КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Кожахметова Сағыныш Кошанайевна

КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы:

Көкшетау 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-11

1-бөлім. КІТАПХАНАДАҒЫ БИБЛИОГРАФИЯЛАУ МЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 12-60

І-тарау. ӨлкеТАНУШЫЛЫҚ библиографияЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 12-39

1. 1 Өлкетанушылық библиографиялық құралдарды құрастырудың дайындық және негізгі кезеңдері . . . 12-30

1. 2 Өлкетанушылық библиографиялық құралдарды құрастырудың қорытынды кезеңі . . . 31-37

1. 3 Өлкетанушылық библиографиялық құралдарды автоматтандыру әдісін пайдаланып құрастырудың ерекшеліктері . . . 37-39

ІІ-тарау. ӨлкеТАНУШЫЛЫҚ анықтамалық-библиографиялық қызметІ көрсетуді ұйымдастыру және оның әдістемесі . . . 40-49

2. 1 Тақырыптық анықтамаларды орындау әдістемесі . . . 40-44

2. 2 Нақтылаушы анықтамаларды орындау әдістемесі . . . 44-47

2. 3 Адресті анықтамаларды орындау әдістемесі . . . 47-48

2. 4 Фактографиялық анықтамаларды орындау әдістемесі . . . 48-49

ІІІ-тарау. КІТАПХАНАНЫҢ ӨлкеТАНУШЫЛЫҚ анықтамалық-библиографиялық АППАРАТЫН ұйымдастырЫ . . . 50-60

3. 1 Энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздіктер . . . 50-53

3. 2 Кітапхана катологтары . . . 53-55

3. 3 Библиографиялық картотекалар . . . 55-60

2-бөлім. ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУ, КІТАПХАНАНЫҢ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ . . . 61-85

ІV-тарау. КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫ АРАСЫНДА ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУ . . 61-68

4. 1 Өлкетанушылық библиографиялық білімді насихаттаудың бұқаралық формалары . . . 61-66

4. 2 Өлкетанушылық библиографиялық білімді насихаттаудың топтық формалары . . . 66-68

V-тарау. КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ . . . 69-71

5. 1 Кітапхана қызметкерлеріне өлкетанушылық библиографиялық білім берудің формалары мен әдістері . . . 69-71

VІ-тарау. КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ . . . 72-85

6. 1 Өлкетанушылық библиографиялық жұмысты жоспарлау . . . 72-79

6. 2 Кітапханалардың өлкетанушылық библиографиялық жұмысының есебі және есеп беру . . . 79-82

6. 3 Өлкетанушылық библиографиялық қызметке әдістемелік басшылық . . . 82-85

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86-89

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90-92

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан-алуан. Оған экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым, геосаяси жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер, мәдени-ағарту мекемелерінің қалыптасуы - бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде баспа шығармаларын және басқа ақпарат көздерін қоғамдық пайдалануды ұйымдастыратын идеологиялық, ғылыми-ақпараттық және мәдени-ағарту мекемелерінің ішіндегі кітапханалардың алар орны алабөтен. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше. Кітап білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі.

Кітапхана - еңбек өнімділігін арттыруға, адамдардың, әсіресе, өскелең ұрпақтың ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруда, жалпы адамды тәрбиелеуде кітапханалардың ықпалы күшейгендігі теориялық зерттеулердің тұжырымдарымен де дәлелденді.

Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Кітап адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың ойларын, олардың талап талпыныстарын түсінуге, айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі, қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістер кітапханалар алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Қазіргі күнде де кітапханалардың өрістеуі шарықтамаса, толастаған емес. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс істей бастады. Мысалы, Қазақстанда XX ғасырдағы кітапхана қызметкерлері барлық жұмыстарын техникасыз атқарып, тек қолда бар ақпараттарды пайдаланса, XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерінің заман ағымына орай ой-өрістері кеңейіп, тек өз жерінде ғана емес шет мемлекеттердегі ақпараттармен алмаса алатын, оқырмандарының сауалдарына жан-жақты, кең көлемде жауап бере алатын жағдайға жетті. Әсіресе, оқырмандардың электрондық кітапханалардың мәліметтер базасын, әлемдегі ірі ақпарат орталықтарының каталогтарын, жеке электрондық коллекцияларды оқып-білуіне де мүмкіндік туды. Сондай-ақ, жұртшылықтың, оқулықтардың, кітаптардың, энциклопедиялардың, CD-Rom-дағы, интерактивті оқу курстарының электрондық басылымдарын қарауына кітапхана мүмкіндік жасап, заман талабына сай жұмыс атқарып жатыр.

XX ғасырда жаңадан кітапхана қызметкерлері іріктеле бастаса, ал XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерін даярлайтын оқу бағыттары пайда болды. XXI ғасыр, кітапханалар мен кітапханашылар үшін түлеу, жаңғыру ғасыры болады. Ол - өркениет талабы.

Міне, сондықтан да қарастырылып отырған кезеңдегі кітапханалардың құрылуы және кітапхана қызметкерлерінің қалыптасуының әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болу кезеңдерін ашу - XX ғасыр басындағы қазақ халқының европалық рухани байлықтан кенде қалуы оның табиғи болмыс-бітімінен емес, қоғамдық-саяси себептерден туындағанын көрсетуге мүмкіндік береді. Кітапхана қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелерді шешуде партиялық, өкіметтік органдардың қызметіндегі жетістіктер мен кемшіліктерін кітапхана мамандары қызметінің мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін нақты фактілермен көрсету, тақырыптың бір қыры бола алады. Тарихи тәжірибені объективті зерттеу практикада пайдасы бар құндылықты сақтау үшін қажет. Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызметкерлерін дайындау, олардың әлеуметтік ахуалы XX ғасыр басында қазақ қоғамының өтпелі кезеңінде болды, оның таңдаулы үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің Қазақстандағы бүгінгі мәдени процесстер үшін де маңызы бар.

Елдің осы заманғы әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуындағы аймақтардың қоғамдық және шаруашылықтағы елеулі белсенділігі олардың мәдени-тарихи дәстүрлерге назар аударуына байланысты сипатталады. Осыған байланысты ақпарат проблемалары күрделеніп, соның ішінде кітапханалық-библиографиялық аймақтың дамуында алуан арналы, сан салалы қажетсінуін қамту ерекше мәнге ие болмақ. Заманауи әлеуметтік-экономикалық дамудағы мәдени ортаның болашағын жетілдірудегі мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу өлкені ақпараттық қамту басты фактор болып есептеледі. Осы кезде өлкетану өркендеу қарсаңында тұр. Зерттеудің көкейкестілігі кітапханалардың өлкетану-библиографиялық даму болашағы мен заманауи сараптау маңыздылығымен анықталады, ал ол еліміздің жекелеген аймақтарындағы ақпараттық қажеттілікті жүзеге асыру және дамуына тәуелді.

Қазақстан өмірінде соңғы жылдарда мемлекеттің аймақтық саясатпен байланыстылығы ерекше орынға ие болып отыр. Облыстық арақатынасты қайта құру және жаңа аймақтық саясатты қалыптастыру, аймақ пен мемлекеттің, оның әкімшілік орталықтарының мүдделерін үйлестіру жолдарын іздестіру - жаңа қазақстандық қоғамды түбегейлі қалыптастырудағы басымдық бағыт болып есептеледі.

Дипломдық жұмыста еліміздегі өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппарат қызметінің ерекшеліктері, кітапханадағы өлкетанушылық-библиографиялық жұмыстың ұйымдастырылуы мен әдістемесі, оның материалдық базасы мен мамандармен қамтамасыз ету проблемалары, өлкетану әдебиетінің құрамын алып көрсететін өлкетану каталогтары мен картотекалары, өлкетану әдебиетінің жеке қоры мен оған жасалған анықтамалық-библиографиялық аппарат негізінде кітапхананың алуан арналы, сан салалы өлкетану жұмыстары (өлкетану библиографиясын құрастыру, нақты материалдар жөнінде анықтамалар мен жеке сұрауларды орындау, көпшілік-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру, т. б. ) қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аймақтық саясат, тұтастай аймақтандыру үрдісінің ортақ принциптер негізінде түрлі әлеуметтік өмірде - экономиканы, өндірісті, экологияны, әлеуметтік жағдайды, ұлттық ділімізді, рухани болмысымызды т. т. қалыптастырып, жүзеге асырады.

Әлеуметтік өмірді аймақтандыру - аймақтық саясаттағы аса күрделі сала. Республика облыстарының территориялық әлеуметтік қауымдастығы таптық белгілері, тұрғындардың ұлттық құрамы, өмір сүру сапасы мен тұрмыстық салты мен дәстүрі, т. б. жағынан ерекшеленеді. Жүйелі сипаттары мен динамикасы, ішкі құрылымдық байланыс территориялық қауымдастық ретінде тарихи қалыптасқан.

Белгілі бір географиялық аймақ, әкімшілік-территориялық аудан немесе елді мекен туралы мәлімет беретін баспа шығармалары мен басқа да материалдарды, туған өлкенің қызметін зерттеуде - аймақтық, өлкелік қызметке басқармалар, экономикалық құрылымдар ғана белсенді қатысып қоймай тұрғындардың қалың көпшілігі де атсалысады. Өйткені өлкетану әдебиеті жергілікті жердің табиғи-экономикалық ресурстарын дамытуда, қалың жұртшылыққа идеялық-патриоттық тәрбие беруде және тарихи-өлкетану зерттеулерін жүргізуде аса құнды әдебиет болып табылады. Ұлттық, облыстық (өлкелік) кітапханалардың өлкетану әдебиеттері қорын толықтыруды неғұрлым толық және сапалы жүргізу мақсатымен оларға мемлекеттік және жергілікті міндетті даналарды (полиграфия орындарының немесе баспа ұйымдарының арнаулы заң не нұсқау бойынша әрбір басылымның белгілі бір таралымын міндетті түрде мемлекеттік кітап қоймаларына, кітапханалар мен библиографиялық және ақпараттық орталықтарға беріп тұруы) алу құқығы берілген.

Қазіргі таңда қоғамдық өлкетану өрлеу қарсаңында тұр. Мұның бәрі қоғамды демократияландыру, халықтық, ұлттық сана-сезімнің өсуі, жалпыадамзаттық бастауының өсуін мойындау үрдістерімен байланысты. Өлкетану қызметі - тарихи тәжірибені меңгеру және сақтау амалдары болып табылады. Осының негізінде ол бүгінгіні қайта құру, алға жылжудың нақтылы бағытын саралауға көмектеседі.

Жоғарыда айтқанымыздай аймақтық ақпараттық, соның ішінде библиографияның да мән-маңызы арта түсуде. Осыған орай еліміздің жекелеген аймақтарын зерттеу мен дамуын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырудың маңызы аса зор.

Өлкетану библиография алдында бүгінгі таңда оның теориясы мен тәсілдерін қарастырудың зор мәні бар. Біздің елімізде библиографиялық қызмет жүйесінде өлкетанушылық библиографияның орнын айқындау мәселесінің негізі бар. Сондықтан да қазақстандық баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы болып табылатын библиографияның орны туралы мәселені талдама жасауда және оның басқа библиография түрлерімен, яғни өлкетанушылық библиографияның қызметін, оның даму жолдарын, түйіндей келгенде барлық жұмыстың ара қатынасын анықтаудың шешуші маңызы бар. Бұл оның өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Өлкетанушылық библиографиялық қызмет көптеген он жылдар бойы облыстық кітапханалардың библиографиялық бағытының маңызды бағыты болып келеді. Ал олар тарихи, геориялық және қолданбалы сипаттық жұмыстарда көрініс табуда. Отандық библиография жүйесінде өлкетанушылық библиографияның орны мәселесі ғалым библиографтар тарапынан арнайы зерттелген емес. Өлкетанушылық библиография жөнінде жалпы теориялық және амал-тәсілдік проблемалар жайлы жекелеген жұмыстар баршылық: библиографияның осы түрі жайлы негізгі түсінік мазмұны («өлкетану» түсінігі «өлкетану әдебиеті» және «өлкетану библиографиясы» туралы түсінік) ; оның жалпылама даму мәселелері; өлкетану библиографиялық оқулық құрылым жүйесі; өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппараттын ұйымдастыру туралы және т. б. Аталмыш сауалдарды іске асыру еліміздегі библиографияның орны туралы мәселені зерттеу базасын жасауда белгілі бір дәрежеде ықпал етті.

Бұл мәселелер жайында арнайы пікірлер айтқан ғалымдардың жұмыстарының ішінде А. А. Бейсенбаевтың, М. Н. Мұсаеваның және М. А. Терентийдің (өлкетану әдебиеттің ағымдағы әмбебап көрсеткішіне байланысты), Н. И. Болдеревтің, Б. Т. Лихачевтің, И. С. Марьенконың (библиографиялық оқулықтарға байланысты) ; Л. И. Әлімованың, Д. Б. Ковалевскийдің, С. Ұзақбаевтың, Р. Төлеубековтың, М. Оразалиевтің, Е. Қозыбаевтың, Г. К. Белгібаевтың сондай-ақ одақтық республикалардың кейбір мамандарымен өлкетанушылық және мемлектетік (ұлттық) библиография жайлы жұмыстары; О. П. Коршуновтың, Д. Ю. Тепловтың, С. В. Баженованың - салалық (экономикалық библиография) ; салалық өлкетанушылық библиографияның арақатынасы - жалпы библиография туралы еңбектеріндегі жекелеген пікірлер; К. И. Шафрановскийдің (геологиялық библиографиясы), Г. В. Гедримовичтің (геология және тау-кен істері жөнідегі библиографиясы) ; өлкетану оқулықтарда жекелеген салалар бойынша материалдар жоғары оқу орындарының оқулықтарында, сондай-ақ библиографияның әр түрлі салалары бойынша зерттеу еңбектері бар.

Зерттеу нысаны - кітапханадағы өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппарат қызметінің жұмысын ұйымдастыру және оның әдістемесі, оқырман аудиториясына билиографиялық қызмет көрсетудің сан алуан әдістері, өлкетанушылық библиографиялық білімді насихаттаудың жолдары болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні - өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппаратқа анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді пайдалану және оның амал тәсілі мен қалыптасу технологиясын, әдістемесін зерделеу; сонымен бірге қазақстандық библиография жүйесінде өлкетанушылық библиографияның теориялық негіздегі орнын айқындау.

Зерттеу жұмысының мақсаты - өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппаратты әмбебап ғылыми кітапханаларда пайдалану және әдістік-технологиялық негізде қалыптастыруды жүзеге асыру; отандық библиография жүйесіндегі өзіндік буын ретінде өлкетанушылық библиография қызметінің негізгі принциптерін теориялық жағынан дәлелдеу; өлкетанушлық библиографияның өзіндік ерекшеліктерімен байланысты көрсетілген жүйедегі орнын анықтау, сонымен қатар, өлкетанушылық библиографияның басқа да библиография жүйесіне енетін түрлерінің өзара қатынас принциптерін қарастыру, сөйтіп осы негізде өлкетанушылық библиографиялық қызметті оңтайландыру жолдарын талдау.

Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

1. Кітапханалардың анықтамалық-библиографиялық аппарат жөніндегі түсініктің ғылыми эволюциясын зерделеу, сөйтіп терминологиясының, құрылымы мен қызметінің теориялық және әдістемелік негізін жасау;

2. Кітапханаларда өлкетану библиография жұмыстарын ұйымдастыруда жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіру, кітапханалық өлкетану жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру;

3. Өлкенің тарихи-мәдени, әдеби, саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жиналған әдебиеттерді талдау барысында кітапханалық-библиографиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру және оның әдістемесін зерттеу мәселелерін қарастыру;

4. Өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппаратты құру және пайдалану үрдісінің технологиялық жобасын жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі елтану мен өлкетанудың проблемаларына қатысты жұмыстар, өңірлік саясат және өңірлік проблемаларға қатысты: Г. А. Агранаттың, М. Н. Афанасьевтің, И. Н. Гомаюновтың, И. И. Горлованың, В. В. Добровольскийдің, В. Г. Игнатовтың, В. В. Карповтың, А. К. Мырзабековтың, Д. Б. Семеновтың, К. Ф. Строевтің, М. Ю. Шинковскийдің, С. О. Шмидтің және басқалардың; ресейдің библиографтану және кітапханатануға қатысты ғылыми еңбектері: З. Н. Амбарцумянның, А. И. Барсуктың, И. В. Гудовщикованың, Ю. С. Зубовтың, Д. Д. Ивановтың, Н. С. Карташовтың, О. П. Коршуновтың, В. П. Леоновтың, М. В. Машкованың, Г. В. Михееваның, К. Р. Симонның, Д. Ю. Тепловтың, С. А. Трубниковтың, В. А. Фокевтің, Е. И. Шамуниннің еңбектерін жатқызуға болады.

Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, М. В. Ломоносов сияқты көрнекті педагогтар еңбектерінде жасөспірімдерге табиғат жайында қарапайым ұғым беруді өлкетануға негіздесе - олардың дүниетанымын қалыптастыруға мол мүмкіндік туатындығы туралы ғылыми тұжырымдар жасаған.

Өлкетану материалдарының тәрбиелік және дамытушылық мәні АЯ. Герд, К. Д. Ушинский, В. П. Вахтеров, Г. С. Виноградов, Е. Н. Водовозова, Э. И. Моносзон, Е. И. Тихеева, Л. К. Шлегер, М. Н. Скаткин, В. А. Сухомлинский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Ш. А. Амонашвили т. б. еңбектерінде де жан-жақты ашылған.

Аталмыш ғалымдардың пікірінше, оқу-тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын пайдалану - оқырмандардың дүниетанымдык көзқарасы мен дүниенің біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастырып, туған жерін, оның мәдениетін сүюге тәрбиелейді.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Кітапхананың өлкетанушылық ақпараттық-библиографиялық аппаратын зерттеу барысында терминологиялық сараптау, құжаттарды зерттеу, ғылыми бағамдау, салыстырмалы, жүйелі-кешенді, дағдылы ғылыми сипаттамалық, проблемалық, нақты талдау, саралау сияқты ғылыми әдіс-тәсілдер мен жинақтау, қорыту, социологиялық, эвристикалық принциптері қолданылды. Сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар әдістемелеріне тән зерттеу әдіс-тәсілдерімен тығыз байланыста қарастырылған зерттеудің теориялық негізіне іргелі еңбектер жазған отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдар мен қайраткерлердің еңбектері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы және теориялық маңызы. Отандық библиографиятануда қазақстандық библиография жүйесінде жеке буын ретінде тұтас концепция қалыптасты, осы жүйедегі өлкетанушылық библиографияның қызметтегі теориялық негізі қаланды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні «анықтамалық-библиографиялық аппарат», «анықтамалық-іздестіру аппараты» терминдерінің шығу тегін қарастыруда жатыр. «Өлкетанушылық анықтамалық-библиографиялық аппаратын» анықтау түсінігі ұсынылды. Әмбебап ғылыми кітапханалардың өлкетанушылық анықтамалық-библиография аппаратының моделі түзілді; Библиографиялық іздестіру тәсілі негізіндегі эволюциялық өзгерістерді қарастырады. Олар қор базасының кеңіюі, әдіс-амалдың өзгерістері, іздестіру нәтижесі, орындаушыға қойылатын талаптар болып есептеледі.

Теориялық тұжырамдамасы нақтылы библиографиялық түрдің негізгі мазмұнын түсіну: «өлкетану әдебиеті» түсінігі, «өлке» түсінігі және «өлкетану библиографиясы» дегеннің өзіндік түсінігі.

Өлкетанушылық библиография жұмыста библиография деген анықтамаға ие, ел ішіндегі әлдеқандай жерге арналған әдебиет жайлы ақпарат беретінде де сол. Библиографиялық ақпараттың мазмұны территориялық аспекті - бұл негізгі жүйені қалыптастырушы библиографиялық белгі. Өлкелік әдебиет және жергілікті басылым өзінің мазмұны мен басылып шыққан жеріне қарай көрсетілген ұстанымның орнығып, ерекшелігін тұжырымдайды. Бұл ерекшелік библиографиялық құжаттар топтары мен өлкетану библиографиясы мен жергілікті баспасөз библиографиясы болып бөлек өмір сүруімен анықталады.

Өлкетану библиографиясы жеке түр ретінде және библиографиялық ақпарат мазмұнына қарай территориялық аспектіде орнығады. Ол ақпараттық қажеттілікті қанағаттандырады. Өлкетану библиографиясында өз оқулығының жүйесі қалыптасқан; өзінің ұйымдастыру принциптері мен үйлестіру жұмыстары бар; өзінің теориясы мен тәсілдері жетілдіріледі.

Қазақстан ғалымдарының ертеректегі тұжырымдалған зерттеулері, көптеген құжаттардан ерекшеленетін өлкелік әдебиеттер мазмұн жергілікті сипаттарына қарай айқындалады. Өлкелік әдебиеттердің жергілікті сипаттарына қарай тереңірек ашып көрсету үшін төмендегі ерекшеліктерді ұсынады: 1) басылымдық шығармалардың өзінде сипатталатын тақырыптары мен проблемалары, ғылыми мінездемесі; 2) проблемаларды қарастыратын көзқарас; 3) кітаптарда пайдаланылған материалдар.

Жұмыста өлкетану және аймақтану библиографиясына қатысты түсінік мәселесіне осы заманғы көзқарас ұсынылып отыр. Аймақтану библиографиясының құрамында елтану болмағандықтан аймақтану және өлкетану библиография термині осы заманғы жағдайда синоним ретінде қарастырылады.

Қазақстандық библиографиятанудағы зерттеуде тұңғыш рет негізгі ерекшеліктеріне қарай өлкетану библиографиясына қатысты принциптері тұжырымдалған. Олар: 1) Құжаттар тасқыны дәрежесіне қарай. Мұндай жағдайда бір және сол әдебиет өлкетану және библиографияның басқа түрінде көрініс табады. 2) Библиографиялық оқулықтар дәрежесінде. Мұндай жағдайда сол немесе басқа библиографиялық оқулық өлкетануға да және басқа библиографияға қатысты болмақ. Бұл принциптер шынын айтқанда библиографияда және библиографияның библиографиясында қолданылады. Демек осының бәрі белгілі бір ерекшеліктерге ие. Бұл арада үшінші байланыс түрі - библиографияның оқулығының библиографиясы дәрежесінде қатысты болмақ. Өлкетану библиографиясына қатысты байланыс принципі қызмет аясы ретінде дәлелденген. Оқу процесі барысында өлкетану библиографиясында оқу құралы ретінде мұндай байланыс жоқ.

Отандық библиографиялық танымдық дипломдық жобада алғаш рет кітапханаларда өлкетанушылық каталогтардың басқа кітапханалардағы каталогтардан ерекшелік мәселесі жүйеленген.

Бұл каталогтар барлық өлкетану библиографиясы тәрізді нақтылы кітапханалардағы белгілікті әдебиеттердің көлеміне қарамастан белгілі бір территорияға арналған әдебиеттер туралы ақпараттар береді. Олар осынысымен басқа кітапханалардағы каталогтардан ерекшеленеді. Осы ереженің негізінде жұмыста өлкелік және аймақтық каталогтарға қатысты түсінік принциптері қарастырылған.

Өлкетану библиографиясы жүйесінде өлкелік каталогтар библиографиялық ақпараттар беретін жергілікті жерлердің шекараларымен анықталады: облыстық, өлкелік, республикалық кітапханалар тиісті облыстар, өлкелер, республикаларға қатысты маңызды ақпараттар берудің бастауы ретінде қызмет етеді; өлкелік каталогтардың (картотека) қалалық және аудандық кітапханалардағы басты міндеті сол қалалар мен аудандарға арналған әдебиеттер туралы ақпараттар беру болып табылады.

Зерттеулерде өлкелік кітапханалар үшін осы заманғы классификациялау схемасын жасау көзделген. Мұндай схемалар әмбебап кітапханалық-библиографиялық классификациялау негізінде құрылуы мүмкін, бірақ сонымен бірге өлкелік кітапханалардың ерекшеліктерін ескере отырып мазмұнын толық ашу мақсатында қосымша көлемді жұмыстар жүргізуге тура келеді.

Сонымен, дипломдық жұмыс әлеуметтік-мәдени, халық шаруашылық маңызы бар кең көлемді ғылыми проблемалық сипаттағы еңбек болып табылады. Өлкетану библиографиясына қатысты қызметтік проблемаларды терең әрі жан-жақты тұжырымдау қазақстандық библиографияның құрамдас бөлігі ретінде өз өлкелік библиографияның ғана емес, ұлттық библиографияны тұтастай алғанда оның қоғамдық ақпаратпен қамтудағы рөлін арттыруда ерекше маңызға ие болады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Қазақстандық библиография жүйесінде өлкетану библиография орнын теориялық жағынан негіздеу, аталған жүйенің құрамдас бөлігі ретінде өлкетану библиографияны дамыту мәселелерін практикалық шешудің базасы қызметін атқарады; өлкетану библиографияның басқа да оның түрлерінің өзара байланысының жетілдіруге қолайлы жағдай жасауға бақытталуы керек. Зерттеу материалдары өлкетану библиографиялық оқулықтарды тұжырымдау мен моделдік жүйесін дамытуға көмектесе алады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Кітапханадағы анықтамалық библиографиялық қызмет
Кітапхананың библиографиялық қызметі
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Библиографиялық қызметтің қызмет ету принциптері
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС) программасын құру және оны таратудың мәселелері
Кітапханалардағы өнер саласы бойынша ақпараттар технологиясының даму жолындағы жұмыстар
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
XXI ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz