Антикалық замандағы әйелдер билігі және рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КОКШЕТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ

имени Ш. Ш. УАЛИХАНОВА

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ ИСТОРИИ

Жалпы тарих, география және ПОӘ кафедрасы

Кафедра Всеобщей истории, географии и МПД

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: «Антикалық замандағы әйелдер билігі және рөлі

На тему:

Дипломшы: Досова Ақжұпар Ұзақбайқызы

Дипломник:

Жетекші: аға оқытушы Шәймерденова Жанат Қанапиянқызы

Руководитель:

Ғылыми кеңесшісі: т. ғ. к. Бексеитова Ақбота Тастанбекқызы

Научный консультант:

Қорғауға жіберілді

Допускается к защите

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. к. Күшпаева Алмагүл Бүркітбайқызы

Зав. Кафедрой:

КӨКШЕТАУ -2006

Мазмұндама:

Кіріспе. 3-6 б.

I тарау. Шығыстағы әйелдердің билігі.

1. 1. Қоғамдағы әйелдердің роліндегі өзгерістер. 10-20 б.

1. 2. Шығыс патшайымдары . 21-35 б.

II тарау. Антикалық Батыстағы әйелдер билігі.

2. 1. Антикалық эмансипация. 36 - 41 б.

2. 2. . Ерте Рим империясындағы әйелдер билігі. 42-50 б.

2. 3. Екі өркениет тоғысындағы- Клеопатра және әйелдер биліктерінің ерекшеліктері. 51-55 б.

Қорытынды. 56 б.

Сілтемелер. 57 - 58 б

Пайдаланылған әдебиеттер. 59-60 б.

Бір қолымен бесік тербеп,

Бір қолымен әлемді тербеген- Әйел.

Мұхтар Әуезов.

КІРІСПЕ.

Б. д. д. ІҮ мыңжылдықтардан басталған өркениеттерде, дәстүрлі қоғамның қалыптасуларына байланысты әлеуметтік өзгерістерге әкелді.

Ежелгі заманның қойнауында қазіргі дәіурдегі көптеген құндылықтар қалыптасқан. Адамзат қоғамының өркениетке өтуі барлық сфераларда тез дамумен сипатталады. Бұл үрдіс қоғамның негізгі саласы саясатқа да тән еді. Ежелгі заманның өркениеттерінде демократиялық ұғым, азаматтық қоғам, заңның жоғары құндылығы, азаматтық принциптер, қарапайым полистік саяси жүйеден күрделі империялық жүйелер дамыды.

Әлеуметтік қатынастардағы өзгерістер әйелдердің қоғамдағы орнына да ықпал етті.

Зерттеудің өзектілігі:

Егеменді Қазақстан Республикасында әйел теңдігі жолында нақты қадамдар жасалуда. Егеменді елімізде демократиялық қоғамды қалыптастыру барысында, Президент жолдауындағы дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елу елдің құрамына ену жолында әйелдердің атқарысып жатқан еңбегі өте зор. Президенттің 2005 жылғы қараша айында теледидар арқылы Қазақстан халқымен ашық сұхбатында қоғамымыздың барлық салаларында экономикада, білім беру, мәдениетте, саясатта, әкімшілікте, соттарда, жеке кәсіпкерлікте 50% әйел азаматтар болып, көптеген істер атқарып жатыр деп айтқан болатын. 128 мемлекеттің ішінде, әйел адамдардың мемлекеттік іске араласу бойынша біздің мемлекетіміз 35 орында. Қазақстанда әрқашанда қазақ қыз-келіншектеріне жалпыға бірдей орта немесе кәсіби жоғары білім беру айрықша маңызға ие саяси - мәдени міндет болатын. Соның бірі арнайы Қазақ қыздар институтының ашылуы.

Дана халқымыз бейбіт тірлікте әйелді қара ормандай сүйеніш деп есептесе, ел басына күн туған қатерлі шайқастарда батырдың бірінші серігі деп білген. Сол көне заманнан алғырлығымен, шешендігімен, тапқырлығымен, батылдығымен, сезімталдығымен ел аңызына айналған қазақ әйелдері аз болмаған: сақ заманындағы Томирис, ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысына ерлермен бірге соғысқан қазақ арулары Гауһар, Назым, Айтолқын, ХІХ ғ. Бопай ханша, ХХ ғ. қос шынары Әлия мен Мәншүкті атауға болады.

Менің жұмысымның негізгі мазмұны мен барысына тоқталар болсақ, әйел тақырыбын таңдап алуым кездейсоқ нәрсе емес. Сонау көне замандардағы адамдардың алғашқы рулық ұйымдарда, ананың рөлі өте жоғары болғандығы жәйлі деректер жеткілікті. Алайда, антикалық замандарда аты тарихта қалып, қоғамның белді мүшесі болып, есімдері аңызға айналған арулар жәйлі біреу білсе, біреу білмесі анық. Сондықтан, осы ғылыми зерттеуде сонау Томиристен бастап, әлем тарихында өздерінің ерен ерлігімен, еліне жасаған ізгі еңбектерімен танылған әйел азаматтардың өркениетті елдердің тарихында елеулі із қалдырғандығы туралы баяндалады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:

Соңғы уақытта антикалық замандағы әйелдер рөлін зерттеуге көп көңіл аударылып келеді. Ғылымда бұл тақырыпқа байланысты деректердің мардымсыздығына қарамастан ғылыми-танымдық бағыттағы шығармалармен, аудармалармен орны толтырылуда

Деректемелік базаға байланысты Шығыста қоғамдағы әйелдердің рөлі мен билік басына келуі туралы негізгі дерек ретінде Геродоттың IX томдық “Тарих” шығармасын атауға болады. Оның әсіресе I, II, IY кітаптарында бұл мәселелер берілген. Ол грек -парсы соғысының тарихын жазғанда соғыс барысы болған жерлерге өзі саяхат жасап, деректер жинаған. Ол аймақтардың этностары мен халықтарының тарихын зерттеген. Қосөзенде Семирамида жәйлі, сақ және Египет патшайымдары туралы деректер жазып қалдырған.

Б. д. д. І ғ. Рим тарихшысы Гай Соллюстий Крисп идеялық жағынан және жазу стиліне байланысты басқаша ерекше тарихи шығарма қалдырған. Оның көптеген шығармаларының ішінен "Катилина бүлігі" Римдегі билік үшін күрескен және саясатта ықпал еткен бикештер жәйлі жазады. Соллюстий Рим мемлекетінің құдіреттілігін құрастырған ұлы тұлғалардың, соның ішінде әйелдердің роліне үлкен маңыз берген. Б. д. д. І ғ. тұлғалардың азаматтық соғыс жылдарындағы драмалық оқиғаларға байланысты Римнің ақсүйек әйелдері Семпронияның, Агриппинаның, Фульвияның портреттік сипаттары қызығушылық туғызады. Оның пікірінше, мінез-құлықтардың, әдет-ғұрыптардың құлдырауы мемлекеттің тез құлауына әкелді.

Академик В. В. Струве де өзінің “ Солтүстік Қаратеңіз, Кавказ және Орта Азия тарихының этюдтері” және т. б. еңбектерінде ежелгі шығыс қоғамдарының әлеуметтік құрылымдарын және осы әлеуметтік топтардың ара қатынастарын зерттеу барысында қоғамдағы әйелдердің рөлдеріне де назар аударған.

1995 жылы шыққан «антикалық замандағы әйелдер» тақырыбында құнды деректемелік базаға сүйенген, Понти мен Боспор патшалығындағы әйел билеушілер жәйлі С. Ю. Сапрыкинаның саяси-тарихи зерттеулері жарияланды. Екінші жарияланымында әйелдер билігіне кеңірек тоқталған да, ал әйелдің саяси-ағартушылық ерекшелігі айтылмайды. Ғылымда әйелдердің қоғамдағы орнына XIX ғасырдың ортасынан бастап, Тациттің шығармаларының анализін негізге алған П. Н Кудрявцевтің жұмысын айтуға болады.

«Әйелдің орны, әйел тағдыры, материалдық және өнегелік ахуалы, қоғам тарихымен бірегей»-деп П. Н Кудрявцев жазған. Оның ойынша, империя дәуірінде әйел тұлғасына еркіндік беріліп, оған кең мүмкіншіліктердің берілуі, арандатушылық әрекеттері өнегелі-тәрбиелі қоғамның құлдырауына әкеп соқты.

Батыс еуропалық антик зерттеушілердің қазіргі заманғы тәсілдерін қолданып К. Криста Империя тарихын зерттеді. Север әулетіндегі әйелдер мәселесі жәйлі мінездеме береді. Әйел тағдырын зерттеуде жоғары қауым әйелдері қамтылған және олар туралы деректер саусақпен санарлық.

Рим империясының I ғасырына қарағанда III ғасыр жылнамаларында әйел тақырыбында жазылған деректер көп емес. Алайда, бұл әйелдердің қоғамдағы рөлінің төмен болғандығы деп ойлауға негіз бола алмайды.

1881 жылы жылы Людвиг Фриндлердің « Рим дәстүрлерінің тарихы» туралы очерктер жарық көрді. Бұл IV томдық еңбегінде Фриндлердің түсінігі бойынша « ежелгі заманның саналық- эстетикалық зерттеулері» деп Рим тарихын мәдениет тарихы деп қарастырған. Бұл «Очерктер» антикварлық еңбек: археологиялық зерттеулердің нәтижелері мен жазба деректердің жинағы. Фриндлер еңбегінде көптеген мысал- цитаталар мен антикалық мәтіндердің көмегімен, Рим қоғамының ақсүйек әйелдерінің бүкіл өмірлік жолын суреттеп көрсете алған. Ол қыздардың тәрбиесінен бастап олардың әйел, ана болған кездеріне дейін сипаттаған. Империя заманындағы әйелдердің тәуелсіз жағдайын суреттеген. Оның көзқарасы бойынша ол кездегі әйелдерді өте қызықтырғаны-табиғат пен салт- дәстүрлерге қарсы шығу- өзінің әйелдік қасиетіне тән берілмеген құқықтарға ие болу, қоғамда өзіне басқа орын белгілеу.

Кейбір тарихи деректер интернет арқылы алынған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі- әйел мәселесі. Өзге де өркениетті елдерде биліктің тізгінін ұстап, алдыңғы қатарлы елдермен терезесі тең, әйел басшысы бар мемлекеттер аз емес:

Англияда Елизавета ІІ, "темірдей қатал леди" атанған Маргарэт Тэтчер, Пакистанның экс-президенті Беназир Бхутто, Үндістанның атақты қызы Индира Ганди, АҚШ-тың вице-президенті Кандализа Райс, Германияның канцлері Ангелина Меркель, ал Қазақстанда Білім және ғылым министрі Бірғаным Айтымова, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Карағұсова, әйелдер қозғалысы Руханияттың жетекшісі Алтыншаш Жағанованы айтуға болады.

Сондықтан ежелгі замандарда билік еткен әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орнын, . ежелгі өркениеттер Сақ, Египет иен Қытай қоғамындағы әйелдер бейнесін жан-жақты толық қамту. Олардың билеген мемлекетінің саяси жағдайы мен әлеуметтік- экономикалық дамуына баға беру, сараптау.

Зерттеудің нысаны антикалық замандағы әйелдер билігі және рөлі болғандықтан, әлемге танымал патшайымдардың қоғамдағы орнын, билік басындағы рөлін зерделеу, Батыс пен Шығыс өркениеттеріндегі әйел бейнесін салыстыру әрі сомдау. Кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие үлгі өнеге боларлықтай насихаттау. Көптеген құндылықтардың антикалық заманда қалыптасуына байланысты, әйелдердің билік басына араласуы, саясатқа тарихи үрдістердің дамуына да ықпалы ерте заманнан қалыптасқандығын көреміз.

Тақырыптың құндылығы: Антикалық дәуірдегі әйелдердің билікке араласуы, өздерін ер адамдармен тең дәрежеде ұстауы, қоғамның дамуының өзіндік ерекшеліктерін көрсетуі, ежелгі елдердің өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт- санасы туралы қызықты мәліметтер берілген.

Билік үшін жүргізген күрестері антикалық өркениетті елдердегі әйелдердің билік басына келу жолдары өте күрделі, олардың билік үшін талас- тартысқа түсуі, неше түрлі әрекеттерге барғандығы қызығушылықты тудырады. Осы тұрғыдан келгенде, тақырып, әрине, тартымды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Осы тақырыпқа байланысты зерттеулердің Отандық тарихнамада тапшылығы, әсіресе қазақ тілінде бұл тақырып аясында әдебиеттердің жеткіліксіздігі мәлім. Срндықтанда осы тақырыпты мүмкіндігімізше жүйелі қарастыруға тырыстық. Антикалық замандағы билік басындағы Батыс пен Шығыс әйелдерінің салыстырмалы түрде зерделеуге әрекетендік.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы:

Тарих пәнінен сабақ беру үрдісінде оқытушы тек оқулықтағы материалмен ғана мағлұмат беріп, жалаң білім беру жиі кездесетін жәйт.

Осы тұста оқытушының антика туралы ізденгені жөн. Жұмыстың нәтижелерін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында тарих пәндерін оқыту үшін, саясаттану мамандарын әзірлеу үшін, саясаткер бикештер үшін пайдалануға болады. Мектеп мұғалімдері үшін бұл зерттеулердің нәтижелері апталық, семинар жүргізуге көмек болады.

Қоғамға салауатты да иманды ұрпақ қажет. Оның тәрбиесі әрине аналардың мойнында. Ендеше бүгінгі таңда әйел мәселесін қозғау барысында, ежелгі заманнан қалыптасқан қоғамдағы әйелдер рөлін сараптай отырып, әйел беделін көтеру; мемлекетіміздің гүлденуіне, өзге өркениетті елдермен әлеуметтік саяси-экономикалық байланыс жасау мақсатында кейінгі өскелең ұрпақты жынысқа бөлмей баршасын жұмылдыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында сілтеме жасала отырып, пайдаланылған ғылыми еңбектер тізімі берілген. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи-салыстырмалы және талдау- жинақтау әдістері қолданылды.

Бірінші тарауда рулық қоғамдағы экономикалық өзгерістер, яғни темірді игеру, соқамен жер жырту, мал шаруашылығының дамуына байланысты еркектердің еңбегінің маңызының жоғарылауы, шаруашылық әрекеттерінің негізгі түрлерінен әйелдерді ығыстыруға әкелді. Әйелдердің жағдайындағы экономикалық өзгерістер олардың қоғамдағы жағдайларының өзгерулерімен және ол қоғам өміріндегі идеологияда айқындалды. Алайда әлі де матриархаттың белгілері антикалық өркениеттерде ұзақ уақыт сақталынғаны туралы жазылған. Содан кейін Шығыс патшайымдарының билік басына келу жолдары, олардың жүргізген негізгі саясаттары, елінің тәуелсіздігі үшін күрестері қарастырылады.

Екінші тарауда антикалық эмансипация ұғымы және оның ерекшелігі қарастырылады. Батыста, әсіресе Рим өркениетіндегі саяси аренадағы әйелдердің тағдыры, қызметтері туралы, билік басына келу тәсілдері баяндалады. Шығыс пен Батыстағы әйелдердің биліктегі рөлдері салыстырмалы туралы зерделенген.

I тарау. Шығыстағы әйелдердің билігі.

1. 1. Қоғамдағы әйелдердің роліндегі өзгерістер.

Адамзат тарихының таңында кейінгі палеолит дәуірінде адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дамуы қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылуымен сипатталады. Рулық ұйым барлық жерде де матрилиниялық (ана жағынан есептелінген) және матрилокалді (ана жағынан тұйықталған), оның себебі әйелдің қауымы қоғамның орнықты мүшелері болғандығымен түсіндіріледі. Еркектер аңшылықпен айналысқандықтан, үнемі жануарлардың соңынан орын ауыстырып, миграциялық қозғалыста болған. Сондықтан, ана әулеті адамдардың өзара қандас туыстығымен, жалпы ана жағынан шыққан тегімен тамырласып біріккен экзогамды тобы болып табылады. Әйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымның үй шаруасының ерекшелігімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып қойылған. Ежелгі заман адамдарының идеологиялық түсінігінде рубасы, ошақтың қожайыны ретінде әйелді қастерлеп, табыну рәсімі болғаны кездейсоқ нәрсе емес. Бұған дәлел археологиялық қазба жұмыстары барысында кейінгі палеолит дәуіріндегі әйел статуэткалары "палеолит Венераларының" бүкіл Евразия құрылығының меридиандық бойымен жылжығанда, Пиреней түбегінен бастап Тынық мұхитының жалағауына дейін табылды.

Кейінгі ру дәуіріндегі жоғары мамандырылған дайын өнімдерді пайдалану шаруашылығында бұрынғысынша еркектердің аңшылығы мен балық аулау, сонымен бірге әйелдердің терімшілігі де маңыздылығын сақтады. Үй шаруашылығының сферасы толығымен әйелдердің ісі болды. Еркектер де, әйелдер де рулық меншікке тең құқыққа ие болды. Матрилокальді немесе уксорилокальді қоныстарда ру жерлерінің иелері және қолданушылары ретінде әйелдердің дәрежесі жоғары болған. Толығымен кейінгі рулық қауымда еркектердің де, әйелдердің де өмірді қаматамасыз ететін экономикада қатысулары тең болған. Әсіресе кетпенмен жер игерушілерде әйелдердің еңбектегі ролі маңызды жағдайда шаруашылықта (үй шаруашылығында ғана емес) әйелдер басым болған. [1]

Месопотамияның б. д. д. ІҮ мыңжылдықтарда қалыптасқан алғашқы өркениеттерінің ежелгі тұрғындары рулық қауымдық қоғамда өмір сүрген. Әйелдер өндірісте кетпенді жер игерушілік шаруашылығында көрнекті рөл ойнағандықтан, өте үлкен ілтипатқа ие болған. Олар ру және тайпа жиналыстарына қатысқан. Бұған дәлел ежелгі шумерліктердің мифтерінде сақталынған көріністер, басқа құдайлармен қатар аспан мәжілістеріне ана құдайлар да қатысып отырған.

Алайда, бұл матриархат сатысына сай келетін құбылыстар жаңа қатынастарға орнын беріп отырған. Мал шаруашылығы мен соқамен жер игеруінде еркектің басқарушы рөлінің жоғарылауы, оның қоғамда және отбасындағы рөлін жоғарылатты. Бірақ та әлі біраз уақыт әйелдер кейбір құқықтарға ие болды. Мысалы, балалар тек әкелеріне ғана емес аналарына да бағынышты болған. Кейде әйелі мұраның жартысын иемденген, оның өзінде күйеуінің шешімімен және кейбір шектеулер қойылған. Ол өзінің бөлігін тек ұлдарына, басқа ешкімге бере алмаған.

Өндірістің көтерілуі және таптық қоғамдар қалыптасу дәуірінде жеке меншік қатынастарының қалыптасуының басталуы жыныс арақатынастарының өзгеруіне әкелді. Мұның алғашқы негізі жыныс аралық еңбек бөлінісіндегі жаңа тәртіптер болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей, қол жер шаруашылығына қарама-қарсы соқамен жер жырту шаруашылығы еркектердің іс-әрекетінің сферасы болды. Мал шаруашылығы тек ер азаматтардың ісі болып есептелінді, әйелдерге тіпті малдарға жақындауға тиым салынды. Көп жағдайда металлургия мен темір өңдеу өндірісі еркектер ғана айналысқанмен де этнографиялық зерттеулер, Тропикалық Африкада оған әйелдерді де жіберген. Бірақта шаруашылықтың бұрынғы бағыттары сақталынған жерлерде, олардың жаңаша дамуы еркектердің еңбегінің маңызын жоғарылатты, мысалы, тіпті қолмен жер игеру шаруашылығында, енді жиірек ағаштарды кесу, суғару, құрғату және т. б. Бұл сонымен бірге ерте заманнан тек әйелдердің үй кәсіптері, қыш құмыра мен тоқымашылыққа да тиісті, олар әйелердің қолында ғана емес, еркектердің де қолында болып қолөнер өндірісінің маманды салаларына айнала бастады.

Мұның барлығының үш маңызды нәтижесі болды. Біріншісі: шаруашылық әрекеттерінің негізгі түрлерінен әйелдерді ығыстыру, оларды қоғамдық өндіріске қатысуына әсіресе үй шаруашылығында шектеу қою, онда да көбіне оның қосалқы және дәрежесіз сфералары, артық тағамдарды дайындау, ас әзірлеу, еркектерге қызмет ету және т. б. Екіншіден, осыдан шыққан: өндірістің негізгі құралдарының барлығының іс жүзінде еркектердің қолдануына, ал содан кейін жеке меншіктеріне берілуі, әйелдердің экономикалық кіріптарлыққа түсуге, теңсіздік жағдайға әкелді. Енді, жиірек ерекектерден кем жұмыс істемесе де, бірақ та меншікті өндіріс құралдарынан айырылған әйел иждивенка, арам тамақ ретінде қарастырылды. Үшіншісі екіншіден шықты: еркектердің өздерінің меншігін балаларына беруге ұмтылыстары барлық жерде туыстықты және мұрагерлікті әйелден ерекектерге ауысуға, аналық рудың әкелік румен алмасуына әкелді. Дүние жүзіндегі халықтардың басым көпшілігінде таптық қоғам қалыптасу дәуірінде жыныстық төңкеріс пен патриархаттың қалыптасуының басты негіздері болды.

Әйелдердің жағдайындағы экономикалық өзгерістер олардың қоғамдағы жағдайларының өзгерулерімен және осының барлығының қоғам өміріндегі идеологиясында айқындалды. Ауыртпалық ретінде қарастырылғанмен де, әйелдің қоғамдық статусқа да ие болған. Сонымен бірге патриархат барлық жерде патрилокальдікке немесе вирилокальдікке өтумен қатар жүріп отырды, соның нәтижесінде тұрмысқа шыққаннан кейін әйел басқа ортаға түскен, органикалық күйеуінің руына кірмеген және маңызды көлемде өзінің руымен байланысты үзген. Сондықтанда ол көбіне ру-тайпалық қоғам мүшелерінің өмірінен шығарылған. Кейінірек кейбір қоғамдарда, мысалы, ежелгі римдіктерде, әйел формальді күйеуінің руына енгізілген, бірақ та енді оның теңсіздік дәстүрі іске асқан еді. Ол халық жиналыстарына, сот мәжілістерінен және культтік жиналыстарға қатысудан шығарылған немесе оларда үнсіз ғана қатысып отырған. Көптеген халықтарда әйел сотқа арызданушы, жауапкершілікке немесе куәгер ретінде шыға алмаған, немесе шектеулі құқықты ретінде басқа жауапқа тартушылармен бірге және еркек куәгерлермен бірге шыққан. Бірқатар арнайы патриархальді тұрмыстық шарттар пайда болды, әйелдер еркектерге жол беру керек, ер азаматтардың жиналған жерлерге қатыспау, маңызды қажеттілік болмаса басқа да қоғам орындарында көрінбеу қажет. Ақырғысы тым шектелген әйелдердің жабық қамалауына әкелді, кейіннен мұсылмандардың діни құқығына - шариғатта бекітілген, бірақ та түсінікті жағдайларға байланысты тек ауқатты тұрғындардың топтарының тұрмыстарында кең енді.
Енді барлық жерлерде аналық туыстықтан және мұрагерліктен аталыққа ауысу әйелдің бұрынғы статусының сақталуына ықпал етпеді. Одан да асқан зорлық, қалыптасқан жағдайды идеологиялық тұрғыдан бекітіліп, патриархальді тайпалар әйелді қастерсіз тіршілік ретінде қарастыра бастады, олардың пікірінше әйелдер тек қана өздерінің қатысуларымен айналасындағыларды арамдатқан. Осыған байланысты оларды оқшаулатқан, еркектердің құралдарына әсіресе қару-жарақтарына қол тигізуге тиым салған. Мұндай тәртіп нормаларының және көзқарастардың көпшілігі алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде пайда болды, сол кездің өзінде жыныс аралық еңбек бөлінісін және жыныстық оқшаулануды бекітті, алайда енді олар әйелдердің жағдайын төмендетілген тәртіптер және көзқарастар деп ұғындырылды.

Патриархаттың экономикалық, қоғамдық және идеологиялық принциптері жиірек ерекектердің немесе жасырын одақтармен жүзеге асырылды. Мүмкін, әлі бұл одақтар тұрғындардың кең қауымын бағындыратын органдар болмай тұрғанда, әйелдерді қорқыту органдары болған. Мұндай одақтардың мүшелері, Меланезиядағы Дук-дук және Ингиет, қаһарлы аруақтар маскаларында әйелдерге шабуыл жасаған, олардың мүліктерін тартып алған, бірақта бұл құпия салыстырмалы болған себебі одақ әрбір өзінің адымында әйелдерге қарсы іс-әрекеттерін жариялап отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Софистердің құқықтық - саяси идеялары
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім жайлы
Әлеуметтанудың құрылымы мен атқаратын қызметі
Билік органдарын сайлау
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саяси ойлар
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz