Мектепте қазақ қолөнерін үйретудің тәрбиелік мәні және әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Кілемнің алатын орны, тарихы және дамуы

1. 1 Қазақ халқының жүнді өңдеу жолдары

1. 2 Кілемнің негізгі түрлері

1. 3 Инемен тоқылатын кілемнің жасалу жолдары, орындалу кезеңдері

1. 4 Қауіпсіздік техника ережелері

2. Мектепте қазақ қолөнерін үйретудің

тәрбиелік мәні және әдістемесі

2. 1 Технология сабағында кілем тоқу өнеріне үйрету

2. 2 Күнтізбелік жоспар

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқы қолөнерінің мәдениеттанулық негіздерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан процестермен айқындалады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мамлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінін жол ашылып тұр Оған Республика президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы қоғамын идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: « Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу- бұл әрине оң процесс . . . Қазақстан ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті . . . дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі мұның бірден бір айғағы. Жалпы айтқанда қазақ халқы қол өнерінің мәдениеттанулық негіздері проблемасы және де әдебиет, тарих және этнографиялық әдебиеттерде айтылып, жазылып жүргенімен оның мәдениеттанулық негіздері жайлы философиялық мәдениеттану саласы тұрғысынан арнаулы қарастырылмаған. Бұл дипломдық ізденіс аталмыш тақырыпта жазылған алғашқы зерттеу тәжірибесі болғанымен, ол осы сала бойынша әртүрлі теориялық ізденістер, тұжырымдар мен терең мәдени қинарларға, отандық және әлемдік мәдениеттану мен философиялық жаңалықтарына сүйеніп, оларды теориялық және әдіснамалық арқау етеді. «Үй жасауы - кілем» - дейді халық. Кілем - жайсаң төсеніш, ілсең - сән, ел аузына ілінген асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Шығыс еліндегі оны тоқып, тұтынбаған халық жоқ. Кілем бетіндегі сан қилы, сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары - осының бәрі кілем бетінде бейнеленген. Қазақ халқының бұл түрінде өсу жолына тән даму тарихы бар. ол тарих сонау көне заманнан басталды. Оған Қазақстан жерінде бұрын - соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген соң үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ, тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркендестігінің айғағы.

Көкейкестілік. Қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен. Әсіресе, Ресеймен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланысының арта түсуі, тағы басқа көптеген ішкі факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті, ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерде кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан айтайық: «Балаңа ер қосып бер» немесе «Сықырлауық жасап берем», - қарызға мал алып, қажетіне жұмсады. Нәтижесінде айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу жолында өмірлері өтетін - ді.

Бүгінгі күнге көшсек жастарды не қызықтырады? Олардың тек шешемдік киімнен бастап, мәдениетіне дейін қызықтырады. Бәрі әсем де сәнді нәрселерді ұнатады. Сол нәтижелердің бір бөлігін неге қолмен істемеске? Өз қолмен жасалған бұйым әр уақытта жоғары бағаланып, әрдайым сәнде болады. Әжелерімізді еске алсақ, үйдегі барлық заттар, орамал, төсеніштер, жаялықтар, кілем, ыдыс аяқ, киім- кешек бәрі де қолмен жасалған. Бұның бәрі өте әдемі. Махаббат пен нәзіктікпен жасалынған бұйымдар өте ұзақ сақталынады. Сәндік қолданбалы өнермен айналысып, әр адам өзін кестелеуде, тігуде, кілем жасауда көрсете алады. Нағыз осы сәндік- қолданбалы өнер ой-өрісті, творчествалық өнерді, көркемдікті, халықтық дәстүрді дамытады. Күнделікті өмірде ауытқуға көмектеседі. Қазіргі біздің алдымызда тұрған ең басты көкейкестілік: оқушыларды сәндік- қолданбалы өнерге қызықтыру.

Зерттеу көздеріне анали з. Оқушылардың психологиясы бойынша, егер олар жұмысты бастап бір- екі рет қателесіп немесе мүлдем істей алмаса, олардың қызығушылығы төмендейді. Сондықтан олардың қызығушылықтарын арттыру үшін көбірек әртүрлі демонстрациялар жасап, әртүрлі көрмелерге жиі қатыстыру керек.

Зерттеу мақсаты . Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттеулу деңгейлерімен осы диплом жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады. Оны қазақ халқы қолданбалы қолөнерінің мәдениеттанулық негізінен туындайтын қазақ сәндік қолөнерінің мүмкіншілігін көрсету деп білеміз. Яғни, қазақ қолөнері оның ерекшелігі мен дамуы, салт-дәстүр, әдетғұрыптары, әшекелеу әдістері оның түрлері және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттанулық тұрғыдан сарапқа салу, олардың мән-мазмұнын ашып, даму эволюциясының қарастыру қажет. Ғылым мен білім өркен жол қоймаған қазақ жерінде сонау XVII- XIX ғасырларда- ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды жасыл түскиіздер, алқызыл гүлді құлпырған түкті кілемдер, қошқар мүйіз, самаурынша, құстаңдай жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандықтап, асадал, аяққап, шапан сияқты киім- кешектер обаста, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттілікпен туған. Айталық жүннен иірілген жіп жылы ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған. Зерттеу мақсатын осы өнерді жаңартып, кейінгі ұрпаққа мирас етіп сақтап, жеткізу.

Зерттеу орны. Ел ішінде әр істің қос шебері болған. Аты шыққан қолөнер шеберлері- кілемшілер және киіз басушылар, текметке түрлі ою- ойыстыратындар өз өнерін ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп өнердің осынау бәрі мәңгі өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын алып келеді. Бұның бәрі, әрине, оқушыларға мектепте үйретілді.

Зерттеу пәні. Технология сабағында оқушыларға әлемдік мәдениеттінің көп түрлілігін, Қазақстанның мәдени аймақтық байлығы туралы түсінігін қалыптастыру керек. Оқушылардың бойындағы әдептілік қасиетін тәрбиелеу барысында оған әлеуметтік тұлға ретінде мәдени салт дәстүрлер қасиетін қалыптастыру. Оқушылардың этникалық тәрбие ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық тәрбие жүйесіндегі этнос объектісін қалыптастыру қажет.

Болжам. Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтанып жатқан ұлттық мүліктермен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеумен бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, сүйек, керамика мен түсті металға жасау - жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғарғы дамыған кезіне келіп жеттік.

Міндеттер. Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстанда қолөнер кәсібі бұлан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың шығармашылығы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған. Республикамыздың әр жерінде қазіргі кезде кездесетін күмбірлеген күмбез, төрт құлақ сағана ескерткіштермен ғимараттар өздерінің әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашық та айшықтылығымен бүкіл бір архитектуралық ансамбль ретінде айрықша сүйсіндіреді. Біздің басты міндетіміз ежелгі мәдениет- Отырар орнын қазу барысында табылып жатқан заттар, қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлердің қолынан шыққан әсем бұйымдар қазақ халқфнфң мәдениетін жаңа мәліметтермен байыту. Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай жатқан түрлері де баршылқ. Айталық, қазақ халқына өрмек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, сырмақ сыру, тұс киіз жасау сияқты өнері кең тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көне деп бағалап халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз қажет.

Ғылыми жаңалық. Диплом жұмысымның ғылыми жаңалығы көтерген тақырыбымның, алға қойған басты мақсатым және оны орындау барысында шешуді қажет ететін міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде танылады.

Қазақ халқы қолөнерінің мәдениеттанулық негіздері философиялық тұрғысынан мәдениеттану болып қарастырылып отыр. Жұмыста қазақ сәндік қолөнері оның мәдениеттанулық танымы бүгінгі күн талабына сай қарастырылған. Тақырыптың жаңалығы қазақтың дәстүрі қолөнерінің қазіргі мәдениеттану ілімінің соңғы теориялық жетістіктері негізінде қарастырудан туындайды. Диплом жұмысымда төмендегідей жаңа нәтижелер алынған:

-Қазақтың қолөнерінің мәдениеттанулық негіздеріне теориялық талдау жасалынған.

-Қазақ халқы қолтаңбалы қолөнерінің тарихи даму кезеңдері зерттелген.

Қазақтың қолөнері түрлерінің тарихи-этнографиялық ерекшеліктерін және сәндік қолөнерінің даму деңгейі, қоғамдағы рөлі анықталған.

-Қазақ қолөнерінің мәдениеттанулық негіздерін танып білуге, болашақ маман иелерінің даярлық деңгейін жетілдіруге ықпал ететін ғылыми-әдістемелік нұсқаулар тұжырымдалған.

-Қазақ халқы қолтаңбалы қолөнерінің мәдениеттанулық негіздері ұғымдарының мәңгі ашылған.

-Қазақ халқы қолтаңбалы қолөнерінің мәдениеттанулық негіздерінің мазмұны мен әдістемесі теориялық тұрғыдан зерттеліп қазақ сәндік қолөнерінің мәдениеттанулық негіздеріне сипаттама беріліп, оның ұлттық мәдениетте алар орны ерекше белгіленген.

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Кілем арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр саналып, әрбір шаршы метріне шамамен 230 - 400-ге дейін, ал өңбойына бір миллионға жуық жіп түйіндерін келтіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым.

Практикалық маңызы. Жазбаша есерткіштерге қарағанда бұрынғы заманда киіз үйдің ішіне ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үздігі орнына жапқан. Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтылуы оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бері келе жатқан халықтың дәстурлі үй мүлкінің бірі- келімнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзіндік қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асыл түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тазбайтын, жыртылмайтын, шаң тозаңнан тез- тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын аса бағалы мүлік.

1 Кілемнің алатын орны, тарихы және дамуы

1. 1 Қазақ халқының жүнді өңдеу жолдары

Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын сонда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлық және тағы басқа көне тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.

Қазақ халқы-кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғару үстінде болады. Осындай толассыз, дамудың нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуына айтарлықтай жоғары деңгейге жетті.

Революцияға дейінге қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отыршылыққа көшу процесі бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Россиямен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауыларының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлігінің қолына қарады.

Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі.

Октябрь революциясының жеңісінен кейін әсіресе ауыл шаруашылығын коллективтендіруге байланысты, қазақ жұртшылығы түгелге жуық қоғамды еңбекке белсене араласты да, қолөнер кәсібі, олар өндіретін бұйымдар жаңа жағдайға байланысты өзінің қажеттілігін жойды. Өйткені, оларды күнделікті халық тұрмысынан өндірістік товарлар оңай ығыстырды. Нәтижесінде ел арасында ер адамдар қолөнеріне байланысты қарекеттер үй кәсібі болу мәнін жойды деуге әбден болады. Ал, киіз басу, тоқымашылық, тігінішілік, кесте тігу сияқты әйелдер үлесіне тиген қолөнер түрлері, керісінше жаңа жағдайға байланысты жаңғыра даму үстінде.

Көп облыстарда үй шаруашылығындағы әйелдер қой, яки, түйе жүнінен иіріп, бояп киіп үйдің ішін жабдықтауға бау, басқұр, алаша, тақыр кілем (терме алаша), қоржын, жабу тоқыған. Қазақстанның оңтүстік батыс аудандарында, сондай-ақ Қызылорда облысының бәріне дерлік қазірде түкті кілем тоқу дәстүрлі кең тараған. Басқұр, алаша, тақыр, түкті кілем т. б. бәрінің де негізгі бір-бәрі де өрмек тоқуға негізделген. Ал оны көркемдік жағынан байыту, мәнерлеп өрнектеу, әр түрлі айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына, тоқушының өр қиялына, іскерлігіне байланысты, әр жерде әр түрлі.

Қазақ халқының өнері, жүз жылдар арасында аз өзгеріске ұшырағаны табиғи қолөнерге байланысты. Бірақ оның да өз ерекшелктері бар. революцияға дейінгі қазақ халқының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты өнердің стационарлық базаны талап ететін түрлері дами алмады. Мүмкін, қазақ өнерінде соңғы ғасырларда керамика, әйнек, фарфор, жұқа мата өңдеу өнер болмауымен түсіндіріледі. Бір жағынан, XVII ғасырда дәстүрлі тауар айналымды Орта Азия, Иран, Түркия, Ресей дәстүрлі тауар айналым жасауға рұқсат етілді.

Ертеде жүн өңдеу қазақ өнерінде бірінші орын алды. Киізден оюланған төсеніштер, қабырғаға ілінетін кілемдер, дорбалар, аяққап, әбдіре қап, қоржын, шабадан тағы басқа бұйымдарды жасаған.

Инемен тоқылатын кілемдер өте маңызды роль атқарған. Оларды жерге төсеп, қабырғаны әшекейлейтін. Көшіп - қонып жүрген кездерде түйенің үстіне кілем жабатын. Кілемді жүннен тоқитын.

Кілем тоқу - тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнеріне ертеректен белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақытта да «шебердің қолы ортақ» деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу сияқты көршілер арасындағы ұйымшылдық пен өзара көмекпен, қолқабыс көрсетуінің арқасында тындырылған іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан - аяқ 3 -4адам, құруға одан да көбірек адамды қажет ететін жұмыс.

Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді. Еліміздің түкпір - түкпірінде кең таралған осы бір өнер түрінің өріс алып, бай мазмұнға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе республикамыздың оңтүстік аудандары.

Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай кілем тоқудың түрлері де сан алуан. Әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған қалыпқа лайықтап, қазіргі тұрмыста кеңінен қолданып жүргені - түкті кілем және тақыр кілем.

Түкті кілем ою - өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қана қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар өзге елдерден әкелінген кілем түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. әндіжан кілем, Бұқар кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, арабы кілем деген атаулар соның айғағы болса керек.

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппысына кім епіл? Оның айғағы - тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып келген ою - өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара түсіп, бет - бедерінде тұмыс - тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері - біржақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі - қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ тұр.

Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, украин халықтарының арасындағы қолмен тоқу өнерінің көптеген түрлері бір - біріне ұқсас болып келеді. Бұған қарағанда осы елдер арасындағы көршілік қарым - қатынастың ертеден - ақ қалыптаа басталғандығы байқалады. Халықтар қолөнеріндегі мұндай жақындық, бір ғана қолмен тоқу өнерінде емес, тіпті ағаш өнеріде, тастан ойып қашау, былғары илеу ісінде де байқалады.

Жүн, түбіт, майда торқа, жібек жіптерінен үй тұрмысына аса қажетті және көп қолданатын шұлық, шарф, шәлі сияқты бұйымдар тоқылады.

Ал мұндай әрі жылы, әрі жұмсақ, жеңіл де икемді тоқыма заттары, әсіресе бақтышылар үшін өте қажет - ақ. Бұларды тоқу құрал - жабдықты, жұмыс істейтін орынды онша талғамайды. Мұндағы пайдаланылатын құрал өте қарапайым. Мысалы, бұранғы кездегі шұлық тоқу үшін ағаштан және сүйектен 12 - 15 сантиметрлік, сымнан 18 - 20 сантиметрлік қармақты біз жасайтын. Қазақтың халық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып алған жіліктің қыр сүйегінен егеліп істелетін. Тобылғының, аршаның, тасжарғанның шыбықтарынан жонып та жасаған. Ал сым иілмейтін болаттан болса, оның ұшы дағаланып, қыры жұмырлана тұжырылып келсе тіпті жақсы.

Шұлық, қолғап, ұйық, шарф, кеуде көйлек, басқа киетін кепеш және тағы басқа заттарды тоқу үшін екі түрлі жіп қолданылады. Олар фабрикаларда иірілген мақта - мата жіптердің түсі, жуан - жіңішкелігі, сапасы әртүрлі екені белгілі. Сондықтан шебер бұлардың ішінен өзіне керегін таңдап алады да, содан соң барып іске кіріседі.

Қазақ қолөнершілері, жоғарыда айтылғандай, тоқу ісіне көбінесе, жүннен иірілген жіптерді пайдаланады. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің түбітінен иірілген. Мұндай жіптер таза, әрі жұмсақ, төзімді, созылмалы, әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл - қыбыр, шөп - шаламынан тазартып, ұйысқаны жазылып, жұп - жұмсақ үзіліп тұрады. мұндай жүн созып иіруге, иненің жұмсауынан өткізуге, сымның, иненің, біздің ізімен іркілмей жүргізіп отыруға ыңғайлы.

Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйеркелей отырып жеңі - жлпі домалаққа төгеді. Домалықтың ортасына әдейі ызған баудан немесе кез - келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сцыртқа шығып тұрады. жіп иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортаңғы саусағына іліп алады. Бұл ілмек шүйкені қыл - қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің басына) іліп қою үшін өте қажет.

Жіп иірудің екі құралы бар. оның біріншісі - ұршық. Екіншісі - аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршық пен жіп иірудің де екі әдісі бар. Бірі - шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі - шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және тағы сол сияқты) іліп қойып иіру. Екуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыпырғылай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жіп жалғау - керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz