Мектепте қазақтың ұлттық аспабы қобыз жасау технологиясын үйрету, ағаш ою, инкрустация


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қобыз қазақ халқының ең ежелгі сазды аспаптарының бірі. Ол өнердің күрделі де маңызды түріне айналу үшін ұзақ жолдардан, қилы кезеңдерден өтті. Табиғат, батырлар туралы жыр, туған жер, ана, т. б. туралы әсем күйлерді қазақ баласы қобыздың қоңыр үнін ертеден естіп өскен.
Қобыз- қазақ халқының мәдениетін ұмытпауға, музыкалық өнердің сауаттылығына негізгі зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан процестермен айқындалады.
Ал ұлттық жағына келер болсақ, ол халақтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне ғана тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті.
Қобыз киелі музыкалық аспап. Қобызды қастерлеу ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл атадан балаға қалдырған мұра.
Қазіргі уақытта қобыз өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып білу, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып отыр.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиелеу келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғамды жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуын және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының президенді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған ақырғы жолдауында әлемнің ең дамыған елу елдің қатарына кіруге тапсырыс берген болатын. Ол үшін ең маңызды факторлардың бірін - білім мәселесін жоғарылатуды белгіледі. Сондықтан, жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформаларының негізгі бағыттарында аса маңызды міндет - оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту қажет. әсемді сөзге дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттын сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру керек.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқы өнерінің ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі оның өміршендігін, мәдениеттегі өзіндік орнын қажеттілігін айқындап тұр. Ендігі жерде осы мұралардың құндылығын арту, дәстүр сабақтастығын жалғастыру оған дәнекер болу қазақ халқының мәдениетке көзінің қарашығындай қамқор жасау әрбір азаматтың борышы мен парызы. Қобыз қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан рухани болмыс пен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше құбылыс. Оны естен шығару, ұмыту мүмкін емес ендеше оны қайта жаңғыртып, жандандыру қажет. Ұлттық құндылықтарды деңгейінен жоғары көтеріп, азаматтық құндылықтар қатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса керек. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса мұраларымыздан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемаларының бірі деп түсінеміз.
Зерттеу көздеріне анализ:
қазіргі білім беру жүйесі - үнемі дамитын процесс. Оның мақсаты болып, сауатты өзін - өзі дамыта алатын маманды даярлау табылады, ал оның фундаменті - мектептегі білім беріу процессі болып табылады, себебі бұл қызмет эстетикалық тәрбие берудің элементтері бойынша жеке тұлғаның жан-жақты етіп дамытуға негіз жасап отыр.
Зерттеудің міндеттері :
- «Технология сабағында оқушылардың эстетикалық қабылдауы мен іскерлік қабілетін арттыру» түсінігінің құрылымдық қажеттілігін теория түрінде дәлелдеу және ашу, зерттелінетін қасиеттердің өлшемдерін, көрсеткіштерін және құрылымдық кезеңдерін айқындау.
- оқу орынның оқу - тәрбиелеу процесінің ұйымдық - педагогикалық жағдайларын айқындап алу.
Зерттеу мақсаты:
Орта мектепте 7-8 сыныптар оқушыларына қобыз жасау процесінде барлық заңдылықтарын сақтап, қобыз жасаудың барлық жұмыстарын меңгеру, әсрлі де әдемі қалыпқа келтіру жағдайларын тиімді үйрету.
Зерттеу объектісі:
Орта мектептің 7-8 сыныптардың оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні:
Орта мектепте 7-8 сынып оқушыларының «Технология сабағында оқушылардың эстетикалық қабылдауы мен іскерлік қабілетін қалыптастыру процесі.
қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес, педагогика ғылымы өсіп келе жатқан ұрпақты жан - жақты дамыған жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін оларға қажетті қасиеттерді тәрбиелеуге өте үлкен мән беріп отыр. Баланың айнала қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге белсенді қарым - қатынас орната отырып өздерінің бойына асыл қасиеттерді қалыптастыруы болашақ мұғалімдер дайындығына тікелей байланысты. Зерттеу болжамы:
Егер сабақ барысында тақырыптың теориясына қоса мазмұнды көрнекіліктер қолданылатын болса, онда сабақтың тақырыбының материалын жетік түсінеді және практикалық жұмыс жасағанда тәуір жетістіктерге жетеді.
Ғылыми жаңалық:
Мектептегі технология сабағы барысында түсіндірмелі отырған білім, білік және дағдының үлкен нәтижеге жетуі оның көркем қабылдау жағдайына байланысты екендігің дәлелденуі. Ол үшін арнайы дидатикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз жетуі. Сол жұмыстардың жүйесін жасау, оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап, ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету.
Практикалық маңызы:
Бұл жұмыс арқылы ағаш ою жұмысында, ағаштың өзіндік қасиеттері және ерекшеліктері әсемділігімен, ағаштың сан алуан түс-түрлерімен гармониясын үйлесімді бұйымдарды жасауға көмектеседі. Әрбір музыкалық аспап бұйым тәжірибеде өз мағынасына жауап бере алады. Қобыз өзіндік сарынымен таң қалдырады. Қобыз жасауда, біз ағаш материалдарын олардың түрлері мен өзіндік қасиеттерін, ағаш, сүйек тектес материалдарды тиімді пайдалана отырып, ою өнерінің салт - дәстүрдегі алатын орны, яғни оның даму тарихын ескретініміз сөзсіз. Сондай - ақ, мұнда қазақ халқының жан дүниесінің көрінісі болып табылатын ою - өрнектер, олардың жасалу жолдары мен түрлері алға қойылады. Ал, нақты қобыз жасау технологиясына келетін болсақ, қажетті материалды өз мақсатында тиімді пайдалана білу, жасайтын бұйымымыздың барлық эстетикалық, мәдени және техникалық қағидаларға негізделе отырып аспап жыңғыл, мықты ағаштан жасауы шарт. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Ал біздің басты мақсатымыз, барлық талаптарға сай ұлттық сипаттағы қахзақың ұлттық музыкалық аспабы жасап шығару және оның маңыздылығын өзгеге мирас ету. Осылайша жас ұрпақтың бойында сапалық білімдер мен біліктіліктерді және оңтайлы ептілікпен дағдыларға ие болады.
Зерттеу әдістері .
Көпшiлiкпен жүргiзiлетiн сыныптан тыс тәрбие жұмыстapындa әp оқушыға жеке тапсырма беру тәсiлi маңызды орын алады. Қазақ халқының қол өнер шеберлері туралы баяндамалар, әңгімелер, диспуттар, кештер, кеңесулер сияқты, т. б. тәрбие түрлерi, көркемөнерпаздар үйiрмесiнiң сан салалы жұмыстарына оқушыларды қатыстыру, оларды тиімді өткізудің мәні зор. Сондай-ақ қоғам және жеке адамның дамуындағы еңбектің шешуші рөлін, оның әлеуметгік-экономикалық мәнін түсіндіру, оқыту арқылы оқушылардың еңбекке деген қабілетін дамыту, жұмысшылардың қандай да қоғамда болсын алатын орнын, оның қоғамды қозғаудағы өндірістің негізгі қожасы, өндіруші еңбектің иесі екенін үйрете отырып, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, кісілікке, имандылыққа, іскерлікке, шеберлікке баулу, жеке адамның дамып жетілуіне еңбектің негізгі құрал екенін еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда, ата-бабаның ұлттық дәстүрлері мен қолөнерін одан әрі дамытуға бағыттау.
Міне осы әдiс-тәсiлдердi пайдалана отырып, қазiргi замандағы ғылым жетiстерiн үйрете отырып, жан-жақты толыққанды тұлғаны қалыптастыру керек.
1. Қазақ халқының қолөнерінің даму тарихы
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
"Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызга дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары. /2/
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т. с. с. салуда қолданған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саяатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халык, өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халықтың колөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы - қайыс өру, қару-жарақ, көшу-кону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шұғылданады.
Дипломдық жұмысының мәселесін көтеру себебім осы жазылған деректердің қазақ халқының шеберлік, іскерлік жолындағы технологиясын біліп мектеп бағдарламасына енетін болса онда келешекте бала үлкен деңгейде ағаш шебері болып шығады деп сенемін.
Сондықтан қолөнер "еркектерге тән іс", "әйелдерге тән іс" деп екіге бөлініп келеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек току, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш тесек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ халқының "Қарыс қазы - балықта, қалың қазына - халықта" деген мақалды да осы өнер молшылығынан туған еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жана түрге ие болды, кейбіреулері тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Теналогиая дамыған сайын сапалы материалдар бұрынғы материалдарды ығыстыра берді. Енді кей
.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіңдегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды, тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды.
Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінін бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл күпі, каптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ жүн қолқап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтың қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі; жүн және одан ұқсатылатын заттар. Қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті мен қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, құстың жүндері, олардан жасалатын заттар. Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату, сабау, түту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т. б. Бұл тарауда түрлі жіптер, жиектер, өрмектер, бау-шулар, басқұрлар, арқандар туралы айтыла келіп, өрмек өнері туралы (кілем, алаша, шекпен, қоржын т. б. ) егжей-тегжейлі мағлұмат беріледі. Бізбен, сыммен шұлық, қолқап, шәлі тоқу жолдары; киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері мен жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің үлгі-суреттері келтіріледі; кестешілік пен көркем тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу әдістері, керекті құрал-жабдықтары, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі; зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері мен атаулары, зергерлік ісінін өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ат-тұрман, теңге, моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің мәнерлері және т. б. жайлардан деректер келтіріледі; сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар - жүк-аяқ, асадал, кебеже, ожау, піспек, адалбақан т. б. Олардың түрлері, әшекей жасау әдістері; ағаш шеберлерінің жасаған әдемі заттары, оларды жасау, өрнектеу әдістері, киіз үйдің сүйегін басу, олардың түрлері мен атаулары, ағаштарды құрастыру, бояу, сүйектеу, күмістеу және т. б. мал мен аң терілерін ұқсату, олардың түрлері мен атаулары, ұқсату әдістері, іп салу, қайыс илеу, көң қатыру, тері ыстау, көн тілу, өрімшілік, ат-тұрман жасау өнері; былғары ұқсату, етікшілік, тігіншілік, етік, кебіс, мәсілдердің түрлері мен атаулары, кіселер, күмісті белдіктер, олардың істелу әдістері; ши орау өнері, шиді әзірлеу, тоқу, өрнектеу, шидің түрлері мен атаулары. Сондай-ақ бояу түстерін орналастыру туралы тарихи мағлұматтар да беріледі.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. /22/. ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шидан қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік (сүргі), бүрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі елшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жеке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан істейді. Күйменің, тарантастың өре ағаштарын әрі солқылдақ, әрі мықты болады деп үйеңкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақтың жебесін, соқа мен арбаның оқтық және т. б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен, мал суаратын науаны (астауды) су сіңіп ісінбейді деп самырсыннан жасайды. /22/
Құстың тұғыры балдағы, пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты әрі жеңіл, әрі қызыл, көк, ақ түстер аралас, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптарын көбінесе ырғай мен шырғай, ұшқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан, қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығын қайыңнан істейді. Күйдіріп, өрнектеу көбінесе қайыңға, ал оюластырып шегелеп өрнектеу емен мен қызыл ағашқа жасалады.
1. 1 Ағаштың түрлері мен негізгі қасиеттері
Ағашта да табиғатта кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық, механикалық қасиеттер жақсы дамиды.
Физикалық қасиет - ағаштың негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: түр - түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлғы, ағаштың кесіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы.
Түр - түсі - ағаштың ең жақсы қасиеттерінің бірі түр - түсі. Осы қасиетін қолөнерші, шеберлер мебель, ыдыс - аяқ, және тағы басқа заттар жасағанда ескеріп пайдаланады. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашан ақшыл болады. әр ағаштың өзінің жеке - дара түр - түсі, өзіне тән иісі болып, табиғатта ақшыл түрінен бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен, қоңыр, сұрғылт түсті келеді.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай таза болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқаланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеттері ағаштың негізгі тегі мен қаттылығына да байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, лак баққа да жылтыратын заттар ағаштың осы айтыған қасиеттерін күшейте түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz