Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Дипломдык жұмыс
Тақырыбы: «Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін» оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Орындаған: БК-42 топ студенті Калданбекова А. Д.
Тексерген: Биология кафедрасының доценті.
б. ғ . к Дүрмекбаева. Ш. Н
Көкшетау 2007 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1 Биологияны оқытудың тиімді жолдары . . . 3
1. 1Организмнің көбею жолдары . . . 4
2 «Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін» оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі . . . 7
2. 1 Адам ұрығы және оның дамуы . . . 12
2. 2 Онтогенездің негізгі кезеңдері . . . 15
2. 3 Адам организмінің бейімделуінің ерекшеліктері . . . 19
2. 4 Адамның тұқым қуалайтын белгілерінің ұрпаққа берілуі . . . 24
2. 5Ген және генофонд . . . 32
2. 6Адам организмінің биологиялық ырғағының ерекшеліктері . . . 36
2. 7 Салауатты өмір және оның ғылыми негіздері . . . 42
2. 8 Адам проблемасын зерттеудегі ғылыми мәліметтер . . . 48
2. 9 Адамның белсенді іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері . . . 53
2. 10Денсаулық және ауру . . . 58
Қорытынды . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 64
КІРІСПЕ
Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған «Көбею және даму» бағдарламасының мазмұны «Биология» пәні бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай құрылған.
Оқу бағдарламасының мақсаты - оқушыларда адам организмінің қызметі мен құрылысы туралы білім қалыптастыру; адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау.
Қазақстандық биологиялық ғылымдар үшін табиғат жайлы білімдердің және әр түрлі зерттеу әдістердің жылдам дамығыны қажет.
Осыған байланысты бұл ғылымның өзіндік жаңа мәні қалыптпасады. Мектепте оқытуды және оқу пәнәнәң мазмұны мен көлемін бекітуде сабақта материалдарды таңдауда сабақ беру әдістер басқа рөлді атқарады. Оқу пәні, мазмұны дәйектілікпен бөліктерге тарауларға, параграфқа, тақырыпшаларға бөлінеді. Биология оқу пәні бірлестігі оның батаника, зоология, анатомия, физиология, адам гигиенасы бөлімдерімен байланысты. Оқу материялының жазу логикасы мазмұны тексеріліп олардың өзара байланысына көңіл бөлінеді. Тақырыптың құрамы, құрылымы өзара ішкі байланыстары болу қажет. Қорытынды бөлім негізгі мазмұнынан туындап негізделуі тиіс. Оқудың мазмұнын анықтауда оның мемлекеттік стандартқа, бағдарламаға сәкестісі ғылымдағы жетіктерге оқытудың негізгі идеяларына жазу әдістемесіне көңіл бөледі.
1. Биологияны оқытудың тиімді жолдары
- Жасуша а. Денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым
- Нейрон ә. Көп жасушалы организмнің бір бөлігі, өзіне
тән құрылысы, пішіні бар, белгілі бір қызмет атқарады.
- Ұлпа б. Бірлесіп жалпы қызмет атқаратын мүшелер жиынтығы
- Мүше в. Организммен қоршаған орта арасында газ алмасу
жүйесін іске асыратын процестер
- Мүшелер г. Құрылысы, қызметі, шығу тегі ұқсас жасушалар
тобымен жасушааралық заттар жүйесі
- Организм ғ. Адам организміне қажетсіз соңғы өнімдері бөлу
- Тамақ д. Жеке организмдерді және организмнің барлық
мүшелерінің құрылысын пішінін зерттейтін ғылым
- Тынысалу е. Организмнің өсуі, дамуы, жетілуі үшін және
жасушалардың тіршілігін, жаңаруын қамтамасыз етіп
тұратын организмге қажетті заттар жиынтығы
- Бөліну ж. Жүйке жасушасының құрылымдық және қызметтік
негізгі құрам бөлігі
- Тәнтану з. Ұлпалар, жасушалар, мүшелер және организмнің
тіршілігі жөніндегі ғылым
- Физиология и. Кезкелген тіршілік иесі
- Гигиена к. Организмнің құрылысы мен тіршілігінің негізі болатын
тірі жүйе
Жауабы:1-к, 2-ж, 3-г, 4-ә, 5-б, 6-и, 7-е, 8-в, 9-ғ, 10-д, 11-з, 12-а.
Мұндай сәйкестік тесттері оқушылардың ой-өрісін дамытып, терминдермен, жаңа ұғымдары есте сақтауларына жәрдемдеседі.
Организмнің көбею жолдары.
Көбею тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі. Тірі организмдер 2 түрлі жолмен көбейеді.
Жыныссыз көбею кезінде бір ғана дараның соматикалық жасушаларынан жаңа организмдер пайда болады. Бұл кезде жыныс жасушалары (гаметалар түзілмейді және қатыспайды) .
Жыныссыз көбею және оның түрлері.
Жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызы:
1. Қысқа уақыт аралығында генетикалық тұрғыдан біркелкі көп мөлшерде даралардың пайда болуы жүзеге асады. Сол арқылы қысқа мерзімді тіршілік ететін организмдер қолайлы жағдайда көбейіп әрі жаңа аймақтарға таралып үлгереді.
2. Спора түзу арқылы табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғанып, түрдің сақталуына және таралуына септегін тигізеді.
Жынысты көбею және оның түрлері.
Арнайы жыныс жасушалары арқылы көбею(гаметогамия)
А) ұрықтанбай-ақ партеногенез жолымен көбею.
ә) ұрықтану арқылы көбею.
Бұл кезде жұмыртқа жасушасы мен сперматозоид қосылып ұрықтанады да одан жаңа организмдер дамып жетіледі. Оның 2 жолы бар.
Бұл кезде екі жыныс гаметасы қосылмайды. Тек бір жыныс жасушасының өзінен жаңа организм дамиды.
Мұндай жолмен баларалар, шөп биттері, жібек көбелегі, т. б. көбейеді.
Бұл кезде екі түрлі жыныс жасушасы бір-бірімен қосылып ұрықтанады да одан жаңа организм пайда болады.
Жыныс жолмен көбею кезінде жаңа тұқымқуалаушылық қасиеті бар, екі ата-анасының да әр түрлі белгілері байқалатын жаңа организм дамып жетіледі де, оның бойында көптеген өзгергіштік белгілер пайда болады.
Организмдер ұрықтану процесінің жүру тәсіліне байланысты ұрықтанудың бірнеше жолдарын ажыратады.
Мысалдар
2 «Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін» оқыту
(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
2. 1 §49 Көбеюдің маңызы. Жыныстық дамудың кезеңдері және олардың механизмдері.
Сабақ мақсаты:
Білімділік - көбеюдің маңызын жыныстық дамудың кезеңдерін олардың механизмін түсіндіру.
Тәрбиелік - оқушыларды гигиеналық талаптарға тәрбиелеу.
Дамытушылық - көбею -түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялық құбылыс. Даму арқылы организм түрді қалпына келтіреді және түрлердің өсуін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырып
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін сыныпта кім жоқ ?
Көбеюдің маңызы. Көбею- түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялық құбылыс. Даму арқылы организм түрді қалпына келтіреді және түрлердің саны өседі, дамиды.
Адамның жыныстық дамуы зат алмасу құбылысына негізделген.
Жыныстық көбеюдің функциялық негізінде аталық және аналық клеткалар қосылып ұрықтанады., ұрық анасының организмінде дамиды.
Адамның көбеюі ұрықтанудан басталып, бірнеше даму кезендерінен өтеді, оны онтогенез( грекше on ( ontos) - заты, мәні және genes- шығу тегі ) Онтогенез деп тірі организмнің жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап адамның өмірінің соңына дейінгі кезендерді айтады. Онтогенез екі үлкен кезеңнен тұрады:біріншісі-анасының жатырында даму, екіншісі- анасынан туып, бөлек өмір сүру кезеңі. Екінші кезеңде организмде үлкен сапалы және сандық өзгерістер өтуінен оның денесінің және мүшелерінің салмағы және көлемі артады, бала өседі. Сапалы өзгерістерге физиологиялық жүйелер мен организмнің дамуы жатады. Даму барысында жұмыртқа клеткасының ұрықтанғанына негізделіп салынған тұқым қуалау ақпараттары біртіндеп жүзеге асырыла бастайды. Бұл сапалы қасиет адамның балалық шағының және жасөспірім кезінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Анасының құрсағында ұрықтың алғашқы дами бастаған кезінде оның клеткаларында клетканың көбеюін реттеуші химиялық зат пайда болады. Бұл зат клеткалардың тез көбеюіне және клетка аралық ақпараттарды өткізу үшін қажет. Ол химиялық зат нәресте туған соң да сақталады. Бірақ организмде мүшелердің қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ұрықтың соңғы даму кезеңінде ішкі секреция бездері пайда болады. Адам организмінің даму барысында ішкі секреция бездерінің қызметін жүйке жүйесінің қызметіне бағынышты қалыптасады. Жыныс бездерінде ішкі секрециялық және сыртқы секрециялық қызмет қатар болады.
Жыныстық дамудың кезеңдері және олардың механизмі . Адамның жыныс жүйесінің толық дамып жетілу кезеңі ұзаққа созылады. Бұл белгілі заңдылықпен болады- әуелі физиологиялық жүйелер дамиды және қалыптасады, олар организмнің ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделуін қамтамасыз етеді. Функциялық жүйелердің біртіндеп және жеке дамуы -организмнің дамып қалыптасуы мен физиологиялық жетілуіне себепші болады. Жыныс жүйесінің дамып жетілуі нақты генетикалық бағдарлама бойынша өтеді. Дегенмен бұған әлеуметтік, климаттық, экологиялық факторлар әсерін тигізеді. Жыныс жүйесінің жетілуінде оның екі жеке функциясын еске алу қажет: екінші(соңғы ) жыныстық белгілер функциясы мен көбеюдің жыныс мүшелерінің функциясы.
Жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің функциясының үдемелі болуынан соңғы жыныстық белгілер пайда болады. Олардың барлық жыныстық белгілері ересек адамдардың типіне сәйкестенеді. Бала организмінің дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде мидың реттеуші рөлінің маңызы арта түседі. Мысалы, баланың алғашқы 10 жас өмірінде гипоталамустың (аралық ми) қызметі эпифиз безінің тежелтуші әсерінде болады. Эпифиз семген соң гипоталамустың қызметіне тежелту әсер болмағандықтан, ол жыныс жүйесі жетілуінің механизімін іске қосады. Сонымен, балалық шақта жүйке және эндокриндік жүйелер белгілі мерзімге дейін ішкі фактор (эпифиз) әсерінен тежелуде болады.
Эпифиз ми аралығында орналасқан. Ол адамның 7-8 жасына дейін ғана қызмет етеді де, одан соң семіп қалады. Эпифиздің бөлетін гормондары ерлердің жыныс бездерінің дамуын баяаулатады. Эпифиздің ішкі секреторлық қызметі нашарлағанда -жыныс бездері мерзімсіз өсіп, жетіледі және мұрт шығады. Эпифиздің жұмысы жоғарылағанда адам семіздікке душар болады.
Жыныс жүйесіндегі құбылыстардың әсері әр түрлі- эндокрин жүйесіндегі өзгерістер, зат алмасу, физиологиялық жүйенің қалыптасуы, психиканың қайта қалыптасуы өтеді. Сондықтан әрбір жасөспірім әр сатыда өтетін ерекше өзгерістерді біліп, өзінің организмдегі физиологиялық құбылыстарға көңіл аударып, бақылап, денсаулығын сақтауға үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет.
Тимус немесе кеуде ішкі безі адамның 13-15 жасына дейін яғни жыныс бездерінің дамып жетілуіне дейін қызмет етеді. Кейде бұл бездің қызметі бұдан да артық уақыт жұмыс істейді. Бұл жыныс бездерінің жетілмей, кешігіп дамуына байланысты. Мұндай жағдайда организмнің әр түрлі әсерлерге қарсы тұра алуының әлсізденуі байқалады. Тимус организмнің өсуіне әсер етеді. Тимус тимозин деп аталатын гормон бөледі. Тимозиннің әсерінен тимуста Т-лимфоциттер дамып иммундық реакция жүргізу қабілетін меңгереді. Тимус безі жетілмей туған баланың қанының құрамында ақ қан түйіршіктері (лейкоциттер) аз болады. Гамма-глобулиндер және онымен байланысты антиденелер де болмайды. Сондықтан мұндай балалар жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды да, 2-5 жасында өледі.
Тимустың дұрыс дамуына қалқанша безі маңындағы бездер әсер етеді. Бүйрек үсті бездерінің глюкокортикоид деп аталатын гормондары оған теріс әсерін тигізеді. Адамның стресс реакциясы (күйзелуі, жүйке қажуы, күш түсу) ұзаққа созылса, жұқпалы аурулардың әсерінен немесе ауру дене еңбегінен қажығанда организмнің иммундық реакциясы тежеледі.
Жыныс бездерінің гормондары адамның жыныс мүшелерінің өсіп, дамуына және олардың қызметін реттеуге әсерін тигізеді. Ер және әйел адамдардың жыныстық белгілерінің пайда болуына әсер етеді. Жыныс белгілері екі түрлі болады:алғашқы және соңғы белгілер. Алғашқы белгілер XY(ұлда) немесе XX (қызда) хромосомалар болуына байланысты. Жыныс бездерінің соңғы белгісі кезінде баланың дауысы өзгеріп, дене бұлшық еттері дамиды, денесінде түктер пайда болады, мұрт, сақал өседі. Жыныс гормоны- тестостерон оганизмнің өсуіне және дамуына жауапты, соңғы жыныс белгілерінің қалыптасуына себепші болады. Жыныс гормоны қыз балаларда организмнің өсіп дамуына, олардың жыныс белгілерінің пайда болуына- дауысының жіңішкеруіне, денесінің дөңгеленіп, бөксе бөлігінің иықтан үлкен болуына және төс бездерінің дамуына жыныс мүшесінің циклдік жұмысын реттеуге жауапты. Әйел адамның организмінде жыныс гормоны- фолликул ұрықтанудың, ұрықтың жетілуін және баланың тууын қамтамасыз етеді. Жыныс бездерінің өсуі адам өмірінің ең бір шешуші кезеңі болып саналады. Сондықтан бұл кезеңге жеңіл, қалай болса, солай қарап, жетіліп келе жатқан мүшеге зиянды әсер жасаудан сақтау өте қажет.
Жыныс бездерінің өсіп дамуы бірнеше кезеңнен өтеді. Қыз балаларда -8-10 жаста, ер балаларда 10-13 жаста жыныс бездерінің алғашқы даму кезеңі басталады. Екінші кезеңі қыз балаларда -9-12 жаста, ал ер балаларда -12-14 жаста болады. Бұл кезеңде жыныс гормондары бөлінеді де, соңғы жыныс белгілерінің пайда болуына әсер етеді. Үшінші кезең қыз балаларда -10-13 жаста, ер балаларда 13-16 жаста өтеді. Бұл кезеңде жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің жұмысы күшейеді. Соңғы жыныс белгілері үлкен жылдамдықпен пайда болады. Жыныс бездерінің толық дамып жетілуі қыз балаларда 11-14 жастан басталып, 15-17 жаста аяқталады. Біздің халқымыз осы кезеңнен бастап қызды бойжеткен ал ұлды болзбала деп бекер атамаған . Сонымен қатар клматтыңда әсері үлкен. Мысалы, жылы климат аймағындағы жастар суық климат аймағындағы құрбыларына қаоағанда 1-2 жыл бұрын ерте жетіледі.
Сабақты бекіту:
1. Көбеюдің маңызы неде?
2. Адамның жыныстық дамуы қандай құбылысқа негізделген?
3. Онтогенез дегеніміз не?
4. Жыныстық дамудың қандай кезеңдері бар?
Үйге тапсырма:
§49. оқу (167 бет)
1. 1 Адам ұрығы және оның дамуы
Сабақтың тақырыбы : § 50. Адамның ұрығы және оның дамуы
Сабақ мақсаты:
Білімділік - Көбею мүшелеріне аталық және аналық жыныстық мүшелерін үйрету.
Тәрбиелік- . Ананың сүті өте құнарлы, онда нәруыздар, майлар, көмірсулар және т. б. болады. Бірақ сүттің құрамында С және Д витаминдері жеткіліксіз.
Дамытушылық - Дамып жетілген жұмыртқа клеткасында ана организмінің барлық тұқым қуалайтын ақпараттары болады.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырып
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін сыныпта кім жоқ ?
Көбею мүшелерінің құрылысы.
Көбею мүшелеріне аталық және аналық жыныстық мүшелер жатады. Аталық жыныс бездері- жұп мүше, екі қызмет атқарады:
1. клеткаларда спермилер пайда болады
2. клеткаларда гармон пайда болады.
Ер адамда спермий клеткалары үнемі түзіліп отырады. Спермийдің басы, мойны, жіпше құйрығы болады. Спермийдің басында ядро, тұқым қуалайтын (аталық ) материал бар. Бас жағының алдыңғы полюсінде гольджии аппараты орналасқан, онда ферменттер болады. Ферменттердің маңызы ерекше. Жұмыртқа клеткасы ұрықтанғанда, оның тығыз қабықшасы арқылы спермийдің өтуіне жағдай жасайды. Құйрық бөліміндегі митохондриялар спермийді жылжуына қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
Аналық жыныс мүшелері Ішкі және сыртқы мүшелер болып бөлінеді. Ішкі мүшелерге жұмыртқа клеткасы, жатыр түтігі, жатыр жатады. Аналақ жыныс бездері - қос мүше, екі қызмет атқарады: а) жұмыртқа клеткасын түзеді (бұл сыртқы секреция қызметі) ; ә) аналық жыныс гармонын түзеді (бұл ішкі секреция қызметі) . Жұмыртқа клеткасын түзетін без сопақша пішінді, жатырдың екі жағына орналасқан. Аналық бездер жатырға бекінген. Жұмыртқа клеткалары аналақ бездерде түзіліп, сонда жетіледі. Әр жұмыртқа клеткасы эпителиймен және фолликул клеткаларымен қоршалған. Аналық бездер негізінен жалғыз жұмыртқа клеткасы дамып жетіледі.
Дамып жетілген жұмыртқа клеткасында ана организмінің барлық тұқым қуалайтын ақпараттары болады.
Ұрықтану. Ұрықтану - спермий мен жұмыртқа клеткасының қосылып, зиготаның пайда болуы. Миллиондаған спермийдің біреуі ғана жұмыртқа клеткасының қабығынан өтіп байланысқа түседі. Плазмолеммалар бірігіп, жұмыртқа клеткасы ұрықтанады да, жаңа біртұтас клетка - зигота (zygotos -біріккен, қосылған) пайда болады. Зигота жатырда дами бастайды. Алғашқы кезде ұрық жатыр безінен бөлетін құраммен, одан кейін қағанақтың тамырлары арқылы келетін анасының қанының құрамындағы заттармен қоректенеді. Ұрықтанбаған басқа клеткалардан қоректенуге және қорғанышқа қажетті ұрық қабығы құрылады. Эмбрионының жатырда дамуы
деп аталатын түтік пайда болады. Кіндікбауда ірі қан тамырлары болады, олар арқылы жатырдың қабырғасынан қоректік заттар сіңіріледі. . Кіндікбаудың сыртында қылтамырлармен көп шырмалған өсінділер жатырдың ұлпасында өседі. Бұл өсінділер жатыр ұлпасымен бірге ұрпақжолдас(плацента ) түзеді. Ұрпақжолдас арқылы эмбрион қоректенеді, оттектті алады және көмірқышқыл газы мен зат алмасудан пайда болған керексіз заттарды шығарып отырады. Зат алмасуда анасының қаны мен ұрықтың қаны араласпайды. Ұрықтың 4-5 айында ғана ұрпақжолдас ішкі секреция бездерінің қызметін атқарып, ұрыққа керекті гормондар бөледі. Осының нәтижесінде іште ұрық өседі. Жатырдың ішіндегі нәресте аяқтарымен қолдарын айқастырып, шынтақ, жамбас және тізе буындарын бүгіп отырады, омыртқа жотасы доғаланып келеді. Туылар кезде нәрестенің басы төмен қарап оналасады. Жатырдың мойны арқылы сәби дүниеге келеді. Кіндікбауды кескенге дейін жатырдың жиырылуы ұрпақжолдастағы қанды ұрықтың денесіне қайта ығыстырады. Бірнеше минут өткеннен кейін кіндікбаудың лүпілі тоқтайды. Одан соң кіндікбауды кесіп, байлайды. Сөйтіп, бала анасынан ажыратылады. Кіндікбаудың қалғаны жиырлып, кіндік болып қалады. Сәби туған соң жатырдың жаңадан жиырлуынан ұрпақжолдас пен ұрықтың қабығы жатырдың шырышты қабатынан бөлінеді және сырқа шығарылады. Мұнымен бірге анасының қанының біраз мөлшері кетеді. Жаңа туған нәрестені қабылдайтын дәрігерді акушер дейді. Босанған ана дәрігердің күнделікті кеңесін тыңдап, дұрыс тамақтанып, дем алып, бөбегімен серуенге шығып отыруы қажет. Ұйқысы қанық, көңілі сергек болуы керек, жеңіл дене еңбегімен шұғылданғаны жөн. Анасының сүтімен сәби 10-12 ай бойы қоректенеді. Ананың сүті өте құнарлы, онда нәруыздар, майлар, көмірсулар және т. б. болады. Бірақ сүттің құрамында С және Д витаминдері жеткіліксіз. Сондықтан 6 айдан бастап балаға қосымша тамақ бере бастауға болады.
Сабақты бекіту:
1. Аталық және аналық жыныс бездерінің ерекшеліктері мен гормондары қандай?
2. Ұрықтану қалай өтеді?
3. Эмбрион мен зигота аралығындағы айырмашылық неге байланысты?
4. Жаңа босанған ана гигиенасы қандай болуы керек?
Үйге тапсырма:§50 оқу 106, 107, 108-суреттерді салу.
2. 2 Онтогенездің негізгі кезеңдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz