Саяси мәдениет дамуындағы қоғамдық күштер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

І тарау. Қоғамдағы саяси мәдениеттің қызметі.

1.1. Саяси мәдениеттің қоғамдағы негізгі ролі.
1.2. Қоғамдағы саяси мәдениеттің күштері.
1.3.
1.4. 20-ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси мәдениеттің дамуы.
.

ІІ тарау . Саяси мәдениет дамуындағы қоғамдық күштер.

2.1. Саясаттағы құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
2.2. тіл ,дін.
2.3. партия.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Мәдениет. Мәдениет терминінің де ғылыми еңбектерде анықтамасы алуан
түрлі. Әсіресе, мәдениеттің жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық
аядағы мәні мен болмысы туралы пікірлер сан сала. Тек қана ағылшын
тіліндегі әдебиеттерде 50-ші жылдардың бас кезінде Мәдениетке 160-тан
астам анықтама беріліпті. Ал, жалпы Батыс еуропалық әдебиеттерде
мәдениеттің 250-ден астам анықтамасы бар екені айтылады. (Моль.
Социодинамика культуры. М., 1973, 35-бет.) мәдениет терминінің көп мәнді,
алуан мағыналы екені сонша, жарық жалған, кең дүниені құшағына сыйдырғандай
ұғымдардан бастап, басы жұмыр пенденің тал бойындағы қасиетке дейін
қамтитын алуан түрлі тұжырымдарды білдіреді. Мәдениет дегеніміз адамзат
әрекетінің құралы деп келетін жиынтық пікірлер немесе табиғаттың бергені
емес, адам қолынан шыққанның бәрі деген қарапйым анықтамалар, я болмаса
қоғамдағы адамның қоршаған ортаға бейімделуі тудырған биологиядан тыс
құралдар мен механизмдер жиынтығы дейтін таза абстракциялық тұжырымдар
еріксіз ойды алуан өрістерге алып қашады.
Мәдениеттің мәніне қатысты ізденістерге мұрындық болған шет елдік
ғалымдардың, соның ішінде еуропалық антропологтар мен социологтардың (Э.
Тэйлор, Э. Эванс-Притчард, А. Кребер, Т. Парсонс т.б.) іргелі еңбектері
алдымен назар аударады. Олар қоғам өмірінің әр түрлі құрылымдық бөлігін
анықтай отырып, кейбір салаларынағана рухани құбылыс ретінде ден қояды.
Сонан соң әрбір әлеуметтік құбылыстың қызмет ету (функциональный) мәнін
саралау арқылы мәдениеттің анықтамасы береді. Мәселен, Э. Тэйлордың
тұжырымы бойынша адам қабілеті игерген білімнің жиынтығы, діни сенім, өне,
парасаттылық, заң, салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. мәдениеттің аясына жатады
(Э. Тэйлор. Первобытная культура, М., 1989, 18-бет). Дәл сол сияқты
әлеуметтік антропологиямен айналысқан ағылшын ғалымы А. Рэдклифф Браун да
мәдениет санатына тілді, діни сенімді, эстетикалық талғамды, кәсіби
шеберлікті және әр түрлі салт-дәстүрді жатқызады.
Мәдениет туралы танымды едәуір алға оздырған ғалымдардың бірі – америкалық
мәдениеттанушы Л. Уайт. Ол мәдениетті біртұтас система ретінде қарап, оның
ішінен үш саланы таратады. Бірінші, технологиялық сала. Яғни, материалдық
игіліктер мен оны жасайтын құралдар арқылы адам мен адам, адам мен табиғат
араласқа түседі. Екінші, әлеуметтік сала. Мұнда адамдар арсындағы қарым-
қатынас өзінен-өзі туыстық, экономикалық, саяси, этикалық, әскери, кәсіби
т.б. қасиеттер қалыптастырады. Үшінші, идеологиялық сала. Бұған идея, діни
сенім, біліім, нысанның (символ) түрлері, мифология, ғылым, халық даналығы
т.б. жатады. Бұл сиқты жүйелеу бойынша, мәдениет дегеніміз материалдық
айғақтар мен сезім-әрекеттің жынтығы болып шығады.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесі әр тектес, даму деңгейлері
әр түрлі елдердің мәдениет туралы ұғымдарына ден қойған ЮНЕСКО
мәдениеттанушылары мынандай гәпті нықтаған: жапондардың ұғымынша
мәдениеттің шырқау шыңы шай беру рәсімінен көрінеді екен, польшалықтар
мәдениеттілікті бауырсақпісіру арқылы да тануға болады деп есептеген, ал
танзаниялықтардың ұғымынша мәдениеттің ең жарқын үлгісі – жақсы жасалған
татуировка. Сөз жоқ, мұндай жауаптар мәдениеттің тек қана ұлттық қасиеттер
аясында көрініс табатынын пайымдатады. Мұның сыртында, көркемөнер
мәдениеті, ғылыми мәдениеті, әлеуметтік мәдениет, экологиялық мәдениет,
бұқаралық ақпарат құралдарының мәдениеті т.б. деп, мәдениеті біртұтас
әлеуметік-экономикалық қоғам аясында жіліктеп қарауды ұсынатындар да бар.
Этнографтардың пікірі бойынша, табиғат сиынан тыс, адам қолынан шыққанның
бәрі де мәдениет айғағы бола алады. Ал, археологтар болса, материалдық
мұралардың рухани қайырымының болуына көбірек ден қояды. Тарихшылардың
талабы да еріксіз назар аударады. Олар, ең алдымен мәдениеттен қоғамның
рухани белсенділігін іздейді.
Ғалым-зерттеушілер арасында 60-шы жылдарға дейінгі кезеңде мәдениет
ұғымын жинақтап тұжырымдаушылар да болды. (Г. Г. Карпов, А. А. Зворыкин, Г.
П. Францевт.б.). мұндай тұжырымға ден қоюшылар – алуан түрлі идеяларды,
жаңалық атаулыны, қол өнері мен көркем өнерді, нысандар мен бағалы
заттарды, наным-сенімдерді, өнер туындыларын, ауыз әдебиетін, барша
экономикалық системаларды, әлеуметтік құрылымдар мен салт-дәстүрлерді,
кісілік пен парсат үлгілерін, идеологияны, хұқықтық кодекс қалыптарын
(норма) – қысқасы, адамның ақыл ойы мен қолынан шыққанның бәрін мәдениетің
жемісі деп таныды. Яғни бұл тұжырым бойынша адам ақыл-ойының нәтижесі
ретінде иезуиттік, фашистік идеология да немесе адам қолынан шыққанатом
бомбасы да мәдениетің айғағы болуы керек еді. Әрине, мұндай жалпақшшейлікке
деген жұртшылықтың сенімінен гөрі күдігі басымдау болды. Осы орайда,
кейінгі ғылыми еңбектерде мәдениет пен өркениет ұғымдарын айырып
қарайтын дәстүрдің орныққанын айта кеткен жөн.
Бұрынғы Совет Одағы аясындағы мәдениет тануда 60-шы жылдардың соңына
қарай аксиологиялық және дезаксиологиялық көзқарастар бел алды. Жеке
адамнан бастап, тұтас қоғамға дейін мәдениетті немесе мәдениетсіз деп
қарабайыр бөлікке салу әдісі сол кездегі үстемдік құрған социалистік
идеологияның пиғыл-болмысына сай келді. Социализм салтанаты, ұлттардың
жаңа типті қауымдастығы, Совет халқы деп келетін құйтырқы идеология
социолистік қоғамнан басқаның бәріне күдік-күмәнмен қарауды талап еті.
әсіресе, шаруашылық мәдени сүлесі еуропалық даму үлгісіне сай келмейтін
халықтар бірден мәдениетсіздер санатына жатқызылды. Мұндай жіктеуден
кейін барша мәдени-рухани болмысы көшпелі өмір салтта қалыптасқан қазақ
халқы да өзінен-өзі бұрынғы жабайы жұрт, бұрын мәдениетті дамымаған ел
деп есептеліп, социализмнің арқсында ғана мәдениеттене бастаған болып
шықты. Бұлжай ғана империялық өктемдіктен туған саяси көзбояушылық немесе
идеологиялық құйтырқылық емес еді. Ең сұмдығы – мұндай тұжырымдар ғылымның
күмән тудырмас ақиқаты ретінде ұрпақтар санасына сіңірілді. Төлтума қасиеті
айқын мәдени рухани игіліктің баршасы жабайы кедің айғағы ретінде еінші
кезекке ығыстырылды немесе ондай айғақтардың насихатталынуына тыйым
салынды... мұндай пайымдаулар ғылыми ортаны ғана емес, қарапайым өмір
талқысының өзінде-ақ дәрменсіздік танытқанын көп кешікпей уақыттың өзі
дәлелдеп берді.
Соңғы жылдарда жалпы мәдениетке қатысты, соның ішінде этникалық
мәдениетке қатысты мәдениеттанушылар мен этнографтар (Ю.В. Бромлей, Н.Н.
Чебоксаров, С.А. Токарев, Э.С. Маркарян, С.А. Арутюнов, Ю.И. Макртумян,
В.И. Козлов т.б.) кең көлемде зерттеулер жүргізуде. Олардың зерттеулері
мәдениеттің әр түрлі аспектісін қозғап қарастырып, өзіндік
тұжырымдаржасағанымен, жалпы теориялық мәселелерге келгенде бір-бірінен
онша алшақтамайды. Бұл орайда мәденет туралы адамның биологиялық жолмен
жасалмаған ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын, өзіндік ерекшелігі бар қызмет
тәсілі мен сол қызметінің нәтижесі деп келетін тұжырым ден қодырады (Э.С.
Маркарян. Очерки теории культуры. Теория культуры и современная наука. М.,
1983). Э.С. Маркарян қоғам мен мәдениет, этнос мәдениеті мен
этникалық мәдениет ұғымдарының өзіндік мән-мағынасын саралайды. Қоғам мен
мәдениетке біртұтас әлеуметік системаның әр түрлі аспектілері ретінде
қарайды. Сол сияқты этнос мәдениеті деп әлеуметтік организм ретінде
этностың дамуын қамтамасыз ететін институттанған адам қызметі мен адам
қызметінің тәсілін атаса, этникалық мәдениет ретінде барша этнос атаулыға
немесе кейбір этностарға ортақ мәдениет айғақтарын пайымдайды. Жалпы
мәдениетің парқын бажйлауда бұл сияқты саралаудың методологиялық мәні зор.
Сөз жоқ, мәдениетті қоғамдық құндылық деуге болады. Яғни, адамсыз, адам
қоғамынсыз мәдениетті елестету мүмкін емес. Сондықтан да, жетекші
мәдениеттанушылар мәдениетке, ең алдымен, қызмет үрдісінің өзі және
нәтижесі (М.С. Каган), қызметтің құрылымдық қасиетке ұласатын тәсілі (Э.С.
Макарян), қоғамдық үрдісті айқындайтын адам қызметінің мәні (В.М. Межуев)
ретінде қарайды. Демек, мәдениет дегеніміз қоғамның өмір сүруінің міндетті
қызметі екенін аңғарамыз. Мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста.
Былайша айтқанда, мәдениеттің өзі ғана адамға тән қоғамдық қатынастарға
түсудің тәсілі болып шығады. Бұл тұрғыдан келгенде, мәдениет – қоғам
дамуының көсеткіші, сонымен бірге қоғамдағы өзгерістерге тәуелді де.
Осы орайда, материалдық өндіріс пен мәдени дамудың өзара байланысы
бір-біріне үнемі сай келе бермейтінін атап өткен жөн. Мұның өзі, төлтума
мәдениетін көшпелі өмір салтта қалыптастырған қазақ халқының мәдени-рухани
әлемін парықтауда айрықша қажет. Бұл ойдың орамын тарихи-типологиялық
мысалдармен орнықтыра зерделеп өтуге болады.
Еуропалық үлгідегі классикалық мәдениеттің орнығуы құлдық қоғаммен
ұру-бару келсе, дәл сол ортадағы рухани ұлы сілкіністер (ренессанс) діни
мистиканың қанды шенгелінде жүзеге асты. Германияның тасы өрге домалап,
Еуропаның маңдай алды державасы болған кездегі немістердің тарихи санасы
әлі ұйқылы-ояу күйде еді. Дәл сол елдің Наполеон билігіне кіріптар болған
қорлықтағы кезеңінде классикалық философиясы мен өнері әлемдітәнті етті.
Бұл ахуалды ұлы Гегель тарихтың тәлкегі деп атаған.
Мұндай мысалдарды Шығыс елдерінің де даму үрдісінен келтіруге
болады. Қытай сияқты байырғы елдің төлтума мәдениеті, түптеп келгенде,
біздің жыл санауымызға дейінгі 8-3 ғасырлар аралығындағы Цинь, Чу, Вей,
Цзинь, Чжао, Хань хандықтарының арасындағы қанқасап соғыстар кезеңінде
қалыптасты. Ал, байырғы үнділердің философиясы мен мәдени-рухани үрдісінің
даралық сипат алуы адамдарды шегіне жеткізе алалайтын варндық, касталық
жүйе үстемдік құрып тұрған кезеңге дөп келеді.
Дәл сол сияқты, адамзат тарихындағы ең соңғы классикалық құлдық қоғам
– крепостниктік Ресей болса, сол Ресейдің ХІХ ғасыры мәдени-рухани болмысы
жөнінен алтын ғасыр атанды.
Осындай тарих тәлкегін қазақ халқы да бастан кешті. Патшалық
Ресейдің қазақ даласындағы отаршылдық саясаты ХІХ ғасырдың жуан ортасында
толық үстемдік құрса, дәл сол кезеңде ұлттың мәдени-рухани әлемінде
ренессанстық сілкініс болып, қазақ халқының даралық қасиетін біржолата
орнықтырған ұлы тұлғалар дүркірей көрінді.
Немесе, ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік сүргін (катаклизм)
кезінде алыптар тобының тұлға танытуы, ал 60-70-ші жылдарда социалистік
идеология өзінің мистикалық апогейіне көтерілген кезде қазақ халқының тө
тарихына деген ынтасының оянуы, сөйтіп өнердің барлық саласында тарихи
тақырыптың бел алуы шын мәнінде әлеуметтік-экономикалық немесе саяси
идеологиялық ахуалдың мәдени-рухани ахуалмен үнемі үндесе бермейтінін
аңғартады...
Біз үшін мұндай мысалдардың тағылымы қымбат. Қоғамның шаруашылық
мәдени сүлесіне немесе формациялық жағдайына қарап белгілі бір этностың
мәдени-рухани өрісіне баға беру, әдетте ақиқатқа сай келе бермейді. Демек,
қазақ халқының төлтума мәдени-рухани болмысы оның қандай өмір салтты бастан
кешкенімен өлшенбеуге тиіс, керісінше сол өмір салт аясында қандай мәдени-
рухани үрдісті қалыптастыра алғанына орай анықталуы қажет.
Материалдық өндірістің деңгейі мен рухани мәдениет өресінің сай келе
бермейтінін кейбір келесіз көріністерін бүгінгі өмірден де байқауға
болады. Бұл орайда, туындатудан гөрі тұтынуға бейім қомағай психология,
өзімшіл практикашылдық, адам қабілетінің тар аядағы мамандықпен шектеліп
қалушылығы, мәдени-рухани ұқыпсыздық, мәдениетті дамытудың мемлекеттік
деңгейдегі дәрменсіздігі т.б. Осы сияқты келеңсіздіктер өкінішке орай,
бүгінгі өміріміздің шындығы қалпында сақталып отыр. Бұған әлі де болса
екпінін тоқтата қоймаған идеологиялық әміршілдікті де қосуға болады.
өйткені бұл да мәдениеттің элементі болып табылады. Белгілі бір топтың
немесе сыртқы өктем күштің мүддесі тұтас этнос өміріне зорлықпен таңылса,
мәдениетке мұның да кері ықпал ететінін қазақ халқы жақсы біледі.
Қазақстанның дербес мемлекет болуы саяси-әлеуметтік өмірде ғана емес,
адам санасына да елеулі өзгерістер жасауда. Осы ретте, Қазақстанда жеке
ғалым зерттеушілердің ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі ой-тұжырымдарда
(концепция) мәдениет туралы екі түрлі түсінік бар. Бірі-мәдениет пен
өркениетті (цивилизация) біртұтас құбылыс деп қабылдаушылық. Екіншісі –
мәдениет санатына тек қана рухани-эстетикалық саланы жатқызушылық.
Мұның екеуі де жаңсақ ұғым, қате үрдіс (тенденция). Әбзелі, қоғам мен
мәдениетке біртұтас әлеуметтік системаның әртүрлі аспектілері ретінде
қараған жөн. Былайша айтқанда, мәдениет дегеніміз қоғамның өмір сүруінің
міндетті қызметі болуы керек. Одан да нақтылай түссе, мәдениет дегеніміз
әлеуметтік организм ретінде этностың дамуын қамтамасыз ететін
институттанған адам қызметінің тәсіліне айналу қажет. Демек,
интернационалдық мәдениет болмайды. Интернационалдық өркениет болуы бек
мүмкін. Нағыз мәдениеттің болмысы тек қана ұлттық-этникалық төлтумалықта
(самобытный) жаралады да, оның арман-аңсары (идеал) ғана интернационалдық
болады. Елім-ай әнінің бірінші жолы ағылшынша болуы мүмкін емес. Әсіресе,
өнер болмысынан ұлттық-этникалық төлтумалықтан тыс интернационалдық үрдісті
(вненациональный интернационализм культуры) іздеу, түптепкелгенде,
мәдениетсіздік болып шығады.
Сайып келгенде, осының бәрі мәдениеттің біртұтас болмысын танытумен
бірге, оның алуан арналы қоғамдық қатынастар жүйесінде көрініс табатынын
аңғартады. Ойдың орамын былай түйіндеуге болады:
1. Мәдениет дегеніміз – қоғам өмірінің дара бөлігі немесе оқшау саласы
емес, керісінше сол қоғам өмірінің біртұтас қалпындағымәнді де құнды
айғағы;
2. Мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады;
3. Мәдениет – материалдық өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен
тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді.
4. Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлееттік, экономикалық,
әлеуметік, этнографиялық болмыс-бейнесі көрініс табады және кез келген
мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлткісіз жүзеге асу тетіктерін (механизм)
заңжүзінде қамтамасыз етуі керек.
Осы тұжырымдардың қай-қайсысы да мәдениеттің ұлттық формада өмір сүретінін
аңғартады. Сондықтан да мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік,
мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс-бейнесі көрініс
табады деуге әбден болады.
Мұнан әрі фольклорды да мәдениеттің өзекті бір айғағы ретінде
қарастыруға жол ашады. Әрине, ол үшін, алдымен фольклор ұғымының мәнін
саралап, оған қандай мағына жүктелетінін орнықтырып ал керек.

Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері.

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси
жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси
санасы мен іс-әрекетерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын
және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-
тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат
құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. ХХ ғасырдың 50 жылдарының
екінші жартысы – 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген
Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де
қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып
шығарды. Олар кейін саяси мәдениет деген атпен кең тарап кетті.
Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған
екен деген ой тумауы керек. Себебі, антикалық ойшылдар, атап айтқанда,
Платон (Мемлекет, Заңдар деген еңбектерінде), Аристотель (Саясат
деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және
басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әртүрлі салт-
дәстүрлерде тәрбиелеген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған
адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап
қайтаратындығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатындығын
білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін
жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі
саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы саяси
мәденет деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп 18
ғасырды өмір сүтген немістің ағартушысы, фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Бірақ олардың қай-қайсысы блмасын саяси сәдениетті саяси өмірдің
белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны
жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.
Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның, Кеңес Одағының, Болгарияның
және т.б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ,
өкінішке орай, олардың басым көпшілігідамыған социалистік қоғамның саяси
мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге
тырысты.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі
саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің
күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.
Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы
білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық
саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың
психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны
саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.
Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары
Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік
тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша,
саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекетіндегі тәсілдерді,
саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы
шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны
өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу
қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады.
Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп
алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет
болмасын ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін
білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер
де кіреді дейміз.
Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған
ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-
өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси
мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына
байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік
қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық,
реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері
жатады.
Танымдық қызметі – қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен
принциптерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге
керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілікқызметі – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси
белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам
алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау
арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам
жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі – қоғамныңқарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси
құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі – саяси тәжірибені бір ұрпақтан екніші ұрпаққа
жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін
тарихи сабақтастық.

Мәдениет құндылықтарын қалыптастыру негізі.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – тарихи мәні бар, өзіндік
ерекшеліктері бар құбылыс. Белгілі ғалым А. Қасымжанов: Мәдениет
эмперикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге
сүйене отырып, этномәден уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ
халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік
уақыт,дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт( ғылыми түрде, айқындап
көрсетеді. Ағартушылық-қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің
маңызды бөлігі болып табылатын, -дейді.
Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың
ұлттық (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық
мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал, тәрбие дүниетаныммен, өмір
заңдылықтарымен (философиямен) тығыз байлнысты.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі – ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет –
тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып таблады. Кез
келге әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушілердің
этикасы мен этникасын (әдебін) қалыптастыруға себебін тигізеді, әсер беріп,
адамдығын қалыптастырады.
Табиғат тамашаларын жырлап, экологиялық тәрбиеге басым көңіл аударатын
тақпақтар (балалар жырлары), әділдіктіжырлайтын ойындар, өлеңдер,
әріптестердің әдептілігін, мәдени деңгейін көсететін өлеңдер, әдептілікті
(адамгершілікті) уағыздайтын термелер, ерекше қызық оқиғаларға құрылып,
әдет-ғұрып, салт-дәстүр, санадағы әдепті көрсететін ертегілер, ұлағаттылық
пен ұлылықты, яғни мәдениеттіліктің шығар шыңын көрсететін аңыз әңгімелер,
әдемілікті, әсемдікті бейнелейтін әзілдер бәрі ұлттық мәдениеттің
этнопедагогикамен өзектесіп келе жатқан өз ерекшеліктері, яғни мәдениеттің
дамып, қалыптасуына әсер ететін бірден-бір рухани мұрасыз болып табылады.
Ұлттық сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді.
Халықтық тәрбиенің негізгі бір саласы-ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол
ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен
өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-санасын қалыптасуының
бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады.
Игі әдетер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына
айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолдынылмалы көрністері рәсімдер,
рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни-уағыздар, сенімдер арқылы
кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске
асырылып, сауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени
көріністер табады.
Қазақтың ұлттық: имандылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық,
дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері-ұлттық мәдениеттің айқын
белгілері болып табылады. Кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау
қонақасын беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты
ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени тәрбиелік мәні зор.
Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал,
ысырап сөздерінің мәнін халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп,
салауаттылыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа яғни мәдениеттілік негіздерін
білуге тәрбиелейді.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін
ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді
болу – міндет. Білімд іболғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай
тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың
наразылығына ұшырайды. Кәсіптік – мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған
жерде дамыған дараның мәдени жемістері көрінеді.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде көркем шығармашылық түрлерінің ішінде
сөз өнері, фольклор, қолданбалы өнер, ән-күй (музыка( ерекше дамыған. Қазақ
халқының көркем мәдениеті эстетикалық қырынан осы саладағы белгілі отандық
ғалым Қ. Нұрланова еңбегінде философиялық тұрғыда жан-жақты пайымдалады.
Қазақ халқының көркем шығармашылығының архитипті де, дәстүрлік басты
типі де – фольклор (неміс сөзі, аударғанда халық данлығы деген ұғымды
білдіреді) ауыз әдебиеті. Фольклор поэзиямен тікелей байланысты, ал
фольклорын былайша жіктейді: ертегілер, аңыздар, эпостық және лироэпостық
жырлар, тұрмыс-салт жырлары (беташар, жар-жар, сынсыма, қоштасу, бәдік,
жарапазан т.б.).
Қазақтардың философиясы бүкіл әлем философиясымен ұқсастары өте көп
болған, онда қазақ ұлттық өмірінің ерекшеліктері айқындалған. Ерекшеліктер,
ең бастысы, көшпелі халықтың, оның тіршілігі, әдеттері, ғұрыптары мен салт-
дәстүрлері сонымен бірге қазақтардың бүкіл тарихи өмірі өткен қоғамдық-
мәдени ортаның әсерімен байланысты.
Қазақ философиясы қоғамдық ой мәдениетінің вербалды түрлерінде
айқындалған. Оның тарихи дамуында қазақ философиясының менталитетінің
қалыптасуына ислам әсер етті. Қазақтың рухани мәдениеті соның ішінде дала
басшыларының тілі, оның ойлау құрылымы және әлеуметтік-мәдени мүдделері
біртіндеп жалпы мұсылмандық типті ала бастады.
өте ерте замандардан қазақ мәдениеті бай және әртүрлі формаларымен көрінуі
– бұл фольклор (ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, айтыстар,
эпостар(; қазақ әдебиеті (ақындар, шешендер), музыка (күйлер, әншілер) тағы
басқалар.
Ұлт өзінің дүниетанымын тілі, діні, ділі, фольклор арқылы білдіріп
отырады. Демек ұлттық ойлауды зертеу үшін негізгі сүйенетініміз – халықтың
мәдениеті, рухани мұрасы, өмір сүру тәсілі, діни нанымы, күнделікті
тұрмыста қолданылатын әдет-ғұрпы, салт-санасы, халықтық деңгйде қалыптасқан
образдары, дүние туралы халықтық ұлттық бейнесі және тағы басқалары жатады.
Қазақтың ұлттық философиясы тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін-
өзі тануы үшін аса қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықты
мәдениетті, өркениетті ел деп айту қиын.
Әрбір адам өмір бойы даму үстінде болады. Және оның денесімен бірге ішкі
жан дүниесі де дамуға тиіс. Сонда ғана ол адам деген арақты атқа лайықты,
жан-жақты жетірген, жеке тұлға болып қалыптасады. Адамзат қоғамның бір жеке
адамдардан тұрады, олай болса қоғамның дамуы, оның әрбір мүшесінің дамып
жетілуі сапасына байланысты.
Адамдар қоғамда материалдық және рухани құндылықтар жасаумен
айналысады. Егерде, табиғатта адам ақылы жетік болмайтын 5 құпия сыры бар
(сана, жөн, материя, кеңестік, уақыт) соның үшеуі адам бойына шоғырланған.
Сондықтан адамның ішкі жан дүниесін түгел біліп болу мүмкін емес. Оны тек
адам бойындағы рухани болмыстан көріп тануға болады. Олай болса күнделікті
өмірде қолданылатын рухани мәдениет, рухани байланыс, рухани құндылық тағы
басқа сөз тіркестерінің мәнін ашу.
Рухани мәдениет – тілі, діні, салт-дәстүр. Тіл – қазақ болуымыз үшін, дін
адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет. Рух – деген сөз,
діни түсінік бойынша адамның жаны деген ұғымды білдірсе, ғылымда оны
адамның ішкі жан дүниесінің шабыт-сезімінің көрінісі деуге болады.
Ұлттың ұлылығын, бірыңғай тектестігін, тұрақты қауымдастығын, елдігін,
бірлігін аңғартатын белгісі – тіл десек, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын,
тұрмыс-салтын қалыптастырған да, оны ұрпақтан-ұрпаққа алмастырып келген де
осы тіл болып табылады. Тілі мен мәдениеті шалқыған халықтың ғана үні
естіліп, дауысы шығады.
Тіл-құрал дейміз. Құрал болғанда ойды жеткізудің ғана емес, тәрбиенің
де құралы. Ана тілінде тәлім-тәрбие алған жеткіншек есейгенде өз халқына
тәнтабиғи мінезді бойына сіңіре алмай қалуы мүмкін емес. Тілдің өзіндік
ойлау жүйесінің өзі-ақ баланың сана сезімін қазақы ұғымға бейімдей беретіні
белгілі. Осы орайда ата жолын-асар – үнемі, ерулікті, сыбағаны, ауылдың
алты ауызын, қонақ кәдені, жол-жораны, жеңгелік парызды, келін ізетін,
күйеу мізетін, салем салуды, басалқыны, көңіл айтуды, тағы басқаларды
білген ұл мен қыз осындай ұғымдардың тек атын ғана жаттап алмай, заттың да
білетіне шек келтіруге болмайды.
Мәдениет – адамның іс-әрекетінің даму формасы. Өйткені адам табиғи
заттар мен табиғаттың өзара тұтастығы, өзара қарым-қатынасы тарихи дамып
өзгеруінің өлшемі.
Рухани мәдениетімізді бүгінгі заман талабына сай жасап, күнделікті
өмір салтымызды батыл сендіру керек. Сондықтанда өзінің дербес ұлттық рухы,
мәдениеті, санасы дамып жетілген өркениетті ел болып адамзаттың ұлы көшіне
ілесіп, басқа халықтармен терезесі тең халық ретінде өмір сүре аламыз.
Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері бар. Олардың екі
ауызсөзбен халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі деуге болатын сияқты. Ата
бабаларымыздың ұзақ ғасырлар бойы ұзын-ұзын көш-керуені арқылы ұрпақ
алмасқан сайын үзілмей жалғасып кешеден бүгінге асыл амантай ардақ қалпында
ұласып отырған. Олар – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан
сол қалыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа
ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері айқын
танылады. Сонымен қатар, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуімен
бірге, олардың озықтары одан әрі дамып, жаңғыра түседі, нашарлары ұмыт бола
береді.
Салт-дәстүр – дегеніміз түртеп келгенде ұлттық болмысты басқалардан
алатөбен айрықшалап, даралап тұратын ішкі бір айна іспетті. Онсыз халық
болмайды. Кешегісіз бүгінде, ертеңде тұл. Дәстүрді адамның қай ұлтқа
жататындығының бір басты белгісі ретінде қарастырған жөн.
Ұлттық дәстүр тез өзгертіп немесе жоғалып кете қоймайтын, ұзақ
дәуірлер бойына екшеліп, сұрыпталып қалыптасқан қазына. Оның ұрпақ
тәрбиесіндегі маңызы зор, халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани
негізі. Ата-ананың құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық әділдік, меймандостық
сияқты қасиеттер белгілі бір халықтың ұлттық дәстүрі ретінде қалыптасады.
Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай
келеді.
Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптаса, бұлхалық – ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты, алстыжақындатып, аразды татуластыратын,
ізетті келіннен таныған, татулықты абысынан тапқан, дархандықты даласынан,
даналыққа бабасынан пәктәктә баласынан алған халық.
Философиялық жағынан алып қарағанда, салт-дәстүр ұлттық өзгешелікті
аңғартып, байқата тұрса да, ұлттық мінезді білдірсе де, ол екінші ұлт өкілі
түсініп білмейтін категория емес екені анық. Қайтаозық дәстүр, ұнамды
қылықтар екінші ұлт үшін де үлгі, өнеге мектебі болмақ. Дәстүр, әдет-ғұрып
пе салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени
деңгейін көрсету мен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың
қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы
өркендеп және өзгертіп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүрсіз қоғамдық
қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес. Қоғамдық қатынастар
тархи дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қалмастан өзгеріп, жаңара
береді. Сөйтіп, дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру жүзеге асады, ескіқатынас
түрлерінен қазіргі және болашақтағы қатынас түрлері келіп шығады.

Саяси мәдениетің қалыптасуы.

Саяси мәдениет қоғамның саяси жүйесінің бөлінбейтін элементі болып
табылады. Саяси жүйе мен саяси мәдениет саяси әлемінің бір-біріне тәуелсіз
қосалқы құрылымдық элементтері болып табылғанмен, олардың арасында ешқандай
шекара жоқ. Олар бір-біріне ықпал ете отырып, бір-бірімен сабақтастықта,
тығыз байланыста дамиды, жеке-дара өмір сүре алмайды.
Саяси мәдениеттің өзіндік бір ерекшелігі – ол адамның ішкі субъективті
көзқарастарымен ажырамастай тығыз байланысты және өзінің шығу тегі жағынан
субъективті көзқарастардың жиынтығы сияқты көрінеді. Саяси мәдениет заңды
тұлғалардың, азаматтардың, қоғам мүшелері мен саяси қайраткерлердің саяси
және заңды құзыреттілігін және олардың саяси мінез-құлықтарын білдіре
отырып, саяси және мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін зор әсерін
тигізеді, саяси үрдістеріне маңыздылық береді, мемлекет пен азаматтық
қоғамның өзара байланыстылығын білдіріп, анықтайды.
Кейбір зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, қоғамдық-саяси ғылымда
саяси мәдениет ұғымының пайда болуына қоғамды басқару практикасы және
соның нәтижесіндепайда болған саясаттың мәні мен маңызы туралыжүйелі
білімнің, ой-пікірлердің және саяси қатынастардың, жеке адамның, әлеуметтік
топтардың, таптардың, ұлттардың өздерінің қоғам өміріндегі орны мен рөлі
жөніндегі мәселелерге деген көпғасырлық қызығушылық көзқарастары әсер
еткені анық. Мысалы, Қазақстанда да көп партиялықтың қалыптасып, дамуына
байланысты отандық зерттеушілер саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
жұмыстарын саралай бастады.
Қоғамдық-саяси білімді саяси мән-мағынасын ұғындырып-түсіндірудің маңызы
зор. себебі, саяси мәдениет нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси
тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің
ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге
мүмкіндік береді. Саяси мәденет адамдардың жүріс-тұрысымен әртүрлі
ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға,
саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Саяси мәдениет ұғымының мазмұны мен мұнін анықтау үшін, оның
құрылымын талдаудың мәні зор. Саяси мәдениет ұғымы интегральды сипатқа ие
және саяси өмірдің барлық саласын – саяси ойлаудан бастап, жеке адам мен
әлеуметтік топтардың саяси мінез-құлқына дейінгіні өзімен бірге қамтиды.
Қазіргі отандық және шетелдік саяи әдебиетте саяси сана жекеленген
азаматқа тән феномен түрінде танылып, сол арқылы әртүрлі азаматтарға,
топтарға, таптарға және тұтас қоғамға тән құбылыс ретінде қарастырылады.
Себебі, зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, этикалық, құқықтық,
экономикалық, діни және т.б. – бәрінің қосындысында сананың барлық
формаларының жиынтық бейнесі – қоғамдық сана пайда болады. Ал Саяси сана-
сезімнің өзіндік бір ерекшелігі – мемлекет пен үкімет іс-әрекетіне тікелей
ықпал жасайды және барлық таптар мен қалың бұқара топтың мемлекетпен және
үкіметпен бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижелерін қамтиды. Шын мәнісінде
бұқара көпшіліктің саяси, әлеуметтік-экономикалық талаптары мен мүдделеріне
назар аудартады. Басқаша сөзбен айтқанда, қоғамдық сана, соның ішінде саяси
сана, тек материалдық факторлар ықпалымен ғана емес, сонымен қатар сананың
өзіндік даму заңдылықтары, әртүрлі әлеуметтік топтардың көзқарастары
әсерімен қалыптасады. Сондай-ақ саяси сананың қалыптасуына
институттандырылған саяси мекемелер мен бірлестіктердің (мысалы, мемлекет,
саяси партиялар, бірлестіктер, т.с.с.) қызметі ықпал етеді.
Саяси сана қоғамның саяси мәдениетімен тығыз байланысты, соның
туындысы, саяси мәдениеттің дамуындағы жоғары деңгейлі және бір мезгілдес
өзекті құрамдас бөлігі болып табылады. Саяси сана адам бойындағы бүкіл
білімділік пен іс-әрекеттің жиынтығын бейнелейді, жеке адамның саяси
саладағы жұмыс істей білу қабілетін анықтайды, оның саяси тұрғыдан
икемділігіне, басқару орындарымен бірлесіп әрекет жасау, заңды тұлға
ретінде заң алдында өз сөзі мен іс-әрекетіне жауап беру және тағы сол
сияқтыларды жүзеге асыруда жауапты болады. Бұған қосымша айтарымыз, саяси
сана қоғамның саяси мәдениетінің тұрпаты мен деңгейін анықтайды.
Зерттеушілер саяси сананы екі құрамдас бөліктен тұрады деп есептейді:
қарапайым күнделікті сана және теориялық тұрғыдан саяси сана. Дей
тұрғанмен, қазақстанның демократиялық қоғамға бетбұрысында біздегі
теориялық саяси сана қоғамдық өзгерістерді қоғамдық өзгерістерді уақытылы
пайымдап, белгілі бір саяси тұжырым жасауға үлгере алмай жатады. Оның
ғылыми тұжырымдамалары теориялық пікірлерді сұрыптап, бағалы нұсқамалар
беруде эмперикалық қарапайым пайымдаулардан аспай жатады. Дегенмен, бұл
заңды құбылыс, себебі, адамның саяси тәжірибесін ұғынып, түсіндіру саяси
білімнің теориялық негіздерінің бірін құрайды. Сондықтан бұл процесс
саясаттанушылардан білімдарлықпен қатар жылдамдықты, тез ұғынып, түсінуді
қажет етеді.
Енді саяси мәдениет пен саяси сана арасындағы ұқсастықты талдап,
олардың айырмашылығын бағамдалық:
Біріншіден, саяси мәдениет ұғымының мазмұны саяси сана ұғымының
мазмұнынан мазмұндырақ, анағұрлым кең, себебі, көп жағдайда саяси мәдениет
өзмазмұнына тек қана саяси сезім мен саяси білімді ғана емес, саяси идеяны,
сонымен қатар әлеуметтік тәжірибені сіңіріп алады.
Екіншіден, саяси мәдениет ұғымына қарағанда саяси сана ұғымының
шектеулілігі, ол тек айрықша құбылысты ғана бейнелей алса, ал саяси
мәдениет ұғымы барлық қоғамның саяси өмірін сипаттайды.
Үшіншіден, саяси мәдениет өз мазмұнына қоғамдық сананың бір ғана түрі
болып табылатын – саяси сананың мазмұнын қосып алады.
Сонымен қатар саяси мәдениет құрамына қоғамның саяси өмірінің әртүрлі
жақтарын бейнелетін әдеттегі ұғым-түсініктеркіреді. Олар саяси жүйе мен
оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді
қабылдау мен іске асыру, билік өкілдігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны,
саяси қызметке қатысудың хұзіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т.б.
ұғым-түсініктер.
Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси құндылықтар жатады.
Ол еркіндік, теңдік, әділдік, әлеуметтік қорғанушылық, автономия,
түзімділік сияқты саяси құндылықтардың қайсысына басымдық, артықшылық
беруінен байқалады.
Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі – адамдардың мемлекетке, саяси
партияла мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да
кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді.
Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне символдар да жатады. Әр халық
өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік
рәміздерінжасайды. Оған ең алдымен жалау, елтаңба, әнұран, ата заң, ақша
белгілері және т.б. жатады.
Саяси мәдениетті қалыптастыруға, ең бірінші, мемлекет қатысады. Ол бұл
міндеттің заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет
ұлттың саяси символдарын, адамның саяси өзін өзі ұстау үлгілерін
қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық
ұйымдар, саяси партиялар қатысады.
Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни
ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын
бұқаралық ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар және шығармашылық
қауым.
Дей тұрғанмен, саяси мәдениеттің мазмұнын айқындау саяси сананың
барлық құрылымдық элементтерінің мәнін, өзара қатынасын, белгілібір
қызметтерін анықтауды қажет етеді. Қазіргі саяси ғылым пайымдауларына
қарағанда, белгілі бір әлеуметтік топқа немесе тұтас қоғамға тән саяси-
мінез құлық көп жағдайда адамның ішкі көңіл күйінің біртұтас мінез-құлыққа
айналғанында әрі оның қызметі белгілі бір әлеуметтік маңызға ие болғанда
ғана қалыптасады, ол оның қызметі іс-әрекеттің ажырамас компоненттік
элементтері: субъект, іс-әрекеттің нақты өту жағдайы, іс-әрекет мақсаты
және қызметтену объектісі болып табылады.
Саяси мәдениеттің саясатқа қатынасын және саяси мінез-құлықтың белгілі
бір типін қалыптастыруын қарастырғанымызда, біздің пікірімізше, назар
аударарлық екі нәрсені бөліпалып көрсету қажет. Олар: нақтылық пен
ауызекілік.
Саяси мінез-құлық – бұл билікке қатысты саяси ойлау мен іс-әрекет.
Саяси мінез-құлық ішкі әсерлер (саяси сезім, қабылдау, түсіну, ой жүгірту,
көз жеткізу) және соның негізінде пайда болатын іс-әрекеттер (сайлауға
қатысу, наразылық білдіру, жиналысқа қатынасу, науқаншылдық,
ұйымдастырушылық, т.с.с.) жиынтығынан қалыптасады. Мұндай әрекеттер, әдете,
мемлекеттік жүйелердің іс-әрекетін қолдау немесе қолдамау негізінде немесе
белгілі саяси іс-әрекет үстінде өзінен өзі туындайды. Дегенмен, саяси
қызмет үстіндегі мінез-құлықты практикалық тәжірибемен бірлікте қарастыру,
шартты түрде айтқанда, олардың уәждік (мотивациялық) компонентінің мұні
түсінуге негіз қалайды әрі іс-әрекетті нәтижелі етеді. Саяси мінез-құлық өз
мазмұнында саяси жүйенің іс-әрекетін толық қамтып түсінгенде ғана
қалыптасады. Саяси мінез-құлық орнымен бірге саяси үрдіске қатысушы жеке
тұлғаны (немесе топтарды) өзіне тарту (еліктіру) мақсатымен, олардың саяси
мүдделерін жоғары деңгейде насихаттап, білдіруге байланысты да қалыптасып,
дамиды.
Саяси мінез-құлық пен саяси мәдениеттің өзара қатынасында екі
аспектіні бөліп қарастыруға болады. Бір жағынан, саяси мәдениет әрқашан
саяси мінез-құлықтың мазмұны болып табылады, ол оның сипаттамасының тұғырлы
түбірі болып табылатындықтан, тек саяси бағытты бейнелейді. Дегенмен, саяси
мәдениеттіліктің мінез-құлықтың барлық түрлерінде байқалмайтынын, тек
белгілі бір тұрақты жекелеген топтардың саясаттағы ықпалының нәтижесінде
байқалатынын, тек белгілі бір тұрақты жекелеген топтардың саясаттағы
ықпалының нәтижесінде байқалатынын еске салғымыз келеді. Екінші жағынан,
саяси мәдениеттілік тек мінез-құлық арқылы ғана емес, сана арқылы, сол
сияқты саяси институттардың жұмыстарының нәтижесінде қалыптасады. Бұл
тұрғыда саяси мәдениет ұғымының құрылымында саяси мінез-құлық оның
құрамдас бөлігі, компоненттік элементі болып табылады. Дей тұрғанмен, саяси
басым бағытты анықтағанда, саяси қызмет қалайда саяси мәдениеттің жетекші
индикаторы болып табылады.
Саяси мәдениет – қоғадық өмірдегі тек саяси саланың сапалық
сипаттамасы болып саналады, сондықтан ол қоғамдағы барлық құбылыстарды
жинақтап топтастыра алмайды, атап айтқанда, саяси мәдениет сана мен мінез-
құлыққа тән барлық құбылыстардың ғана өзіне қосылып алады.
Саяси мәдениет ұғымы, бұырн айтып өткеніміздей, жәй саяси сана мен
саяси мінез-құлықты ғана емес, дұрысында, оларға қосымша нақтылы іс-
әрекетке негіздеоген әдет пен іскерлік қосылған өзара бірліктегі қоғамдық
практиканың қандай бір үлгілі түрін өзіне қосып алады. Бірақ мұндй тұжырым
да саяси мәдениет ұғымының мазмұнын толық ашып көрсетіп бере алмайды.
Оның мән-мағынасын анықтау үшін, құрылымдық мазмұнын құрайтын негізі
компоненттік элементтерін бөліп-бөліп алып қарастыру қажет.
И.В. Плотникова өз еңбегінде саяси мәдениет ұғымының мазмұндық
құрылымына мына төмендегі компоненттік элементтерді енгізіді:
1) Әлеуметтік-саяси негіздер;
2) Саяси өмірдің, саяси сананың субъектілерін сипаттау;
3) Саяси сана.
Бірінші топқа төмендегі құрылымдық элементтер:
Қоғамның саяси жүйесі, ол – мемлекет, құқық институттары, саяси
партиялар мен бірлестіктер, ұлттық мәдениет орталықтары мен ұйымдар,
сонымен қатар саяси өмірдегі әлеуметтік механизмдер және азаматтардың саяси
науқандары қатысу нысандары, яғни қоғамдағы жұмыс істеп тұрған саяси
институттардың жиынтығы;
Қоғамның саяси ұйымдары, яғни саяси партиялар мен бірлестіктердің,
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, т.б жұмыс істеуінің және өзара
байланысының ерекшеліктері кіреді.
Екінші топтарғы құрылымдық элементтерді негіздегенде, саяси мінез-
құлық аспектісіне ерекше көңіл аудару қажет, себебі, субъектінің
мінездемесіне қарап белгілі бір саяси партияның немесе белгілі бір қоғамдық
топтың, не жеке адам саяси мәдениеті туралы айтуға болады. Субъектінің ең
жалпы сипаттамаларын атап көрсетейік, олар:
- қоғамның саяси дамуының әлеуметтік бағыттылығы;
- билеуші партияның саяси өміріндегі мәні мен мазмұны,
- нақтылы-тарихи жағдайларда жұмыс істеп тұрған саяси жүйедегі
қалыптасқан және дамушы саясидәстүрлер.
Саяси мінез-құлықтың қалыптасу үлгілерінде қоғамдық, таптық басқа да
әлеуметтік қауымның, жеке адамның саяси дәстүрлері маңызды рөл атқарады.
Дәстүрлер дегеніміз – бұл ұрпақтан ұрпаққа берілетін және ұзақ уақыт
ағымында сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері. Міндеттелген
дәстүрлер -әлеуметтендірлудің нақты нысандарына қатысты хабарлар. Бұл – ең
алдымен отбасы, мектеп. Дәстүрлер әлеуметтік ортада, біріккен әлеуметтік
қауым арасында қалыптасады және бір-біріне беріледі. Саяси дәстүрлер
адамдардың мінез-құлқына және саяси жүйенің жұмыс істеуіне елеулі ықпал
етеді. Саяси дәстүрлерді сақтау және дамыту – қоғамның саяси тұрақтылығының
және прогрессивтік дамуының басты шарттарының бірі.
Жеке адамның саяси мәдениетінде негізгі мәнді саяси сенімдер атқарады.
Олар жеке адамның білімінің, сезімінің және еркінің жиынтығы ретінде
көрінеді және жеке адамның санасының құрылымындағы сенімнің интегралдық
рөліне басымдықбереді. Дүниетанымдық сенім – бұл субъект санасындағы
тораптық нүктелер. Олар оған (қосымша) бүтіндікті береді және оларсыз
өзінің жүйелік қасиетін жоғалтады, көзқарастарды тұлғасыз жиынтыққа
айналдырады.
Саяси мәдениеттің мінез-құлықтық элементі қоғам немесе саяси қондырғы
топтары үшін типті маңызды аспектісі болып табылады. Саяси қондырғы – бұл
субъектінің саяси құбылыстарға қарым-қатынасы, ол көріністер мен
құндылықтардың ауысуына, олардың практикада жүзеге асырылуына мүмкіндік
жасайды. Жекелеген саяси мәдениеттің өзгешеліктері туралы түсінік беретін
саяси қондырғының үлгісі саяси лидерлерге қарым-қатынасы болып табылады.

Мәдениет және қоғам: проблемалар және оны шешу жолдары.

Қазіргі заманда өмір адамның жеке басына және қоғамға күрделі талаптар
қоюда. Ал әр адам бұл қойылған талаптарға төтеп бере алмай, жан дүниелерін
сергелдеңге түсірді, бұған дейінгі ұстанған көзқарастарынан бас тартуға
мәжбүр болды. Көп адамдар ақыл – кеңес сұрап, түсінік іздеп, қоғамға
әртүрліталап қоюда. Өйткені, экономика дағдарысы қоғамды құрайтын
адамдардың да экономикалық материалдық өмір сүру жағдайын төмендетті,
осыған байланысты адамдардың рухани мәдениеті төмендей бастады. Өкінішке
орай, рухани деңгейі төмендеуге ұшыраған қоғамда оған төтеп беретін әдіс
тәсілдер, ұйымдар мен қауымдастықтардың жұмысы аздық жасап, әр адамның
жүрегінің түкпіріне жетпеуде. Ал қоғамның тірегі мен үміті ересек адамдар
мен қоса жастар екені даусыз. Ал жастарымызға Батыстың керегар мәдениетін
нәсихаттап отырғаны, келешек қоғам мүшелерін мейірімсіздік пен
жезөкшелікке, адам жанын түршіктіретін сұмдық жайларға, қылмыскерлікке
әкеліп, ұлттық тәрбиеміздің бей-берекетін кетіруде. Демек, ұлттығымыздан
айыру деген, мемлекетіміздің әлсізденуі, қоғамның іштей ыдырауы деген сөз.
Бұл мәселе, қоғамымызда мәдениет саясатының жоқтығын көрсетеді.
Соңғы бес жылда Қазақстанда наркомандар саны 30 пайызға өсті. Ақша
мәселесі жөнінде соңғы он жылда он мың жанұя ажырасты, мектепке келетін
оқушылардың 86 пайызы жүйке, бүйрек, қан аздық (анемия) ауруларымен келсе,
енді бір бөлігінің физиологиялық және психологиялық жүйесі бұзылған. Ал ШҚО
алатын болсақ, 2003 жылы алкоголизм 43 пайызға, норкомания 37,9 пайызға,
жастар арасындағы қылмыс 56 пайыз болып отыр. Әрбір үшінші, төртінші адам,
жастарме айналысатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам туралы
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Тұлғаның дамуы
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру
Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
Қазақстандағы саяси мәдениет
Меншік қатынастарының даму заңдылықтары
Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
Пәндер