болады. Анықтамалықтар тақырыптық (мысалы, «Халықаралық жұмысшы қозғалысы» М., 1980; «Дүние жүзі елдері» М., 1984), немесе белгілі бір оқушыларға арналған (мысалы, «Насихатшы мен үгітші анықтамалығы») болуы мүмкін. Әр алуан календарьлар (стол үстіне қоюға, жастарға, әйелдерге арналған), қалалар жөніндегі жолнұсқаулар, адрес кітаптары, телефон жүйесі абоненттерінің анықтамасы, транспорт жүрісінің жыл сайынғы тәртібі және т. б. анықтамалық басылымдар да жатады.

«Өндірістік қызметтің жекелеген салалары жөніндегі, белгілі бір кәсіпке арналған анықтамалықтарды пайдаланушылар көп болмағанмен, ол аудан, қала көлемінде нақты анықтамалық болып табылады. Әмбебап кітапханалардың анықтама қорын мұндай басылымдармен толықтырғанда қызмет көрсетілетін ауданның экономикалық саласы әрқашанда ескеріліп, мамандықтары бойынша оқушылардың негізгі топтарына бағытталып отырады. Арнаулы ғылыми және ғылыми - техникалық кітапханаларда өндірістік, тарифтік - мамандық анықтамалықтар едәуір толық жиналады» [4, 456 б. ] .

Қітапхананың анықтама қорын толықтыруда және қосымша толықтыруда анықтамалық басылымдар жөніндегі библиографиялық жолнұсқалардың көмегі көп өкінішке орай, анықтамалықтардың қазіргі көрсеткіштері білімнің тек жекелеген салаларын (техниканы, ауыл шаруашылығын, тарих ғылымдарын, географияны) немесе анықтамалық басылымдардың түрлерін (энциклопедияларды, терминологиялық сөздіктерді) ғана қамтиды. Оның үстіне, олардың көпшілігі едәуір ертеректе шыққан және әлбетте, ескіріп қалған.

Мүмкіндігіне қарай анықтама қорының құрамына саяси ағарту жүйесіне, жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар, жоғары оқу орындары мен техникумдарға арналған негізгі оқулықтар да қосылады.

Кештер

Кеш - әдебиеттерді иасихаттаудың пәрменді құралы әрі қызықты түрі ғана емес, сонымен қатар өнерге деген оқырмандардың ынтасын оятып, әдебиетке деген талғамын қалыптастырады. Ол бір мезетте үлкен аудиторияға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Кітапханадан тыс жерде кеш өткізу арқылы, кітапханаға жаңа оқырмандар тартылады.

Өзінің мазмұны мен тақырыбы жағынан кештер мейлінше сан алуан. Олар кездесу кеші, портрет-кеші, сұрақтар мен жауап кеші, кітаптар кеші, қызықты ғылымдар кеші, әдеби және музыка кештері. Кітап мерекелері кештердің ерекше түріне жатады. Ол белгілі кітапқа немесе белгілі бір тақырыпқа арналған бірнеше кітап авторына арналуы мүмкін.

Кешке даярлану кезінде оның тақырыбына орай кітап көрме ұйымдастырылады, әдебиеттердің ұсыныс тізімі жасалады. Дауыстап оқулар өткізу арқылы әдебиеттер кеңінен ұсынылады. Кештің бағдарламасына лекциялар немесе әңгімелер және жазушылардың, артистердің, ғалымдардың, суретшілердің т. б. кездесуге негізделуі ықтимал.

Кештің бағдарламасы мынадай бола алады:

1. Кіріспе бөлім. /Кештің ашылуы, оның бағдарламасы жайында ақпарат, жүргізуші кітапханашы немесе оқырман бола алады. Кіріспе сөз 10-15 минуттен аспауға тиіс/.

2. Негізгі бөлім /Өлеңдер мен көркем шығармалардан үзінділер оқу музыкалық шығармаларды тыңдау, документельды-хроникальды немесе көркем фильмдерден үзінділер көрсету, кездесуге қатысушылардың сөзі, көркем өнерпаздар ұжымдарының және жергілікті мәдениет қайраткерлерінің өнер көрсетулері т. б. /

3. Кешті қорытындылау. /Әдебиеттерге шолу, әдеби-музыкалық викторина/.

Портрет кеші және кездесу кеші.

Өндіріс озаттарына, Кеңес Одағының батырларына, Социалистік Еңбек ерлеріне, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға т. б. арналады.

Кештің мақсаты облыстың, ауданның, қаланың, селоның атақты адамдарымен таныстыру, өлкетану әдебиеттерін насихаттау. Игі істері халық арасына аян болған адамдармен танысып тілдесуі, өзін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде олардың пікірін тыңдау оқырман қауым үшін аса қызықты іс.

Кешке әзірлік күні бұрын басталуға тиіс. Кітаптар көрмесіне және шолуға қажетті әдебиеттер іріктеліп алынып, кітапхана мерей тұтпақ болған адамның еңбек немесе жауынгерлік өмір жолымен, оны жақын білетін жолдастарымен танысқан жөн.

Кештің бағдарламасына кездесуге қатысушылармен, олардың жауынгерлік-еңбектік істерімен, наградаларымен, өмір жолымен аудиторияны таныстыратын жүргізушінің қысқаша кіріспе сөзі кіреді. Содан соң кездесуге келген қайраткерлерге сөз береді. Әңгімесінің соңында ол оқырмаңдар сұрағына жауап береді.

Қорытынды бөлімінде осы қайраткер жайында жазылған баспасөз шығармаларына шолу өткізіледі немесе фильм /болса/ көрсетіледі. Сондай-ақ тақырып бойынша әдебиеттер шолуын өткізуге де болады. Мәселен, егер Совет Одағының батыры емес Ұлы Отан соғысына қатысқан адаммен кездесу үйымдастырылған жағдайда Ұлы Отан соғысына қатысқан "Біздің жерлестеріміз" тақырыбына шолу өткізіледі.

Кешке оның сүйікті музыкалық және көркем шығармалары да пайдаланылады. Дыбысты жазылым немесе көркем өнерпаздардың орындауында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Академиялық кітапхананың сипаттамасы
Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Мұрағаттық құжаттарды цифрлық форматқа айналдыру технологиялары, отандық және шетелдік тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz